Двигательдің экологиялық тазалығын есепке алатын сараланған салықтар

САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Салықтар — экономиканы мемлекеттік реттеудің бірден-бір элементі
Қазыналық (фискалдың) қызметінен басқа, салықтар мен алымдар жүйесі
қоғамдың өндіріске, оның құрылымына және ғылыми-техникалық прогрестің өсу
қарқынына экономикалық әсер ету тетігі болып қызмет атқарады. Салықтар
арқылы іскерлік белсенділікті ынталандыруға немесе керісінше, шектеуге
болады, демек кәсіпкерлік қызметтің біреуінің немесе басқасының дамуы,
өндіріс шығындарының төмендеуіне жағдай туғызады және әлемдік нарықта
ұлттық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру үшін жеке меншік
кәсіпорындардың айналысын қамтамасыз етеді. Салықтың көмегі арқылы
қолдаушылың экономикалық саясат жүргізуге болады және тауарлар нарығының
еркіндігін қамтамасыздандыруға болады.
Салықтар шығыстық бөлім арқылы экономикаға қаржылық әсер ету
мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті
бюджеттердің негізгі кіріс бөлігін қалыптастырады.
Ұлғайтылған қайта өндіріс процесіне мемлекеттік қаржы-бюджеттік
тетігінің ықпал ету бағыты төмендегідей: бюджеттік субсидия, мысалы, бөлшек
сауда бағасын сүйемелдеу үшін жылдық (артық) ауылшаруашылың өнімдерін сатып
алу, экономикаға мемлекеттік инвестиция жасау; дотация немесе көмек қарыз
түрінде кәсіпорындарга тікелей субсидия беру, несиелік саясат. Мемлекеттен
несие алу компанияның меншікті қаржыларының босауына және қауіптен (банкрот
болу қаупінен) құтылуына, қажеттілігіне қарай ақша-несиелік шектеулікті
енгізуіне ықпал жасайды. Бұған бағаны, тұтынушы несиесінің шарттарын,
несиені шектеуді, валюталық бақылауды, лицензиялауды реттеу жатады.
АҚШ үкіметі соғыс уақытында болат, мыс, алюминийге лицензия беруді,
жеке меншік сауда туралы заңдарды, өнімді стандарттауды, мемлекеттік
арбитражды, тресттерге қарсы заңдарды қабылдауды, ғылыми-зертеулік және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды және салық саясатын
жүзеге асырды.
Бұдан басқа, мемлекет, артық өндірілу дағдарысы кезінде тауар
өндірісіне шектеу қою арқылы реттеушілік саясат жүргізеді. Сонымен қатар
мемлекет қоғамдың жұмыстарды ұйымдастыруды өзіне алып, субсидия мен арзан
несиенің берілуіне көңіл бөледі.
Қазіргі кезде экономикалық бағдарламалау дамып келеді. Ол шаруашылық
міндеттердің қойылуын болжайды және оларды шешу жүйесін тағайындайды.
Негізгі мақсаты - мемлекеттік іс-шаралардың үйлесімділігі, инвестицияларды
реттеу, несиені бөлу, бюджеттің бағытталуын анықтау, мөлшерлеме пайызы мен
несие ережелерін өзгерту арқылы ақша нарығын басқару, жалақы және
әлеуметтік мұқтаждың саласындағы саясат және т.б. Экономикалық
бағдарламалау мемлекет рөлінің одан әрі жоғарылауына әкеледі. Ұлттық
экономиканың белгілі бағытының қандай да бір өзгерісі - инвестициялық
саясаттың мемлекеттің араласуынсыз болуы мүмкін емес. Үкімет тағайындайтын
қаржылық жеңілдіктердің шарттары бірінші кезектегі міндеттерді шешу
қажеттілігіне сәйкес жеке шаруашылық салаларының дамуына жол ашады.
Болжау жасау экономикалық бағдарламалаудың бірінші кезеңі болып
табылады, яғни ол - экономиканың болашақ дамуына объективті түрде баға
беру.
Экономиканы реттеуге жергілікті басқару органдары белсенді
қатыстырылады, олардың басымдылығы шамамен мынадай: қалалардың кірістік
базасының өсуі (салық базасының нығайтылуы), жұмыс істейтін кәсіпорындар
мен жұмыс орындарының сақталуы, балансталған экономиканың сапалы өсуі,
индустриалдық және коммерциялық базасының дамуы, жағдайы нашар шалғай
аудандарға көмек көрсетуі.
Бірқатар елдерде белгілі аймақтарға, мысалы, қаланың шалғай (шеткері)
аумағына жұмсалатын инвестицияны ынталандыру қолданылады. Экономикасы нашар
дамыған аудандарда өндірісті жаңарту мен қайта құруға капитал салу
ынталандырылады.
Кейбір жағдайларда инвестицияға салық салынбайтын үстеме төленеді. Бұл
үстеме жалпы капиталдың салым көлемінің 10%-дайы болуы мүмкін. Үстемеге
байланыссыз немесе оған қосымша бюджеттен капиталдық салымдарға тікелей
субсидия төленуі мүмкін. Бірақ субсидияға салық салынады. Бұл, мысалы,
Германияда кеңінен қолданылады.
80-жылдардың екінші жартысынан бастап, көптеген елдерге жаңа жоғары
технологиялық өндірісті құруды ынталандыру әдістері қолданылды. Ескі
өндірістік аудандардың көбінде ескірген индустралдық құрылымдық шаруашылық
болды. Өткен жылдарда олар жоғары дамығандар қатарына жатты, бірақ ғылыми-
техникалық революцияның әсерінен бұрынғы алдыңғы қатарлы салалар құлдырауға
ұшырап, одан әрі аймақтың экономикалық өсуін анықтай алмады.
Мысалы, Ұлыбританияда осындай аймақтарға: Уэльс, Шотландия, Англияның
солтүстік ауданы, солтүстік Ирландия, Корнуэлл, Мерсисайд жатады, Бельгияда
- бұл таскөмір және металлургия өндіру аудандары; АҚШ-та - солтүстік
шығыстағы тоқыма өндірісі дамыған жаңа Англияның кейбір штаттары. XX
ғасырдың екінші жартысында осы аудандарда өндірістің бағытын өзгертіп,
инфрақұрылымы жаңартылған және жұмыс күні қайта маманданған жаңа алдыңғы
қатарлы өндірісті дамыту міндеті тұрды. Осының бәрін жүзеге асыру, тек
салықтық жеңілдіктер және басқа да қаржылық әсер ету әдістерін кеңінен
қолданатын мемлекеттік реттеу арқылы мүмкін болды.
Сонымен, Ұлыбритания, Франция, Италия, Нидерланды, Норвегия
мемлекеттік инвестициялары дамытылуға жататын аудандарға қолданған, мысалы,
субсидиялар мен арнаулы мақсаттағы қаражаттар мемлекет меншігіне
айналдырылған салалардың кәсіпорнын орналастыруға, кәсіпкерлерге арендаға
(жалға) немесе қолайлы қаржылық шарттар негізінде уақытша меншіктену
салығынан босатылып сатылатын кең мақсатта қолданылатын өндірістік
ғимараттардың құрылысына.
Германияда шығыстағы жерлерге капиталды инвестициялаушы фирмалар ірі
салық жеңілдіктерін алады. Болат балқыту өндірісі орналасқан Рур облысы
салықтық жеңілдіктерге сүйенеді. Ауылдың жерлерде заман талабына сай
өндірістің дамуы ынталандырылады. Люьек қаласының ескі кварталдарының
сақталуы оларды қалпына келтірумен айналысқан фирмаларға ірі салық
жеңілдіктерінің берілуімен байланысты.
Грецияда Фракия облысы мен аралдарға берілетін инвестициялар салық
жеңілдіктерімен ынталандырылады. Экономикалық қызметті жандандыру үшін
мынадай қаржылық әсер ету нысандары қолданылады: өндірістегі капиталдық
салымдарды субсидиялау, жеке аудандар үшін электроэнергия мен суға
жеңілдетілген тариф тағайындау арқылы бағаларды субсидиялау, жеңілдік
шарттары бар несие - пайызы төмен қарыз, ұзақ мерзімді қарыз, несие бойынша
дотация.
Кейбір елдерде, мысалы, Германияда, Францияда бірқатар муниципалитет
аумақтарында әрбір қайта құрылған жұмыс орнына салық жеңілдіктерін қолдана
отырып, арнаулы бюджеттік үстеме енгізілген. Жергілікті басқару органдары
жаңа шаруашылық саласына жұмыс күшін дайындауда шығынның біршама үлесін
көтереді. Бұдан басқа, өзінің жұмысшыларын, қызметкерлері мен мамандарын
дайындау мен қайта дайындауды өздігінен ұйымдастырған кәсіпорындар салық
жеңілдіктерін алады.
Экономиканың дамуына қаржылық әсер ету ынталандырушы болып қоймай,
сонымен қатар тежегіш те болады. Мұндай қажеттілік алдымен халық пен
өндірістің шоғырлануы жоғары аудандардың дамуын реттеу үшін туындайды.
Халықтың және шаруашылық объектілерінің шектен тыс шоғырлануы қоршаған
табиғи ортаның, халық қоныстануының, ресурстармен қамтамасыз етілудің және
басқа мәселелердің асқынуына әкеліп соқтырады. Жаңа шаруашылық қызмет
түрлерінің дамуына мүмкіндік беретін арнаулы өндірістік ғимараттардың
құрылысын салу қажет. Әрине, ыңпал ету шараларына тұрақты және уақытша
жергілікті салықтардан босату да жатады.
Мемлекеттік және жергілікті органдар экономикалық инфрақұрылымға
капиталдың салымдардың айтарлықтай бөлігін жұмсайды. Бұл салымдар пайда
табуға бағытталған, бірақ жанама жолдармен жеке капиталдың пайдасын
көтеруді қамтамасыз етеді. Ең алдымен бұл, көлік коммуникацияларының
құрылысы мен олардың қызметін сүйемелдеуге, байланыс желісіне, сумен
қамтамасыз етудің өндірістік жүйесіне, тазалаушы құрылғыларға, жер
төлімдеріне өндірістік құрылыс салуға, дайындауға жұмсалатын шығындар.
Қосымша салық салу немесе кәсіпкерлік қызметті лицензиялау мемлекет
пен жергілікті басқару органдарының тарапынан атқарылатын негізгі тежеуші
шаралар болып табылады. Осындай жағдайларда қосымша салық салу
Нидерландыда, Жапонияда қолданылады.
Германияда тұрақтандыру салығын енгізу қолданылады. Ұлыбритания,
Франция, Италия лицензиялауға аса көп көңіл бөледі. Бұл ретте лицензиялауды
қосымша жергілікті салық -лицензиялық алым түрінде қарастыру керек.
Жапонияда мәселе жер салығы мөлшерлемесін манипуляция жасау арқылы
шешіледі. Салықтарды көтеру тежеудің тиімді және баянды құралы болып
табылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz