Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде


Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншіқті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және жеке ұжымдық (ұжымдық-топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымыраластыра алады.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.
Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.
Өтпелі экономика кезіндегі мемлекетгік қатынастарды басқаша құрудың халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің эволюция-реформаторлық тәсілін, жекешелендіру тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.
Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: «мемлекеттен алу» мен «жекеншелендіруді» бір-біріне теңестіріп қарайды. Алайда «мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру - жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.
Ал «жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендірудіц мақсаты:
-өтпелілік максатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;
-мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
- «қатаң» вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу;
-«жұмсақ» вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу. Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, ІІІығыс Еуропада және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ-та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономика түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.
Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелеңдірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.
АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорынды сату ұзақ мерзімде - 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін) төлем жалпы төленетін соманың 20%-нан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданыдды.
Венгрияда кәсіпорынды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылады,
Чехославакияда шағын кәсіпорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірілді. Сондай-ақ Чехословакияда кәсіпорындар сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылды. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.
Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты - мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды. Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді берді. Олардың әрқайсысының құны 1000 рубль болды. Иегерлері оны еркін қолдана алды: ваучерді 600-дай жекешелендіру қорының кез-келгеніне салуға мүмкіндік жасады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде, «үшінші әлем» дамушы елдерінде «жұмсақ жекешелендіру» варианты қолданылады. Бұл вариант - Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Мексика, Туркия, сондай-ақ жаңа индустриалды екі елде - Оңтүстік Корея мен Тайванда қолданылды.
«Жұмсақ» жекешелеңдіру ерекшелігі сол, бұл вариантта мемлекетгік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген. Бұл іс-шаралар мемлекетгік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» арқылы акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы жүзеге асады.
Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік-акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.
Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті жекешелендіру мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайын бұзу мен экономикаға нарықтық сипат беріп қоймай, сондай-ақ, экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жетуді көздейді:
- ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;
- мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік қарызды қысқарту және жеке кәсіпорындар мен тұрғындардың табысын ұлғайту, нәтижелік мақсат - тұрғындардың өмір деңгейін көтеру;
- бәсекелестік нарықтық орта жасау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz