Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік тауарлардың сапасын басқару


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 Өндірістік тауарлардың сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары

1. 1 Өндірістік тауарлардың сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың маңызы

1. 2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері

2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік тауарлардың сапасын басқару

2. 1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өндірістік тауарлардың сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде

2. 2 Кәсіпорын өнімдерінің сапасын талдау

3 Кәсіпорындағы өндірістік тауарлардың сапасын жоғарлатуға арналған шаралар және оның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

3. 1 Өндірісті ұйымдастыруға жаңалықтар енгізу және жетілдіру

3. 2 Өндірістік тауарлардың сапасын жақсарту тәсілдері

3. 3 Өндірістік тауарлардың сапасын басқару жүйесін дамыту

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ - ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сэй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».

Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп кәсіпорындарының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта кәсіпорындар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Кәсіпорынның стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.

Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен кәсіпорын алға шықты.

Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.

Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындары азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе кәсіпорындар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш не кәсіпорын үшін төлем төлей алмау әкеледі.

Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.

Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.

Кәсіпорын, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жалпы қабылдағандай, кәсіпорын басшысы білімді және жан - жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз кәсіпорынында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.

Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалауынша кез - келген кәсіпорын үшін кез - келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:

1. үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгертуге және өнімді жиі жаңарту қабілеттер болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;

2. кәсіпорын жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;

3. кәсіпорынға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өндірістік тауарлардың сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірмен өзгертті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша кәсіпорындық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.

Нарықты орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Кәсіпорынның айналысатын қызметі, шеңбері ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс - әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік - бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.

Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз - ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

− өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет өндірісімен байланысты;

− алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс - әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;

− жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметімен айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық конъюнктурамен, бәсекелестік орта жағдайымен сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық ортаның басқа да фактормен есептесуі керек;

− жаңа жағдайда кәсіпорын иығына мемлекеттік экономикадағы кәсіпорында кездеспеген - кәсіпкерлік қызмет жүктеледі. Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде же дәстүрлі түрде шағын бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.

Экономикалық бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:

1. нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай арттыру қажет;

2. кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдады соған қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады. Сондай - ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;

3. нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін қолдау;

4. менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі және қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортына басқару қызметі.

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.

Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.

Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.

Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өндірістік тауарлардың сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.

Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жармдылық екі көрсеткішке байланысты ─ баға деңгейіне және өндірістік тауарлардың сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

1 Өндірістік тауарлардың сапасы және оны жоғарлатудың маңызы, негізгі жолдары

1. 1 Өндірістік тауарлардың сапасы туралы түсінік, оны жоғарлатудың маңызы

Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.

Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.

Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау - конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.

Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:

  • өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
  • тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
  • өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
  • жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
  • өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту ─ басқарылатын процес.

Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен ерекшеленбеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға жету ─ өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

Бірақ қазіргі уақытқа дейін өндірістік тауарлардың сапасын жоғарлату мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді.

Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған.

Өндірістік тауарлардың сапасын жоғарлату өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де өте маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан өндіру мүмкін.

Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:

  • өндірістік тауарлардың сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
  • өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық тәсілдерін анықтау;
  • зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өндірістік тауарлардың сапасын басқару мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
  • теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өндірістік тауарлардың сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
  • ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.

Өндірістік тауарлардың сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады.

Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде зерттеуші сапаға тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы ретінде қарайды.

Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын деңгейі.

«Өнімнің сапасы» түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өндірістік тауарлардың сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өндірістік тауарлардың сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді.

Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады. Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық, эстетикалық қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып табылады. Яғни, өндірістік тауарлардың сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын оның барлық қасиеттерінің жиынтығы.

Белгілі бір қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру позициясынан онім сапасын жоғарылату мәселесін зерттеу өндірістік тауарлардың сапасы және өндіріс тиімділігінің анализін талап етеді

1. 2 Сапа қасиетінің көрсеткіштері

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:

Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т. б. ылғалдылықтың әсерлері) .

Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.

Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі) .

Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау, тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау) .

Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік тауарлардың сапасын басқару

2. 1 Стандарттау мен сертификаттау ─ өндірістік тауарлардың сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде

Қазақстан 1996 жылы қаңтар айында Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) мүше болып кіру туралы өтініш білдірген болса, сол жылдың өзінде-ақ бақылаушы статусын алған болатын.

Қазақстанның БСҰ өту мерзімі жақындаған сайын экономиканың тиімділігі мен өндірістік тауарлардың сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейту де маңызды рөл атқаратындығы анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды олардың өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігіне байланысты үлкен мәселелер күтіп тұруы мүмкін. Сондықтан, Қазақстандық өнімдердің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда, өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отыр. Бұл министрлік 2008-2006 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс.

Өнімді стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялық дамуының негізі болып табылады. «Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру барысындағы экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері осы кезге дейін қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжірибеде қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің техникалық негізі ─ республикалық эталондық базасын дамыту жолымен жүзеге асырылады.

Тауарлардың, өнімдердің сапасы проблемасын шешуде мемлекет қолындағы тиімді құралдар стандарттау және сертификаттау болып табылады.

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық стандарттары бойынша 9000 сериясы сапа жүйелерін сертификаттау және енгізу процесі елеулі назар аударуға тұрады.

Өнімдердің, тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың әдістерін қолданудың осы стандарттарда бекітілген әлемдік тәжірибесі олардың тиімділігін растады.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 300 мыңға жуық кәсіпорын мен компания өздерінің сапа жүйелерінің осы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін тіркеді. ИСО 9000 сериясына көмекке жүгіну процесі белсенділікпен дамыған сайын, сапа факторының бәсеке күресіндегі маңызы неғұрлым арта түсуде. Сыртқы рынокка шыққан біздің кәсіпорындар, халықаралық танылған сапа жүйесінің болу қажеттілігін қазірдің өзінде сезініп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы логистика
Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нысаны - сыртқы сауда қызметі
Кәсіпорын қызметінде маркетингті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жолдары
МАРКЕТИНГТІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша дәрістер жинағы
Модуль 3. Тауартану
Маркетинг теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz