Прокуратура органдарына қатысты мәселелер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-тарау. ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ, ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ САЛАЛАРЫ

1. 1 ҚР прокуратура органдарының түсінігі мен мақсаты және міндеттері

1. 2 Прокуратура органдарына қатысты мәселелер

2-тарау. ҚР АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ ПРОКУРОРДЫҢ СӨТ ӨНДІРІСІНЕ ҚАТЫСУЫ

2. 1 ҚР-сы прокуратура органдарының қызметтерін ұйымдастыру

2. 2 Азаматтық істерді қозғау және бірінші сатыда қарау тәртіптері

2. 3 Апелляциялық және қадауғалау тәртібі сатыларында азаматтық істерді қарау

2. 4 Сот өндірісіне прокурордың қатысуы: проблемалық сұрақтар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3

5

5

9

14

14

20

31

35

39

41

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың 2010 жыл тамыз айының 17 жұлдызында шығарылған Жарлығы бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдарын жетілдіру, соның ішінде прокуратура органдарының алатын орны ерекше. ҚР прокуратура органдары заңның дәлме дәл сақталуына қадағалау жүргізетін ерекше орган болып табылады.

Мемлекеттің атынан прокуратура органдары азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуге қатысады, бұл жерде ең басты мақсат азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан-да заң факультеті түлектерінің болашақта судья, прокурор, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуге регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот, прокуратура және құқық қорғау жүйесінің принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.

ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.

Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау қажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.

Сот өндірісіне прокурордың қатысуы керек деп есептейміз, өйткені прокурор іс жүргізу тәртібін азаматтардың құқықтарын қорғауға өзінің қызметін жұмылдырады. Сот өндірісіне прокурордың қатысуы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Прокурордың сөт өндірісіне қатысуы халықтың құқықтық әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Прокурордың сөт өндірісіне қатысуының мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.

Сондықтан-да, сот өндірісіне прокурордың қатысуының түсінігін дұрыс талқылау қажет.

Курстық жұмысытың объектісі - сот өндірісіне прокурордың қатысуы және олардың конституциялық негіздері.

Тақырыптың пәні - азаматтық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.

Курстық жұмыстың мақсаты - сот өндірісіне прокурордың қатысу тәртібін талқылау.

Курстық жұмысым кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер мен қоса негізгі екі тараудан тұрады.

1-тарауда ҚР прокуратура органдарының ұғымы, даму кезеңдері, прокуратура органдары қызметінің салаларын ашып көрсеттім.

2-тарауда ҚР азаматтық іс жүргізу тәртіптері және прокурордың сөт өндірісіне қатысуын талқыладым.

1-тарау. ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ, ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ САЛАЛАРЫ

1. 1 ҚР прокуратура органдарының түсінігі мен мақсаты және міндеттері

ҚР Конституциясының 1-6ап 83-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізугедің заңдылығына жоғары қадагалауды жүзеге асырады. Заңдылықтың кез келген заң бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін зандарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңдармен белгіленген тәртіп пен шекте кылмыстық қудалауды жүзеге асырады". Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі ргосteur деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді. ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады. ҚР Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады, Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген. Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді. Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігі туады. Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды бірнеше ережелер шығады.

Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі. [2. 41б. ]

Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.

Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де қүқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді. [14. 54б. ]

Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін езінің шешімдерімен ауыстырмайды, қүқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолымен мемлекетгік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады. Заңдардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.

Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады. ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика прокуратурасы төменгі тұрған прокурорларды жоғары түрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы мемлекетгік саты болып табылады. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Осы Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес Президент прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей калыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды. Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты. [2. 41]

"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлык қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, тұтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады. Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмұны, шешімдерінің құралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының құзыреті бойынша бөлінеді. Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы және жеке (накты) . Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты. Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілерімен, мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады. Прокурорлық қадағалаудыц жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан тұрады; оларға мыналар жатады:

  • республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқыктық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалау;
  • жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау; кез келген заңдылык бүзушылықты анықтау жою жөнінде шаралар қолдану;
  • әкімшілік және атқарушылық істер жүргізугедің зандылығын қадағалау;
  • республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасау;
  • сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
  • заңда белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік-құқықтық статистика құру және құқықтық статистика саласында қадағалауды іске асыру.

Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын заңдардың мазмұнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан тұрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдындатолығымен тұрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадагалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртұтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде ез үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмұны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында тұрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың құзыретімен анықталады. Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бүйрықтарымен және өзге де құқықтық актілермен реттеледі. Көбінесе, бүл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" бұйрығында анықталған. Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бүл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық құралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді. Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жұмыс жоспарларында белгіленеді. Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген құқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі. [6. 151]

ҚР Конституциясының 83-бабына, ҚР "Прокуратура туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бүйрықтарына сәйкес прокурорлық қызметтің мынадай:

Республика аумағындағы заңдардың және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік қүқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай колданылуын қадағалау;

  • жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау;
  • сотта мемлекет мүддесін білдіру және сот қаулыларының, сондай-ақ әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау;
  • заңда белгіленген шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру салалары анықталады.

Салалар - бұл прокурорлық қадағалаудың біртүтас өзара байланысты бөлігі, олар көріп отырғандай прокуратура органдарының қызметінде бөлек-бөлек әрекет етеді. Сонымен, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңдарды қолдануларында тексеріс жүргізуге барысында прокурор қылмыстық кудалау функцияларын жүзеге асырады, яғни жасалған қылмыстарды немесе теріс қылықтарын анықтайды және кінәлі адамдарды қылмыстық істер мен әкімшілік іс жүргізугелерді қозғау жолымен қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартады. Прокурорлық қадағалау салаларын Президент анықтайтын жеке міндеттердің ерекшеліктерімен, немесе криминогендік жағдайдың не заң салаларындағы ерекшеліктермен белгіленетін прокуратура қызметтерінің жеке бағыттарымен араластыруға болмайды. Сонымен, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалу езгешелігі бұл жұмыстарды Бас прокурордың жеке бұйрықтарымен бекітілген дербес бағыттарға ұйымдаскан түрде бөлу қажеттілігін анықтайды. Қылмыстық қудалауды іске асыратын органдар және қылмысқа қарсы күрес, өзге де заң бұзушылықтар бойынша басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық үйымдар өткізген іс-шаралар үйлесімдері бойынша қызметтер прокуратураның жұмысында ерекше орын алады. [8. 53]

1. 2 Прокуратура органдарына қатысты мәселелер

Прокурордың азаматтық процеске кіруінің негізгі сот өндірісінде заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерін қорғау кажеттілігі болып табылады.

1. "Азаматтық сот ісін жүргізугеде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізуге ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.

Аталғандарға сәйкес прокуратура мемлекет атынан республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Жоғары қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңға тәуелді құқықтық актілерге, оның ішінде "Прокуратуратуралы" ҚР заңы мен іс жүргізуге заңдары тәртібімен белгіленген сот органдарының актілеріне наразылық келтіруге және тоқтатуға кұкықты.

2. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұны өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігі сот таныған жағдайларда міндетті.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандыктарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы. [38. 54]

Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделеріне ұйымдардың құқыктары мен заңды мүдделеріне қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.

Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қояды (арызды) қараусыз қалдырады.

Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізуге құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізуге міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша карауды талап ету құқығынан айырмайды".

"55-баптың 1 т. мазмұнының 1997 жылғы 06. 03. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабындағы 1-тармағын және 79-бабындағы 1-тармағын, 77-бабындағы 3-тармағының 3) тармақшасын, 14-бабындағы 1-тармағын, 4-бабындағы 1 - тармағын ресми талдау туралы" 1997 жылғы 31 шілдедегі № 3/4 "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қаулысын талдау туралы" ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысына сәйкес деп түсіну керек. Аталған қаулыға сәйкес прокуратура мемлекет атынан республиканың аумағында зандардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Жоғары қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурор заңға тәуелді құқықтық актілерге, оның ішінде "Прокуратура туралы" ҚР заңы мен іс жүргізуге заңдары тәртібімен белгіленген сот органдарының актілеріне наразылық келтіруге және тоқтатуға құқықты. Сот органдарының актілері - үкімдер, шешімдер, қаулылар және нақты сот істері бойынша анықтаулар құқықтық нормаларды қолданудағы құқыктык актілер болып табылады және, егер олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қабылданса, республиканың барлық аумағында міндетті занды күшін иеленеді. Осыған байланысты, прокуратураның заңдарды дәл ірі бірыңғай қолдануына жоғары қадағалауды жүзеге асыруында соттар: біріншіден, егер прокурор оларды зерделеудегі қорытынды бойынша осы актілердің заңға сәйкес келмейтіндігін немесе олардың негізсіздігі туралы тұжырымға келген жағдайда сот актілеріне қалай наразылық келтіретінін; екіншіден, сот актілерінің орындалуын қалай тоқтату керек екендігін түсінулері керек. Көрсетілген прокурорлардың құқықтары азаматтық заңның нормаларына сәйкес іске асырылу керек".

ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес прокурорлар соттарда азаматтық істерді қарауға қатысады, сот актілеріне наразылық келтіреді, егер олар негізсіз болса, олардың орындалуын тоқтатуға құқықты. [26. 77]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотта мемлекет мүддесін білдіру― прокуратура қызметінің бағыты ретінде
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру туралы ақпарат
Прокуратура туралы жалпы түсінік
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
Прокуратура органдары қызметі жайында
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақастан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz