Сақтық нарығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Сақтық нарығы.

Жоспар:

1. Сақтық нарығы туралы түсінік.

2. Сақтық ұйымдары.

3. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері.

4. Ұлттық сақтық нарығын қалыптастыру.

Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.

Сақтық нарығы дегеніміз ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар»-сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.

Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:сақтық(қайта сақтандыру) ұйымы; сақтық брокері; сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым(уәкілетті аудитор) ; өзара сақтандыру қоғамы; сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.

Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға(сақтандырушыларға, пайда алушыларға) сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, Сақтық төлемақыларын кепілдендіру қоры құрылған.

Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана сақтық(қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.

Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.

Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтық(қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.

Сақтық(қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады:директорлар кеңесі-басқару органы; басқарма-атқарушы орган; тексеру комиссиясы-бақылау органы.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.

Құрылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

-Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;

-Сақтық нарығын реттеу және сақтық қызметін қадағалпу;

-Сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету;

-Міндетті сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу;

-Сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Сақтық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтық нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасаудықамтамасыз етуді қоса, уәкілетті орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтық брокерінің сақтандыру қызметіне араласуынамтиым салынады.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау қабілетімен анықталады.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қарпжылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер етуі мүмкіндігін ескере отырып, сақтық және қайта сақтандыру бойынша қабылданған міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттілігін сақтау қабілетімен анықтайды.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері мыналарды кіріктікеді:

-жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін;

-активтердің құны және олардың әртараптандырылу дәрежесін;

-сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелерінің мөлшерін;

-төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін;

-сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатынасын;

-көрсетілген сақтық және қайта сақтандыру қызметінің пайдалылығын жүзеге асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігін.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау олар үшін пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер белгілеу арқылы жүргізіледі.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жекелеген шарттары бойынша міндеттемелерінің ең көп көлеміөз капиталы мен сақтық резервтері сомасының 10 пайызынан аспауы керек.

Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтық резервтерінің болуы міндетті.

Сақтық резервтерінің қаражаты тек қана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты сақтық төлемдерін жүзеге асыруға арналған.

Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің жыл сайынға міндетті аудитін жүргізіп отырады. Жыл қорытындысы бойынша жасалынған аудиторлық қорытынды сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржы есептемесінің ажырағысыз бөлігі болып табылады.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты-мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмысістейтін, ұлттық сақтық нарығын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі нарығын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

-әлеуметтік сақтандыру түріретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Сақтандыру нарығының түрлері
Сақтандыру ісінің қалыптасу кезеңдері, экономикалық мәні және функциялары
Сақтандыру нарығы құрылымы
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Жалпы және өмірді сақтандыру
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдары
Сақтандыру
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
Сақтандыру компанияларының тізімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz