Орындаушының құқықтары


III т а р а у. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР
34 - б а п. Сабақтас құқықтардың объектілері
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.
35 - б а п. Сабақтас құқықтардың субъектілері
1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектілері болып табылады.
2. Фонограмма жасаушы, хабар таратушы ұйым осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берілетін туындыны орындаушымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегінде жүзеге асырады.
3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.
4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етілмейді. Фонограмма жасаушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбір қорабында көрсетілетін және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпі: Р;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесінің есімі (атауы) ;
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.
36 - б а п. Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы
1. Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1) орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;
2) орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса;
3) орындаушылық, қойылым осы баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес қорғалатын фонограммаға жазылса;
4) фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қойылым осы баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес қорғалатын эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабарына енгізілген болса, танылады.
2. Фонограмманы жасаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1) фонограмма жасаушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жері бар заңды тұлға болса;
2) фонограмма тұңғыш рет Қазақстан Республикасының аумағында жарық көрсе, танылады. Егер фонограмма Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған күннен кейін отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса, ол да Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет жарияланды деп саналады.
3. Эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының құқықтары осы Заңға сәйкес, егер ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жері бар болса және хабарларын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан хабар таратқыштар көмегімен жүзеге асырса, танылады.
4. Шетелдік жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиісті орындаушылық, фонограмма, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарттың ережелері бойынша айқындалатын олардың шыққан елінде, сабақтас құқықтардың сол елде белгіленген қолданылу мерзімінің өтуі салдарынан қоғам игілігіне айналмаған болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасында қоғам игілігіне айналмаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес танылады.
37 - б а п. Орындаушының құқықтары
1. Осы Заңда көзделген реттерді қоспағанда, орындаушыға мынадай мүліктік емес жеке және мүліктік құқықтар:
1) есімінің құқығы;
2) орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадір-қасиетіне нұқсан келтіре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделін қорғау құқығы) ;
3) орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы беріледі.
1-1. Мүліктік емес жеке құқықтар орындаушыға оның мүліктік құқықтарына қарамастан тиесілі және орындаушылықты пайдалануға айрықша мүліктік құқықтарын берген жағдайда да олар өзінде сақталып қалады.
2. Орындаушының орындаушылықты немесе қойылымды пайдалануға айрықша құқықтары мынадай іс-әрекеттерді:
1) бұрын жазылмаған орындаушылықты немесе қойылымды жазуды;
2) орындаушылық немесе қойылым жазбасын кез келген нысанда тікелей немесе жанама қайта шығаруды;
3) орындаушылықтың немесе қойылымның жазбасын пайдаланбай-ақ орындаушылықты немесе қойылымды эфирге беруді, кәбіл арқылы жалпы жұрттың назарына хабарлауды немесе жалпы жұрттың назарына жеткізуді;
4) осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындаушылық немесе қойылым жазбасын эфирге беруді, кәбіл арқылы жалпы жұрттың назарына хабарлауды немесе жалпы жұрттың назарына жеткізуді;
5) орындаушының қатысуымен орындаушылық немесе қойылым жазылған, коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы прокатқа (жалға) беруді жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын білдіреді. Орындаушылықты фонограммаға жазуға шарт жасалған кезде бұл құқық фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) бергені үшін сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
3. Орындаушының осы баптың 2-тармағының 2) -тармақшасында көзделген айрықша құқығы мына жағдайларда:
1) орындаушылықтың немесе қойылымның бастапқы жазбасы орындаушының келісімімен жасалған;
2) орындаушылықты немесе қойылымды көшірмелеу орындаушылықты немесе қойылымды жазу кезінде орындаушының келісімі алынған мақсатпен жасалған;
3) орындаушылықты немесе қойылымды көшірмелеу осы Заңның 41-бабының ережелеріне сәйкес жазба жүргізілген мақсатта жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған рұқсатты орындаушы береді, ал ұжым болып орындаған кезде пайдаланушымен жазбаша шарт жасау арқылы сондай ұжымның жетекшісі береді.
5. Егер орындаушының эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымымен жасасқан шартында көзделсе, орындаушылықты немесе қойылымды кейіннен беруге, мұндай жазбаны беру мен көшірмелеу үшін эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының жазып жүзеге асыруға осы баптағы 2-тармақтың 1), 2) және 3) -тармақшаларында аталған рұқсат алу талап етілмейді. Бұлайша пайдаланғаны үшін орындаушыға берілетін сыйақы мөлшері де осы шартта белгіленеді.
6. Орындаушы мен дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушы арасында жасалған шарт орындаушының осы баптың 2-тармақтың 1), 2), 3), 4) -тармақшаларында аталған құқықтарды беруіне әкеп соғады. Орындаушының мұндай құқықтарды беруі дыбыс-бейне жазу туындысын пайдаланумен шектеледі және, егер шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейне жазу туындысына түсірілген дыбыс пен бейнені жеке пайдалану құқықтарын қамтымайды.
7. Орындаушының осы баптың 2-тармағында көзделген айрықша құқықтары шарт бойынша басқа адамдарға берілуі мүмкін.
38 - б а п. Фонограмма жасаушының құқықтары
1. Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнінде, осы Заңда көзделгендерді қоспағанда, фонограмманы пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алу құқығын қоса, фонограмманы кез келген нысанда пайдалануға айрықша құқықтар беріледі.
2. Фонограмманы пайдалануға айрықша құқықтар мынадай іс-әрекеттерді:
1) фонограмманы тікелей немесе жанама түрде кез келген нысанда қайта шығаруды;
2) меншік құқығын сату немесе өзгеше беру арқылы фонограмманың түп нұсқасы мен даналарын таратуды, оның ішінде импорттауды;
3) фонограмманы шығарушы немесе оның рұқсаты бойынша жүзеге асырылған оны таратудан кейін де фонограмманы прокатқа (жалға) беруді;
4) фонограмманы қайта жасауды немесе кез келген тәсілмен өңдеуді;
5) фонограмманы жалпы жұрттың назарына жеткізуді жүзеге асыру, жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын білдіреді.
3. Егер заңды түрде жарияланған фонограмма даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға түсірілсе, оларды фонограмма жасаушының келісімінсіз және сыйақы төлемей одан әрі таратуға жол беріледі. Фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) беру арқылы тарату құқығы сол даналарды меншіктеу құқығына қарамастан фонограмманы жасаушыға беріледі.
4. Фонограмма жасаушының осы баптың 2-тармағында көзделген айрықша құқықтары шарт бойынша басқа адамдарға берілуі мүмкін.
39 - б а п. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы фонограмма жасаушы мен орындаушының келісімінсіз пайдалану
1. Коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы жасаушының және осындай фонограммаға орындауы жазылған орындаушының келісімінсіз, бірақ сыйақы төлей отырып:
1) фонограмманы көпшілік алдында орындауға;
2) фонограмманы эфирге беруге;
3) фонограмманы кабель арқылы жалпы жұртшылық назарына жеткізу үшін хабарлауға жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сыйақы жинау, бөлу және төлеу фонограмманы жасаушылар мен орындаушылардың құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың бірі (осы Заңның 43-бабы) осы ұйымдар арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырады. Егер бұл келісімде өзгеше көзделмесе, аталған сыйақы фонограмма жасаушы мен орындаушы арасында тең бөлінеді.
3. Сыйақы мөлшерін және оны төлеу жағдайларын, бір жағынан, фонограмма пайдаланушылар немесе осындай пайдаланушылар бірлестіктері (қауымдастықтары) және, екінші жағынан, фонограмма жасаушылар мен орындаушылар құқықтарын басқарушы ұйымдар арасында жасалған келісім бойынша, ал егер тараптар мұндай келісімге келе алмаса - уәкілдік берілген орган белгілейді. Сыйақы мөлшері фонограммаларды пайдаланудың әр түрі үшін белгіленеді.
4. Фонограммаларды пайдаланушылар осы баптың 2-тармағында аталған ұйымға фонограммалардың пайдаланылу мөлшері туралы дәл мәліметтер жазылған бағдарламаларды, сондай-ақ сыйақы жинауға және бөлуге қажетті өзге де мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге тиіс.
40 - б а п. Эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының құқықтары
1. Осы Заңда көзделген реттерді қоспағанда, эфирлік және (немесе) кабельдік хабар тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарды кез келген нысанда пайдалануға және, мұндай рұқсат бергені үшін сыйақы алу құқығын қоса алғанда, хабарды пайдалануға рұқсат етуге айрықша құқықтар беріледі.
2. Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай іс-әрекеттерді:
1) хабарды эфирге беруді;
2) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды кәбіл арқылы хабарлауды немесе хабарды эфирге беруді;
3) хабарды жазып алуды;
4) хабардың жазбасын көшірмелеуді;
5) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды ақы төлеп кіретін жерлерде хабарлауды;
6) хабарды жалпы жұрт назарына жеткізуді жүзеге асыру, мұндай іс-әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқықтарын білдіреді.
3. Осы баптың 2-тармағының 4) -тармақшасында көзделген эфирлік және (немесе) кабельдік хабар тарату ұйымының айрықша құқығы мына жағдайларда:
1) хабар эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының келісімімен жазып алынғанда;
2) осы Заңның 41-бабындағы ережелерге сәйкес хабарды көшірмелеу ол жазылған мақсатта жүзеге асырылғанда қолданылмайды.
40-1 - б а п. Айрықша құқықтар беру. Лицензиялық шарт
1. Осы Заңның 37, 38, 40-баптарында аталған айрықша құқықтарға толық немесе ішінара жол берілуі мүмкін, сондай-ақ олар айрықша немесе айрықша емес құқықтарды беру туралы лицензиялық шарт бойынша пайдалану үшін берілуі мүмкін. Мұндай шартқа осы Заңның 32-бабында белгіленген талаптар қолданылады.
2. Лицензиялық шарт тиісті үлгідегі мемлекеттік тіркеу куәлігі беріле отырып, уәкілетті органда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс.
41 - б а п. Орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының құқықтарын шектеу
1. Орындаушылықты, қойылымды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын және олардың жазбаларын орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының келісімінсіз және сыйақы төлемей пайдалануға, сондай-ақ фонограмманы көшірмелеуге:
1) орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабарларынан шағын үзінділерді ағымдағы оқиғалар туралы шолуға қосу үшін;
2) тек қана оқыту немесе ғылыми зерттеу мақсаттарында;
3) дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда, орындаушылықтан, қойылымнан, фонограммадан, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабарынан шағын үзінділер түрінде дәйектеме келтіруге жол беріледі. Бұл ретте, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма даналарын эфирге беру, жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлау үшін немесе жалпы жұрттың назарына жеткізу үшін пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 39-бабындағы ережелерді сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады;
4) осы Заңның 18-26-баптарының ережелерінде белгіленген ғылым, әдебиет және өнер туындылары авторының мүліктік құқықтарын шектеуге қатысты өзге де жағдайларда жол беріледі.
2. Осы Заңның 37-40-баптарының ережелерінен тыс орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының келісімінсіз хабарлар мен эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабарларын және олардың жазбаларын таратуға, сондай-ақ фонограмманы тек қана жеке мақсат үшін қайта шығаруға жол беріледі. Осы Заңның 26-бабына сәйкес сыйақы төленген жағдайда фонограмманы көшірмелеуге жол беріледі.
3. Егер қысқа мерзімге пайдаланылатын жазба немесе көшірме эфирге хабар тарату ұйымының өз жабдықтары көмегімен және өзінің жеке хабары үшін жүзеге асырылса, орындаушының, фонограмма жасаушының және эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының орындаушылықты, қойылымды немесе хабарларды қысқа мерзімге пайдалануға жазып алуды жүзеге асыруға, мұндай жазбаларды көшірмелеуге және коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көшірмелеуге рұқсат алуына қатысты осы Заңның 37, 38, 40-баптарындағы ережелер мынадай жағдайларда:
1) эфирге хабар тарату ұйымы осы тармақ ережелеріне сәйкес қысқа мерзімде пайдалануға жасалатын жазбаны немесе сондай жазбаның фонограммасын көшірмелеуді жүзеге асыруға қатысты қойылымның өзін, орындаушылықты немесе хабарды эфирге беруге алдын-ала рұқсат алғанда;
2) эфирге хабар тарату ұйымы осы Заңның 25-бабының ережелеріне сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қысқа мерзімге пайдалануға жасайтын жазбасына қатысты белгіленетін мерзім ішінде, оның тек құжаттық сипатының негізінде ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкін жазбасын қоспағанда, оны жойғанда қолданылмайды.
4. Осы бапта көзделген шектеулер фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабарын және олардың жазбаларын, сондай-ақ соларға енгізілген ғылым, әдебиет және өнер туындыларын қалыпты пайдалануға зиянын тигізбей, сондай-ақ орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының және аталған туындылар авторларының заңды мүдделеріне нұқсан келтірмей қолданылады.
42 - б а п. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзімі
1, Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар алғашқы орындалудан немесе қойылымнан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды. Осы Заңның 37-бабында белгіленген орындаушының есімін, орындаушылықты немесе қойылымды кез келген бұрмалаудан немесе орындаушының ар-намысына және қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін өзге де қол сұғушылықтан қорғау құқықтарының қорғалуына шек қойылмайды.
2. Осы тарауда көзделген фонограмманы жасаушыға қатысты құқықтар фонограмма алғаш жарияланғаннан кейінгі жетпіс жыл бойына, егер осы мерзім ішінде фонограмма жарияланбаған болса, ол алғаш жазылып алынғаннан кейінгі елу жыл бойы күшін сақтайды.
3. Осы тарауда көзделген эфирде хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай ұйым эфирде алғашқы хабар таратуды жүзеге асырғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды.
4. Осы тарауда көзделген кабельдік хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай ұйым кабель арқылы жалпы жұрттың назарына арналған алғашқы хабарлауды жүзеге асырғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды.
5. Заңды түрде жария болған немесе жасалған кезінен бастап, егер олар жарияланбаған болса, осы Заң күшіне енген күннен бастап жетпіс жыл мерзім өтпеген радио және теле хабарлар (эфирге хабар тарату) қалған мерзімде сабақтас құқықтар объектісі ретінде қорғалады.
6. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген мерзімдерді есептеу оның басталуына негіз болатын заңды жәйт орын алған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан басталады.
7. Егер орындаушы қуғын-сүргінге ұшырап, қайтыс болғаннан кейін ақталған жағдайда, осы бапта көзделген құқықтарды қорғау мерзімі ол ақталған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді.
8. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында аталған орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын пайдалануға рұқсат ету және мерзімдердің қалған бөлігі шегінде сыйақы алу құқығы орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының мұрагерлеріне (заңды тұлғаларға қатысты - құқық мұрагерлеріне) ауысады.
9. Орындаушылыққа, қойылымға, фонограммаға, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарына сабақтас құқықтардың қолданылу мерзімінің өтуі олардың қоғам игілігіне айналғанын білдіреді.
Қоғам игілігіне айналған сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты осы Заңның 34-42-баптарының ережелері ескеріле отырып, осы Заңның 29-бабының ережелері қолданылады.
IV т а р а у. МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҰЖЫМДЫҚ БАСҚАРУ
43 - б а п. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқарудың мақсаттары
1. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторлары, орындаушылар, фонограмма жасаушылар немесе өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын іс жүзіне асыру мақсатында олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар құруға құқылы.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның коммерциялық іспен айналысуға, сондай-ақ ұжымдық негізде басқару үшін алған туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3. Әртүрлі құқықтар мен құқық иелерінің түрлі санаттары бойынша жекелеген ұйымдар, не құқық иелерінің бір санатының мүдделеріне сай түрлі құқықтарды басқаратын ұйымдар, не құқық иелерінің түрлі санаттарының мүдделеріне сай құқықтардың бір түрін басқаратын ұйымдар құруға жол беріледі. Мұндай ұйымдарды тікелей авторлық және сабақтас құқықтар иелері құрады және олар солардан алған өкілеттік шегінде, жарғы негізінде әрекет етеді.
4. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаруға өкілеттікті тікелей авторлық және сабақтас құқықтар иелері жазбаша шарттар негізінде ерікті түрде, сондай-ақ осындай құқықтарды қарайтын шетелдік ұйымдармен жасалған тиісті шарттар бойынша береді.
5. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың жарғылары осы Заңның талаптарына сай келетін ережелерден тұруға тиіс. Авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымды тіркеуден бас тартуға осы Заңның талаптары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарды тіркеу тәртібін белгілейтін заңдар бұзылған жағдайда жол беріледі.
6. Аталған ұйымның қызметіне басшылықты мүліктік құқықтарын оның өзі басқаратын авторлық және сабақтас құқық иелері жүзеге асырады. Сыйақының мөлшеріне және пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу ережелеріне, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдісіне және мұндай ұйым қызметінің өзге де принципті мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауды тек қана авторлық және сабақтас құқық иелері жалпы жиналыста алқалы түрде жүзеге асырады.
7. 2004жылгы 9 шілдедегі№ 586 Зацымен алынып тасталды.
44 - б а п. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі.
1. Кез келген автор, оның мұрагері немесе осы Заңның III тарауына сәйкес қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесі өздерінің мүліктік құқықтарын мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметіне жататын болса, бұл құқықтарды ұжымдық негізде жүзеге асыруды өз мойнына алуға міндетті. Аталған ұйымдардың ұжымдық негізде басқару үшін алынған туындыларды және сабақтас құқықтардың объектілерін пайдалануға құқығы жоқ.
2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкілеттіктер негізінде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың тиісті тәсілдеріне пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасады. Мұндай лицензиялық шарттар оларда көзделген тәсілдермен, осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес ұйымға басқаруға берілмегендерін қоса алғанда, барлық туындылар мен сабақтас құқық объектілерін пайдалануға рұқсат береді. Мұндай лицензиялық шарттардың талаптары бір санаттағы барлық пайдаланушыларға бірдей болуға тиіс. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан жеткілікті негіздерсіз бас тартуға құқығы жоқ.
3. Лицензиялық шарт жасасқан пайдаланушылар уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға және тиісті үлгідегі мемлекеттік тіркеу куәлігін алуға міндетті.
4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдалану мен байланысты пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүліктік талаптарын лицензиялық шарттар жасасқан ұйым реттеуге тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz