Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 Конституциялық
заңы: Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Тақырып өзгердi, кiрiспе алынып тасталды - Қазақстан
Республикасының 1999.05.06. N 375 Заңымен.
1. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар
Ескерту. Конституциялық заңның бүкiл мәтiнi бойынша, 14-тарауды
қоспағанда, "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң",
"жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн", "жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органына мүше", "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне",
"жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне", "жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органының мүшелiгiне", "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшелерiн", "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi",
"жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне", "жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшесiнiң", "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
мүшесiн", "жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi" деген сөздер
тиiсiнше "өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң", "өзге
де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн", "өзге де жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органына мүше", "өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары мүшелiгiне", "өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
мүшелiгiне", "өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне",
"өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн", "өзге де
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi", "өзге де жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне", "өзге де жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшесiнiң", "өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары мүшесiн", "өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi"
деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 268
Конституциялық Заңымен.
Осы Конституциялық заң Республика Президентiнiң, Парламентiнiң Сенаты
мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарының және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын әзiрлеу мен өткiзу кезiнде пайда
болатын қатынастарды реттейдi, сондай-ақ Республика азаматтарының ерiк
бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 375 Заңымен.
2-бап. Сайлау бостандығы
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану
құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және
мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы
негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау
құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады.
Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның
еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 375 Заңымен.
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз
жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда
дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының
Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң,
мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше
болып сайлану құқығы.
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот
үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
4. Сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып
тасталмаған адам Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша,
мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-
өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидат бола алмайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1998.05.08. N 222 Заңымен, 1999.05.06. N 375 Заңымен, 2004.04.14. N 545
Заңымен, 2005.04.15. N 44 Конституциялық Заңымен.
5-бап. Тең сайлау құқығы
1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тiзiмдер бойынша
сайланатын Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары және мәслихаттарының
депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр
сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.
2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың
әрқайсысының тең дауыс саны болады.
3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына
кепiлдiк берiледi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 375 Заңымен, 2004.04.14. N 545 Заңымен, 2007.06.19. N 268
Конституциялық Заңымен.
6-бап. Төте сайлау құқығы
Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының
депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн
азаматтар тiкелей сайлайды.
7-бап. Жанама сайлау құқығы
1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар -
мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.
2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады
әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
3. (алып тасталды)
Ескерту. 7-баптың 3-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының
1998.05.08. N 222 Заңымен.
8-бап. Жасырын дауыс беру
Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының

сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай
да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
9-бап. Сайлау жүйелерi
1. Президенттi, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан
халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау кезiнде
дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1) (алып тасталды)
2) мыналар:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу
процентiнен астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.
1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары бiртұтас
жалпыұлттық сайлау округi бойынша партиялық тiзiмдермен сайланады.
2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға
қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн
алған кандидат сайланған болып саналады.
3. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау
кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
1) (алып тасталды)
2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың
көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1998.11.06. N 285 Заңымен, 1999.05.06. N 375 Заңымен, 2004.04.14. N 545
Заңымен, 2007.06.19. N 268 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Конституциялық Заңымен.
2-тарау. Сайлау органдары
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен
өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi
ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып
табылады.
2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:
1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
3) округтiк сайлау комиссиялары;
4) учаскелiк сайлау комиссиялары.
3. Сайлау комиссияларының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси
партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр
кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы
саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр
айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған
жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және
жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына
қатысуға келiсетiнi туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының
төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы
отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының
өкiлеттiк мерзiмi аяқталардан кемiнде екi ай бұрын басталады және өкiлеттiк
мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының
өкiлеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешiм, олардың құрамы мен
орналасқан жерi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi
тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының
орындауы үшiн мiндеттi.
6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде
олардың қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның
шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтiнiшiнiң негiзiнде
сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының
6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен
айыруға болмайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.04.14. N 545 Заңымен.
11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының
бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып
табылады.
2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты
мүшесiнен тұрады.
3. алып тасталды
4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.
5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын
шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
12-бап. Республиканың орталық сайлау
комиссиясының өкiлеттiктерi
Орталық сайлау комиссиясы:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына
бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi;
өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер
қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу
мен өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын
ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық
тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;
3) алып тасталды
3-1) алып тасталды
4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi сметасын
жасап, Республика Үкiметiне ұсынады;
5) Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау
комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды
және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап
бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының
қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды;
аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; саяси партиялардың
өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi,
сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң
нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс
беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сондай-ақ
қорғалу дәрежесiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке
кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың
депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға
арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс
беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау
комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн,
сондай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi және Парламенттiң және
мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн
дайындауды қамтамасыз етедi;
6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлiктерiн жасаудың
және берудiң тәртiбiн айқындайды;
7) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы
заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының
хабарламасын тыңдауға хақылы;
8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген
адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу
туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау
алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады,
мерзiм-мерзiм ақпарат бюллетенiн шығарады;
10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент
депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және
Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат
құралдарында хабар жариялайды;
11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды
тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;
13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын
тағайындайды;
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
15) мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын
сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына
әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнiң осы Конституциялық заңның
талаптарына сәйкес келуiн бақылауды жүзеге асырады; Осы Конституциялық
заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметiн
тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа
жүгiнедi;
16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан
сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;
16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми wеb-сайтына сайлау заңдары
жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткiзу
туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi
туралы ақпаратты орналастырады;
16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай
электрондық Тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi;
16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу
кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелерiне оны қолдануды үйретедi;
16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық
сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының

13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика
астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары
аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Аумақты сайлау комиссиялары:
1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды
және өткiзудi қамтамасыз етедi;
2) жетi адамнан құрылады.
3. (алып тасталды)
4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы
жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан
немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөнiндегi аумақтық комиссиялардың
құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланады.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда- Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 375 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - 2004.04.14. N 545 Заңымен.
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың
атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге
де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен
өткiзудi қамтамасыз етедi;
2-1) партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сенiм бiлдiрген
адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi;
3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау
комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды

бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау
комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын
бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-
әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау
комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын
ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау
комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға
немесе сотқа жүгiнедi;
4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау
комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ
сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер
органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi: Сенат
депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi,
оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында
кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған
пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң
жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң
нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды
Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;
6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады
және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi
туралы сайлаушыларға хабарлайды;
6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бiрыңғай нөмiрленуiн
белгiлейдi;
7) мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын
қамтамасыз етедi;
8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына
кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау
комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз
етедi;
9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады,
сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат
құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми wеb-
сайтында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша
дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;
10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың
шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;
11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң
орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық
бөлiнiс аумағында орналасқан мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-
өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi округтiк сайлау
комиссиясының функциясын орындайды; мәслихаттардан басқа, өзге де
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың
сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi;
жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы
хабарлар жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi
бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар
жариялайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының

15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары
1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың
депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан
немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 375 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - 2004.04.14. N 545 Заңымен,

16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Округтiк сайлау комиссиясы:
1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың
атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп
отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк
сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай
жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-
әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны
анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен
сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
4) (алып тасталды)
5) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың
сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi,
жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар
жариялайды;
6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың
танысуына ұсынылуын бақылайды;
7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз
етедi;
8) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша
учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiң аумағында орналасқан
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы

9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы
хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн
анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
10) алып тасталды
11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының
орнына сайлау өткiзедi;
12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.04.14. N 545 Заңымен, 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары
1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде
Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге
де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру
мен өткiзудi қамтамасыз етедi.
Учаскелiк сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.
2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы
жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан
немесе хабарланғаннан кейiн - жетi күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi аумақтық комиссиялардың
құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 375 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - 2004.04.14. N 545 Заңымен.
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң,
мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;
2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды
хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi
қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi
өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы
хабарландырады;
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң
жасалуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн
анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi арыздар
мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2004.04.14. N 545 Заңымен.
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi
болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де
заң актiлерiмен айқындалады.
2-1. Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып
тасталмаған адам; (K970167)
сот iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекет қабiлетi шектеулi деп
таныған адам сайлау комиссиясының мүшесi бола алмайды.
3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және оның
аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсiби тұрақты негiзде жүзеге
асырады.
Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттiк
органдарда комиссияның мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ ол сайлау
комиссиясының мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттiктi тиiстi сенiмхат беру
арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi
сайлау өткiзу кезеңiнде өздерiнiң келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы
бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм
қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын
хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиiстi сайлау
комиссиясының құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге және
олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртiбiне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға
және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және
материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерiнiң төрттен үшiнiң
даусымен расталған уәкiлеттiгi бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының
қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық
заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп
нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның
төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын
орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын
және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және
тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси
партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық
бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн
қорғауға құқығы жоқ.
6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген
өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:
1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
3) тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң
шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-
ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы
сот шешiмi заңды күшiне енген;
6) қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның
шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi өзiн
ұсынған саяси партия қызметiн тоқтатқан жағдайда өз мiндеттерiнен
босатылады.
7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн бiрнеше мәрте бұзған немесе
мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган
оны лауазымын атқарудан босатады.
8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган
осы Конституциялық заңның 10-бабында белгiленген тәртiппен сайлау
комиссиясының мүшесiн сайлағанға дейiн шығып қалған комиссия мүшесiнiң
орнына сайлау комиссиясының мүшесiн тағайындайды.
9. Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшiлiк-
аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2004.04.14. N 545 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - 2005.04.15. N 44
Конституциялық Заңымен, 2007.06.19. N 268 Конституциялық Заңымен.
20-бап. Сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастыру
және олардың әрекеттерiне шағым жасау. Сайлау
комиссияларының қызметiндегi жариялылық
1. Сайлау комиссияларының қызметi алқалылық, жариялылық және ашықтық
негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Алғашқы отырыстарды:
1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын комиссияның төрағасы
комиссия сайланғаннан кейiн он төрт күннiң iшiнде шақырады;
2) төменгi тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиiстi жоғары
тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кейiнгi жетi күн
мерзiмнен кешiктiрмей шақырады.
3. Сайлау науқанын әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде комиссиялардың
отырыстары кемiнде екi аптада бiр рет өткiзiледi. Өзге уақытта комиссиялар
өздерiнiң отырыстарын қажетiне қарай комиссия төрағасының немесе
мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң бастамашылығымен өткiзедi.
4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелерi жалпы
санының кемiнде үштен екiсi қатысса, олар заңды болады.
5. Комиссиялардың шешiмдерi, осы Конституциялық заңда белгiленгеннен
өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк
даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның
шешiмiмен келiспейтiн мүшелерi ерекше пiкiрiн айтуға құқылы, ол дереу
жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткiзiледi және комиссия
отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тiркеледi.
6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетiмдi телекоммуникациялық
желiлерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген
жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешiмдерiмен барлық
адамдардың еркiн танысуы үшiн жағдай жасайды.
Сайлау комиссияларының құрамында өкiлi жоқ саяси партиялар сайлау
науқанын даярлау және өткiзу кезеңiне кеңесшi дауыс құқығын бере отырып өз
өкiлiн тиiстi сайлау комиссиясына жiберуге құқылы.
Саяси партияның кеңесшi дауыс құқығы бар өкiлi сайлау комиссиясының
отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретiне кiретiн мәселелер
бойынша ұсыныстар енгiзуге құқылы, сайлау комиссиясының әрекетiне
(әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым
жасауға құқылы.
7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенiм бiлдiрiлген
адамдар, байқаушылар, қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған
кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатыса алады.
Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси
партиялар өздерiне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиiстi сайлау
комиссияларының отырыстары мен күн тәртiбi туралы алдын ала хабардар
етiледi.
Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде
адамдардың болуына тыйым салынады.
8. Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған сайлау учаскесi ашылған
кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезiнде дауыс беру
нәтижелерi анықталғанға дейiн сайлау учаскесiнде бiр мезгiлде әрбiр
кандидаттан сенiм бiлдiрiлген бiр-бiр адамнан, қызметтiк куәлiгi мен
редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр-
бiр өкiлден және Қазақстан Республикасының әрбiр саяси партиясынан, өзге де
қоғамдық бiрлестiгiнен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бiр-бiр
байқаушыдан және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары
қатысуға құқылы.
9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзiмдерi
белгiленбесе, сайлау комиссиясының шешiмдерiне және iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шешiм қабылданған немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк)
жасалған күннен бастап он күннiң iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына
және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Көрсетiлген мерзiмдер өткеннен
соң сайлау комиссиясының шешiмiне және iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
берiлген өтiнiш қарауға жатпайды.K990411
Өтiнiштер сайлау комиссиясы мен сотта бiр мезгiлде қаралған кезде
сайлау комиссиясы сот шешiмi күшiне енгенге дейiн өтiнiштi қарауды тоқтата
тұрады. Сот түскен өтiнiш туралы және оны қарау нәтижелерi бойынша сот
шешiмiнiң заңды күшiне енгенi жөнiнде сайлау комиссиясын хабардар етедi.
10. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына
өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетуге, оларға қажеттi
мәлiметтер мен материалдар беруге, сайлау
комиссияларының өтiнiштерiне - үш күн мерзiм iшiнде, ал сайлау күнi және
оның қарсаңындағы күнi дереу жауап қайтаруға мiндеттi.
11. Аумақтық, округтiк, учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерi
сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiне өздерiнiң қалауымен комиссияның шешiмi
бойынша сайлауды өткiзуге бөлiнген қаражаттың есебiнен орташа жалақысы
сақтала отырып, өндiрiстiк немесе қызметтiк
мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн.
Сайлау комиссияларының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын
мүшелерiнiң сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезеңiне өздерiнiң негiзгi жұмыс
орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады.
Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер
болып табылатын мүшелерiнiң үстеме жұмысына, мереке және демалыс
күндерiндегi жұмысына, түнгi уақыттағы еңбегiне ақы төлеу сайлау өткiзуге
бөлiнген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
12. Мыналар:
1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарының мүшелерi;
2) Президенттiкке, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттығына
кандидаттар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерi,
сондай-ақ кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары;
3) мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымындағы адамдар;
4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының
мүшелерi бола алмайды.
Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ
кандидаттарға тiкелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау
округiнде сайлауды тiкелей ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз ететiн
сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
Осы тармақтың екiншi тармақшасында аталған адамдар тиiстi кандидат
тiркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесi мiндетiнен босатылады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының

20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының,
өзге де қоғамдық бiрлестiктерiнiң,
коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық
бiрлестiктерi, коммерциялық емес ұйымдары байқаушысының өкiлеттiктерi оның
тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлiп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиiс.
Бұл құжат байқаушыны жiберген ұйымның мөрiмен расталады және ол байқаушының
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар
сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушы туралы
деректердi есепке алу журналына енгiзу арқылы оны тiркеу үшiн көрсетiледi.
2. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық
бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
2) дауыс беруге, соның iшiнде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;
3) дауыс берудi өткiзу және дауыстарды санау кезiнде тиiстi сайлау
учаскесiнiң дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;
4) тасымалданатын сайлау жәшiгiн бақылап жүруге, соның iшiнде оларды
тасымалдау кезiнде көлiк құралында болуға;
5) сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру
барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн ресiмдеу рәсiмiн
барлық аталған рәсiмдердi анық көру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн
жағдайларда байқауға;
6) тиiстi сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерiнiң
шешiмдерiне, iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған сайлау
комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi
болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс
беруiн өткiзу кезiнде қатысуға;
8) учаскелiк сайлау комиссиясы мүшелерiнiң пайдаланылмаған сайлау
бюллетеньдерiн санауы және жоюы кезiнде қатысуға;
9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергi
жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;
10) дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау
комиссияларына беру рәсiмiн байқауға;
11) дауыс беру өткiзiлгеннен кейiн дауыс беру қорытындылары туралы
сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған
көшiрмелерiн алуға;
12) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң назарын осы Конституциялық заң
талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиiстi жазбаша
мәлiмдемелердi, актiлердi табыс етуге және табыс еткенi туралы белгi
соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам
сенiм бiлдiрiлген адамдардың, байқаушылардың өтiнiштерi бойынша дауыстарды
санау хаттамасына олардың жасаған актiлерiн қоса беруге мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық

1) олардың жеке басы мен өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттарын
өздерiмен алып жүруге;
2) сайлау процесiне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және
шешiмдердi қабылдау рәсiмiне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер
жасамауға;
4) сайлау учаскесiнде сайлау комиссиясы төрағасының тиiстi сайлау
комиссиясы белгiлеген тәртiп ережелерiн сақтау жөнiндегi талаптарын
орындауға;
5) өз ескертулерiн құжатталған, шынайы және тексеруге болатын
фактiлермен негiздеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де
заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге
мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық
бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тиiстi сайлау комиссиясы
байқаушыны тiркеудiң күшiн жоюға құқылы.
Ескерту. 20-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының

20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
байқаушылары, шетелдiк бұқаралық ақпарат
құралдарының өкiлдерi
1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан
Республикасындағы сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы iстер министрi
жiбере алады.
Шақыру Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы
жiберiледi.
Шақыруда миссия саны мен құрамына, сондай-ақ миссияда гендерлiк
балансты, елдiк өкiлдiктi қамтамасыз етуге қатысты тiлектер қамтылуы
мүмкiн.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан
Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау
комиссиясының жанында аккредиттеледi.
Аккредиттеу үшiн шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан
Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне өз байқаушыларының, өкiлдерiнiң
тiзiмiн ұсынады.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып
табылмайтын жеке тұлғалар аккредиттеуге жатпайды.
Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық немесе басқа мүдделерi
бар не Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттiң заңнамасын немесе
халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын бұзғаны үшiн олардың
аккредиттелуi керi қайтарып алынған (күшi жойылған) не сайлауды байқау
тәжiрибесi жоқ не аккредиттеуге өтiнiм бергенге дейiнгi бес жыл iшiнде
қылмыстық iс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сайлау кезеңiнде
заңсыз қызмет жасауда кiнәлi деп танылған адамдар аккредиттелмейдi.
3. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын
аккредиттеу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген
байқаушыларына олардың сайлау науқанын өткiзу кезеңiндегi қызметi үшiн
негiз болып табылатын, Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiк
берiледi. Аккредиттеудi жүргiзу дауыс беру күнiнен бес күн бұрын аяқталады.
5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдiк
бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өз мәртебесiн Қазақстан
Республикасындағы сайлауды байқауға қатысы жоқ қызметтi жүзеге асыру үшiн
пайдалануға құқығы жоқ.
6. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдiк
бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң:
1) сайлау процесiнiң барлық кезеңдерiне қатысуға;
2) сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат
алуға;
3) дауыс берудi өткiзу және дауыстарды санау кезiнде сайлау
учаскелерiне кiруге;
4) сайлау процесiне қатысушылармен кездесуге;
5) өздерiнiң байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау
комиссияларының мүшелерiн хабардар етуге, ұсынымдар енгiзуге;
6) жария мәлiмдемелер жасауға;
7) дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау
комиссияларына беру рәсiмiн байқауға құқығы бар.
7. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдiк
бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi:
1) жеке басын және аккредиттелгенiн куәландыратын құжаттарын
өздерiмен бiрге алып жүруге;

шешiмдер қабылдау рәсiмiне араласпауға;

5) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге;

заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
8. Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау
комиссиясы шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуiн керi
қайтарып алуға құқылы.
9. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе
халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиiстi
сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық
ұйым байқаушысының аккредиттелуiн керi қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзуге
құқылы.
Ескерту. 20-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының

3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi
21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi
1. Қазақстан Республикасында мәслихаттардың депутаттарын, өзге де
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде аумақтық
сайлау округтерiнiң жүйесi құрылып, пайдаланылады.
2. Сайлау округтерi Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және
сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады. Бұл ретте
облыс шегiндегi, республикалық маңызы бар қала мен Республика
астанасындағы, аудандық, қалалық сайлау округтерiндегi сайлаушылар санының
айырмасы осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi әрбiр депутаттық мандатқа
сайлаушылардың орташа санының он бес процентiнен аспауға тиiс.
3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша
партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарының сайлауы
кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау
округi болып табылады.
4. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде осы баптың 2-тармағында
белгiленген шарттар сақталып, бiр мандаттық аумақтық сайлау округтерi
құрылады.
5. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау
кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп
мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының

22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың
шекараларын қайта қарау
1. Сайлау округтерiн аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
2. Сайлау округтерiнiң тiзiмiн, олардың шекараларын және округтiк
сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн көрсетiп, сайлау
тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей тиiстi
сайлау комиссиялары тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
3. Сайлау округтерiнiң тiзiмiне өзгерiстер енгiзудi, олардың
шекаралары мен сайлау комиссияларының орналасқан жерлерiн анықтауды тиiстi
сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының

23-бап. Сайлау учаскелерiн құру
1. Аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн
тиiстi әкiмдердiң сайлау комиссияларымен келiсiлген шешiмдерiмен сайлау
учаскелерi құрылады. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлылық
туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып,
құрылады.
2. Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар:
1) әрбiр сайлау учаскесiнде үш мыңнан аспайтын сайлаушы болуы;
2) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым
шекарасының сақталуы ескерiле отырып құрылады.
3) (алынып тасталды)
3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлiмдерде және сайлау
күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты
емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын
аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы
учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында
олардың орналасқан жерi, кеменiң тiркелген порты немесе тұрған жерi бойынша
тиiстi сайлау округтерiне кiретiн сайлау учаскелерi құрылады. Шет
мемлекеттердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң жанынан Республика
Сыртқы iстер министрлiгi орналасқан аумақтағы сайлау округiне қарайтын
сайлау учаскелерi құрылады.
4. Сайлау учаскелерiн құру кеме капитандарының, бөлiмдер немесе
әскери құрамалар командирлерiнiң, осы баптың 3-тармағында аталған мекемелер
басшыларының тиiстi әкiмдер мен Республиканың Сыртқы iстер министрлiгiнiң
ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Тиiстi әкiмдер учаскелердi құрған кезден бастап жетi күн мерзiм
iшiнде, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң
сайлауын өткiзген кезде үш күн мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
сайлаушыларды әрбiр сайлау учаскесiнiң шекарасы жөнiнде хабардар етедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
1999.05.06. N 375 Заңымен, 2004.04.14. N 545 Заңымен, 2005.04.15. N 44
Конституциялық Заңымен.
4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi
24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi
және оларды жасау тәртiбi
1. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын,
өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде
сайлаушылар тiзiмi жасалады. Сенат депутаттарын сайлау кезiнде
таңдаушылардың тiзiмдерi жасалады.
2. (алып тасталды)
3. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу
үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу
фактiсi негiз болады.
4. Сайлаушылар тiзiмi әлiпби тәртiбiмен немесе өзге тәртiппен
жасалады. Тiзiмде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (18
жастағылар үшiн - қосымша күнi мен айы) және тұрғылықты мекен-жайы
көрсетiледi. Таңдаушылар тiзiмi әлiпби ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz