Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы


Мазмұны
Кіріспе
1 ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары: теориялық негіздері
1. 2 Шетелдік тәжірибе (сравнительный анализ)
1. 3 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттық эволюциясы
2 ПАВЛОДАР АЙМАҒЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: ТЕНДЕНЦИИ И ПЕРСПЕКТИВЫ
2. 1 Әлеуметтік саясаттың қалыптасу ерекшеліктері
2. 2 Роль Дорожной карты 2020
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Я забыл уточнить кое-какие моменты в написании дипломного проекта, и хочу дополнить их в этом письме. Прошу понять меня правильно. Хоть и вы все это хорошо и без меня понимаете, все же хотелось бы уточнить это. Думаю лишним не будет.
1. 1 полностью теория
1. 2 шет елдин тажирибесi. В социальной политике лидирующие места в мире занимают скандинавские страны. так вот хотелось бы что бы вы разобрали одну из них. Я посмотрел предварительно и думаю что лучше из них вариант это Норвегия.
1. 3 там эволюция со времен независимости
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
ХХI ғасырдың басында әлемнің әр түрлі мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық сипатындағы терең деңгейдегі қайта құру үрдістері байқалуда. Бұл аймақтың дамуын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығын күшейтеді. Посткеңестік кеңістікте соңғы жылдары әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жаңа тәсілдерін талап ететін тіршілік әрекетінің барлық салаларында түпкілікті өзгерістер орын алғандығы көрініп отыр. Қазіргі жағдайларда аймақтар деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудың ең тиімді құралы болып тұрақты түрде модернизациялауды қажет етіп отыратын аймақтық саясат табылады.
Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.
Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.
Әлеуметтік-экономикалық дамуға Елбасымыз өзінің жыл сайынғы жолдауларында аса маңыз беріп келеді. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару жолында. Осы аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуды көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы жолдауында «…Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту барлық дәрежедегі әкімдердің бірінші кезектегі міндеті болып қалуға тиіс. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет. Тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс. Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары, тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуы тиіс. Әкімдер инфрақұрылымды, әсіресе, жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз етуі керек. Тұтастай алғанда, «Нұр Отанның» бастауыш ұйымдары және филиалдары, жергілікті мәслихаттардың депутаттары аймақтарды дамытудың және экономиканы жаңғыртудың сындарлы факторына айналуы қажет. Олар кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып, атап көрсетілген міндеттерді айрықша бақылауға алулары керек» деп атап көрсетті [1] .
Біздің мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық үлгідегі түбегейлі қайта құрулар халықшаруашылығы кешенін мемлекеттік-территориялық дамытудағы іс-шараларды жетілдіру, бәрінен бұрын ұлт дамуының базалық негізі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық үрдістерді жетілдіру қажеттілігін анықтады. Орталықсыздандыру принципіне өтуді қамтыған саяси және экономикалық реформалар мақсатты анықтаудағы және территорияның әлеуметтік-экономикалық даму саясатының әдістерін, құралдарын, ресурстарын таңдаудағы аймақтарды басқару мен билік органдары рөлінің өсуінің басты алғышарты болып табылады.
Қазақстандық реформалардың орындалуы мен тиімділігінің ажырамас алғышарты болып нарықтық реформациялардың стратегиясы мен концепциясын таңдау кезінде тіршілік әрекетінің табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-этникалық жағдайларындағы әр түрлі аймақтық ерекшеліктерді ескеру болып табылады.
Мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелердің талдауы көрсеткендей территориясы үлкен және өмір сүру мен шаруашылық жүргізу жағдайлары әр текті елдер мен территориясы кішкентай және айқын территориялық айырмашылықтары жоқ елдердегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерге мемлекеттік араласудың құралдары мен әдістерінің ұзақ түрдегі эволюциялық үрдісі қазіргі кезде аймақтық мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудағы аймақтық тәсілдің басым рөлді алуына алып келіп отыр.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін шешу кешенді тәсілді, ресурстық және өндірістік потенциалды максималды түрде қолдануды, территориялық маңызы бар әр түрлі факторларды ескеруді талап етеді.
Сондықтан, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін шешуде бағдарламалық-мақсатты тәсілді қолдану ең тиімдісі болып табылады. Осыған орай, мақсатты кешенді аймақтық бағдарламаларды қалыптастыру мен жүзеге асырудың мақсаттарын, басымдықтарын, принциптері мен әдістерін анықтау мен таңдау шешімі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін өзекті міндет болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саясаттану ғылымында әлеуметтік саясатты зерттеу маңызды орын алады. Әлеуметтік саясат проблемасы ғасырлар бойы экономика мен саясаттану, заң және әлеуметтану саласындағы ғалымдардың еңбектерінде үнемі көтеріліп келеді. Жалпы алғанда саясаттану қоғамдық құбылыстарды, оның субьектілерінің арасындағы қатынастарды анықтайтын ерекше ғылым саласы ретінде біртіндеп қалыптасты. Оның билік пен меншік түрлерінің өзгеріске ұшырауын, қоғамдық қатынастарды саралап жіктеп, олардың саясаттағы орны мен рөлін адам өмірінде айқындап отыруы, зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Оған дәлел - Джон Локктің, Жан Жак Руссоның еңбектері саяси ғылымның көкжиегін кеңейтіп, тереңірек толықтырды. Джон Локк моральдік-саяси доктринасында саясат туралы ғылымда мемлекеттің пайда болуы парасатты сананың арқасында деп көрсетеді [3] . Мемлекет заңдарды шығару арқылы оның орындалуын азаматтардан талап ету құқығына ие екендігін түсіндіреді. Сонымен қатар азаматтарға өмір сүру құқығы, еркіндік пен жеке меншіктерін қорғау сияқты қарапайым құқықтарын да зерттейтін сала ретінде қарастырып қана қоймай, олардың мұқтаждықтарының орындалуын мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы айтылып кеткен болатын. “Қоғам мүшелерін қорғау және олардың амандықта екендігін білдіретін ең сенімді белгі бұл - олардың саны мен өсуі” деген Жан Жак Руссо [4] . Ол саяси биліктің жүргізіп отырған саясатының негізгі басымдықтары айқындалмай, оның толық саяси дұрыс шешімдерге негізделген бағыт-бағдарын жасақтамай, осы саладағы саяси институттардың міндеттері мен қызметтерінің жемісті нәтиже беруі екіталай екендігін атап көрсетеді.
Саяси ғылымда әлеуметтік саясаттың тарихи-ғылыми негізі Шарль Луи Монтескьенің «Заңдар рухы туралы» еңбегінен бастау алады[5] .
Саясаттану ғылымының теориялық және қолданбалы негіздері де қай мемлекеттің болмасын әлеуметтік саясатының бағыт-бағдарын айқындауда оның ішкі мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндіктер береді. Теориялық саясаттану саяси идеялардың дамуын, пайда болуын, саяси билікті, саясаттың обьектілері мен субьектілерін, саяси жүйені, саяси үрдістерді, саяси қатынастарды, саяси мәдениеттерді және т. б. құбылыстарды жүйелі түрде зерттей отырып, біздің тақырыбымыздың нысаны болып отырған әлеуметтік саясаттың теориялық - әдіснамалық негізінің өзегіне айналады. Ал, қолданбалы саясаттану арқылы саясат аясындағы адамдардың және әртүрлі әлеуметтік субьектілердің белсенді іс-әрекеттері тәжірибеге алынып, яғни мұнда тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саяси қатынастар, мемлекеттің әлеуметтік саясаты және оның жүзеге асырылуы, оның халықтың әл- ауқатын арттырудағы тиімділігі немесе тиімсіздігі көрініс тауып отырғандығы және т. б. сияқты мәселелердің түйінін шешуге ұмтылыс жасалады.
Әлеуметтік саясатқа ғылыми тұрғыда ерекше мән беріп, оның теориялық әдіснамалық негізін тереңдетуге О. В. Байдалова, Ф. Э. Бурджалов, Д. Белл, Дж. Гэлбрейт, Е. А. Гонтмахер, В. И. Жуков, С. И. Калашников, Дж. Кейнс, В. Н. Лексин, Дж. Миллъ, Т. В. Негина, Дж. Робинсон, И. А. Соболева, А. Н. Швецов, А. Фон Хайек сынды еуропалық және ресейлік ғалымдардың да қомақты үлес қосқандығы белгілі[6] .
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың мемлекеттік саясаттағы орны мен ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.
Әлеуметтік саясаттың зерттелу мәселесінде кеңестік дәуірде жарық көрген ғылыми еңбектерді назардан тыс қалдыру ғылыми әділетсіздік болар еді. Бұл еңбекті қайта сараптау мен сын тұрғысында салыстырмалы саяси талдау Кеңес Одағында әлеуметтік мемлекет құру тәжірибесінің, яғни социализмнің неліктен сәтсіздікке ұшырағандығы туралы ой қорытуға мүмкіндік береді. Мұндай еңбектердің қатарына С. Б. Баишевтің, Ф. М. Бородкиннің, Ю. Е. Волков пен В. З. Рогозиннің, С. С. Шаталиннің және т. б. ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады [7] .
Әрбір елдегі саяси трансформациялар жағдайында әлеуметтік саясаттың сипатына ерекше көңіл аударылатыны заңды құбылыс. Өйткені, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан мен бұрынғы одақтас республикаларда рухани және ғылыми құндылықтарды қайта қарау үрдісі басталды. Ол әлеуметтік мемлекет пен әлеуметтік саясат сияқты саяси ойда да орын алды. Бұл үрдіс нәтижесі әлеуметтік саясат бойынша жарық көрген еңбектердің теориялық және институционалдық негіздерінің дамуына ықпал етіп отыр. Оны саясаттанушы ғалымдардың әлеуметтік саясат мәселесіне тереңдей назар аударып, тақырыпты ғылыми тұрғыда кеңірек талқылауынан, аталмыш мәселеге қатысты арналған еңбектер санының өсуінен көруге болады. Осыған орай саясаттану ғылымында Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың теориялық және құқықтық негіздеріне талдаулар жасалуда. Отандық зерттеуші-ғалымдардың, саясаттанушылардың ғылыми-зерттеушілік еңбектерінде әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелеріне - табиғатына, мәніне, құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне талдаулар жасалуда. Мұндай ғылыми зерттеулердің қатарына А. Ж. Абдрахманованың, Н. А. Аитовтың, М. М. Ахметованың, Р. Б. Әбсаттаровтың, Р. С. Жарқынбаеваның, А. Каримовтың, Н. И. Мұстафаевтың, А. Ж. Мұқажанованың, Н. З. Нығматулиннің, Қ. Ж. Нұғманованың, М. Б. Тәтімовтің, И. Н. Тасмағамбетовтің және т. б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады [8] . Дегенмен жоғарыда аталған жұмыстарда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың теориялық-әдіснамалық негізін жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саясатқа саяси талдау жасау арнайы мақсат етіп қойылмаған. Бұл ғалымдар мен зерттеушілер аталмыш мәселенің тек жекелеген аспектілерін ғана қозғаған. Бұл еңбектер біздің зерттеп отырған мәселеміздің түрлі қырынан ашылуына, оған кешенді саяси талдау жасауға мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ әлеуметтік саясаттың кейбір аспектілері ғалымдарымыз М. С. Аженов, К. Г. Ғабдуллина, С. М. Борбасов, К. Н. Бұрханов, Ә. Х. Жүнісов, Л. М. Иватова, А. И. Лұқпанов, Р. А. Нұртазина, А. Н. Нұрмағамбетов, Н. В. Романова, Т. С. Садықов, М. С. Садырова және т. б. өз еңбектерінде қарастырады. Әлеуметтік саясаттың теориялық-әдіснамалық негізі мен өзекті саяси проблемалары дербес зерттеу нысанына алынбағандықтан біз осы мәселелердің жүйелі түрде саяси талданбағанына көз жеткіздік. Қазақстан Республикасындағы саяси мәселенің негізгі тетіктерінің біріне айналған қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың саясаттану ғылымындағы теориялық негізі мен практикалық қолданылуын саяси талдау тұрғысында кешенді зерттеудің қажеттілігі даусыз екені айқындалып отыр.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік мемлекет құру жолындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатына саяси талдау жасай отырып, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы саяси институттардың қоғамда алатын рөлін анықтау да қажеттілік болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- әлеуметтік саясат мәні мен модельдерін қарастыру;
- ҚР-да аймақтардың дамуына әлеуметтік саясаттың әсер етуі;
- аймақ дамуындағы әлеуметтік саясаттың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясатқа талдау;
- нарықтық қатынастар жағдайындағы әлеуметтік салалардың ахуалын қарастыру;
- Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері;
- Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы жетілдіру;
Зерттеу жұмысының гипотезасы әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты еліміздің тарихи және рухани даму ерекшеліктері ескеріле отырып, алдыңғы қатарлы дамыған әрі әлеуметтік мемлекет қалыптастырған елдердің озық тәжірибесі оңтайлы пайдаланылған жағдайда тиімді әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады деген болжамға негізделген. Біздің ойымызша Қазақстан үшін Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Норвегия сияқты экономикасы табиғи байлыққа (мұнайға) негізделген елдердің тиімді жүзеге асырып отырған әлеуметтік саясатының тәжірибесін ескерген дұрыс болар еді.
Жетекші идея. Әлеуметтік мемлекет құруды басым бағыт ретінде таңдап алған мемлекет үшін оны жүзеге асырудың ең басты кепілі тиімді әрі тұрақты даму жағдайында болатын мемлекеттік әлеуметтік саясат жүйесін жасау болып табылады. Сол себепті мемлекеттің ішкі мүмкіндіктері мен әлемдік тәжірибені оңтайлы пайдалану ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына негіз болады.
Зерттеудің негізгі нысаны : Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні : Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының қалыптасу және жүзеге асырылу тетіктері; саяси институттар мен азаматтық ұйымдардың әлеуметтік саясат үрдісіндегі іс-әрекеттері мен өзара байланысы.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық негіздері ретінде ғылыми саяси ойды қалыптастырушы ойшылдар мен ғалымдардың, еуропалық, ресейлік және отандық саясаттанушы, философ, әлеуметтанушы, экономист, құқықтанушы ғалымдардың теориялық еңбектерімен қатар Президент Н. Ә. Назарбаевтың да еңбектері басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуде тарихи-философиялық, институционалдық, жүйелік, пәнаралық, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатты күрделі, кешенді әрі тұрақты даму үстінде болатын жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік алдық.
Тақырыптың дерек көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз болған теориялық және нақтылы фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер. Дипломдық жұмыста негізінен төмендегідей нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар пайдаланылды.
Тақырыпты зерттеуге теориялық негіз болған әлеуметтік саясатты терең зерттеген қоғамдық ғылым салалары бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектері, соның ішінде әлемдік философиялық ой өкілдерінің осы мәселе бойынша жасаған ғылыми тұжырымдамалары. Сонымен қатар, қазіргі замандағы отандық және шетелдік, ресейлік зерттеушілердің әлеуметтік саясатты талдауға бағытталған ғылыми мақалалары мен монографиялары және зерттеушілік еңбектері.
Қазақстандағы әлеуметтік саясатты саяси талдауға негіз бола алатын Қазақстан Республикасының осы бағыттағы қабылданған заңдары мен нормативтік актілері. 1991 жылы қабылданған «Халықты еңбекпен қамту туралы» алғашқы Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғыларына, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларына (мәселен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен мақұлданған), Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы сияқты нормативтік актілеріне сүйенеді. Аталған заңнамаларға енгізілген қосымшалар мен түзетулер де дипломдық жұмыста қолданылды. Сонымен қатар зерттеуде елдің Стратегиялық даму бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің еңбектері мен халыққа жолдаған Жолдаулары жетекшілік қызмет атқарды.
Дүниежүзінде әлеуметтік саясаттың ортақ үлгісін құрастырудағы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Даму банкі, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдардың ресми құжаттары кеңінен пайдаланылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары туралы Декларациясынан бастап, Бүкіләлемдік еңбек ұйымының, Сауда және Даму конференциясының басшылығымен қабылданған шешімдері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құқықтық мәртебесін айқындайтын Жарғысы және сол сияқты халықаралық институттардың құжаттары да дипломдық қолданылды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің, Білім және Ғылым Министрлігінің, Қазақстан Республикасы статистикалық Агенттігінің ақпараттары мен есептері, түрлі отырыстардың шешімдері және басқа да ресми құжаттар пайдаланылды. Сонымен қатар, мемлекеттік жергілікті билік органдарының әлеуметтік саясатқа байланысты ресми құжаттары және қаулылары пайдаланылды.
БАҚ аналитикалық материалдары, статистикалық жинақтар мен интернет-сайт материалдары да қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы көтеріліп отырған мәселенің қазіргі кезең талаптарына сай өзектілігімен, жеткілікті зерттелмегендігімен, зерттеу нысанасына ілінбеген тың мәселелерді жүйелеуімен әрі саралап талдауымен, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне тікелей байланысты қажеттілік талабынан туындайды және әрбір тарауда көтеріліп отырған мәселелерге сай анықталады. Дипломдық жұмыста қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатына теориялық тұрғыда жан-жақты саяси талдау жасала отырып, қоғамның саяси жаңғыруы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік саясатының өзіндік үлгісі қалыптасып келе жатқандығы ғылыми тұрғыда негізделді. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясатқа саясаттанулық талдау жасау негізінде мынандай жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
- әлеуметтік саясат мемлекеттің тұрақты саяси дамуын қамтамасыз ететін ең тиімді саяси құрал екені нақтыланды;
- Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясат жалпы қоғамның әлеуметтік даму үлгісіне емес, көп жағдайда әлеуметтік көмекті қажет ететін қоғам мүшелеріне көмек көрсету үлгісі ретінде жүзеге асырылып отырғаны айқындалды;
- әлеуметтік саясаттың негізгі қағидалары, бағыт-бағдарлары және даму жолдары нақтыланып, айқындалып көрсетілді;
- әлеуметтік саясаттың мәні мен мағынасы, қоғам дамуындағы орны мен рөлі теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттелді;
- алдыңғы қатарлы дамыған елдердің әлеуметтік саясатынан алынған тәжірибе мен еліміздегі аталған саясаттың ерекшеліктері салыстырмалы түрде зерделенді;
- Қазақстанның әлеуметтік саясатты реттеуге бағытталған заңнамалық және құқықтық нормаларын саяси талдау арқылы саяси институттардың саяси үрдістерге қатысу жолдары нақтыланды;
- мемлекеттік билік және қоғам субьектілерінің әлеуметтік саясатты іске асыру арқылы өздерінің жоспарлау және басқарушылық, реттеушілік қызметін орындауының дәрежесі анықталды;
- елімізде әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттырудың кейбір бағыттары мен жолдары жөнінде қолданбалы маңызы бар өзіндік ұсыныстар жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы оның тақырыбының, мақсаты мен міндеттерінің негізгі бағыттарына сәйкес құрылды. Қорғауға ұсынылып отырған дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 148 бет.
1 ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары: теориялық негіздері
Әлеуметтанушы ғалымдардың тұжырымы бойынша ежелгі кезеңнен бері өмір сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезеңдердің дамуына тән әлеуметтік саясат жүргізілген. Қазіргі кезде әлеуметтік саясат мәселелері халық үшін де, саясаткерлер мен ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға айналып отыр. Тәуелсіз Қазақстан жүзеге асырып отырған түбегейлі экономикалық реформалар бұл өзгерістерге жауап бере алатын және соған сәйкес келетін мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруды талап етеді. Өйткені, «елдің экономикасын сауықтыруға бағытталған экономикалық реформаның күшті әлеуметтік саясатпен қамтамасыз етілуі өте маңызды, ал олай болмаған жағдайда бір реформа екіншісіне қауіп төндіре бастайды» [9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz