Қорғаншылық және қамқоршылық


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3-4

І. Патронат

1. 1. Патронат ұғымына жалпы сипаттама . . . 5-6

1. 2. Патронат тәрбиешілер . . . 6-8

1. 3. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт және патронат қызметіне ақы төлеу тәртібі . . . 9-15

ІІ. Қорғаншылық және қамқоршылық

2. 1. Қорғаншылық (қамқоршылық) қызметінің түсінігі мен

қорғаншы және қамқоршы органдар . . . 16-22

2. 2. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар туралы статистикалық мәліметтер . . . 23-26

Қорытынды . . . 27-28

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29


Кіріспе

Балалардың, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында осы санаттағы балалардың құқықтарын қорғау саласына қажетті нормативтік-құқықтық актілер базасы жасалынды. Сондай заңнамалардың қатарына Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамызындағы « Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы « Неке және отбасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 Қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы» және «Патронат туралы» Ережелерді ерекше атап өтуге болады. Яғни, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау жэне орналастыру. ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана қүқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың қүқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың рухани және материалдық тұрғыда толыққанды өмір сүруіне, адемгершілік тұрғыда дұрыс тәрбие және білім алуына мемлекет жағдай жасап, аталған құқықтық қатынастарды жоғарыдағы заңнамалық актілер негізінде реттейді.

Мемлекет ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, есепке алады, орналастырады, олардың асырау, тәрбиелеу және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық белгілейді. Аталған міндеттер қорғаншы және қамқоршы органдарымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қорғаншылық және қамқоршылық психикалық аурудың салдарынан сот әрекетке қабылетсіз деп танылған кәмелетке толған адамға, оның мүлкіне және денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің міндетін өз бетінше жүзеге асыра алмайтын, спиртті ішімдіктерге, есірткіге салынуы салдарынан сот әрекет қабылеттілігі шектеулі деп таныған кәмелетке толғандарға тағайындалады.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы. Отбасы - қоғамның негізгі бөлшегі болып табылады, адам баласы отбасында ғана ананың аялы алақанын, махаббатын сезінеді, қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады, өз халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін бойына сіңіреді, дүниетанымы мен діни көзқарастары қалыптасады, яғни отбасы адамның белгілі бір қоғам мен өркениеттің бір бөлшегі ретінде өмірден өз орнын табуына ықпал етеді. Сондықтан да мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, әр баланың отбасында тәрбиелену мүмкіндігін қамтамасыз етуге барынша жағдай жасауға шаралар қабылдауда. Баланы отбасы жағдайында тәрбиелеу мақсатында қорғаншы және қамқоршы органдар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға патронат белгілейді.

Курстық жұмысымның мақсаты - патронат, қорғаншылық және қамқоршылық ұғымдарына барынша кең сипаттама беріп, мемлекет тарпынан реттеліп, қамтамасыз етілетін осынау құқықтық қатынастардың балалар мен азаматтар өміріндегі маңызы мен алатын рөлін ашып көрсету. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім. Бұл бөлімді екіге бөліп қарстырдым: Патронат және Қамқоршылық пен Қорғаншылық. Патронат бөлімінде патронат ұғымына жалпы сипаттама берілді және патронат тәрбиешілер, олардың құқықтық жағдайы мен патронат тәрбиеші болуға жасалатын міндетті рәсімдер мен ережелер қамтылды. Сонымен қатар, бұл бөлімде баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт пен патронат қызметіне ақы төлеу тәртібі туралы жан-жақты анықтама берілді. Ал қамқоршылық пен қорғаншылық бөлімінде қорғаншы және қамқоршы қызметін сипаттап, аталмыш қызметтерді жүзеге асыратын органдар туралы мәліметтерді ұсындым. Сондай-ақ, тақырыбымның көкейтестілігі мен маңызын ашып көрсету мақсатында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар туралы қосымша статистикалық ақпарат бере кетуді жөн көрдім.
  3. Қорытынды.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. Патронат

1. 1. Патронат ұғымына жалпы сипаттама

Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады. Патронат туралы Ережені Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.

Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға (балаларға) қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оларға осы заңда көзделген тиісті талаптар қойылады. Патронат тәрбиешілерді іріктеп алуды қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады.

Шарт бойынша оны патронат тәрбиешілерге беру үшін баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келісім бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады. Ағалы-інілерді, апалы-сіңпілерді (қарындастарын) ажыратуға жол берілмейді, бұған олардың мүдделеріне сай келетін жағдайлар қосылмайды. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның пікірі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келісімімен ғана берілуі мүмкін. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне тиесілі алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуіне құқығы бар.

Әрбір баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу жэне оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асырады.

Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) осы « Неке және отбасы туралы» 52- бабында ( баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы), 54-бабында ( баланың өз пікірін білдіру құқығы), сондай-ақ. 59-бабында ( баланың қорғалу құқығы) аталған құқықтарға ие.

Сонымен, патронат - уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адамның (патронат тәрбиешiнiң) жасасқан шарты ойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берiлетiн тәрбие нысаны.

1. 2. Патронат тәрбиешілер

«Неке және отбасы» Заңының 121- бабына сәйкес патронат тәрбиешілердің қорғаншылар мен қамқоршылар қандай құқықтарға ие, дәл сондай құқықтары бар. Заң бойынша патронат тәрбиешілерге қойылатын талаптарға сәйкес:

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi деп таныған адамдарды;

2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдарды;

3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн патронат тәрбиеші болу міндетінен шеттетiлген адамдарды;

4) егер сот олардың кiнәсiнен бала асырап алудың күшiн жойған болса, бұрын бала асырап алушыларды;

5) денсаулығының жай-күйiне байланысты («Неке және отбасы» Заңының 80-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы) баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, екi жыныстың да кәмелетке толған адамдары қорғаншылар патронат тәрбиеші бола алады.

Патронаттық тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкiн.

Егер бұл патронаттық тәрбиеге алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, патронат тәрбиешіні тағайындауда патронаттық тәрбиеге алынушының туыстарының немесе жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.

Егер патронаттық тәрбиеге алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылық болмаса, бiр патронат тәрбиешіні бiрнеше адамға тағайындауға жол беріледі.

Әрекетке қабiлеттi және ата-ана құқықтарынан айырылмаған, бiрақ балаларының тәрбиесiн жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына патронат тәрбиеші тағайындалатын кезде, патронат тәрбиешілер ата-аналардың тiлегi ескерiле отырып тағайындалады.
Балаға патронат тәрбиеші тағайындау кезiнде патронат тәрбиешінің адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның Патронат мiндеттерін орындау қабiлетi, патронат тәрбиеші мен баланың арасындағы қатынастар, патронат тәрбиеші отбасы мүшелерiнiң балаға деген көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi. Егер кәмелетке толмаған балаға патронат тәрбиеші етiп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.

Ал балаларды патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдерген адамдарға қоылатын талаптармен қоса, оларды патронат тәрбеші етіп белгілеудің өзіндік тәртібі бар. Мысалы, патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты негізінде жүзеге асады. Осы арнйы стандартқа сәйкес көрсетілетін қызмет нысаны автоматтандырылмаған болып табылады. Мемлекттік қызмет

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамызындағы « Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы « Неке және отбасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 Қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы» және «Патронат туралы» Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл қызметті аталған стандарттың қалалық және аудандық білім бөлімдері және кент, ауыл(село), ауылдық(селолық) аймақтар әкімдеріні көрсетеді. Мемлекттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы балаларды тәрбиеге беру туралы келісім-шарт болып табылады. Қызмет көрсетуде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

  1. Тұтынушының қажетті құжатты тапсырғаннан бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі - 30 күн.
  2. Құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте күту уақыты 40 минуттан аспайды.
  3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мемлекеттік органдар сайттарында, бөлімдердің ақпараттық стендтерінде жарық көреді. Мемлекттік қызмет Бөлімдер және кент, ауыл(село), ауылдық(селолық) аймақтар әкімдерімен - сенбі және жексенбі күндерінен басқа аптасына 5 күн, сағат 9. 00-ден 18. 00-ге дейін, үзіліс 13. 00-ден 14. 00 сағатқа дейін көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жылдамтатылған қызмет көрсетусіз түрінде жүзеге асырылады.
  5. Қызмет көрсету орындарында, Бөлімдер және кент, ауыл(село), ауылдық(селолық) аймақтар әкімдіктерінің ғимараттарында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттерде телефон және факсималдық байланыс, күту залы, құжат үлгілері ілінген стендтер бар және компьютерлермен жабдықталған.

Мемлекттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды тапсырады:

1. Патронаттық тәрбиеші болуға қалау білдірген тұлғаның өтініші;

2. Өтініш берушінің жеке куәлігі;

3. Егер патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген тұлға некеде тұрса, жұбайының келісімі;

4. Патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адамның денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;

4. Баланы тәрбиелеуге алуға талапкердің тұрмыс жағдайын зерттеу актісі;

5. Өтініш берушінің баспанасы бар екендігін растайтын құжат;

6. Азаматтарды тіркеу кітабы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 Қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы» және «Патронат туралы» Ережесінде көрсетілген талаптарға сәйкес қосымша құжаттар сұралуы мүмкін.

Салыстыру үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қажет құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері тапсырылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі. Құжаттар Бөлімдер және кент, ауыл(село), ауылдық(селолық) аймақтар әкімдері аппараты мамандарына тапсырылады. Мемлекттік қызметті алу үшін тұтынушының барлық қажетті құжаттарды алынғандығын растайтын құжаттарды қабылдағаны туралы талон болып табылады, онда мемлекттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, аты-жөні және тегі, қабылдау күні мен уақыты көрсетіледі.

Мемлекттік қызмет көрсетілмейді:

  1. Қажетті құжаттар пакетін толық тапсырмаған кезде;
  2. Баланы тәрбиелеуге алуға өтініш білдірген тұлғада « Баланы асырап алу, қамқорлыққа(қорғаншылыққа) алу, патронатқа алу кезінде тұлға бойында табылған аурулар Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Песпубликас Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы №848 Қаулысымен бекітілген аурулар тізімінде көрсетілген ауру болған жағдайда баланы асырап алуға рұқсат етілмейді және оны қамқорлыққа (қорғаншылыққа) ала алмайды. («Неке және отбасы» Заңының 108-бабына сәйкес басқа да талаптар.

Аталмыш мемлекеттік қызметтің жұмыс қағидалары:

  1. Адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
  2. Заңдылықты сақтау;
  3. Сыпайылық;
  4. Толық және нақтылы ақпаратты беру;
  5. Ақпаратты қорғау және құпиялық;
  6. Белгіленген мерзімде алмсаған құжаттардың сақталуые қамтамасыз ету.

Мемлекттік қызмет көрсету нәтижелері сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. Қызметтер көрсететін мемлекттік мекменің жұмысы бағаланатын мемлекттік қызметтердің сапа және қол жетімділігінің нысаналы көрсеткіштерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

Шағымдану тәртібі:

  1. Өкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіне түсініктемені, сонымен қатар шағымды дайындауда көмекті қала және аудан аппаратына алуға құқылы.
  2. Шағым қала және аудан әкімінің атына пошта бойынша жазбаша түрде, немесе электрондық түрде беріледі.
  3. Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында көрсетілген мерзімде қарастырылады.

1. 3. Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт және патронат қызметіне ақы төлеу тәртібі

1) «Неке және отбасы» Заңының 120-бабында баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт туралы айтылған.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беру жағдайларын, патронат тәрбиешiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, патронат тәрбиешiге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың мiндеттерiн, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негiздерi мен салдарларын көздеуi тиiс.
Бала патронат тәрбиешiге аталған шартпен белгiленген мерзiмге тәрбиелеуге берiледi.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:
1) дәлелдi себептерi (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруi, баламен өзара түсiнiстiктiң болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешiлердiң бастамасы бойынша;
2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;
3) бала ата-анасына қайтарып берiлген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.


Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы үлгі шарт

200 ж. "__"

(қала, аудан) N

1. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17

желтоқсандағы Заңы 100-бабының негiзiнде iс-әрекет ететiн қорғаншылық

және қамқоршылық органы

атынан

(лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты)

және азаматтар (-т, -ша)

(лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжаттық деректер)

мекен-жайда тұратын

(мекен-жайы)

бұдан әрi - патронат тәрбиешi (патронат отбасы) деп аталатын

төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

Шарттың мәнi

2. Қорғаншылық және қамқоршылық органы патронат тәрбиешіге

(патронат отбасына)

(тегі, аты, әкесiнiң аты)

тәрбиелеуге ал патронат тәрбиешi (патронат отбасы) баланы

(балаларды)

(балалардың тегі, аты, әкесінің аты, тууы туралы куәлiгiнiң N,

сериясы, кiм және қашан берiлдi)

патронаттық

тәрбиелеуге (патронат отбасына) алады және тұруы, тәрбиеленуі мен

оқуы, сондай-ақ дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуы үшiн

қажеттi тұрғын үй-тұрмыстық жағдай туғызуға мiндеттенедi.

3. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) беру

қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмiмен ресімделеді.

10 жасқа толған бала патронаттық тәрбиелеуге патронат тәрбиешіге

(патронат отбасына) осы Шарттың бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылатын оның

жазбаша келiсiмiмен беріледi.

Тараптардың құқықтары мен мiндеттері

4. Қорғаншылық және қамқоршылық органының құқығы мен міндеттері:

баланы асырап-бағуға және тәрбиелеуге, оның денсаулық жағдайына

бақылауды, оның мүлкін басқаруды жүзеге асырады;

оқыту мен тәрбиелеудiң нысандары мен әдістерін ұсынады;

патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) мынадай құжаттарды

тапсырады:

туу туралы куәлiк;

денсаулығының жағдайы туралы медициналық анықтаманы және баланың

ауру тарихынан үзiндi;

білімi туралы құжат;

ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғаны туралы куәлiктiң

көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi, ауруы, ата-аналарының іздеуде

жүргенi немесе ата-аналық қамқорлықтың болмауының өзге де жағдайлары

туралы анықтама) ;

бауырлары немесе әпкелерiнiң болуы, олардың тұрған жерi туралы

анықтама;

балаға қатысты мүлiктердiң тiзiмдемесi және оның сақталуына жауап

беретiн адамдар туралы мәлiметтер;

кәмелетке толмағандарға бұрын тұратын тұрғын үй алаңы бекiтiлгендiгi

туралы құжаттар;

алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ

жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын

растайтын құжаттар;

банк мекемесiнде баланың (балалардың) атына ашылған шоттың болуы

туралы құжат;

өзге да құжаттар.

5. Қорғаншылық және қамқоршылық органы білім беру басқармалары мен

бөлiмдерi арқылы ай сайын, өткен айдың 15-нен кешіктiрмей патронат

тәрбиешiнiң (патронат отбасының) банк шотына Ережеге сәйкес белгіленген

материалдық қамтамасыз ету нормасын ескере отырып, ақшалай қаражат

аударуға мiндеттеледi.

6. Патронат тәрбиешінiң (патронат отбасының) құқықтары мен

мiндеттерi:

оның (олардың) пiкiрi мен қорғаншылық және қамқоршылық органының

ұсынымдарын ескере отырып, баланы (балаларды) тәрбиелеудiң тәсiлдерiн

белгiлейдi;

бiлiм беру мекемесi мен оқытудың нысанын таңдайды;

баланың (балалардың) тиiстi бiлiм алуына арналған жағдайларды

қамтамасыз етедi;

баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге (патронат отбасына)

берілген құжаттарының сақталуын қамтамасыз етедi;

баланы (балаларды) тәрбиелейдi, Қазақстан Республикасының

қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның денсаулығына, дене, психикалық,

адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасайды;

баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беруде

қолайсыз жағдайлар туындағаны туралы қорғаншылық және қамқоршылық органын хабардар етедi.

7. Осы шарт мерзiмге жасалған және қол

қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.

8. Осы шарттың қолданыс мерзiмi тараптардың өзара келiсiмi бойынша

оның аяқталуына дейiн бұрын ұзартылуы мүмкін.

9. Осы шартты орындау процесiнде тараптар арасында туындаған

келiспеушiлiктердi келiсiлген шешiмдi әзiрлеу мақсатында олар

туындағаннан кейiн мерзiмде тараптар қарайды, ал

келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда шешу үшін сотқа берiледi.

Шартты мерзiмінен бұрын бұзу

10. Шарт мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:

дәлелдi себептер болған жағдайда патронат тәрбиешiнiң (патронат

отбасының) бастамасы бойынша (аурулар, отбасы немесе мүлiктiк жағдайы

өзгергенде, баламен (балалармен) өзара түсiнушiлiк болмағанда) ;

патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) баланы (балаларды)

асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру үшiн қолайсыз жағдайларында

немесе баланы (балаларды) ата-аналарына қайтарған немесе баланы

(балаларды) асырап алған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органының

бастамасы бойынша.

11. Шарт екi данада жасалды, олардың eкeуi де бiрдей заң күшiне ие.

12. Осы шарттың талаптары орындалмаған кезде (шарттық бұзылу

жағдайын көрсету) оны тараптар бұзуға құқылы.

Қорғаншылық және Патронат тәрбиешi

қамқоршылық органы (патронат отбасы)

(есеп шоты, мекен-жайы) (тегi)

қолы

(тегi, лауазымы)

қолы

2) Қолданыстағы заңда Әрбiр баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленетіндігі айтылған.

Патронат тәрбиешiлерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатының төлемi олардың ата- аналық құқықтарының шектелуiне немесе айрылуына, ата-аналарды хабарсыз кеткен деп тануға, оларды қайтыс болды деп жариялауға, әрекет етуге қабiлетсiз (әpeкeт ету қабiлетi шектеулi) деп тануға, ата-аналардың бас еркiнен айыру орындарында жазаларын өтеуiне, ата- аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, оның iшiнде ата-аналардың өз баласын тәрбие немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартқан жағдайда ата-аналарының бiрiнiң немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға жүргiзіледi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Қорғаншылық немесе қамқоршылық институтының өзекті мәселелері
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу
Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау
Баланың туу туралы куәлігі
Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
Қорғаншылық жасау
Қорғaншылық және қaмқоршылық ұғымы
Қорғаншылық және қамқоршылық туралы
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz