Сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою жұмысындағы сандық және сапалық өзгерістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Екінші бөлім. Сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою жұмысындағы
сандық және сапалық өзгерістер.

20 жылдардың соңында басталған әлеуметтік жіктеліс,таптық көзқарас
концепциясына сүйенген мемлекеттік шаралар тәркілеу мен ұжымдастыру
жергілікті халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүргізу тәсілін,
тіршілік ету жүйесін бұзды. Оның орнына жеткілікті ғылыми қағидаға сүйенген
прогресті шаруашылық түрін тоталитарлы басқару жүйесі ұсына алмады. Ал
ұжымдық шаруашылыққа күштеп көшіру, қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық укладын
бұзып қана қойған жоқ, водюнтаристік – анархистік өзгеріске дайын емес
халықты тіршілік ету көзінен айырумен бірге әлеуметтік – экономикалық
дағдарысқа, күйзеліске душар етті. Бүкіл республиканы қамтыған, әсіресе
солтүстік, батыс, шығыс, орталық Қазақстанда күштірек байқалған әлеуметтік
– экономикалық дағдарыс, шаруашылықтың күйзелісі ашаршылдыққа жол ашты.
Бұл тізбекті реакция - этноцидті тудырды.
1993 жылдың ортасынан бастап қана ескі басшылықтың жіберген
қателіктері мен кемшіліктері, асыра сілтеушілік сөз болып, оны
түзетудің жолдары қарастырылды. Мал шаруашылығындағы шығын мен уақытша
қиыншылықтарды сынаумен қатар осы қиыншылық жылдары көшіп кеткендерді
қайтып әкеліп орналастыру, олардың тіршілік етуіне жағдай тудыру жөнінде,
мәдени жұмыстарды қалпына келтіру туралы мәселе келтірілді.
30-32 жылдары төмендеген, бірқатар аймақтарда біржола тоқтаған мәдени
шараларды, оның ішінде сауатсыздық және шала сауаттылықты жою ісін жөнге
қою талап етіле бастады. Халықтың арасындағы ахуалды біліп, сауатсыздар мен
шала сауаттылардың есебін қайта алу, мектептердің жұмысын реттеу мақсатында
бірқатар жүргізілген жұмыс шаралары өз нәтижесін бере бастады.
Бірақ, сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою жұмысын саяси –
экономикалық, әлеуметтік және ұлттық проблемалармен байланысты қарамай, тек
тар шеңберде ғана: сауатсыздықты жою мектептері мен пункттерін ашу, оқу
құралдарымен жабдықтау, мектеп үйлерінің жайы, оқушылардың мектептерге
тартылуы мен сабаққа қатысуы т.б. мәселелер төңірегінде ғана қарады. 1930-
34 жылдар аралығында аталған мәселелер әр түрлі деңгейде келтірілгенімен,
олармен тікелей байланысты республикадағы әлеуметтік – экономикалық ұлттық
дағдарыс, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі мен күйзелушілігі және оның
мәдени құрылысқа тигізген зардаптары туралы сөз болмады. Сауатсыздықты және
шала сауаттылықты жою мектептерінің азайып кетуінің, мектеп бітіріп
шығушылардың сан жағынан күрт кеміп кетуінің себептеріне де ешкім айқын да
толық жауап берген жоқ. Ал, қазіргі кезеңде бізге белгілі Т.Рысқұловтың
Сталинге хаты мен Ғ.Мүсірепов қатысқан Бесеудің хатында көрсетілген
жағдайларға кең көлемді талдау жасалып, жұмыс шаралары да белгіленген жоқ.
Әрине бұл хаттар сол жылдарға тән, құпиялылық шеңберінде сақталды.
Бүкілодақтық Атқару Комитеті Президиумы 1934 жылы 20 қыркүйектегі
Автономиялық республикалар мен автономиялық облыстардағы сауатсыздықты жою
жұмысының барысы туралы қаулысында басқалармен бірге Қазақстан
Республикасында да сауатсыздар мен шала сауаттыларды оқыту жұмысында
жоспардың орындалмағандығын және оқытудың өзінің қанағаттанғысыз жағдайда
екендігін атап өтті [1].
РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты да Автономиялық республикалар мен
облыстардағы сауатсыздықты жою жұмысының барысы туралы бұйрығында да, ана
тіліндегі оқулықтар мен методикалық көмекші оқу құралдарының
жетіспейтіндігі, ұлттық жағдайларға сәйкес оқу бағдарламаларымен
қамтамасыз ету, сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою мектептері үшін
мұғалімдер дайындау және бұл маңызды істің ұлттық республикалар мен
облыстарда баяу жүріп отырғандығы сөз болғанымен оның себептеріне де терең
жоқталмады [2].
Комнацтың Президиумының 1993 жылы орыс тілді емес халықтары арасында
сауатсыздықты жою шаралары туралы қаулысында да село тұрғындарының
арасында сауатсыздықты жою жұмысын өрістетуге назар аударды. Мәдени даму
жағынан артта қалған халықтарды сауатсыздықты жою мектебімен қамтамасыз
ету, оларды оқуға қолайлы оқу үйлерімен, жылумен, жабдықтармен қамтамасыз
ету, ана тіліндегі оқулықтармен, құралдарымен жабдықтау және неғұрлым
дайындығы жоғары мәдениет жауынгерлерімен қамтамасыз етіп, практикалық
көмек көрсету мәселесін көтерді [3].
1933 жылы 26 ноябрьде ВКП (б) Қазақстан Өлкелік Комитетінің
Қазақстанда сауатсыздықты жоюдың бұқаралық жорық туралы қаулысы қазақ
ауылдарында сауатсыздықты жою жұмысын ұйымдастыру мәселесін көтерді [4].
Партия және совет органдары бұл жұмысқа басшылық жасай отырып, 1933 жылдың
ноябрьі мен 1934 жылдың декабрьі аралығында ұйымдастыру және мектеп
жұмыстарын қамқорлыққа алу ісіне назар аударуы қажеттігін ескертті.
Оқулықтар, дәптерлер, қарындаштар алу үшін және сауатсыздықты жою жұмысын
жүргізетін мұғалімдер үшін қаржы бөлді. Мәдениет жауынгерлеріне белгілі бір
жеңілдіктер беріліп, олар өнеркәсіптегі озат жұмысшылармен теңестірілді.
Бұл жылдары мал басы 1930-33 жылдардағы нәбеттен кейін күрт кеміп кетуіне
байланысты, мал алып пайдадан өте қиын болды. Сондықтан мәдениет
жауынгерлеріне мал алуларына көмек көрсетіліп, оларға жеңілдік беретін
куәлік-билет берілді [5].
Сауатсыздықты жою барысында қаланың ауыл-селоларға және
республикалардың өзара көмек көрсете отырып, байланысын атап өткен орынды.
Мәдени эстафетаның да сол жылдары мәдени саладағы орны жоғары болды..
Мәдени эстафета бойынша әрбір сауатты адам бір сауатсыз адамға сауатын
ашуына көмек көрсетуге тиісті болды. Эстафетаны бір-бірінен қабылдап ала
отырып, көмек көрсетті. Қазақстанға РСФСР-дің Орталық – Қаратопрақты
ауданынан келген бригадалар жұмыс істеп, сауатсыздықты жоюға, мектеп
құрылысына, мәдени ағарту жұмыстарына тікелей көмек көрсетті [6]. Олар
орыстар мен украиндар тығыз қоныстанған елді мекендерде сауатсыздықты жою
жұмысына қатысты. 1934-1935 жылдары Россия Федерациясының Ағарту Халық
Комиссариаты Оңтүстік Қазақстан мен Гурьев облыстарының бірқатар
аудандарына ғалымдарын жіберді.
Сауатсыздықты жою ісіне бөлінген қаржы мөлшері де өсті. Мысалы, 1934
жылы бір адамға шаққанда мемлекеттік қаржы 2 сом болса, 1935 жылы 9 сомға
жетті.
Сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою жұмысы оның материалдық
базасын жақсартумен тығыз байланысты болғандықтан әліппелер, оқулықтар мен
методикалық көмекші оқу құралдары, газеттер мен журналдар шығарылды. Қазақ
мемлекеттік баспасы 1934 жылы 150 мың дана қазақ тіліндегі әліппені шығарды
[7]. Барлығы осы жылы 468 мың дана қазақ тіліндегі оқулықтар шығарылды.
Ауыл – селолар үшін арнайы жасалып отырған оқулықтардың саны үнемі өсумен
болды, жалпы 1934 жылы 5 атаумен 595 мың дана, ал 1935 жылы 15 атаумен 1,5
млн дана оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Баспадан шыққан оқулықтар
қатарында – 250 мың дана Селолық жерлерге арналған әліппе, Шала
сауаттыларға арналған арифметикадан әдістеме, Сауатсыздар үшін
арифметикалық есептер, Шала сауаттыларды оқыту әдістемесі, Шала
сауаттылар мектептеріне арналған бағдарлама және т.б. жарық көрді [8].
1934 жылы ағарту қызметкерлерінің съезі де және 1935 жылғы мәдени
майданның қызметкерлерінің съезі де сауатсыздықты және шала сауаттылықты
жою ісінің әрі өркендеуіне үлес қосқан маңызды мәселелерді талқылап,
бағдарлама жасап, өткен істерді қорытындылаған жиын болды. Сауатсыздықты
жоюда ауыл-селоларда оқудың тиімділігін арттыру, оның сапасын жақсарту үшін
пункттер мен мектептердегі оқуды 6 айлық ретінде белгілеп, оқу
бағдарламасын ұлғайту мәселесін қойды. XVII партия съезі сауатсыздықты жою
саласында КСРО халықтары арасында сауатсыздықты және ересек еңбекке
қабілетті адамдар арасында шала сауаттылықты жою міндетін қойған болатын
[9]. 1933 жылдың соңында-ақ РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты ересектерге
арналған мемлекеттік жалпы білім беретін оқу жүйесін ұлғайту туралы мәселе
көтерді. Сауатсыздықты жою пункттері мен басқа да қысқа мерзімдік
сауатсыздықты жою курстарын біртіндеп осындай мектептер ығыстырып шығаруға
тиіс болды. Мұндай мектептерде оқу жоғары деңгейде жүруге тиіс болды да,
сауатсыздар бастауыш мектептің екі жылдығы көлемінде, ал шала сауаттылар
төрт жылдық көлемінде білім алуға тиісті болды [10].
Ауыл-селолардағы сауатсыздықты жою жұмысына 1935 жылы 16-20 март
аралығында өткен ВКП (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің Пленумы да Ауыл мен
селодағы бұқаралық-саяси және мәдени жұмыс туралы маңызды мәселе қарап
үлес қосты [11].Пленумның қарасында 1933-1934 жылдары 200 мыңға тарта адам
сауатсыздығын жойды; 1935 жылы сауатсыздықты жою мектептерінде 257 мың
сауатсыз адам оқиды... - делінді.
Пленум ауыл-селолардағы сауатсыздықты жою жұмысының өз дәрежесінде
емес екендігіне ерекше тоқталып, кемшіліктер мен жұмысты ұйымдастырудағы
олқылықтарды ашып көрсетті. Жалпы республика бойынша сауатсыз және шала
сауатты ересек адамдардың толық санының есебі болмады. Аса маңызды істі
жете бағаламаушылық, жұмысты ұйымдастырудағы берекесіздік, бұқаралық
шаралардан қорқушылық, Қазақстанда бұл істі ұйымдастырудың өзіндік
жағдайына байланысты мүмкін еместігін сылтау етушілік жұмыс барысына
кедергі келтірді [12]. Халық Ағарту Комиссариатын және жергілікті партия,
совет ұйымдарын 1 июльге дейінгі аралықта сауатсыз және шала сауатты
ересек адамдардың есебін алуға міндеттеді. Араб алфавиті бойынша сауатты,
бірақ жаңа алфавит бойынша оқып-жаза алмайтын адамдарды қайта оқыту үшін де
олардың тізімін алу қажет болды. Республика бойынша 1935 жылы 350 мың, ал
1936 жылы кемінде 600 мың адамның сауатсыздығын жоюды белгіледі [13].
Өлкелік партия Комитеті Пленумның шешімін жүзеге асыру үшін Қазақстан
республикасының Халық Комиссарлар Кеңесі сауатсыздықты жою мақсатындағы
шараларға арнап 6 264 200 сом қаржы бөлді. Оның ішінде жергілікті
бюджеттен – 1 869 600 сом, кәсіподақ ұйымы – 2 198 400 сом, өзін-өзі
қаржыландыру негізінде 700 00 сом, шаруашылық есептегі ұйымдардан – 814 600
сом, колхоздар есебінен – 654 600 сом қаржы болуға тиісті болды.
Қаржыландырудың жақсаруы өз нәтижесін бергені айқын. Сауатсыздықты
жою пункттері мен мектептерді оқулықтармен және көмекші оқу құралдарымен
жабдықтау мақсатында 1934 жылы Қазақ мемлекеттік баспасы ересектер үшін 150
мың дана қазақ тілінде әліппе шығарды.
Әрбір облыс сауатсыздықты жою мектептері үшін латын әрпі негізінде
шығарылған оқулықтар мен оқу құралдарына тапсырыс бере отырып, оларды
аудандарға, ауыл-селоларға, қышылақтар мен станцияларға таратты. Себебі,
1929 және 1930 жылдардан кейін республика бойынша сауатсыздықты және шала
сауаттылықты жою жұмысы бәсеңдеді. Жоғарыда көрсетілген жылдардың
деңгейіне жеткен жоқ . Сондықтан бұл іске жаңа қарқын, леп беру қажет
болды. Әсіресе, ауыл-село тұрғындарына назар аудару қажет еді. 1935 жылы
республиканы мекендеген барлық халықтың сауаттылық деңгейі 61 процент, ал
оның ішінде жергілікті халықтың сауаттылығы – 49 процент болды. Ауыл-село
тұрғындарында бұл көрсеткіш 56,4 процент болса, оның ішінде қазақтардың
сауаттылығы – 47,5 процент еді [14]. Бұл жағдай сауатсыздықты жою жұмысын
ұйымдастыру ісіне жаңаша бағыт беріп, жол табуды талап етті.
Өткен жылдардың тәжірибесін қорыта келіп, маусымдық және көшпелі,
қысқа мерзімдік сауатсыздықты жою пункттері мен мектептерінің жұмыстары
нәтижелі болмайтындығын көрсетті. Себебі қысқа мерзімде немесе маусымдық
кезеңде жұмыс істеген мектептер жұмысынан кейін үнемі жетілдіріп, дамытып
отырмаған соң, мектептен, курстан өткен адамдар оқуды, жазуды ұмытып қалды,
не толық деңгейде меңгеріп кете алмай шала сауатты күйінде қалып қойды. Ал,
оларды кейін қайта оқыту қажеттілігі туды. Мәдени жорыққа тегін, ақы-пұлсыз
тартылғандар мен облыстан және аудандардан жолдамамен жіберілгендер жұмысы
да күткендей нәтиже бермеді. Кейбір жерлерде алдын-ала белгіленген
сауатсыздықты жою жұмысына жіберілгендер әр түрлі жағдайларға байланысты
бармай қалды да, оқу болмай қалды. Сауатсыздықты жою мектептер мен
пункттеріндегі мұғалімдердің айлық жалақысының аз болуы да оқу барысына
ықпал етті. Сауатсыздықты жоюшылардың басым көпшілігінің білім деңгейі
төмен, бастауыш мектептердің үшінші, төртінші кластар шамасындай ғана
болды. 1933 – 1934 оқу жылында республикадағы мұғалімдердің 70 процент,
төменгі білім болса, бұл ауылдарда 90 процентке дейін жетті. Олар жазуға,
оқуға үйретуге білімдері жеткенімен терең сапалы білім беруге дайындықтары
мен білімдері де жетпеді. Сондықтан, курстар аша отырып олардың өздерін де
қайта біліктіліктерін жетілдіруі үшін дайындықтан өткізді.
Сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою жұмысына қарқын беру
мақсатында ұйымдастыру жұмыстарына ерекше назар аудару қажет еді. Оқулықтар
мен көмекші оқу құралдарымен, мектепке керекті оқу жабдықтарымен қамтамасыз
етумен қатар, осы жұмыстағы шешуші тұлға – мәдени жауынгерлерді (орыс
тілінде культармейц деп қолданылған сөзді, қазақ тілінде – мәдениет әскер
немесе мәдени әскер және жауынгер деп қолданылып жүр.) ынталандыру
мақсатында бірнеше шаралар жүзеге асырылды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы
Қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Орталық Атқару Комитетінің 15
қарашада 1933 жылы мәдениет жауынгерлеріне жеңілдіктер беру туралы қаулысы
еді. Бұл қаулы бойынша мәдениет жауынгерлерін мекеме, совхоз, колхоз
екпінділерімен бірдей теңестіріп зәру заттармен және азық-түлікпен
қамтамасыз етуге жеңілдіктер жасады. Олардың бірінші кезекте пәтер және
шаруашылық жүргізуі үшін мал алуларына, электр жарығы мен керосин алуларына
да жағдай туғызды.
Бұл салада Қазақстанның артта қалуы ұйымдастыру жұмыстарына мән
беруді, оны жетілдіруді, жұмысты кең ауқымда жүргізуді талап етті. 1935
жылы Одақ бойынша сауаттылық көрсеткіші өсті, ал Қазақстан бұл деңгейден
көп кейін артта қалды. Әрине, мәдени даму өзінше, дербес, басқа қоғамдық
салалармен байланыссыз болуы мүмкін емес еді. Экономикалық-әлеуметтік
дағдарыстың келеңсіз себептері мен зардаптары мәдени даму саласына да өз
ықпалын тигізгені анық. Объективті жағдайлармен бірге субъективті жағдайлар
да мәдени дамуға, оның ішінде сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою
ісіне көп кедергі келтірді.
Алматы қалалық Кеңесінің Пленумында, сауатсыздықты жою туралы Ленин
декретінің 16 жыл толуына арналған баяндамасында республика Халық Ағарту
Комиссары Т. Жүргенов осы салада жіберілген қателіктер мен кемшіліктерге
тоқтала келіп Біздегі бар мәліметтердің біріне қарағанда сауатсыздықты жою
мектебінде 4 400 мың адам оқыған, екінші бір мағлұматта 3 500 мың адам
оқыған. Егерде 3 500 мың адам барлығы бірдей сауатсыздығын жойып хат танып
шыққан болса, республикамызда хат танымайтын кісі қалмас еді. Республикамыз
хат таныған республикалар қатарына қосылар еді [15] – деген болатын.
Жоғарыда аталып өткен мәселе бойынша былай қорытынды шығаруға болады.
Берілген мәліметтерге сенетін болсақ, республикада сауатсыз адамдар болмауы
керек. Бірақ, 1935 жылғы мәліметтерге сүйенсек халықтың 40 процентке жуығы
сауатсыз болды. Әр жылдары сауатсыздықты жою жоспары белгіленгенде
біріншіден, нақты материалдық жағдайды, мектептерді жабдықтау мен оларды
мұғалімдермен қамтамасыз ету мәселесіне терең назар аударылмады. Екіншіден,
партия, кеңес, кәсіподақ және комсомол ұйымдары барлық жерде бірдей бұл
салаға жеткілікті көңіл бөлмеді. Бұл іс оқу бөлімдерінің жұмыс ретінде
қарады. Үшіншіден, экономикалық күйзелу мен әлеуметтік дағдарыс бөгет
жасады. Төртіншіден, жоспар қабылданған соң оны орындау мүмкін болмаса да,
жалған ақпарлар берілді. Сонымен бірге, сауатсыздар мен шала сауаттылардың
толық есебі болмады.
Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылғы 24 желтоқсандағы
қаулысы бойынша қала халқының сауатсыздығын 1932 жылдың 1 қазанына дейін,
ал ауыл селоларда 1933 жылдың 1 қаңтарына дейін жойылу керек болса, 1935
жылдың соңында 1 048 400 адам әлі де болса сауатсыз еді.
Көптеген облыстарда 16 мен 50 жастың аралығындағы сауатсыздар саны
республикалық деңгейден де жоғары, 50 проценттен астам болды. Мысалы,
Қарқаралы округінде 7 ауданнан 1 аудан, Шығыс Қазақстан облысыынң 27
ауданынан 2 аудан, Батыс Қазақстан облысыынң 18 ауданынан 7 аудан, Алматы
облысында 25 ауданнан 8 аудан, Ақтөбе облысында 22 ауданнан 5 аудан,
Қарағанды облысында 32 ауданнан 1 аудан, Оңтүстік Қазақстан облысында 25
ауданнан 23 аудан – халқының 50 проценттен астамы сауатсыздық жағдайында
еді [16].
Осындай жағдайда бұл істі неғұрлым тиімді ұйымдастыру, айрықша көңіл бөлу
арқылы қажетті нәтижеге жету керек болатын. Алайда 1935 жылғы белгіленген
жоспар 350 мың адамның сауатсыздығымен шала сауаттылығын жою орындалмады.
1935 жылдың соңында жоспар – Алматы облысында – 49 процент, Оңтүстік
Қазақстан облысы – 30 процент., Батыс Қазақстан облысында – 36 процент,
Ақтөбе облысында – 37 процент, Қарқаралы округінде – 65 процент, Балқаш
құрылысында – 46 процент қана орындалды. Алматы қаласының өзінде бұл
көрсеткіш небары – 33 процент қан болды. Мәдени жорық ұйымдастырып мәдениет
жауынгерлерін маңызды іске тарта білген Алматы облысының Еңбекшіқазақ
ауданында 63 проц., Іле ауданында 85 проц. шамасында барлық оқуға
тартылғандардың сауатсыздығы мен шала сауаттылығы жойылды. Оқуға алғашында
тартылғанымен кейін әр түрлі себептермен оқуды тастап кеткендер көп болды.
Жалпы республика бойынша 1935 жылғы жоспарланған 350 мың адамның орнына,
195,5 мың адамның ғана сауатсыздығы жойылып, белгіленген жоспар 55,8
процентке ғана орындалды.
1935 жылы Қазақ АССР Халық Комиссарлар Кеңесі саутсыздықты жоюды
дұрыс жолға қою жұмысына конкурс жариялап, сыйлық тағайындаған болатын
[17], бірақ бұл жұмыс өз деңгейінде қарқын алып кете алмады, ұйымдастыру
жұмыстарында кемшіліктер болып, басшылық жалпы міндетін атқара алмады.
Ауыл – селоларда сауатсыздықты жою жұмысын ұйымдастыру барысында
бұрын оқуға тартылған, бірақ әр түрлі себептермен оқудан шығып кеткен
немесе араб әрпі негізінде оқып, енді қайта оқуға тартылғандар және шала
сауатты күйінде қалып қойғандар мен үйренгендерін ұмытып қалып қайта
оқығандар көп болды. Партия, кеңес, кәсіподақ және жастар ұйымдары да
белсенді қарқын, қимыл көрсете алмады. Мысалы, кәсіподақ ұйымында 616 мың
адам мүше ретінде тіркеле оның 117 мыңы сауатсыздар мен шала сауаттылар
болды. Ал, 1935 жылы бар болғаны 26,9 мың адам оқытып шығарылды. Кәсіподақ
ұйымы қаржы бөлгенімен, бұл қаржының жұмсалуын, оқу барысын, мүшелерінің
сабаққа қатысуын, оқуға таратылғандардың жыл аяғында қаншасы бітіріп шықты
– осы мәселелерге жеткілікті көңіл бөліп, есеп пен бақылау жасамады. Соның
салдарынан, жаппай сауатты болуға тиісті болған Еңбекшіқазақ ауданында
кәсіподақтан бөлінген қаржының 10 проц. ғана жұмсалды. Ақтөбе облысының
Торғай ауданында жұмсалуға тиісті 7 мың сомның жұмсалмауынан, сауатсыздарды
оқытып жүрген 41 мұғалім еңбек ақысын алмаған. Осындай жағдайлар бірнеше
аудандар мен ауылдарда, деревняларда кездесті. Жергілікті әкімшілік
орындары ұйымдастыру жұмыстарында біліктілік көрсете алмады.
Кемшіліктер мен қатар елеулі жетістіктер де бар болатын. Бірнеше
колхоз, совхоздар сауатсыздықты толық жойды немесе жоюға тақау еді. Алматы
облысының, Мирзоян ауданынынң Биялы көл совхозы, Қаскелең ауданындағы МТС
ұжымы сауатсыздықты алғашқы жойғандардың бірі болды. Оқуға 16 мен 50 жас
аралығындарды қамту республика бойынша жоспарланғанымен бірқатар ауылдада,
селоларда, қалашықтарда осы жастан асып кеткендер де оқуға тартылды және өз
ынталарымен келіп оқуға қатысты. Алматы облысының Қастек ауданының Үлгілі
колхозының мүшесі Қарымсақ келіні 53 жасында оқу оқып сауаттанып шығып, 40
сом сыйлық алды. Сталин атындағы колхоздың мүшесі Диқанбай ұлы 56 жасында
сауаттанып сыйлыққа қой алды [18].
Республикдағы аз ұлт өкілдері арасында сауатсыздықты және шала
сауаттылықты жою жұмысына да назар аударылды. Қордай ауданында тұратын
дүнгендерді сауатсыздықты жою мектептеріне, пунккттеріне тарту барысында,
Алматыдағы дүнген педагогикалық техникумының ұжымы белсене қатысты. Қордай
ауданынының Қарақоңыз және Шор-Төбе селоларында жоғарғы курстың 17 оқушысы
жіберілді.Олар 16 сауатсыздықты жою пункттерін ұйымдастырып, 380 адамның
сауатсыздығын жойды. Оның 116-сы әйелдер. Бір рет қабырға газеті шығарылып,
барлық колхозшыларды дүнген тілінде шығатын Дүнхашир газетке жазылуын
ұйымдастырды. Жаркент ауданына да техникумнан бір сауатсыздықты жоюшы
мұғалім жіберілді. Ол 30 адамның сауатсыздығын жойды. Алматы облысындағы
Заря Востока колхозына үш мұғалім жіберіліп, 70 адамның сауатсыздығы
жойылды, оның 4-і әйелдер болатын. Сауатсыздықты жою жұмысын үнемі үздіксіз
жүргізіп отыру үшін Қарақоңыз бен Шор-Төбеде 6 адам, Заря Востока 3 адам
тұрақты қалдырылды [19].
Сауатсыздықты жою мектептерінің жұмысын жетілдіру жамыту мақсатында
оқу жоспары қайта қарлып, кеңейтілді. Оқу мерзімі ұзартылды. Қазақ тілінде
арифметикадан методикалық көмекші құрал, орыс тілінде сауатсыздықты және
шала сауаттылықты жоюда басшылыққа алатын материалдар жинағы шықты. Олардың
тиражы 520 мың данаға дейін жетті [20].
Сол жылдары назар аударылған маңызды мәселелерінің бірі – оқу
мерзімін ұзарту және мектептер мен сауатсыздықты жоятын пункттерде
жүргізілетін сабақтардың сағаттарын өсіре отырып, мүмкіндігінше терең білім
беру қажет болды. Себебі, бұрын оқығандар шала сауатты күйінде қалды да,
кейін қайта оқыту қажеттілігі туды. Бұл мәдениет жауынгерлері үшін екі
жұмыс болып қана қойған жоқ, екі рет қаржы жұмсауға және екінші рет қайта
оқыту совхоз, колхоз мүшелерін маусымдық шаруашылық жұмыстары кезінде
жұмыстан қалдырды. Оларды жергілікті әкімшіліктің шаруашылықтан босатуы,
белгілі бір жағдайда колхоз, совхоздарға тиісімсіз болды. Сондықтан оқудың
тиімділігінің жолдарын қарастырды.
1936 жылы 450 мың адамның сауатсыздығын жою және 150 мың адамның шала
сауаттылығын жою міндеті тұрды. Қазақ ССР Халық Комиссиарлар Кеңесі мен
Өлкелік партия Комитеті 1936 жылы 28 ақпанда Сауатсыздар мен шала
сауаттыларды оқыту туралы қаулы қабылданды. 1936 жылы совхоздарды, МТС-
тарды және алматы облысының Еңбекшіқазақ, Іле және Мирзоян аудандарын
толық сауаттандыру міндетін қойды. Мектептердегі оқу жоспары 330 сағат
болып белгіленіп, оның 200 сағаты – ана тілін, ал 130 сағаты –
арифметиканы оқуға бөлінді. Қала мектептерінде оқу мерзімі - 10 ай,
селолық жерлерде – 7 ай болып белгіленді. Оқу ісін жоспарлы, тиімді
жүрігзу мақсатында оқулықтармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін
республикалық баспаға 15 наурызға дейін 150 мың әліппе мен 150 мың есеп
құралы оқулығын шығаруды міндеттеді. Ал, қыркүйекке дейін 1936-37 жылдары
сауатсыздықты жою мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді талап етті.
Облыстар мен аудандарды сауда орындары орыс, ұйғыр, дүнген тілінде шығатын
оқулықтармен жабдықтау міндетін қойды [21].
Ауыл-селоларда сауатсыздық жою жұмыстарын жүйелі ұйымшылдықпен
жүргізу үшін ауылдық, селолық кеңестің төрағаларына жауапкершілікті
жүктеді. Экономикалық, әлеуметтік және рухани дағдарыстан, демографиялық
нәубеттен соң бір қалыпты тіршіліке көше бастаған қазақ аудандары
сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою ісін біртіндеп жолға қойды.
Бұқаралық-ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жолға қоя білген Ырғыз ауданы
Ақтөбе облысы бойынша алдынғы қатарға шықты. Сауатсыздықты жою үшін 125
мектеп ұйымдастырылып, барлық мектептер педагог-мәдениет жауынгерімен
қамтамасыз етілді. Облысты Ырғыз ауданына 2600 адамның сауатсыздығын жою
жоспарланса, ол 2800 адамға, яғни 120 проц. орындалды [22]. Сауатсыздықты
жою жұмыстары 1930-33 жылдардағы ашаршылық зардаптарынан шұбырындылық пен
босқыншылыққа ұшыраған қазақ ауылдарын қайта әкеліп орналастыру,
шаруашылықтарына көмектесу арқылы мәдени құрылысқа тарту негізінде
жүргізілді. Шалғайдағы ауылдардағы жұмыстар да біртіндеп, өз арнасына
түсіп халыққа білім беру, саутсыздықты және шала сауаттылықты жою ісі кең
көлемде қолдау тапты. Бұл жағдай сол жылдары қалыпты тіршілікке көше
бастаған, әлі 1937-38 жылдардың забалаңы тумаған, бірақ 20 жылдардың соңы
мен 30 жылдардың басындағы күштеу, зорлау, қысымшылық қаупі сейілмеген
қазақ ауылдарына тән болды.
1936 жылдың бірінші жарты жылдығында 81 812 сауатсыздар мен шала
сауаттылар оқытылып шығарылды. 1 шілдеге дейін сауатсыздардың 75 проц.,
шала сауаттылардың 91,8 проц. оқуға тартылды [23].
Ауыл-селоларда комсомолдар белсенді көмек көрсетті. 1936 жылдың
басында 3 мың комсомол сауатсыздық жоюшы (ликвидатор), 5 мыңы – мәдениет
жауынгері, 2 мыңы үлкендердің мектептерінде мұғалім болып, жалақы алып
қызмет істеді [24]. 1936 жылы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен ВКП (б)
Орталық Комитеті 50 жасқа дейінгі еңбекшілер арасында толық сауатсыздықты
жою жөнінде қаулы қабылдауына байланысты, республикада оның ішінде
колхоздарда, совхоздар мен аудан орталықтарында сауатсыздықты жоюға қарықн
беріп, ұйымдастыру, бұқаралық-көпшілік жұмыстарына маңыз беру қажет еді.
Сауатсыздықты жою мектептерінде жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге, мәдениет
жауынгерлеріне педагогикалық жұмыстарына көмек көрсету мақсатында Ауыл
мұғалімі журналына арнаулы бет арналып, сонымен бірге шала сауаттыларға
арналған Төте оқу газетіне де оқу-методикалық тақырыптар жарияланды.
Аудандық партия комитеттері ересектерге сауатсыздықты және шала
сауаттылықты жою шараларын ұйымдастыру үшін ауылдық, селолық Кеңестердің
төрағаларына, колхоз басқармалары мен партия органдарына қатаң тапсырма
беріп бақылау жүргізді. Мирзоян (қазіргі Жамбыл облысының Жамбыл ауданы)
аудандық партия комитеті сауатсыздар мен шала сауаттыларды 100 процент
қамтып, олардың толық қатысуын және ересектер мектебі үшін барлық жағдай
жасауды, оқу үйімен, мебель, оқу жабдықтары, дәптер т.б. мектеп дұрыс
жұмыс істеуі үшін қатаң талап етті [25]. Аудандық атқару комитетінің әрбір
отырысында ауылдық кеңестің төрағаларынан сауатсыздықты жою мектептерінің
жұмысы туралы тыңдап, сонымен қатар әрбір он күн сайын аудандық партия
комитеті мен ауткомға есеп беріп отыруларын міндеттеді.
Республикада сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою жұмысының
жүйелі, жоспарлы жүруін, аз ұлт өкілдері үшін мектептер ашуды, олардың
санын қажеттілікке сай ұлғайтуды, практикалық, методикалық көмек көрсетуге
назар аударылды. Ұйғырлар мен дүнгендер арасында ересектер мектебін ашу
оның жұмысын ұйымдастыру, мектеп үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын
жүргізу, қажетті оқу құралдарымен және жабдықтармен қамтамасыз ету
мәселесін қойды [26]. Республиканың Орталық Атқару Комитетінде болгар
еңбекшілері арасындағы шаруашылық және мәдени құрылыс туралы мәселе
қаралып, сауатсыздықты және шала сауаттылықты жою жұмысы да сөз болды.
Красная нива және Бессаравия колхоздарында тұратын болгарлар, оның
ішінде әйелдер арасында сауатсыздықты жоюдың нашар екендігі айтылды.
Жергілікті Кеңестің депутаттық топтары мен секция жұмыстарының
қанағаттансыз болуымен бірге, аутком тарапынан бақылаудың жеткілікті
деңгейде болмағандағын сынады. Сондықтан, Шығыс Қазақстан облаткомына
Днеперовск облысының Коловский ауданымен хабарласып, болгар тіліндегі
оқулықтар мен басқа материалдар алдырып, сауатсыздықты жою мектептерінде
ана тілінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл - село
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Химия оқыту процесінде жоғары сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жүйесін әзірлеу және енгізу
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Мектеп оқушыларының сауаттылығы
Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Педагогика ғылымы
Мәдени жаңғыру қарқыны
Пәндер