Оңтүстік Африканың әлеуметтік дамуы


Әрқилы қоғамдарда қалыптасқан этностық қатнастарды салыстыру соқыр сенімдер мен кемсіту тарихи даму тұрпаттарымен қалайша байланысқанын көрсетеді. Бразилияны кейде ақтар мен қаралар арасындағы этностық күн ілгері пікірден ада ел ретінде ауызға алады, дегенмен, алда көретініміздей бұл оншалық дәл емес. Оңтүстік Африка, керісінше, - соқыр сенімдер мен кемсіту өрескел пошымға ие болған, қара нәсілді және ақ нәсілді халықты алалау заңмен белгіленген ел.
Он тоғызыншы ғасырдың ортасына, құл сату дәуірінің аяғына қарай Бразилияға 4 миллионнан аз - ақ кем құлдар әкелінді. Құрама Штаттарда бұл кезде бір миллиондай қара нәсілділер болды және әрқилы Африка мәдениеттерінің өкілдерін, әдетте, әр түрлі жерлерге жеткізіп отырды; ал Бразилияда бір жерде туып - өскен құлдар әдетте бірге ұсталды. Ослайша, олар өздерінің бірегей мәдениетін, Құрама Штаттарындағы бауырларынан гөрі, көбірек дәрежеде сақтай алатын еді. Бразилияда құлдар қожайынының мақылдауынсыз - ақ үйлене алатын, бір ғана шарт - құлдар бұрынғысынша қожайындарына жұмыс істей беруі керек; ерлі - зайыптылар бөлек - бөлек сатыла алмайды. Ақ нәсілді еркектер мен күңдер арасындағы сексуалдық қатнастар да сирек болмайтын. Олардың балалары көбіне бостандық алатын, кейде ақ нәсілді отбасының толық құқықты мүшесіне айналатын. Құлдық ресми түрде 1888 жылы жойылды, алайда одан көп бұрынырақ ақ нәсілділер бостан негірлердің болуына дағдыланып кеткен- ді.
Құлдық жойылғаннан кейін көптеген қара нәсілді бразилиялықтар қалаларға көшіп алды. Ол кезде олардың көпшілігі салыстырмалы түрде кедейшілікте тұратын, алайда ешкім оларды кәсіподақтарға кіру құқығынан айырған жоқ, ал кейбіреулер байлыққа да, билікке де жете алды. Бразилияда танымал мақал былай дейді: «Қара нәсілді бай - ақ нәсілді, ақ нәсілді кедей - қара нәсілді». Бұл арада Бразилиядағы салыстырмалы нәсілшілдік либерализм де, «ақ жүзділік» бәрібір біршама артықшылықпен ұқсастырылатын фактісі да өте дәл аңғарылады. Қоғамның барлық өрістеріндегі ең жоғарғы позицияларға негізінен ақ нәсілділер енді.
Бразилиялықтар ұзақ уақыт бойы өздерінің нәсілдік қатынастар жүйесіне шаң жуытпай келді, оның АҚШ-тағы неғұрлым қатаң жүйеден артықшылығын атап көрсетіп отырды, бірақ американ негрлерінің азаматтық құқықтар жолындағы күресі 1960-1970 жылдары бел алған кезде салыстыру енді Бразилия пайдасына болмай шықты. 1960 жылдардың басында Бразилия конгресі қоғамдық орындарға кемсітуге тыйым салатын заң қабылдады. Бұл АҚШ-тан келген қара нәсілді турист әйел Кэтрин Данэм өкіметке Сан Пауло қаласындағы мейманхана әкімшілігі оған номер беруден бас тартқаны туралы шағым жасағаннан кейін болды. Бұл заң, алайда, символикалық ишарат қана болатын, өйткені үкімет кемсітудің шынайы ауқымын анықтау үшін тұяқ қимылдатқан жоқ.
Бақылаушылардың көпшілігі мұндай кемсіту Бразилияда сирек екендігімен келіседі, дегенмен ақ нәсілді емес халықтың әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған үкіметтік бағдарламалар шамалы ғана. Бразилиялықтардың «ағаруға» сеніміне қара нәсілдердің бұрынғысынша негізінен қоғамның аса кедей қыртыстарына шоғырлануы кереғар. Соған қарамастан, Бразилия әзірге Құрама Штаттар тарихын көптеп өтетін оқтын-оқтын линчтеу мен нәсілдік толқулардан, сондай-ақ нәсілдік соқыр сенімдердің кез келген өрескел пошымдарынан аман.
Оңтүстік Африканың алғашқы еуропалық қоныс аударушылар голландықтар болды. Жергілікті халықтың еуропалық кәсіпорындарда істеуді қаламайтынына тап болған олар, континенттің басқа елдері мен голландиялық Оңтүстік Үндістаннан құлдардың үлкен топтарын әкеле бастады. Кейінірек Оңтүстік Африкада басым жағдайға британдықтар ие болды да, 1830 жылдары құлдықты жойды. Әу баста ақ нәсілдер мен байырға африкалықтарды бөлу, кейінірек пайда болғанындай, абсолютті емес - ті. Құлдық жойылғаннан кейін қаралар үшін оларға бұрын белгісіз салықтар енгізілді де, ол салықтар олардың талайын еуропалықтарға жұмысқа жалдануға итермеледі, ал жас африкалықтар салық төлеу үшін үйден тыс жерлерден жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Оңтүстік Африка экономикасының содан кейін дамуын анықтап берген «мигранттық еңбек» жүйесі қалыптасты. Көптеген африкалықтар алтын және алмас кеніштеріне жалданып, еуропалықтар тұрған жерлерден қашық арнайы қосындарда тұрды. Осылай бірте-бірте алалау қалыптасып, ол кейін заңмен бекітілді.
Апертеид (бөлек даму деген сөз) жүйесіне, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін енгізілген жүйеге сәйкес, Оңтүстік Африка халқы 4 «тіркеу тобына»бөлінеді: олар - еуропалық иммигранттардың 4, 5 миллион ақ нәсілді ұрпақтары, бір ғана «нәсілден» артық ортадан шығып «түрлі түстілер» аталған 2, 5 миллион адам, азиядан шыққандардың 1 миллионнан астам ұрпақтары және 23 миллион африкалық қара нәсілділер.
Оңтүстік Африканы басқа индустриалдық елдерден өзгешелейтін дәулет пен мүмкіндіктердегі орасан зор диспозициялар ғана және соншалық дәрежеде солар ғана емес - олар басқа елдерде де бар. Ең бастысы - ақ нәсілділер мен барлық қалғандарын бөліп тұрған заңмен бекітілген сұмдық және бәрін қамтитын айырмашылықтар.
Пьер Ван ден Берг Оңтүстік Африка қоғамындағы алалаудың негізгі үш дейгейін бөліп көрсетті.
- Микроалалау- қоғамдық орындарда алалау. Бөлек душ бөлмелері, күту бөлмелері, теміржол вагондар және басқа да қоғамдық орындар атқару үшін және басқалар үшін бөлініп қойылған.
- Мезоалалау- қала шеңберінде тұратын аудандарына қарай ақ нәсілділер мен басқаларды алалау. Қара нәсілділер арнайы бөлінген аймақтарда тұруға мәжбүр.
- Макроалалау- тұтас бір халықтарды белгілі бір аймақтарда - ұлттық резервацияларда тұруға мәжбүр ету үшін алалау.
Қоғамдық пайдалану орындарында бөлек қызмет көрсету орындары болуының апертеидті нығайту үшін орасан зор символикалық мәні бар. Алайда ол ақ нәсілді азшылықтың қара нәсілді халыққа саяси және экономикалық үстемдігін тікелей қолдап отыруды қамтамасыз етпейді. Іс жүзінде, соңғы жылдары микроалалау айтарлықтай төмендеді, өйткені Оңтүстік Африка үкіметі кемсітуді тоқтатуға бағытталған халықаралық қысымға құлақ асуға мәжбүр болды. Ақ нәсілділердің үстемдігін сақтау үшін алалаудың басқа тұрпаттарының маңызы әлдеқайда үлкен.
Оңтүстік Африка экономикасы үшін қалалар мен қала маңында тұратын миллиондаған басқа нәсілділердің жұмыс күшінсіз күн көру мүмкін емес. Бір кездері ірі қалаларда аралас аудандар болды, бірақ бірте-бірте қара нәсілділерді ақ нәсілділер ауданынан бірнеше миля жерден орналасқан «үлгілі кенттерге» барған сайын көбірек көшіре бастады. Мұның үстіне, миллиондаған адамдар қалалардан едәуір қашық жатқан «хоумленд» дейтіндерге қуып тығылды. Бұл аудандар орталық ақ үкіметтіғ жалпы қадағалауына бағынатын ішінара автономды мемлекет құқықтарын пайдаланды.
Хоумлендтер жеке аумақтар болады, оларда қара нәсілді көпшілік ақ нәсілді Оңтүтік Африкада айырылған саяси құқықтарға ие болады деп топшаланады. 1970 жылы қабылданған хоумлендтердегі азаматтық туралы акт шарттары бойынша ондай аумақтардың тұрғындары олардың «тәуелсіздігі» жарияланған күннен бастап автоматты түрде Оңтүстік Африкалық азаматтықтан айырылатын болды. «Қала маңындағы шетелдіктер» деп аталатындар үйелменімен хоулмендтерде тұрады да, күн сайын ақ нәсілді Оңтүстік Африканың «ұлттық шекарасын» кесіп өтеді. Хоумлендтер халқының 80 пайыздан астамы кедейшіліктің ресми белгіленген деңгейінен төмен күн көретіні есептеп шығарылған.
Апертеид бүкіл халықаралық қоғамдастық тарапынан айыпталады, Оңтүстік Африка республикасының өзінде де оған қарсылар көп болды. Ел ұзақ уақыт бойы экономикалық санкциялар объекті болды, ол санкциялар апертеид жүйесінің күнін қараң етуге тиіс болатын; Оңтүстік Африка бірқатар бүкіл дүниежүзілік спорт шараларына қатыстырылмады. Ішкі қарсылық секілді, халықаралық санкциялар да өзінің ықпалын жасады, бірақ, бәлкім, 1980-жылдары апертеид жүйесінің ыдырай бастауының бірінші дәрежелі себебі өкімет тарапынан енгізілген санкциялардан қорықпай батыл қимылдаған қара нәсілді халықтың қарекеттері болған шығар; мысалы, көптеген адамдар жұмыс іздеп, заң тиым салатынына қарамастан қалаларға ағылды.
1990 жылы президент де Кларк бұрын жасырын жағдайда немесе қуғында болған Африка Ұлттық Конгресінің (АҰК), Коммунистік партияның және басқа бірқатар оппозициялық топтардың қызметіне қойылған шектеулерді алып тастады. 1962 жылдан қамауда болған АҰК лидері Нельсон Мандела абақтыдан босатылады. Қазір жаңа конституция қабылдау мәселесі тұр, ол ел тарихында тұңғыш рет әркімге дауыс құқығын береді. 1992 жылы наурызда ақ нәсілді сайлаушылар арасында жүргізілген референдум, олардың басым көпшілігі сондай реформа жасауды жақтайтынын көрсетті. Алайда, күш қолданамыз деп қоқан-лоққы жасайтын ақ нәсілділердің консервативтік топтарының тарапынан күшті қарсылық та бар. Қала маңындағы қара нәсілді мекендерде де зорлық сирек нәрсе емес, сондықтан қара нәсілді көпшіліктің билеп-төстеуімен өтетін елдің болашағы, оның өткені секілді, айқай - шуға толы болатындай елестейді.
Төмен тап ұғымы жеткілікті қайшылықты. Идеяның өзі 1970-жылдардағы зерттеулермен байланысты пайда болды, ол зерттеулердің барысында Ұлыбританияда және басқа елдерде этностық азшылықтар экономикалық даму мүмкіндіктерінде едәуір несібесіз қалғандығы анықталды. Мәселен, 1979 жылы Бирмингемнің Хэндсуорт ауданында жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жарияланған еңбекте мынандай қорытынды жасалды: ақ нәсілді еместер ақ нәсілділермен салыстырғанда еңбек базарында сапасы жағынан өзге жағдайға тап болады, оның баспанасы нашар және оқыту пошымдары да төмен.
Зерттеулердің авторлары мұндай жағдайды барлық несібесіз топтарға тән проблемаларды шиеленістіре түсетін нәсілдік соқыр сенімдер мен кемсітудің салдары деп санайды. 1980 - жылдары бірқатар зерттеушілер әлеуметтік жүйенің төменгі қабаттарында әлдене «кедейшілік мәдениеті» қалыптасатыны дәлелденуіне байланысты төмен тап ұғымын пайдалана бастады. Аталмыш мәдениет қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануға қабілетсіз индивидтерді туындатады. Олар мемлекеттің садақасымен күн көруге үйренген, ылғи да тәуелділікті еңсеру үшін қажет инициативасы жоқ «саржамбас» вэлфершілерге айналады. Осылай түсіндіру Құрама Штаттарда да, Британияда да кеңінен етек алды.
Көптеген сыншылар белгілі бір топтардың өздері төл несібесіздігінің қайнар көзі болып табылады деген тұжырыммен келіспей, төмен тап ұғымы өзін өзі әшкереледі дей бастады.
Дегенмен төмен тап ұғымы біртұтас болып көрінеді, өйткені таптық бөлініс пен этностық кемсіту арасының тоңысатын өрісін белгілеп қою мүмкіндігін береді. Төменгі тап пен жұмысшы табының қалған бөлігінің арасында абсалютті шек жоқ, нәсілдік нышанға сәйкес келу де толық емес, бір ғана әкесі, не шешесі бар жұмысыз отбасылардың бір бөлігі және зейнетақысы төмен зейнеткерлер де нақ сол құрылымдық позицияда.
Соған қарамастан «төмен тап» ұғымы дәл анықтамаға мұқтаж. Аталмыш категория бір текті емес және үстіріт қорытылауға көнбейді. Мысалы, төменгі таптың қалыптасуы мен қылмыстылықтың белгілі бір текті емес және үстірт қорытындыларға көнбейді. Мысалы жағдай үшін төмен таптың қалыптасуы мен қылмыстықтың белгілі бір пошымдарының арасында байланыс бар. Мұндай жағдай үшін төмен таптың барлық топтары кінәлі еместігі айдан анық. Ал кедейшілік мәдениеті ұғымына келсек, одан жай ғана бас тарту керек. Енжар тәуілділіктен гөрі, « қарсылық мәдениеті» туралы айтқан жөн секілді, өйткені ұлттық қоғамдастық өміріне саналы түрде қосылуға кең мағынасында кедергі жасалады, өзге мәдени пошымдар пайда болады, олар автономия мен өзін білдіру мүмкіндігін береді. Мұндай кедергі жасауда нәсілшілдік өзекті рөл атқаратын қазір барша мойындаған. Төмен таптың өзіндік ерекше ахуалының негізгі себептерінің бірі нәсілшілдік болып табылады деген тұжырыммен қазір көптеген ғалымдар келіседі.
Нәсілшілдік құрбандары үшін үйреншікті несібесіздіктер, атап өтілгендей, қалалардың орталық аудандарының азып тозуына жәрдемдеседі және сонымен бір мезгілде соның салдары болып табылады. Бұл арада нәсіл, жұмысыздық және қылмыстылық арасындағы төте ықпал байқалады, оның шоғырланар тұсы қара нәсілді жас еркектердің жағдайы.
Алайда, қара нәсілді жастардың көпшілігінің тәдірибесі олардың көзін мынаған жеткізеді: олардың өзі ақ нәсілдерділерімен, өкінішке қарай, көбіне полициямен қақтығыстарда, зорлықшыл қанау объектілері болып табылады.
1. Этностық топтың негізгі өзгешелеуші нышаны - оның мүшелерінде сол топты басқа халықтан өзгешелейтін ортақ мәдени белгілердің болуы. Этностық айырмашылықтар, кейде олар «табиғи» айырмашылықтар секілді қабылданатындығына қарамастан, толығымен жүре біткен айырмашылықтар болып табылады.
2. Азшылық (ұлттық азшылық) - мүшелері аталмыш қоғам халқының көпшілігі тарапынан кемсітуге ұшырайтын топ. Ұлттық азшылық мүшелері ішінара оқшаулардың ортақ тәжірибесінен туындайтын аса күшті топтық ынтымақ сензімін жиі бастан өткереді.
3. Нәсіл ұғымы физикалық сипаттамалармен, мысалы, аталмыш қоғамдастықтың мүшелері этностық тұрғыдан маңызды деп бағалайтын, яғни өзіндік ерекше мәдени сипаттамаларды бейнелейтін терісінің түсімен байланысты. Нәсілдер туралы кеңінен таралған түсініктердің көбісі - мифтен өзге түкте емес. Адамдарды нәсілдер бойынша бөлудің анық нышандары жоқ.
4. Нәсілшілдік - кісі мен тәртіптің туа біткен сипаттамаларын белгілі бір физикалық келбеті бар индивидтерге жалған телу. Нәсілшіл - физикалық бітімі өзіндік ерекше айырмашылықтары бар адамдарға тән болады-мыс делінетін кемістіктерге биологиялық түсінік беріле алады дегенге сенетін адам.
5. Алмастыру және ашуын алуға болатындарды іздестіру дегеніміз соқыр сенімдерге және кемсітуге байланысты психологиялық механизмдер. Алмастыру кезінде дұшпандық сезімдер мазасыздықты немесе аландаудың нақты себебі болып табылмайтын объектілерге бағытталады. Адамдар өздерінің қауіптенуі мен қорғансыздық сезімдерін ашуын басатындарға проекциялайды. Соқыр сенімдер - индивид немесе топ туралы күн ілгері қалыптасқан пікір; кемсіту топ мүшелерін басқалар үшін анық мүмкіндіктерден айыруға бағытталған шын тәртіп.
6. Этностық нұсқауларды балалар құйттақандайынан ұғынады, мысалы, олар ақ нәсілділер туралы артық жаратылғандар, қаралар туралы - төмендегілер деп ойлауға үйренеді.
7. Этностық қатынастардың ықтимал дамуының үш моделі туралы айтуға болады. Біріншісінде ассимиляцияға ден қойылады, екіншісі - «балқытушы қазан» моделі, үшіншісі - «мәдени плюрализм». Соңғы жылдары соңғы перспектива ерекше маңызға ие болды, оның шеңберінде әрқилы этностық ортақтастықтар баршаға бірдей ұлттық мәдениет тінінде бірдей маңызға ие болады.
Жоспар:
- Бразилиядағы этностық қатынастар.
- Оңтүстік Африканың әлеуметтік дамуы.
- Этностық тиесілілік және төмен тап.
- Полицияның қара нәсілді әйелдерге көзқарасы.
- Еуропа континентіндегі этностық қатынастар.
- Қорытынды.
Инсанияттың сезім саласындағы прогресс және өзгермейтіндік проблемасы бойынша пікірталастар көп болады. Өтіп бара жатқан ғасырдың аса көрікті авторларының бірі Бокльдің былай деп өткені белгілі: нағыз мінсіз де асқақ этикалық принциптер ең ежелгі қоғамдардың өзінде белгілі болып, жарияланады; ол сондай − ақ адам қоғамдарының прогресі инсанияттық емес, тек қана дерлік интеллектуалдық және ғылыми процес деп санады. Эволюцияшылар мектебінің толып жатқан өкілдері принципінде өзге тұжырымдарға тоқтайды: олар инсанияттық сезім тіршілік үшін күрес арқасында ұдайы ілгерілей алады және ілгерілеуге тиіс, өйткені кез − келген қоғамда негізінен альтруистік сезімдері басқалардан артық индивидтер тірі қалады, себебі олар − әлеуметтік организмнің ең пайдалы элементтері; ал әр қилы қоғамдардың арасындағы күресте осындай сезімдегі адамдары көбірек қоғам жеңіске жетеді деп топшылайды. Біз екі доктринаны да қысқаша талдап шығамыз, сонда олардың бірде − бірін ғылыми түзілімнің берік негізі ретінде қалыптастыруға болмайтынын көру қиынға түспейді. Біздің талдау, бүгінге дейін ең кең таралған екінші доктринадан басталады.
Тіпті егер бұл арада, біз осынау кітаптың бірінші тарауында жеткілікті айқын көрсетілді деп үміттенетін нәрсе, − адамдар қоғамында мәдениеттің ең алғашқы және ең қарабайыр сатыларынан бастап, тіршілік ету үшін күресті негізінен біріншілік позитивистер сатысына жатқызатындар айтып жүрген, оларға сенсек кез келген топта: дамудың жоғары деңгейіне жеткен топта да, жай ғана күн көру сатысында тұрған топта да, неғұрлым инсанятты және неғұрлым альтурист индивидтер неғұрлым қолайлы жағдайда болады мыс деген қағида парадокс болып көрінеді. Біз қабылдай алатын әрі ықыласпен қабылдайтын қағида − инсиняттық сезімнен титімдей ештеңе бұйырмаған және өзінің пиғылын жақсылап жасыруға қабілетсіз басқа адамдардың ұнатпауы мен жек көруін туындататын индивид, әйтсе де осынау кең пейіл дүниеде әдебиеттегі, ғылымдағы және саясаттағы табыс кей−кейде инсинят сезімінен абсолютті жұрдай адамдарға үйірсек.
Сонымен кез келген қоғамда эволюция және жақсыларды табиғи сұрыптау делінетін нәрсе, тіршілік үшін күрес деп түсіндірілетін нәрсеге бәрінен жақсы сай келетін моральдың орташаландырылған түрлерінен орнықты қолдап отырумен және таратумен аяқталар еді; ал біріншілік деп атау әлдеқайда дұрысырақ болатын тірі қалу, әлеуметтік орта атаулы да моральдық түрғыда тамаша орташалық болып шығатын құбылыстарды сақтауға қолайлы болуға тиіс болар еді.
Осыған қарамастан эволюцияшылдар теориясы, тіпті осы елеулі түзетулерге қарамастан қолданыла алады деген әсер қалыптасуы мүмкін, өйткені онда инсаняттық элементтері бері салғанда индивидтердің өздерінің алдына қоятын мақсатттарға қол жеткізуінде табысқа ие болуына немесе сәтсіздікке ұшырауына басқаларынан гөрі үлкен шамада ықпал ететін маңызды фактор саналады. Мақсаткерлік, өз күштеріне сену және ең алдымен төл қаншама ілгерлей алатынына баға бергіңіз келсе, онда, әлбетте, тек бір өлшемді пайдалануға болмайды, бірақ негізгі өлшемді көзден таса қылмай, оның қаншалық белсенді екендігін және өзінің белсенділігін қаншалық жақсы пайдалана білетінін көруіміз керек. Нақ осы әлеуметтік құбылыстарды тек биологиялық жолмен және индивидуалдық психология деңгейіндегі өзгерістермен түсіндіруге болмайтынын көрсетеді.
Бокльдің көзқарасы біздің көзқарасымызға неғұрлым жақын болғанымен оған бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізу керек. Сонау ежелгі қоғамдардың өзінде біз жоғары инсаняттық сезімдерді көрсететін моральдық ережелерді кездестіретініміз шынында да рас. Мәселен, Египет перғауындарының он екінші әулетті басқарған кезеңге жататын папирустарда, християндық және будистік моральмен бірдей дерлік моральдық өсиетттер жазылған. Грек - рим мәдениетінің өкілдері ретінде платониктер мен стоиктер ежелгі еврей мәдениетінің өкілдері ретінде эссендер, ең жоғары моральды көптеген қолдаушылардың тек кейбіреулері ретінде қарастырыла алады. Олардың екеуіде сондай - ақ жақсы істерде тындыра алады, бірақ бұл орайда өркениятты ересек адам қабілетті әдептілік мен ұстамдылықты және саналы жанқиярлықты көрсете алмайды.
Бірақ өркениятты адамды жабайыдан тек оның моральдық және бейморальдық инстингтерінің неғұрлым ұшталған көріністері ғана ерекшелемейді. Көптеген ғасырлар бойы берік саяси ұйым жағдайында дамыған ежелгі мәдениет қоғамдарында бейморальдық инстингтерді жаныштау, басқаша айтқанда, қылмыстық құқықтың кейбір мамандары тежеуші импульстер деп атай алатын нәрселер, әлде қайда табысты жүзеге асырылады, және дағдылы нормалар мәніне ие болады. Барлық дерлік адамдар, егер олар өмірлік маңызды мақсаттарды көздемесе және нәпсіге берілмесе, онда әлде бір қылық, өздері өмір сүретін қоғамда барша қабылданған әділеттілік сезіміне сай келмейтінін жақсы түсінеді; әйтсе де, дау жоқ көпшіліктің тіпті сондай қарекетті нәпсінің немесе күшті өмірлік сарынның ықпалымен жасай алатын кездері де болуы мүмкін.
Сонымен, неғұрлым өркениятты қоғамда тек моральдық инстингтер ғана емес, эгоистік пиғылдар да неғұрлым ұшталған, неғұрлым түсінілген және неғұрлым мінсіз бола түседі. Кез келген қоғамда біз, ешқандай әлеуметтік тәртіпке бағынуға құлықсыз адамдардың кейбір мардымсыз тобын әрқашан таба аламыз; бірақ сол қоғамда дұрыс жолдан тайдырмау үшін жасалған кез келген тұмылдырық қажет болмайтын, табанды мінезді, өте саналы адамдардың біршама саны болатыны да рас. Осынау екі полюс арасында орташа саналы адамдардың орасан басым көпшілігі орналасқан.
Көпшілік үшін, нақты өмірде кездесетін, инсатияттық нормаларды бұзуға итермелейтін мыңдаған азғыруға ермеуге көмектесетін нәрсе дәл осы.
Инсанияттық сезімінің осы тәртібін басқаратын әлеуметтік механизмдер біз заңгерлік қорғау деп аталатын нәрсені құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz