Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАНДА СОЦИАЛИЗМ ҚҰРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ(1917-1941 ж. ж. )
1. 1 Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Казревкомның қызметі 4
1. 2 Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы 5
1. 3 Қазақ жерлерінің ҚАКСР-дің құрамына бірігуі 8
2 Қазақстанда социалистік құқықтық жүйенің қалыптасуы және дамуы
2. 1 1926 жылғы КАКСР Конституциясының жобасы 10
2. 2 Көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың құқықтық жақтары және оның зардаптары . . . 14
2. 3 Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқарудың жетілдірілуі 17
3 Ұлы Отан соғысының мемлекет пен құқыққа ықпалы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ
1917 жылы 25 қарашада Петроградта большевиктер партиясы басқарған қарулы көтеріліс жеңіске жетті. Уақытша үкімет құлады. Мемлекеттік билік кеңестердің колына өтті. Кеңес өкіметі жұмысшылар мен шаруалардың диктатурасы болды. Бұл өкіметтің өзегін большевиктер партиясы құрады. Кеңес өкіметі жаңа қоғам - социалистік жүйе социалистік мемлекет пен социалистік құқықты құруға бет алды. Социалистік мемлекет пен құқықты қалыптастырудағы большевиктердің көсемі В. И. Ленин өзінің көптеген еңбектерінде жан-жақты талдау жасады.
1917 жылы 25-26 қарашадағы бүкілресейлік кеңестердің II сьезі жаңа өкімет органдарын құрды. Халық Комиссарлары Кеңесінің Халкомкеңес төрағасы болып В. И. Ленин сайланды. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) төрағасы алғашқы кезде Я. Свердлов, 1919 жылдан М. И. Калинин болды. Салаларды бақару үшін Халық комиссариаттары құрылып, оларды Халық комиссарлары басқарды.
1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың басында Қазақстанның барлық облыстарында Кеңес өкіметі жеңіп, билікті қолға алды. Ұзамай 1918 жылдың көктемнің соңына карай Ресейде азамат соғысы басталды. Билікті қолдан жібергісі келмеген бұрынғы капиталистер, помещиктер, патша әскерлерінің басшылары, шет ел интервенттерімен бірігіп Кеңес өкіметін құлату үшін үлкен соғыс бастады. Азамат соғысы Қазақстанды да түгелге жуық қамтыды. Көпшілік облыстарда Кеңес өкіметі құлап, билік ақ гвардияшылардың қолына қайта өтті. Тек орталығы Ташкент болған Түркістан республикасының орталық бөліктері құламай тұрып қалды.
Қазақстанда Ақтөбе, Жетісу, Орал сияқты ірі майдандар құрылды. Өте кескілеекен жағдайда жүрген азамат соғысы Қазақстанда бірден жаңа кеңес билігінің орталықтанған Алашорда үкіметі халықтық әдет-ғұрып құқығын жаңа жағдайға ұғымды пайдалана білді. Алаш басшылары аса білікті, күрескер қайраткерлер ретінде тарихқа енді. Бірақ сол кезеңдегі тарихи-саяси жағдай Алаш идеясын, Алашорда автономиясын бесігінде тұншықтырын тастады.
Президент Н. Ә. Назарбаев "Алаш" партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси әрекетін жоғары бағалап, өзінің "Тарих толқынында" деп аталған кітабының бір бөлімін "Алаш" мұрасы және осы заман" деп атады. Онда Алаш мұрасы жан-жақты зерттелініп бағаланды. Елбасы "Алаш" партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес патриоттық ұйым, алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді" дей келе "Қазақ халқы өзінің басты мақсаты - ұлттық мемлекеттілігін қайта қалпына келтіруге нақтылы мүмкіндік алды. Алайда, оқиғалардың бейбіт ербуін Ресей қоғамындағы тың дағдарыс бұзып кетіп, оның өзі большевиктер партиясының диктатурасын орнатуға әкеліп соқты", - деп жазды.
1 ҚАЗАҚСТАНДА СОЦИАЛИЗМ ҚҰРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ(1917-1941 ж. ж. )
1. 1 Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Казревкомның қызметі
Қазақстанда бір орталықтанған Кеңестік биліктің орнауы Қазақ революциялық Комитетінін, (Казревкомның) құрылуымен байланысты. 1919 жылы 10 шілдедс РКФСР Халкомкеңесінің декретімен қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.
Казревком Қазақ автономиясын құрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырған орган болды. Казревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С. Пестковский, мүшелері: Ә. Жанкелдин, Б. Қаратаев, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, А. Байтұрсынов, Б. Қаралдин т. б. Алашорда тараған соң оның кейбір мүшелері Кеңес өкіметінің жұмысына тартылып Казревкомның құрамына етті.
Казревкомның салалар бойынша бөлімдері болды. Кейін бұл бөлімдер халық комиссариаттарын құруға негіз болды. Казревком құрамында мынадай бөлімдер қызмет істеді: халық ағарту, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, почта, юстиция, әлеуметтік қорғау, жер бөлімі, әскери ісі жөніндегі комиссариат, еңбек міндеткерлігі туралы комитет. Бұл бөлімдер Казревкомның өлкедегі жоғары билік ретіндегі қызметін қамтамасыз етті.
Казревкомның міндеттері: өлкедегі кеңес қызметін ұйымдастыру, Кеңестік Ресейдің билік органдарының шсшімдерін жүзеге асыру; экономика мен модекистті котеру шаралары; Қазақ автономиясын құруға дайындық жүргізу; РКФСР мен Түркістан АКСР-мен байланыс т. б. Азамат соғысы жағдайында бұндай құрделі де қиын міндсттсрді жүзсгс асыру
оңай боямады.
Казревкомның міндсттерінің бірі жергілікті кеңестсрді ұйымдастыру және оларға басшылық ету болды. Ол үшін жаңа сайлау жүйесі жасалып кеңестерге қанаушы таптардың және конрреволюцияның өкілдерін жіберместен күш салынды. РКФСР-дің 1918 жылғы Конституциясының 65-бабы бойынша мұндай элементтер сайлау құқығынан айрылған болатын. Әрі олар кеңестердің бүкілқазақстандық Құрылтай сьезіне жіберілмеді.
1920 жылға дейін өлкедс бірыңғай партия ұйымы да болмады. РК(б) П Орталық Комитеті 1920 жылы 30 сәуірдс РК(б) П-нің қазақ облыстық бюросын құрды. Өлкедегі бүкіл партиялық ұйымдастыру, насихат жұмысы осы органның қолына жинақталды. РК(б) П-ның Қазақ облыстық бюросының құрамына С. Пестковский, Ә. Жанкелдин, А. Әйтиев, С. Арғыншиев, М. Мұрзағалиев және А. Әлібеков кірді.
Казревком мен Қазоблбюро Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сьезін шақырудың нұсқауын жасады. Бұл нұсқауда бұрынғы қанаушы болған топтарға сайлау құқығы берілмеді. Жұмысшылар үшін шаруаларға қарағанда үлкен артықшылықтар берілді.
Ревкомдардың мынадай вертикалды құрылымы болды: Казревком, облревком және уездревком. Ревкомдардын, жұмысы бір адамның басшылығына негізделді. Мұндай жеке басшылық азамат соғысының төтенше жағдайынан туындады. Ревком төрағаларының қолына мол және төтенше билік жинақталды.
Ревкомдардың қаулылары мен бұйрықтары міндетті нормативтік актілер ретінде мүлтіксіз орындалуға жатты. Ревкомдардың актілері арқылы халықтың міндеттері мен құқықтары белгіленіп, олардың басқа әскери және азаматтық ұйымдарға қатысы анықталды.
Ревком жұмыстарының бір ерекшелігі уездік ревкомдардың бөлімдері мен бөлімшелері облыстық ревкомдардың осындай бөлімдеріне тікелей есепті, сондай-ақ Казревкомның директивалары мен нұсқауларына бағынышты болды. Ревкомдар Қызыл Армияның бөлімдерін құру, революция жауларына күрес, қатаң революциялық тәртіп пен революциялық заңдылықты орнату, азық-түлік саясатын жүрігізу, аштықпен қирауға қарсы күрес, бұқараны Кеңестер жұмысына тарту сияқты толып жатқан жұмыстармен айналысты.
Пролетариат диктатурасының төтенше органдары ретінде ревкомдар Кеңестерді таратын жібере алды. Ревкомдардың жұмыстары күш қолдануға негізделгендіктен онда асыра сілтеулер кездесіп тұрды.
1. 2 Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы
1920 жылы 26 тамызда РКФСР Халкомкеңесінің төрағасы В. И. Ленин және БОАК төрағасы М. И. Калинин «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретке қол қойды. Осылай РКФСР құрамында Қазақ АКССР-і құрылды.
Декрет бойынша ҚАКСР-дің құрамына мына облыстар кірді:
а) Семей, құрамында уездер: Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы;
б) Ақмола, құрамында уездер: Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл және Омбы уезінің бір бөлігі;
Ескерту: Омск уезінің Қырғыз (қазақ) және Сібір бөлігін дәл болу Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті мен Сібір революциялық комитетінің келісімімен анықталады.
а) құрамында уезд: Қостанай, Актөбе, Ырғыз және Торғай;
ә) Орал, құрамында уездер: Орал, Ілбі, Темір және Гурьев;
б) Закаспий облысының Маңғышлак уезі; осы облыстың Красноводек уезінің 4-ші және 5-ші Адай болыстары;
в) Астрахан губерниясынан: Синсморек болысы, Бөкей ордасы және 1-ші және 2-ші Приморек округінің бұрынғы қазыналық округтік территориялары.
д) Орынбор қаласы және Орынбор губерниясының мына аудандары: Орынбор-Покровск, Краснокомск, Илецк, Шарлық, Исавск және Петровский.
Мінс осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-рінің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.
Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды.
Сондай-ақ В. И. Ленин және М. И. Калинин қол койған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАК) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Завольже әскери округіне бағынышты әскери комитетін құру белгіленді.
ҚАКСР-нің РКФСР орталық органдарымен, Сибревком және Түркістан АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды. Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президентінің құрамына Казревком өкілдері ендірілді.
ҚАКСР-іне қажетті қаржылардың барлығы РКФСР қаржысынан бөлінсін деп атап өтілді декретте. Бұл сол кезең үшін аса қажетті жәрдем еді.
1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сьезі өтті. Сьезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын Қазақ Орталық Атқару комитетін құрып, оның төрағасы етіп С. Мсңдешевті бекітті. Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р. Радусь-Зенькович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды.
Құрылтай сьезі "ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын" қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т. б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған КАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді. Оның мазмұнын осы жобаны талқылағанда қарастырамыз.
Құрылтай сьезі "Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы" қаулы қабылдады.
Қазақстандағы жоғарғы өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық съезі болып табылды. Бұл сьезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. КазОАК бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді.
Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз калауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдіретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды.
Бүкілқазақтық сьезд мемлекттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді. ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады.
Бүкілқазақтық сьездің делегаттары уездерден жіберілді. Егер бүкілқазақтық съездің алдында губерниялық, облыстық съездер болса, делегаттар сонда сайланды.
Бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары заң шығарушы, өкімші және бақылаушы билік съезд сайлаған қазақ Орталық Атқару комитетінің қолында болды. ҚазОАК-ның құрамын бүкілқазақтық съезд белгіледі.
ҚазОАК үкіметті - Халық Комиссарлар Кеңесін құрады, үкіметтің жұмысына жалпы бағыт берсді, барлық өкімет билігі органдарының жұмысын басқарады, біріктіреді және өзара келістіреді, бақылайды.
ҚазОАК барлық Қазақ Халық Комиссариаттарының жұмыстарын біріктіреді, оларды өзінің бөлімі ретінде, сондай-ақ Қазақ ішкі істер халық комиссариатын ҚазОАК-тың басқару бөлімі деп қарайды. ҚазОАК-тың осындай аппарат құрылысы және жұмыс тәртібі жағдайында Қазхалкомкеңес ҚазОАК-тың іс басқармасы болын есептеледі.
ҚазОАК заң шығарушы ретінде Халкомкеңес декреттері мен ұсыныстарының жобасын бекітті және өз атынан декреттер мен өкімдер шығарды. Оның актілерінің республика территориясында міндетті күші болды.
ҚазОАК Халкомкеңеспен біріге отырып салаларды басқаратын Халық комиссариаттарын құрды.
ҚазОАК өз жұмысын сессия түрінде жүргізді. Сессия әр үш ай сайын шақырылып тұрды.
ҚазОАК сессиясының арасында мемлекеттік биліктің жоғары заң шығарушы, өкімші және атқарушы билік ҚазОАК-тың Президиумы болды. Президиумды ҚазОАК сайлады. Ол ҚазОАК-тың атынан декреттер мен өкімдер шығарды. Мұндай актілер ҚазОАК Президиумына Халкомкеңесі арқылы түсетін. Декреттер мен қаулылар жобасы қаралғанда ҚазОАК Президиумының отырысына Хал-комкеңестің төрағасы немесе орынбасары қажет жағдай Халық комиссарлары мен олардың орынбасарлары қатысатын.
ҚазОАК қарауында сондай-ақ ҚазОАК-тың бекітуіне жататын декреттер жобасын; ҚазОАК пен бүкілқазақтық сьездердің шешімдерінің орындалуын бақылау; ҚазОАК атынан байланыстар жасау; қайырым жасау, марапаттау т. б. жатты. 116
ҚазОАК Президиумы орталықта да, жергілікті жерлерде де барлық жұмыстар жөнінде нұсқаулар беретін басшы орталық рөлін атқарды. Ол Халкомкеңес каулыларын бекітті немесе оны ҚазОАК сессиясының қарауына дейін тоқтата алды, Халкомкеңестің ұсынуымен кейбір халық комиссарларын бекітті.
Халық Комиссарлар Кеңесі - ҚАКСР-дің үкіметі және өзіне берілген құқық шеңберінде ҚазОАК-тың заң шығарушы, атқарушы және өкімші органы болды. Халкомкеңесті - төраға, оның орынбасарлары және Халық Комиссарлар құрамында ҚезОАК құрды. Сонымен қатар үкіметтің құрамына кеңесші дауыспен мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы, Халкомкеңестің іс басқарушысы т. б. лауазым иелері кірді.
Халкомкеңес өз жұмысында ҚазОАК, сессиялар аралығында оның Президиумы алдында жауапты және есепті болды.
Халкомкеңеске ҚАКСР-дың жұмыстарына жалпы басшылық жүргізу құқығы берілді.
Осы міндетті орындау үшін оған үлкен мүмкіндіктер берілді. Халкомкеңес декрет, өкім, нұскау және мемлекеттік өмірдің дұрыс және тез жүруі үшін қажетті шаралардың барлығын қолданыла алды. Мұндай кең көлемдегі биліктің берілуі өтпелі кезеңнің ерекшеліктерінен туды.
Халкомкеңестің үкімет ретіндегі ерекшелігі ол заң шығару қызметімен де айналысты. Қызметі үшін қажетті заң актілерін тез арада өзі шығара алды. Сондай-ақ оның қолында бүкіл атқарушы-өкімші билік те шоғырланды. Мұның бәрі де Халкомкеңесті қаһарлы да зор, тез әрекет ететін билік иесі етті.
Халкомкеңес өзінің қаулылары мен шешімдері туралы ҚазОАК-сі тез арада хабарлап тұрды, себебі ҚазОАК-тың бұл актілерді жойып жіберуге немесе тоқтатып қоюға құқығы болды.
Халкомкеңестің үлкен саяси мәнді актілерінің бәрі де ҚазОАК-тың қарауына және бекітуіне жатты.
Кезек күттірмейтін шараларды Халкомкеңес бірден жүзеге асыра алды.
Біршама уақыт Халкомкеңес құрамында оперативті орган Құқығындағы Кіші Халкомкеңес өмір сүрді. Оның құрамына мынадай Халық комиссариаттарының жауапты өкілдері кірді: әділет, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, еңбек және т. б. оның тікелей Халкомкеңес бекітті.
Халкомкеңестің (үкіметтің) мүшелері түрлі Халық комиссариаттарын басқарды. Олар орталық басқарудың салалық органдары ретінде мемлекеттік өмірдің берілген салаларын тікелей басқарды.
Халық комиссариаттары автономды және біріккен болып бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дің халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттары сондай-ақ ҚазОАК пен Қазхалкомкеңесінс де бағынды. Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.
Автономды халықкомиссариаттары РКФСР-дың осындай халық комиссариаттарына тәуелді болды. Олардың басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыда айтылған декрет бойынша автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділст, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы он үш халық комиссариаты болды. Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды.
1. 3 Қазақ жерлерінің ҚАКСР-дің құрамына бірігуі
1924 жылы Орга Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас рсспублика мәртебесінде Өзбек КСР-і мен Түркімен КСР-і құрылды. Тәжік АКСР-і Өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызстан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болмп, 1926 жылдың басынан автономиялы республика мәртебесін алды.
Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді.
Түркістан рсспубликасы құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақстандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды.
Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Рссейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.
Қарақалпақ автономиялы облысы құрылып, Қазақстан құрамында болып Мәскеудің біржақты шешімімен 1932 жылы Өзбек КСР-нің құрамына көшті.
Осылай қазақ жерлері біртұтас ҚазақАКСР-і құрамына топтасты. Бұл аса ірі тарихи-саяси мәні бар оқиға болды. Ежелгі Қазақ жерлері бір мемлекеттіліктің аумағына қайтарылып, шегаралары белгіленді. Осы кезеңдс Қазақстанның жер көлемі 2. 927. 614 кв км, халқы шамамен 6, 5 млн. адам болды, олардың 55, 5 %-і қазақтар, 25, 3%-і орыстар, 9%-і украиндар, 3, 7%-і өзбектер, қалғандары басқа халықтар болды.
1924 жыпы Өзбек, Түркімен республикалары, 1929 Тәжік республикасы одақтас республика мәртебесін алғанымен, Қазақстан 1936 жылға дейін автономиялы рсспублика болып кала берді. Орталық осылай шешті. Бірақ Қазақстанның одақтас республика болатындай қажеттіліктің бәрі бар еді. Осы жағдайды пайдаланып, 1924 жылы Киробкомның қазақ обкомының басшылары В. Нанешдвили, С. Қожанов, ҚазОАК-тың уақытша төрағасы Ә. Жанкелдиндер Мәскеудегі орталықтың алдына Қазақстанды одақтас республика етіп құруына негіздеп ұсыныс қойды. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппады. Осыдан кейін 1926 жылы Мәскеуде Т. Рысқұлов өткізген ұлт өкілдерінің Жеке кеңесі атынан сол кездегі БОАК-тың Ұлттар бөлімінің меңгерушісі С. Асфендияров дайындаған Қазақстанды автономиялы республикадан одақтас республикаға айналдыру туралы ұсынысы да қаралмай қалды. Қазақстанның одақтас рсспублика болуына әлі де 12 жыл қажет болды.
2 Қазақстанда социалистік құқықтық жүйенің қалыптасуы және дамуы
2. 1 1926 жылғы КАКСР Конституциясының жобасы
Қазақстандағы кеңестік социалистік жүйе Кеңестік Ресейдегі жүйенің құрамдас бөлігі ретінде және Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының басшылығымен жасалды.
Октябрь революциясының жеңісінің екінші күні "Бітім туралы" және «Жер туралы» декреттер кабылданды. Кеңес үкіметінің №3 декреті "Баспасөз туралы'' болды. 1917 жылы 2(15) қарашада "Ресей халықтары құқығының декларациясы" жарияланды. Мұнда Кеңес өкіметінің ұлт саясатының құқықтық негіздері жасалып, бұрынғы езілген ұлттардың өзін-өзі басқаруға құқылы екендігі атап өтілді. Сонымен қатар бұл құжат ұлттарды бөлінуге емес, бірігіп одақ құруға, Кеңестік Ресейдің құрамында автономия түріндс қала беругс шақырды. "Декларация . . . " большевиктердің ұлттық бағдарламасына заңдық сипат берді.
Ұлт істерімен айналысу үшін И. Сталин басқарған Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты құрылды. Кеңес өкіметінің құқықтың салалары бойынша ондаған декреттері шығып осылардың бәрі де Қазақстанда да басшылыққа алынды.
Азамат соғысы жылдарында Ресейде "әскери коммунизм" саясаты жүргізілді. Бұл саясат бойынша азық-түлік салғырты немесе басы артық астықты өкіметке өткізу міндет болды, жаппай еңбек ету міндеттелді. Қалалардағы өнеркәсіп орындарында жұмысшылар ақысыз еңбек етіп, тегін азық-түлік, тегін транспортты пайдаланды. Астық саудасына тиым салынды. Ірі, орта, шағын кәсіпорындар мемлекст бақылауына алынды. Национализациялау күшейді. Бұл соғыс жағдайындағы уақытша саясат болды.
Азық-түлік салғырты шаруалардың артық астығын зорлықпен тартып алуға әкеліп, ашаршылыққа да себеп болды. Мұның арты Кеңес өкіметіне қарсы көтерілістерге де ұласты.
1919 жылы 14 ақпанда БОАК "Социалистік жер шаруашылығына өту туралы шараларды қабылдап, онда жерді бөлудің тәртібі көрсетілді. Жер бөлу әрбір адам басына қарай жүргізілді. Кеңестсрдің жергілікті органдарында жер бөлімдері жұмыс істеді.
ТүркОАК-тың 1919 жылғы 4 тамыздағы "Түркістан республикасында суды пайдаланудың уақытша ережесі" қабылданды. Бұл өлкедегі алғашқы суға қатысты құқықтық құжат болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz