Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы жалпы түсінік


ЖОСПАР:
І. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы жалпы түсінік
ІІ. Азаматтық туралы
ІІІ. Адамның жеке басының бостандығы мен қадір-қасиеті
ІV. Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар
V. Саяси құқықтар мен бостадықтар
VI. Азаматтардың конституциялық міндеттері
Адамның кұқықтары мен бостандықтарына жататын құқықтық нормалар мен ережелер халықаралық құқықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарына арналған халықаралық-құқықтық құжаттар жекелеген мемлекеттердің зандарына игі ықпалын тигізіп отырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жарғысында «азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің құрметті борышы мен міндеті болып табылады деп жарияланған. Осы Жарғыға сәйкес әрбір мемлекет өз аумағында тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ешқандай да кемсітушілікке жол бермеуге тиіс.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей декларация қабылдаған болатын. Декларацияның ережелерін үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа адамдардын табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Бұл - өмір сүру құқығы, жеке басының бостандығы, кұлдықтан азат болуы, адамды азапқа салуға қаталдық көрсетуге, немесе намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне кол сұғу әрекеттеріне тыйым салу, арына, жеке басының абыройына, мекен-жайына қол сұғылуына жол бермеу. Екінші топқа азаматтықпен байланысты ережелер жатады. Бұлар - азаматтық алу, емін-еркін жүріп тұру және тұрақты тұратын жерін тандап алу, некеге отырып, отбасын кұру, меншік иесі болу, баспана алу, ұждан бостандығына ие болу, бейбіт жиналыстар, демонстрациялар. өткізу, мемлекет істерін басқаруға қатынасу құқықтары. Үшінші топқа экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар - еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс тандау, еңбекке сый ақы алу, кәсіптік одақтарға бірігу, демалу, білім алу, адамға лайық өмір сүру құқықтары.
Адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия маңызды рөл атқаратын болады. Бұл комиссия адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жөнінде Президентке және комиссияның өзіне жолданған хаттарды қарайды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің және қорғаудың жөн-жобасын жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді. Бұл міндетті орындау үшін комиссия органдар мен лауазымды тұлғалардан адам құқықтарын корғаудың жайы туралы қажетті мәліметтер, құжаттар мен материалдар сұратып ала алады, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер бойынша өзінің мәжілістерінде лауазымды тұлғалардың хабарларын тындай алады.
Осы мәселелерді қарастыра келіп, комиссия адам құқықтарын қорғаудың жайы туралы корытынды қабылдайды, адам құқықтарының бұзылуын жою туралы ұсыныстар әзірлейді; сонан соң ол материалдарды Президенттің назарына жеткізеді. Сол арқылы адам құқықтары жөніндегі комиссия Президенттің адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін конституциялық мәртебесін жүзеге асыруға көмектеседі. Конституция ережелерінің көпшілік бөлігі (98 баптың 30-ы) адам мен азаматтың кұқықтары мен бостандықтарына арналған.
Шын мәнісінде Конституцияның көптеген басқа баптарында да адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы, адамдардың оларды пайдалана алуы үшін кажетті кепілдіктер жасау туралы айтылған.
Адам мен азаматтың Конституцияда жазылған құқықтары мен бостандықтары олардың мемлекеттегі, қоғамдағы жағдайын анықтайды. Азаматтар сол құқықтар мен бостандықтарды тек өз мүдделері үшін ғана пайдаланбайды. Мәселен, адамдар алған білімдері арқылы тек өздеріне ғана емес, қоғамға да пайда келтіреді. Еңбек ету бостандығын пайдалана отырып, азаматтар тек өздері үшін ғана тіршілік құралдарын таппайды, сонымен бірге қоғам үшін материалдық және рухани байлықтар жасайды. Саяси құқықтары мен бостандықтарын белсенді түрде пайдалана отырып, азаматтар мемлекетте демократияны дамытуға ықпал етеді т. т. Осындай себептерден азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толымды түрде пайдалана алуына мемлекеттің өзі де мүдделі болуға тиіс.
Көп ұлтты мемлекет жағдайында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы кейде әр түрлі ұлт адамдарының теңдігін бұзғандық ретінде қабылданады. Өйткені ұлттық сезімдер өте нәзік келеді де, кісі жеке өз басының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын оның ұлттық қадір-қасиетіне нұқсан келтіру деп қабылдауы мүмкін. Адамгершіл, кұқықтық сипатта болғысы келетін мемлекет мұндай нәрсеге жол бермеуі керек.
Мемлекет адамдарды жынысына, әлеуметтік тегіне, нанымына, лауазымдық жағдайына т. б. белгілеріне қарап алаламайды. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Конституциясында мынадай өте маңызды ереже жазылған: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» (14-бап) .
Конституцияда, жоғарыда айтылғандай, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары жазылған. Соларға сүйене отырып, конституциялық және жай зандар, басқа да нормативтік актілер мемлекеттік, қоғамдық және жеке өмірдің барлық салаларындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым егжей-тегжейлі және нақтылы баянды етеді.
Азаматтық туралы
Конституцияның екінші бөлімі азаматтыққа байланысты негізгі мәселелерге арналған. Конституцияның мына төмендегі ережесі азаматтықтың айырықша маңызы бар өзекті ерекшелігін білдіреді: «Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды» (10-бап) .
Кеңестік конституциялар азаматтықтың мызғымайтындығы туралы мәселені орағытып өтетін. Өйткені ол кезде азаматтықтан айыру дағдысы кең көлемде етек алған болатын. Егер біреу маркстік идеологияны, Коммунистік партия мен кеңес мемлекетінің саясатын сынайтын болса, оған «халық жауы», «диссидент», «бөгде ойлы адам» деген таңба жапсырылып, азаматтығынан айырылатын. Мұндай дағды, халықаралық кұқық нормалары тұрғысынан қарағанда, адам құқығын өрескел бұзу болып саналады. Өйткені адамды өз мемлекетінің азаматтығынан айыру, оны туған елінен аластау - табиғатқа жат кұбылыс. Адамның өз елінде тұруы - табиғи құқығы. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы кісіні азаматтықтан айырып, Отанынан қуып жіберуге тыйым салады. Сонымен бірге мемлекет аумағынан тыс жерлерде тұратын азаматтары туралы камқорлық білдіріп, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап отырады.
Мемлекет органдарының Қазақстан Республикасының азаматын шетелдік мемлекеттің талап етуі бойынша ұстап беруге хақылары жоқ. Қазақстан Республикасының азаматы шетелдік мемлекетке мына жағдайларда ғана ұстап берілуі мүмкін, егер: 1) Қазақстан мойындаған халықаралык-құқықтық актілер бойынша ұстап беруге негіздер бар деп анықталған болса; 2) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарты бойынша ұстап беруге негіз бар деп анықталса.
Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік негізін онымен тұрақты түрде саяси және құқықтық байланысы бар азаматтар құрайды. Белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қосарлы азаматтық деп аталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика азаматының басқа бір мемлекетке азамат болғанын мойындамайды. Соған қарамастан, азаматтықтың пайда болуы жөніндегі әр түрлі мемлекеттердің әр түрлі көзқарасына байланысты қос азаматтық пайда болуы мүмкін. Қазақстанда Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары соның азаматы деп танылады. Ал АҚШ-та ата-аналарының азаматтығына қарамастан сонда туған адамдардың барлығы АҚШ азаматы болып есептеледі.
Екінші азаматтық жұрттың бәріне бірдей беріле бермейді. Оған елеулі себептер бар. Мемлекет ең алдымен өзінің азаматтарына қамқорлық жасауға тиіс. Егер мемлекетте қос азаматтығы бар адамдар көп болса, онда ол басқа мемлекетті Отаным деп есептейтін адамдардың ауыр қамытын арқалаған болар еді. Мемлекетті басқару ісіне тек оның өз азаматтары ғана қатынасады. Бұл жағдай халықаралық-құқықтық құжаттар арқылы танылған. Ал қос азаматтығы бар адамдар, айталық, парламент депутаттығын сайлауға қатынасқан немесе өзінің кандидатурасын парламентке ұсынған жағдайда өзін-өзі екіұшты жағдайға қойған болар еді. Өйткені олар әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі мемлекеттің азаматы болып шығады; сонда олардың мүдделері бір-біріне қайшы келіп қалуы мүмкін. Ондай жағдайда мынадай мәселе туындайды: осы екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын азамат қайсысының жағында болуы керек. Тағы бір маңызды мәселе - әскери қызмет. Бипатрид (қос азаматтығы бар адам) өз Отанын қорғауға міндетті. Ал егер өзі азаматы болған екі ел бір-бірімен жауласар шақ туса, сонда ол осы екі елдің қайсысының жағына шықпақ? Қайсысын қорғамақ? Мұндай жағдай қос азаматтыққа елеулі түрде нұқсан келтірері сөзсіз. Ақырында, қос азаматтық әр адамның өзінің жеке басына ыңғайсыз.
Қазақстан Мемлекеті өз азаматының құқығы мен бостандығын қорғауға міндетті. Қандай адамдар Қазақстан Республикасының азаматы бола алады?
«Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы заңы» бойынша: осы Заң күшіне енген 1992 жылғы 1-наурыздан бастап есептегенде тұрақты түрде тұратын азамат заң бойыңша Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Азаматтықты куәландыратын құжат куәлік пен төлқұжат болып табылады. Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы әкесі мен шешесінің біреуінің төлқұжатымен және өзінің туу туралы куәлігімен расталады. Егер азамат Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрса, оның азаматтығы жойылмайды. Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқадамдар өзінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданады. Азаматтық алу үшін Қазақстанда кемінде бес жыл тұрақты түрде тұрған болуы тиісті. Қазақстан азаматының жақын туысқандары өтініш берісімен-ақ Қазақстан азаматтығына қабылданады. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішке шешімді Президент қабылдайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш берген адамдардан өтініш мынадай жағдайларда қабылданбайды:
- халықаралық құқықта қаралған адамзатқа қарсы қылмыс жасағандар;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққандар;
- Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын бұзуға шақырғандар;
- халықтың денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі туралы заңды бұзғандар;
- мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділік отын тұтатқандар;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің атқаратын жұмысына қарсы шыққандар;
- террористік қылығы үшің сотталғандар;
- сот ерекше қауіпті деп таныған рецидивистер (яғни, әлденеше рет ауыр қылмыс жасағандар) ;
- басқа мемлекеттің азаматтығы барлар.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар, егер бұл азаматтықтан айрылса, ондай адамның азаматтығы тоқтатылады. Белгілі бір жағдайларда азаматтықтан шығарылуға рұқсат берілмеуі де мүмкін. Егер азамат Қазақстан аумағындағы, мемлекет алдындағы немесе мүліктік міндеттердегі, мекемелердегі, кәсіпорындарыңдағы, қоғамдық бірлестіктердегі міндеттерін орындамаған болса, азаматтықтан шығуға рұқсат етілмейді. Егер азамат кінәлы болып жауапқа тартылса, сот үкімі бойынша сотталған мерзімін етеп жүрсе, азаматтықтан шығарылмайды. Егер азаматтың мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіретін мәліметтері болса (мысалы, мемлекеттік, әскери құпияны білсе), ондайлар азаматтықтан шығарылмайды.
Мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтығы жойылады: 1) егер азамат басқа мемлекеттің заң қорғау органдарына, полициясы мен сот мекемелеріне және басқа да мемлекеттік өкімет органдарына қызметке орналасса; Қазақстан азаматтарына мемлекетаралық шарт бойынша мұндай қызметке рұксат етілуі де мүмкін; 2) егер азамат жасанды құжат бойынша немесе жалған мәлімет бойынша азаматтық алған болса. Мемлекетаралық шарттар бойынша да азаматтықты жою негіздері қарастырылады.
Қазақстан ашық мемлекетке айналды, шетелдік азаматтар мұнда уақытша немесе тұрақты тұруға келеді, олар Конституция және басқа зандар бойынша барлық құқықтар мен бостандықты және белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті. Шетел азаматтарының құқығы Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан шарттары негізінде қаралады. Қазақстан азаматы емес адамдардың құқықтары мен бостандықтары біршама шектелген. Олар әскери кызмет өтемейді, кейбір мемлекеттік қызметке алынбайды (милиция, сот, прокуратура т. б. ) .
Адамның жеке басының бостандыгы мен қадір-қасиеті туралы
Адамның жеке басының қоғамдағы жағдайы - мемлекеттің даму деңгейін білдіретін көрсеткіш. Адамның өмірі, бас бостандығы, қадір-қасиеті - ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы. Сон-дықтан Конституция және басқа зандар азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Егер өзінің өміріне, денсаулығына, қадір-қасиетіне қауіп төнетін жағдай болса, әрбір адам мемлекеттік органдардан қорғаныс іздеуге, заң бойынша көмек сұрауға құқылы. Жоғарыда айтылғанындай, осындай жағдай үшін қызмет атқаратын арнайы органдар бар. Әрбір адам, сондай-ақ өзінің құқығы мен бостандығының бұзылғаны жөнінде қорғаныс іздеп, Президенттің өзіне шағым етуіне болады. Ешбір мемлекеттік органның, ешбір лауазымды адамның азаматтың құқығына заңсыз қол сұғуына жол берілмейді. Мұның өзі адамның бостандығы мен құқығы шектелсе, оған кімнің кінәлы екендігі, қандай құқық бұзушылық болғандығы дереу хабарлануы тиіс.
Адамның ең қарапайым да табиғи құқығы өмір сүру құқығы болып табылады.
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, оңдай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі» (Конституцияның 15-бабы) .
Өлім жазасы ерекше жағдайларда ғана адамды қасақана кінәсын ауырлататын жағдайда өлтіргені үшін, аса қауіпті деп танылған адамдарға колданылады. Сот жасалған қылмысқа байланысты жағдайларды жан-жақты салмақтап, кылмыскерге мейлінше толық, шынайы сипаттама беріп, үкімді егжей-тегжейлі дәлелдеу қажет. Сот қылмыскердің ақыл-есінің дұрыстығын да анықтауы тиіс. Ақыл-есі дұрыс емес адамға жаза қолданылмайды.
Өлім жазасына кесілген адам Қазақстан Республикасының Президентіне кешірім сұрап шағым етуге құқығы бар. Кешірім сұраған өтінішін қарағанда қылмыскердің қандай адам екендігі, бұрын сотталған-сотталмағандығын, жасы, отбасылық жағдайы, басқа да жағдайлары егжей-тегжейлі ескеріледі.
Адамның жеке басының қол сұғылмайтын құқығын Конституция қорғайды. «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (Конституция, 17-бап) .
Занда адамның жанын қинайтын, адамшылық қасиетін қорлайтын қимылдар жасауға үзілді-кесілді тыйым салынады. Азаптаудың түрлері ұрып-соғу, соққыға жығу, қинау, денеге зақым келтіру сияқтылар болмақ. Ал қорлау жеке басты масқаралау, ұлттық кадір-қасиетіне тіл тигізу жағдайында да болуы мүмкін. Милиция қызметкерлері, прокуратура күдікті адамдарды әралуан әдістермен анықтап, куәлерді, экспертті жұмылдыра отырып, жауапқа тартады.
Заң әрбір адамды басқа біреудің күш көрсетуінен қорғап отырады. Егер әлдебіреу адамды бостандықтан айырғысы келсе, ол жауапқа тартылады. Ал мұндай әрекет күш жұмсау тәсілімен (жеке белмеге қамау, жындыханаға орналастыру т. с. с. ) немесе күш жұмсауды қолдануды ескерту тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін. Егер адам қылмыскерді ұстау мақсатында немесе оны тәртіп қорғау органдарына беру үшін күш жұмсаса, ол жауапқа тартылмайды, өйткені, ол өзінің азаматтық міндетін орындады деп есептелінеді. Егер лауазымды адам (милиционер, тергеуші) өзінің қызмет бабын пайдаланып, адам бостандығына заңсыз қол сұқса, ол өзінің өкілеттігін заңсыз қолданғаны үшін жауапқа тартылады. Бұл арада айыптаушыдан күш жұмсау арқылы алынған айғақтың зандылық күші болмайды.
Жеке адамның бас бостандыгы оның ар-ұжданының да бостандығы болып табылады. Әрбір адам өзі, өзінің еркі бойынша дінге деген құқығын өзі шешеді. Егер адам белгілі бір дінді ұстанатын болса, оның сол дін бойынша салт-дәстүр ұстануына ешкімнің де бөгет болуына, қарсы тұруына құқығы жоқ. Әри-не, сол діннің салт-дәстүрі, ерекшелігі мен тәртібі басқа бір адамның, қоғамның занды құқығына зиян келтірмегені жөн. Заң дінге сенуші адамның құқығы мен бостандығына, жеңілдігі мен артықшылығына тікелей де, жанама да бөгет жасауына тыйым салады. Конституция ешбір дінге артықшылық беруді қарастырмайды. Діни козқарастар арқылы адамдар арасында жауласушылық туғызу адам құқығын бұзу деп есептеледі. Дінге сенушілер қасиетті деп санайтын орындарды, үйлерді, заттарды кемсіту немесе қорлау занды бұзғандық деп саналады.
Заң адамның ар-ұжданына кепілдік беріп және оны жария ете отырып, оны азаматтык кұкығын орындаудан босата алмайды. Азаматтың діни көзқараска сүйене отырып, зандағы міндетін орындаудан бас тартуға, оның ішінде, атап айтқанда, әскери міндеттен де бас тартуға кұқығы жок.
Заң қорлаушылықты қылмыс деп тауып, адамның ар-ұжданы мен қадір-қасиетін кемсітушілікке тыйым салады. Тіл тигізу - жалпы адамзаттық принцип тұрғысынан алып қарағанда адамның қадір-қасиетін қорлау болып табылады.
Заң жеке адамның ар-ұжданы және қадір-қасиетімен бірге оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауынан да қорғап отырады. Мысалы, азаматтың езінің келісімінсіз оның сыртынан мәлімет жинауға, оны сақтауға немесе таратуға болмайды. Бұл үшін оның тек келісімі ғана керек емес, оның үстіне мұндай мәліметті қалай сақтаудьщ және пайдаланудың да тәртібін білу қажет. Азаматтың келісімінсіз ол туралы мәліметті тек тәртіп сақтау органдарының қызметкерлері (милиция, прокуратура, сот), егер ол азамат заң бойынша жауапқа тартылар болса ғана, жинай алады. Егер азамат жауапқа тартылмаған болса, жоғарыда кәрсетілген орган адамдары да оның сыртынан мәлімет жинауға құқығы жоқ.
Жеке адамның өміріне араласпау оңың тұрғын үйіне де байланысты. Үйге баса-көктеп кіруге - үй иесінің өзі жоқта оның үйіне ашық не жасырын түрде рұқсатсыз ену әрекеті жатқызылады. Бұл тәртіпті бұзған қандай бір адам болмасын жауапқа тартылады. Дәл осындай жағдайға, қолындағы билігін пайдаланып, екі не одан да көп адамның үйге басып кіруі, прокурордың мақұлдауынсыз (санкциясыз) үйге заңсыз тінту жасау жайлары жатқызылады. Адамды оның өзінің тұрғын үйінен айыруға жол берілмейді. Ал ол үй адамның өзінің жеке меншігі болса, үйін еркінше пайдалануға, иемденуге өз кұқығы бар.
Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар туралы
Адамға бостандық пен экономикалық қүкық өзінің мүмкіндіктерін материалдық өндіріс пен оны пайдалану тұсында қажет. Ал әлеуметтік кұқық пен бостандық оның жеке басының рухани қажеттігінің өтеуі үшін керек.
Қазақстан социалистік экономикадан нарықгық экономикаға көшті.
Нарықтық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке меншікті қалыптастырады. Қазіргі заманғы экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекет реттеп отыруға тиісті жеке меншікті бет-бетіне, өз алдына, қалай болса солай жіберуге болмайды. Мемлекет қоғамның экономикасын дамытуға мүмкіндік туғызу үшін кәсіпкерлік пен жеке меншіктің корлануына бағытталған қолдауды куаттайды. Сонымен бірге мемлекет демократия мен саяси-әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығына және адамдардың жақсы тұрмысының негізі болып табылатын «орта» тапты қалыптастыру үшін жеке меншіктің кеп болуына мүмкіндік жасап отырады. Осыған орай Қазақстанда мемлекеттік меншіктің басым бөлігін жекешелендіру (приватизация) едәуір мөлшерде жүргізілді. Жекешелеңдіру (приватизация) мынандай міндеттерді шешеді:
- Жекешелендірудің мақсаты - әрбір азаматқа мемлекеттік мүліктің белгілі бір белігін бөліп беру.
- Жекешелендіруге қатысқан әр азамат мемлекет меншігінен алатын өз үлесін растайтын тиісті құжатқа ие болады.
Сөйтіп, әрбір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншіктің иесі болып есептеледі. Әркімге алғашында бірдей мөлшерде үлес тиюді қамтамасыз ету - игі іс. Одан әрі қарай бұл іс басқа да факторларға байланысты болмақ.
Меншік иесінің құкыктары қандай? Меншік құқықғы үш бөлшектен тұрады: а) ие болу құқығы, яғни жылжымалы және қозғалмайтын мүліктерге занды түрде ие болу құқығы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz