Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру


Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.
Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңы тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бәлгіштік қатынастардьң айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бөлінеді. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жургізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар - жемшөп, тұқым, отын және т. б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды жөне оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын темендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айыртбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру - сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік* сақ-тандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтавдыру нысанывда мы-надай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік қүралдарын (авто-мобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтавдыру; мүлікті сақтавдыру (көлік қүралдарын қоспағанда) ; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік қүралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-қүқықтық жауаптылығын сақтан-дыру; шарт бойынша азаматтық-қүқықтық жауаптылықты сақ-тандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-қүқықтық жауаптылық-ты сақтавдыру (көлік қүралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-қүқықтық жауаптылығын қоспағанда) .
Сақтандыру турі сақтық үйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сы-ныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.
18. 2. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономи-калық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның ор-нын; егер бүл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпе-ген оқиғалардың нәтижесінде бүзыдса, толтырумен байланыстьі^ Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатйеушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толты-рылады, бүл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын қүрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) аза-маітық-қүқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байла-нысты мүдцелерді сақтандыру жалпы (муліктік) сақтандыруга жатады. Мүндай сақтандыру кезінде мүліісгің жоғалу (жойылу) қаупі (тоускелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен қүқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтан-дыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтанды-ру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жагдайдан жоне аурудан сақтандыру сақтанды-рылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қай-тыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақ-тық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтан-дыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сүраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Кәлік қуралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пай-далануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе үрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып та-былады.
Жуктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымал-дану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе тЪлық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтаңдыру түрлерінің жи-ынтығы болып табылады.
Муліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне (авто-мобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспаған-да) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жи-ынтығы болып табылады.
Азаматтық-қуқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бой-ынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-қүқықтық жауаптылық-ты сақтаидыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осын-дай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге түлғаның жауап-тылығы да сақтандырылады.
Зиян келтігендігі үшін азаматтық-қүқықтық жауаптылық-ты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бүл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бүзғандығы үшін азаматтық-қүқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның ал-дында азаматтық-қүқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бүл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын түлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Косіпкерлік тоуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақ-танушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бүзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған за-лалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын түлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге түлғаның (пайда алу-шының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап "Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры" өзінің тікелей қызметін бастады. Қор "Сақ-тық төлемақыларына кепілдік беру қоры туралы" заңға сәйкес жаргылық капиталында Үлттық банктің 100%-дық қатысуы бо-латын акционерлік қоғам нысанында қүрылған. Қордың қаты-сушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыра-тын сақтық компаниялары болады. Бүгінде сақтандырудың мүндай оншақты түрі бар (қабылданған заңдарға сәйкес) ; әлеумсттік сақтандыру, көлік қүралдары иелерінің және тасы-малдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардыц азаматтық-қүқықтық жауаптылығын сақтанды-ру, турагснттср мсн туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезіндс қьгзмсткерлердің өмірі мен денсаулығына зиян
келтіргені үшін жүмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, қызметі үшінші түлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар жөне т. с. с. ) зиян келтіру қаупі бар объектілер иелерінің азаматтық-қүқықтық жауаптылығын, өсімдік шаруашылығында сақтанды-ру, экологиялық және медициналық сақтандыру.
Қазақстанда сақтық үйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экс-порттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық үйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандырылған корпарацияны қүру және оның жүмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Респуб-ликасының дамыту институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты - 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7, 7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Кор-порация қызметінің негізгі бағыты - бүл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, реттеуші тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпо-рация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру-ды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен үйымдарға экспорттық кре-диттер мен инвестицияларды сақтандырумен байланысты мәсе-лелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпарат-тық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: сатып алушының дәрменсіздігі, өзара шартты орындауға қатысушы импортшы (реципиент) елінің не-месе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортшыға немесе инвес-торға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әре-кеттер (әрекетсіздіктер) ; импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т. с. с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz