Цауда ұйымының техникалық реттеу ережелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1 Қазақстан Республикасында сертификаттаудың және сәйкестікті
растаудың басқа да түрлерінің жағдайы мен болашағы
2 Сертификаттауды дамытудын жағдайы жане негізгi даму бағыттары
3 Цауда ұйымының техникалық реттеу ережелері
4 Мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарын және сертификаттау
ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
5 Пайдаланған әдебиет

1 Қазақстан Республикасында сертификаттаудың және сәйкестікті
растаудың басқа да түрлерінің жағдайы мен болашағы

Техникалық реттеу туралы Заң негізінде елімізде техникалық реттеуді
реформалау республика мекемелерінің бәсекеге түсу мүмкіндігін ұлғайтуға,
оларға экспорттың бағыт беруге Қазақстан экономикасын әлемдік қауымдастыңңа
интеграциялауға бағытталған. Бұл мәселелерді шешу техникалық нормалау
саласындагы саясатты өзгертуге, стандарттау, сертификаттау, мемлекеттік
техникалық реттеу және тексеру жүйелерін реформалауға, оларды мемлекеттік
техникалық басқару жүйесіне енгізуге тікелей байланысты. Халықаралық
тәжірибеде міндетті түрде қолдануға және сақталуға тиісті талаптар
техникалық регламенттерде, заңнамаларда, ңұсқауларда және Үкімет
органдарының жарлықтарында көрсетіледі. Техникалық регламенттерге
енгізілетін талаптар: адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың
мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі, ұлттық қауіпсіздік және
тұтынушыны алданудан сақтау. Халықаралық тәжірибенің ерекшелігі
стандарттардың міндетті құжаттар болып есептелмеуі, оларға техникалық
регламенттерде сілтемелер келтірілмеген жағдайда ерікті негізде қолданылуы.
Елімізде бағалау және сәйкестікті растау жүйелерін жетілдіру бағыттары
Еуропалық Одақтың техникалық реттеу практикасына, соның ішінде сәйкестікті
бағалау саласына негізделген. Мұндай таңдау мына себептерге байланысты:
Еуропа Одағымен тауар айналымының артуы;
соңғы жылдары ЕО-да тұтыну рыногын сапасыз, зардаптарының ауырлық
деңгейі жоғары өнімдерден қорғауда және елдер арасындағы саудада техникалық
кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін нұсқауларды жасаудың және қолданудың
мол тәжірибесі жинақталған.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын,
қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім оған жасалатын
қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп
жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін
қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың
сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістін сапа көрсеткішін және өнім мен
қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің
(қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз
етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын; сертификаттау
үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек.
Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестатталған сынақ зертханалары
қажетті жабдықтармен, нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен
қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер,
бірдей жағдайда зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес
болуы керек.
Аталған жүмыстарды жүргізу елімізде Стандарттау және сертификаттау
мамандарына жүктелген.
Қазакстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде
сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сынақтың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап
алуға еріктілігі және сертификаттауга қатысатыг адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау туралы ақпарат ашықтыгы немесе сәйкестік (белгісі)
сертификатының уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып өндіру және
тұтынуды сараптауға қажетті сынак тәсілінің көптүрлілігі;
- сертификаттау жүмысында ИСО (МЭК) аймактық ұйымдар,халықаралық
құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жақты
келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын,
аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік
белгісін Қазақстан Республикасында тану;
- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын
қатынастыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитенің мәліметі
бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталды. Қазақстанда
міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің
үлесі 85%-дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да
өсе береді.
Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық
қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық
ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар
жасау болып табылады.

2 Сертификаттауды дамытудын жағдайы жане негізгi даму бағыттары

Нұсқауларда өнімнің сәйкестігін бағалау және мемлекет тарапынан
бақылау тек қана техникалық регламенттерде белгіленген міндетті талаптардың
сақталуына қатысты жүргізіледі. Тағы бір ескеретін жағдай - ол тіркеу
жүйесінің өнімнің сәйкестігін бағалау жүйесінен бөлек жұмыс атқаруы.
Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесінің ЕО жүйесінен айтарлықтай
айырмашылығы бар. Техникалық заңдылық республикада тиісті деңгейде
дамымаған, ал міндетті техникалық нормалар стандарттарда және басқа
нормативтік құжаттарда (экологиялық, тазалық сақтау, құрылыс, т.б.)
белгіленген. Кейбір стандарттарда сақталуға тиісті міндетті талаптар
қажетті деңгейде атап көрсетілмеген. Мемлекеттік бақылау органдарының
жұмысы нормативтік құжаттардың тек қана міндетті талаптарына қатысты
болғандықтан, өндіруші мен бақылау органдарының арасында дау туындап
отырады. Тіркеу жүйесі мемлекеттік сертификаттау жүйесінің шеңберінде жұмыс
атқарды. Дайындаушы жүргізген сынақ нәтижелерін сертификаттау органының
тану механизмі тиісті деңгейде дамымаған. Міндетті құжат түрлерінің көптігі
және сәйкестікті дәлелдеудің халықаралық түрлерінің тиісті деңгейде
қолданылмауы отандық кәсіпкерлерге өнім өндіруде қиындықтар, Қазақстанның
сауда жасау жөніндегі серіктестіктерінде түсінбеушілік және өнім сапасына
сенімсіздік туғызады. Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің
мемлекеттік жүйесін құру және дамыту мынандай негізгі бағыттарда жүргізілуі
және негізделуі қажет:
жүйенің мақсаты мен принциптерін анықтау;
жүйенің құрылымдық элементтері мен ұйымдық құрылымдарын анықтау;
құқықтық және техникалық заңдарды құру;
техникалық регламенттерді жасау және қолдану саласына қатысты
ережелерді анықтау;
мемлекеттік стандарттау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау;
сертификаттау жүйесін реформалау және тіркеу жүйесін оның құрамынан
шығару;
сертификаттаудан сәйкестікті дәлелдеу механизміне көшу;
мемлекеттік тексеру және бақылау органдарының жұмысын реформалау;
халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі қамтамасыз етуге тиісті:
техникалық регламенттерді және стандарттарды жасауға мүдделі
тұлғалардың қатысуын;
техникалық регламенттер мен стандарттарды қарастырғанда мүдделі
жақтардың пәтуасын (консенсусын);
шығарылып жатқан техникалық регламенттер мен стандарттар туралы және
олардың халықаралың нормалар мен талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі)
жөніндегі ақпараттардың ашықтығын;
дискриминацияламауды (барлық субъектілерге бірдей талаптар белгілеу).
Техникалық реттеу негізіне халықаралық принциптер, талаптар мен
стандарттар, сәйкестікті бағалау тәртіптері, тексеру және бақылау жүйесі,
сондай-ақ Қазақстанда қолданылып жүрген техникалық регламенттер алынуы
қажет.

2 Цауда ұйымының техникалық реттеу ережелері

Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін
құрудың негізгі мақсаты халықаралық тәжірибеге өту және Дүниежүзілік сауда
ұйымының техникалық реттеу ережелерін енгізу.Ол үшін мына мәселелерді шешу
қажет:
шағын кәсіпкерлікті дамыту;
мемлекеттік кәсіпкерлердің жұмысына араласу деңгейін төмендету;
саудадағы техникалық кедергілерді жою және Қазақстан аумағында,
халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жағдай
жасау;
өнімнің адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүліктеріне және қоршаған
ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
еліміздің экономикалық, әскери, индустриалдық потенциалын нығайту;
тұтынушыны алданудан сақтау;
дайындаушылардың және сатушылардың тарататын өнімдерінің сапа
деңгейіне жауапкершілігін күшейту;
өнім дайындаушыларға сенімділікті қамтамасыз ететін кешенді шараларды
анықтау және енгізу;
ведомстволық мүддені болдырмау.
Техникалық реттеу жүйесін құру және дамыту мына принциптерге
негізделуі қажет:
техникалық регламенттердің және стандарттауға қатысты нормативтік
құжаттардың түрлері мен санаттарының бірлестігіне;
өнімге талаптарды белгілеу ережелерінің бірлестігіне;
халықаралық нормалар мен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарымен
үйлестіруге;
елдің экономикасының, материалдық-техникалық базасының, жағдайының
және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігіне;
тіркеу және сертификаттау органдарының тәуелсіздігіне.
Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін
енгізу екі деңгейдегі заңдар мен нормативтік құжаттар тобын құруға
мүмкіндік береді:
жоғарғы деңгей - техникалық регламент;
төменгі деңгей — халықаралық талаптармен және нормалармен
үйлестірілген ерікті стандарттар. Бұл стандарттар өндірушілерге техникалық
регламенттерді дұрыс түсінуге және орындауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасында техникалық заңдарды қалыптастыру Дүние
жүзілік сауда ұйымының ережелерін сақтай отырып, мемлекетаралық деңгейде
техникалық реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфуцизмнің өмірі
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Ежелгі Рим діні
Қазақстанның Республикасының қызмет көрсету дамуының қазіргі деңгейі
Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеу
ДСҰ міндеттері
Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі
Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
Қашықтықтан ОҚЫТУ технологияларЫ бойынша оқытуды ұйымдастыру Негізгі ережелер
ҚР еңбек құқығы
Пәндер