Статистикалық бақылау зерзаты
Д.ҒАЛИ
СТАТИСТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ
Оқу құралы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Тұран-Астана университеті
Д.ҒАЛИ
СТАТИСТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ
Оқу құралы
Астана, 2010
УДК 311
ББК 60.6
М 18
Пікір берушелір:
Үсіпбеков Т.Н. – э.ғ.к., доцент
Нұрғазина Ж.Қ. – э.ғ.к., доцент
Аманова Г.Д. – э.ғ.к., доцент
Д.Ғали
Ғ 18 Статистиканың жалпы теориясы: Оқұ құралы. Астана, 2009 - 120 б .
ISBN 978-601-214-050-7
Оқу құралында статистиканың жалпы теориясы бойынша дәрістер
беріледі. Оның ішінде cтатистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау,
статистикалық кестелер, сызбалар және диаграммалар, нақты және қатысты
шамалар, ішiнара бақылау, корреляциялық байланыс, өсiңкiлiк (динамикалық)
атты тарауларға орын берілген. Есептерді шығару үшін әдістемелік нұсқаулар
және өзіндік жұмыстар бойынша тәжірибелік тапсырмалар, тест сұрақтары
берілді.
Студенттер мен оқытушыларға, сол сияқты статистика мәселелірмен
айналысатын жалпы оқырман қауымға арналған.
Баспаға Туран-Астана университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
УДК 311
ББК 60.6
ISBN 978-601-214-050-7
©
Д.Ғали
© Тұран-Астана университеті, 2009
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
I Тарау. Статистика ғылымы 8
1.1 Статистика ғылымы, оның 9
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.2 Статистикалық зерттеу 15
кезеңдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
.
1.3 Статистикалық органдарының
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
1.4 Өзін–өзі тексеруге арналған 21
сұрақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... . 22
1.5 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест 23
сұрақтары ... ... ... ... ... 24
II Тарау. Статистикалық бақылау
2.1 Статистикалық 26
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .. 26
2.2 Статистикалық бақылау 28
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
. 30
2.3 Статистикалық бақылауда жіберілетін 33
қателер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
2.4 Өзін–өзі тексеруге арналған
сұрақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест 37
сұрақтары ... ... ... ... ... 38
39
III Тарау. Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау 40
3.1 Статистикалық мәліметтерді жинақтау және 41
топтау ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3.2 Статистикалық мәліметтерді топтаудың негізгі мақсаты мен маңызы және42
оның 46
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері 49
(негіздері) ... ... ... ... ... .. 50
3.4 Өзін–өзі тексеруге арналған 53
сұрақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .. 53
3.5 Есептерді шығару үшін әдістемелік 55
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 58
3.6 Өзіндік жұмыстар бойынша тәжірибелік
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... . 60
3.7 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест 61
сұрақтары ... ... ... ... ... 63
64
IV Тарау. Статистикалық кестелер, графиктер және диаграммалар 64
4.1 Статистикалық кесте құрастыру ережелері, 69
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 70
4.2 Графиктік әдіс және оның түрлері, мәні, маңызы,
бөлшектері ... ... ... ...
4.3 Диаграмма, оның түрлері, қолдану 73
тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 74
4.4 Картограмма, картодиаграмма және оны қолдану 76
тәсілдері ... ... ... ... ... 76
4.5 Өзін–өзі тексеруге арналған 77
сұрақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
4.6 Есептерді шығару үшін әдістемелік
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 80
4.7 Өзіндік жұмыстар бойынша тәжірибелік 81
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... . 83
4.8 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест 83
сұрақтары ... ... ... ... ...
V Тарау. Нақты және қатысты шамалар 86
5.1 Нақты шама оның өлшем 87
бірліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89
5.2 Қатысты шама, оның 91
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...92
... .. 93
5.3 Өзін–өзі тексеруге арналған 94

5.4 Есептерді шығару үшін әдістемелік
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 97
5.5 Өзіндік жұмыстар бойынша тәжірибелік 97
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... . 100
5.6 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест 100
сұрақтары ... ... ... ... ... 102
VI Тарау. Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері 102
6.1 Орташа шаманың мәні және қолданылу 104
шарттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... . 105
6.2 Арифметикалық және үйлесімдік орташа
шамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6.3 Мода және
медиана ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... . 107
6.4 Өзін–өзі тексеруге арналған
сұрақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .. 108
6.5 Есептерді шығару үшін әдістемелік 108
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 111
6.6 Өзіндік жұмыстар бойынша тәжірибелік 111
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... . 114
6.7 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест
сұрақтары ... ... ... ... ... 116
117
VII Тарау. Iшінара бақылау
7.1 Iшінара бақылаудың
мәні ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
7.2 Iріктеу
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
7.3 Өзіндік жұмыстар бойынша тәжірибелік
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... .
7.4 Есептерді шығару үшін әдістемелік
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
7.5 Өзін–өзі тексеруге арналған

VIII Тарау. Корреляциялық байланыс
8.1 Корреляция
қатынасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
8.2 Көптік және жеке
корреляция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
8.3 Семинар сабақтарында талқылауға арналған
сұрақтар ... ... ... ... ... ... .. ..
8.4 Есептерді шығару үшін әдістемелік

IX Тарау. Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар
9.1 Өсіңкілік қатарлар, оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9.2 Өсіңкілік қатарларды талдау
көрсеткіштері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
9.3 Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштерін
есептеу ... ... ... ... ... ... ...
9.4 Өзін–өзі тексеруге арналған

9.5 Есептерді шығару үшін әдістемелік

9.6 Өзіндік жұмыстар бойынша тәжірибелік

9.7 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест
сұрақтары ... ... ... ... ...
X Тарау. Индекстер
10.1 Индекстер, оның

... ... ...
10.2 Индекстердің өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
10.3 Орташа
индекстер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
10.4. Тұрақты және өзгермелі құрамды
индекстер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
10.5 Өзін–өзі тексеруге арналған
сұрақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
10.6 Есептерді шығару үшін әдістемелік
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
10.7 Өзіндік жұмыстар бойынша тәжірибелік
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ...
10.8 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест
сұрақтары ... ... ... ... ..
XI Тарау. Әлеуметтік–экономикалық статистика пәні, маңызы және басқа
ғылымдармен байланыстылығы
11.1 Әлеуметтік–экономикалық статистика пәні, зерзатты және

... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
11.2 Әлеуметтік–экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі, оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
11.3 Әлеуметтік–экономикалық статистика көрсеткіштерін
есептеу ... ... ... ...
11.4 Өзін–өзі тексеруге арналған
сұрақтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
11.5 Есептерді шығару үшін әдістемелік
нұсқаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
11.6 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест
сұрақтары ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Кіріспе
Статистика – бұл жан-жақты да, күрделі қоғамдық ғылым. Оның өзі
бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Оған жататындар мыналар: статистиканың жалпы
теориясы, ол статистиканың жалпы принциптері мен әдістерін қарастырады;
әлеуметтік экономикалық статистика халық шаруашылығы көрсеткіштерінің
жүйесін, оның құрылымы мен пропорциясын, қоғамдық өндіріс салалары мен
элементтерінің өзара байланысын зерттейді; салалық статистикалар –
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қаржы, еңбек,
демография, және т.б. болып бөлінеді.
Соңғы кезде өмір салтын, әлеуметтік қарым–қатынастың әр алуан саласын
сипаттайтын және оның көрсеткіштер жүйесін зерттейтін әлеуметтік статистика
қалыптасты. Осы аталғандардың ішіндегі негізгі бір бөлігі болып саналатыны
– статистиканың жалпы теориясы.
Статистиканың жалпы теориясы – статистика пәнінің бастапқы бөлімі
ретінде экономика мамандарын даярлайтын жоғары және арнаулы орта оқу
орындарының барлығында жүргізіледі. Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты –
студенттерді, ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша статистикалық әдістерді
қолдану арқылы, орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік–экономикалық құбылыстар мен
процестердің сандық өзгерістерін сапалық жағымен байланыстыра отырып,
зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйрету. Сондықтан, осы
ұсынылып отырған аталмыш оқу құралында, пәннің мәні мен мазмұны, теориялық
анықтамалары, алғашқы мәліметтерді жинаудың, топтаудың, талдаудың әр түрлі
әдістері және есептеу тәсілдері толығымен қамтылған. Сонымен бірге, осы оқу
құралы статистиканың жалпы теориясының курсы бойынша тиісті тараулардан
жасақталды. Әр тарау бойынша типті статистикалық есептерді шығару үшін,
қажетті статистикалық тәсілдерді пайдаланып шығару үшін әдістемелік
нұсқаулар берілген. Соған қоса өзіндік жұмыс кезінде орындау үшін
статистикалық есептер берілген.
Статистиканың практикалық жағын оқып–үйренбес бұрын, оның теориялық
жағын жете меңгеру қажет. Сондықтан, оқу құралының әр тақырыбы бойынша
жұмыс істеу барысында негізгі анықтамаларға баса назар аудару қажет. Ол
үшін берілген әдебиеттерді мұқият оқып, тест және бақылау сұрақтары бойынша
теориялық білімді тексеруге болады.
I ТАРАУ. СТАТИСТИКА ҒЫЛЫМЫ
Тараудың мақсаты: Статистика туралы жалпы түсінік, оның дамуы және
әдістері мен зерттеу кезеңдері туралы жалпы мәліметтер беру
Тарау бойынша негізгі түсініктер: статистика, жиынтық бірлік, сандық
белгі, сапалық белгі, статистикалық бақылау, статистикалық топтау,
жинақтау, өңдеу, статистикалық қорытынды, талдау.
1.1 Статистика ғылымы
Қазіргі кезде статистика деген сөзді естімедім, білмедім
дейтін адам сирек болар. Солай дей тұрсақта, кейбіреулер, статистиканың
ешқандай маңызы жоқ, қаз-қатар сандар тізбегі деп түсінеді. Шын мәнінде
статистика бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара
байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады.
Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық
көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы білімді
адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері
керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы
мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік экономикалық даму немесе кему
процестерін толығымен көруге болады.
Статистика – латынның статус (status) деген сөзі қазақшаға аударғанда
заттың, нәрсенің, құбылыстың жай күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің,
негізінен итальяның statoң– мемлекет, statіstoң–мемлекеттің жағдайын
жетік білу деген сөзі шығады.
Қазіргі кезеңде статистика термині төмендегідей әр түрлі мағынада
қолданылып жұр. Статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық
құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу.
Статистика–статистикалық жинақтарды анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде
жарияланатын сандық көрсеткіштер. Статистика–қоғамдық ғылымның бір саласы
және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар.
Статистика ғылымны бастамасын 17 ғасырдың аяғында ағылшын ғалымдары
Д.Граунд пен В.Петти Саяси арихметика деген еңбегінде қалады. Немістің
галымы Ахенваль, Белгия галымы А.Кетле т.б. үлестері бар. Белгия ғалымы
Кетле және оның шәкерттері статистикалық қатарда бірімен-бірі байланысты
заңдылықтардың бар екендігін дәлелдеді. Кетле Белгияда дүние жүзінде
бірінші болып мемлекеттік орталық статистикалық мекемесін құрады және
бірінші халықаралық статистикалық конгрестің ұйымдастырушысы болып
саналады.
Статистика ғылымының құрылымы екі бөліктен тұрады:
1.Статистиканың жалпы теориясы. Ол статистиканың жалпы принциптерімен
әдістерін қарастырады.
2. Әлеуметтік – экономикалық статистика халық шаруашылығы жүйесін оның
құрылымы мен пропорциясын қоғамдық ұдайы өндіріс салалары мен элементтердің
өзара байланысын зерттейді.
Статистика – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін,
ондағы сандық қарым–қатынастар мен заңдылықтарды салалық тұрғыда
байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын
зерттейтін қоғамдық ғылым. Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген
әлеуметтік экономикалық құбылыстың, процестің көлемі және мөлшерін сандық
көрсеткіштер түрінде сипаттауды айтады. Статистиканың негізгі қасиеті –
қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра
отырып, оның сапалық мәнінде анықта йды. Сандық пен сапалық көрсеткіштер
бірімен – бірі өзара тығыз байланыста болады.Сапа деп әрбір сандық
көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады.
1. 2 Статистикалық зерттеу кезеңдері
Статистика мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен үрдісін
сипаттайтын мәліметтерді жан жақты зерттейді.
Өзінің бірінен соң бірі жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді:
1. Статистикалық бақылау жүргізу арқылы алғашқы мәліметті жинау.
2. Жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшеліктеріне қарай топтау,
жинақтау.
3. Жинақталған мәліметтерге талдау, қорытынды жасау.
Статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы
мұнда әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай
мәліметтер алдын ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады.
Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі
статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Сонымен қатар
нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистика туралы 1996 жылы заң мен
ереже қабалданды. Оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды.
1.3 Статистика органының үйымдастырылуы
Қазақстанда статистика органы тұңғыш рет 1919 жылы Далалық өлке
статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы
ереже бекітілді. Содан кейін статистика органын ұйымдастыру жүйесінде
бірнеше рет өзгерістер болды. Орталық статистика басқармасы басқару және
жоспарлау органдарымен тығыз жұмыс атқарады.Сонымен қатар халық шаруашылығы
салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап және талдап оны дер
кезінде басшы орындарға беріп отырды.
1987 жылғы тамыз айында статистика органын ұйымдастыру жүйесінде үлкен
өзгеріс болды. Мұнда орталық статистика басқармасы Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгерілді.
Ал 1995 жылы статистика органы республикада болып жатқан қоғамның
құбылыстарымен процестерге талдау жасау жұмыстарының жүктелуіне байланысты
талдауң сөз қосылып жазылатын болды. Сонымен, Қазақстан Республикасының
статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылады.
Оның құқықтығы мен міндеттері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
18 қантардағы қаулысы бойынша бекітілген Ережеде анықталған және оны
басшылыққа ала отырады. 1996 жылы 29 қазанда Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Статистика және
талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық
статистика агенті болып қайта ұйымдастырылды және статистикалық
мәліметтерді жинау, өндеу, талдау жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ
бағдарламамен әдістеме бойынша жоғарыда келтірілген ережеге сүйене отырып
жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агенттігі
елдің мемлекеттік статистикасына басшылық ететін, оның бүкіл аумағында
статистикалық қызметін мазмұны мен сипатын айқындайтын, мемлекеттік
органдардың, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республиканың
әлеуметтік–экономикалық дамуының жайымен үрдісін сипаттайтын қажетті
статистикалық және экономикалық деректерге деген мұқтажын қанағаттандыратын
және халықаралық деңгейде статистикалық деректердің ақиқаттылығымен
әдістемелік салыстырмалығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы
атқарушы өкіметінің орталық органы болып табылады. Қазақстан
Республикасының ұлттық статистикасы агенттігі өз қызметінде Қазақстан
Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының, Заңдарын,
Қазақстан Республикасының мемлекет аралық шарттары мен келісімдерін,
Қазақстан Республикасының жарлықтары мен әкімдерін, Қазақстан
Республикасының Премьер министірінің өкімдерін басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агентігі ұйымдық жағынан
орталық аппараттан, оған тікелей бағынышты статистика агентігі жөніндегі
облыстық, Алматы қалалық басқармаларынан, Статистикалық зерттеулер
институтынан және Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агенттігі мен
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі жанындағы. Есеп алу,
статистика, еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру жөніндегі республикалық салааралық институттын
құрмады.
Орталық аппарат макроэкономика, өнеркәсіп және күрделі құрылыс, ауыл
және орман шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету, әлеуметтік және
демография, баға, төлем балансы статистикасы және т.б. Бас басқармаларына
халық санағы бөліміне бөлінеді.
Ал, олардың өзі бірнеше бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Облыстық
және Алматы қалалық ұлттық статистика агенттігі өздеріне қарайтын қалалар
мен аудандарда статистика инспектурасына немесе есептеу орталығына бөлінеді
және олардың жұмысына тікелей басшылық етеді. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік
статистика жүйесінің құрылымы төменде берілген 1 суретте бейнеленген.
Мемлекет ұлттық статистика агентігіне қарайтын облыстық, калалық,
аудандық статистика органдары өз жұмыстарын жергілікті атқарушы органдармен
үйлестіреді. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жайында оларды дүркін
–дүркін хабардар етіп отырады. Статистикалық есеп жұмыстарында жіберілген
кемшіліктерді жоюға, оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар беріп, дер
кезінде көмек көрсетіп тұрады.
Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агентігі және оған қарасты
ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының Заңдарында
берілген тәртіппен жүзеге асырылады.
1 –сурет. Қазақстан Республикасының ұлттық статистика жүйесінің құрылымы
Ұлттық статистика агентігінің ұйымдастырылуы
және оның міндеттері
Біртұтас есеп жүйесі және статистика. Мәліметтер кәсіпорындардың,
ұйымдар мен мекемелердің, шаруашылықтардың, және т.б. әр - түрлі есептеу
жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық
есеп беру жүйелері арқылы жинақталады, өңделеді және оған талдау жасалады.
Бірақ, осы аталған есеп түрлерінің әрқайсысының алдарына қойған мақсаты мен
есептеу әдістемелеріне қарай өздеріне тән ерекшелітері болады. Төменде осы
есептердің ерекшеліктерін жеке–жеке қарастырайық.
Оперативті жедел немесе оперативті - техникалық есеп. Оның негізгі
мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдардың
бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген
дайын өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен
тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек
құралдарының қолданылуына және т.б. операциялардың жүргізілуіне күнделікті
бақылау жасау үшін жүргізіледі.
Оперативті есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе
телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру
формасында ашық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады. Бухгалтерлік
есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша
қаржыларының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық
шығындар мен оның пайдалануын, еңбекақы мөлшерін, кіріс пен шығыс және
т.с.с. көрсеткіштердің нақты есебі жүргізіледі. Оның ерекшелігі
құжаттылығында және ондағы көрсеткіштердің барлығы ақшалай өлшем бірлігіне
айналдыру арқылы көрсетілгендігінде. Есептің бұл түрінің негізгі әдістері
мыналар: бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау.
Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан
әлеуметтік–экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық
көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән
белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді және оған талдау жасалынады. Бұл
есептің негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып,
материалдық игіліктерді өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті
мәліметтерді жинақтап, оңдеп, дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру.
Статистикалық есептің басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән
ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар: мәліметтерді жинау, топтау,
өндеу, талдау және нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік,
графикалық, баланстык корреляциялық әдістерді қолданатындығында.
Есеп пен статистиканың біртұтастығын төменде берілген заңдылықтардан
көруге болады:
1) барлық кәсіпорындарда жүргізілетін есеп жұмыстары мен оны толтыру
әдістемелерінің бірегей болуы. Мысалы, барлық кәсіпорындарда өндірілген
өнімнің көлемін есепке алу бір әдіспен, бір бағдарлама бойынша
жүргізілетіндігі. Егер, осы көрсеткіштерді әр түрлі тәсілдермен есептейтін
болсақ, онда оларды бір–бірімен салыстыруға болмайды;
2) есептің бұл үш түрі әрқашанда бірін–бірі толықтырып отырады және
олардың арасында алалық, қайшылық, паралелизм (жарыспалық) жоқ, олардың
арасында көрсетілген көрсеткіштер бірімен–бірі тығыз байланыста болады;
3) бастапқы есеп құжаттарының біркелкілігі және оның негізгі ретінде
барлық есептер үшін бастапқы құжаттар арқылы көрсеткіштер есепке алынады.
Демек, біртұтас есеп жүйелерінің жоғарыда көрсетілген заңдылықтарын
толығымен сақтаған кездерде ғана есеп жұмыстары дұрыс жүргізіледі.
Статистика органының ұйымдастырылуы. Қазақстанда статистика органы тұңғыш
рет 1919–жылы далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның
міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. Содан кейін статистика органын
ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды. Мысалы, 1930 жылы
статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен біріктірілді және онда ол халық
шаруашылық есеп бөлімі болып, ал 1931 жылы желтоқсан айында Жоспарлау
комитеті жанындағы Орталық халық шаруашылық есеп басқармасы болып қайта
құрылды. 1941 жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы
болып өзгерілсе, 1948 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Советі
жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта құрылады.
1996 жылы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы
– мен Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік
комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агенттігі болып қайта
ұйымдастырылды және статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау
жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ бағдарлама мен әдістеме бойынша
жоғарыда көрсетілген ережеге сүйене отырып жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агенттігі өз
қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекет аралық
шарттары мен келісімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары
мен окімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қалауларын және Қазақстан
Республикасы Премьер–Министрінің өкімдерін басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агенттігі және оған
қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ұлттық статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын
қызметтері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996–жылғы 18 қантардағы
қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі
мемлекеттік комитеті (бұдан әрі Қазақстан Республикасының ұлттық статистика
агенттігі болып оқылады) туралы Ереже бекітілген.
Ұлттық статистика агентінің міндеттері. Қазақстан Республикасының
ұлттық статистика агентігінің негізгі міндеттері мыналар: статистика
мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және
әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан–жақты зерделеу, қорыту
мен талдау; статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі
мен орындалуын қамтамасыз ету:
– Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде
сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі мен
жеткіліктілігін қамтамасыз ету:
– халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық
деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі
шараларды жүзеге асыру:
– мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын, қоғамда жүйелі
түрде республикада болып жатқан әлеуметтік–экономикалық процестер мен
құбылыстар туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық
статистикалық ынтымақтастықты орнықтыру және өзара статистикалық ақпарат
алмасып отыру.
Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметі. Қазақстан
Республикасы ұлттық статистика агенттігі жоғарыда жүктелген міндеттерге
сәйкес мына шараларды жүзеге асырады: республикада қолданылып жүрген
статистиканың құқықтық негізін қамтамасыз ететін заңдар және нормативтік
актілердің жаңа жобаларын жасайды және оларға өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы үкімет ұсыныстар түсіреді.
Ұлттық статистика агенттігі бекітетін бағдарламалар мен статистикалық
нысандар негізінде мемлекеттік есеп беру, бір жолғы есепке алу, елімізде
санақ және ішінара бақылау түрінде жүргізілетін статистикалық бақылауды
ұйымдастырып, өткізеді; елдегі статистикалық қызметтерді үйлестіреді.
Статистика агенттігін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
шараларының орындалуын ұйымдастырады.
Белгіленген тәртіппен статистикалық жинақтарды бюллетендерді,
экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды бастырып
шығарады және таратады: қалың жұртшылық үшін басылымдарға жинақталған
статистикалық ақпаратты әрдайым жариялап отырады.
Мемлекеттік статистика органдарының алдында есеп беретін
кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді қажетті статистикалық құралдармен
қамтамасыз етеді. Белгіленген тәртіппен мемлекеттік құпияның сақталуын,
бастапқы статистикалық ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз етеді. Қазіргі
мемлекеттік келісімдер шеңберінде халықаралық экономикалық және
статистикалық органдарымен және шет елдердің статистикалық қызмет
орындармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Статистикалық ақпарат жүйесінің дамуы мен өркендеуінің оның елеміздің
және халықаралық ұйымдардың ақпарат жүйелерімен өзара іс – қимылының аса
маңызды проблемалары жөніндегі ғылыми–зерттеу және жобалау жұмыстары
ұйымдастырылды. Есеп және статистика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау
және кәсіби мамандығын арттыруды ұйымдастырады.
Ұлттық статистика агенттігінің құқығы. Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, алдына қойылған міндеттері мен
жүктелген қызметіне қарай Мемлекеттік ұлттық статистика агенттігінің
мынадай құқы бар:
– қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет
органдарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдар құқықтық нысанына карамастан,
ел аумағында жұмыс істейтін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден, одан
тысқары жерлерден жұмыс істейтін резиденттерден статистика агенттігі
белгілеген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық деректер алуға;
– халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан
статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға;
– мемлекеттік статистикалық бақылауларды жүргізуге белгіленген
тәртіппен лауазымды адамдарды тартуға;
– заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика мәселелері
жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға;
– белгіленген тәртіппен статистика мәселелерді жөнінде республиканың
барлық министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық және
жергілікті атқарушы органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың
орындауы үшін міндетті қарулар, нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығаруға құқығы
бар.
Қорытынды
Қазіргі кезеңде статистиканың Қазақстан Республикасында алатын орны
ерекше. Ол білімнің ғылыми саласы ғана емес, сонымен қатар практикалық
қызметтің түрі болып табылады. Сондықтан оның маңызын, қажеттілігін, даму
процестерін және зерттеу кезеңдері мен әдістерін оқып – үйрену әрбір
жоғарғы білімді азаматтың алдына қойған мақсаты деп айтсақ та болады.
1.4 Өзін–өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Статистика пәні неге қоғамдық пән болып есептеледі?
2. Статистикалық әдістемелерге нелер жатады?
3. Статистикалық зерттеу сатыларын түсіндір.
4. Статистикалық жиынтық дегенді қалай түсінесің.
5. Статистика дегеніміз не және нені зерттейді?
6. Жиынтық бірліктер дегеніміз не?
7. Сандық бірліктер дегеніміз не?
8. Сапалық бірліктер дегеніміз не?
9. Өзгермелік (вариация) дегеніміз не?
10. Статистика қоғамдық пән ретінде қай уақытта пайда болды?
11. Біртұтас есеп жүйесі және статистика.
12. Статистиканың қоғамда атқаратын орны.
13. Статистиканың нарықтық экономикаға өту кезіндегі міндеттері.
14. Статистика органының Қазақстанда ұйымдастырылуы.
15. Халықаралық статистика ұйымы.
16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика туралы заңы.
1.5 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары
1. Статистика қай уақытта пайда болды?
А) 17–ғасырдың аяқ кезінде
В) 20–ғасырда
С) 19–ғасырда
Д) 17–ғасырдың басында
Е) 16–ғасырда
2. Статистика – бұл...
А) мәліметтерді жинау
В) бағдарламаларды дұрыс ұйымдастыру
С) статистикалық органдарды ұйымдастыру
Д) топтау әдісі
Е) қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық
қарым–қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып,
оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым
3. Статистиканың сандық жағы ол:
А) жалпы жиынтықты
В) қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинау
С) зерттелген әлеуметтік – экономикалық құбылыстың, процестің көлемін,
мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттау
Д) статистикалық бағдарламаны құру
Е) статистикалық сипаттау
4. Жиынтық бірліктер ол:
А) статистикалық бақылау
В) статистиканың қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында
біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады
С) статистикалық бағдарлама
Д) статистикалық жинау
Е) статистикалық талдау
5. Сандық белгілер ол:
А) бақылауды тексеретін қағаз
В) талдау жасайтын қағаз
С) статистикалық бақылау жүргізу
Д) белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі
Е) статистикалық жиынтықтың құрамына кіретін жеке белгі
6. Сапалық белгілер ол:
А) бақылаусыз жиналған жауап
В) статистикалық зерттеу белгісі
С) белгілердің жеке пәндері белгілі–бір анықтама ұғым түрінде беріледі
Д) статистикалық зерттеу
Е) статистикалық бағдарлама
7. Өзгермелік (вариация) дегеніміз не:
А) жинақтаған көрсеткіштер
В) әр топтағы вариантты көрсеткіштер.
С) ең үлкен санның мәні.
Д) ең кіші санның мәні.
Е) белгілер шындықтың әрбір бөлшегінде әр түрлі мәнге ие болды
8.Оперативті жедел немесе оперативті–техникалық негізгі мақсаты неде?
А) Статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жинақталуы
В) Дұрыс жауабы жоқ.
С) Әдістемелеріне қарай көрсеткіштерді есептеу
Д) Шикізаттар мен материалдардың жұмсалуын есептеу
Е) Кәсіпорындардың шаруашылықтардың бірлестіктердің ... т.б жұмыс
көрсеткіштеріне, операциалардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау
9. Бухалтерлік есеп дегеніміз не?
А) Барлық кәсіпорындарда, минемалдар ... .т.б ақша бойынша қаржыларының
қозғалысын өзімнің өзіндік құнын, кіріс пен шығыс және т.с.с
көрсеткіштердің нақты есеб жүргізілуі
В) Белгілі шешімдер қабылдау
С) Калькуляция жасау
Д) Барлық жауабы дұрыс
Е) Өлшем бірлігінің айналыстарын
10.Статистикалық есеп.
А) Дұрыс жауабы жоқ.
В) Қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік – эканомикалық құбылыстар мен
процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалылық жақтарын есепке алу,
жинақтау, топқа бөлу, талдау.
С) Халық шаруашылық салаларын зерттеу.
Д) Барлық жауабы дүрыс.
Е) Өлшем бірлігінің айналыстарын
11. ҚР Ұлттық статистика агенттігі тұңгыш рет қашан құрылды.
А) 1920ж.
В) 1930ж.
С) 1996ж.
Д) 1945ж.
Е) 1980ж.
12. ҚР–ның статистика органы қалай аталады?
А) Далалық өлке статистика басқармасы.
В) Қ.Р орталық статистика басқармасы.
С) Қ.Р Жоспарлы комитеті.
Д) Қ.Р Ұлттық статистика агенттігі.
Е) Қ.Р Министірлер Советі.
II ТАРАУ. СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Тараудың мақсаты: Статистикалық есеп жүргізу кезінде оның ең алғашқы
сатысы статистикалық бақылаудың маңыздылығын ашу. Бақылау бағдарлмасындағы
сұрақтардың маңыздылығын түсіну. Статистикалық бақылаудың нысандарын,
түрлерін, тәсілдерін түсіну. Бақылау кезінде жіберілетін қателіктерді
анықтай білу және оларды тексеру тәсілдерін меңгеру.
Тарау бойынша негізгі түсініктер: статистикалық бақылау, бақылау
бағдарламасы, бақылау зерзаты, бақылу бірлігі, статистикалық бланк,
статистикалық есеп беру, жаппай бақылау, жартылай бақылау, ішнара бақылау,
бақылаудың тәсілдері, статистикалық қате, репрезентативті қате, тіркеу
кезінде жіберілетін қате.
2.1 Статистикалық бақылау

статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни,
статистикалық теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп,
оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынды. Сонымен қатар, нарықтық
экономикаға өту кезеңінде статистика туралы 1996 жылы заң мен ереже
қабылданды және оның негізгі мендеттері мен функциялары анықталды. Сонымен,
статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме
ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын
қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды
құралдарының бірі болып саналады.
Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы.
Мұнда әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жалпы
мәліметтер алдын–ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Статистикалық
бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін
тигізетін әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты
шындықтың толық қамтылуын анықтап, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді
жинау.
Статистикалық бақылау әрқашанда кең көлемді, толық жүргізіледі. Демек,
бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көп болатын болса,
көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді.
Статистика тәжірибесінде жүргізілетін әртүрлі зерттеу жұмыстары
өздерінің істелінетін сатыларына қарай үш кезеңге бөлінеді:
статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне
тән нышандарына қарай бір жүйегі келтіріп, жинақтау және оларды өндеу,
топтау;
жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін
тұжырымдау.
Біз бұдан статистикалық бақылау статистикалық зерттеудің бастапқы
кезеңі екенін көріп отырмыз. Шындығында да, статистикалық бақылаудың
нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процестер және зерзаттар жайында
жиналған бастапқы мәліметтер статистикалық зерттеудің екінші және
үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады. Сондықтан
статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер жоғары сапалы, нақты
шындықты көрсететін және әдістемесі дұрыс болуы қажет.
Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен
процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама
бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі
айтылады.Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты–жөні, туған
айы, жылы, ұлты, ата–анасының ұлты және басқа фактілер жазылады.
Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс
ұйымдастыру - өте күрделі және білікті мамандар мен мекемелердің катысуы
арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез–келген статистикалық бақылаудың өзіне
тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болуы керек. Ол үшін әртүрлі
дайындық жұмыстары жасалынады.
Жалпы алғанда статистикалық бақылаудың алдына қойған негізгі
мақсаты–зерттеліп отырған зерзаттар туралы шындықты нақты дәлдікпен
көрсететін, ғылыми негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде
жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар
толық орындалу тиіс:
1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен
процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалығы жоғары болуы
керек.
2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтауы қажет және
қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы
мәліметтер мен қамтамасыз етілуі керек.
3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті
көрсетуі үшін оның сапалылығы жан–жақты, ұқыпты түрде, әрі өз уақытында
тексерілуі тиіс.
4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын–ала жасалынған
бағдарлама–әдістеме негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және
одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы тиіс.
Сонымен, статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған
көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау
жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына
жете алмайды. Мұның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру
жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды.
Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары
жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен
маңызын, міндетін және алдына қойған мақсатына байланысты бастапқы
мәліметтерді жинаудың формаларын, түрлерін, тәсілдерін, орнын анықтау болып
табылады.
Ұымдастыру жұмыстарының ең ішіндегі негізгісі– статистикалық бақылауды
жүргізудегі алдына қойылған мақсат, оның өзі сол жүргізілетін зерттеудің
мәні мен маңызына байланысты.
Статистикалық бақылау зерзаты. Статистикалық бақылаудың
бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірлектері дұрыс анықталуы тиіс.
Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз – зерттеуге жататын әлеуметтік
құбылыстар мен процестер жиынтығы. Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми
жүйеде ұйымдастыру кезеңінде ең бастысы – бақылау зерзатының шегін дұрыстап
анықтау. Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады
және оны нышандарына қарай бір–бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол
статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып табылады. Оны
статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.
Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын
зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады. Бақылау
бірлігін анықтау–зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қоятын
мақсатына байланысты.
Статистикалық жиынтық бірлігі – жиынтықтың құрамына кіретін жеке
белгісі. Мысалы, республикадағы ұжымшылардың, өнеркәсіп орындарының,
халықтың жиынтық бірліктері болып ұжымшар, кәсіпорын және адам есептеледі.
Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы
мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне
берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығын айтады.
Статистикалық зерттеуді жүргізер алдында оның зерзатын, жиынтық және
бақылау бірліктерін анықтағаннан кейін, негізігі бір ұйымдастыру жоспарына
жататыны бақылау бағдарламасына жете дайындала білу.
Бақылау бағдарламасын құрастыру кезінде Бельгия ғалымы А.Кетленің
ұсынған төмендегі ережесін естен шығармауымыз керек:
1) бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы
көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын
анықтауы тиіс;
2) бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алатын сұрақтардың
кіргізілгені жөн;
3) бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап берушіге кері
әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілген сияқты
күдік туғызбауы керек.
Статистикалық бланк дегеніміз – бақылау кезінде берілген сұраққа жауап
жазуға және керекті мәліметтерді жинауға арналған бір бет қағаз. Титулдық
бөлімде статистикалық бақылаудың түрі, аты, мерзімі, мекеменің аты
көрсетіледі. Статистикалық тәжірибеде формулярдың жекедара, яғни
карточкалары және тізімдік екі түрі қолданылады. Жекедара немесе
карточкалық формулярда әрбір бақылау бірліктерінің мәліметтері жеке
бланкіге толтырылады. Тізімдік формулярда бір бланкіге екі немесе одан да
көп бақылау бірліктерінің мәліметтері көрсетіледі. Қазір техника дамуына
байланысты елімізде статистикалық бақылау жүргізіледі.
2.2 Статистикалық бақылау түрлері
Статистикалық бақылау деп – қоғамдық өмірдің көптеген
құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала
жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау
тәсілі айтылады.
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналатын бастапқы мәліметтер
жан–жақты тексеруден өтеді. Бірақ, есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған
бақылаудың қайсы бірін алсаң да, онда әртүрлі себептердің салдарынан қате
кетуі мүмкін.

процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын–ала жасалынған бағдарлама
бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады.

ұйымдастыру–өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми
мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс.
Жалпы алғанда статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты–зерттеліп
отырған зерзаттар туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға
негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде
статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:

процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары
болуы керек.
2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтау қажет және

мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
3.Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті
көрсетуі үшін оның сапалылығы жан–жақты ұқыпты түрде, әрі өз уақытында
тексерілуі тиіс. Өйткені бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған
жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету
жасауға мүмкіндік бермейді.

бағдарлама негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан
алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.
Сонымен статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде
көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы
нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның
барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға
қойылмағандығынан туындайды.
Статистикалық бақылау - нәтижесінде сандық көрсеткіштер алынатын
қандай болмасын статистикалық жұмыстың ең бірінші этапы.
2.3 Бақылауда жіберілетін қателер
Статистикалық қате деп – нақты факті мен зерттеу нәтижесінің
көрсеткіштері арасындағы сәйкестілікті, айырмашылықты дұрыс барламаушылықты
айтамыз. Статистикалық бақылау мәліметіндегі жіберілген қателер
репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып екіге бөлінеді.
Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі.
Тіркеу кезіндегі жіберілген қате. Бұл әлеуметтік-экономикалық
құбылыстар мен процестің өзгеруіне әсерін тигізітін факторлардың дұрыс
анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазылмағаннан,
тіркеуді дұрыс жүргізбегеннен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан
пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне орай кездейсоқ және жүйелі
түрде жіберілген қате болып екіге бөлінеді.
Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әртүрлі себептердің әсерінен
артықтыкемді қателікке ұрынуы ықтимал. Ол арнайы мамандардық жоқтығынан,
шаршап–шалдығудан, жұмысқа салдыр–салақ қараудан болады. Егер
статистикалық бақылаудың жиынтықтарының көлемі көп болатын болса, онда
кездейсоқ жіберілген қате оның жалпы қорытындысына ешқандай әсерін
тигізбейді. Себебі, жалпы жиынтықты есептеуде кездейсоқ жіберілген қателер
бірінің орнын бірі топтап отырады.
Жүйелі түрде жіберілген қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бір
себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп
жазылғандар. Жүйелі түрде жіберілген қате қасақана, әдейі жіберілген және
абайсызда, байқаусызда жіберілген қате болып екіге бөлінеді.
Абайсызда, байқаусызда жіберілген қате қастандық пен, әдейі
жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамның дұрыс жауап бермеу салдарынан
жіберілуі мүмкін. Мысалы, халық санағы кезінде адамдардың көпшілігі
өздерінің жастарын дөңгелек саңдар арқылы көрсетеді.
Қасақана немесе әдейі жіберілген қате. Бүл алдын – ала
ойластырылған, көбейтіліп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қате.
Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналған
мәліметтер ішінде қателерді болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті
түрде тексеруден өткізіледі және олар қисынды түрде және есептеу арқылы
болып екіге бөлінеді.
Қисынды түрде тексеру деп – статистикалық бағдарламада
көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптың өзара байланыстығын бір–бірімен
салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету.
Есептеу арқылы тексеру. Мұнда жалпы жиынтық көрсеткішіндегі
жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу
тәсілін қолдану арқылы түзетулер еңгізу.
Статистика органдары жоғарыда көрсетілген тексерулерден бөлек
тақырыпты, жинақты және жаппай болып үшке бөлінеді.
Тақырыпты тексеруде жеке кәсіпорынның белгілі бір формасы немесе оның
жеке көрсеткіші ғана алынады.
Жинақты тексеру кезінде кәсіпорындардың барлық есеп беру формалары
түгелдей көрсетіледі. Ал жаппай тексеруде барлық есеп берген
кәсіпорындардың белгілі бір есеп беру формасы немесе көрсеткіші
толығымен тексеріледі.
Ұлттық статистика агенттігі мен оның жергілікті органдарының алдына
қойған негізгі мақсаттары есеп беру формасындағы мәліметтердің дұрыстығын
және сапасының жоғарғы болуын қадағалап отыру. Егер есеп беру формаларында
түрлі себептерге байланысты жіберілген қате болса, онда олар тексеріліп,
негізгі себептерді анықтайды, талдау жасайды, соңынан сол кәсіпорынның,
ұжымның атына жіберілген кемшіліктерін қалай жою керектігі туралы жазбаша
нұсқау береді.
Кейбір жағдайларда, тексерудің қорытындысы бойынша әдейі қосып жазу,
бұрмалау, өтірік ақпарат беру кездессе, онда статистикалық органдары
хабардар етеді, ал кінәлі адамдар жауапқа тартылады.
Қорытынды
Бастапқы алынған мәліметтерді жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделі
және жауапты жұмыс болып саналады. Себебі, қаншама байланысты, толық және
қызықты материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс
ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде оңделмесе, онда ол өзінің мағынасын
жоғалтады. Iс жүзінде құнсызданады және одан нәтижелі талдау қорытындылары
жасалынбайды. Сондықтан, статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған
мәліметтерді дұрыс жинақтап, өңдеудің әлеуметтік –экономикалық маңызы өте
жоғары. Сол үшін алдын–ала мәліметтерді жинақтаудың жоспары жасалады.
2.4 Өзін–өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Статистикалық бақылау дегенді қалай түсінесіз?
2.Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселелеріне нелер
жатады?
3.Статистикалық бақылаудың формалары және оларға түсініктеме беріңіздер.
4. Статистикалық бақылаудың түрлеріне не жатады?
5. Статистикалық бақылаудың тәсілдеріне не жатады?
6. Бақылау кезінде жіберілетін қателер және түзету әдістері туралы
түсіндірініз.
7. Арнайы ұйымдастырылған бақылау дегеніміз не?
8. Ішінара бақылау дегеніміз не?
9. Статистикалық қате дегеніміз не?
10. Жинақты (комплексті) тексеру дегеніміз не?
11. Жаппай бақылау дегеніміз не ?
12. Жартылай бақылау дегеніміз не?
13. Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің алғашқы сатысы?
14. Бақылауды ұйымдастырудың негізгі жолдары қандай?
15. Статистикалық есеп беру – статистикалық бақылаудың негізгі нысаны
қандай?
16. Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері не?
17.Статистикалық бақылаудың бағдарламасы – әдістемелік және ұйымдастыру
мәселелеріне не жатады?
18.Мәліметтердің дұрыстығын тексеру – статистикалық бақылаудың заңдылығы
не?
19.Бақылау кезінде жіберілетін қателер және түзету әдістеріне не жатады?
2.5 Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары
1. Статистикалық бақылау ол:
А) Бағдарламаны дұрыс ұйымдастыру.
В) Статистикалық органдарды ұйымдастыру.
С) Статистикалық талдау.
Д) Мәліметтерді жинау.
Е) Әлеуметтік–эканомикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай
мәліметтер алдын–ала жасалған бағдарлама бойынша жиналуы.
2. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты ол:
А) Бағдарламаларды топтауы.
В) Талдау жасауы.
С) Қоғамдық құбылыстардың өзгеруін әсерін тигізген әрбір фактіні өздеріне
тән белгісіне қарай анықтау,әрі керекті мәліметтерді жинау.
Д) Статистикалық органдарды ұйымдастыру.
Е) Статистикалық жинақтау әдісін жүргізу.
3. Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау ол:
А) Жинақтарға қорытынды жасау.
В) Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәлеметтер өздеріне тән жекелеген
белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінуі.
С) Жинақтауды талдау.
Д) Жинақты тексеруден өткізу.
Е) Қоғамдық процестерді көрсету.
4. Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау ол:
А) Жинақталған мәлеметтерді топтау.
В) Статистикалық жинақтау әдісін жүргізу.
С) Арнайы ұйымдастырылған әдіс.
Д) Жинақталған, топталған өңделген статистикалық көрсеткіштер
біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылуы.
Е) Жинақты тексеруден өткізу
5. Статистикалық мәлеметтерге талдау жасау ол:
А) Жинастырылған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру,
қорытындылау және солар арқылы ғылыми туындамалар мен ұсыныстар жасау.
В) Мәлеметтерді зеріттеу.
С) Құбылыстарды зерттеу.
Д) Қоғамдық процестерді топтау.
Е) Мәлеметтерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz