Апелляциялық сатыдағы сот шешімдерін қарау
Кіріспе
Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты
дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның
институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі құқығы да дамып,
жетілдіріліп отырды. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін оның аумағында
қылмыстық іс жүргізудің екі түрі қолданылды: біріншісі, қазақтардың
дауларды, құқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды
шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот
өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне
қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу. Сот өндірісінің екінші түрі
бойынша іс орыс тілінде және Ресей заңдары негізінде жүргізілді. 1917 жылғы
Қазан төңкерісі елдегі биліктің еңбекші тап кеңестерінің қолына көшкендігін
әйгілеп берді. Революция жасақтаған кеңестік өкімет органары Қазақстандағы
бұрынғы соттарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазақстандағы
сот жүйесінің құрылуы және оныңдамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуіне
және мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірнеше кезендерді
қамтыды.
Сот өндірісіне қатысты заңдық негіздердің қалыптасуына орай, кеңестік
дәуірде Қазақстандағы соттардың дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге
бөлуге болады:
1) революциялық трибуналдың декреттері, нұсқаулықтары, қаулылары
негізіндегі сот өндірісі (1917 жылдың қазаны — 1923 жыл);
2) РСФСР сот құрылысы және сот өндірісі (1923-1959 жылдар);
3) 1960 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қатысты сот
жүйесі және оның қайта қарау институттары.
Кеңестік дәуірде Қазақстанның мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне
байланы-сты екі кезеңді атап өтуге болады:
1) РСФСР құрамында Қазақстанның автоно
миялық республика мәртебесін алуы;
2) СССР құрамында Қазақстанның одақтас республика ретінде болуы.
Әрине, Қазақстанның сот құрылысы мен сот өндірісі әрқашанда жоғарыда
аталған мәртебелерге сәйкес болды. (1917жылдың 25 қазанында (7 қараша)
Петроградта Октябрь революциясы жеңіске жетіп, жұмысшылар мен солдаттар
депутаттары кеңестерінің Екінші Бүкілресейлік съезі барлық билік жергілікті
жерлерде Жұмысшылар, солдаттар мен шаруалар депутаттары кеңестеріне
берілгендігін жариялады. Қазақстандағы кеңестік билік осы күннен бастау
алады.
1
1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен
РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз Автономиялық Советтік Социалистік
Республикасын қүру ту-ралы декрет қабылдады. 1937 жылы ҚазАССР-і КСРО
құрамындағы Қазақ Советтік Социалистік Республикасы болып аталды. КСРО-ның
ыдырауына байланысты 1991 жылдың 16 желтоқсанында ҚазССР-і өзінің
мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, Қазақстан Республикасы деп аталатын
болды).
Осы айтылған жағдайларға байланысты біз де Қазақстанның сот құрылысы мен
сот өндірісі тарихын сөз ету үшін олардың пайда болуы мен дамуын мынадай
тарауларға бөліп қарастырғанды жөн көрдік:
1) ақтардың дәстүрлі құқықтарына негізделген сот өндірісі;
2) Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі сот жүйесіне жалпы сипаттама;
3) кеңестік дәуірдегі сот жүйесі және сот шешімдерін қайта қарау
институттары;
4) 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
бойынша сот шешімдерін қайта қарау.
_____________________
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы .
Авторы: Төлеубекова.Б.Қ.
2
2.1. Ежелден келе жатқан сот шешімдері туралы
түсінік
Қазақтардың ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп
алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндіріс жайлы
толыққанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық
қылмыстық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляциялық
қайта қарау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандықтан, Қазан
төңкерісіне дейінгі қазақ құқық намасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып
алудың қиын екені де рас.
Дәстүрлі құқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамыжағынан
біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағы-нан әр түрлі
нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-
бірінен тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте қайнасып жатқандай
еді. Түп тамыры сонау тереңді жатқан кейбір нормалар мен институттардың
күні кешегі XIX ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә.
Бәлкім, сондықтан да болар, қазақтың дәстүрлі құқығындағы қайсыбір
нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.
Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың дәстүрлі құқығында қылмыстық және
азаматтық құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер-білінбес
қана болды. Қазақтардың құқықтық пікірінің дамуы жөнінде XIX ғасырдағы
әйгілі қазақғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш.Уәлиханов былай дейді:
Қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек, тұрмыс-салты басқаша
дамыған қырғыздардан (қазақтардан) орыстармен немесе басқа еуропалықтармен
бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес.
Қазақтың белгілі ғалымы, заңгер Т.Культелеев те өз кезегінде:
Қазақ құқығын да арнайы қылмыс деген термин болмаған, оның орнына жаман
іс немесе жаман қылық деген сөздер қолданылған деп ой түйеді. Шын
мәнінде, қылмыс ұғымы жаман іс-әрекетпен астасып, ол қоғамға келтірілген
шығын ретінде емес, жәбірленушінің немесе оның туыстарының наразылығы
ретінде бағаланды. Ал, мұндай жағдай, әрине, жәбірленушінің немесе оның
туыстарының қарсы жақтан сыйақы төлеуді талап етуімен аяқталатын.
Сондықтан, тіпті адам өліміне байланысты іс те екі жақтың келісімімен, құн
төлеу арқылы шешімін табатын. Бұл кісі қазасының орнына жатыстырылатын
материалдық өтем деп қабылданды.
Осы жөнінде А.Крохалев былай дейді: Қырғыздарда құн деп өлген
адамның қаны үшін немесе руластың мезгілсіз қиылған өмірі үшін төленетін
өтемді айтады. Сондай-ақ, дәстүр бойынша қүн мүліктік сыйақы ретінде дене
жарақаты үшін жәбірленушінің туған-туыстарына да төленеді Мұны сөз жоқ,
қоғамның даму ерекшелігімен, әсіресе, алғашқы қауымдастық пен феодалдық
құрылым элементтерінің қатар өрілуімен түсіндіруге болар еді. Феодализм
тұсында қоғамдық қатынас жеке меншікке негізделгендіктен, құқық та көбіне
осыған ыңғайланды. Сол үшін де, жауаптылық жасалынған іс-әрекеттің ауыр,
жеңілдігімен емес, ашығын айтқанда, жәбірленуші мен кінәлінің қай қоғамдық
топқа жататындықтарымен өлшенді. Ол уақыттарда
3
қазақ қоғамында қылмыс пен азаматтық тәртіп бұзушылық ұғымдарының арасында
нақтылы шектеулер болған жоқ. Жәбірленуші — талапкер, ал қылмыскер —
жауапкер деп аталды. Қылмыстық іс-әрекеттің де, азаматтық құқық
бұзушылықтың да нәтижесі келтірілген зиян деп бағаланды
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің ең тиімді құрылысы
билікті үш тармаққа бөлу деген сипаттауды қажет етпейтін жорамалға табан
тіреді. Олар- заң шығарушылық, орындаушылық және сот билігін жүргізу тек
біріңғай соттарға жүктелген. Олардың алдарына қойған мақсаттарына,
жүктелген мідеттеріне қарай рет-ретімен ыңғайластырылуы сот жүйесін
құрайды.
Қазақстандағы сот жүйесінің мәнін анықтайтын негізгі актілер ҚР
Конституциясы және Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың
мәртебесі туралы конституциялық заң. Осы басты құжаттарға сәйкес еліміздің
сот жүйесін Қазақстан РеспубликасыныңЖоғарғы сотыжәнежергілікті сот-тар
құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және со-ған теңестірілген соттар,
сондай-ақ аудандықжәне соған теңестірілген соттар жатады.
Аталған соттардың бәрі түтас бір жүйеге біріктірілген, олардың барлығы
әділ соттың ортақ және бірегей ұстындарын басшылыққа алып, әрқайсысы
істерді қарау және шешу мәселесі бойынша өздеріне тиесілі нақтылы
міндеттерді атқарады.
Соттарды міндетіне қарай бөлудің негізінде сот инстанциялары жатыр. Мысалы,
бірінші инстанциядағы сот - бұл істі мәні бойынша қарайтын сот, екінші
инстанциядағы сот — бірінші инстанциядағы соттың әлі заңдық күшіне енбеген
үкімдері мен қаулыларына жасалынған апелляциялық шағымдар мен наразылықтар
бойынша қозғалған істерді қарайтын сот, қадағалау инстанциясы — заңдық
күшіне енген сот шешімдеріне тараптардың жасаған шағымдары, наразылықтары
бойынша қозғалған істерді қарайтын сот.
Осындағы соңғы екі инстанция - апелляциялық және қадағалау - соттардың
үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысына жатады: апелля-циялық
-үкімдер мен қаулылар заңдық күшіне енбеген жағдайда және қадағалау -
үкімдер мен қаулылар заңдық күшіне енген жағдайда. Заң шығарушылар әділ
соттың мақсатын барынша қамтамасыз ету үшін қосымша кепілдік ретінде
жоғарыда аталған іс жүргізудің екі сатысынан басқа соттардың үкімдері мен
қаулыларын қайта қараудың және бір түрін - жаңадан ашылған мән-жайларға
байланысты іс бойынша өндірісті қайта бастауды қарастырды.
___________________
Заң республикалық, құқықтық, ғылыми- практикалық журнал 12- 2004
4
2.2.Апелляциялық сатыдағы сот шешімдерін қарау.
Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін бейтаныс
болғандықтан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу
проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеуді, ең
алдымен апелляциялық өндіріс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн
сияқты.
1997жылдың ІЗ желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында
күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі
сот шешімдерін қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:
- соттың әлі заңдық күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта
қараудың екі сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық);
- соттың күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың екі
сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндіріс және жаңадан ашылған мән-
жайларға байланысты іс бойынша өндірісті қайта бастау).
Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарында заң шығарушылар осылардың үшеуін
ғана: кассациялық шағымдану және наразылық; қадағалау өндірісі және жа-
ңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндірісті қайта бастау
сатыларын қолданысқа жіберді. Ал, ҚІЖК-нің соттардың қылмыстық істерді
апелляциялық тәртіппен қарау туралы ережесін қолдануды алдымен 2000 жылдың
1 қаңтарына дейін, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырды.
2001 жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының Сот
ісін жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық
актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңы соттың заңдық
күшінеенбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау үшін апелляциялық
инстанция енгізді. Осы заң республиканың сот өндірісінен кассациялық
шағымдануды, наразылықты алып тастады.
Жаңа ереже 46 және 47-тарауларға топтастырылып, ҚІЖК-нің 8-бөлімінен орын
алды .
Осындағы 46-тарау Заңдық күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық,
кассациялық шағымдану және наразылық білдіру ҚІЖК қолданысқа енгізілгеннен
кейін 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап өміргежолдама алды. 9 баптан тұратын
бұл тарау кассациялық өндірістің негізгі ережелерін реттейтін мынадай
жайттарды қарастырды: сот үкімдеріне шағымдану және наразылық білдіру
субъектілері (396-бап) және шағымдарды, наразылық тардыөзгерту, толықтыру,
кері қайтару жөніндегі олардың құқықтары ту-ралы(402-баптыңЗ, 4-
тармақтары), шағымданужәне наразылық білдірудің тәртібі мен мерзімдері
туралы (398,399-баптар), шағым беруге, наразылық білдіруге арналған
мерзімді қалпына келтіру тәртібі туралы (400-бап), шағымның берілгендігі,
наразылықтың білдірілгендігі жөнінде тараптарды хабардарету(401-бап) және
істің қаралатын уақыты мен орны жайлы тараптарды құлақтандыра отырып, істі
апелляциялық
5
инстанциядағы сотқа жіберу туралы (402-бап), бірінші сатыдағы соттың
қаулысына шағымдану, наразылық білдіру туралы (403-бап).
2001жылдың 11 шілдесіндегі Заң тараудың тақырыбынан және көрсетілген
баптардың мазмұнынан кассациялық деген сөзді алып тастап, аталмыш тарауға
мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізді:
- 396-бап (Үкімге апелляциялық және кассациялық шағым беру, наразылық
білдіру құқығы) апелляциялық шағымдануға және наразылық білдіруге жататын
үкімдердің қатарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының үкімдері алып
тасталды;
- 397-бап (Заңды күшіне енбеген үкімдерге берілген шағымдарды,
наразылықтарды қарайтын соттар) :
а) үкімдерге байланысты шағымдар, наразылықтар ұсынылатын алқалардың
атаулары өзгертілді: сот алқасы ендігі жерде қылмыстық істер жөніндегі
алқа деп аталады, яғни тиісінше облыстық және оларғатеңес тірілген
соттардың...және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ... деген
тіркестергежалғасып жазылады;
ә) сот органдарының катарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының
Президиумы алып тасталынды;
б) бап бір бөлікті үш тармақтың орнына екі бөлікке бөлінген;
- 398-бап (Үкімге шағымдар, наразылықтар беру тәртібі) - өзгеріссіз
қалдырылды;
- 399-бап (Үкімге шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері) - он
күннің ішінде деген сөздер он тәулік ішінде деп өзгертілді;
- 400-бап (Шағым беруге, наразылық білдіруге арналған мерзімді қалпына
келтіру тәртібі) - төрағалық етуші ұзақ уақытқа жоқ болып, оны сол соттың
басқа судьясына ауыстыруға байланысты өткізілген
уақытты қалпына келтіру жөніндегі өтінішті қарау құқығы туралы толықтыру
сақталынды (2000 жылдың 5 мамырындағы заң);
- 401-бап (Шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар ету) -
өзгеріссіз қалдырылды;
- 402-бап (Шағым берудің және наразылық білдірудің салдары) -
толықтыру мынаны белгіледі:
а) шағым берілгендігі және наразылық білдірілгені туралы тараптарды
бір тәулік ішінде хабардар ету;
ә) апелляциялық инстанцияда істі қараудың мерзімі мен орны туралы
процеске қатысушыларға хабарлауды сотқа міндеттеу. Прокурордың наразылығын
кері қайтарып алуға байланысты жоғары түрған проку рордың қүқығы туралы
2000 жылдың 5 мамырындағы заңмен енгізілген толықтыру сақталды;
- 403-бап (Бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық
білдіру) - қаулыларға шағымдануға және наразылық білдіруге шектеу қоятын 2-
бөлік осы кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер
деген сөздермен толықтырылды, сонымен қатар, шағымдануға және наразы-лық
білдіругежататын қаулылардың қатарынан таңдауға, өзгертуге немесе
6
алдын алу шараларын жоюға байланысты қаулылар алып тас талды, көрсетілген
ережелермен 2000 жылдың 5 мамырындағы заң арқылы толықтырылды. Бұл
толықтырулар сақталды;
- 404-бап (Істі апелляциялық және кассациялық сатыларда қараудың
шектері) - істі қараудың тексеру (ревизиялық) тәртібін белгілейтін норма.
Қазіргі кезде ол 2000 жылдың 5 мамырында қабылданған Қазақстан
Республикасының Қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы заңы негізінде жұмыс істейді. Осы арқылы ҚІЖК-нің 404-бабының
екінші бөлігіндегі осы Кодекстің417-бабының үшінші тармағында деген
сөздер осы Кодексте деген сөздермен ауыстырылды.
Жоғарыда аталған өзгертуді толық түсіну үшін осы норманың 1997 жылы
қабылданған ҚР ҚІЖК-де жазылған мәтініне назар аударып көрелік. 404-бап
Істі апелляциялық және кассациялық сатыларда қараудың шектері деген
тақырыппен Апелляциялықжәне кассациялық шағымдар мен заңды күшіне енбеген
сот шешімдеріне наразылық білдіру деп аталатын 46-тарауға енгізілген
болатын. Аталмыш бап мынадай мазмұнда жазылған еді:
Апелляциялық немесе кассациялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің
заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразы-
лық білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген
сотталушыларға қатысты ғана тексереді.
Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген
сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот
осы кодекстің 417-бабының үшінші тармағында көзделген ережелерді сақтай
отырып, үкімді сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген
бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірмеген адамдарға қатысты
да жоюға немесе өзгертуге құқылы.
Ал, ҚІЖК-нің 417-бабының үшінші тармағында былай делінген: Егер бірінші
сатыдағы сотта іс бойынша қылмыстық іс жүргізу заңын қандай да бір өзге
елеулі түрде бұзуға жол берілсе, апелляциялық саты (біз сыздық - Т.А.) бұл
ретте орын алған жолсыздықты жоюға шара қолдана отырып, сот талқылауын
жүргізеді, бұдан соң бірінші сатыдағы соттың үкімін жоюды және қаралған
істің нәтижелерін ескере отырып, жаңа үкім қабылдайды.
ҚІЖК-нің 417-бабы Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істі
қарау деп аталатын 47-тарауғаенгізілді.
1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының
Қылмыстық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы заңның 5-бабы апел-
ляциялық өндіріс нормаларын енгізудің мынадай тәртібін белгіледі: Осы
Кодекстің қылмыстық істерді соттың апелляциялық тәртіппен қарауы туралы
ережелері олардың іске асырылуы үшін қажетті жағ-дайларжасалуынақарай,
бірақ2000жылғы І қаңтардан кешіктірілмей күшіне енгізіледі. Аталған норма-
лар күшіне енгізілгенге дейін апелляциялықтәртіппен қарауға жататын
істерді кассациялық шағым жасау, наразылық білдіру тәртібімен тиісті соттар
қарайды.
7
Жоғарыда аталған 2000 жылдың 5 мамырындағы заң 5-баптағы 2000 жылғы 1
қаңтардан деген сөздерді 2003 жылғы 1қаңтардандеген сөздермен
ауыстырды. Ал, 2001жылдың шілдесіндегі заң 1997 жылдың 13 желтоқсанындағы
заңнан 5-бапты мүлдем алып тастады, яғни ҚІЖК-ден апелляциялық өндіріс алып
тасталды.
Сонымен, қазіргі уақытта ҚІЖК-нің 404-бабы мынадай редакцияда жұмыс
істейді:
1. Апелляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын,
негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық
білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген
сотталушыларға қатыстығана тексереді.
2. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген
бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген сотталушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот осы Кодексте
көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді, сондай-ақ, шағым берілмеген,
наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық
білдірмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.
Келтірілген нормалардан байқағанымыздай, заң шығарушылар 1997 жылғы ҚІЖК
қолданысқа енгізілген кезден, яғни 1998жылдың қаңтарынан 2000 жылдың 5
мамырына дейін кассациялық инстанцияға істі тексеру жөнінде және шағым
берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігіне һәм шағым берілмеген,
наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты шешім қабылдауға уәкілеттік
бермеген. ҚІЖК-нің 402-бабының екінші тармағын үкімге (қаулыға) шағымдану,
наразылық білдіру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір күннен
кешікпей аталмыш Кодекстің 401-бабының талаптарын орындауды бірінші
инстанциядағы сотқа міндеттейтін нақты нормаларментолықтырды, сондай-ақ,
апелляциялық инстанциядағы соттар қарайтын объектілердің қатарынан
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты үкімдерінің алынуына байланысты ҚІЖК
397-бабының үшінші бөлігін тізімнен шығарып тастады.
2001 жылдың 11 шілдесіндегі заң ҚІЖК-де қалдырылған 47-тараудың 22-
бабына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:
1.Апелляциялық қараудың мәні (405-бап). Апелляциялық сатыдағы сот
апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайынанық
таудың және қылмыстықзанды қолданудың дұрыстығық іс жүргізуді жүзеге асыру
кезінде қылмыстық іс жургізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және
қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің
немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді.
2. Істі қарау мерзімдері туралы 406-бап апелляциялық сатыдағы сотқа,
қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасының төрағасына немесе тиісті сот
төрағасына қажет болған жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін
одан әрі ұзарту құқығын беру ережесімен толықтырылды. Біздің ойымызша, бұл
толықтыру сот өндірісіндегі нақты жағдайларға өте үйлесімді
8
сияқты. Себебі, қылмыстық істерді қарау барысында көбіне ондаған, ал
қайсыбір кездері жүздеген томдық тергеу құжаттарын сараптан өткізуге тура
келеді ғой. Мұндай істерді қараудың ең басты қиындығы сол, процеске қатыс-
тырылатын адамдардың саны өте көп болғандықтан, олардың бәрін бірдей
уақытылы келтіру кейде тіпті мүмкін болмай жатады.
Сонымен қатар, заңда қарастырылған істі қарау мерзімін үзарту тәртібі
де біршама қиындатылып жіберген сияқты. Заң шығарушылар мерзімді дәлелді
себептер негізінде іс өндірісінде жатқан апелляциялық сатыдағы соттың
қаулысы арқылы ұзартуды ұсынады. Ал, мерзімді әрмен қарай қылмыстық істер
жөніндегі алқа төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысы бойынша
үзартқанды жөн көреді. Біздіңше, істі апелляциялық саты
да қарау мерзімін ұзартуды тиісті сот алқасының төрағасына тапсырған дұрыс
болар еді. Өйткені, оған Қазақстан Республикасының ҚазақстанРеспубликасының
сот жүйесі мен
судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңы бойынша алқа
судьяларының арасында істі қарауды ұйымдастыру және алқа мәжілістерінде
төрағалық ету міндеті жүктелген (15, 21-баптар). Яғни, істі қарау мерзімін
үзарту мәселесін, ең алдымен сол істі зерттеген адам алқа төрағасының
алдына қояды да, кейінгісі мән-жайды сараптай отырып, істің қарау мерзімін
ауыстыру жөнінде тиісті шешім қабылдайды. Ал, заң шығарушылар ұсынған-дай,
үшінші судьяны іскеараластыру, алқатөра-ғасының қабылдаған шешімі бойынша
сот мәжілісін өткізу, біздіңше, тек соттың жұмысын қиындатып жібермек. Оның
үстіне, мерзімді әрмен қарай ұзартуды қылмыстық істер жөніндегі сот
алқасының төрағасы немесе тиісті сот төрағасы жүзеге асырады ғой.
3. 407-бап. Апелляциялық шағымның, наразылықтың мазмұнына байланысты
қойылатын бұған дейінгі алты талапқа және екеуі қосылды.
Олар:
- үкімге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігіне шағым жасалып,
наразылық келтіріліп отырғанын көрсету (4-тармақ);
- арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші
сатыдағы сот зерттелме-ген дәлелдемелерді ұсыну (6-тармақ).
Сондай-ақ, апелляциялық шағымданушы және наразылық білдіруші
субъектілерге шағым және наразылық келтірілген күнді көрсету жөнінде
қосымша міндет жүктелді (8-тармақ).
ҚІЖК-нің 427-бабында шағымдану, наразылық білдіру объектісі ретінде
айтылған өзге де шешім деген ұғым, сот шешім қабылдаған кезде
қолданылатын қаулы деген процессуалдық ұғыммен ауыстырылды.
Заң шығарушылар қарастырылып отырған нормалардың қатарына: Егер берілген
шағым немесе наразылық... кассациялық қараудың мәніне қатысты мән-жайларды
қамтымаса... деген берілген шағымды, наразылықты бағалауға қатысты ережені
енгізуден негізді түрде бас тартты.
Егер қайта жасалғаннан кейін апелляциялық шағым, наразылық аталған
мерзім ішінде сотқа табыс етілмесе, олар берілмеген болып
9
есептеледі деген толықтыру шағым, наразылық айтушыларды процессуалдық
мерзімді сақтауға міндеттейді, алсотқа шағым, наразылық түспеген жағдайдағы
заңмен белгілеген міндеттерін жүзеге асыру құқығын береді.
4. 408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгілеу. Заң
шығарушылар істі қараудың уақыты мен орнын жоғары тұрған сотпен келісе
отырып белгілеуді бірінші сатыдағы сот қажүктеді. Сондай-ақ, істің
қаралатынуақыты мен орны туралы тараптарға хабарлау үкім (қаулы) шығарған
сотқа міндеттелді.
428-баптың екінші бөлігінде көрсетілген Өзінің шағымын немесе сотталушының
пайдасына шығарылмаған прокурордың наразылығын қарау кезінде қатысуға
өзінің тілегін білдірген сотталушы кассациялық сатыдағы сот отыры-сына
жеткізілуге тиіс деген қатаң ереже апелляциялық инстанциядағы сот үшін
мынадай жалпы ережемен өзгертілді: Егер айыптаушы тараптың шағымында,
наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса,
оның апелляциялық сатыға қатысу туралы өтініші қанағаттандырылуға тиіс.
Бұл өзгерту ҚІЖК-нің 69-бабының екінші бөлігінде көрсетілген
сотталушының келтірілген шағымдар мен наразылықтарға байланысты сот
қарауына қатысу қүқығы туралы ережеге сәйкес келеді. Сотталушының қатысу
негізіне оның өтініші алынады. Сотталушыны оныңжағдайын нашарлату жөнінде
мәселе көтерген прокурордың наразылығымен, яки жәбірленушінің шағымымен
таныстыру, сондайақ оған апелляциялық инстанциядағы сотқа қатысу құқығын
түсіндіру және соттың қай жерде, қай уақытта өтетінін ескерту процесті
бастауға ерік береді. Қамауда отырмаған сотталушыны жеткізу апелляциялық
инстанциядағы соттың міндетінежат-пайды. 2000 жылдың 5 мамырында қабылдан-
ған заң ҚІЖК-нің 428-бабының үшінші бөлігін Прокурордың кассациялық
сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті деген ережемен толықтырды. Бүл
ереже ҚІЖК-нің 408-бабында сақталынды.
ҚІЖК-нің 428-бабының бірінші бөлігіндегі іс кассациялық шағыммен
немесе наразылықпен келіп түскен кезде қарау күнін белгілеп, оны судьяларға
бөліп беруді сот төрағасына немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz