Жоғарғы Сот алқалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің құқық қорғау органдарының қызметі кең ауқымды және
әртүрлі.
1- бап. Сот билігі
1. Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай- ақ
заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге
тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкілеттілігін басқа органдарға беруді көздейтін заң
актілерін шығаруға тиым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін немесе сот
билігі функцияларына иеленуге құқығы жоқ.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен
шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымдық немесе өзге де адамдардың
қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
2. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддерлерін
қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік
құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге
қызмет етеді.
Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де
адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген
құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе
олардың шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс- қимылдарынан сот
арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілік сақтай
отырып құзыретті, тәуелсіз және алалмайтын соттың қарау құқығынан айыруға
болмайды.
Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот
ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
3. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек
Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен
тәуелсіздігіне нұқсан келтіәретін заңдарды немесе өзге де нормативтік
құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.
Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол
берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер
бойынша судьялар есеп бермейді.
Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі
талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке
заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын
орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
2- бап. Мемлекеттік биліктің нышандары
1. Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан
Республикасы-ның Мемлекеттік туы орнатылады және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі қойылады.
2. Судьялар сот төрелігін судья мантиясын киіп жүзеге асырады, оның
нысананы мен сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3- бап. Сот жүйесі
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесінің Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы
Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол
берілмейді.
2.Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының
қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары,
мамандандырылған сот- Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және
басқалар);
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар( қалалық, ауданаралық
мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар)
3. Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық,
әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар
құрылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы
бейнеленген мөрі болады.
4. бап. Сот жүйесінің бірлігі
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің бірлігі:
1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, іс жүргізу және өзге де
заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай
сот төрелігі принциптерімен;
2)сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарда
белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты
қолданумен;
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында орындаудың міндеттілігімен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен
қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және
судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар.
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі,
сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен
белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
1. Жоғарғы Соттың өкілеттігі
2. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы
3. Жоғарғы Сот алқалары

1. Жоғарғы Соттың өкілеттігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 81-
бабына сәйкес ҚР Жоғарғы соты азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін
жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы
болып табылады. Ол заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін
қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктер
беріп отырады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасын, Жоғарғы сотының
алқа төрағаларын және судъяларын республиканың Жоғары Сот кеңесінің
кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Парламент
Сенаты сайлайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары
сот органы болып табылғандықтан, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында
олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының
мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1. Өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарау;
2. Сот практикасын зерделеу, оны жинақтаудың қорытындылары бойынша
республика соттарының сот төрелігін іске асыру кезіндегі заңдылықтың
сақталу мәселелерін қарау;
3. Сот практикасында заңдардың қолданылу мәселелері бойынша түсіндірмелер
беретін нормативтік қаулыларды қабылдау;
4. Заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мысалы, ҚР
Конституциясына сәйкес, Жоғарғы Сот ҚР Президенттің Қылмыстық іс-әрекет
жасағаны үшін айып тағудың негізділігі туралы түпкілікті шешімді қабылдау
үшін қорытынды береді. (Егер Парламент Мәжілісінің шешімімен Республиканың
Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тақса).
2. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа
төрағаларынан және судъялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судъяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1. Қадағалау алқасы;
2. Азаматтық істер жөніндегі алқа;
3. Қылмыстық істер жөніндегі алқа;
4. Соттың жалпы отырысы. Сонымен бірге, Жоғарғы Соттың жаңынан Ғылыми-
Консультациялық Кеңес және баспа органы құрылады.
Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы
құрылады.

3. Жоғарғы Сот алқалары. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы
мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау
алқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.
Әр алқадағы судъялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың
жалпы отырысында белгіленеді.
Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру
арқылы судъялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын
судъяларынын тұрады.
Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа
соттың жалпы отырыстарында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот
төрағасы белгілейтін судъялардан тұрады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және
қылмыстық істьер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.
Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, алқаларының
төрағаларын облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың төрағаларын
және судъяларын Республиканың Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша
Республика Президенті қызметке тағайындайды. Республиканың басқа соттарының
төрағаларымен судъяларын әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне
негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті
тағайындайды.
Жоғары Сот Кеңесін Республика Президенті тағацындаған Төраға
басқарады және оның құрамында Конституциялық Кеңестің төорағасы, Жоғарғы
Соттың төрағасы, Бас Прокурор, әділет министрі, сенат депутаттары, судъялар
және республиканың Президенті тағайындайтын басқа да адамдар болады (82-
бап).
Судъя лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам
мынадай мазмұнда ант береді: Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға
сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана
бағына отырып жүзеге асыруға, судъя ретіндегі борышым
міндеттегендейбейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін. Антты
жоғарғы соттың төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судъялары
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында, ал облыстық соттың
төрағалары, Жоғарғы Соттың жалпы отырысында береді. Өзге судъялар корпусы
тиісті облыстық соттардың жалпы отырысында ант береді.

Судъялардың құқытық жағдайы
1. Судъялардың мәртебесі
2. Судъялардың тәуелсіздігі
3. Судъялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері

1. Судъялардың мәртебесі. Қазақстан Республикасының барлық соттары
судъяларының мәртебесі бірдей болады және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен
ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы
Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сульяға сот төрелігін жүзеге
асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, олөз міндеттерін тұрақты негізде
орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.
Судьялардың құқытық жағдайы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен
белгіленеді.
Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді
жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқы тәртібін
сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың
құрамына енгізуге болмайды.
Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы
Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты
негізде өкілеттіктерге ие болады.
Заңда қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға
тиіс:
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша
ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқы бұзушіліқ үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің
өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері
күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік
заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген
шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер
өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының
пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім
өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Судьяның өкілеттігі тек қана осы Конституциялық заңда көзделген
негіздер мен тәртіп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.

2. Судъялардың тәуелсіздігі. Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және
заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз
және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен
заседателіне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер
заңмен қудаланады.
Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәне жөнінде
қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы
барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс.
Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-
ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін
жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
Судьяның тәуелсіздігі, жоғарыда аталғандай, оған ешкімнің тиіспеуімен
нақтыланады. Судьяны қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған
жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен
белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің
қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның
55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда, (оған ешкімнің тиіспеуі
жөніндегі құқығынан айыру), ҚР Парламент Сенатының келісімінсіз оны
қылмыстық істі ҚР Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға Қазақстан
Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік беріледі.
3. Судъялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері. Судьялар сот төрелігін
жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне ықтиярсыз, бағынбай, тәуелсіз, тек
қана еліміздің Конституциясы және өзге де заң актілеріне бағынады.
Демек,олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігі
мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:
- судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны
үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сайламағандығы үшін заңда жауаптылық
белгілеуімен;
- судьяның ешкімнің тиіспеуімен;
- судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттігін тоқтату
және тқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
- судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық
жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым
салу арқылы.
Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қарауында
болады, оның тиісті органдары судьялар мен олардың отбасы мүшелерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, егер
судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағжайда, дер
кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Олардың өздеріне және
мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келітілген зиян республикалық
бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.
Сөйтіп, соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету,
сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге
асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен
жүргізіледі.

6.Тақырып.Судьялардың өкілеттіктері
Жоспары:
1. Судьяға өкілеттіктер беру тәртібі.
2. Судьяның ант беруі.
3. Судьяның өкілеттігін тоқтата тұру.

1.Судьяға өкілеттіктер беру тәртібі. 1.Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының судъяларын Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғары Сот
Кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
2. Облыстық соттың судьясын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
3. Аудандық соттың судьясын Әділет министрінің Әділет біліктілік
алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындайды.
4. Жоғарғы Соттың төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге бес
жыл мерзімге Сенат сайлайды.
5. Облыстық соттың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғары Сот
Кеңесінің кепілдемесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл
мерзімге тағайындайды.
6. Аудандық соттардың төрағаларын Әділет біліктілік алқасының
кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.
7. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың
төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкілеттік
мерзімдері аяқталғаннан кейін, егер олар бұрынғы қызметтеріне немесе басқа
соттағы осындай қызметке тиісінше қайтадан сайланбаған немесе
тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды
жалғастырады.
Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары
1.Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделеріне іске асыру мен қорғау
мақсатында судьялардың қоғамдық бірлестіктер құруға құқығы бар.
2. Судьялық бірлестіктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгіленген
тәртіппен өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді, қорғайды және сот
төрелігінің іске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай- ақ саяси
мақсаттарды көздемеуге тиіс.
38-бап. Судьялардың тәртіптік- біліктік алқалары
Судьяларға біліктілік сыныптарын беру үшін, сондай- ақ судьялардың
тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешу не судьяның өкілеттілігін тоқтату
үшін, осы Конституциялық заңмен көзделген жағдайларда, Республикалық және
облыстық тәртіптік- біліктілік алқалары құрылды.
Тәртіптік- біліктілік алқаларын құру және оның жұмысын ұйымдастыру
тәртібі, сондай- ақ тәртіптік істерді қарау тәртібі Қазақстан
Республикасының Президенті бекітетін Ережемен анықталады.

2.Судьяның ант беруі. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе
тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант береді:
Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып
жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым міндеттегендей бейтарап және әділ
болуға салтанатты түрде ант етемін.
Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен
судьялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында ант
береді.
Облыстық соттардың төрағалары Жоғарғы Соттың жалпы отырысында ант
береді.
Облыстық соттар алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық
соттардың төрағалары мен судьялары тиісті облыстық соттардың отырыстарында
ант береді.

3. Судьяның өкілеттігін тоқтата тұру. Судьяның өкілеттігі, егер:
1) судья Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан
Республикасы Парламентінің немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып
тіркелсе;
2) судья заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кеткен деп
танылса;
3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келісім берілсе;
4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.
Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты – Қазақстан Республикасының
Президенті;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты – Жоғарғы Сот Төрағасы
жүзеге асырады.
Егер судьяның өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім қабылдануға негіз
болған мән-жай жойылса, судьяның өкілеттігі қалпына келтіріледі.
Судьяны қызметтен босату және оның өкілеттігін тоқтату
1. Судьянының өкілеттігі мынадай негіздерде:
1) орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға
кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;
3) судьяны іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп
тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот
шешімі заңды күшіне енгенде;
4) осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда;
6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы
шешімі заңды күшіне енген жағдайда;
7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа
ауысқан жағдайда;
8) соттың таралуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер
судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе,
тоқтатылады.
2. Судья өкілеттігі судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының судьяны
тәртіптік теріс қылықтар жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-
бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін қызметінен босату
қажеттігі туралы шешіміне байланысты тоқтал\тылуы мүмкін.
3. Сот төрағасының не алқа төрағасының өкілеттіктері олар осы
Конституциялық Заңның 9,14,15,20,21 және 28-баптарында көрсетілген
талаптарды орындамаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
4. Судьяны қызметтен босату туралы шешім:
1) Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағалары мен судьяларына қатысты
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша – Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының қаулысымен;
2) облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың
төрағасы мен судьясына қатысты – Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен қабылданады.
5. Судьяны қызметінен босату сонымен бір мезгілде тиісті соттың төрағасы
немесе алқа төрағасы өкілеттіктерінің тоқтатылуына әкеп соғады.
Тиісті соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкілеттік мерзімінің
өтуіне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметінен
босатуға әкеп соқпайды
6. Осы баптың 1-тармағының 3)–7) тармақшаларында көзделген жағдайларда,
судьялық қызметтен босатуға және судьяның өкілеттігін тоқтатуға Жоғары Сот
Кеңесінің немесе Әділет біліктілік алқасының ұсыныстары талап етілмейді.

7.Тақырып.Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі.
Жоспары:
1. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздері.
2. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалар.
3. Тәртіптік іс қозғау құқығы .

1. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздері.
1. Судья:
1) сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін;
2) судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін;
3) еңбек тәртібін өрескіл бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы
мүмкін.
2. Сот төрағалары және сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда
көзделген лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік
жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
3. Сот актісінің күшін жою немесе өзгерту, егер бұл орайда заңды өрескіл
бұзуға жол берілмеген және ол туралы жоғары тұрған сот орнының сот
актісінде көрсетілмеген болса, өздігінен судьялардың жауаптылығына әкеп
соқпайды.

2. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалар.
1. Судьяларға тәртіптік жазаның мына түрлері қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) біліктілік сыныбын төмендету
4) қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сот төрағасы немесе сот
алқасының төрағасы қызметіннен босату;
5) осы Конституциялық заңда көзделген негіздер бойынша судья қызметінен
босату.
2. Әрбір тәртіп бұзушылық үшін тәртіптік теріс қылықтың сипаты, судьяның
жеке басы туралы деректер және оның кінәсінің дәрежесі ескеріле отырып, тек
бір тәртіптік жаза қолданылады.

3. Тәртіптік іс қозғау құқығы .
Тәртіптік іс қозғау құқығы:
1) Республиканың кезкелген судьясына қатысты – Жоғарғы Сот Төрағасына;
2) облыстық соттың алқа төрағасы мен судьяларына, аудандық соттың төрағасы
мен судьяларына қатысты – облыстық сот төрағасына тиесілі болады.
Тәртіптік іс қозғау және қарау мерзімдері
1. Судьяға қатысты тәртіптік іс қарау, қызметтік тексеру мен судьяның
дәлелді себептерімен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, теріс қылық
анықталған күннен бастап – үш айдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған
күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қозғалуы мүмкін.
Жоғарғы тұрған сот инстанциясының заңдылықтың бұзылуы фактісі
анықталған сот актісі заңды күшіне енгізілген күн судьяның сот ісін қарау
кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс-қылықтың анықталған
күні болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күні болып
есептеледі.
2. Тәртіптік іс қозғалған күнінен бастап екі ай мерзім ішінде
қаралуға тиіс.
Тәртіптік істерді қарау жөніндегі органдар 1. республиканың тәртіптік-
біліктілік алқасы Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьяларына, облыстық
соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қатысты тәртіптік істерді,
сондай-ақ облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларының шешімдеріне қатысты
шағымдарды қарайды.
2. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары облыстық соттардың судьяларына,
сондай-ақ аудандық соттың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік
істерді қарайды.
3. Тәртіптік істерді қарау тәртібі және тәртіптік алқалардың қызметі
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Ережемен регламенттеледі.
Тәртіптік істер бойынша қабылданатын шешімдер
Тәртіптік іс жөніндегі тәртіптік-біліктілік алқа:
1) ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы;
2) тәртіптік іс жүргізуді қысқарту туралы;
3) қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін судьяның
біліктілік сыныбын төмендету сот төрағасын немесе алқа төрағасын
қызыметінен босату және судьяның өкілеттігін тоқтату жөнінде тиісті
органдарға нмесе лауазымды тұлғаға ұсыныс жіберу туралы;
4) төменгі тұрған тәртіптік-біліктілік алқаның шешімін өзгерту не оның
күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберуге туралы шешімдердің бірін
шығарады.
Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі
1. Облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының шешіміне өзіне қатысты
шешім шығарылған судья, сондай-ақ тәртіптік іс қозғаған тұлға Республикалық
тәртіптік-біліктілік алқасына шағымдануы мүмкін.
2. Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі түпкілікті
болып табылады және шағымдагуға жатпайды.

8.Тақырып. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік
қамсыздандыру
Жоспары:
1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету.
2. Судьяларды әлеуметтік қамсыздандыру.

1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету.
1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету оның мәртебесіне сай болуға
және сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз
етуге тиіс және оны азайтуға болмайды.
2. Судьялардың еңбегіне ақы төлеуді Конституцияның 44-бабының 9-
тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
Судьялардың біліктілік сыныптары
1. Судьяларға атқарып жүрген қызметіне, кәсіби даярлығының деңгейіне,
еңбек сіңірген жылдпрына және өзге де мән-жайларға байланысты біліктілік
сыныптары беріледі.
2. Судьяларға біліктілік сыныптарын беру мен олардан айыру тәртібі осы
Конституциялық заңмен және Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен
Ережемен белгіленеді.
Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету
Барлық соттардың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебінен
судьялық маниямен қамтамасыз етіледі.

2. Судьяларды әлеуметтік қамсыздандыру.
Судьялардың жыл сайынғы демалыстары
Судьяларға сауығуы үшін лауазымдық екі айлыққа мөлшерінде жәрдемақы
төлене отырып, күнтізбелік отыз күнге жыл сайынға демалыс беріледі.
Ауысқан кездегі өтемақы
Қызметі бойынша Қазақстанның бір аймағынан екінші аймағына ауысқан
судьяларға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге байланысты шығыстары
шыққан шығынның көлемінде төленеді.
Тұрғын үй жеңілдіктері
1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет
есебінен жүргізіледі.
2. Судьяға және оның отбасы мүшелеріне кезектен тыс, бірақ қызметіне
кіріскен күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей, нақты жер жағдайына
қарай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға
мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы
тұрғын үй беріледі. Лауазымында он жылдан астам уақыт жұмыс істеген
судьялардың тұрақты тұруға арналған қызметтік тұрғын үйі оның қалауы
бойынша қалдық құны бойынша сатып алынуы мүмкін.
3. Судья қызметінен босатылғанда оны және отбасы мүшелерін басқа
тұрғын үй бермей тұрып қызметтік тұрғын үйден шығаруға болмайды.
Судьяларға медициналық қызмет көрсету
1. Судьялар және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері тиісті
мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетумен
белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудің тәртібі мен шарттары
Қазақстан Республикасының нормативтік құқытық актілерімен белгіленеді.
Судьяларды сақтандыру
Судьялар заңдарға сәйкес республикалық бюджет қаражатының есебінен
міндетті сақтандырылуы тиіс.
Жерлеуге жұмсалатын шығыстың өтемақысы
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен
зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін судья қайтыс болған
сәттегі тиісті лауазымы бойынша судьяның үш айлық жалақысы мөлшерінде бір
жылғы ақшалай өтемақы төленеді.

9.Тақырып. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының мәртебесі.
Жоспары:
1. Ішкі істер органдарының мәртебесі мен міндеттері.
2. Ішкі істер органдарының жүйесі.

1. Ішкі істер органдарының мәртебесі мен міндеттері. Қазақстан
Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары)
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен
жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқытары мен бостандығына,
қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол
сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім
етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып
табылады.
1. Ішкі істер органдарының міндеттері:
1) қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде
төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын
кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын-ала тергеу,
анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;
4) әкімшілік жазалауларды орындау;
5) әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртібін
қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау;
6) кәмілетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және
тыю;
7) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
8) жорл қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау
және бақылау;
8-1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың
айналамын мемлекеттік бақылау;
8-2) азаматтық және қызметтік қаруды және оның оқ-дәрілерін мемлекеттік
бақылау;
8-3) күзет қызметін, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын млнтаждауды,
орнатуды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субьектілердің
қызметін мемлекеттік бақылау;
9) мемлекеттік және өзге де обьектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға
алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, террорихм актілерінің жолын
кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;
10) виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін сақтауын
бақылау;
11) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесінде
жекелеген міндеттерді орындау;
11-1) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар
кезінде карантиндік, санитарлық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге
қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем
көрсету;
11-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат
етушілік қызметті жүзеге асыру;
11-3) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді
обьектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
12) ішкі істер органдарының қарауына жатқызылған мәслелер бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
13) есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және олардың заңсчыз айналымы
мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау болып табылады.
2. Өзге міндеттер ішкі істер органдарына тек заңмен ғана жүктелуі мүмкін.
Ішкі істер органдары қызметінің принциптері
Ішкі істер органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, ішкі істер
органдары жүйесінің бірлігін, жариялылық, құқы қорғау және басқа да
мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен
өзара іс-қимыл жасау принциптеріне негізделіп құрылады.

2. Ішкі істер органдарының жүйесі. Ішкі істер органдарының біртұтас
жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына
кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың,
республикалық маңызы бар қала мен Республика Астанасының, көліктегі оған
бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандақ, қалалардағы
аудандық, поселкілік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу
орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілк
полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ ішкі істер
министрлігінің әскери құрылымдық мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен
әскери полициясы құрылады.
Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің
бөлімшелерін, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары
мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан
Республикасының ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Ішкі істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымдары мен штат
санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Криминалдық полиция
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның
алдын алу жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының
жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу,
тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден
жалтарған, хабарсыз кеткен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру
болып табылады.
Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның
алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
Әкімшілік полиция
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау,
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық
бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде
анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға
алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ
адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмілетке
толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқы бұзушылықтарды анықтау және
бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер
органдарына жүктелген лицезиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып
табылады.
Әкімшілік полицияны полицияның учаскілік инспекторлары мен кәмелетке
толмағандар ісі жөніндегі учаскілік инспекторлар қызметтері, сақшылық
қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал
дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының
арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді
шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
Әскери-тергеу органдары.
Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және
әскери қызметшіліер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті
қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып
табылады.
Әскери-тергеу органдарын әскери-тергеу департаменті, әскери-тергеу
басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің
алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын
бөлімдер құрайды.
Әскери-тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі
істер органдарының барлық құқытарын пайдаланып, солардың міндеттерін
атқарады.
Әскери-тергеу органдары Қарулы Күштер есебінен қызметтік үй-жаймен,
байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ішкі істер министрлігінің әскер полициясы
Ішкі істер министрлігінің әскер полициясы арнаулы орган болып
табылады және ішкі әскерлердегі құқы тәртібін қамтамасыз етуге, әскери
қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған
басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы
қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын
кесуге, әскери қылмыстарды ашуға, ішікі әскерлердің әскери қызметшілерін
іздестіркге арналған.
Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген
лауазымдық адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау
үшін ішкі істер органдарының өкілеттегін пайдаланады. Бұл орайда әскери
қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері
мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың
құжаттарын тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі
әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс
құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да
солар көтереді.
Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым
белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери
полицияның белгіленген үлгідегі кеудедегі, жеңге тағатын арнаулы айырым
белгілерімен толықтырылуы мүмкін.

10.Тақырып. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі.
Жоспары:
1. Ішкі істер министрлігінің және оның аумақтық органдарының құзыреті.
2. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін
басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып
табылады.
Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының,
көліктегі ішкі істер департаментінің, сондай-ақ ішкі істер министрлігі оқу
орындарының туы болады.
Ішкі істер министрлігі жалауының, туының және рәмізінің, оған
бағынатын органдар туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының
Президенті бекітеді.
Ішкі істер министрлігінің және оның аумақтық органдарының құзыреті.
1) қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес
саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.
2) криминалдық, әкімшілік полициясы және ішкі істер органдарының өзге де
қызметтерінің, ішеі әскерлердің, әскери-тергеу органдарының, әскери арнаулы
полицияның және көліктегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметіне
басшылықты жүзеге асырады.
3) қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес
саласында мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады.
4) ішкі істер органдары жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатының іске
асырылуын қамтамасыз етеді.
5) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтайды.
6) қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруды
жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлейді.
7) Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік
және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқытқы актиілері мен
нормативтік құжаттарын әзірлейді және бекітеді.
8) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
9) Ішкі істер органдарында іс жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
10) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды және қоғамдық
тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес саласында
құпиялылық режимінің сақталуына ведомостволық бақылауды қамтамасыз етеді.
11) криминалдық, әкімшілік полициясының және полицияның өзге де
қызметтерінің, сондай-ақ ішкі әскерлердің, әскери полиция мен әскери-тергеу
органдарының, арнаулы полицияның, көліктегі ішкі істер органдарының өзара
іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.
12) Ішкі істер органдарының жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбіт уақытта
төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының
орнықтылығын арттыру, ішкі істер органдары арнаулы бөлімшелерінің толық
және дер кезінде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі
шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
13) ішкі істер органдарының жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге құқығы
бар бөлімшелері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асырады.
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарының
құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беруді
жүзеге асырады.
15) Ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша
лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерінің сақталуына мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады.
16) полиция органдары бөлімшелерінің режимдік және ерекше қорғалатын
объектілердегі қызметін қамтамасыз етеді.
17) авариялардың, өрттің, апатты жағдайлардың зардаптарын жою кезінде және
басқа да төтенше жағдайларда қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады,
қоғамдыққауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
18) Арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастырады.
19) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдар өмірінің,
денсаулығының, абыройы мен беделінің және мүлкінің қорғалуын бақылауды
жүзеге асырады.
20) Жергілікті ішкі істер органдары, ішкі әскерлер басшыларының және
ұйымдар басшыларының кәсіби біліктілігіне аттестаттау жүргізеді.
21) Лауазымдар санаттары бойынша үлгілік біліктілік талаптарын, ішкі істер
органдарының номенклатурасын, олардың қызметі туралы ережелерді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот буындары
Қазақстандағы сот жүйесі, судьялар мәртебесі
Сот билігі және оның ұғымы
ҚР-дағы сот билігі
Сот жүйесі және бірлігі
Жоғарғы соттың алқалары оның құрамы, құрылу тәртібі, құрылысы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Облыстық сот төрағасы
Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары туралы
Пәндер