Бүгінгі таңда оқушылардың музыкалық - эстетикалық тәрбие мәселесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 САБАҚТАН ТЫС МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5
1.1 Сыныптан тыс жұмыс формаларынын ерекшеліктері 5
1.2 Оқушылармен сыныптан тыс жұмыс жүргізудің кейбір мәселелері
7
2 Сабақтан тыс музыкалық тәрбие әдістері мен формаларыНЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН ТүРЛЕРІ
2.1 Хормен ән салу музыка тыңдау және музыка сауаты 11
2.2 Театр үйірмесі 11
2.3 Қуыршақ театры 13
2.4 Сабақтан тыс Вокальдық-хорлық жұмыстар 14
2.5 Жеке ән айту және үрлемелі оркестрлер 16
19
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23
25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз
сипатта болатыны бізге мэлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана
емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол
әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс жұмыс - тұлғаның әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуын
қамтамасыз етуге бағытталып, мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған
және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының
дербес түрі. Ол әр түрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең
көлемде дамытушылық, оқу-тәрбиелік жағынан ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін
болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс жұмыста эр түрлі жұмыс түрімен айналысу
баланың жеке әлеуметтік тэжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат
құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық
іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің
әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген
құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар
үжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық
пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға,
өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс
әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық
пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада
байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал
етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс жұмыс ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа
қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен
әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл,
бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге
мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған
қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс жұмыс нәтижесінде күнделікті бақылау
мүмкіндігінің болмауы.
Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму
деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма
немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады. Мұндай
ерекшелік сынып жетекшісін табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-
қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларды
шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс жұмыс оқушылардың мүмкіндіктеріне сай және
бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі
күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде
ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.
Сыныптан тыс жұмыс формалары әртүрлі болғандықтан, бүгінгі күнге дейін
оларды нақты мазмұнда топтастыру, соның ішінде музыка арқылы эстетикалық
тәрбие беруді сыныптан тыс жұмыстар негізінде ұйымдастыру мәселесі біраз
қиындық туындатады. Алайда соңғы ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйенсек,
бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстар әрекеттік нысана бойынша (жеке,
топтың, көпшілік) және тәрбиелік міндеті мен бағыты бойынша (эстетикалық,
адамгершілік, эканомикалық т.б.) бөлінеді.
Көпшілік формаларға - мерекелер, ертеңгіліктер, байқаулар, көрме
ұйымдастыру, жорыққа шығу, саяхат, кездесулер, сайыстар т.б. жатады.
Топтық формаларға - түрлі үйірмелер, клуб, қуыршақ театры,
көркемөнерпаздар қоғамы т.б. жұмыс түрлерін қамтиды. Әр жұмыс формасының
түрақты құрамы мен арнайы жұмыс жоспары болады.
Ал сыныптан тыс жұмыстың жеке формасы алуан түрлі бағытты ұстанады.
Бұған жеке музыкалық аспапта ойнау, вокал, скрипка, үрмелі аспаптарда
ойнау, би, жеке репертуармен жұмыс (баланың қабілетіне байланысты) т.б.
Курстық жұмыстың нысаны – бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Курстық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға
теориясы, дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық
жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастық теориясы,
өнерді қабылдау теорияларымен қазіргі гуманистік тұжырымдар, білім туралы
мемлекеттік саясат біздің зерттеуіміздің әдіснамалық және теориялық негізі
болды.
Курстық жұмыстың дереккөздері: философ, психолог, педагогтардың
дүниетаным, қазақ музыкасы туралы зерттеу еңбектері; Қазақстан
Республикасының Ресми материалдары, Үкіметтің қаулы-қарарлары, қағидалары
және т.б. музыканы оқытудағы этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге
асыру жөніндегі озық тәжірибелер.
Курстық жұмыстың мақсаты – Сабақтан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру
формаларын зерделеу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 САБАҚТАН ТЫС МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІК
1.1. Сыныптан тыс жұмыс формаларынын ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыс формаларын таңдауда олардың үйлесімділігіне,
ұйымдастырылу мәніне назар аудару қажет. Әсіресе, бұл ретте 7-10 жастағы
балалардың белсенділігін, көзқарасын, сергектігін, өзіне тән ерекшелігін,
талғамын, іс-әрекеттерге көзқарасын ескерген жөн.
Сыныптан тыс жұмыс формалары әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы
жүзеге асады: әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірталас, кроссворд шешу,
шығармашылық тапсырмалар орындау, ертегі оқу, сурет салу, шығарма жазу,
музыкалық диктант, өлең құрастыру, ұйқас табу, музыкалық ырғақты қимыл
іздеу, фильмдерді талқылау т.б.
Мектептегі оқу пәндерінің ішінде музыка сабағы оқушылардың тәрбие
берудегі ролі орасан зор десек те, ол сыныптан тыс жұмыстарга үласып,
дамытылмаса, жұмыс нәтижелі болмайтыны белгілі.
Бүгінгі күнге дейін эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген
формалары жеткілікті. Шығармашылық үйірмелер - олар әдебиет, музыка,
хореография т.б.
Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі –
көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға
газеттері,қолжазба туындылары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық,
эстрадалық эндер, күйлер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді,
келешекке үмітін түтандырады.
Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Оқушылар
тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады,
ұсыныстар айтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың баяндамалары,
рефераттары талқыланады.
Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.
Мектеп және сынып бойынша алдын-ала жасалған жоспарға сәйкес
эстетикалық саяхат өткізген тиімді. Саяхаттың негізгі обьектілері көркем
галерея, мүражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын,
эстетикалық талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Үйірмеге эн салуға,
билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар
қабылдануы тиіс.
Әрбір үйірменің өзіндік ерекшеліктері, мақсаттары бар, бірақ соған
қарамастан әр үйірмеге ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады.
Осыған орай үйірме жұмысының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктер
еске алыну тиіс:
1. Үйірмелердің өзара бірлігі және бірін-бірі қайталамауы:
2. Үйірмелердің не бірлестіктердің бағдарламалары оқу-тәрбиелік
жоспардың бір бөлігі ретінде оқушылардың эстетикалық талғамын,
дүниетанымын, өмірлік бағдарын қалыптастыратындай құрылуы.
3. Үйірме жұмыстарының мазмұнын кеңейтіп, өнер иелерімен кездесулер
өткізіп, сол арқылы кәсіптік бағдар беру.
4. Эстетикалық танымжорықтар өткізіп отыру.
5. Әрбір сабақтың ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы.
6. Үйірме жұмыстары оқушыларды қызықтыратындай, тартымды, әсерлі,
алуан түрлі болуы керек
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық сезімдерінің, қарым-
қатынастары мен ой қорытындыларының, бағалаудың практикалық іс-
әрекеттерінің қалыптасуына көмектесетін келесі әдістерді ерекше атап өтуге
болады:
- эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көріністерін
дамытуға бағытталған сендіру әдісі;
- қоршаған ортаны тануға және мінез-құлық мәдениет дағдыларын
қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру
әдісі;
- шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін
проблемалық ситуациялар әдісі;
- әсемдікке бірге толғанып, эмоциялық-жағымды ықылас тудыруға және
қоршаған дүниедегі сұрықсыздыққа жек көре қарауға ояту әдісі.
Эстетикалық тәрбиеде қолданатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны
қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі.
Балада эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда, қоғамдық
мерекелерге қатысқанда т.б. кезеңдерінде пайда болады. Бұл әдісті
көрнекілік сондай-ақ сөйлеу әдісі деп те санауға болады, өйткені оқушының
бақылауы оның сезімімен ойын оятарлық мұғалімнің түсініктемесімен
қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әуезді музыкаларды таңдап, тиісті
ситуация мен жан толқынысын тудыра білу маңызды. Педагог оқушыларға
ұсынылатын материалды жақсы меңгеруі қажет. Оның сөзі нақты, мәнерлі болуы
тиіс.
Үйрету, жаттықтыру әдісінің мэні-оқушының тыңдай білу, багалай білуге
және соган сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Жүйелі түрде көркем іс-
әрекет етуге үйрету. Жүйелі түрде көркем іс-әрекетке жаттыгу, үйренуге
талаптану олардың белсенділігін арттырады.
Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі
жағдайларда қолданылады. Ситуацияны өзгерту балаға меңгерген дағдыны
пайдалануға,одан эрі жетіле түсуге көмектеседі.
Өзгермелі жағдайда көп жаттығу тиісті нәтижеге ойдағыдай жетуге
мүмкіндік береді. Мысалы мұғалім оқушының энді дүрыс салу мақамын дамыта
отырып мэтінді түрліше оқуды: алдымен жай дауыспен, содан соң музыка
аспабының сүйемелдеуімен немесе жеке “қиын сөздерді” т.б. ерекшелей отырып,
сөздерді ырғақпен айтуды ұсынады.
Үйренудің тәрбиелік және дамыту сипатын күшейіу үшін тәрбие әдістерін
(сендіру, үйрету), сондай-ақ дербестікті, белсенділікті, шығармашылықты
дамытатын оқыту әдістерін қолданған тиімді деп есептейміз. Бұл
дидактикадағы проблемалық-іздену әдісінің мән-мағынасы. Оның проблемалық
іздену сипаты мұғалімнің ойға түйген нәрсенің шешімін оқушылардың өздерінің
іздеуі.
Үйрету дамыту сипатында болуы үшін мұғалім нақты әдістемелік
тәсілдердің негізі болып табылатын іс-әрекеттің кеңейтілген жолдарын
қолдануы тиіс.
Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыс арқылы
музыкалық-эстетикалық тәрбие беру ісі оңтайлы әдістерді таңдап алумен тығыз
байланысты. Мұндай әдістер эстетикалық тәрбие мақсатына, принциптеріне,
мазмұнына. балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік
дәрежесіне байланысты. Әдістер эстетикалық тәрбие беру жұмысының мақсаттары
және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің басты критерий. Нақты тәрбие
барысында әдістер мен тәсілдердің арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы
(өзгергіш), жылжымалы болады.
Музыка пәні мұғалімі оқушыларға музыкалық білім берумен қатар, жан-
жақты дамып қалыптасуына жүйелі жүргізілетіні жұмыстар арқылы үздіксіз
ықпал етіп отырады. Педагогикалық ықпалдың табысты болуы оны іске асыратын
музыка пәні мұғаліміне және оқушылардың қабылдауы мен белсенділігіне
байланысты. Олай болса, музыка пәні мұғалімінің жеке басы қабілетіне, жұмыс
істеу ынтасына жоғары талап қойылады. Ол талаптарға теориялық, тәжірибелік
дайындығының болуы, рухани байлығы, педагогикалық білімі мен біліктілігі
т.б. жатады. Бұл талап музыка пәні мұғалімінің өзін-өзі тәрбиелеу
процесінде жеке басының қасиеттерін дамытуын, педагогикалық шеберлікке,
іскерлікке жетудің құпияларын игеруін қажет етеді.

Бүгінде балаларды тәрбиелеудің, оларға дүние танытудың алуан жолдары
бар. Бұл реттен мектепте музыка өнері мен көркем әдебиеттің бірігуі,
олардан шыққан туындылар- басты құрал болып табылады. Көркем әдебиет пен
музыканың мәні мен құнын арттыратын ең қолайлы нәрсе- мектеп сахнасы екені
даусыз, яғни балалар көркем әдебиеттен көркемдікті ,тілді, ой- сана
мәліметтерін үйренетін болса, ал музыка саласынан әсемдікті, өнер атты
әлемнің құпияларын, оның адам санасына әсерінің қандай екенін біледі.
Мектептегі көркем әдебиет пен музыка саласымен тығыз байланыста өткізілетін
тәрбие шараларының кең таралған формасы түрлі тақырыптарда өткізілетін
кештер, кездесулер, ойын сауықтар болып табылады. Бұл істерді сыныптан тыс
сабақ уақытында тақырыппен байланыстыра жүргізіледі. Халқымыздың ұлы
перзенті Абайдың “Артыңа із қалдырғың келсе, кейінгі ұрпаққа білім нұрын
сеп, білімге тәрбиелеу, болашағымызды өз ұлт өнері мен мәдениетінің
тұнығынан сусындап, тарихын терең түсінетін болсын” деген өсиеті де болашақ
ұрпақты өнер білім арқылы тәрбиелудің қажеттігі мен маңыздылығын
дәлелдейді. Бүгінгі оқушы, тәрбиеленуші- ертеңгі дүние тұтқасын ұстап,
халық мәдениетін көтеретін азамат. Ұстаздықтың, соның ішінде музыка
мұғалімі қызметінің қиындығы да осында. Мектептегі музыка мұғалімі өз
сабағында білім беруші, білікті маман ғана емес, музыкалық- тағылымдық
жұмыстарды жүргізуші Мерекелік кештер мен концертттерді, түрлі кештерді
үйірмелерді ұйымдастырушы.
Оқушылардың өткізілетін әрбір даталық, тақырыптық , өнертанымдық
кештерді әзірлеу барысында балалар өз бетімен ізденуге, творчестволық
қабілетін танытуға мүмкіндік алады. Өнерпаздық қабілеттері ұшталып, арман
қиялдарына қанат бітеді. Сондықтан жалпы білім беретін қазақ мектептерінде
оқушыларды дәстүрімен, өнер атты әлемнің шоқтығы биік жұлдыздары
шығармашылығымен таныстыру, олардың ой- пікірін оқу тәрбие ісінің тірегін
айналдыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі деуімізге әбден болады.
Алайда мектептердің іс- тәжірибесінде оқушылармен сыныптан тыс
уақытта жұмыс жүргізу жүйесінде музыка мәдениетіндегі рухани дәрежесі мен
тәрбие деңгейін қалыптастыру негізінде жүргізілетін жұмыстарда кемшіліктер
мен қайшылықтар бар. Атап айтсақ, мектеп педагогикасында ғасырлар бойы
ерекшелініп, өмір сынынан өтіп, келер халықтық ұрпақ тәрбиесіндегі
жинақталған тағылымы, тәлім- тәрбиесі мен салт- дәстүрінің озық үлгілерін
пайдаланбау- жастар арасында өрескел мінез- құлықтың етек алып, тәрбиелік
мәні, мағынасы таяз жат рухани кедейшілікке әкеп соқты. Халқымыздың ауыз
екі әдебиетінде, халық ән- күйінде , толғау термелерінде қаншама
педагогикалық мәдениет бола тұра, оны тәрбие мәселесіне дұрыс қолдана
алмағандықтан ар- ожданымыза , инабат- ізетіміздің таяздап бара жатқанын
енді ғана аңғардық.
Сондықтан өскелең ұрпаққа музыкалық тәрбие берудегі біздің
алдымыздағы ең басты міндет- оқушыларға көркемдік білім беру мен
эстетикалық тәрбиені айтарлықтай толық, өнер шығармалырының , туған
табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін
қалыптастыру. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе, зор танымдық және
тәрбиелік күші бар әдебиет, музыка өнерінің эстетикалық мүмкіндіктерін
жақсы пайдалану қажет.
Музыкалық тағылым мен эстетикалық тәлім- тәрбие беру жөнінде көптеген
айтарлықтай тәжірибе жинақталды. Осы мәселе жөнінде оның
түрлері,ұйымдастыру әдістері О.А.Апраскина, Л.Арчажникова, Е.Я.Гембицкая,
Д.В.Кабалевксий еңбектерінде және басқалардың зерттеулеріне көрініс тапты.
Бүгінгі таңда оқушылардың музыкалық- эстетикалық тәрбие мәселесі
Қазақстан ғылым педагогтары А.Нұғманова, М.Момынов, С.Ұзақбаев,
Ж.Өтемісов,М.Балтабаев т.б еңбектеріне елеулі орын алған.
Ал мектеп сахнасына арналған тәрбие жұмыстарының әр түрлі формаларын
өз еңбектерінде көрсетіп, әр түрлі тақырыптарда, кештерге, мерекелерге және
сынып сағаттарына сценарийлер жазып жинақтаған көптеген ақын
жазушыларымызды атауға болады. Солардың ішінде Ә.Табылдиев, оның “Тәрбие
очерктері” , “Көңілді кештер” атты еңбектерін, Т.Боранғалиевтың”Мектеп кеші
көңілді”, Б.Ысқақовтың “Әлімнің әлегі”, Қ.Боқаевтың “Өнерлі өрге жүзер”
т.б. жинақтарын айта кетуге болады.
Бұл жинақтарда жазылған пьесалар мен ертеңгіліктердің , мектеп
сахнасына арналған сценарийлердің оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде
маңызы зор. Жинақтарда жазылған кейбір образдар арқылы, олардың жақсы
жақтарымен оқушылар санасына сіңіп кету, олардың бойында өнер мен әдебиет
арқылы жақсы азаматтық қасиеттердің пайда болуы көзделіп, елге, жерге,
Отанға, ата-ана, туған ұл мен қоршаған ортаға деген махаббат сезімінің
қалыптасуына көмектеседі.
Жеткіншек ұрпаққа музыкалық тәрбие беру мәселелері бойынша
материалдарда бүгінгі мектептердің практикалық тәжірибесі бар болғанына
қарамастан бұл проблеманың көптеген жүйелері әлі толық зерттелмеген.
Мәселен, егер қазақ халқының музыка өнерін игеруде сабақ пен сыныптан тыс
әрекеттердің өзара байланыстылығы мен халықтың музыка мұрасын игеруге
тартуда қазақ музыкасының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, мақсатты
бағытталған әдіс- тәсілдермен жүзеге асырылса, онда оқушылардың музыкалық
тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым артады. Сол сияқты әртүрлі жүйелерде
пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка тәрбиесі негізініде жұмыстар
жүргізу, онда жаңа жолдарын іздестіру жас жеткіншектерге рухани тәрбие
беру, музыкалық тәрбие беруде бағалы жолдары болып табылады.
Біздің дәуірімізде мектеп жастарын тәрбиелеу жолында мектеп өмірінің
мектептегі әрбір сабақтың, соның ішінде ән- музыканың , сабақтан тыс
көркемөнер үйірмелерін жүргізудің маңызы ерекше болып отыр. Музыкалық
тәрбиенің, оның ішінде сыныптан тыс жұмыс жүргізудің мақсаты жастарды
білімді, жоғары саналы, өнерлі, жан- жақты етіп тәрбиелеу болып отыр. Бұл
орайда балалар мен жасөспірімдер арасындағы музыкалық тәрбие жұмысын
жетілдіру мәселесіне зор көңіл бөлінеді.
Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі оқушылармен жүйелі түрде
сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу.Сыныптан тыс жұмыстар
деп оқушылардың білімін тереңдетуге, іскерлік пен дағдысын дамытуға,
қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыурға, демалысын дұрыс ұйымдастыруға
мүмкіндіктер туғызатын арнайы ұйымдастырылған жұмыстарды айтады. Бұл
жұмыстарды пән мұғалімдері мен ата- аналар, қамқоршы мекеме қызметкерлері
немесе оқушылар ішіндегі ең белсенді, дарындыларды жүргізеді. Әр педагог
сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесін ұтымды ойластыруға
міндетті.Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық білімін
кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта
түсерліктей болғаны жөн. Мұндай істердің барлығы да, бұл тәрбие жұмысының
материалының мазмұныдылығы методикалық сапасы мұғалімнің шеберлігіне,
ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Ең алдымен, оқушыларға әңгіме тақырыбын
ұғындырып, ізденуге тапсырма берілуі қажет. Балалар мұғалім тапсырмасын
орындай отырып, бұл жұмыстың мазмұнына қанығады, оның пайдалы жағын
ұғынады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын жүргізгенде еңбек және эстетикалық
тәрбиенің қалыптасуына жүргізілген жұмыстардың әсерінің болуын қарастырған
жөн. Ол үшін мұғалім оқушыларды түгелдей қатыстыра отырып, оларға түрлі
тапсырмалар беріп, әр оқушының шамасына қарай, нәтиже алып, ұялшақ, бұйығы,
үлгерімі нашар балаларға көмектер көрсетіп, қабілетін арттыру үшін іске
үздіксіз жаттықытурға міндетті. Мұның өзі жүйелі және творчестволық
жоспарлы еңбек арқылы іске асады.
Сыныптан тыс жұмыстарды мазмұнды жүйелі жүргізу арқылы осы жұмыстар
жөнінде оқушылармен үнемі пікірлесіп, ақылдасып, келісе отырып, оқушылардың
жеке істер жүргізуіне, еркін ұсыныстар айтуына шек қойылмауы керек.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз қалауымен олардың белгілі бір
өнер түріне бейіміділігін ескере отырып ұйымдастырылады.Осы мақсатта алуан
түрлі үйірмелер, қоғамдар, клубтар мен студиялар құрылуда. Олардың ішінде
оқушыларға тәрбие беруде әсіресе көркемөнерпаздар үйірмелері ерекше орын
алады. Қазіргі кезде көркемөнерпаздар үйірмелері жоқ мектептер кемде-кем.
Халық музыкасын оқушылардың музыкалық- эстетикалық жән адамгершілік
тәрбиесін жетілдіруде пайдалану мәселері А.Нұғманова, Т.Тұрсынов,А.Хасанов
т.б зерттеулерде айтарлықтай көрініс тауып, жас ұрпақтың рухани дүниесіне
ықпалы зор тәрбие құралы екендігі дәлелденген.
Оқушылар тәрбиесін жаңа деңгейге көтерудің тағы бір тиімді тәсілдері
лекция- концерттер жүргізу, факультативтік курстар жүргізу. Факультативті
курстарды, әсіресе , қазақ ұлттық өнер саласына, мысалы : айтыс, әншілік,
жыр- терме және т.б. өнерлерден ұйымдастырған жөн.
Музыкалық тәрбие- ұзақ, күрделі әрі сан қырлы процесс. Ол ең алдымен
балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде басталады. Ал жалпы білім беретін
мектепте тікелей ықпал ету- музыка, өнер, эстетика жөніндегі
факультативтер,сабақтан тыс уақыттағы көркемөнер үйірмесі арқылы тәрбие
беруді жалғастыра түседі. Жыл өткен сайын ортаңғы және жоғарғы сыныптарда
балалардың жас ерекшеліктері сараланып, музыка сабағында, әр түрлі елдерде
өмір сүрген композитор шығармашылығымен, түрлі музыкалық аспаптармен
танысады.
Жоғарғы сыныптарда эстетика, бейнелеу өнері, музыка және өнер
циклының басқа салалары жөнінде қосымша сабақтар енгізу музыкалық тәрбие
беруге шексіз мүмкіндік береді. Сондай- ақ сыныптан тыс жүргізілетін музыка
мен эстетика жөніндегі арнаулы сынып сағаттарының алуан түрлі тақырыптары
оқушыларға жан- жақты тәрбие беруге көмектеседі.
2 Сабақтан тыс музыкалық тәрбие әдістері мен формаларыНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН
ТүРЛЕРІ
2.1 Хормен ән салу музыка тыңдау және музыка сауаты
Музыкалық тәрбие тек бір жүйемен үзбей үйрету негізінде ғана ойдағыдай
және жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Ән салу үшін, балалар оны мұғалімнің
орындауында ынта- ықыласпен тыңдап алуға тиіс, музыка сазын дәл меңгеріп,
ойда сақтауға, әннің мазмұны мен көңіл- күйін жақсы ұғынып алып, оны өзінің
орындауында басқаға жеткізе білуге тиіс. Дұрыс қойылған хор әні мектеп
оқушыларынан музыкаға белсенді қатынасуды, еріктілікті, есте сақтай білуді,
аңғарымдылықты талап етеді.
Музыка мен ән сабақтарының мазмұнына өзінің қарапайымдылығымен,
жинақылығымен, сүйкімді тартымдылығымен және үлкен мәнерлілігімен
ерекшеленетін халық әндері енгізіледі. Бұл әндер мектеп оқушыларына өз
халқының музыкалық тілін түсініп, көркемдік талғамын дұрыс қалыптастыру
үшін тамаша материал болуы мүмкін.
Балалардың басқа халықтар музыкасымен және әндерімен танысуының
сондай-ақ үлкен тәрбиелік мүмкіндігі бар. Музыка пәні мұғалімі тарапынан
дұрыс басшылық болса балалар басқа халықтар музыкасынан көркемдік
ерекшеліктерін түсінеді де бағалайды. Басқа халықтардың көркемдік даналығын
түсіну- балаларды көпұлттылық рухта тәрбиелеудің тамаша мектебі.
Ән салуды дұрыс жолға қойған кезде ол оқушы коллективін
ұйымдастырудың маңызды құралы болып алуы мүкін.
Әнді тамаша орындау- орындаушы коллективтің үлкен еңбегінің нәтижесі.
Ән салып үйрену жалпы үйлесімділік пен келісімділікті, жалпы эмоциялық
көтеріңкілік, көңіл- күйді талап етеді. Міне, осының барлығы балаларды дәл
түсіп топтастырады. Жақсылап орындау балаларға үлкен қанағаттанарлық
әкеледі. Осы қанағаттандықты бірге көріп, бастан кешіру коллективті
топтастырудың ең жақсы құралы болып табылады.
Мектепке келісімен баланың ойнау әрекеті үзіліп қалмайды, бірақ
басқаша сипат қабылдап, белгілі бағыт алады. Балаларды эстетикалық
тәрбиелеуде драматизациялар, инсценировкалар кеңінен пайдаланылады.
Әрбір оқушының ойнайтын рольдердің ауқымы мен мәні шамамен бірдей
болғанда , балалар көптеп қатынасқан ойын аса қызықты болады. Өлеңдері оқу,
драматизациялау, ән салу, музыка өз ара үйлесіп келіп отырылса, ертегілерді
инсценировкалау және әдеби- музыкалық композиция жасау мұндай
мүмкіншіліктерді бере алады.
Мұндай инсценировка мысалын В.А.Сухомлинский өзінің “Мектеп
оқушыларының рухани дүниесі” деген кітабында келтіреді : ертегі
оқығанда,ертегінің идеясын барынша айқын беретін оқиға туралы сөз болып
отырған сәтте, балалардың көз алдына олардың қаһармандары тиісті
костюмдерімен шығып ойнағандай болады. Бұл әдістің,- дейді автор,-
балаларға әсер еткені соншалық , тіпті олар ертегіде немесе әңгімеде сөз
болып отырған оқиғалар барысына өздері ықпал етуге тырысты”.
Балалар қоятын ойында жалпы ынтымақтылыққа жету мақсатын да
педагогтың алдын ала елеулі жұмыстар жүргізуі қажет. Оған инценировкада
барлық оқушылардың ұйымшылдығына, жинақтылығына, алаңсыздығына қол жеткізу
керек. Балаларды жиі де ұзаққа созылған репетициялармен ығыр етпеген жөн.
Қатысушы оқушылардың барлығы бірдей шығарманың мазмұнын, қатысатын
адамдардың мінез- құлқын, қандай эпизод болсын әрекет бағытын түсініп,
сезінгендерінің зор маңызы бар.
Жұмыс бастамас бұрын музыка пәні мұғалімі әрбір педагогтық әдістердің
мәнділігін ойластырып алады. Балаларды әрбір ойынға ұқыпты әзірлеу керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда балаларды қандай ойыны болсын табысты болмақ
деп жорамалдайтын кейбір мұғалімдердің көзқарасы зиянды болып табылады.
Драматизация мен инсценировка оқушылардың ақыл- ой өрісінің дамуына үлкен
әсер етеді : олардың сөйлеу қабілетін дамытады, оқушылар сабақтарда жақсы
оқитын бола бастайды, қызықты әңгімелер айтатын болады.
Сыныптан тыс жұмыс түрлерінің бірі би билеумен шұғылдану болып
табылады. Төменгі сынып оқушылар билеуге аса құштар. Би билеуде олар
өздерінің қозғалыстағы, әсерлері мен іс- қимылындағы өзгерістерінің табиғи
қажетін қанағаттандырады. Бұл ұмтылыстарын балалардың әдемі қозғалыстарымен
таныстыруға, оларды музыканы тыңдатуға үйрету үшін пайдалану қажет.
Би билеуге үйрету үстінде балаларды жалпы ұйымшыл, тәртіпті болу,
бірі- бірімен достықпен, әдепті түрде сөйлесе білу, педагогтың нұсқауын
ынта- ықыласпен тыңдай білуге талап етіледі. Осының барлығы тәртіптілікке,
мінез- құлық эстетикасын тәрбиелеуге әсер етеді.
Бастауыш мектеп балаларынң хоеографиялық оқуына, халықтық, көпшілік
және бал билерін, оңай ырғақты жаттықтыруларды, ойындарды үйрену енеді.
Биге үйретуді халық билерінен бастаған жөн, өйткені олар қозғалыс пен
образға бай, оларда ұлттық сипатты белгілер орын алған. Би билеу ойындарын
көрсету үлкен даму ықпалын тек орындаушыларға ғана емес, сонымен бірге
сахнада өтіп жатқан оқиғалардың барлығына терең толғаныспен сезініп отырған
көрермендерге қалдырады.
Осылармен бірге үйірме жетекшісі бұл оқудың балалар үшін қуаныштың
қайнар көзі болуына қамқорлық жасайды. Бұл музыканың сүйемелдеуімен ,
костюмдердің түр-сипаттарымен, оқуды өткізу барысында жасалған барлық
жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
Мынындай да жағдайды ескеруге тура келеді, би үйірмесіне жазылған
балалар барынша көбірек қуаныш, рахатқа бөленіп, қызыққа бату үшін келеді.
Оқушыларға мынаны түсіндіру қажет, би- нағыз өнер шығармасы, сондықтан оны
жасау үшін еңбек пен ұйымшылдық керек.
Оқудың маңызды бөлігі оқушылар үшін қол жетерлік көпшілік бал билерін
үйрену болып табылады. Оларды мектептің барлық оқушылары орындайды, сонымен
бірге үлкен тәрбиелік мәні бар. Оқуға билеу қозғалыстарын дұрыс да, сауатты
орындауды қамтамасыз ететін билеуге әзірлік элементтерін енгізген жөн.
2.2 Театр үйірмесі
Театр- сөз бен әрекет өнерін бейнелеу өнерімен, музыкамен және т.б.
біріктіретін синтетикалық өнер. Үйірмеге мүше мектеп оқушыларын театрдың
ерекшелігінен туындайтын алуан түрлі қызмтеке тарту олардың қабілеттерінің
әр тарапты дамуы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Театр үйірмесіндегі сабақтар қатысушылардан орындалатын туындыны
(пьесаны, инсценировканы, композицияны) ой жіберіп талдауды, пьесаны
идеялық- көркемдік түпкі ойына үңілуді талап етеді. Бұл сабақтар үйірме
мүшелерінің бойында олар ұғына алатын өмірлік құбылыстар, аумағын, адамдар
арасныдағы қарым- қатынастарды, тартыстарды, қылықтарды дұрыс идеялық-
эстетикалық тұрғыдан бағалауды қалыптастыруға көмектесуі қажет.
Театр – колективтік өнер. Спектакль – коллективтің творчестволық күш-
жігерінің жемісі. Театр сабақтары мектеп оқушыларынң колективизм, нағыз
достық пен жолдастықтың әсемдігін сезіну және бағалау қабілеті , өзіне және
басқаларға талап қойғыштық сияқты бағалы сапаларға тәрбиелей алады және
тәрбиелеуге тиіс.
Өздігінен әрекет ететін театр коллективіндегі барша ұйымдастыру
жұмысы мектеп оқушыларына өнермен шұғылдану дегеніміз тек жан сүйінер нәрсе
ғана емес, сонымен бірге еңбекте екенін, еңбек болғанда табандылықты,
өздерінің білімдерін үнемі кеңейтіп, шеберліктерін жетілдіре беруді талап
ететін творчестволық еңбек екенін аңғаруға көмектесу тиіс. Осымен қабат
үйірме мүшелерін алған білімдерін творчестволықпен кәдеге асыруға тырысуға,
қоғамдық белсенділікке тәрбиелеу керек.
Пьесаны саханада көрсету жөніндегі жұмыс театр коллектив сабақтарының
басты мазмұныны құрайды. Ол реалистік театр өнері принциптерінің негізіне
құрылады, бұл - жетекшінің алдында тұрған көркем- тәрбиелік міндеттерінің
бүкіл комплексін шешудің қажетті шарты.
Осы өнердің негізі ретіндегі сахналық әрекетпен практика жүзінде
танысудың жалпы тәрбиелік маңызы бар : ол оқушылардың творчестволық
мүмкіндіктерін дамытуға, оларды байқағыштыққа, зейінге, ерік сапаларына,
қиялдай білуге, творчестволық инициативаға, көркемдік ойдан шығаруға,
сөйлеу мәдениетіне эмоциялық сергек сезімталдыққа және басқаларға
тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Жетекші мектеп оқушыларына сахналық жағдайларда әрекет жасауға,
өздерінің шамалары келетін рольдер мен бүкіл пьесаның мазмұнын әрекет
арқылы және бірімен- бірін өзара әрекеті арқылы ашуға көмектесіп,
оқушылардың көркемдік ойдан шығаруға әуес, қиялдың көмегімен өзін ойдан
шығарылған қаһармандардың жағдайына қойғыш, осы қаһармандардың өміріне
белсенді түрде кірісіп кететін табиғи қасиеттері мен қабілетін дамытып
отырады.
Шын мәніндегі сахналық әрекет үнемі өмірге жүгініп отыруды, сахнада
болатын құбылысты өмірдегі дәл сондай құбылыстармен салғастыруды және
бағалауды талап етеді. Шәкірттердің сондай салғастыруларға деген ынта-
ықыласын дамытудың, олардың сахнадағы мінез- құлық шыншылдығының ,
боямасызыдығының критерийі өмір болып табылатынын саналы түсінуге
көмектесудің маңызы зор.
Сөзбен әрекет жасау шеберлігіне айрықша назар аударған жөн, өйткені
пьеса кейіпкерлерінің ойлары, сезімдері, қарым- қатынастары, талап-
талпыныстары, ең алдымен сөз арқылы ашылады. Сахнада да, өмірдегі сияқты,
сөз қарым- қатынас пен әсер ету құралы болып табылады. “Сөйлеу - әрекет ету
деген сөз” ( К.С.Станиславский)
Мектеп оқушыларынң бойында көркем сөздің образдық табиғатына мән
берушілік пен эмоциялық сергек сезімталдықтың дамуына мән берушілік пен
эмоциялық сергек сезімталдықтың дамуына барынша дем беріп отыру, олардың
текстің негізінде нақты көріністерді (көру елесі) жаңғыртып қайта жасауына
көмектесіп, қиялын ояту керек. “Табиғат былай: бізбасқа адамдармен сөзбен
қарым- қатынас жасаған кезде әуелі сөз болып отырған нәрсені көңіл көреміз
де, көрініп тұрған нәрсені жайлы содан кейін барып ғана айтамыз “(
К.С.Станиславский)
Театр туралы айтқанда жетекші үйірме мүшелерін олар түсіне алатын
формада реалистік театр өнерінің ерекшеліктерімен, оның түрлерімен және
жанрларымен, шетелдік және Отандық театр сахнасының бірқатар
қайраткерлерінің творчествосымен таныстырады; театрдың қоғамдық- тәрбиелік
ролін ашып көрсетеді.
Сахналық әрекетпен практика жүзінде танысуды ойын- жаттығулардан,
импровизациядан, этюдтерден бастаған жөн болады. Спектакльді әзірлеу
сияқты, этюдтік жұмыс процесі де шәкірттің рухани пішінінің қалыптасуына
әсер етеді. Сондықтан оқушыларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz