УДК ҚАЗАҚСТАН - ГЕРМАНИЯ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

УДК

ҚАЗАҚСТАН - ГЕРМАНИЯ: ШИКІЗАТТЫҚ, ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ТҰРҒЫСЫНАН САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ ДАМУЫ

Фио

Л. Н. Гумbлев атындағы ЕҰУ . . .

Осыдан жиырма екі жылдай уақыт бұрын Қазақстан мен Германия ерекше жылы достық сезіммен ерекшеленген үнқатысу, сындарлы ынтымақтастық және өзара сыйластық жолын таңдады. Сондықтан осы жылдар ішінде қазақстандық-германдық қатынастардың дамуы тұрақты және сенімді саяси үнқатысумен ғана емес, сонымен қатар, сауда-экономикалық саладағы белсенді және әріптестік өзара ықпалдасумен де ерекшеленгендігін айтып жатудың қажеті жоқ.

Бүгінгі таңда Қазақстан-Германия қатынастары аса қарқынды және жемісті дамуын жалғастыруда. Германия бұрынғысынша Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады, ал Қазақстанның Германияның Орталық Азиядағы негізгі жетекші әріптесі ретіндегі ролі нығая түсті. Өзекті статистикалық мәліметтерге сәйкес, Германияның өңір елдерімен күллі тауар айналымының 85%-нан астамы біздің еліміздің үлесіне келеді. Оның үстіне, соңғы жылдарда әлемдік нарықтарда орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, елдеріміздің арасындағы өзара сауда көлемдері дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден асып түсіп, 2013 жыл қорытындысы бойынша рекордтық 6, 5 млрд. еуроны құрады. Өзара инвестициялар көлемдері де осыған ұқсас дамуда. Тек соңғы 3-4 жыл ішінде Қазақстан экономикасына салынған германдық инвестициялардың жиынтық көлемі 40%-ға ұлғайып, 2, 7 млрд. еуроны құрады. Нақ осы себептен қазіргі уақытта екі елдің саяси және экономикалық орталары біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз іс жүзінде стратегиялық сипатқа ие болды деп батыл айта алады.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың ақпан айында Германияға жасаған сапарын шын мәніндегі тарихи сапар деп айтуға болады, осы сапар аясында Шикізаттық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы әріптестік туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, сондай-ақ ҚР экономикасының басымдықты секторларында жалпы сомасы 7 млрд. еуро болатын 92 германдық инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан әлемнің басқа бірде-бір елімен жасаспаған осындай айрықша Келісімді екі ел арасында жасасу идеясы біздің Мемлекет басшымыз бен Германияның Федералды канцлері Ангела Меркельдің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың «қазақстандық шикізатты озық германдық технологияларға, инновациялар мен инвестицияларға алмастыру» үлгісіндегі жаңа формуласы бойынша екі жақты қатынастарды дамыту туралы уағдаластықтарынан бастау алады.

Бұл бастама өте уақтылы болды және екі елдің жетекші саяси және экономикалық топтарымен оң қабылданды. Кейбір елдерде жоғары технологиялы және стратегиялық маңызды өнімді жасап шығару үшін баға жетпес материал болып табылатын сирек кездесетін металдарды елден шығаруға шектеулер енгізілгеннен кейін Германияда германдық өнеркәсіптің орта және ұзақ мерзімді перспективада өз шикізаттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеттілігі, сондай-ақ ел Үкіметінің осы үдерістегі ролі жөнінде қызу пікірталастар өрбіді. Германияның осы шикізатты 100%-дай дерлік шет елдерден сатып алатындығы белгілі. Өз кезегінде, Қазақстан отандық экономиканы, соның ішінде 2010-2014 жылдарға есептелген Мемлекеттің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында басымдықты жобаларды іске асыру есебінен табысты жаңғырту және индустрияландыру үшін озық германдық технологиялар мен ноу-хауларды қажет етеді. Осылайша, екі елдің сапалық тұрғыдан жаңа сауда-экономикалық қатынастары басталды.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда соңғы 22 жыл ішінде Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың табысты дамуы үшін берік негіз қаланғандығын сенімді түрде айтуға болады. Екі ел экономикаларының бірін-бірі толықтыруларының жоғары деңгейде екендігін есепке алатын болсақ, Қазақстан мен Германия әлемдік нарықтарда қазіргі уақытта орын алып отырған қиындықтарға әбден қарсы тұра алады.

Германдық экономикалық топ өкілдерінің пікірінше, ел экономикасының негізін құрайтын Германияның шағын және орта кәсіпорындары үшін қазақстандық нарықта «алтын кезең» басталғандығын атап өткен жөн. Қазақстанның отандық өнеркәсіпті жаңғырту, сондай-ақ экономиканың басымдықты секторларында қолда бар шикізат негізінде қосылған құны жоғары әлемдік сападағы өнімді жасап шығаруға қабілетті инновациялық және жоғары технологиялы кәсіпорындарды құру жөніндегі жоспарларын есепке алатын болсақ, германдық шағын және орта бизнес үшін осы салаларды меңгеруде мол перспектива ашылады [1, 63] .

Германдық экономиканың жалпы және көліктік машина жасау, химия, фармацевтика, металлургия, металл өңдеу, электротехника, құрылыс және аграрлық өнеркәсіп, сондай-ақ баламалы энергетика сияқты салаларды дамыту бойынша әлемде көшбасшылық орын алатындығы және қазақстандық экономиканың дамуына үлкен үлес қоса алатындығы баршаға белгілі. Нақ осы салалардың дамуы Қазақстан үшін басымдықты бағыт болып табылады.

Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын [2] . Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.

Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қазақстан мен Германияның экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банктері жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал “Мерседес-Бенц”, “Сименс”, Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т. б. бар.

ГФР-дің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударуының негізінде тек экономикалық қана емес, саяси мүдделердің де бар екенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, Германия ЕҚЫҰ аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүзеге асуына мүдделі. Сондай-ақ, ГФР Каспий аймағында еуропалық қауіпсіздік тұтқаларын нығайту болашақта Еуропа Одағының саясатында негізгі бағыттардың бірі болуы мүмкін деп есептейді. Екіншіден, Германия Орталық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақтарынан бөліп тұрған “тұрақтылық белдеуі” аймағына айналдыру ниетін көздейді. Үшіншіден, Германия Каспий аймағында оны әлемнің жетекші елдерінің саяси және экономикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын “үлкен ойын” айла-шарғысының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді [4, 37-49] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі ретінде
Ұлт тағылымы
Сәндік қолданбалы өнерде гоболен өнерінің алатын орны
ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫ
Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау
Паскаль программасындағы функциялар мен процедуралар
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жолдары мен тетіктері
ҚТҚ сыныптамасы
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Ғылыми ақпарат және оның қайнар көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz