Советская интеллигенция



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық демократиялық интеллигенция өкілдерінің мәдениет саласындағы
қызметі.

Оразбекеова Роза Сүндетбекқызы

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Argpi@rambler.ru

ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің тарихы қазақ интеллигенциясы тарихымен
тікелей тығыз байланысты екендігі талассыз мәселе. Интеллигенция өзінің
табиғаты, болмысы жағынан өз халқының төл ұлттық мәдениетін жасаушы,
дамытушы, алып жүруші, әрі сыншысы және рухтандырушысы.
ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі күрделі саяси жағдай шет аймақтардағы
ұлттық интеллигенция өкілдерін де бейтарап қалдырмай, азаттық жолындағы
күрестің орбитасына тартты. Бірнеше ғасырлар бойы қазақ тарихы көршілес
Ресей тарихымен байланысты болғандықтан, ұлт интеллигенциясы қызметін
көрсету үшін жалпыресейлік саяси процесстерден, сол кезде орын алған
үрдістерден алшақ кетпей байланыстарған жөн.
Жалпы Ресейдің қоғамдық өмірінде интеллигенция ХІХ ғасырдың аяғы ХХ
ғасырдың басынан бастап елеулі рөл атқара бастады. 1897 жылғы санақ
мәліметі бойынша империя көлемінде жоғарғы білімділер немесе жоғарғы оқу
орындарында оқығандардың саны 140 мың, ал орта арнаулы білімі барлардың
саны 172 мың болған. Сонымен бірге, 1 млн 73 мың адамның жалпы орта білімі
болған. 1917 жылдың қарсаңында Ресейде әдебиет пен өнер қайраткерлерінің
саны небары 35 мыңдай болыпты. 1917 жылдың қарсаңындағы Ресей
интеллигенциясының нақты санын көрсетудің өзіндік қиындықтары бар. Атап
айтсақ, статистикалық мәліметтердің үзік үзік болуы, әрі дұрыс
айқындалмауы. Зертеуші О.Н.Знаменский 1917 жылдың қарсаңында
интеллигенцияның жалпы санын 500 мыңдай деп көрсетеді. Оның ойынша,
интеллигенцияның құрылымы да әр түрлі. Мынадай ірі кәсіптік топтары болған.
Мұғалімдер – 195 мың, жоғарғы оқу орыны студенттері - 127 мың, дәрігерлер -
33 мың, инженерлер мен адвокаттар - 20-30 мың, ғылыми қызметкерлер мен
ғылыми педагогикалық мамандар - 10,2 мың, әдебиет және өнер қайраткерлері -
15 мыңдай. Интеллигенцияның көпшілігі Петроград пен Москва қалаларында
шоғырланған.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Ресей империясында орын алған
қоғамдық-экономикалық қатынастардағы өзгерістер қазақ қоғамына да әсерін
тигізді. Қазақ халқында да ұлттық интеллигенцияның әр түрлі саласындағы
өкілдері пайда болып қалыптаса бастады. Кеңес заманында қазақтарда Қазан
революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген көзқарас орныққаны белгілі.
Ал, шын мәнінде тарихи шындық басқаша болатын. Ғалым Х.М.Әбжановтың
статистикалық мәліметтерге сүйеніп жасаған пікіріне сүйенсек, ХХ ғасырдың
басында қазақ өлкесіндегі қазақтардан 3 мыңдай адам мұғалімдік, 600 ге жуық
адам ауылшаруашылық мамандығын, 30 қазақ азаматы жоғары медициналық
мамандық алған.
Әрине, қазақ қоғамында интеллигенцияның өсу қарқыны қажеттіліктен әлде
қайда кенже қалды. Мамандардың жетіспеушілігі өмірдің барлық салаларында
ерекше байқалды. Әсіресе, мұғалімдер мен дәрігерлерге, ауылшаруашылық
мамадарына ел зәру болды. Халықтың білімге құштарлығын патша өкіметінің
ұстанған саясаты да тежеп отырды. Патшалық шет аймақтарда оқу ағарту ісін
халықтың жан жақты дамуы, жетілуі үшін емес, отарлық саясатты одан әрі
тереңдету үшін пайдалануды көкседі. ХХ ғасырдың басында Ресейдің Халық
ағарту министрі болған Д.А.Толстой: Біздің отанымызда тұратын барлық
бұратаналарды оқытудағы түпкі мақсатымыз оларды орыстандыру және орыс
халқымен мидай араластырып жіберу болып табылады деген екен.
Патша үкіметінің жергілікті жерлердегі наместниктері осы саясатты
мықтап ұстанды, тіпті бұдан да асып түсті. Мәселен, Орынбордың әскери
губернаторы Сухотелен өз ойын ашық айтқан. Ол Қазақтарды Европа халықтары
жеткен билікке көтеру тәрізді ниетпен мен әуре болмаймын. Мен қазақтардың
мәңгі малшы, көшпелі болып қалғанын, ешқашан егін екпегенін, ғылымды ғана
емес, тіпті қолөнерді де білмегенін жан тәніммен қалаймын деген.
Осындай көзқарастағы патша билеушілері қазақ жерінде білім беру
саласына немқұрайлы қарап, мардымды іс бітірмеді. Оны мына мысалдардың өзі
дәлелдейді. Патша үкіметі билік жүргізген соңғы он жылдықтарда білім беру
ісіне әр адамның басына шаққанда 6 сом 60 тиыннан ғана келіпті, яғни әр
жылда 8-9 тиыннан келген болып шығады. Қазан революциясына дейінгі
Қазақстанда халық ағарту ісіне бюджеттен бөлінген қаражат жалпы кірістің 1-
2 пайызын ғана құрайтын болған. Ал, керісінше бюджеттің 20-30 пайызы
полицияны қаржыландыруға жұмсалса, ал қаржының едәуір бөлігі отаршылдық
шенеуніктік аппаратты қаржыландыруға жұмсалды. Жалпы Қазақстан бойынша
білімге жұмсалған қаржы 1913 жылы бір адамға шаққанда 40 тиыннан аспаған.
Қазақ өлкесіндегі халық ағарту жүйесінің отаршылық сипатта болғандығын
оқу орындарының ұлттық сипаттынан байқалады. Мысалы, 1901-1907 жылдар
аралығында Торғай облысында ашылған мектептердің 365-і орыс, тек 51-і ғана
орыс қазақ мектептері болған. Революцияға дейінгі қазақ мектептері тарихын
зерттеген белгілі педагог ғалым профессор Т.Тәжібаев көптеген нақты
мәліметтерге сүйене отырып, мынадай қорытында жасайды. Қазақстан бойынша
мектептердің басым көпшілігі барлық халықтың аз ғана пайызын құрайтын орыс-
казактары мен орыс жұртының балаларына арналды.
Міне осындай жағдайда, - деп жазады ғалым М.Қойгелдиев, қоғамдық
күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш ұлттық
интеллигенция араласа бастайды. Негізінен метрополия оқу орындарында білім
алып, отаршылдық мемлекеттік басқару аппаратындағы қызметке және қазақ
арасында орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған зиялылар мұның бәрін
жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп өркендеуіне, ұлт
өмірін қайта құру мақсатына қызмет ете бастайды
Осындай қысылтаяң тарихи кезеңде қазақ оқығандарының елінің, халқының
болашағы үшін қоғамдық - саяси, мәдени қызметі басталды. Қазан төңкерісінен
кейін де қазақ интеллигенциясы ел ішінде мәдениетті дамыту, білім беру
жүйесін құру мен қалыптастыру ісінен тыс қалмады. Ұлт интеллигенция
өкілдері Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ елдің саяси, мәдени
өміріне белсене араласа бастады. 1919 жылғы Кеңес өкіметінің Алаш
қозғалысының басшылары мен саяси белсенділеріне берген амнистиясы (кешірім
жасауы) негізінде олар Қазақ АССР-і мен Түркістан АССР-інің әртүрлі
мемелекеттік органдарында жауапты қызметтер атқарды. Айтып өтетін жайт,
Алаш қозғалысының серкелерінің бірі Ә.Бөкейханов Кеңес өкіметіне өызмет
етуден бас тартады. Осы оппозициялық қылығы үшін өткен ғасырдың
жиырмасыншы жылдары оған буржуазияшыл ұлтшыл деген айып тағылып,
тергеулер жүргізілді, абақтыға отырды. Ақыры, 1922 жылдың күзінде Мәскеуге
жер аударылды. Себебі, Кеңес үкіметіне оның өз еліндегі зор беделі ұнамады.
Ә.Бөкейханов туралы көбірек тоқталып отырған себебіміз, өзіміз
байқағандай, ол шын мәнінде қазақ зиялыларының шынайы көсемі ретінде, қазақ
халқының рухани өмірінде өшпес із қалдырған біртуар көрнекті қайраткер. Ол
Мәскеуге келгеннен кейін КСРО Халықтарының Орталық Баспасының Қазақ
секциясына әдеби қызметкер ретінде жұмысқа орналасады. Ә.Бөкейхановтың
баспадағы қызметін жоғары бағалып, ол жөнінде бас редактордың орынбасары
Великовский былай деп жазады.: Гр. АүН.Букейханов служил с 1 декабря 1922
года по 1 октября 1927 года литературным сотрудником Казахской секции
Центрального Издательства СССР в Москве. В своей научной и литературной
деятельности в Центральном Издательстве гр. А.Н.Букейханов, наряду в
основательным знанием языка, хозяйства и быта казахов, проявил весьма
добросовестное отношение к возлагающимся на него обязанностям. Осы баспада
қызмет істеп жүріп шетел, орыс жазушыларының, атап айтатын болсақ.
Л.Н.Толстой, Д.М.Мамин-Сибиряк, В.Г.Короленко, Ги де Мопассан, Эзоптың
шығармаларын, мектеп оқулықтарын қазақшаға аударып басып шығарған. Қазақ
газет журналдарына көптеген мақала, зерттеулер жазып, жариялап отырған. Өзі
ұйымдастырып, Темірқазық атты мәдени-ағартушылық журналын шығарады.
Бірақ, журнал үш нөмірінен кейін, тиым салынып жабылып қалады. Осы баспада
қызмет істеген бес жылдың ішінде оннан астам оқу құралдарын, аудармаларын,
ғылыми зерттеулерін кітап етіп басып шығарған.
1926 жылы Ә.Бөкейханов КСРО Ғылым Академиясына жұмысқа шақыртылады.
КСРО Ғылым Академиясының академигі, одақтас және автономиялық
республикаларды зерттеу жөніндегі КСРО Ғылым Академиясы Ерекше Комитетінің
төрағасы А.Е.Ферсман Ә.Бөкейхановқа оның Ғылым Академиясының Қазақстан
жөнінде тұрақты сарапшы ретінде жұмысқа шақырылғандығын хабарлап, 1926 жылы
2 маусымда хат жазады. Міне, осыдан Кеңес өкіметінің Ә.Бөкейхановтың ғасыр
басында Қазақстанда болған Ф.А.Щебинаның экспедициясына қатысқандағы
тәжірибесін, білімін пайдаланбақшы болғандығын байқаймыз. Осы шақырумен ол
КСРО Ғылым Академиясының Қазақстанның зерттелмеген аудандарының бірі – Адай
уезі қазақтарының тұрмыс тіршілігі, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы басқа
да өзекті мәселелерді зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған антропологиялық
экспедициясына қатысты. Осы экспедицияның жұмыстарының қортындылары бойынша
ғылыми еңбек жазады. Ол Казахи Адаевского уезда деген атпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ағарту комиссариатының қорындағы қазақ зиялылардың көзқарасына қатысты құжаттар
Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары Республика зиялылары қызметін зерттеудегі дерек көзі
1931-1933 жж ашаршылық (өз ойым)
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Смағұл садуақасұлының өмірбаяны мен атқарған кәсіби қызметі
1917-1920 ж.ж Кеңес мемлекетіндегі мәдени құрылыс
Қазақ зиялыларының көзқарасына қатысты құжаттар
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Коммунистік Кеңестік Партиясы Орталық комитеті
Пәндер