Салық ставкасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Cалықтар.

Салықтар қоғамдық қатынастар біртіндеп дамып келе жатқан адамзат өркениетінің бастапқы кезеңдерінде пайда болды. Еж. Үндістан мен, көне Грецияда салықтар мен алымдар жинаудың әр алуан тәсілдері мен түрлері б. д. д 7-6 ғасырларда ауқаттылардың өкілдері табыстың 10\1 және 20\1 бөлігін қазынаға алу қажет белгілеген. Салықтар ежелгі уақыттан біздің кезеңге дейін үздіксіз алынып келе жатыр және кез-келген мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі-қаржыларды қалыптастыратын ең басты қайнар көзі. Салық салу жүйесі адамзат өркениетінің, әр қилы кезеңдерінде туындап, қалыптасып дами отырып бүгінде әрбір мемлекеттің мызғымас атрибуты, сол мемлекеттің қандайда болмасын мұқтаждықтарын қанағаттандырудың және әлеуметтік-экономикалық салаларын реттеудің таптырмас құралы.

Салықтар -тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның тапқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған мемлекеттік аппаратттың қызметін қамтамасыз етуге қаражаттың қажет болуынан туындады.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде бекітілген белгілі бір мөлшерде, мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың мазмұны мынадай:

Материалдық категория жағынан-бұл белгілі бір ақша сомасы.

Экономикалық категория ретінде -бұл мемлекеттің табысы.

Заңдық категория жағынан заң жүзінде белгіленген міндеттеме . \яғни салық төлеуден жалтарудың құқықтық салдары бар, мемлекет тарапынан жауапқа тартылады\

Салықтың экономикалық белгілері:

Салық мемлекетке тиісті жиынтық қоғамдық өнімді бөледі. \ мемлекеттік аппарат мемлекетке тиісті ақша сомасын өндірмейді, халықтың өндірілген кірістерін есептеп алып, қажет соманы өзіне айналдырып алады. \

Салық ақшалай нысанда төленеді . \натуралдық сипаттада болуы мүмкін соғыс жағдайында, экономикалық дағдарыс кезінде\

Салық баламасыз сипатта болады. \ салық ақшалай нысанда бір-ақ бағытта қозғалады халықтан-мемлекетке, мемлекет балама негізде сізге ештеңе қайтармайды, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.

Алымдар-салық төлеушілерге белглі бір құқықтық мәртебе бергенде төленеді, мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды мыс:заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым, белгілі бір қызмет түрін ашу үшін лицензия аласыз, құқық, мәртебе беріп тұр. \

Салықтың құқықтық белгілері:

Салықты тек мемлекет белгілейді.

Салық құқықтық негізде жиналады.

Салық мәжбүрлеме сипатта болады.

Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:

1к: мемлекет салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді.

2к: салық төлеуші өзінің кірісінің белгілі бір бөлігінен мәжбүрлі түрде айырылады.

3к: салық төлеуші міндеттемелерін орындамаған жағдайда мемлекет заң және күшпен мәжбүрлі түрде өндіріп алады.

Салықтар туралы алуан еңбектер, пікірлер жарияланған ортағасырлық философ Ф. Аквинский салық бұл-ерік берілген тонау формасы десе .

Б. Франклин: өмірде екі нәрседен салықтан және өлімнен қашып құтыла алмайсың , мемлекет барда, салық ешқашан жойылмақ емес, АҚШ-та екі мейрам бар туылған күн және салық төлеген күн, әрбір азамат салық төлемеудің экономикалық салдары ауыр болатынын біледі, уақытында төленбеген салықтың айыппұлы өте жоғары және азматтар бұны борыш мемлекеттің қалыпты қызметінің материалдық негізі деп есептеп, салық төлеу белгілі дәстүрі қалыптасқан. Маркс: «Салық-бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай »

Салық мемлекетттің қаржы ресурстарын құрайды, сол себепті барлық мемлекеттердің қаржы саясатының маңызды буыны. ҚР-ның конституциясының 35-бабында :заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзгеде міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады. -деп жазылған.

Салық салуды ұтымды ұйымдастырудың класссикалық қағидаларын А. Смит ұсынды. Ол салық салудың 4 принципін анықтаған:

1\Әділеттілік принципі-салық салу төлеушілердің табысына сәйкес алынуы тиіс.

2\Анықтылық қағидасы-салықтың мөлшері, оны төлеу мерзімі, сомасы алдын-ала және дәл анықталуы тиіс.

3\Қолайлылық қағидасы-әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен алынуы керек.

4\Үнемділік қағидасы-салық алудың шығындары өте аз болуы тиіс.

Бұл принциптердің қолданылуы салық салудағы кемшіліктерді жойып, салық жүйесін ретке келтірді. Сондықтан Смит: салық -төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі деп жазды.

Салық салудың қазіргі қағидалары мынадай:

-қарапайымдылық қағидасы. салық механизмі халыққа түсінікті болуы тиіс.

-салықтың анықтығы- елдің барлық аумағында және барлық шарушылық жүргізуші субьектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

-салық салудың экономикалық бейтараптығы. салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.

Экономикалық категория ретінде салықтың функциялары:

1\Фискалдық функция ақшаны қазынаға жинау, жұмылдыру қызметі. Осы функция көмегімен бюджет қалыптасады. салықтар, мемлекеттік бюджеттің кірістерін арттыра отырып, экономикалық, әлеуметтік -мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

2\Реттеу функциясы мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтың ретту функциясы арқылы экономиканың кейбір салаларын ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады.

3\Бақылау функциясы . мұнда кәсіпорындар мен тұрғындардың қаржы қоры көлемін, табысын есептеуді жүзеге асырады. .

4\Бөлу функциясы мемлекет халықтан салықты жинап, қажет деп тапқан салаларға, болыстарға, аудандарға қайта бөледі. мақсатқа сай жұмсалуын қадағалайды. Бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мембюджетті толықтыруды көздейді. Бюджетке түсетін салық түсімдеріне «қайдан келеді, және қайда кетеді » жөнінде бақылау жасайды. Бюджетттік қаражаттарды, жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағыттайды.

Салық элементтері.

Салық субьектісі салық төлеу міндеті жүктелген тұлға.

Салық обьектісі яғни салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады. табыстар және мүліктер. (жалақы, пайыз, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер)

Салық ставкасы . салық есептеудің шамасын білдіреді.

Салықтарды салу обьектісі бойынша олар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей салықтар . салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленетін салықтар. Мұнда салық обьектілері:пайда, жалақы, пайыз. жер, көлік.

Жанама салықтар . бағаға немесе тарифке үстеме түрінде қосылады, тауарды тұтыну немесе сату кезінде салынады., белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.

Салық ставкаларының өзгерісіне байланысты салықтар мынадай түрлерге бөлінеді:

Пропорционалды салық. табыстың шамасына қарамастан ставка өзгеріссіз қалады.

Прогресивті салық табыс өскен сайын ставкасы қоса өседі. 20 ғ. АҚШ президенті болған Рейган салықтық реформа ұсынды, бұл бағдарламаның негізгі теориясы ретінде экономист Артур Лаффердің есебі алынған.

Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді, табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкерлердің белсенділігінің төмендеуіне, өндірістің тоқырауына, халық байлығының төмендеуіне әкеледі деп тұжырымдады. Лаффер қисығы салықтардың бюджетке түсуі мен оның ставкасы арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Лаффердің пайымдауынша салық ставкасын белгілі бір деңгейге дейін ғана жоғарылату мембюджет табыстарын өсіреді. Шектен тыс тым жоғары салықтық ставкалар адамдардың жұмысқа деген ынтасын түсіреді, салықты 50 пайыздан асыру көлеңкелі экономиканың дамуына жол береді, адамдар салықтан жалтара бастайды, бұл бюджеттің кіріс бөлігін азайтады, салықтар ставкасын үздіксіз өсіру арқылы мемлекет табысын көбейте алмайды, салықтық түсімдер максималды дәрежесіне барып тұрып қалады, ары қарай төмендейді, жұмыс істеп табыс жинау пайдасыз мемлекетке кетіп қалады. Шартты түрде N және l деп алсақ, бюджет үшін аз болсада l жағдайы тиімді, N жағдайында түсімдер аз болады, себебі жалтарушылар көп. Лаффер өз еңбегінде салықтың ставкасын тұрақты деңгейден асырмай, бір дәрежеде ұстау мемлекет үшінде, салық төлеушілер үшінде тиімді, олар салық төлеуден қашпайды, уақтылы төлейді, мембюджетіне түсетін түсім мөлшері белгілі қалыпта сақталады деген қорытындығы келеді.

Регрессивті салық табыс өскен сайын ставкасы төмендейді.

ҚР-ның салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті:

1\1991жылы мемлекеттік салық инспекциясы құрылды16 мемлекеттік және 27жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері қабылданды.

2\ҚР-ның үкіметі 1995жылдың басында салық реформасын жасады, мақсат салық жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, салық саны 11 дейін қысқарды

3\2001жылы 12маусымда ҚР-ның жаңа салық кодесі қабылданып, 2002жылы 1қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Кодекске сәйкес салықтың тоғыз түрі белгіленді.

1\Жеке табыс салығы жеке тұлғалардың бірінші кезекте төлейтін салығы болып табылады. ЖТС-салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар төлейді. салық алынатын табыстардың негізгің құрамына:еңбекақы, сыйақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс т. б

2\Корпарациялық табыс салығы . Заңды тұлғалардың табысына салынатын салық, яғни белгілі бір табыс көзі бар заңды тұлғалар компания, кәсіпорындардың таза пайдасынан алынады. ҚР-да ктс салықтардың ішіндегі ең күрделісі және салық сомасы жағынан ең ауқымдысы, бюджеттік түсімдердің 27% құрайды.

3\Әлеуметтік салық ҚР негізгі салықтардың бірі. Бұл салық бюджеттік түсімнің 15% құрайды. ҚР-ның заңды резидент тұлғалары, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, нотариустер мен адвокаттар ә. салықты төлеушілер болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік құралдарының ставкалары
Қытай Ұлттық Республикасының салық жүйесі
Сыртқы экономикалық қызметке салық салу
Қосылған құн салығы
Кәсіпкерлік қызметттегі арнаулы салық режимін қолдану
Сыртқы экономикалық қызмет
Қазақстан Республикасындағы салық саясаты
Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
«АЗИЯ МАГИСТРАЛЬ»-ДЫҢ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ
Шет елдердегі салық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz