Өндіріс шығындары туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорынның мақсаты табыс
табу болып табылады. Өнімді өндірген кәсіпорын өнімнің нарықта сұранысқа ие
болып, жылдам өткізуіне мүдделі болып табылады. Аудиттің ақпараттық негізі
бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар
бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және
өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі
ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті
ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру
мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері
мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық
экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-
құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы
экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі.
Өнімді (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) шығыруға жұмсалатын шығындар
аудитітің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық
жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту
қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы
фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын басқару құралына
аса қажетті Өнімді (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) шығыруға жұмсалатын
шығындар аудиті осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады.
Негізінен экономика саласы болсын не басқада салаларда атқарылып болған
істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында аудиторлық қорытынды
жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін
және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады.
Аудиторлық қорытынды соңғы жылдары елімізде жедел қарқындап, барынша дамып
келе жатқан сала. Сол себепті аудитор қазіргі нарықтық жағдайда шаруашылық
субъектіге тәуелсіз тексеру жүргізу арқылы қорытынды жасайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: елдің ішкі және сыртқы экономикалық
байланысы сауда-саттық қарым – қатынасы болып табылатыны мәлім. Яғни,
курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі шаруашылықпен немесе кәсіпкерлікпен
айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қалай және қайтіп өнімді
(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) шығыруға жұмсалатын шығындар аудитінің
жүргізетіндігі туралы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың мәні: Аудит-бухгалтерлік есептің сапасын,
тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп
жүргізуге жетелейді. Тәуелсіздік алып егеменді ел болған қазіргі таңда
аудиторлық қызметке сұраныс күннен-күнге арта түсуде.
Осы курстық жұмыста Өнімді (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) шығыруға
жұмсалатын шығындар аудитінің түсінігі ашылып, оның мақсаты, маңызы мен
міндетері анықталды. Сонымен бірге Қазақстан аудитінің нормативтік базасы
берілді.
Нарықтық экономиканың болуы мен дамуы қоғамдағы экономикалық ғылым
және өндірістін қатынастар алдында жаңа міндеттерді қояды. Қоғамның
құқылығы және заң мүшелері әр түрлі механизмдар арқылы бөлек шаруашылықты
субъектілердің (инвестарлар, кредиторлар, акционерлер және т.б.) өндіріс
басқармасына қатысады. Бірінші кезекте компаниядағы істердің шынайы жағдай
туралы рас ақпаратына ие болғылары келетін кәсіпорындардағы ивесторлар,
кредиторлар, бірге құрушылар салуларының сақтауын, қаражатты табандылықты
қамтамасыз ететін шарттар құруын қажет пайда болады. Қаражатты есептік және
компания әкімшілі ақпарат пайдаланушылар арасында қызығушылықтар
айырмашылығының болуы кәсіби аудитті талап етеді.
Компаниялар басшылығы және потенциалды инвесторлар қызығушылықтар
арасында нарықтық экономика шарттарыда аудит делдал қызметін атқарады да,
ақапарттық мүмкіндік тәуекелді төмендетуге талап етеді. Қазіргі уақытта
әрбір кәсіпорын меншіктік тұлғадан тәуелсіз аудиторлардың көментерімен
пайдаланады, сондықтан экономика саласындағы аудит өткізуінің теоретикалық
және әдістемелік негіздерін білуі міндетті.

1-ТАРАУ. ӨНІМДІ (ЖҰМЫСТАРДЫ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕРДІ) ШЫҒАРУҒА ЖҰМСАЛАТЫН
ШЫҒЫНДАР
1.1. Өндіріс шығындары туралы түсінік

Шығындардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік құнына жатқызылуына
қарай жіктелуі өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялауда
маңызы зор. Бұл белгісі бойынша шығындар ағымдағы, алдағы есепті кезең
шығындары, болашақта болуы мүмкін шығындар болып бөлінеді. Ағымдағы
шығындар есепті кезеңде орын алған өндірістік шығындардан құралады, ал
алдағы есепті кезең шығындарына есепті кезеңде орын алған, бірақ
алдымыздағы есепті кезеңге тиісті шығындар сомасын көрсетеді, болашақта
болуы мүмкін шығындарға есепті кезеңде әлі болмаған, бірақ өнімнің өзіндік
құнын дұрыс анықтау мақсатында жоспарлы мөлшерде жалпы шығындарға қосылатын
шығындар. Мысалыға, жұмысшылардың кезекті еңбек демалысына ақы төлеумен
байланысты, бір реттік төлемдер түріндегі шығындар. Ал экономикалық
шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз
меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз
шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің еңбегін, жерді, капиталды
– барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын
фаторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз
ресурстарын қолданғандағы табысы да кіреді.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты
шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына
кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен
қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Дайын өнімнің өзіндік құны - кең көлемді, көп түрлі және өзгермелі
экономикалық категория. Ол – кәсіпорынның өнімдерді өндіру мен сату
шығындарын көрсететін сапалық көрсеткіш. Өзіндік құн төмендеген сайын пайда
мен өндіріс рентабельділігі сәйкесінше жоғары болады. Кәсіпорын үшін
өнімнің өзіндік құнын анықтау қажет, себебі сол арқылы өндіріс пен жеке
өнім түрлерінің рентабельділігі, ішкі өндірістік шаруашылық есеп, өнімнің
өзіндік құнын азайту жолдары, өнімнің бағасы, енгізілген жаңа техника,
технологияның экономикалық тиімділігі, осы көрсеткіш бойынша жоспардың
орындалуы анықталады.
Өнімнің өзіндік құны кәсіпорын жұмысына тікелей тәуелді және тәуелсіз
әртүрлі шығындардан құралады.
Өнімнің өзіндік құны жөнінде шынайы ақпарат алудың бір шарты өнім
құнына кіретін шығындардың ғылыми негізделген түрде жіктелуі.
Өндірістік шығындар құрамы бойынша, түрлері бойынша, пайда болу
орындары мен апарылатын көздеріне қарай жіктеледі.
1) Құрамына қарай шығындар элементтік, кешендік болады. Бір
элементтік шығындар деп бір элементтен тұратын, материалдар, еңбек ақы,
амортизация және басқалары. Кешендік шығындар бірнеше элементтерден тұрады,
мысалы, құрамына материалдар, еңбек ақы және басқалары кіретін цех немесе
жалпы зауыттық шығындар.
2) Шығындар түрлері бойынша экономикалық элементтер
және калькуляциялау баптары бойынша топтастырылады.
Өнімдердің өзіндік құнына кіретін шығындардың элементтеріне мыналарды
жатқызуға болады:
- материалдық шығындар;
- еңбек ақы төлеу шығындары;
- әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
- негізгі қорлар амортизациясы;
- басқада шығындар.
Шығындарды элементтері бойынша топтастыру өнімді өндіруге жұмсалған
нақты шығындарды, жалпы шығындар сомасындағы жеке элементтердің
арақатынасын көрсетеді. Жекелеген өнімдердің өзіндік құнын есептеу үшін
өндірістік кәсіпорындар шығындарды калькуляциялау баптары бойынша
топтастырады. Шығындар номенклатурасын әрбір кәсіпорын өз спецификалық
ерекшеліктерін ескере отырып, өздері бекіте алады. Олардың жалпы тізімі
салалық өнімдер есебі мен өзіндік құнды калькуляциялау жөніндегі нұсқаулары
бойынша анықталған. Жалпылама түрде калькуляциялау баптары келесі түрде
болады:
- шикізаттар мен материалдар;
- сатылып алынатын және құрастырушы өнімдер, жартылай фабрикаттар;
- қайтарылған қалдықтар (шегеріледі);
- технологиялық мақсаттағы отын және энергия;
- өндірістік жұмысшылар еңбек ақысын төлеу шығындары;
- әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
- жабдықтарды ұстау және күту шығындары;
- жалпы өндірістік шығындар;
- жалпы шаруашылық шығындар;
- ақауға байланысты зиян;
- коммерциялық (өндірістен тыс) шығындар;
- басқа да өндірістік шығындар.
3) Пайда болу орнына қарай шығындар өндірістер, цехтар, бөлімшелер,
басқа да кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері бойынша, яғни жауапкершілік
орталықтары бойынша топтастырылады және есепке алынады.
4) Шығындарды апару объектілеріне байланысты, яғни өнімдер, жұмыстар,
қызметтер бойынша олардың өзіндік құнын анықтау мақсатында топтастыру.
Өнімдердің өзіндік құнын анықтаудың ең қарапайым тәсілі жалпы жиынтық
шығындар сомасын өндріс көлеміне, яғни өнімдер санына бөлу. Бұл тәсілді
кәсіпорын тек бір ғана өнім түрін өндірген жағдайда пайдаланылады.
Күрделірек тәсіл - шығындар баптары бойынша калькуляциялау. Мұнда тура
шығындар өнімдерге тікелей апарылады, ал жанама шығындар арнайы базалар мен
бөлу коэффициенттері арқылы өнімдер түрлері арасында бөлінеді.
Жоғарыда қарастырылған шығындардың топтастырылуы өнімдердің өзіндік
құнын калькуляциялау жүйесіндегі белгілі бір функцияларды сипаттайды, бірақ
шығындарды басқару есебіндегі міндеттерге толық жауап бермейді. Басқару
есебіндегі басты мақсат шығындарды топтастыру арқылы басшының дұрыс,
негізделген шешім қабылдауына жағдай жасау.
Экономикалық дамыған елдерде басқару есебін ұйымдастыру тәжірибесі
бойынша шығындар есебін жүргізу бағыттары бойынша шығындарды топтастырудың
әртүрлі варианттары қарастырылады. Шығындар есебінің бағыты дегеніміз
өндірістік шығындардың жекелеген есебін қажет ететін қызмет саласы. Ішкі
ақпаратты пайдаланушылар зерттеу мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз
етуді қажет ететін есеп салаларын анықтайды.
Ең алдымен үш шығындар түрлері жөнінде ақпарат жиналады: материалдық
шығындар, еңбек ақы шығындары, үстеме шығындар. Жинақталған шығындар келесі
есеп бағыттары бойынша бөлінеді:
- өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және бағалау мақсатында;
- басқару шешімдерін жоспарлау және шешім қабылдау мақсатында;
- бақылау және реттеу қызметтерін жүзеге асыру мақсатында.
Осы үш есеп бағыттары бойынша ендігі кезекте тікелей басқару мақсаты
бойынша шығындарды жіктейді.
Кәсіпорын қызметінің функциялары бойынша өндірістік шығындар жабдықтау-
дайындау шығындары болып, өндірістік, коммерциялық, өткізу, ұйымдастыру-
басқару шығындары ретінде жіктеледі.
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша шығындар негізгі және
үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар өндірістің технологиялық процесімен
тікелей байланысты, материалдар, еңбек ақы, отын және энергия және
басқалары. Үстеме шығындарға өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен және оған
қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады.
Өнімнің өзіндік құнына қосылуына қарай шығындар тікелей (тура) және
жанама болып бөлінеді. Тура шығындар нақты өнім түріне тікелей қатысты
болғандықтан сол өнімнің өзіндік құны құрамына кіреді. Жанама шығындар
өндірісті басқару және оған қызмет көрсетумен байланысты болғандықтан
өндірлген өнім түрлері арасында арнайы есептеулер арқылы бөлінеді.
Өндіріс көлеміне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы болады.
Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қатысы жоқ, яғни өндіріс көлемі
өзгергенде тұрақты шығындар өзгермейді. Тұрақты шығындарға жалдық төлем
ақы, амортизация шығындары жатады. Айнымалы шығындар өндіріс көлеміне
тәуелді және оған тура пропорционалды өзгереді. Ал өнім бірлігіне келетін
айнымалы шығындар тұрақты сипатта болады. Бұларға материалдық, еңбек ақы,
әлеуметтік аударымдар және басқалары жатады. Шығындардың тұрақты және
айнымалы болып жіктелуі отандық есеп жүйесінде өндірістік және кезеңдік
шығындар түрінде көрінеді.
Басқару шешімдерін қабылдау үшін басшы белгілі бір өнім түрін өндіру
тиімділігі жөнінде ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз етілуі қажет.
Осыған қатысты шығындар альтернативті, дифференциалды, қайтарусыз,
инкрементті, маржиналды, релевантты болып бөлінеді.
Кәсіпорын ресурстарының шектеулі болуы оның мүмкіндіктерін де
шектейді. Әрбір ресурстар бірлігі оны пайдаланудың тиімділігі арқылы
сипатталады. Белгілі бір ресурстар мөлшеріне сәйкес келетін өндіріс көлемі
болады. Бір өнім пайдасы үшін екіншісінен бас тартумен байланысты шығындар
альтернативті шығындар деп аталады. Альтернативті шығындар ресурстар
шектелген жағдайда ғана орын алады, ресурстар шексіз болған жағдайда
альтернативті шығындар нөлге тең болады.
Дифференциалды шығындар екі баламалы шешімдерді қарастыру барысында
шығындардың айырма мөлшері. Мұндай шығындарды қосымша немесе өсімше
шығындар деп те атайды.
Қайтарусыз шығындар - бұрын қабылданған шешімдер бойынша өткен
кезеңдерде орын алған шығындар. Олар болашақ шығындарға әсер етпейді.
Мысалға, материалдар мен жабдықтардың сатып алу кезіндегі бастапқы құны.
Инкрементті шығындар қосымша шығындар болып табылады, яғни қосымша
өнімдер партиясын өндірумен байланысты пайда болады. Қандай да бір шешімдер
нәтижесінде тұрақты шығындардың көбеюі инкрементті шығындар болып табылады.
Маржиналды шығындар қосымша өнім бірлігін өндірумен байланысты
шығындар. Маржиналды шығындардың инкрементті шығындардан өзгешелігі олар
өнім бірлігіне қатысты есептеледі.
Релевантты (мәнді, маңызды) шығындар дегеніміз қарастырылып отырған
басқару шешімдеріне қатысты шығындар. Өткен кезеңдер шығындары релевантты
бола алмайды, себебі оларды өзгерту мүмкін емес.
Реттеу және бақылау дәрежесіне байланысты реттелетін және
реттелмейтін; тиімді және тиімсіз; бақыланатын және бақыланбайтын болып
бөлінеді.
Толық реттелетін шығындар өндіріс және бөлініс сфераларында пайда
болады. Бұл жауапкершілік орталықтарында тіркелген, мөлшері, деңгейі
менеджердің реттеуіне байланысты анықталатын шығындар.
Тиімді шығындар жұмсалған шығындар нәтижесінде өндіріліп шығарылған
өнімдерді сату нәтижесінде табыс алынатын өнімділігі бар шығындар.
Бақыланатын шығындар дегеніміз басқару субъектілері тарапынан бақылау
мүмкін болатын шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша шығындарды бақылау жүйесі
тиімді қызмет атқаруы үшін алдымен шығындар қалыптасатын жауапкершілік
орталықтарын анықтап, шығындарды жіктеп, одан кейін шығындарды басқару
есебінің жүйесін пайдалану қажет.
Өндірістік кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есепке алу және
калькуляциялауды әртүрлі әдістер арқылы ұйымдастыруға болады. Барлық
әдістер жиынтығы бірнеше белгілері бойынша жіктеледі: шығындарды бақылаудың
оперативтілігіне қарай; өндіріс процесіне қатысына қарай; өнімнің өзіндік
құнына қосу толықтығына қарай.
1) шығындарды бақылау оперативтілігі бойынша нақты, нормативті және
жоспарлы өзіндік құн бойынша есеп жүргізу болып бөлінеді. Нақты өзіндік құн
бойынша есеп жүргізудің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылығы
есеп жүргізудің қарапайымдылығы болса, кемшіліктері: пайдаланылған
ресурстар саны мен олардың бағасын бақылау нормативтерінің болмауы;
ауытқулардың орнын, жауаптылардың, себептерін анықтаудың мүмкін еместігі;
өндіріс процесі кезінде шығындарды есептеу мүмкін еместігі.
Нормативті өзіндік құн бойынша есеп жүргізу барысында шығындардың
қандай болғанын ғана емес қандай болуы қажет екенін анықтауға болады. Бұл
әдістің негізгі артықшылығы:
бюджет құрастыру арқылы шығындарды бақылаудың мүмкіндігі;
нақты шығындарды нормативті мөлшермен салыстыру мүмкіндігі;
ауытқулардың орнын, жауаптыларды, ауытқу себептерін анықтаудың
мүмкіндігі;
өндіріс процесі барысында оперативті шараны іске асыру мүмкіндігі.
Бұл әдістің кемшілігі ретінде есептеу жөнінде көп еңбек етуді қажет
етеді, шығындар нормасы жөнінде де, олардан ауытқулар бойынша да есеп
жүргізудің қажеттілігін атауға болады.
Жоспарлы өзіндік құн есебін жүргізу барысында есепті кезең соңында
калькуляциялық баптар бойынша жоспар жасайды. Жоспарлы норма ретінде
стандарттар пайдаланылуы мүмкін. Стандарттар идеалды және болжамды болып
бөлінеді. Идеалды стандарттар кәсіпорында тиімді жұмыс жағдайында
шығындардың қандай болуы керектігін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның шығындарды
басқару саясатының негізгі мақсаты. Болжамды стандарттар кәсіпорынның нақты
жұмыс жағдайында (қолданылатын ресурстар сапасы, ауытқу пайызы, т.б.)
анықталады. Мұндай стандарттар кәсіпорынның болашақ шығындарын бағалауға
мүмкіндік бергенімен, оларды кемітуге ынталандырмайды. Жоспарлы өзіндік құн
бойынша есеп жүргізу әдісінің өзіндік ерекшеліктері бар:
- жоспарлы көрсеткіштердің өте терең негізділігін қамтамасыз етеді;
- болжамдардың нақтылығын жоғарылатуды қамтамасыз етеді;
- бақылау тиімділігін өсіреді.
2) өндіріс процесіне қатысына байланысты тапсырыстар және процестер
бойынша өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құнын анықтау әдістері
пайдаланылады.
Процестер бойынша калькуляциялау әдісі дайын өнім бірнеше өндірістік
кезеңдерден өңдеуден өтуі нәтижесінде пайда болатын өндірістерде
пайдаланылады. Бұл әдіске байланысты шығындар есебі әрбір процесс бойынша,
ал олардың іштерінде калькуляциялау баптары бойынша жүргізіледі.
Процестер бойынша калькуляциялаудың екі түрі бар: жартылай өнімді және
жартылай өнімсіз. Жартылай өнімді калькуляциялау әдісі бойынша алдыңғы
өңдеу процесінің өнімі келесі процесс үшін жартылай өнім болып табылады
немесе сыртқа сатылуы мүмкін. Бұл жартылай өнімдерді нақты шығындар,
нормативті және жоспарлы шығындар бойынша есепке алу қажеттігін білдіреді.
Мұндай жартылай өнімдердің құны "Өз өндірісіндегі жартылай өнімдер" деп
аталатын ерекше бапта көрсетіледі.
Жартылай өнімсіз әдіс бойынша әрбір кезеңде тек өңдеу шығындары ғана
есепке алынады. Ал дайын өнімнің өзіндік құны барлық өңдеу кезеңдердегі
материалдар, шикізаттар, өңдеу және жалпы өндірістік шығындардың сомаларын
қосу арқылы анықталады.
Басқару есебінің тапсырыстар бойынша калькуляциялау әдісі аз сериялы,
жеке өндірістерде, тәжірибелік-экспериментальды өндірістерде, жөндеу
жұмыстарында қолданылады. Тапсырыстық тәсіл бойынша бір өнімді немесе
аздаған өнімдерді өндіру жөнінде жеке тапсырысқа қатысты шығындар есебін
жүргізеді және өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл әдіс бойынша
калькуляциялық баптар бойынша шығындар жиынтығы өндіріліп шығарылған
өнімдер санына бөлінеді.
3) шығындарды өнімдердің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құнына толық
қосуға қатысты толық өзіндік құн бойынша және қысқартылған өзіндік құн
бойынша есеп жүргізу әдістері қолданылады. Толық өзіндік құн бойынша есеп
жүргізгенде шығындардың барлығы олардың тұрақты және айнымалы, тура және
жанама деп бөлінуіне қарамастан өнімнің өзіндік құнына қосылады. Өнімдердің
өзіндік құнына тікелей апарылмайтын шығындарды жауапкершілік орталықтарына
қарай бөліп, таңдап алынған база бойынша өнімнің өзіндік құнына апарады.
Бұл әдіс біздің елімізде кеңінен пайдаланылады және Қазақстанда қалыптасқан
қаржылық есеп және салық салу жөніндегі нормативтік актілер талаптарына
сәйкес келеді. Бірақ бұл әдісте өзіндік құн өндіріс көлеміне қатысты деген
маңызды жағдай ескерілмейді. Егер кәсіпорын өндіріс көлемін сол шығындар
мөлшерін сақтай отырып өсіретін болса, өзіндік құн кемиді, ал керісінше
азайтатын болса, өзіндік құн артады.
Маржиналды табыс жалпы өндіріспен қоса жеке өнім түрлерінің жалпы
рентабельділігін сипаттайды. Яғни, маржиналды табыс мөлшері жоғарылаған
сайын рентабельділік деңгейі де жоғары болады. Сонымен қатар, шығындардың
тұрақты және айнымалы болып бөлінуі кәсіпорын қызметін талдауға және
басқаруға, өнімдер ассортименті жөнінде, зиянды салаларды жабу жөнінде
шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Ендігі кезекте қысқартылған шығындар әдісін қолдану арқылы шешім
қабылдауға әсерін қарастырамыз. Айталық, кәсіпорын үш түрлі өнім өндіреді
және сатады. Ол жөнінде деректер келесі кестеде топтастырылған.
Жоғарыда қаралған жағдайларға қатысты басқару есебінің қысқартылған
шығындар әдісін қолданудың тиімділігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Бұл
әдіс төмендегідей шығындарды басқарудың маңызды міндеттерін шешуге
көмектеседі:
- өнім немесе тапсырыс бағасының ең төменгі шегін анықтау;
- әртүрлі өнімдердің пайдалылығын салыстырмалы талдау;
- өнімдерді өндіру мен сатудың тиімді жолын анықтау;
- өнімдерді өзі өндіру мен сырттан сатып алу арасында таңдау жасау;
- өндірістің экономикалық тұрғыда тиімді технологиясын таңдау;
- тепе-теңдік нүктесін анықтау.
Сонымен қатар бұл әдістің бірқатар кемшіліктері де бар:
- өнімнің толық өзіндік құны анықталмайды;
- дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс құны төмендетілген болады;
- тұрақты және айнымалы шығындарды бөлудің қиындығы.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда басқару есебі әдісін таңдап
алу олардың спецификалық ерекшеліктеріне байланысты, яғни, олардағы
өндіріс процестеріне, олардың ұйымдық құрылымына, қалыптасқан
корпоративті мәдениетке және басқаларына тікелей байланысты.
1.2. Өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың жіктелуі

Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық
субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге
қабілетті қаражаттар - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға
берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның
басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор
Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: Шығындар –
тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар
( ақшалар ). Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф.
А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан шығындар
тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін
экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың
біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты шығындар,
шығыстар, жұмсалған қаражат бірдей деп теңдестіріледі және өндіріс
шығындары немесе өндіріске жұмсалған шығын терминдері бір мағынада
қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға
байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр
түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы
ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген
оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.
Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат
керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің
типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу
обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша
классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне
жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім
қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің
бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс.
Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша
классификациялауға болады.

1. Құрамы бойынша:
Нақтылай.
Жоспарлы немесе болжамды.
2. Өндірістің көлеміне байланысты:
Ауыспалы.
Тұрақты,т.б.
3. Орташаландыру дәрежесі бойынша:
Жалпы.
Орташа.
4. Басқару тәсілдері бойынша:
Өндірістік.
Коммерциялық.
Әкімшілік.
5. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:
Тікелей.
Жанама.
6. Пайда түскен кезеңге шығындарды реттеу және жинақтау.
Өнімге.
Кезеңге.
Шығындар ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты
активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе
міндеттемелердің артуы ( кретиторлық қарыз ) енеді. Шығындар мен
шығыстар ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы
стандарттары бойынша Шығыстар - есепті кезеңде активтерді пайдалану
немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың
кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.
Шығындардың мәнін жеткілікті түсіну үшін , оны үш жақты
қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстардыпайдаланумен анықталады.
Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған
ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің
қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын)
салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде
белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе
ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. Шығындарды есепте көрсету соңғы
өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді
шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде өздерін түрліше алып жүреді, ал
жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе
дегрессивті түрде көрінеді. Шығынның мұндай әрекетін көре тұра шетелдік
әдебиеттерде, теориялық еңбектерде шығынның әрекеті (қылығы) деген
термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы
(қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, шығынның әрекеті (қылығы) термині
тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін
болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып
табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің
деңгейлеріне тәуелді шығындардың әрекеті (қылығы) қалай өзгеретінін
көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті
жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:
- Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?
- Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту
керек пе?
- Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай
нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың
комбинациялары?
- Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу
керек пе?
Мұндай құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа
белгілері бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу
(классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де
жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады.

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай
көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп болудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. қоғам бағытынан
шығындарға дайын өнімнің құнына кошкен жанды еңбек және зат түрін алған
еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нөтижесі
болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен
жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып
бөлінеді.
Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша
формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы
ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге
жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б.
Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз
иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды.
Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс пен өндіріс факторлары туралы түсінік
Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік
Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Шешім қабылдаудағы шығындар классификациясы
Кәсіпорын қызметінің нәтижелері
Өндірістік шығындарды талдау жайлы
«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша дәрістер жинағы
Шығындардың экономикалық мәні
Кірістер мен шығыстар
Пәндер