Қылмыстық кодекстің 346 - бабында екі бірдей қылмыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Әділсоттылықты жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының
жасайтын қылмыстары
2.2. Заң бойынша әділсоттылықты жүзеге асыруға жәрдем беруге шақырылған
адамдардың жасайтын қылмыстары
2.3. Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын
өтейтіндердің жасайтын қылмыстары
2.4. Сот әділдігіне қарсы басқадай адамдардың жасайтын қылмыстары

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Жаңа Қылмыстық кодекстің қабылдануына байланысты бұрынғы кодекс
бойынша қылмыс болып келген кейбір құрамдар: жер аударылған орыннан,
еңбекпен емдеу немесе еңбекпен тәрбиелеу профилакторийінен қашып кету
(бұрынғы Кодекстің 198-бабы), еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу
изоляторында, тәрбие-еңбек профилакторийлерінде отырған адамдарға тыйым
салынған заттарды заңсыз беру (ескі Кодекстің 199-бабының 3-тармағы) қылмыс
қатарынан мүлдем шығарылды.
Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-тармағы істі
тергеуге немесе қарауға заңсыз араласқаны үшін жауаптылық белгіленген
қылмыс құрамы енді жаңа Қылмыстық қодекстін 339-бабында көрсетілген сот
төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау
құрамымен қамтылатын болды. Анықтама жүргізуші адамды, тергеушіні,
прокурорды, судьяны немесе халық заседателін қорлау (Қазақ ССР ҚК-тің 191-
бабының 3-тармағы) құрамы ішінара жаңа Кодекстегі сотты құрметтемеу (342-
бап) және өкімет өкілін қорлау (320-бап) құрамдарына қосылады.
Жаңа Қылмыстық кодекстің 340-бабындағы — сот төрелігін немесе алдын
ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері үшін
жауаптылық көзделген құрамға Қазақ ССР ҚК-тің 173-бабының 1-тармағындағы
ішкі істер органы қызметкері, халық жасақшысы, анықтама жүргізуші адам,
тергеуші, судья, прокурор және халық заседателі өміріне қастық әрекет жасау
құрамы ішінара қосылып кеткен.
Жаңа Қылмыстық кодекстің осы тарауында сот төрелігінің тиімді жүзеге
асырылуын қамтамасыз ететін көптеген жаңа нормалар бар (343, 345, 348, 356,
365-баптар).
Жаңа Қылмыстық кодексте сот төрелігіне қарсы қылмыстардың анықтамасы
берілмеген.
Қылмыстық құқық теориясы бойынша сот төрелігіне және жазалардың
орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар деп — осы міндеттерді жүзеге асыратын
органдар мен лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың бірқалыпты, заңды
қызметіне қол сұғатын қасақана іс-әрекеттерді айтамыз.
Қылмыстың топтық объектісі — сот төрелігін және жазалардың орындалуын
қамтамасыз ететін органдардың дұрыс қызметі болып табылады.
Объективтік жағынан бұл тұрғыдағы қылмыстар әрекет немесе
әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Заңдылық құрылысы жөнінен барлық
құрамдар (тек қана ҚК-тің 357-бабында көрсетілген — хатталған немесе иелік
етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер
құрамынан басқасы) формальдық құрамға жатады. Осыған орай осы тараудағы
қылмыстар нақты қылмыс құрамы диспозициясында көрсетілген әрекет немесе
әрекетсіздіктерді істеген сәттен бастап аяқталған деп танылады.

2.1. ӘДІЛСОТТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАНДАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ
ЖАСАЙТЫН ҚЫЛМЫСТАРЫ

Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыкка тарту (344-бап)
Қылмыстық кодекстің 344-бабында көзделген осы қылмысты жасау
азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзумен бірге, әділсоттылық
мүддесіне, жәбірленушінін. заңды құқықтары мен бостандықтарына қылмысты
қиянат келтіре отырып, заңдылық қағидасының өрескел бұзылуына әкеп соғады.
Қылмыстың тікелей объектісі прокуратура, сот, тергеу, анықтама және
басқа да осыларға теңестірілген органдардың дұрыс қызметі. Қосымша тікелей
объект жәбірленушінің заңды мүдделері (жеке бостандығы, ар-намысы,
адамгершілігі, қызметтік немесе мүліктік мүдделері).
Қылмыс объективтік жағынан алғанда көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық
жауаптылыққа тарту әрекетін жүзеге асыру арқылы сипаталады.
Қылмыстық жауаптылыққа кінәсіз тарту деп — кінәсіз адамды айыпкер
ретінде қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығаруды айтамыз.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында қылмыстық қудалауға жол
берілмейтін жағдайлар көрсетілген. Қылмыстық құқық принципі бойынша
қылмыстық жауаптылықтың негізі — істелген іс-әрекетте қылмыс құрамының
барлық белгілерінің болуы (ҚК-тің 3-бабы) шарт. Қылмыс жасады деп айыптау
үшін негіз беретін жеткілікті-дәлелдемелер болған кезде адамды айыпталушы
ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығарады (ҚІЖК-нің 206-бабының 1-
тармағы). Заңның осы талаптарын сақтамай адамды қылмыстық жауапқа тарту
заңға қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекет болып табылады. Көрінеу
кінәсіздіктің түсінігі кінәсіздік презумпциясымен тікелей байланысты.
Кінәсіздік презумпциясына сәйкес әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін
кінәлілігі Қылмыстық іс жүргізу кодексінде кезделген тәртіппен дәлелденген
және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп
танылады. Ешкімде өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Айыпкердің
кінәлілігі жөніндегі күдік оның пайдасына шешіледі. Қылмыстық және
Қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану кезінде пайда болған күмәндер де
айыпкердің пайдасына шешілуі тиіс.
Сонымен заңда көрсетілген қылмысты істемеген кінәсіз адамды негізсіз
жауапқа тарту осы қылмыстың объективтік жағының басты белгісі болып
табылады. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады және ол кінәсіз
адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулы шығарған уақыттан бастап
аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол
туралы заңның өзінде көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту деп
тура көрсетіліп отыр. Кінәлі адамның көрінеу кінәсіз екенін біле тұра
өзінің қызмет өкілдігін пайдалана отырып, оны қылмыстық жауапқа тартатынын
сезеді және соны тілеп істейді. Қылмыстық ниеттің сан алуан болуы қылмыстың
ашылу пайызын керсетуі (айыпкерді жаңылыстырып, оған ашылмай қалған
қылмысты таңу, кек алу, қызғаныш, өзге де қараниет ойлар т.с.с.) мүмкін.
Заңсыз қылмыстық іс қозғау бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Мұндай
ретте кінәлі адам лауазымды қылмыстар үшін жауапқа тартылады. Егер сот
немесе тергеудің қатесі бойынша адамды қылмыстық жауапқа, оның керінеу
кінәсіз екендігі анықталмаған жағдайда жауапқа тарту, көрсетілген қылмыс
құрамын түзбейді. Мұндай әрекеттер тәртіптік теріс қылық немесе салақтық
болып табылады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — судья, прокурор, тергеуші және
анықтама органдарының қызметкерлері.

Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан дәл
сол әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (344-баптың 2-
тармағы). Ауыр немесе осы қылмыстардың түсінігі ҚК-тің 10-бабында
қорсетілген.
Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-бап)
Бұл норма Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жеке
құрам ретінде тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Бұрынғы кодекс бойынша мұндай
әрекеттер қызмет бабына қиянат жасау ретінде сараланатын еді. Бұл тұрғыдағы
қылмыстың қоғамға қауіптілігі орасан, мұндай әрекеттер жауапсыздық сезімін
туғызумен бірге, қылмыспен қарсы күрес шараларына кесірін тигізеді, құқық
қорғау органы қызметкерлеріне іріткі салып, олардың беделін аяққа басады.
Қылмыстың тікелей объектісі прокуратура, тергеу және анықтама
органдарының дұрыс қызметі, қосымша тікелей объект — жәбірленушінің
мүддесі.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда прокурордың, тергеушінің немесе
алдын ала анықтауды жүргізетін адамның сезікті немесе қылмыс жасады деп
айыпталған адамды қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босатуы арқылы
сипаттадады. Бұл қылмыс тек әрекет арқылы — қылмыстық істі қорғаудан бас
тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы тиісті құжат қабылдау жолымен
жүзеге асырылады. Қылмыс осы уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Сезік деп — қылмыс жасады деп күмән келтіріліп, соған байланысты
қылмыстық іс қозғалған немесе ұсталған не айып тағылғанға дейін бұлтартпау
шарасы колданылған адамды айтамыз, ал айыпталған адам деп — Қылмыстық іс
жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен өзіне қатысты айыпкер ретінде
жауапқа тарту туралы қаулы шыққан, сондай-ақ оған қатысты анықтаушы
органның бастығы айыптау хаттамасын жасап, бекіткен адамды айтамыз.
Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдерінде көрсетілген заң
нормаларынын шарттарын бұзып, қылмыстық жауаптылықтан негізсіз босатуды
заңсыз босату деп айтамыз.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын
жағдайлар тұжырымдалған (37-бап). Осы көрсетілген жағдайлардан басқа
негізде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту
заңсыз деп танылады. Бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және ол заңсыз
босату туралы қаулы шығару орын алған сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстық ниет және мақсат сан алуан болуы мүмкін: танысына жәрдем ету,
туыстарының өтінішін орындау, аяушылық білдіру т.с.с. Егер қылмыстық
жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату заңсыз сыйақы алуға байланысты болса,
онда кінәлінің әрекеті қылмыстардын жиынтығы (311, 345-баптар) бойынша
сараланады.
Қылмыстың субъектісі — арнаулы. Ол заңда тізбектеліп көрсетілген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін (прокурор, тергеуші, анықтама
жүргізуші адам).
Керінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе тұтқында ұстау (346-бап)
Қылмыстық кодекстің 346-бабында екі бірдей қылмыс:
1) көрінеу заңсыз ұстау;
2) көрінеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау үшін жауаптылық
белгіленген. Бұл әрекеттердің қоғамға қауіптілігі сол Қазақстан
Республикасының Конституциясында көзделген әркімнің жеке басының
бостандығына құқығын (16-баптың 1-тармағы) өрескел аяққа басады. Азаматты
ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау тек қана заңға негізделіп жүзеге
асырылуы тиіс.
Қылмыстың тікелей объектісі — әділсоттылықтың мүддесі, қосымша
тікелей объект — жәбірленушінің жеке бостандығы, азаматтардың басқадай
(мүліктік, тұрғын үй, ар-намысы) мүдделері.
Қылмыстың объективтік жағы көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
қамауда ұстау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Заңсыз ұстау деп Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделмеген негіздер
бойынша адамды еркінен айырып, шара қолдануды айтамыз.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына көрінеу қайшы түрде
бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды заңсыз қамау деп түсінген жөн.
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған адамды одан әрі ұстауға
негіз болмаса да, оны босатудың орнына оны одан әрі тұтқында ұстауды заңсыз
тұтқында ұстау деп түсінеміз. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс
заңсыз ұстау, қамау немесе тұтқында ұстау әрекеттері орын алған сәттен
бастап аяқталған деп саналады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Заңда
көрсетілген көрінеу деген сөздің өзі осы іс-әрекеттің тікелей немесе жанама
қасақаналықпен жасалатынын білдіреді. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін,
ол қылмысты саралауға әсер етпейді.
Қылмыстың субъектісі адамды ұстауға, қамауға алуға, тұтқында ұстауға
құзыреті бар адамдар. Олар — прокурор, тергеуші, анықтама жүргізуші адам,
сондай-ақ босатылуға жататын адамды одан әрі тұтқыннан босатпаған тұтқын
орнынын. бастығы.
ҚК-тің 346-бабының 3-тармағында заңсыз ұстау, қамауға алу немесе
тұтқында ұстау ауыр зардаптарға (қамалған адамның ауыр науқасқа душар
болуы, өлуі немесе өзін-өзі өлтіруі, т.с.с) әкеліп соққаны үшін жауаптылық
белгіленген.
Жауап беруге мәжбүр ету (347-бап)
Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық акті (1966ж.),
сондай-ақ Қазакстан Республикасының Конституциясы алдын ала тергеу және
анықтама жүргізу сатысында күш қолдануға мүлдем тыйым салады. Мұндай
әрекеттерді қолданудын өзі қылмыс.
Осы қылмыстың объектісі тергеу немесе алдын ала анықтаушы органның
бірқалыпты дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объекті — азаматтардың жеке
басына қол сұғушылық.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда тергеушінің немесе алдын ала
анықтауды жүргізуші адамның тарапынан күдіктіні, айыпталған адамды,
жәбірленушіні, куәгерді жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беруге
қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер колдану жолымен мәжбүр
етуі арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың жәбірленушісі күдікті адам,
айыптаушы, жәбірленуші, куә, сарапшы болып табылады. Қылмыс құрамы
формальдық, ол заңда көрсетілген әрекеттерді істеген сәттен, кінәлінін алға
қойған мақсатқа жеткеніне не жетпегеніне қарамастан аяқталған деп танылады.
Мәжбүр ету өтірік жауап беруге немесе шындықты айтуға я болмаса сарапшыдан
кінәліге қолайлы қорытынды беруді талап ету арқылы істелуі мүмкін. Олар
заңда көрсетілген көптеген тәсілдерді: қорқыту, бопсалау немесе өзге де
заңсыз іс-әрекеттерді қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын қамайтын, күш қолданып
жанын қинаймын, жағдайын қиындатып, қылмыстық жауапқа тартамын, жақын
туыстарыңмен кездестіруге тыйым саламын, тағы сол сияқты әрекеттер қорқыту
деп танылады.
Жәбірленушінің өзін немесе жақын туыстары жөнінде масқаралайтын
мәліметтерді жариялау туралы немесе олардың отбасының құпиясын (мысалы бала
асырап алғаны туралы) жұртқа жаямын деген әрекеттерді істеу бопсалау деп
танылады.
Өзге де заңсыз іс-әрекеттерге жауап алудың арандатушылық тәсілдерін
қолдану, жалған дәлелдемелерді ұсыну, жақындарымен кездестіруге жалған уәде
беру, тұтқыннан босатамын деп өтірік уәде айту, гипноз, наркотикалық
нәрселерді қолдану арқылы жауап алу сияқты амалдар жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналыкпеністеледі.
Қылмыстық ниетсубъективтік жактын қажетті белгісіне жатпайды, олар әртүрлі
болуы (кек алу, пайдакүнемдік, қараниеттік т.с.с.) мүмкін.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — заңда ол тергеуші немесе алдын ала
анықтауды жүргізуші адам деп дәл көрсетіліп отыр. Күш қолданумен, қорлаумен
немесе қинаумен ұштасқан әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түрі болып
табылады (347-баптың 2-тармағы). Күш қолдануға жәбірленушіні ұрып-соғу,
жеңіл, орта дәрежелі жарақат келтірулер жатады. Егер күш қолданудан
жөбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе қазаға ұшыратса, онда
өрекет қылмыстардын жиынтығы бойынша сараланады.
Қинауға жәбірленушіге әртүрлі оның жанын өте қинайтын тәсілдерді
(денесін күйдіру, электр тогын пайдаланып жауап алу, аямай ұрып аяқ-қолын,
қабырғасын сындыру, тісін жұлып алу, саусағына ине тығу, ұзак уақыт сусыз,
тамақ бермей ұстау, ұйқы бермеу сияқты әдістерді) қолдануды айтамыз. БҰҰ-
ның 1984 жылғы арнаулы конвенциясында жауап алуда қинау тәсілдерін
колдануға тыйым салған.
Қорлауға — жәбірленушінің адамгершілік, ар-намысын аяққа басу, оларды
және онын туыстарын кемсітетін, қорлайтын сөздер айту, олардың дене
бітімінің кемістігін күлкіге айналдыру, қай ұлтқа, дінге немесе нәсілге
жататындығын көрсетіп кемсіту, жедел медициналык жәрдем беруге тыйым салу
әрекеттері жатады. Қорлауға жауап берушіні кемсітетін басқа да әрекеттер
жатады. Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін
шығару (350-бап)
Қылмыстың объектісі сот жүйелерінін бірқалыпты қызметі, әділсоттылық
мүддесі, оның беделі.
Қосымша тікелей объект — жәбірленушінің, заңды тұлғалардың құқықтары
мен бостандықтары.
Қылмыстың затына — сот үкімі, шешімі немесе өзге де сот актісі
(қаулы, қорытынды) жатады.
Объективтік жағынан бұл қылмыс тек әрекет арқылы істеледі. Құрылысы
жөнінен қылмыс формальдық құрамға жатады және ол судьяның (судьялардың)
көрінеу әділетсіз сот өкімін, шешімін, немесе өзгедей сот актісін шығарған
уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Істің жағдайларына және
материалдық немесе іс жүргізу заң талаптарына көрінеу қайшы шығарылған сот
актілерін әділетсіз үкім, шешім немесе өзге де сот актісін шығару деп
түсінген жөн.
Бұлар қылмыстық іс бойынша сот үкімінің жиналған дәлелдемелерге сай
емес жағдайда шығарылуы, қылмысты дұрыс сараламау, әділетсіз жаза шараларын
белгілеу, істі сотталушының сыртынан қарау, оны қорғану құқығынан айыру,
заңсыз сот құрамымен істі қарау т.с.с. арқылы, ал азаматтық істер бойынша
талапты негізсіз қанағаттандырмау немесе дәлелдемелері жоқ талапты
қанағаттандыру, істі заңсыз өндірістен қысқарту немесе оны қарамай тастау,
келтірілген зиянның мөлшерін орынсыз ұлғайту немесе азайту, негізсіз
жұмысқа қайта орналастырудан бас тарту арқылы көрініс береді. Әкімшілік-
құқыктык қатынастардан пайда болатын істер бойынша да әділетсіз сот
актілері орын алуы (мысалы азаматтардан салық түрін заңсыз өндіру,
әкімшілік орындарының немесе лауазымды адамдардың теріс әрекеттері туралы
азаматтардың шығынын қанағаттандырмай тастау т.с.с.) мүмкін.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Мұның
өзі заңның мазмұнынан тікелей туындап отыр. Онда "көрінеу әділетсіз сот
үкімін, шешімін, өзгедей сот актісін шығару" деп тура көрсетілген.
Қылмыстық ниет (пайдакүнемдік, кек қайтару, өзара қатынастардың қайшылығы,
қараниеттік т.с.с.) болуы мүмкін.
Пара алған жағдайда әділетсіз үкім шығару — қылмыстардын жиынтығын
құрайды. Заңсыз үкім, шешім немесе өзгедей сот актілері судьяның
(судьялардың) көрінеу кәсіптік біліктілігінің жеткіліксіздігінен
дәлелдемелерді дұрыс бағаламаудан, іске салақтықпен қарау салдарынан, яғни
сот қателігіне жол берілуіне байланысты орын алса, онда істің нақты мән-
жайларына қарай кінәлі адам тәртіптік жазаға немесе қылмыстық салақтық үшін
жауапқа тартылуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі арнаулы — көрінеу заңсыз үкім, шешім немесе
өзгедей сот актісін шығарған барлық сот инстанцияларының судьясы
(судьялары).
Қылмыстық кодекстің 350-бабының 2-тармағында осы қылмыстың
ауырлататын екі түрі көрсетілген:
а) бас бостандығынан айыруға соттың заңсыз үкім шығаруы (негізсіз кінәсіз
адамды бас бостандығынан айыру, заңда негізделмеген жағдайда өмір бойы бас
бостандығынан айыру жазасын тағайындау);
б) әділетсіз сот актісін шығару өзге ауыр зардаптарға әкеп сокса
(әділетсіз сотталған адамның өзін-өзі өлтіруі, жәбірленушінің ауыр науқасқа
душар болуы, аса қауіпті қылмыскерді заңсыз босату т.с.с).

2.2. ЗАҢ БОЙЫНША ӘДІЛСОТТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЖӘРДЕМ БЕРУГЕ ШАҚЫРЫЛҒАН
АДАМДАРДЫҢ ЖАСАЙТЫН
ҚЫЛМЫСТАРЫ

Көрінеу жалған сөз жеткізу (351-бап)
Көрінеу жалған сөз жеткізудің қоғамға қауіптілігі сол, мұндай
әрекеттер құқық қорғау органдары өмірде анық орын алған қылмыспен күрес
жүргізудің орнына оларды жалған хабарлама арқылы, шын мәнінде болмаған іс-
әрекеттерді тексеруге, сөйтіп оған қыруар уақытты жоғалтуға әкеп соғады.
Мұндай жалған сөз жеткізу жәбірленушінің қайғылы жағдайға душар болуынада
әкеп соғады.
Бұл әдіс 1937—1940 жылдары КСРО-да кең тараған айла болды,
нәтижесінде сан миллиондаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, негізсіз жапа
шекті.
Қылмыстың объектісі әділсоттылық жүйелері, олардың жекелеген
органдарының дұрыс қызметі, ал қосымша тікелей объектісі жәбірленушінің
мүдделері (ар-намысы, жеке бостандығы т.с.с.) болады.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда қылмыс жасағаны туралы көрінеу
жалған сөз жеткізу арқылы сипатталады.
Қылмыс жасағаны туралы жалған сөз жеткізуге құқық қорғау органдарына
(полиция, прокуратура, сот, алдын ала анықтама жүргізуші органдар)
істелгелі жатқан немесе істелген қылмыс және оны істеген адам жөнінде
жалған хабарлаулар жатады. Мұндай жалған хабарлама тиісті құқық қорғау
органына жеткізілу үшін басқа мемлекеттік органдарға (аудандык, облыстық
әкімшілікке) берілуі де мұмкін. Жалған сөз жеткізу ауызша, жазбаша, телефон
немесе бөгде адамдар арқылы, сондай-ақ аты-жөнін айтпау жолымен жүзеге
асырылады.
Жалған сөз жеткізу жоғарыда көрсетілген органдарға немесе лауазымды
адамдарға хабар берген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстың
негізгі шарты — шындыққа сай келмейтін, тіршілікте орын алмаған факті
туралы керінеу жалған сөз жеткізу болып табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен жүзеге
асырылады. Заңда көрсетілген "көрінеу жалған сөз жеткізу" дегеннің өзі
кінәлінің хабарламасының шындыққа жатпайтынын сезе отырып, қылмыстық іс
қозғату мақсатымен құқық немесе басқа органдарға өтірік хабарлайтынын
біледі және соны тілеп әрекет істейді.
Қылмыстың объектісі 16-ға толған кез келген адам. Адамды ауыр немесе
аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, не жасанды айыптау айғақтарын
жасаумен ұштасқан, не пайдакүнемдік ниеттен туған дәл сол әрекет үшін
қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 351-бабының 2-тармағында көзделген.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың түсінігі ҚК-тің 10-бабының 4—5-
тармақтарында берілген.
Жасанды айыптау айғақтарына — жалған құрал-жабдықтар, қарулар, жалған
құжаттар, өтірік заттай айғақтар, заттар, әртүрлі жасанды іздер, өтірік
куәгерлер жатады.
Пайдакүнемдік ниетке — жалған сөз жеткізу арқылы бей-күнә адамды
жауапқа және жазаға тартқызып, оның меншігіне немесе басқадай табыстарына
ие болу немесе осы әдіс арқылы оған берешек борышынан құтылу т.с.с.
әрекеттер жатады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген
іс-әрекеттер ұйымдаскан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық
ұйымның) мүддесіне жасалса — онда бұл көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын
түріне жатады (351-баптың 3-тармағы), ұйымдасқан топ пен қылмыстық
қауымдастықтың түсінігі КК-тің 31-бабының 3-4-тармақтарында берілген.
Көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате
аудару (352-бап).
Мұндай әрекеттер қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша шындықты
ашуға бөгет келтірумен бірге сот, тергеу немесе алдын ала анықтаушы
органдардың дұрыс қызмет атқаруын бұзады. Осыған орай қылмыстың тікелей
объектісі — әділсоттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке
тұлғаның құқықтары мен мүдделері болады.
Құрылысы жөнінен бұл қылмыс формальдық құрамға жатады және қылмыс
объективтік жағынан мынадай әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:
1) Сотта, не алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде
куәгердің, жәбірленушінің көрінеу жалған жауап беруі;
2) сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі;
3) дәл сондай жағдайларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы өзге көліктегігі қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ерекшелігі
Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар туралы
Сот әділдігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жүйесі
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері
Қылмыстық заң жүйесі, құрылымы туралы ақпарат
Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану қылмысын зерделеу
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу тәртібі
Пәндер