Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Сауда - экономикалық колледжі

Азаматтық құқық пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Сақтандыру

Тапсырылған күні: Жетекші: Набиева Ф.Н

______13.10.11_______ Орындаған: 32 қ
тобының

Корғалған күні: оқушысы:
Ануарбек Ж.Ж.

______18.10.11_______

Бағасы:

__________________

Астана 2011

Мазмұны

Kіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

I.Сақтандыру курсының маңызы.

1,1 Сақтандыру курсының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-6

1.2Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері ... ... ... 6-9

II.Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

2.1 Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..9 -20

Қортынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
... ... ... ... ... ..21

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...22

Kіріспе

Өмірде, әсіресе қазіргі кезде өте күрделі кездейсоқ  жағдайлар толы.
Адамның өмір сүру әрекеті негізінде жол  апатына, тонауға, ауырып қалуға,
нарықтық экономикалық жағдайда алдын-ала болжаған ақша, не материалдық
шаралары  пайда әкелмей, керсінше зиянға ұшырауы әбден мүмкін.

Адам өзінің өмір сүру кезеңінде толы жағдайлардың алдын  алып, кездейсоқ
жағымсыз жағдайларға тап болмаc үшін, тіпті  тап болған жағдайдайдың өзінде
де, аз шығынмен шығу үшін алдын-ала сақтандыру шараларын жасауымыз керек.

Қоғамда кездесетін кейбір мамандықтар қауіп-қатерлі екені  айдан анық.
Оларға: өрт өшіру қызметкерлері мен жұмыскерлері, шах-тер-лар, күзет
жұмыскерлері, инкассаторлар, құтқару  қызметкер-лері, механизаторлар және
 тағы басқа  да қызметкерлерді  айта беруге болады.
Адамдарды қауіпті жұмыстарға қабылдаған уақыттарда  жұмыс беру-ші
қызметкерлерінің өмірін сақтандыру  шараларын  жүзеге асы-ру-ы керек.
Көпшілік азаматтар өздерінің кәрілік  кезеңінде, қалып-ты жағдайда өмір
сүру үшін арнайы сақтандыру  мекемелеріне өз еріктерімен келіп  шарттарға
отырады.  Бұндай жағдайда сақтандыру мекеме-ле-рі, ол азаматтардан бір
 жолғы, не белгілі бір мерзімге алым алып, сақтандыру шартындағы кезең
туған  жағыдайда төлем төлеуге  міндеттеме алады.
Сақтандыру шараларының жұмыстарын арнайы  мекемелер және арнайы маман
жұмыскерлер жүргізеді. Олар, сақтандыру келсім шарттарын азаматтармен және
ұйымдармен  жасайды, алымдарды жыинайды, басқа да керекті құжаттарды
жүргізеді. Азаматтардан алын-ған алымдардан “Сақтандыру  қоры” жасалынады
да,  шартында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, сақтандыру шартында
көрсетілген ақша  сомасы төленеді.
Сақтандыруды жүргізуші орталықтың негізгі қоры-сақтандырудың төлемінен
түседі. Негізгі қорға бір заңды  тұлға,  сақтандыру кәсіп орындарына
берілген рұқсат қағазы арқылы ақшалай, не материалдық операциаларды
жүргізеді.  Осы  қордан сақтандырушыға кездейсоқ жағдайға тап болған
 шығындарын төлейді. Төлем мөлшерін алушы тұлға және кәсіпорын сақтандыру
шарттарында көрсетіледі.
Әрине, сақтандыру кезекті адамдарға көмектесу қоры  екен, деп ойлауымыз
қате.
Сақтандыру кәсіпорындары, не ұйымы ақшадан ақша  жасау, яғни пайда табу
үшін жұмыс істейтін, пайда табуды  көздеген кәсіпорын, не ұйым. Сақтандыру
кәсіпорны жұмысты дұрыс ұйымдастырғанда  ғана, жақсы пайда әкелетін сапаға
жетеді.

I.Сақтандыру курсының маңызы.

Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші
мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған,
осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын
болған.

Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе
қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді.

Сақтандыру екі түрін қамтиды. Олар:

1 Міндетті сақтандыру.
2 Ерікті сақтандыру.
Міндетті сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының
құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық
байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет
табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз
ету мақсатында заң арқылы міндеттейді.

Ерікті сақтандыру – міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда
азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы
(сақтандыру компаниялары) және сақтандырушы (жеке және заңды тұлғалар)
өзара келісім негізінде пайда болды.

Міндетті сақтандыру:

- автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
- жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін;

Ерікті сақтандыруды екі үлкен салаларға бөлуге болады:

- Мүлікті сақтандыру.
- Жеке басты сақтандыру.

Жалпы, Қазақстанның сақтандыру нарығында жалпы 70-тен аса сақтандыру
компаниялары әрекет етеді. Соның ішінде Қазақшетсақтандыру Шетелдік
сақтандыру ЖАҚ 1994 жылы сәуір айында Республика Президентінің Жарлығымен
құрылды.

Барлық дамыған елдер үшін нарықтық экономиканың орнықты даму факторы
және маңызды институты ретінде сақтандыруды мойындау өз мәні бар
экономикалық аксиомаға айналды. Барлық дамыған елдерде сақтандыру ұлттық
экономикада маңызды орынға ие және құрамдас бөлігі бола отырып оның
қалыпты, тепе-тең және болжағандай деңгейде дамуына ықпал етеді. АҚШ,
Швейцария, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдердегі сақтандыру төлемдеріндегі
жалпы ұлттық өнімнің 10%- шамасын құрайтынын айтсақ, жоғарыдағы қағида
толық дәлелденеді. 1991-1993 жылдары біздің Республикада сақтандыру
бизнесінің қалыптасуы жер сілкінісіне ұқсас стихиялы түрде басқарылмай және
бақылаусыз күйде өтті. Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері
бойынша 1994-ші жылдың сәуірінде Қазақстанда 350-ге жуық акционерлік,
коммерциялық, жеке және т.б. тәуелсіз сақтандыру компаниялары мен олардың
филиалдары қызмет жасалса, 1993-ші жылы олардың саны 253 болған болатын.
Қаржы-қарыздың, өндірістік-коммерциялық, инвестициялық және т.б. сақтандыру
компаниялары өз қалауынша сақтнадыру шарттарын жасаған, сақтандыру төлемі
көлемін анықтаған, сақтандыру қорлары көлемін бекіткен жағдайларды туғызды.
Нәтижесінде бұл мемлекеттік бүкіл қаржы жүйесінің қалыптылығы мен
тұтастығына кері әсерін тигізді.

Сақтандырудың осы заманға теориясы мен пракатикасы 20-ғасырдағы
дамыған сақтандыру ісінің қайта сақтандыру институтының мүмкін еместігін
көрсетіп отыр. Қайта сақтандыру сақтандыруды оған ірі сақтандыру
оқиғаларының ықпалынан қорғауға мүмкіндігін береді.

Қазақтстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мәліметтері бойынша
Қазақстандағы шетел инвестицияларының жалпы көлемі 1995 жылға дейін 3 млрд.
АҚШ долларына жуық көлемде болды. Бұл қайта сақтандырудың жас егеменді
мемлекетіміздің даму факторы және валюталық Қорларын молайтудың көзіне
айналғандығын көрсетеді қайта сақтандырудың тексеруден өткен үлгісі бойынша
сақтандыруда қатерге басын тіккен сақтандырушы осы қатерді басқа компанияға
ауыстырады. Соңғысы берілген қатерге сай ішінара жауапкершілікті мойнына
ала отырып қайта сақтандырушыға айналады. Сонымен қайта сақтандыру
техникалық идеалға жетіп, оның көмегімен қауіп-қатер бөлінеді және
теңестіріледі де сақтандыру ұйымдарына қойылатын талаптар мен оны
орындаудың арасындағы бірдей қатынастар орнатылады. Қайта сақтандыру жоқ
кезде қандайда бір құнды заттың қожасы (мысалы ұшақтың) осы қауіпті
қабылдауына міндеттеме алатын бірнеше сақтық компанияларымен шарт жасай
алар еді. Олардың әрқайсысы сақтандыру құны мен жағдайларына қатысты жеке
келісім жасауға мәжбүр болады, ал қайта сақтандыру осының барлығын бір –
сақтандырушы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қайта ыңғайлықпен
сақтандырушы өз мойнына өз кәсіпорынның қауіпсіз түрде төтен бере
алмайтындай қатерден бір бөлігін ала алатындығында.

ТМД елдері аумағынан ірі жерлерде қайта сақтандыру, сақтандыру
бизнесінің ажырамас бөлігіне айналды. Мысалы, Европада ерте уақыттан бері
экономикалық қуатты тек қайта сақтандыруға маманданған компаниялар қызмет
көрсетеді. Мысалы: Мюних Ре, Свис Ре, Скор, Кельн Ре, Меркантайль
энд Женерал-груп және т.б. айналымы млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Бірақта
қайта сақтандыру нарықтық экономиканың пайдалылығын 1992ж. шілдеде
қабылданған да Қазақстан Республикасын сақтандыру туралы заңында
ескерілмеген. Тек қана 1994 жылы 16 сәуірдегі №1658-ші Заң күші бар
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында қайта сақтандыру
саласындағы мемлекеттің саяси және экономикалық мүдделерін қорғау және
жүзеге асыру идеясы қамтылған.

Халықаралық экономикалық қатынастарды мемлекеттің мүдделерін қорғау
үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қазақшетсақтандыру қайта
сақтандыру жөніндегі республикалық компаниясының құрылтайшысы ретінде
танылсын, Қазақшетсақтандыру Республикадағы түскен төлемдер мен жарналар
жинақтаушы компаниялар мен фирмалардың қатысумен барлық сақтандыру және
қайта сақтандыру бойынша операцияларды жүзеге асырушы ұйым болып
көтерілсін.

Шетелдік капиталдың қатысуымен байланысты барлық қауіптердімүліктік,
жеке, жауапкершілікҚазақстан аумағында тек қана аталған компания арқылы
міндетті түрде сақтандыру қажет. Жалпы қайта ұйымдастырудың мақсаты-
Қазақшетсақтандыру-дың жеке капиталының деңгейін көтеру болып табылады.
2002 жылы сақтандыру нарығындағы компаниялардың ішінде Қазақшетсақтандыру
компаниясының үлесі АҚШ долларымен есептегенде жоғары болды.

1.1Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.

Сақтандыр объектісі ;

1) Азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында
белгіленген мерзімге дейін өмірін сақтандыру

2) Азаматтардың өмірін мен денсаулығын а зиян келтіру

3) Мүлікті иеленуін , пайдалануын және оған билік ету

4) Басқа тұлғаларға срның ішінде шартты бұзу салдарынан келтірілген
зиянды өтеу міндетін байланысты кез келген мүліктік мүдделерін
мүліктік және сақтандыру объектілері болып табылады .

Сақтандыру қызметінің субъектілері сақтандыру және қайта сақтандыру
ұйымдары;

1) уәкілетті мемлекеттік органның нормативік құықтық актілерінде
көзделген тәртіппен инвестициялық қызметі;
2) тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатым сомасы шегінде
өзінің сақтандырушыларына қарыз беруді;
3) сақтандыру ұйымдары өз қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын
арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
4) сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша когнсультациялық
қызмет көрсетуді;
5) сақтандыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында
оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
6) сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
Сонымен қатар, осы аталған қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мұндай
сынптарды қамтиды:

1) өмірді сақтандыру;
2) аннуитеттік сақтандыру;
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған және ол сақтану мерзімі
біткенге дейін немесе сақтану шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүруге
жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитеттік сақтандыру, сақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
ету қабілетін (жасына байланысты , мүгедектігіне байланысты, науқастығына
байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған
жағдайларда сондықтан, сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне және
одан айырылуына әкеп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента
түрінде кезең-кезеңмен сақтандыру түрлерің жиынтығы болып табылады.

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мындай
сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлікті тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқтық жауапкершілігін
сақтандыру;

Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі
әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге
сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.

Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және
өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет.
Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның
бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып
табылады. Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған:
сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі
көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады:
сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша. Кеңейтілген
және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың
жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық
жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді
көрсету түрін бейнелейді.

Мемлекеттік сақтандыру – сақтандырушы ретінде арнайы өкілетті ұйым
тұлғасы арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру түрі: мемлекет мүдделерінің
щеңберіне оның кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін жүргізуге
үстемдігі жатады.

Сақтандыру саласының дамуының міндетті шарты сақтандыру қызметіне
қажеттіліктің болуы және осы қажеттелікті қанағаттандыра алатын
сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың нарыққа бетбұрысы
экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының орны мен рөлін
түпкілікті өзгертіп жібереді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өміріндегі
толық құқықлы субъектілерге айналады.

Сақтандыру қызметінің бастаушы буыны – сақтандыру қоғамы немесе
сақтандыру компаниясы. Осы буында сақтандыру қорының қалаптасуы және
пайдалану процесі жүреді, экономикалық қатынастардың бір түрі қалыптасса,
екінші біреулері пайда болып, жеке, топтық, ұжымдық мүдделер өзара ұштасып
жатады.

Жиналған сақтандыру АҚШ долл үлесі
2010ж(800000-1100000)
- 6 айға дейін алғанда жылына- 10%;
- 12 айға дейін қосқанда жылына-13%;
- 36 айға дейін қосқанда жылына-15%;
- 36 айдан жоғары болса, онда-16%;
2009ж(600000-800000)
- 6 айға дейін қосқанда жылына-6,0%;
- 12 айға дейін қосқанда жылына-7,0%;
- 36 айға дейін қосқанда жылына-9,0%;
- 36 айдан жоғары болса, онда-10%; жедел
2008ж(400000-600000 )
- 6 айға дейін қосқанда жылына-50%;
- 12 айға дейін қосқанда жылына-6,0%;
- 36 айға дейін қосқанда жылына-8,0%;
- 36 айдан жоғары болса, онда-9%-ға тең болады.

Осыған байланысты, халықтың және кәсіпорынның салымдарын қорғауды
қамтамасыз ету жүйесі сақтандыруды керек етеді. Сонымен қатар салымшылар
банк жүйесіне жедел депозит түрлерін салғанда және ақшаларының
қайтарымдылығы мен табыстылығында да сақтандыруды қаже,т етеді.

1. Өмірді сақтандыру өмір сүруіне дейін шартының рентаны сақтандыру
шартынан айырмашылығы.
2. Аннуитеттерді сақтандырудың қосымша шарттары.

2.1 Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.

Қазақстан территориясындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру тәртібі
1921 жылы 14-ші желтоқсандағы ҚССР ХК-н бекіткен мемлекеттік мүліктік
сақтандыру туралы Ережемен анықталды.

1928 жылы наурызда Мемлекеттік сақтандырудың Өлкелік Кеңсесі құрылды.
Осы уақыттың ішінде сақтандыру түрлері қалыптасты. Яғни, құрылыстарды,
жануарларды, ауылшаруашылығы егістерін міндетті және ерікті сақтандыру,
кепілдік сақтандыру, өмірді және бақытсыз жағдайдан сақтандыру түрлері.

1933 жылы Алматыда Қазақ Мемлекеттік Сақтандыру басқармасы,
облыстарда – басқармалар, аудандарда инспекциялау ұйымдастырылады. Бұдан
кейінгі құрылымдық қайта құрулар жалғаса келе 1995 жылы 17-ші сәуірде
Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысымен Сенім
сақтандыру компаниясы Ашық акционерлік қоғамы құрылды.

Қазіргі жағдайда сақтандыру ісін ұйымдастыру принциптері бірінші
жағынан нарықтық экономиканың қызмет жасауының ортақ экономикалық
заңдарымен, екінші жағынан осы принциптерге Қазақстан Республикасының
өтуінің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады.

Дамыған нарықтық экономика – икемді реттелетін жүйе. Осы реттеуші
элементтердің бірі – сақтандыру. Қазіргі кездегі сақтандыру ісін
ұйымдастырудың принциптік басты белгісі – оның монополиясыздандырылуы болып
мемлекеттік сақтандырумен қатар жеке акционерлік ұйымдар өткізетін
сақтандыруда дамып келеді.

Мемлекеттік сақтандыру – бүгінде сақтандырушының орнында мемлекет
атынан өкілетті орган арқылы бекітілген мекеме болатын сақтандырудың бір
түрі. Ең көп тараған ұйымдық түрі акционерлік сақтандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Сақтандыру туралы Жарлығына
сәйкес акционерлік қоғам сақтандыруды ұйымдастырудың жалғыз мемлекеттік
емес түрі болып табылады.

Сақтандырудың Қазақстандағы үш түрі мыналар: өзара сақтандыру; бұл
сақтандырушыларды өзара көмек көрсету мақсатында біріктіруге жатады, яғни
әрбір сақтандырушы бір мезгілде өзара сақтандыру қоғамының мүшесі болады.
Өзара сақтандыру түрі - кооперативтік сақтандыруға жатады. Өзара сақтандыру
қоғамы коммерциялық емес сипатта болады. Отандық сақтандыру нарығының дамуы
үшін маңызды мәселе шетелдік сақтандыру ұйымдарының қызметке көз қарасы
болып табылады.

Президент Жарлығымен Республика көлемінде қызмет етуші шетелдік
сақтандыру компаниясының жұмысына шекетулер қойылды, олар біздің елде
тікелей қызмет жасай алмайды.

Шетелдік компаниялардың жарғылық қордағы үлесі 25%-дан аспайды.
Сақтандыру нарығына бәсекеге әр түрлі сақтандырушылар қатысады және олар
клиенттер үшін күрес жүргізеді.

Бәсекемен қатар сақтандыру ұйымдары арасында көпжақты қарым-қатынас
жасау үшін де жағдай жасалған. Мұндай қарым-қатынас түріне сақтандырушының
одақтары мен ассоциаларын құру жатады. Қазақстан Республикасындағы мұндай
қоғамдар сақтандырушыларға әдістемелік және ұйымдық көмек көрсетеді,
сақтандырушыларға қатысты заң ережелерін дайындауға қатысады, сақтандыру
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын, семинарлар ұйымдастырады
және де сақтандырудың қаржылық орнықтылығын нығайту жөнінде кеңестер

Белгілі экономист В.Леонтьевтің айтуынша мемлекеттік реттеудің жеке
кәсіпкерлікке бірігуі нарықтық экономикаға әсер етеді. Сонымен қатар, бұлар
толықтай сақтандырумен байланысты.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері.

1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау мен қолдау
және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлымын қалыптастыру;
2) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау;
3) сақтандыру негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін
халықарарлық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу
принциптерін белгілеу;
4) сақтандырушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік реттеу белгілі-бір нысанға байланысты дәйекті
саясат жүргізу үшін және отандық сақтандыру бизнесін шетелдік капитал
көлемімен қатыстыруға қажет. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асыруды, сақтандыру нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау
жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті мемлекеттік орган және мемлекеттің
өзге де органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан
Республикасының сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеудің уәкілетті
органы болып табылады.

Уәкілетті мемлекеттік орган- Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау
жөніндегі функциялар мен өкіметтікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Жарлық бойынша, Ұлттық банк сақтандыру ісін қадағалап және оның
жұмыс істеуінің реттелуін несиелер арқылы көрсетеді.

- Қазақстан Республикасында ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрлысын
қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге де
қатысушыларының заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі
мемлекеттік саясатты жүргізеді;
- Сақтандыру мен қайта сақтандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастар қағидаларының жүйесі
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі саласында заңнаманың қалыптасу және даму кезеңдері
Сақтандыру қызметінің құқықтық негіздері және оның түрлері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Азаматтық құқық қатынасының мазмұны
ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Азаматтық құқықтық қатынастар жайлы ақпарат
Қаржылық менеджменттің механизмі
Пәндер