Республика қызметінің түбегейлі конституциялық принципін бүгінгі таңда


Республика Конституциясы - Қазақстан халқының бүгіні мен болашағының айнасы.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Төрағасының кеңесшісі М. Кемалов, Кеңес Аппараты құқықтық бөлімінің консультанты Б. Нұрмұханов, 21 тамыз 2003 ж.
Биыл қазақстандықтардың тікелей дауыс беру арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Республика Конституциясына сегіз жыл толады.
Республика Конституциясының қабылданған күні барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпымемлекеттік мейрам. Бұл күні ел азаматтарының мерейі конституциялық дәреженің жаңа сатысына көтерілген болатын. Бұндай тәжірибе, яғни халық пен оның жекелеген мүшелері үшін өте маңызды заң құжатын олардың тікелей қатысуымен қабылдау Қазақстан тарихында алғаш рет жүзеге асырылды. Оған дейінгі Конституциялар болса, өкілді органдар арқылы қабылданған болатын. Осы Конституцияны қабылдай отырып еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашақтарын айқын белгілеп алған еді.
Еліміздің Атазаңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды.
Ең жоғары заңдық күші бар Қазақстан Конституциясы, Республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқық жүйесінің нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында” 1995 жылғы Конституцияның негізінде жаңа конституциялық құқық түзілді делінген. Оған дәлел ретінде соңғы уақыттағы Республикамыз қол жеткізіп жатқан жетістіктерді мақтанышпен көрсете аламыз.
Ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған Қазақстан халқының бұл Конституциясы, алдыңғыларына қарағанда, адамзат дамуының ғаламаттық үрдісіне сай қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарды толығырақ бекітуімен ерекшеленеді. Конституция жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Республиканың ең қымбат қазынасы ретінде танып, мемлекеттен олардың орындалуына жағдайлар жасауын талап етеді. Адам құқықтарының Жалпы декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт сияқты жалпы жұрт таныған актілерден бастау алған Конституцияның 2-бөлімі түбегейлі осы мақсаттарға қызмет етеді. Қазақстан Республикасы жоғарыда аталған дүниежүзілік маңызы бар актілерден ауытқымайтындығының белгісі ретінде, былтырғы жылы Республика Президентінің Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсмен) мен Ұлттық орталық институттарын қалыптастырды. Аталған институттар Республикамыздың басқа да мемлекеттік органдары және азаматтарымен бірігіп жемісті жұмыс атқаруда.
Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарына арналған нормалары басқа салалық заңнамалардың мазмұнына әсерін тигізуде. Кеңес заманында қалыптасқан адамды заңбұзушы - бұзақы ретінде көру стереотипі тарихтың қойнауына кетіп, керісінше, кінәсіздік презумпциясын басшылыққа алу кең өріс алды. Конституциямызда бекітілгендей, тұлғаға құрметпен қарау, оның жеке құқықтарын таптамау, сот пен заң алдындағы теңдік, жалпы теңдік қағидалары заманымызға сай идеологияға айналды. Адамның табиғи құқықтарын үстем қою мемлекет қызметінің негізгі бағыты десек еш қателеспейміз. Айталық, мемлекеттің қылмыспен күресудегі саясаты негізгі бағыттарының өзгеруі адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарын қорғауды алдыңғы орынға қоюға байланысты. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру үшін онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны жеңілдету, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың кең қолданылуына жағдайлар жасау, өлім жазасын орындауды тоқтатуға бағытталған шаралар Конституция нормаларына сәйкес жүргізілуде. Атазаңның 13-бабы 3-тармағында танылған әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығын ауылдық жерлерде қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Атазаң 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану халық суверенитетінің көрінісі болып табылады. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
Конституциялық оңтайландыруды жүргізуде халықтың, БАҚ-ның және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ескеру мақсатымен құрылған Ұлттық кеңес, БАҚ жөніндегі Қоғамдық кеңес, Үкіметтің жанындағы Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру мен дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау бойынша тұрақты жұмыс істейтін кеңес нәтижелі қызмет атқарып жатыр.
Құқықтық жүйені қалыптастыру Конституция айқындап берген алаңда жүргізілуде. Биылғы жылы Республика Парламенті маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін бірқатар заңдарды қабылдады. Олардың ішінде, Кеден, Жер, Орман және Су кодекстерін ерекше атап көрсеткен жөн. Қазіргі кезде Бюджет кодексінің жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді. Демократияның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын сайлау институтын реттейтін заңнамаға сайлау үрдісін жетілдіру және халықаралық стандарттарға жақындату мақсатымен өзгерістер мен толықтырулар жасақталып, бүкілхалықтық талқылауға шығарылды. Осы шаралардың бәрі Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуын көздейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екендігі тек Конституцияда формальды түрде ғана бекітіліп қоймай, Республиканың мүмкіншіліктеріне сай, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар атқарылуда. Оған дәлел ретінде, үстіміздегі жылдың 1-шілдесінен бастап зейнетақының, ал келесі жылдың 1-қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі деңгейлерінің ұлғаюларын келтіруге болады.
Бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму жөніндегі Республика қызметінің түбегейлі конституциялық принципін бүгінгі таңда Қазақстан берік ұстанып келеді. Республика Президентінің ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары жайлы Қазақстан халқына Жолдауында, біз экономикалық өрлеу қарқынын еселей келе, еліміздің экономикалық қуатын нығайтып қана қоймаймыз, сонымен қатар әлеуметтік даму міндеттерін шешу үшін барынша кең мүмкіндіктерді ашамыз деп айтылған. Бұл қатаң мәлімдеме декларативті түрде ғана жарияланып қоймай, билік тармақтарының басты міндеттеріне айналуда. Өздеріңізге мәлім, Республика халқының ауқымды бөлігі ауылды жерлерде тұратын болғандықтан, 2003-2005 жылдар ауылды өркендету жылдары болып жарияланды. Осы бағдарламаға сәйкес ауыл экономикасына миллиардтаған теңге қаражат қарастырылып, бірінші сомалары бөлініп те кетті.
Бүгін біз әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және саяси өмірдегі реформаларды жүргізуде Конституция нормалары мен принциптерінің дұрыстығына көз жеткізіп қана қоймай, олардың идеяларына сәйкес жаңа бағдарламалар қалыптастырудамыз. Конституция орнатқан президенттік басқару нысаны, қос палаталы Парламент, атқарушы және сот биліктерінің жаңаша үлгісі, конституциялық бақылауды жүзеге асыратын Конституциялық Кеңес құру жөніндегі конституциялық ойлар уақыт өтісімен өздерінің негізділіктерін көрсетті. Конституциядан бастау алған бұл мемлекеттік органдардың жемісті қызметтері бұған дәлел.
Республика Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі болып қана қоймай, сонымен қатар билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етіп келеді.
Конституция мемлекеттік биліктің біртұтастығы және оның үш тармаққа бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципін белгілейді. Бұл конституциялық тетік қазіргі кезде іс жүзінде қолданылып, билік тармақтарының бір-біріне әсер ете отырып, тиімді шешімдер қабылдауына септігін тигізіп отыр.
Күн сайын Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ролі артуда. Халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейтін мемлекетіміз, өз заңнамасын қалыптастыруда халықаралық шарттарды ескеріп, әлемдік стандарттарға жақындауда. Конституцияның 8-бабында белгіленген мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізу, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту принциптері Қазақстанның шет мемлекеттермен қарым-қатынастарында мызғымас бағдарлар болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz