Прокурорлық қадағалаудың салалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДТТЕРІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ

1. ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы

ҚР Конституциясының 1.б. 83 б. Сйкес прокуратура мемлекет атынан
Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және
бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің,
әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды
жүзеге асырады. Заңдылықтың кез келген заң бұзылуын анықтау мен жою жөнінде
шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетін заңдарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды.
Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңдармен
белгіленген тәртіп пен шетке қылмыстық жүзеге асырады.
Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі
procteur деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан – ол
прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін
білдіреді.
ҚР Конституциясы және Прокуратура туралы ҚР Заңы прокуратураны
мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокуратуралық
қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.
ҚР Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабына сәйкес республикадағы
мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен заңдар негізінде заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-
теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес
жүзеге асырылады.
Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Констиуциясының Соттар және сот
төрелігі бөліміне енгізлген. Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар
сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының
міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот
тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына
жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді.
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен
функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды.
Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік
тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде
прокурорлық қадағалаудың өзгешелік туады.
Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды
бірнеше ережелер шығады.
Біріншіден, прокурорлық қадағалау – бұл прокуратурадан басқа
мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе
лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес,
ерекше түрі.
Екіншіден, прокуролық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті
атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың
қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға
және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке
органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды
жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау – мемлекеттік қызметтің өзіндік
түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР
Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орныдалуы, өзге де
құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана
берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға
шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең
алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен
ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген
кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды:
мемлекеттік басқару органдары үшін – бұл атқару және бөлу қызметі; сот
органдары үшін – сот әділділігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару
билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар.
Прокурорда қадағалауды іске асыру кезінде, заңда аталғандарды қоспағанда,
басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық
бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзіретті органдардың,
лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап
айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолвмен мемлекеттік органдардың,
лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне
араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады. Заңдардың және
жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар
болып табылады.
Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды анықтау
және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық
қудалануды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолдануына жоғару
қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-
прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік
қызметің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.
ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика
прокуратурасы төменгі тұран прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және
республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан,
лауазымды адамдандан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы
мемлекеттік саты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті туралы Қазақстан
Республикасының Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Президент Парламент
Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады.
Осы Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес Президент прокуратура
органдарының қызметкерлеріне сыныптықшендер береді. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей
қалыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды.
Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент
бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан
Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.
Прокурорлық қадағалау республикасының барлық аумақтарында және
үкіметке, барлық министрлер мен ведомостволарға, оларға бағынышты
мемлекеттерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы
және бөлу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар
мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге
қатысты әрекет етеді.
Заңдармен белгіленген тәртіп пен негізде енгізілген прокурорлық
қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен
азаматтарға тиісті.
Прокурорлық қадағалаудың маңызы, сондай-ақ біздің қоғамдағы құқық
рөлімен анықталады.
Сонымен, прокурорлық қадағалаудың маңыздылығы ол мемлекет атынан
Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек
Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.
Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және
үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты
мемлекеттерге, кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, сондай-ақ
қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қатысты әрекет
етеді.
Прокурорлар жоғарғы аталған субъектілердің заңдарды бірыңғай
орындауын бақылауға және білінген заң бұзушылықтарды жоюға тиіс.
Заңда белгіленген тәртіппен және негізде енгізілген прокурорлық
қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдарға және
азаматтарға міндетті.
Прокурорлық қадағалаудың мәні, сондай-ақ біздің қоғамдағы құқықтың
рөлімен анықталады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы 11 қазандағы
Қазақстан-2030, Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-
аухатын жақсарту Қазақстан халқына жолдаған жолдауына Қазақстандағы
мемлекеттік құрылыстың болашағы тікелей қазіргі кезеңде шешілетін
әлеуметтік-экономикалық міндеттерге тікелей байлансыты деп көрсетілген.
Сонымен, прокурорық қадағалау мемлекет атынан Қазақстан Республикасы
Президентінің бақылауында іске асырылды, жергілікті органдардан тәуелсіз,
Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты. Прокурорлық
қадағалау мемлекеттік барлық аумақтарында және барлық министрліктерге және
ведомостволарға, олрға бағынышты мемкемелер мен кәсіпорындарға, атқару және
бөлу органдарына, қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға
қатысты әрекет етеді.
Осы әлеуметтік рөлді орындаудың құқығы көп жағдайда заңның дәл
орындалуына байланысты. Заңды іс жүзінде қамтамасыз ету заңдардың
қолданылуына және оны бұзғаны немесе орындамағаны үшін жазаға тартуда қатаң
қадағалауды іске асыруға байланнысты. Осыған орай, прокуратура тәрізді
орган құру қоғам мен мемлекетті дамытудағы құқық пен заңдылықтың әлеуметтік
рөліне қатысты объективті қажеттілік болып табылады.
Осыған сәйкес, прокурорлық қадағалау-бұл, тек кез келген қол
сұғушылық пен заңсыздыққа қарсы ғана емес, сондай-ақ құқықты қамтамасыз
ететін қарым-қатынасқа қарсы әрекеттің мықты және сенімді кепілі. Құқықтық
мемлекет қадағалау болып табылады.

2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері

Прокуратура туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес
прокурорлық қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен
заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз
байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, тұтас алғанда
прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі,
соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып
түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәтебесімен,
мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР
Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының
қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі,
мазмұны, шешімдерінің құралдары, осы міндеттері шешетін және алға қоятын
прокуратура органдарының құзіреті бойынша бөлінеді.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы,
арнаулы және жеке (нақты).
Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке
міндеттері шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы
міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді
ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы
шешімдерге бағынышты.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен,
Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық
актілерімен, мысалыға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске
асырудан тұрады; оларға мыналар жатады:
- республика аумағынды заңдардың, Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық
актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалау;
- жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын
қадағалау; кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау жою жөнінде
шаралар қолдану;
- Әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалау;
- Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар өзге
де құқықтық актілерге наразылық жасау;
- Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын
қадағалауды іске асыру;
- Заңда белгіленген жағдайда, тәртіпте және шетке қылмыстық қудалауды
жүзеге асыру;
- Мемлекеттік-құқықтық статистика құру және құқықтық статистика
саласында қадағалауды іске асыру.
Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы
міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге
асыратын заңдардың мазмұнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан тұрады.
Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен тұрған жалпы міндеттер осы
бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер
толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінда ғана шешілуі мүмкін.
Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртұтас бағыы (саласы) жалпы міндеттерді
шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмұны
прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салаларымен) алдында тұрған
арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады
және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың құзіретімен
анықталады.
Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бұйрықтарымен
және өзге де құқықтық актілермен реттеледі.
Көбінесе, бұл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР
Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 прокурорлық қадағалау деп
аталантын саласынды алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық
қадағалауды ұйымдастыру туралы бұйрығында анықталған.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде
прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және
оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдарын қабылдау
жолымен іске асырылады. Бұл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың
жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулығы
қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық
қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық құралдарға,
прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай
ерекшеленеді.
Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және
аудандық деңгейдегі прокуратуралардың жұмыс жоспарларында белгіленді.
Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген құқықтарды іске
асыру жолымен жүргізіледі.

3. Прокурорлық қадағалау курсының мәні

Прокурорлық қадағалау курсының мәні дегеніміз құқықтық реттеу,
тағайындау, мәндеттері, функйиялары, ҚР прокуратура органдарының қызметі
мен ұйымдастыру қағидаттары. Оның органдары мен мемлекеттерінің жүйесі және
құрылымы, жоғары қадағалауды іске асыру кезіндегі прокурорлардың
өкілеттілігі, сотта мүддесін білдіру, қылмыстық қудалауды іске асыру, құқық
қорғау органдарының үйлестіру қызметтері, мелекеттік құқықтық статистиканы
қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық саласында прокурора органдарын
білдіру.
Атап кету керек, прокурорлық қадағалау термині:
1) мемлекеттік қызметтің дербес түрі;
2) заң ғылымының дербес саласы;
3) оқулық деп түсіндіріледі.
Заң әдебиетіне және практика прокурорлық қадағалау деген ұғым
прокурорлық қызметтерге сәйкес ҚР Конституциясын дәл сақталуына және ҚР
барлық аумақтарында қолданылатын барлық заң талаптарының және ірбір нақты
жағдайларда кез-келгенінің орындалуына тексеріс жүргізу болып
түсіндіріледі.
Прокурорлық қадағалау заң ғылымы ретінде қадағалауды, нысандарды, оны
іске асыру құралдары мен тәсілдерін, қадағалауды іске асыру саласында
қоғамдық қатынастарды дамытудың заңдылықтарын, осы қызметтің тиімділік және
т.б. мәселелерін іске асыру бойынша прокурор қызметін реттейтін заңдылқтар
туралы білімдерінің жинағын білдіреді. Ғылым ретінде прокурорлық қадағалау
қылмыстық, азаматтық іс жүргізулермен, криминалистикамен және басқа заң
ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Прокурорлық қадағалау оқулық ретінде заң оқу орындарында жоғары және
орта білім бағдарламаларының бөлігі, мазмұны мен құрылымы бойынша жалпы
және ерекше бөлімдерге бөлінеді.
Осы дәрітің міндеттеріне сәйкес біз прокурорлық қадағалауды тек
мемлекеттік қызмет ретінде ғана қарастырдық. Мұндай жағдайда прокурорлық
қадағалаудың мәні деп прокурорлық қызметі реттеуге бағытталған қоғамдық
қатынастар саласы түсіндіріледі.
Теориялық мәселелердің бірі құқықтық дербес саласы мағынасын
прокурорлық қадағалау туралы нормаларының жиынтық болып танылуы.
Оларды жақтаушыларының бірі прокурорлық қадағалау құқығын жеке сала
ретінде құқық жүйесіне бөлуге барлық әдістемелік сілтемелер бар дпе
жобалайды. Басқа авторлардың бірқатары прокурорлық қадағалауды реттейтін
барлық нормалар әртүрлі құқық салаларында қамтылғандықтан, олардың
институттарына жатады, сондықтан прокурорлық қадағалауды құқықтық дербес
саласы ретінде бөлу үшін негіздер жеткіліксіз деген ойларын білдіреді.
Біздің ойымызша, жеке құқық салалсы ретінде прокурорлық қадағалау
құқығының дербестігі туралы мәселені шешу, яғни бұл жерде ғылыми жіктеулік
туралы ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік институт ретінде прокуратура
органдарының орны мен рөлі, жағдайы туралы болғандықтан, тек теория жүзінде
ғана емес, сондай-ақ практикадағы өөзекті мәселе болып отыр. Бұдан басқа,
ол прокуратура органдарының қызмететерінің заңды реттелуін дамыту,
мемлекеттік құрылымдарда және т.б. органдардың дүйеерінде олардың орнын
анықтау үшін маңызды. Күмәнсіз, ол құқықтың жеке дербес саласы ретінде
болашақта өмір сүруіне құқығы бар.

4. Прокурорлық қадағалаудың салалары

ҚР Конституциясының 83-бабына, ҚР Прокуратура туралы Заңына және
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарына сәйкес прокурорлық
қызметтің мынадай:
1. Республика аумағындағы заңдардың және Президент Жарлықтарының және
өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуын
қадағалау;
2. жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын
қадағалау;
3. сотта мемлекет мүддесін білдіру және сот қаулыларының, сондай-ақ
әкімшілік және атқару өндірісінң заңдылығын қадағалау;
4. заңда белгіленген шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру
салалары анықталады.
Салалар – бұл прокурорлық қадағалаудың біртұтас өзара байланысты
бөлігі, олар көріп отырғандай прокуратура органдарының қызметіне бөлек-
бөлек әрекет етеді.
Сонымен, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңдарды
қолдануларында тексеріс жүргізу барысында прокурор қылмыстық қудалау
функцияларын жүзеге асырады, яғни жасалған қылмыстарды немесе теріс
қылықтарын анықтайды және кінәлі адамдарды қылмыстық істер мен әкімшілік іс
жүргізулерді қозғау жолымен қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа
тартады.
Прокурорлыққадағалау салаларын Президент анықтайтын жеке міндеттердің
ерекшеліктерімен, немесе криминогендік жағдайдың не заң салаларындағы
ерекшеліктермен беліленетін прокуратура қызметтерінің жеке бағыттарымен
араластыруға болмайды.
Сонымен, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша заңдардың, Президент
Жарлықтарының орындалу өзгешелігі бұл жұмыстарды Бас прокурордың жеке
бұйрықтарымен бекітілген дербес бағыттарға ұйымдасқан түрде бөлу
қажеттілігін анықтайды.
Қылмыстық қудалауды іске асыратын органдар және қылмысқа қарсы күрес,
өзге де заң бұзушылықтар бойынша басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық
ұйымдар өткізген іс-шаралар үйлесімдері бойынша қызметтер прокуратураның
жұмасында ерекше орын алады.

5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы

Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау курсы прокурорлық
қадағалау туралы заңдылық білімінен, слндай-ақ прокурорлардың
қызметтеріндегі қадағалау салалары мен негізгі бағыттарына дәстүрлі түрде
тиісті прокурорлық қызметтің практикасы мен теориясын қамтитын дербес
құқықтық пәні білдіреді. Қазақстан Республикасындағы заңдардың дәл әрі
бірыңғай орындалуна прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасындағы
заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша міндеттерді ойдағыдай іске
асыруды қамтамасыз ететін, әлеуметтік шындық қағидаттарын іске асыратын
мемлекеттік қызметтің дербес нысандары ретінде қарастырылады. Сонымен
қатар, прокурорлық қадағалау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудағы аса маңызды кепілдіктердің бірі ретінде қарастырылатынын атап
кету кере.
Біздің республикамыз мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері отыз жыл
өтті. Осы уақыт ішінде елімізде өзекті қоғамдық саяси қайта құрулар болды.
Егер мемлекеттің бұрынғы саяси режимінде оның аппаратты және құқығы
жеке адамға қысым жасап келсе, ал бүгінде адам аса көңіл аударылатын тұлға
ретінде жарияланды. Оның өмірі, құқықтары, бостандықтары мен заңды
мүдделерді жоғары мемлекеттік құндылық болып жарияланады.
Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау оқулығы оқуға
міндеті ең маңызды құқықтық пән, яғни, осы курстың шегінде Қазақстан
Республикасының прокуратура органдарының қызметтері мен өкілеттіліктерін
ұйымдастыру мәселелері қаралады. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық
қадағалау курсын оқу заң кәсібіндегі көпшілік жоғары оқу орындарының оқу
бағдарламарына кіреді.
Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау оқулығы шартты
түрде жалпы және ерекше бөлімдеріне бөлінеді.
Жалпы бөлім прокуратураның тағайындау мәселелері, оның функциялары
мен басқа мемлекеттік органдар арасындағы орнын, прокуратура органдарын
ұйымдастыруға тарихи сілтемелері және оның негізгі даму кезеңдерін,
міндеттері мен ұйымдастыру қағидаттарын ашатын, ҚР прокуратура құрылымын
және жүйесін, прокуратура туралы заңдарды сипаттайтын мазмұндағы
тақырыптарды қамтиды.
Ерекше бөлімде прокурорлық қадағалаудың (салалары) бағыттары,
прокуратура органдарының қызметтеріне өту мәселелері прокуратура органдары
қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау және басқа мәселелері
зерделенеді.
Прокурорлардың міндеттері, функциялары, ұйымдастыру және
қызметтерінің қағидаттары, өкілеттіліктері туралы толық ұсынымды Қазақстан
Республикасындағы прокурорлық қадағалау оқу пәнін оқу негізінде ғана алуға
болады. Студенттер прокуратура органдарының мәні мен міндеттерін анық
білуге, мемлекеттік басқару органдарында, ЖІҚ, лауазымды адамдар мен
азаматтардың заңдары қолданылуына прокурорлық қадағалау, сондай-ақ
прокуратура іске асыратын қылмыстық қудалау ерекшеліктерін толық жақсы
білуге тиіс.
Құқықтық қызметтің кез келген саласы прокурорлық қадағалауға қатысты
бар немесе керісінше, прокурорлық қадағалау не прокуратура органдарының
басқа функциялары сол немесе өзге түрде қоғамдық өмірде туындаған барлық
құқықтық қатынастардың түрлерін қозғайды.
Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау курсы прокуратура
туралы нормалар және прокурорлық өкілеттіліктер тек прокуратура туралы
заңнан ғана емес, сондай-ақ әртүрлі құқық салаларына қатысты көптеген
заңдардан қамтылады, құқықтың осы салаларын оқу кезінде өзінің пәндері
болып табылатын, бірқатар заң пәндерімен тығыз байланысты.
Мемлекет және құқық теориясы курсына прокурорлық қадағалау
мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде қаралады. Сонымен қатар, мемлкеттік
функцияларды орындаудағы заңдылық режимі мен құқық бұзушылықты қамтамасыз
етуде прокуратураның рөлі қарастырылады.
Мемлекеттік құқық курсы мемлкеттік органдар жүйесінде және олармен
өзара қатынастағы прокуратураның алатын орны зерделенеді.
ҚР құқық қорғау органдары курсына прокуратура органдарының құрылуы
туралы баяндалады.
ҚР Конституциясы курсында прокуратураны ұйымдастырудың негізгі
ережелерін анықтайтын нормалар және ҚР Бас прокуроры тағайындайтын және Бас
прокуратура қызметтерінің басқа мәселелрінің тәртібі туралы баяндалады.
Қылмыстық процес курсына сотта мемлекет мүдделерін білдіру,
кезіндегі, анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуына
қадағалауды іске асырудағы прокурордың өкілеттілігі баяндалады.
Азаматтық процесс курсында азаматтық сот ісін жүргізу барысында сотта
мемлекет мүдделерін білдіруге байланысты прокурорлардың өкілеттілгі туралы
баяндалады.
Әкімшілік құқық курсы прокурордың заңды талаптарын орындамағаны,
шақырылғанда келмеген үшін жауаптылыққа тарту, сондай-ақ әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істер бойынша прокурордың өкілеттігіне қатысты
тақырыптарды қамтиды.
Прокуратура органдарын ұйымдастыру және қызметтері бірінші кезекте
Қазқстан Республикасының негізгі заңы – Конституцияға негізделеді,
Прокуратура туралы ҚР Заңдарымен және Қазақстан Республикасының басқа
нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Прокуратура органдарының
бұйрықтары, ережелері, қаулылары және басқа нормативтік құқықтық актілері
прокуратура шығаратын мерзімді баспасөздерінде жарияланады.
Пәннің тақырыптарын терең оқу үшін қосымша материалдарды қазақстандық
және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулерінен, сондай-ақ мынадай
Мемлекет пен құқық, Заңдылық, Заң әлемі, Фемида, Заң және уақыт,
Заң газеті, Заңгер, Хабаршы және басқа мерзімді басылымдарынан оқуға
болады.
Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау курсын ойдағыдай
меңгеру прокуратура оргндарында шартты түрде студенттер өтетін дұрыс
ұйымдасқан танысу және өндірістік практикасы, яғни бұл келешектегі
прокурорларға әр түрдегі іс жүргізуге құжаттарын құру бойынша дағдыларды
қалыптастыруға, әртүрлі іс жүргізу әрекеттерін орындаудың тактикасы мен
әдістемесін игеруге көмектеседі.

ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ
ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

1.Прокуратураны дамытудың негізгі кезеңдері

Бұл жерде ең бастысы оның тарихындағы маңызды үш кезеңді атап көрсету
керек. Қазақ АССР прокуратурасы Прокуратуралық қадағалау туралы ережені
бекіткен ҚазОАК 2-шақырылуындағы III сессиясының қаулысымен 1922 жылдың 13
шілдесінде бекітілген. Осыған байланыта әділет халық комиссары өз
қызметімен қатар республика прокурорының қызметін атқарған.
Әділет халық комиссариатының құрамына кіретін прокуратурада тарихи
мәні бар осы құжат мемлекет атынан кінәлі адамдарға қарсы қылмыстық
қудалауды қозғау және заң бұзушылық қаулыларына назарылық келтіру жолымен
барлық билік органдардың, шаруашылық мекемелердің, қоғамдық және жеке
ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекеттерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге
асыру; қылмысты ашу саласында анықтау және тергеу органдарының қызметтерін
тікелей бақылау; сотта айыптаушыны қолдау; сотталғандарды қамауда ұстау
дұрыстығын бақылау үшін жасалған.
Автономиялық республикалардың прокурорлары республиканың ОАК
тағайындалған және шақырылған және осы республика шегінде барлық тиісті
құқықтарға ие болған. Жалпыфедеральдық заңдарының мәселелері бойынша Қазақ
автономиялық республиксының прокуратурасы РСФСР прокурорына бағынған.
Республикасының бірінші прокуроры болып әділет халық комиссары Шафхат
Мұхаметжанұлы Бекмұхаммеьов тағафындалған. Прокуратуралық қадағалау туралы
ережелерді қабылдағаннан кейін Ш.Бекмұхамметов 1922 жылы 2 тамыздағы
әділет халық комиссарының және республика прокурорының міндеттерін
біруақытта орындау туралы бұйрығына қол қойды. Мұрағаттық мәліметтерге
байланысты ол ресрпублика прокуратурасының негізін салушы болып табылады.
ҚазОАК-ке жасаған прокуратураның бірінші есебіне Орынбор, Ақмола
губернияларының прокурорларын бекіту туралы қаулы баяндалды.
Ш.М.Бекмұхамметовтың бастамасы бойынша РСФСР Қылмыстық кодексіне қалым,
куна және барымта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Содан кейін, 1922 жылдың 15 қыркүйегіне ғана ҚазОАК-нің алқа
шешімімен Әділет халық комиссары және прокурор болып Мырзағұл Атаниязов
тағайындалды, көптеген авторлар ол кісіні ҚазССР бірінші прокуроры болған
деп есептейді.
Ережеге сәйкес республика прокуроры орталық қызметкерлерінің, сондай-
ақ жергілікті орган кандиттарының ішінен әрбір губерния мен облысқа
прокурор тағайындалған.
Прокурорлардың қызметке тағайындай, ауыстыру және қызметінен шектеуді
республика прокуроры ғана жүзеге асырды.
Губерниялық прокуратурада тиісті губерниялар мен облыстардың ұсынуы
бойынша республика прокуроры тағайындаған және шақырған прокурорлардың
көмекшілері болды. Олардың арасындағы міндеттер губерния және облыс шегінде
бөлінді.
Республика прокуроры:
1) барлық халық комиссарларының, мекемелер мен ұйымдардың қызметі
заңдылығын бақылау және заңға сәйкес келмейтін олардың шығарған өкімдері
мен қаулылары бұзу және өзгерту туралы ұсыныстарды енгізу;
2) оларды бұзу мақсатында ҚазОАК Төралқасы мен Халық Комиссарлар
Кеңесіне аталған өкімдер мен қаулыларға наразылық келтіру;
3) республика прокурорлары көмекшілерінің, сондай-ақ орындарындағы
прокурорлар мен олардың көмекшілерінің қызметтерін бақылау және басшылық
жасау, олардың қызметтерінде туындаған барлық меселелер бойынша
түсіндірмелер беру;
4) республика прокурорына қажет деп танылған жағдайларда
прокурорлардың функцияларын тікелей іске асыру жүктелген.
Ережеде орындарындағы прокурорлар міндеттерінің шеңбері мынадай
тәртіппен анықталған:
а) Халық комиссарлары кеңесінде немесе ОАК Төралқасында республика
прокуроры арқылы жоғарыда атаған өкімдер мен қаулыларға наразылық келтіру.
Бұндай прокурордың наразылық келтіруі наразылық клтірілген қаулылардың
өмірде қолданылуын тақтатпайды. Прокурорға кеңесші даусымен жергілікті
атқару комитеттерінің барлық жиналыстарына қатысу құқығы берілген.
Ережедегі прокурорлардың өкілеттігінде губерниялар мен облыстарда
әрекет ететін әкімшілік мекемелер мен лауазымды адамдардан қажетті
материалдар мен мәліметтерді талап ету құқығы көзделген. Сондай-ақ
прокурорларға өкілеттіліктерін жеке өзі немесе көмекшілері арқылы іске
асыру құқығы берілген. Ерекше ескертулерде мемлекеттік саяси басқару
органдарының аса құпия сипаттағы істермен танысу үшін талап етуге құқығы
көзделген. Бұл тікелей прокурордың өзімен іске асырылған.
Прокурорға туралы бірінші ережеде республика прокурорының және
губерниялық атқару комитетінің алдында губерниялық прокурорлардың әр тосқан
сайын есеп беруі көзделген. Прокурорлық қадағалау туралы ережені қабылдауға
байланысты ҚазОАК қаулысымен осы уақытқа дейінгі губерниялық халық соттары
кеңесіне жататын барлық міндеттер 1922 жылдың 1 тамызынан бастап
прокуратураның ерекше жүргізуіне берілді.
1923 жылдың аяғына қарай ҚазССР әділет халық комиссариатының
прокуратура бөлімінде төрт кіші бөлімдер ұйымдастырылған:
1) жалпы басқару (ұйымдастырушы-нұсқаушы);
2) жалпы қадағалау жөніндегі;
3) тергеу және анықтау органдарын, КТУ және бас бостандығынан айыру
орындарын бақылау жөніндегі;
4) мемлекеттік айыптаушы және сот қадағалау (Жоғары Сот жанындағы
прокурорлар).
Прокуратура бөлімі құрылымының толық жетілмеуіне қарамастан, сол
кездегі оның құрылымдардың бөліну негіздерінің өзі прокурорлық қадағалаудың
негізгі бағыттарын салғанын атамай кетпеуге болмайды. Жалпы бағыттарды
дұрыс жолға қойылған.
Прокуратура органдарының қызметін жетілдіру оның құрылымдық дамуынсыз
мүмкін емес еді. 1934 жылға дейін прокуратура органдарының ұрылымы
прокурорлық қадағалаудың негізгі функцияларын кең мағынада ашу бағыттарына
қарай өзгеріп отырды. СССР прокуратурасы бойынша 1934 жылға 25 наурызда
Орталық және жергілікті жерлердегі прокуратураның аппараттарын қайта құру
туралы бұйрығы шықты. Осы бұйрық бойынша СССР прокуратураларында қызмет
жасап жатқан бөлімдерімен бірге (жалпы қадағалау, сот қадағалау және т.б.)
өнеркәсіп, ауылшаруашылық, сауда, кооперация, қаржы імтер жөніндегі, сондай-
ақ, әкімшілік-сот және мәдени құрылыс және сот-тұрмыстық істер жөніндегі
секторлар құрылған. Өндірістік салалық қағидат бойынша осындай
ұйымдастырулар одақтық және автономиялық республика, өлкелік және облыстық
прокуратураларында жүргізілді.
Прокуратура алдына қойылған жаңа міндеттерді орындау үшін оның
құрылымдарын қайта құруға тура келді. Ұйымдасқан жетіспеушіліктерді жою
мақсатында СССР Халық комиссарлар кеңесінің1936 жылғы 5 қарашадағы
қаулысымен СССР Прокуратурасының Орталық аппаратында бұрынғы бөлімдер
таратылды, және оның жаңа құрылымы бекітілді. ССР Одағының Прокурорына
одақтық және автономиялық, өлкелік және облыстық прокуратуралардың жаңа
құрылымын белгілеу ұсынылды; оларды секторлар мен бөлімдерге бөлу жойылды;
өндірістік-сала қағидаттары бойынша: жалпы қадағалау, қылмыстық-сот,
азаматтық-сот, арнаулы істер бойынша тергеудің, тұтқынға алу орындарын
қадағалау бойынша; өтініштер бойынша және кадр бөлімдерінің жаңа бөлімдері
құрылды. Осы құрылым кейбір өзгерістермен осы уақытқа дейін сақталған.
Прокуратура органдарының қызметі прокуратураға жүктелген прокурорлық
өкілеттіліктерді нәтижелі орындау үшін оның бөлімшелері осы қадағалаудың
функциялардың негізгі бойынша құрылу керек екендігін көрсетті.
Прокуратура өміріндегі белгілі кезең құқық қорғау органдары
қызметінің нысандары бұзылып, басымдағы жоғары билік органдармен танылған
жазалаушы мекемелер, бірінші орынға шыққан кезеңмен байланысты. Тек 50-
жылдардың ортасында заңдылықты нығайту, мемлекеттің дамытудың құқытық
базасын құру бойынша талпыныс жасалады.
Прокуратураның кезкті маңызды кезеңі 1955 жылғы 24 мамырдағы СССР
прокурорлық қадағалау туралы ережесін қабылдау болды. Онда заңды түрде
мемлекеттегі заңдылықты және оны бұлжытпай қамтамасыз етудегі прокурорлық
қадағалау органдарының рөлін белгілеу туралы ұсыныстарды алдағы уақытта
бекітілген және алынған. Ережеде прокурорлардың міндеттері мен
өкілеттіліктері, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде анықталған заң
бұзушылықтарына прокурорлық шара қолдану құралдары анықталған. Ережелердің
нормаларының көбісі қылмыстық және азаматтық сот істерін жүргізу, түзету-
еңбек заңнамаларының негіздеріне енгізілген.
Әскери прокуратура органдары да қайта құрылған. Олардың құрылымы мен
жүйесі әскери прокуратуалардың өкілеттілігі, олардың функцияларының
аумақтық прокурорлар қызметіне байланысты болу-осының бәрі 1966 жылғы 14
желтоқсанда бекітілген әскер прокуратура туралы ережелерде көрсетілген.
Сонымен, әскери прокуратура совет прокуратурасы органдарының жүйесіне
кіреді және СССР Бас прокуратураны есеп береді деген тұжырым шығаруға
болады.
1977 жылы Конституцияны қабылдау заңдылықтың тиісті қадағалауын
қамтамасыз ету бойынша алдаған қадамдармен байланысты. Олардың біреуі СССР
прокуратурасы туралы Заңды жасау туралы шешім болды. Мұндай заң 1979 жылы
30 қарашада СССР Жоғарғы Кеңестің 10-шы шақырылуының екінші сессиясында
қабылданды. Онда совет прокуратурасы органдарының қызметтері мен
ұйымдастыруларының негізгі қағидаттарының бекітілуі мен құқықтық
реттеулері, олардың қызметтерінің негізгі бағыттары көрсетілді.
70-80 жылдары прокуратура органдарына прокурорлық қадағалауға
ешқандай тән емес заңдылықты қадағалау бойынша оның негізгі функцияларын
екінші орынға қою арқылы маңызды дәрежедегі міндеттерді жүктеді.
Прокурорлар қосымша өкілеттіліктер берілді, бірақ бұлар прокуратура алдына
қойылған, әсіресе азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау
саласындағы барлық мәселелерді шеше алмады.

2. Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары

Қазақстан Республикасы деп аталатын тәуелсіз зайырлы демократиялық
мемлекеттің пайда болуына байланыста Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасы негізінде жаңа мемлекеттік құрылымының және өмір тіршілігінің
талаптарына жауап беретін елдің жаңа заңдарын құруға тура келді. Біздің
қоғамымыздың басымдылығын және негізгі құндылықты өзгертумен қоса,
прокуратура қызметі де бірге өзгерді. ККСР прокуратурасы барлық
министрліктерде, мемлекеттік комитеттер мен ведомостволарда, кәсіпорындарда
және өзге де қоғамдық ұйымдарда, лауазымды адамдардың, сондай-ақ
азаматтардың заңдарды бірыңғай әрі дәл орындауларына жоғары қадағалауды
іске асыратын орган болып танылды. Қаз СКР аумағында бұл қызметті тікелей
КСРО Бас прокуроры, және оған бағынышты Қазақ КСР прокуроры және төменгі
тұрған прокурорлар іске асырды.
КСРО Бас прокуроры Қаз КСР прокурорын және облыс прокурорларын
қызметке тағайындацды. Қаз КСР прокуроры аудандық және қалалық
прокурорларды қызметке тағайындайды және КСРО Бас прокурорымен бекітілді.
Осыдан шыға отырып, біз ҚКСР прокуратурасы КСРО Бас прокурорына тәуелді
болғанын, прокуратураны ұйымдастырудың құрылымы мен тәртібі де КСРО Бас
пркуроры арқылы реттелгенін көреміз, біздің пркуратураға қатысты дербестік
болған жоқ. Прокуратура органдары қандай да бір жергілікті органдарға
қарамастан, өздерінің өкілеттіліктерін іске асырды, тек КСРО Бас
прокуратураны және ҚКСР Жоғарғы Кеңесіне бағынды. Осының барлығына
байланысты прокуратура органдары кәзіргі кезеңде алдына ала тергеуді іске
асыра алды. Қаз КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1990 жылғы 25 қазандағы
қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тәуелсіздік туралы декларациясына және
Қазақстан Республикасы Коснтитуциясының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1991
жылғы 6 желтоқсандағы қаулысына сәйкес прокуратура органдарының аумағында
қолданыстығы базасында республиканың Бас прокурорына бағынатын Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасы құрылады. Прокуратура органдарының
қызметі бірінші рет жаңа республикада ұлттық заң актілері, 1991 жылғы 17
қаңтарда республика Президенті қол қойған Қазақстан Республикасындағы
прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңы реттеледі. Осы заң
актісі тәуелсіз мемлекеттің прокуратура органдарын құруда жағымды рөл
атқарды.
Прокурорлық қадағалаудың практикасы мен іліміне 1992 жылы 17 қаңтарда
қабылданған Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы ҚР Заңы
көптеген жинақтар енгізді. Прокуратура заңдардың орындалуына жоғары
қадағалауды жүзеге асыратын орган болып жарияланады, республиканың Жоғарғы
Кеңесіне есеп береді. Қазақстан құзіретіне әскери прокуратура қабылданды.
Прокуратура алдында ресубликадағы заңдардың үстем тұруын, заңдылықты
нығайту мен біртұтастығын және құқық қорғау тәртібін қамтамасыз ету
міндеттері қойылды. Барлық қызметіндегі оның міндеттері азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; республиканың тәуелсіз
құқықтарын, бағыныштылығына қарамастан, оның саяси және экономикалық
жүйесін, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың құқықтарын, меншік
нысандары мен құрамдарын кез келген қол сұғушылықтан қорғау; лауазымды
адамдар мен азаматтардың құқықты тануы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып
табылады.
Осы заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда жағымды рөл
атқарды. Дегенменде, елдің нарықтық экономика жолымен көтерілуі,
демократияны өрістеуде құқықытық жүйені қалыптастыруға жаңа жол табуларын
талап етті.
Келесі кезең, біздің заңымыздың өзгеруі барлық халықтық талдаумен,
яғни рефеендуммен қабылданған тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын
қабылдау болды.
Ол Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, біртұтас мемлекет,
оның ең қымбат қазынасы-адам және азаматтың өмірі, бостандықтары мен
адамның бұлжымас құқықтары және өзінің қызметін азамат пен қоғамның
мүдделеріне іске асырады деп таныды. Осы саралауда прокуратура оның
құзіреті шегін Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың дәл әрі
бірыңғай орындалуына қадағалауды іске асыруға, қажетті жағдайларда, ол сол
уақытта белгіленген заңдар шеңберінде қылмыстық қудалауды іске асыруға,
сондай-ақ істердің сот талқылауына қатысуға тиіс. Осы Конституцияның
арқасында прокуратура басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан
тәуелсіз болды және тек заң ғана бағынды. Прокурордың өзінің негізгі
қызметінен басқа кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, депутат болуға, саяси
мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерге мүше болуға және басқа
мемлекеттік лауазымдарды атқаруға мүмкіндігі болмады. Прокуратура
органдарының бірыңғай және орталықтандырылған жүйесін Жоғарғы Кеңес жылға
тағайындаған Қазақстан Республикасының Бас прокуроры басқарды. Бас прокурор
төменгі тұрған прокурорлардың қызметке тағайындайды және қызметтен босатты.
Прокуратура органдарының құзіреті, құрылымы, тәртібі және прокурордың
құқықтық жағдайы ҚР прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Заңында
анықталды.
Үрдісті дамып келе жатқан мемлекеттік құрылыстың процестері,
демократия мен құқықты дамыту 1994 жылғы 12 ақпандағы Мемлекеттік
бағдарлама құқықтық жүйесін қалыптастыруға жаңа көзқарастарды жасауға тура
келді. Осы мемлекеттік бағдарламада 1995 жылғы 30 тамыздағы жаңа
Конституция мен 1995 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР прокуратура туралы ҚР
заңында кезекті өзінің бекітілуін тапқан прокуратура органдарының негізгі
қағидаттарын реформалау көзделді.
Жаңа ҚР Конституциясына және онымен белгіленген мемлекеттік құрылымға
сәйкес прокуратура тікелей ҚР Президентіне ғана бағында және оған жоғары
қадағалау функциялары жүктелген ерекше конституциялық рөл сынағы
тапсырылды. Конституция мен республиканың заңдарына қайшы келетін барлық
заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерге нарзылық келтіру
құқығы берілді. Жоғары қадағалауды жүктеу біздің ойымызша заңды, яғни
прокуратура мемлекет атынан өзінің қызметін іске асырады және барлық елдің
аумақтарында субъектілер қолданылатын барлық құқықтарымен жоғары
қадағалауды іске асырады. Біздің және кеңес қызметіндегі прокуратура
органдарының жүйесі құру және дамытуда үлкен тәжірибеге ие бола отырып, шет
елдермен салыстырғанда ұқсастықтары бар. Мемлекеттік биліктің тармақтарын
бөлудің дәстүрлі жүйесінде жатқызылмайтын қызметке ие бола отырып,
прокуратура адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жедел,
тез қимыл жасайды, сонымен бәрімізге білгілі биліктің заң, атқару және сот
тармақтарының баяулығын және дер кезінде шешім таба алмауларының орын
толтырады. Жоғары қадағалауды прокуратура жүктеу бұл объективті құқықтық
жағдай, және прокуратура қызметінде басқа мемлекеттік органдардың
өкілеттіліктерінен қарағанда, бірінші және тұрақты орын алады. Осы жерде
прокуратураның құқықтық жағдайының бірегейлігі – оның құқықтық қарулануы,
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның
мүдделерін қорғауда заң бұзушылықты белгілеу және қалпына келтіру үшін
өмірде тексерілген құқықтық институттарды пайдалануға мүмкіндік беретін заң
құралдарының кең арсеналы. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас
прокуроры өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған
сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде
ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың
келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды деген жаңа нысан пайда
болды. Яғни, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қылмыстық қудалаудан,
әкімшілік жазаға тартылудан және т.б. иммунитеттерге ие болды.
Сондай-ақ, прокуратура сот тәрізді алдын-ала тергеу және анықтаудан
бөлінд. Алдын-ала тергеу мен анықтау басқа арнаулы органдар іске асыру үшін
танылған. Прокуратураға қадағалау өкілеттілігі және сонымен қатар, жедел-
іздестіру қызметі берілген. Бұдан басқа, прокуратураға әкімшілік және
атқару өндірістеріне қадағалау және сотта мемлекет мүддесін білдіру
функциялары жүктелегн. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында
прокуратураның өзінше бірегей, жаңа жүйесі қалыптасты. Бұл, прокуратура
қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар, ғылыми мекемелер
мен қоғамдар қзметкерлерінің арасында көптеген даулар мен пікір-сайыстарды
туғызды.
Прокуратура туралы ҚР заңында басымдылық бағыттары ретінде адам
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет
мүдделерінің сақталуына қадағалау функциясы анықталған және жалпы қадағалау
ұғымы енгізілген.
Прокуратураны жетілдірудің келесі кезең Құқық қорғау жүйесін одан
әрі реформалау шаралары туралы 1997 жылғы 22 сәуірдегі Президент Жарлығын
қабылдау боды, осыған сәйкес Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік тергеу
комитетінің, Әділет министрлігінң Ақпаратты статистикалық қызметтері
базасында қылмыстық қудалау, прокуратура, сот қызметтері мен арнаулы
есептер жүргізу туралы құқықтық статистикасын қалыптастыру функцияларымен
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанында Құқықтық статистика
және ақпарат Орталығы құрылды.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі алдағы өткен заңымен
Бас прокуратурада жедел-іздестіруқызметін, тергеуді анықтауды іске асыратын
басқа республикалық құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметтерінің
функциясы қайта қалпына келтірілді.
Қылмыстық іс-жүргізу заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар,
ерекше жағдайда тергеудің толық және объективті еместігі, істің қиындылығы
мен маңыздылығы туралы фактілері анықталған кезде бас прокуратурада тергеу
топтарын құру және басшылық жасауға прокурорды тағайындау құқығы берілді.
Бұл новелла ұйымдасқан қылмыстарға және сбайлас жесқорлыққа қарсы күресті
күшейту қажеттілігін тудыру үшін шығарылды және ол прокуратураның
өкілеттіліктері туралы конституциялық ережелермен толығымен келісіледі.
Бірақ, нарықтық экономика жолында елдің алға басуы, алдағы дамуы
апркуратураны жетілдірудегі келесі кезеңінің объективті қажеттілігін
тудырды.
Осы мақсаттарға жету, сондай-ақ ҚР құқық қорғау қызметтерін
жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2001 жылғы 22 қаңтарда Президент
Жарлығын орныдау үшін 2002 жылғы 9 тамызда Елбасы қол қойған Прокурорлық
қадағалау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы заң әзірленген және қабылданды. Бұл прокурорлық
қадағалау туралы заңы осы уақыттағы маңызды соңғы өзгерістер енгізілген заң
болып танылды, және ол прокуратура тарабынан аса нәтижелі әрекеттер үшін
прокурорлық қадағалауды күшейтті. Біз енді осы өзгерістер туралы нақтырақ
қарастырамыз.
Заңның осы жобасы алдын-ала тергеуден, жан-жақты талдаудан өтті және
осыдан кейін үкімет мүшелерімен мақұлданды, және парламенттің екі палатасы
депутаттарының басым көпшілігімен қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан
Республиксының Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 5 тамыздағы қаулысымен
Конституцияға тиісті оның нормалары қабылданды. Бұл заң және оның нормалары
прокуратура органдары қызметкерлерінің өкілеттіліктерін, сондай-ақ
прокурордың қызметіне кедергі келтіретін және оның заңды талаптарын
орындамайтын адамдардың жауаптылығын арттыруда реттейді. Прокурордың жаңа
өкілеттіліктері тек адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, мемлкет
пен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауды күшейтуге, прокурорлық реттеу
құралдарымен заңды нығайтуға ғана бағытталған. Прокурорлық мәселелері
жөніндегі 2002 жылғы 9 тамыздағы ҚР Заңын қабылдау сот биліктерінің
мүмкіндіктерін толықтырады және осыған байланысты сот әділдлігі саласында
тартылған адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділік жүйесін
дыматады. Адам және азамат қоғаудың құқықтық құралдарын таңдауда, оның
ішінде прокуратура органдарының жоғары мүмкіндіктерін пайдалануда тәуелсіз
болуға тиіс. Прокурорлық қадағалау мәселелеріндегі маңызды жаңа ерекшелік
толықтыру болып табылады. ҚР Қылмыстық кодекстің 321-1-бабы прокурордың
қызметіне кедергі жасау және оның заңды талаптарын орындамау.
Қадағалау тәртібімен 3 айдан аспайтын мерзімде оған наразылық
келтіруге дейін сот шешімін орындауды тоқтатуға құқы бар прокуратура
органдарының лауазымды адамдарының шеңберін кеңейту заңға сейкес сот
әділдігін қатаң түрде іске асыруың аса маңызды кепілі болып табылады.
Мысалыға, қылмыстық іс жүргізу қызметі қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық
заңдарда көзделген мемлекеттік мәжбүрлеудің аса қатаң шараларын қолдану
қорқыту құпияларынан тұрады және сол және өзге де лауазымды адамдардың
қарауы бойынша өз бетімен іске асыра алмайды. Азаматтық сот ісін жүргізу
осындай қағидат бойынша құралған. Басқаша айтқанда, қылмыстық істер бойынша
өндіріс кезіндегі барлық қызмет белгіленген рәсімдерді сақтаумен
белгіленгентәртіпте іске асырылды. Ең алдымен азаматтық іс жүргізу және
қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қоғамдық қатынастар, сондай-ақ
азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу қатынастарын тудыратын
негіздер ажыратылады. Қадағалау сатысындағы өнеідіріс ерекше аяқталған
сатылардың қатарына жатқызылуға тиіс. Бұл барлық бұзылған үкімдер, заң
күшіне енген шешімдер дәлелді мотивтермен сәйкес болу керек. Яғни,
үкімдерді, заң күшіне енген шешімдерді өзгерту немесе бұзу әділетсіз сот
үкімінің қаулысында көрсетілген аса маңызды негіздер, процеске
қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін нақты шектейтін шешімдер
болған кезде ғана мүмкін. Қадағалау наразылығын келтіргенге дейін
прокуратураның лауазымды адамдарды бір-бірін алмастырудың бірқатар
әрекеттерін іске асырады. Оның ішінде, сонымен қатар шақымдаған өкімдердің
орындалуын және заң бұзушылықтың анық байқалған кезінде ғана емес, кез
келген негіздер бойынша шешімдердің орындалуын тоқтату туралы мәселелер
шешіледі. Осыған сәкес, сот шешімінің қорытындысына наразылық білдіру
құқығы негізгі сот талқылауына прокурордың қатысуына ғана байланысты емес,
және адамдардың жеке бастамасы бойынша да, сондай-ақ процеске
қатысушылардың өтініші бойынша да білдірілуі мүмкін (ҚІК 460 б. 3 т., АІК
385 б. 3 т.). Осындай талқылау барысында, егер заңдардың сқталуына
қадағалау, сондай-ақ олар іске асыратын сот шешімдерін қайта қарау кезінде
прокурордың мәртебесі оның құзіретіне жатпаса, сот талқылауындағы прокурор
мәртебесін ажырату өте маңызды. Соңғы кездері прокурорлар сотта мемлекеттің
мүдделерін, сондай-ақ елдегі прокурорлық қадағалау қағидаттары мен
маңыздылығын толық трде білдіріп жүр.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 466, Азаматтық іс жүргізу кодексінің
396-баптарының жаңа редакциясы Конституциясының 83-бабына және прокуратура
органдары туралы заңдарына (ҚІК 62-бап, АІК 55-бап, Прокуратура туралы ҚР
Заңының 1, 4, 16, 30-33 баптары) сәйкес келеді және сот және прокуратураның
тиісті лауазымды адамдарды арқылы сот шешімдерін қайта қарауға байланысты
қылмыстық және азаматтық процестер сатыларында азаматтардың әділ сотқа
жетуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Бүл, Бас прокурордың және оның
орынбасарларының өкілеттіліктері арқылы қылмыстық процеске қатысушылар сот
шешімін қайта қарау рәсімінде заңда көзделген іс-жүргізу кепілдіктерін,
оның ішінде оның орындалуын тоқтатуды іске асырудың қосымша мүмкіндіктеріне
ие болуын білдіреді. Мысалыға, Ресей Федерациясының прокуратурасында сот
шешімдерін бұзу құқығы РФ Бас прокуроры мен оның орынбасарларына берілген.
РФ прокуратурасы туралы 1995 жылғы 18 қазандағы Заңына сәйкес сотталушыға
өлім жазасы тағайындалған іс бойынша РФ Бас прокуроры немесе оның
орынбасарлары наразылық келтірілген кезде арнаулы шешімдерді қабылдаусыз
үкімдерді орындау тоқтатылады. Қадағалау тәртібінде өндіріс аяқталғаннан
кейін РФ Бас прокурорының және оның орынбасарларының азаматтық өндіріс
саласындағы тиісті шешмдері тоқталуы мүмкін (РФ АІЖ 320, 323).
Тоқтату үкімді, шешімді орындалуына келтірмеу немесе істердің
қадағалау сатысында қарауға дейін үкімді, шешімді орындаудағы үзілісті
білдіреді Наразылық келтіру үшін негіздердің барлығы туралы мәселелерді
шешу үшін істі талар ету заңды күшіне енген талап етілген істер бойынша
шығарылған сот үкімдерінің, шешімдердің орындалуына өзінше кедергі
келтірмейді. Сот тәртібімен әкімшілік жазаға тарту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокурорлық қадағалаудың түсінігі
Прокурорлық қадағалау
Прокурорлық қадағалау жайлы
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
ҚР-ның прокуратурасы
Прокуратураның құқықтық актілері
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының прокуратурасының міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
Пәндер