Адамдардың сезімдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Эмоция мен сезімнің өзара айырмашылығы
2. Эмоция мен сезім туралы жалпы түсінік
3. Сезімнің ерекшеліктері мен негіздері
4. Эмоция мен сезімнің маңызы және оның физиологиялық негіздері мен
негізгі сапалары

1. Эмоция мен сезімнің өзара айырмашылығы

Эмоциялар мен сезімдер адамның сырт пішінінен жақсы байқалады: олар
адамның мінез – құлқына және жағдайына, сондай – ақ ішкі органдарының
жұмысына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде жүректің қатты соққанын, қан
тамыры соғуының жылдамдауын басымыздан өткіземіз, демалуымыз қиындайды, қол
– аяғымыз дірілдей бастайды, кейде адамның ыстығы көтеріліп кетеді;
керісінше де болуы мүмкін: маңдайдан суық тер шығады, қалшылдай бастайды,
көзден жас сорғалайды.
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы
қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді
қуантса, екінші бірі мұнайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданды
қайнататын жағдайға жеткізеді.
Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске
жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шатыққа кеңелтеді. Алға қойған
мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, күресе отырып осындай
және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып – білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының
әсерлерін – сезім немесе эмоция деп атайды 6.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналадағы заттардың және
құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап – тіліктер болып
табылады. Біздің істейтін әрекетіміз- еңбек, оқу, ойын, оның жетістігі
мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде түйсіну, сезіну деген ұғымдар араласып
жүреді. Біз сөйлегенде, мен қорқынышты түсінемін, ауырғанымды сезіндім
дейміз, ол дұрысында: қорқынышты сезіндім, ауырғанымды түйсіндім, - деп
айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал
сезім болса, адамның ішкі көңіл – күйін, оның сол заттармен құбылыстарға
қатынасын көрсетеді.
Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген
жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да, ал сезім оларға өз тарапынан
ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі – түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің
әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл – күйіне қарай адам бір
затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала,
жай уақытта еш нәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр
бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты.
Біздің алған барлық әсерлерімізді, яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ,
есімізде жақсы қалса онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын
бір сезім туғызады 8 .
Адам – қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі да әлеуметтік
сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір –
біріне ұқсас оқиғалар мен факторлерді әр кезенде өмір сүрген адамдар әр
түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын
жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген қөзқарасқа байланысты. Жұмыс
жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның спасы да төмен болмақ.
Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер
тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз
байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен рөл атқарады.
Оқу – тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі
педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын
сабақтан гөрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды
игеріледі. Сабаққа үлгерімі және тәртібі үшін мақтау алудан бала да, әдетте
жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал
жасайды: құптамау, ұрысу, жазалаудан, әдетте, оқушылар да жағымсыз
эмоциялық жағдай туады, осындай реңішті істі қайталамауға итермелейді.
Тәжірибелі мұғалім, тиісті әдетті сақтай отырып, балалардың жағымсыз
эмоциясын да пайдаланады.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның
тіршілік қажетіне, өзара қарым – қатынасына байланысты сан алуан формаларда
көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның
өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.

Эмоциялар Сезімдер
Эмоция адамның түрлі органикалық Сезімдер – адамның бір-бірімен
қажеттіктеріне байланысты туып қарым-қатынас жасау
отыратын шағын, ситуациялы көңіл қабілеттілігінен туатын және
күйлері, адам қуанғаннан, біртіндеп дамып отыратын процесс.
қамыққаннан көзіне жас алады, не Мәселен, достық, адалдық сезімдері
болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек адамда бірден қалыптаса
сілесі қатып күледі. Мұндай қоймайтындығы белгілі.
жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар
белгілі. жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең,
Эмоцияда өнерлі қозғалыстар әсерлі сезім жеке адам
(адамның сырт пішінінен байқалатын психологиясының басты белгілерінің
ым-ишаралар) көбірек байқалады. бірі.
Мұнда адам өзін тек организм Сезім ми қабығының жұмысын, атап
тұрғысынан ғана көрсете алады. айтқанда, динамикалық
Эмоциялар қызметін лимби жүйесі менстереотиптердің жасалып, өзгеріп
( үлкен ми сыңарларына жақын жері)отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда
гипоталамус бөлігі ( дененің зат екінші сигнал жүйесінің басқарушылық
алмасуын, температурасын рөлі күшті болады. Сөз арқылы адам
реттестіретін жүйке орталығы) сезімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен,
басқарып отырады. Мәселен, осы сөз адамның интеллектік,
нервтік орталықтарға зақым келсе, эстетикалық, моральдық сезімдерінің
адам тойғанын білмейтін немесе шөліқалыптасуына елеулі әсер етеді,
қанбайтын жағдайға ұшырайды. соның арқасында сезімдер мен
Эмоциялар жануарлар да кездеседі. эмоцияларды тәрбиелеуге кең жол
Жануарлар эмоциясы биологиялық ашады.
сипаттағы реакциялардың жиынтығы. 4. Адамдардың сезімдері
Адам сезімдерінде де әлеуметтік қоғамдық-тарихи сипатта
қоғамдық сипаттар орын алады. болады. Мәселен, жолдастық,
адалдық, борыштық,
жауапкершілік сезімдері
кісінің түрлі жас
кезеңдерінде өзгеріске түсіп
отырады.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың
сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама – қарсы, полярлық
сапалықтар деп атайды 12.
Осы секілді сапалар өзара полюске ажырасып біріне бірі қарама – қарсы
мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив
(солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке
ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық – (грек сөзі,
қазақша күшті деген мағынаны білдіреді), ал бұлдардың баяу солғын
түрлерін астеникалық – (грек сөзі, қазақша әлсіз деген мағынаны
білдіреді) деп атайды. Біріншісіне – жолдастық, достық, айбаттылық жатса,
екіншісіне – уайым, енжарлық, көңілсіздік сезімдер жатады.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану немесе
шешілуі. Бұл да – сезімнің қарама – қарсы сапаларының бірі. Мәселен,
студенттердің емтиханан өтуі, спортпен айналысатны адамның мәреге жетуі
шешуші кезеңдер болып табылады.
Сезімдер мен эмоциялары адамның практикалық әрекетінде алатын орны
зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз
табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске
кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан тәнімен жақсы көріп, неге
қарсы күрессе соны өлердей жек көріп отыруы тиіс. Эмоцияларды бірнеше топқа
жіктеуге болады 7. Олар:

2.Эмоция мен сезім туралы жалпы түсінік
Мектеп бала сезімдерін жүйелі әрі жоспарлы түрде дамытып отыратын
арнаулы орын. Мұғалімнің осы саладағы жүргізілетін жұмыстарының кейбірі
мына төмендегідей болмақ:
1). Бала эмоциялары мен сезімдерін тек құрғақ сөзбен жалаң үгіт арқылы
тәрбиелеуге болмайды. Сондықтан да мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз
басынан кешетін болсын. Сондықтан да мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз
басынан кешетін болсын. Өзі күйініп көрмеген адамның біреудің қайғысына
ортақтаса алмайтыны сияқты, бала өзінің және айналасындағылардың табысына
қуанып, сәтсіздігіне жаны күйіп отырмаса, сезім тәрбиесі өзінің
пәрменділігін жоюды. Мәселен, баланы Отанды сүю сезіміне тәрбиелеу ісі оның
жас төлді күту, бау- бақша жұмыстарына қатысу, қоғамдық пайдалы еңбекке
қолғабыс тигізу сияқты нақтылы іс- әрекетімен ұштастырылып отыруы тиіс.
2) Сынып, мектеп ұжымында берік орын алған салт- дәстүрлер бала
эмоцияларын дамытып, тәрбиелеуде таптырмайтын құрал. А.С.Макаренко осындай
дәстүрлердің зор тәрбиелік мәнін көре білген. Дәстүрлер менің ұжымымда өте
көп еді,- деп жазды ол, тіпті жүздеп санауға болатын. Мен олардың бәрін
біле білмеуші ем, бірақ балалар білетін және балалар білгенде бір жерге
жазылған түрінде емес, өздерінің бір сезімімен білетін. Осылайша істеу
керек десетін. Ал неге олай істеу керек? Үлкендер осылайша істейді
үлкендердің тәрбиесін үлкендердің логикасын құрметтеу және оның өкілдерінің
құқықтарын құрметтеу- ұжымның аса маңызды қасиеті болып табылады және олар
дәстүрл арқылы сақталып отырады. Мұндай дәстүрлі, балалардың тұрмысына ажар
беріп, гүлдендіріп отырады. Осындай дәстүрлердің арқасында өмір сүріп,
өздерінің ұжымдық ерекше заңымен тұратындығын сезеді, ол заңды мақтаныш
етіп жақсартуға тырысады. (1)
Бастауыш сыныптарда осы әдіс кең өріс алған жөн. Мәселен, бірінші сынып
мұғалімдерінің әліппе кезеңін бітіргеннен кейін осы оқиғаның құрметіне
Әліппе күнін өткізуіне болады. Бұл балалар үшін үлкен қуаныш. Мұндай
күнді олар жақсы оқу, үлгілі тәртіппен қарсы алуға тырысатыны сөзсіз.
3)Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі- балаларды өз
эмоцияларын басқара алуға, өзінің аффекттерін тежей білуге дағдыландыру.
Бұл көп жаттығулар арқылы баланың оғаш мінезін де, сылбыр эмоциясын да
қалыпқа келтіре алады.
4)Оқушылардың жоғары сезімдерін тәрбиелеу ісі оның дүниетанымы мен
сенімін, жеке басын қалыптастыту ісімен қосарластыра жүргізілуі тиіс.
Өйтпеген жағдайда мұғаліснің осы саладағы әрекеті пәрменді болмауы мүмкін.
5) Бала сезімін тәрбиелеушілердің де (ата- ана, мұғалім т.б.) сезімдер өз
дәрежесінде болуы тиіс. Олардың өмірінде, іс-әрекетінде шынайы жақсы
сезімдер орын тепсе, балаға да үлгі өнеге көрмесе, оның сезімдері де дұрыс
дамымайтын болады.
Сезім мен эмоциялар адамның қиялымен де тығыз байланысты. Сезім мен
эмоциялар адамның қиялымен де тығыз байланысты. Мұндай байланыстың екі жағы
бар. Біріншіден, сезім адамның қиялын қозғайды: мәселен, қорқу сезімі басым
болса, қиял бізге көп қауіп- қатер төнгізеді. Көңілденіп қуанған адамда
қиял табысқа оның қолы жететіндігін елестетеді. Екіншіден, қиял образдары
сезім туғызады немесе бар сезімді күшейтеді: аударған адам операцияға
әзірлегенде, оның алдын- ала қиялдауынан туған сезімі операция кезіндегіден
де басымырақ болады 10.
Балада эмоциялар ерте пайда болады. Дарвин өзінің зерттеулерінде бала
туғаннан кейін сегізінші күннен- ақ ашу эмоциясын білдіретінін айтады.
Олардың эмоциялары органикалық қажеттерімен байланысыпт жатады. Тамақтану,
уақытында құрғату, сергіту кезінде балада ұнамды эмоциялар байқалады.
Балаға жағымды сезім білдіргенде, онда еркелеуге ұқсас көріністер пайда
болады. Баланың көзі жылтырап, бір түрлі жағымды дыбыстар шығарады. Ашу бір
нәрседен қорқудан туындайды. Бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМ МЕН ЭМОЦИЯСЫН ДАМЫТУ
Эмоциялар мен сезімдердің табиғаты мен мәні
Сезім және эмоция жайлы
Сезім немесе эмоция
Жоғары деңгейдегі сезімдер
Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы
Күрделі эмоциялар
«Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларындағы этно психологиялық жақтары
Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік
Сезім мен эмоция ұғымына түсініктеме бере отырып, оның түрлері, жеке адам эмоциясы туралы түсінік беру
Пәндер