Президент тек мемлекет басшысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1 РЕСПУБЛИКА ҰҒЫМЫ

1. 1 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар

1. 2 Мемлекеттік басқару түрі республика туралы түсінік

2 республика және оның түрлері

2. 1 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаны

2. 2 Мемлекеттің саяси режимі

3 ҚР-дағы мемлекеттiк басқарудың жоғарғы органдарының қазiргi заманғы жүйесi

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекеттік басқару түрі республиканың тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары - қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.

Мемлекеттік басқару түрі республика түрлері Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он төрт жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі он төрт жылда еліміздегі мемлекеттік билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы бес-алты жыл болар. Олай болса, отандық мемлекет және құқық теорияларында мемлекеттік билеу органдары туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік органдары туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!

Біз бұл еңбегімізде мемлекеттік билік органдарының түсінігін, түрлерін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашық көрсетуге тырыстық. Бұл жөніндегі еңбектерден Ғ. Сапарғалиевтың «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын», А. М. Барнашевтың «Теория разделения властей. Становление, развитие, применение» - деп аталатын әдебиетін, А. А. Гарановтың «Парламент и законодательная власть Казахстана» монографиясын, тағы басқа бір қатар еңбектерді атар едік.

Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық игілігі аталатын мемлекеттің билік органдарын жинақталған материалдар мен өзіміздің түйген ой-пікірлерімізді жүйелеп, саралап, тереңірек зерттеу.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары туралы бір ауыз сөз айтып, мақала жазбаған ғалымдар, заңгерлер, студенттер кемде-кем. Соған қарамастан мемлекеттік билік органдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.

Басқару нысаны мемлекет нысаны түсінігінің анағұрлым кең мағынадағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол биліктің жоғары органдарының жүйесіне, олардың арасындағы құзыретті бөлісу мен өзара әрекеттестік принциптеріне баса назар аударады. Басқару нысаны мемлекетті сипаттайтын басты көрсеткіштердің қатарына жатады. Ол бағыт таңдау мен мемлекетгік саясат басымдығына және оны жүзеге асырудың тәсілдеріне, биліктің демократиялық дәрежесіне және оның халыққа түсінікті болуына айтарлықтай ықпал етеді.

Басқару нысанын анықтау кезінде мына төмендегі мәселелер ескеріледі:

  • Мемлекетте қандай органдар және лауазымды тұлғалар жоғары билікті бейнелейді;
  • Олар қандай принциптер мен бастамаларда қалыптасады және олардың арасындағы өзара әрекеттестікте тежемелік пен тепе-тендік механизмі қолданыла ма;
  • Олардың арасындағы мемлекеттік өмірдің негізгі саласын басқару жөніндегі құзырет қалай бөлінеді;
  • Жоғары биліктің төменгі тұрған органдар мен халық үшін ашықтық дәрежесі қандай.

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттерде көбіне монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары, Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген. Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Курстық жұмыстың мақсаты - республика және оның түрлеріне тоқталу, сондай-ақ оларға жекелей сипаттама беру.

1 РЕСПУБЛИКА ҰҒЫМЫ

1. 1 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар

Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси режимі құрылды.

Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте - Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда - Ганг. Шығыс мемлекеттерде - монархия, Европада - шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында орналасқан. Ол мемлекеттер шапшаң, жақсы дамығаны белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы екі бірдей - Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық тікелей жолдың жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.

Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін тигізеді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия) .

Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан, Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары - федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы, Германия - федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан, қазір де немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия - олар федерацияға жатады.

Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы түріктер, бергі атасы қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.

Мемлекеттің нысанына - халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар, және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Европа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республикада кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді. Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр I, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Марксизм - Ленинизм саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса үлгі болды. Тек қана Евразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.

Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман, католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең зерттеу керек.

Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді - басқару нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал негізінде мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан, мемлекеттің әрбір нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі - Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

1. 2 Мемлекеттік басқару түрі республика туралы түсінік

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге бөлінеді.

Монархия жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі. Сондықтан оның билігі - мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия) . Монархияның озбырлық жолмен де көшуі мүмкін: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм Оранский. Англияда даңқты революция арқылы монархия түпкілі патшаның орнағаны белгілі. Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малайзия) . Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта) . Тоталитарлық режимдерде Коммунистік партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды.

Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді басқарады, мемлекеттің атымен шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті. Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Королдердің сарайлары, киімдері, әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Королді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер королден және монархиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі Англияның королі - Елизавета II мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып, ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан "Король Англияға керек гте?" деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да, король де сақталсын деп жауап берді.

Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия - Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония) . Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик XIV, Петр I, Екатерина II, Елизавета I, Фридрих II, Үдемі Сүлейман монархиялары жатады. Людовик XIV мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715) . Оның "мемлекет деген мен" - сөзі бүкіл Европаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман) .

Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын - критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.

Орта ғасырларда Европа мемлекеттерінде сословиелік - өкілдік монархиялар пайда болды. Европа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды құрайтын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп заң шығару ұсынысын қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билігін жоғалтты, ол ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың. Бірақ, тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия бірінші Англияда кұрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль деген (1689ж. ) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды. Қазір Европа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх - мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдында емес, парламенттің алдыпда жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп 18 жыл Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент королдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх - мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия) . Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерімің патша тұқымдары, тірі халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партияларда бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атымен мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірім реттейтін әдеттер.

Мемлекеттің екінші басқару нысаны - Республика. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы - республика деп аталады. Республика, мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі - Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы - халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мэселелерін шешетін, заң шығарды. Басқа органдар 500 жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.

Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберіледі.

Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика - қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Шетел конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік басқару нысандары
Билік бөліну принциптері
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
ПРЕЗИДЕНТ ҰҒЫМЫ
Президенттің құқықтық мәртебесі.
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Шетелдердегі президенттің конституциялық құқықтық мәртебе
Шетелдердегі конституциялық құрылысы және оның негiздерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz