Қытайдың Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеуді құруға күш салуы
А************ А.Д.,
--------------------- мамандығының
1-ші курс студенті
АТЭЫ САММИТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МАҢЫЗЫ
Қараша айында Бейжіңде Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығының
(АТЭЫ) апталығы болып өтті. Бұл форум, мамыр айында Шанхайда өткен Азиядағы
өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммитімен
қатар, Қытайда осы жылы өткен басты халықаралық оқиғалардың біріне айналды.
АТЭЫ-2014 саммитінің басты тақырыбы Азия-Тынық мұхит елдерінің
болашаққа бағдарланған әріптестік қатынастарын бірлесіп құру болды. Форум
міндеттерінің арасында өңірлік экономикалық интеграцияны дамыту, экономика
реформасын ілгерілету, сондай-ақ инновациялық даму және өсу мәселелері
тұрды.
Қазақстан АТЭЫ қатысушы елдерінің қатарына енбейтіндігіне қарамастан,
оның жұмысы барысында жарияланған бастамалар мен қабылданған қорытынды
шешімдер біздің елімізге де тікелей әсерін тигізеді. Бұл ретте АТЭЫ-ң 21
экономикасы, соның ішінде ҚР аса ірі әріптестері - ҚХР, РФ және АҚШ
көшбасшылары көтеріп отырған өңірлік және жаһандық даму мәселелері
(инфрақұрылымдық құрылысты және бірінші кезекте көлік қатынастарын
жандандыру, бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту қажеттігі және т.б.) іс
жүзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Нұрлы жол -
болашаққа бастар жол атты Жолдауында мазмұндалған идеялармен және
бағдарлармен өзара сабақтасады [1].
Жібек жолы қоры: инфрақұрылымдық құрылыс
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин үстіміздегі жылдың 8 қарашасында АТЭЫ
апталығының аясында өткен Өзара байланысқан әріптестікті нығайту
мәселелері бойынша үнқатысу тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Жібек
жолы қорына 40 млрд. доллар бөлуге және бес жыл ішінде 20 мың маманды
даярлау үшін көршілес елдерге көмек көрсетуге ниетті екендіктерін
жариялады.
Қытай басшысы Қытайдың Жібек жолының экономикалық белдеуі (Сиань –
Үрімші – Қазақстан және Орта Азия елдері – Таяу Шығыс және Еуропа) және
ХХІ ғасырдың Теңіз Жібек жолы (Қытайдың оңтүстік-шығыс провинциялары –
Малакк бұғазы, Африка Мүйізі – Қызыл және Жерорта теңіздері) бойында
орналасқан елдерге инфрақұрылымдық құрылыста (көлік, электр,
телекоммуникациялық желілер және т.с.с.) көмек көрсететіндігін атап
көрсетті.
Оның айтуынша, осы жобаларды қаржыландыруда сондай-ақ Азия
инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) құрылуы маңызды рөл атқаруы
тиіс. Еске сала кетейік, осы жылдың 24 қазанында ҚР Ұлттық экономика
министрі Ерболат Досаев өзге азиялық мемлекеттер өкілдерінің қатарында
Қытай астанасында болжалды жарғылық капиталы 100 млрд. АҚШ доллары болатын
аталмыш банкті құру туралы Өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсіміне
қатысты.
Жаңа қаржылық институттың штаб-пәтері Бейжіңде орналасады. Іс жүзінде
10 млрд. доллар көлемінде толтырыла отырып, АИИБ бастапқы капиталы 50 млрд.
долларды құрайды. АИИБ ресми ашылуы мен жұмыс істей бастауы 2015 жылдың
соңына жоспарланған.
Қытайдың Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеуді құруға күш салуы
Қазақстанның өз транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейту тұрғысындағы
мүдделеріне сай келетіндігін атап өткен жөн. Мемлекет басшымыз, Президент
Нұрсұлтан Назарбаев Азия даму банкінің 47-ші жыл сайынғы отырысында
(Астана, 2014 жылдың мамыр айы) атап өткендей, бұл мегажоба 2050 жылға
қарай еліміздің аумағындағы транзиттік тасымалдарды он есе арттыруға
бағытталған. Ол Қазақстан аумағы арқылы кез келген жүкті кез келген көлік
түрімен тиісті жерге жеткізудің тиімді каналдарын қалыптастыруға мүмкіндік
беретін заманауи көлік-логистикалық жүйе құруды көздейді [2].
Қытай сарапшыларының пікірінше, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Нұрлы жол - болашаққа бастар жол атты Жолдауының
негізгі арқауы іс жүзінде инфрақұрылымдық құрылыс және елді Еуразияның аса
ірі транзиттік-көліктік хабына айналдыру міндетін шешуді көздеу болып
табылатындығы қызықты жәйт.
Атап айтқанда, Қытай халықаралық зерттеулер институтының ШЫҰ-ны,
Еуропа мен Орталық Азияны зерттеу орталығы директорының орынбасары Ли Цзыго
Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан Қазақстан трансқұрлықтық
тасымалдар саласында артықшылыққа ие және, сонымен қатар, оның елеулі
кемшілігі де бар, ол – оның теңізге шығу жолының болмауы деп пайымдайды.
Және Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған жоспардың ҚР транзиттік-көліктік
әлеуетін дамытуға бағытталғандығын атап өтті.
Бұл тұрғыдан Ли Цзыго Мемлекет басшымыздың Үкіметке берген құрғақ
порттың алғашқы кешенінің, Қорғас – Шығыс қақпасы арнайы экономикалық
аймақтары инфрақұрылымының құрылысын аяқтауға 2015 жылы ірі көлемді қаржы
(81 млрд. теңге) жұмсау, сондай-ақ Қытайдың, Иранның, Ресейдің және ЕО
елдерінің құрғақ және теңіз порттарында терминал қуаттылықтарын салу
немесе жалға алу мәселесін пысықтау жөніндегі тапсырмаларына ерекше назар
аударды.
Маған Президент Назарбаев қытай тіліндегі дағдарыс сөзін жақсы
түсінетін сияқты. Ол үнемі қатар жүретін қауіп және мүмкіндік деген екі
сөзден тұрады. Шын мәнінде, тек дана адам ғана дағдарысты құбылыстардан
мүмкіндікті көре алады, - деп түйіндеді Қытай сарапшысы.
АТЭЫ-ның Бейжің декларациясы
Қытайдың Ляньюньган тынықмұхиттық портында қазақстандық логистикалық
терминалдың салынуын және осылайша Азия-Тынық мұхит өңірінің (АТӨ) көліктік
инфрақұрылымы мен нарықтарына тікелей шығу мүмкіндігіне қол жеткізілуін
есепке алатын болсақ, АТЭЫ экономикалары көшбасшыларының самммитіндегі
қорытынды шешімдер Қазақстан үшін практикалық қызығушылық тудырады [3, 65].
Ең алдымен, АТӨ елдеріне әлем аумағының 31%-ы, халқының 40%-ы,
жаһандық ЖІӨ 50%-ы, әлемдік сауданың 50%-дан астамы тиесілі екендігін еске
сала кетейік. Әлемдегі 12 теңіз портының 9-ы осы өңірде. Н.Назарбаев
егеменді мемлекет ретіндегі Қазақстанның қалыптасу және даму стратегиясында
Астананың сыртқы саяси қызметінің азиялық векторын, соның ішінде АТӨ-мен
жақындасуға бағыт ұстауын белгіледі. Ол: Қазақстан Еуропа, бұрынғы КСРО-
ның ортаазиялық бөлігі, жылдам дамып келе жатқан Азия-Тынық мұхит өңірі
және Азия құрлығының оңтүстігі арасындағы байланыстырушы буын ретінде
стратегиялық тұрғыдан маңызды роль атқара алады, - деп атап көрсетті.
Соңғы жылдары еліміз АТӨ-де қалыптасып келе жатқан құрылымдар жүйесіне
сауда-экономикалық байланыстарды тарту бойынша белсенді күш-жігер жұмсауда.
Бұны, атап айтқанда, ескі әріптестер – Корея Республикасы мен Жапония,
сондай-ақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz