Пара берудегі қылмыстық жауаптылық


Мазмұны
Кіріспе
1. ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Парақорлық ұғымы
1. 2 Парақорлықтың түрлері
2. ПАРА БЕРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТ-ТАМАСЫ
2. 1 Пара берудің объективтік белгілері
2. 2 Пара берудің субъективтік белгілері
2. 3 Пара берудегі қылмыстық жауаптылық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3
5
5
9
16
16
25
28
34
35
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алады. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүние жүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Мемлекетімізде екі мәрте 1993 және 1995 жылдары конституция қабылданды. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер - қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік және т. б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстар мен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді.
Мемлекеттік саясатты, экономиканы елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда, құқықтық тәртіп пен заңдылықтың нығаюында мемлекеттік қызметшілердің лауазымды тұлғалардың атқаратын міндеті өте зор. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» атты халыққа жолдауында мемлекеттік қызметшілердің қызметіне ерекше мән беріп, олардың патриоттық, әділетті, өз ісін кәсіби жетік білетіндігінің, мемлекеттік қызметші деген жоғарғы мәртебелі атаққа кір келтірмей, әділетті әрі патриоттық сезімге толы жігерлікпен қызмет атқаруын одан әрі өрістету мемлекетіміздің стратегиялық міндеті деп атап көрсетті. Елімізде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарда мемлекеттік аппарат қызметінің бір қалыпты, дұрыс, заңды қызметіне кедергі келтіретін құбылыстарға қарсы құқықтық шаралардың түрі саралап көрсетілген. Бірақ та сот, тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай мемлекеттік Өкімет және басқару билігі саласында, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар әлі де баршылық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі пара беру болып табылады.
Тамырын тереңге жіберген бұл құбылыс қоғамды қылмыстыққа бой алдырады, мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі келтіруде. Елдегі пара берудің етек алып кетуінің тағы бір қауіптілігі мұндай құбылыс ұлтты моральдық жағынан аздырады, жұртшылықтың мемлекеттік өкімет және билік органдарына сенбеушілігін, құқық қорғау органдарының қызметін бағаламау, олардың жұмысына көмектеспеу, мемлекеттегі құқықты қорғаудың рөлін мүлде теріс бағалау сияқтя көзқарастардың дамуына жол береді.
Пара беру мәселесі қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерттеліп келе жатыр. Пара берудің ұғымы, белгілері, түрлері, олардың ұқсас қылмыстардан айырмашылығы, пара беру қылмыстарының басқа қылмыстармен жиынтығы пара беру құрамдарының ауырлататын, өте ауырлататын белгілерін ашу сияқты мәселелерді арнайы, жан-жақты зерттеу обьектісі болмаған.
Бұл мәселелерге арналған бірлі-жарым ғылыми мақалалардан басқа республика көлемінде осы проблеманың табиғатын айқындайтын, оның ішінде мемлекеттік тілде жазылған іргелі еңбектер жоқ. Жоғарыдағы тұжырымдамадан туындайтыны қылмыстық құқық саласында ауыр қылмыстардың бірі болып табылатын пара беру мәселесі ерекше маңызға ие.
Мен осы курстық жұмыста осы құбылыспен күрес проблемаларының айқындауға тырысамын. Заман өзгерген сайын, заң да, қылмыстық пара беру құрамы да өзгереді. Оларға жаңа баға беруді, саралауды өмір талап етеді. Осыған байланысты зерттеліп отырған « Пара берудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы » атты тақырып теориялық және практикалық жағынан да өте өзекті болып табылады. Өйткені пара беруді анықтаудың әдістерінің ерекшеліктері, олардың түрлерінің жекеленген белгілерін талдау, пара беру қылмысын саралаудың қылмыстық құқықтық ерекшеліктерді, пара беру қылмыстары үшін тағайындалатын жаза түрлерінің ерекшелігін зерттеу тақырыптың өте өзекті екендігін көрсетеді.
Парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесін: Н. М. Абдиров, А. Н. Ағыбаев, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Р. Т. Нуртаев, Г. Д. Тлендиева, С. М. Рахметов, ал Ресейлік ғалымдардан Б. В. Волженкин, В. В. Лунеев, С. Г. Келина, А. Н. Трайнин, А. К. Квициниа, В. И. Ширяев, Б. В. Здравомыслов, П. И. Гришаев т. б. өз еңбектерінде зерттеген.
Көрнекті ғалымдардың бұл қылмысты толық зерттеуі, оны зерттеуге кедергі бола алмайды. Өйткені біздің заңнамада кемшіліктер өте көп.
Сот практикасын зерттей келе, құқық қорғау органдарының парақорлықпен күресуде нәтижелілік танытпай отырғанын анық байқауға болады. Көбінесе, қылмысты саралауда, ұқсас қылмыстардан ажыратуда қателіктер кетіп жатады. Сонымен қатар бұл қылмысты дәлелдеу де өте қиын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты параны беру, парақорлыққа делдал болу нормаларына қылмыстық құқықтық талдау жасау және олардың қолданылу тиімділігін арттыру үшін қылмыстық заңнаманы жетілдірудің жолдарын ұсыну. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:
- парақорлықтың ғылыми - теориялық аспектісін зерттеу;
- парақорлық үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегін анықтау;
- парақорлық үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды келтіру;
- парақорлықты басқа ұқсас қылмыстардан ажыратып алу.
Зерттеудің практикалық маңызы.
Практикалық және теориялақ аспектілерді зерттей келе, мынадай мәселелерді нақтылауға тура келді: лауазымды тұлға ұғымы қылмыстық құқықта толық анықталмаған, параның заты, параның төменгі мөлшері туралы, т. б.
Осы жұмыста келтірілген ұсыныстар парақорлықпен күресте және құқық қолдану қызметінде қылмыстық нормаларды жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.
1 ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Парақорлық ұғымы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі бойынша парақорлық деген ұғым үш түрлі қылмыс: пара алу, пара беру, парақорлыққа делдалдықтың жиынтығы аясында қарастырылғаны көрсетілген. Осыған орай Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 367-ші бабына сәйкес пара беру мәселесіне терең талдау жасаймыз.
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) ірі мөлшерде;
3) бірнеше рет жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Әрбір қоғамдық жүйенің өзіндік экономикалық тамыры өзінше қылыптасады. Аталған жайт әлемдік экономикалық кесір болып табылатын «жемқорлық» деген атауға ие қоғам сырқатына байланнысты. Бұл экономикалық қатердің барлық елдерде нышаны болғанымен, қоғамдық жүйедегі орны ерекше. Өйткені билікті өз қолдарына алған төбелі топ өзінің бар мүмкіндігін елді коррупцияға жайлату арқылы ғана ұстай алмақ, басқаша мүмкіндігі болмады. Себебі елді әділетсіз басқаруға негізделген билік жүйесі ретінде қоғамда әділетті экономикалық тамыр жасақтай алуға қабілетсіз. Міне осыдан барып, мұндай елдердегі қазынаға түсетін мемлекет несібесінің айтарлықтай бөлігі заңды жүйе болып табылатын салық төлеу жолына пара беру сүрлеуіне ығысады да қоғамдағы қазына тасушы экономикалық арна тамыр-таныстық сүрлеуімен айырбасталады.
Тіпті мұндай жемқорлық жүйені ешкім ойлап таппаса да арнайы түрде енгізбесе де ол қоғамдағы экономикалық індет ретінде тасқын су ретінде өз арнасын өзі жасақтайтын ретінді, өз жолын өзі тауып қарқынды «дамуға» бет бұрады. Яғни, бір әділетсіздік екіншісін балалатып отыратыны осыдан шығар. Мұндай қоғамдық жүйеде барлық экономикалфық табыс көзі де, оның жұмсалу жолдары да көзден таса, жұмбақ күйінде жүріп жатады да, нарықты экономика жағдайында қалыптасуға тиісті ортақ қазынаны қалтқысыз бақылайтын және демократиялық қоғамға тән салық төлеушінің орнына өз басын ғана күйттейтін пара берушіні қалыптастырады. Аталған жүйе өз күшіне мінгенде әлгі пара беруші де сол қоғамның «белді» ойыншысына айналып, барлық экономикалық бастама тек қана сол «қозғаушы күш» арқылы шешіліп отырады.
Парақор қоғамның көрінбейтін жүйесі арқылы пара беруші болуға азаматтар жаппай бейім болуға мәжбүр етіледі, өйткені, ондай ойыншы болып қалыптаспасаң, мұндай қоғамның нағыз бейшарасы болу қаупі туындайды. Міне, осыдан келіп, азаматтық қоғамды дамытушы белсенді азаматтардың орнына «қақпайланатын» демократиялық субьект пайда болып, айналасына жаны ашымайтын, өз мәселесімен өзі болатын немесе қоғамдық пайдалы істердің өзінен жеке басына пайда тапқыш пысықтар күшіктей балалайды. Пара берушілердің (қысқаша-«парашы» дей салайық) өзіне тән психологиясы мен адамдық сапалары да әлгі қоғам дамуына сәйкес қарқындап отырады. Пара берушілер қоғамдағы өз орнын біледі, артық белсенділік көрсетпейді, олардың бойын қашан және қалай мақсатқа жету рефлексі қалыптасады. Пара берушілерде тұрақты серіктес болмайды, тек қана пара өткізу процесіндегі бір мәртелік тамыр-таныстық моралін қалыптастырады. Қоғамдық ортаны жайлаған бұл парақорлық жүйе қоғамда баскерлік (лидерлік) сапаның орнына мезгілдік басшылардың санын түзейді.
Сөйтіп, азаматтық қоғам парашылдық ортамен айырбастырылады, осыдан келіп мемлекеттік өз мәртебесін абыройсыздандырады да, мемлекеттік қызметкер пара берушінің басты сыбайлас рөлін атқаруға мәжбүр болып, өзінің мемлекет алдындағы борышын қарабайырландырады, ылғи да пара беруші жолын тосып, мемлекеттік қызметті параны сүрлеуіне айналдырып, өздері парақордың шекпенін жамылады. Мұндай шеңгерлер (чиновник-шенеунік емес) халықпен жұмыс істеуге құлықсыз, қауқарсыз, тіпті қабілетсіз келеді. Халыққа тобыр ретінде қарайды. Сөйтіп, қазына толтыратын салықшының жолын парашы кесіп ал мемлекеттік міндетті атқаруға тиісті лауазымды қызметкер парақор ретінде қалыптасып, қоғамда тоқырау мен кері кету кернейді.
Мұндай қоғамда бас көтеретін әділетшілдер мейлінше азаяды, өйткені параланған қоғамдық орта отаншыл азаматтардың бойынан отанға деген пәк сезімді ығыстырып, адамның бойына өзімшілдік идеологиясын аяқ басқан сайын сіңіріп тастайды. Қоғамдағы барлық тірлік тетігі әлгіндей әділетсіз жолға түскеннен кейін оны тоқтату, пара беріп мәселесін шешіп дағдыланған адамнан, қоғамды белсенді азамат шығару мәселесі күрделенеді. Сөйтіп, Пара берушілік авторитарланған безбүйрек қоғамның басты тетігі болып қалыптасып, азаматтарды да соған көніктіреді, мемлекеттік жүйені параның «құдіретімен» косметикалық жылтырауға ұшыратады, сөйтіп билікке уақытша жағымды кейіп дарытады, қоғамға алдамшы түрдегі жайбарақат сипат қалыптастырады. Лауазымдылардың көзін шел қаптайды, ұлттық мүдде тәрк етіледі.
Десек те, мұндай елдерде ресми қаражат тамырымен қатар, көлеңкелі экономиканың күретамыры нығаяды да, ол мемлекеттік жүйенің ажырамас бөлігіне айналады. Ал, жемқорлықпен күреске бағытталған шаралардың барлығы да параланған биліктің азаматтық қоғамның қатынасынсыз атқарылған науқанына айналып, ешқандай нәтиже бермейді. Тіпті, жемқорлықпен күрестің өзін де парақор билік пара алудың сенімді көзіне айналдырып, әділеттің «көзіне шөп салады». Осындай жайттардың өршуінен пайда болған көлеңкелі экономиканың көлбең бейнесіне айналған билік әділетсіз жолмен пайда болған иеліктерді заңдардыруға мәжбүр болады. Парақорлықтың мұндай авторитарлық қоғамда мемлекеттік жүйенің берік тетіге айналатыны сондай елдің жас ұрпағы да пара берушілікке жастайынан үйретіліп, оқу мен тәрбие парақорлықтың субьектісіне айналады. Мысалы, Қазақстанда тіпті, әрі-беріден сайлау секілді киелі процес кезінде дауысты жаппай сатып алу жүзеге асырылып халықтың мемлекетке деген жиеркенішін туғызады, ал бұл өз кезегінде елдің егемендік қасиетін жұрдай ететіндігін естен шығармау қажет.
Шынында да, балабақшаға баратын сәбиден тәрбиешісі ата-анаға терезеге перде сатып алуға «жылу» жиналып жатқанын жазып жібергенде, мектеп оқушысынан сынып жетекшісі сабақ бөлмесінің еденін бояуға сыр сатып алуға қаржы беруді өтінгенде, ата-ана ойланбастан ақша ұстатып жатса болмаса студенттер сынақтан абыроймен өту үшін ұстазына «сыйлықә беріп жатса, ондай елдің нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттің басты сауын сиыры болып табылатын салықшыны қалыптастырудан бас тартқаны, авторитарланған жүйенің тамыры тереңге жайылғаны.
Сондықтан да, пара берушілерден салықшы қылыптасып жарытпаса, парақорлардан мемлекеттік қызметкер шықпастан, қоғамымыз түбінде даму тұйығына тірелмек.
Мұндай қоғам пара берушілердің парақорларға тек қана пара беруімен шектелмейді. Әрі-беріден соң «кемелденген» кейбір парашылар қоғамның алпауытына айналып, билікті өз уысына ұстауға ұмтылады, басты лауазымдарға өз парақорын қоюмен айналысып, тіпті, парламентке де депутат өткізіп жататыны қоғамдық ортада бимлікке «заңды талас» түрінде қабылданады. Сөйтіп, пара берушіліктің түрлі санаттары мен сатылары пайда болады.
Тамырын тереңге жіберген бұл құбылыс қоғамды қылмыстылыққа бой алдырады, мемлекетіміздің қарқынды дамуына кедергі келтіруде. Елдегі парақорлықтың етек алып кетуінің тағы бір қауіптілігі мұндай құбылыс ұлтты моральдық жағынан аздырады, жұртшылықтың мемлекеттік өкімет және билік органдарына сенбеушілігін, құқық қорғау органдарының қызметін бағаламау, олардың жұмысына көмектеспеу, мемлекеттегі құқықты қорғаудың рөлін мүлде теріс бағалау сияқты көзқарастардың дамуына жол береді.
Пара берушілік біздің қоғамға көптен белгілі, экономикадағы, басқару жүйесіндегі әлеуметтік саладағы, идеологиялық қатынастардағы өзгерістерге байланысты пара берушілік те өзін өзі қылмыстық құқықтық тұрғыдан алғанда бір жақты қарауға мүмкіндік бермейтін көптеген сапалық өзгерістергі ұшырады. Парақорлыққа қылмыстық-құқықтық баға беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауында былай дейді: «Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістікте алғашқылардың бірі болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдап, халықаралық конвенцияларға қосылды. Жазаланған шенеуніктер де аз емес. Көп іс тындырылды. Соған қарамастан, біз осы проблемамен шұғылданатын әрі өзіміз берген ақпараттарға сүйеніп біздің жұмысымызға баға беретін халықаралық ұйымдармен тиісінше жұмыс істей алмай жүрміз. Қазақстан біздің өңірде ғана емес, басқа да жерлерде кейінгі кезекте ығысып кетпегенін толық сенімммен айта аламын. Алайда өтпелі экономика сырқтының өзіне тән шығысы да болмай қалмайды.
Уақыт өтті, ахуал өзгерді, ендігі жерде заңнама мұқият талдау мен жетілдіруді талап етіп отыр. Шенеуніктердің сыбайластық іс-әрекетіне ерікті немесе еріктен тыс тиісті жағдай туғызатын заңға тәуелді барлық актілер қайта қаралуға тиіс.
Бизнесті мемлекеттік қызметтен түбегейлі бөліп тастау керек. Акционерлік қоғамдардың, олардың қожайындары мен соларға іш тартатын тұлғалардың көмескілігін, рұқсат беруші органдардың көптігін, заңды айналып өту үшін пара беретіндердің жазасыздығын және тағы басқа келеңсіздіктерді түбірімен отап тастайтын уақыт келді.
Бұл үшін не істеу керек?
1. Бір жерде ғана төлқұжат тіркеп, салық төлеушінің есептік нөмірі, жүргізуші куәлігі және т. б. құжаттар ала лалатын, «жалғыз терезе» қағидасы бойынша тұрғындарға қызмет көрсететін орталықтар құру. Тәжірибе ретінде биылдың өзінде Астана мен Алматыға осыны жасап көру керек.
2. Лицензиялар мен рұқсаттамалар санын күрт қысқарту.
3. «Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдар туралы» Заңға тиісті өзгертулерді қабылдау.
4. Мемлекеттік қызметші өз бизнесін сатқанын немесе басқаруға бергенін міндетті түрде жария етіге тиіс.
5. Мемлекеттік қызметшінің жеке бизнеспен айналысуына және компаниялардың мүдделерін жақтауына тыйым салатын ар-ұждан кодексін әзірлеу керек.
6. Тәртіптік кеңестерді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке түпкілікті беру, орталық бюджетке ауыстыру және оларды заңгер мамандарымен нығайту керек, оған зейнет жасына жақындаған шенеуніктерді орналастырумен шұғылданудың әсте қажеті жоқ. Кеңес мемлекеттік қызметшілердің этиканы және ар-ұждан кодексін орындауын қадағалауға тиіс.
7. Пара алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жазалау керек.
8. Бизнестегі жалақы деңгейіне жақындата отырып, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру керек.
Мен тиісті мемлекеттік құрылымдар мен лауазымды тұлғалардың іс-қимылын реттеу туралы жиі айтып келемін. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік дербес әрі тәуелсіз болуға тиіс. Оны Президенттің тікелей бағынысына көшірген дұрыс.
Үкіметке осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізу мен оның орындалуын бақылауға алуды тапсырамын.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерді жемқор етіп көрсетіп, жөн жосықсыз айыптауларды тыйып тастайтын кез де жетті. Егер бұл көпе-көрінеу жала болса, онда мұны мемлекеттік қызметші сот арқылы дәлелдеуі керек. Егер олай болмаған жағдайда, дабыл тексерілуі тиіс».
1. 2 Парақорлықтың түрлері
Парақорлық - бұл сыбайлас жемқорлықтың ең көне және ең кең тараған түрлерінің бірі. Атақты орыс криминалисті В. И. Ширяевтың айтуынша: "ерекше өкілеттіктерге ие биліктің адамдары пайда болғаннан бастап парақорлық та сол кезден бастап пайда болды".
Заңнамада парақорлық - қызметтік, пайда күнемдік мақсатта жасалатын қылмыстардың бірі ретінде көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні мынада: мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өзінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан заңсыз материалдық сыйақы алады.
Басқа да мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар сияқты, парақорлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, сонымен қатар, әскери күштерді басқару аппаратының, яғни мемлекеттік басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады. Ал бұл аппараттың қалыпты қызмет етуінің ең басты шарты - бұл мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның қызметі үшін төленетін жалақысын заңдылық, жария - кұқықтық принциптеріне сай етіп төлеу. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өз қызметін жүзеге асыру барысында қызмет мүддесін басшылыққа алып, өз қызметі үшін сыйақыны тек қана заңда көрсетілген тәртіппен алуы тиіс.
Парақорлық мемлекеттік басқару аппаратына іріткі салып, азаматтардың алдында оның беделін аяқ асты етіп, әділдікке сенімсіздік туғызып, шенеуніктердің жаппай сатылатындығы жөнінде пікір қал ыптастырады.
Парақорлық экономикаға, саясатқа, мәдениетке зардабын тигізіп қана қоймай, қоғамда билік ететін идеологияны, қоғамдық сананы - психология, мораль, адамгершіліктің құлдырауына әкеліп соғады. Пара шенеунікті мемлекет қызметшісшен жеке мүдделердің кызметшісіне айналдырады, парақорлық тек құқықтық нормаларды ғана емес, мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесін бұзады. [1. 42]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz