ӨНДІРІС НӘТИЖЕСІН БӨЛУ ЖАЛАҚЫ
ТЕОРИЯСЫ. ӨНДІРІС НӘТИЖЕСІН БӨЛУ
ЖАЛАҚЫ.
Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда
маңызды орын алады. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді,
оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді.
Нарық жағдайында пайда нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек
деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған)
тауарлар мен қызметтердің саны қанша жөне олардың бағасы қавдай болғанда
барынша мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырадьА Пайда
теориясы классикалық мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің
оқулықтарынан орын алған.
Пайданың алғашқы зерттеушісі меркантилистер болған. Олардың айтуы
бойынша, пайда айналыс сферасында, сыртқы саудада пайда болады - жоғарғы
бағамен сатудың нәтижесінде. Физиократтардың айтуы бойынша, пайда тек ауыл
шаруашылығында жасалады. Мұнда табиғат күштерінің әсерімен тұтыну құндары
өндіріс шығындарынан артып өседі. А. Смит пен Д.Рикардо қосымша құн
материалдық өндіріс салаларында жасалады деп тұжырымдады.
Смит пайданы жұмысшы еңбегінің өнімінен капиталист үшін алыным деп
есептеген.
К.Маркс пайданы барлық авансталған капитал тудырған, қосымша қүнның
өзгерген формасы дейді; ал қосымша қүнның көзі жалдамалы жұмысшылардың
еңбегі деді. Ол қосымша құнның пайдаға және орта пайдаға айналу шарттарын
зерттеген. Маркс осының арқасында пайда өсуінің объективтік жөне
субъективтік шекарасын көрсеткен.
XX ғ. экономикалық ғылымдағы пайда жөнінде мынадай негізгі теорияларды
атауға болады :
- Өндіргіш капитал теориясы пайда, өндірістің қандайы болмасын, соның
міндетті түрдегі факторы болып табылатын, капитал әрекеттерінің нәтижесі;
- Ұстамдылық, теориясы. Бұл теория пайда өз капиталын жеке тұтынуды
кейінге қалдырғаны үшін, өндіріске жұмсаған қаражаттардың тиімділігін
күтудегі қауіпке тәуекелділік жасағаны үшін, капиталистерге сыйлық болып
табылады дейді.
- пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттердің барлық түрлерінен түсетін еңбекке
сәйкес табыс;
- пайда монополияның болуының нәтижесі.
Осы аталған теориялардың. ортақ көрсеткіші-ол пайданың көзін
кәсіпкердің іс-өрекетінің нөтижесі деп тану.
Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады. Олардың негізгілері:
-бөліп тарату - орыңдауға арналған бағдарлама мен стратегияларды
қаржыландыру мақсатпен ақшалай қаражат қорларын қүру, капиталдың оптималдық
құрылымын қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету;
- ынталандыру -өндіріс шығындарын төмендету, инновация мен техникалық
жаңалықтар енгізу.
Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасымен оны өндіру үшін
жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың мынадай түрлері
бар:
- бухгалтерлік пайда - сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни,
жеткізушілерге ресурстар үшін төлемін жасаған соң, жалпы ақша түсімінен
қалған табыстың бөлшегі;
- экономикалық, (таза) пайда - фирманың жалпы табысынан барлық
шығындарды (сыртқы, ішкі, кейінгінің ішінде әдеттегі пайда болады) алып
тастағаннан соң қалғаны;
- баланстық пайда - өнімді өткізуден түскен түсім мен материалдық
шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық
пайданы жалпы пайда деп атайды, өйткені осы пайда кәсіпорын құралдарын
бөліп жөне пайдаланудың көзі болып табылады.
Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша
мол пайда деген түсініктер бар.
Пайданың әр алуан түрін талдай отырып, кәсіпорынның пайдасын өсіруге
жол ашатын, жағдайлар тудыратын көрсеткіштер есептелінеді, рентабельдіктің
коэфициенті, өткізудің табельдігі, меншікті капиталдың табыстылығы, өнім
рентабельдігі, т.б.сипаттамалар. Акционерлік қоғамның іс-әрекетінде мына
көрсеткіштер маңызды роль атқарады:
- бір акцияға келетін пайда (таза пайда мен тартымды акциялар
дивиденттерінің фирмасының, айналыстағы жабайы акциялардың жалпы санына
қатынасы). Бүл көрсеткіш бирманың акциясының нарықтық құнын алдынала
белгілейді;
- акцияның нарықтык, бағасы мен бір акцияға келетін пайданың ара
қатынасы. Бұл акционерлердің фирманың таза пайдасының бірлігіне қанша ақша
бірлігін төлеуге ісетіндігін керсетеді.
- төленіп отырған дивиденттердің үлесі (бір акцияға келетін дивидент
пен бір акцияға келетін таза пайданың санының қатынасы). Бұл дивиденд
төлеуге жұмсалатын таза пайда үлесін сипаттайды.
Экономикалық бағытта пайда сатудан түскен ақша түсімі мен жіберіп алған
мүмкіндіктердің шығындары арасындағы айырма болғанда, фирма жалпы табыс пен
жалпы шығындар арасындағы айырманы барынша көп етуге тырысады. Есте болатын
жағдай мнің ер қосымша бірлігін өндіру жалпы шығындарды өсіреді (МС шекті
шығындар көлеміне) және жалпы ақшалай түсімді (МR шекті ақша түсімінің
көлеміне) арттырады.
Егер фирма өндіріс көлемін өсірсе, жалпы пайда өседі, бірақ ол белгілі
бір шекке жеткенше - шекті ақшалай түсім шекті шығындардан артық болғанша,
өседі. Шекті шығындар шекті ақшалай түсімнен арта бастаса, пайда
төмендейді.
Сондықтан пайданың бірінші шарты: шекті ақшалай түсім шекті шығындарға
тең болуы керек:
МR=МС
Жетілген бәсеке жөне таза монополия жағдайында пайданы барынша мол етіп
жатқан фирмалардың іс-әрекеттерін салыстырып көрейік. Фирмалар қимылдарының
айырмашылықтары сұраныстың функциясының әртүлі сипаттамасы болуымен
байланысты.
Жетілген бөсеке жағдайында фирма үшін сұраныс бағасы берілген шама
болып табылады. Осы бағамен фирма тауар бірлігінің қаншасын болмасын сата
алады (сатамын деп есептейді).
Тауардың қаншасы болмасын-сол бір бағамен сатыла алады. Ақшалай орта
түсімде өзгермейді жөне сол бағаға тең болады. Тіпті тауардың әрбір келесі
бірлігі осының алдыңғы бірліктің бағасымен сатылады. Осы жағдайда баға Р
орта ақшалай түсімге АК тең е шекті ақшалай түсімге МR тең болады.
Дегенмен, егер баға орта өзгермелі шығындардан АVС жоғары болса, бірақ
орта жал шығындардан АС төмен болса, фирма бәрібір өнімдерді шығара береді.
Бұған дәлел: егер ақшалай түсім өзгермелі шығындарды ғана өтесе, сөйтіп
аз да болса тұрақты шығындардың орнын өтеуге қаражат әкелсе, онда фирма
өзінің тұрақты шығындарын айта алмайды. (қысқа мерзімді алғанда) және
өндірісті жүргізуге мәжбүр болады.
Ұзақ мерзімде мұндай жағдай мүмкін емес, кейбір фирмалар саладан кетуге
мәжбүр болады, бұл салада қалған фирмалар үшін сұраныс бағасын
жоғарылатады. Осы процес далада қалған фирмалардың орта шығындарын баға
өтей алғанша орын алады, яғни Р=АС егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса
берсе, онда бағаның өсуі, оның орта шығындардың артып кетуіне әкеледі де,
қалған фирмалар экономикалық пайда алады. Бұл осы салаға жаңа фирмалардың
келуіне көмектеседі. Жаңа фирмалардың салаға ағылуы ұсыныс көбейтіп, бағаны
төмендетеді, осыдан фирмалардың пайдасы төмендей түседі. Баға та шығындарды
жауып өтегенде, яғш Р=АС болған кезде, салаға жаңа фирмалардың барып кіруі
тоқталады. Жетілген бәсеке жағдайында, ұзақ мерзімде, фирмалардың салаға
кіруі мен шығуын бағаның орта шығындар шамасы мен тендесуі белгілейді
(нөлдік таза ономикалық пайда гапотезасы) яғни:
Р-МR=МС=АС
Таза монополия жағдайында баға берілген шама болып табылмайды. Жиынтық
нарықтық сұраныспен кездескенде, өндіруші түсінеді: оның өнім өндірісін
көбейтсе түсуімен бірге, өткізу бағасы да төмендей түседі.
2.2.Кәсіпкерлік пайда немесе қосымша құн.
Кәсіпкерлік пайда- бұл шығындарды жапқаннанкейінгі еркін қалатын
қаражаттың бөлігі.Бұрынғы саяси экономияшылар кәсіпкерлік пайданы табыс пен
кәсіпорын шығындарының айырмасы деп дәлелдеп келген. Бұл анықтама, әрине,
үстірт жасалынған, бірақ одан бастау алуға болады. Шығындар деп бұл жерде
кәсіпкердің өндіріспен байланысты барлық тікелей немесе жанама шығындарын
айтамыз. Бұған кәсіпкердің еңбегі үшін төленетін тиісті ақы, оның иелігіне
жататын жер телімі рентасы және тәуекел үшін берілетін сыйлық кіреді. Мен
бұл шығындардан капиталға алынатын пайызды шығарып тастауды талап етпеймін.
Ал шын мәнінде пайыз не шығынғажатады, не-егер капитал кәсіпкердің
меншігінде болса-еңбекақы немесе рента сияқты есептеледі. Бұл біздің
ұғымымызбен үндес болып отыр. Көптеген теоретиктер пайызды жалақымен және
рентамен қатар қояды.
Айналымның шеңберінде жалпы табыс барлық шығындарды әзер-әзер жабады.
Не пайда алмайтын, не залал таппайтын өндірушілер болады, олардың жалпы
табысы басқарудың ақысы ретінде кетеді. Даму үдерісінде жүргізілетін жаңа
комбинациялар ескіден тиімдірек болуы қажет болғандықтан, жалпы табыс бұл
жерде статистикалық экономика жағдайында алынатын жалпы табыстан артады,
демек шығыннан асады.
Коммерциялық құрамдастырудың мысалы ретінде өндіріс құралдарын, оның
ішінде шикізат күшін алудың жаңа әрі арзан көздерін айтуға болады. Халық
шаруашылығында бұл көздерден бұрын ештеңе болған емес. Жаңа іс барлық
уақытта тәуекелмен байланысты. Егер осы шикізат көзіне бағытталған
кәсіпорын құрмақшы болса әрі ол сәтті боп шықса, онда ол өз өнімдерін ең
шығындармен өндіре бастайды, бірақ бастапқы кезде баға бұрынғыша қала
береді. Мұндай бөліністе ол пайда ала алады. Ол осы ісіне тек өзінің күш-
жігерін және еңбегін жұмсайды, сөйтіп жаңа құрамдастыруды қолда бар
элементтер арқылы атқарып шығарады. Егер оны кәсіпкер деп атай алсақ, онда
ол алған пайда-кәсіпкерлік пайда болып шығады. Осы мысалда кәсіпкерлік
пайда мен кәсіпкерлік қызмет оны қуып жеткен бәсекелестік иірімінде
жоғалады. Осы тұжырымды жаңа көлік жолдарын таңдауда да айтуға болады.
Өзінің мәні бойынша кәсіпкерлік пайда-бұл жаңа құрамдастыруды жүзеге
асырудың нәтижесі. Үдеріс қолда бар өндірістік игіліктерді жаңа қолдануға
алып келеді. Кәсіпкер өзіне қажетті құралдарды алу үшін ақша жинайды; ол
өндіріске кіріспей тұрып, игіліктерден ешқандай қор жасамайды. Кәсіпорынды
ашу уақыты жағынан аса айқындалмаған акт болғандықтан, істің мәні
өзгермейді, оның қалыптасуы біртіндеп жүруі мүмкін, бұл жағдайда кәсіпорын
өзінен-өзі дамиды. Егер кәсіпкердің бар күш-жігері бастапқы жоспарға
жұмсалып кетпесе және егер ол өз кәсіпорнын бұрынғыша басқарып отырса, онда
кәсіпкер өмірге жаңа өзгерістер енгізе алады, бұл біздің терминологиямыз
бойынша жаңа кәсіпорын (жаңа іс) болып саналады, көбінесе бұл мақсатқа
өткен кезеңде кәсіпкерлік пайдасынан алынған қаражат жұмсалады. Үдеріс
аздап басқаша көрінгенмен, мағынасы бұрынғыша қалады.
Кәсіпкер еш уақытта тәуекелмен жұмыс істемейді. Егер кәсіпорын
күйреуге ұшыраса, кредитор ғана зала шегеді. Кәсіпкер істің табысты болуына
өз мүлкімен жауап беретін болса, бұл қарызды қамтамасыз етудің нақты кепілі
болады. Егер кәсіпкер өзін-өзі өткен уақытта алған кәсіпкерлік пайдасынан
қаржыландырса немесе бұрынғы статистикалық кәсіпорынның өндіріс
құралдарын пайдаланса, ол кәсіпкер ретінде емес, тек кредитор немесе
игіліктердің иегері ретінде ғана тәуекелде болады. Ол өзінің беделімен
тәуекел жасағанымен, өз кәсіпорынның сәтсіздігі үшін тікелей экономикалық
тұрғыда бермейді.
Кәсіпкерлік пайда, біздің ұғымымыз бойынша, құрылтайлық пайданың
түпқазығы болады. Оның негізінде жаңа кәсіпорынның өндіріс шығынын жабатын
уақытша артық табысы жатады.
Көріп отырғанымыздай, кәсіпкерлерден шыққан өкілдер жаңа кәсіпорынның
құрылтайшысы бола алады. Бұл жағдайда ол өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге
асыруда өз іс-әрекетін шектейтін кәсіпкер, яғни ол-жаңа құрамдастыруларды
іске асырушы. Егер жаңа кәсіпорын барлық ережелер бойынша құрылса, ал
барлық құрылтайшыларалдын ала болжағыш болса, онда кәсіпкерлік пайда
құрылтайшылардың қолында болар еді. Әрине, іс жүзінде басқаша болуы мүмкін,
бірақ үдерістің экономикалық негізі дәл осындай болады. Әрине, жоғарыда
айтылғандардың барлығы құрылтайшының техникалық жұмыстарды атқаратын әрі
құрылтайшы саналатын өкіліне (агентіне) емес, тек құрылатайшының өзіне
қатысты болады. Ол еңбекақы сипатындағы төлемақы алады.
Кәсіпкерлік пайда туралы ұғымды толықтыра түсу үшін, бұл құбылысқа
басқа капиталистік емес укладта не сәйкес келетінін қарастыруымыз керек.
Қарапайым рыноктық шаруашылық біз үшін ешқандай күрделілікті көрсетпейді,
мұнда да, тұйықталған шаруашылықтың бірліктерінде өндірушінің өндіріс
құралдарына иелік жасау, капиталистік экономикаағыдан өзгеше болады. Ал
басқа жақтары капиталистік экономикадағыдай. Қайталау болмауы үшін біз
тұйықталған шаруашылықты қарастырумен шектелеміз.
Сонымен басшы бұрынғы қолдану салаларынан өндіріс құралдарының кейбір
көлемін шығарып алады да, солардың көмегімен жаңа құрамдастыруды жүзеге
асырады, мысалы, жаңа игілік өндіреді, мүмкін сапасы жағынан жақсы ескі
игілікті шығару жалғастырар немесе басқа әдістерді қолдану арқылы шығарар.
Соңғы жағдайда да басшы қажетті өндіріс құралдарын саладан шығарып ала ма,
жоқ па, және т.с.с. мүлдем бәрібір. Жобамен алғанда жаңа өнімдер бұрынғы
сол өндіріс құралдарының көмегімен өндірілген өнімдерден қымбат тұруы
керек. Жаңа өнімдердің құнын жүктеу үдерісі қалай жүреді? Құрамдастыру
өнім алумен сәтті аяқталғанды, жекеленген факторлардың рөлі қалай
бағаланады, ал оның құны бұған дейін анықталып қойылған сияқты ғой. Жаңа
құрамдастыруды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайтын кезеңі дер кезінде
таңдаған және барлығы жоспарлағандай болады деп ұйғарған жақсы.
Әрекет етуші тұлғаның бірінші істейтіні-бұл жаңа өнімнің құнын бұрын
өндірілген өнімдердің құнымен салыстыру, олардың сол өндіріс құралдарының
көмегімен қалыпты айналымда өндірілуі мүмкін еді. Бұл сияқты салыстырусыз
тиімділікті бағалау және белсенді әрекетке кірісу мүмкін емес екені
түсінікті.
Еңбек пен жердің көрсететін қызметтері өздерінің бұрынғы құндарын
сақтайды делік. Оған екі себеп бар: біріншіден, бұрынғы құн үйреншікті
болады, олар ұзақ тәжірбиенің негізінде қалыптасқан, шаруашылық
субъектілердің ұғымында орын тепкен. Оларды уақыттың өтуіне байланысты және
жаңа тәжірбиенің қысымымен өзгертеді.
Одан басқа, еңбек пен жердің қызметтері жаңа құрамдастыруды жүзеге
асыруға байланысты өзгермейді, бұл да құндардың өзгермеуіне мүмкіндік
туғызады. Керісінше, жаңа өнімдердің құндары, капиталистік экономикада
олардың бағасы сияқты, қалыптасқан құндар жүйесінен тыс болады; ескі
құндардан жаңасына ауысу біртіндеп емес, секірмелі жүреді.
Бұл жерде әр өндірістік игілік қазіргі уақытта қолданылу саласында
сатылуы мүмкін тиісті құнмен бағаланды деген көзқарас әділетті сияқты. Дәл
осы құн-біздің жағдайда өндіріс құралдарының бұрынғы құны-нақты өндіріс
құралдарының бұрынғы құны-нақты өндіріс құалдарына байланысты болады. Егер
берілген өндіріс құралдары бар қолданылу саласынан шығып қалса, жоғалған
сондай өндіріс құралдары басқа саладан шығып қалса, жоғалған сондай өндіріс
құралдары басқа саладан алынып, қалпына келтірілер еді. Игіліктің бір де
бір бірлігі, әзірге оларбір уақытта бар болғандықтан, басқа, соған ұқсас
игіліктен қымбат бағалануы мүмкін емес. Жаңа құрамдастыруға қатысатын жер
мен еңбектің көрсететін қызметтері бір уақытта бұрынғы қолданылатындардан
ешқандай өзгеше болмайды- егер бұлай болмаса, онда олар құны бойынша
ерекшеленеді, бірақ бұл жағдай ешқандай түсіндірусіз-ақ түсінікті әр істің
мән-мағынасына қатысы жоқ-сондықтан осы құннан басқа құнға ие болуы мүмкін
емес. Тіпті айрықша жағдайда халық шарушылығының барлық өндіргіш күштері
жаңа құрамдастыруларда бос болмайды, бұл кезде олар бұрынғы құндары бойынша
бағалануы қажет еді, олар кәсіпорын сәтсіздікке ұшыраған жағдайда сатылуы
мүмкін немесе, егер толық жойылған болса, онда бізге жоғалтқанымыздың
шамасын бере еді.
Бұл жерде әр өндірістік игіліктер өздерінің құнына сай бағаланады деген
көзқарас әділетті болады. Істің мәнінің өзі осы құнның біздің мысалда
өндіріс құралдарының бұрынғы құны-нақты өндіріс құралдарына тәуелділігінде.
Жаңа құрамдастыруды сәтті жүзеге асыру артық құнды тек капиталистік
экономикада ғана емес, тұйықталған экономикада да береді, бұл артық құн жай
қажеттіліктерді бұрынғы деңгейден жақсырақ қанағаттандырғанды ғана
білдірмейді, сонымен бірге, өндіріс құралдарын төлеуге жұмсалмайтын таза
табысты ұлғайтады. Басқаша айтқанда, қосымша құн дамып келе жатқан
экономикада жекеше шаруашылықтың ғана емес, сол сияқты халық шаруашылықтың
құбылыс ретінде көрінеді. Бұл халық шаруашылықтың артық өнім, негізінде
капиталистік әсіпкерлік пайда іспетті.
Тұйықталған экономиканы қарастыру бізге кәсіпкерлік пайданың мәнін
тереңдетіп қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл құбылыс халық шаруашылығн
құрамдастырудың нақты нысанына тәуелді емес екенін біз түсіндірдік. Барлық
осы нысандар үшін кәсіпкерлік пайда-бұл шаруашылық басшысының қызметіне
байланысты құнды құбылыс.
Тұйықталған экономикада кәсіпкерлік пайда мәңгі болмайды; бұл жерде
пайданың жоғалуына әкелетін өзгерістер болып тұрады. Мысалы: жаңа
құрамдастыру жүзеге асырылды делік, оның нәтижесі көрініп тұр, жетістік
айқын.
Демек, жаңа өндірістік үдеріс қайта-қайта қайталанады. Бұл үшін
кәсіпкерлік іс-әрекет аса қажет емес. Егер оны өндірістің үшінші факторы
деп есептесек, онда үйреншікті болған жаңа құрамдастыруды жай қайталау
кезінде өндірісті жүргізуге қажеті факторлардың бірі артық болып шығады
екен. әрине бұл кезде, осы фактордың өнімнің құныда үлесі болмайды,
тиісінше еңбек пен жер қызметтерінің осы сияқты үлесі артады. Енді осы
фаторлардың маңыздылығы жоғарылайды: өнімнің барлық құнын осылар жасайды;
құн толығымен бірінші кезекте жаңа өндірісте қатысудағы еңбек пен жер
қызметтеріне, ал содан соң осы факторлардың қалған қызметтеріне жүктеледі.
Демек, бастапқы кезде жаңа құрамдастыруда пайдаланылған еңбек пен жер
қызметтерінің құндары өседі, ал содан соң бұл үдеріс осы факторлардың
барлық қалған қызметтерінің құндарын қамтиды.
Белгілі бір дәрежеде кәсіпкерлік пайданы жою үдерісі тұйықталған
экономикада дәл капиталистік экономикадағыдай өтеді. Бірақ капиталистік
шаруашылыққа тән бағаның жаңа өнімдерге төмендеуі, басқа шаруашылық
субъектілерінің бәсекелестіктерінің арқасында, бұл жерде болмауы керек.
Әрине, тұйықталған экономикада да жаңа өнімдер айналымға түсуі керек, ал
олардың құндары басқа өнімдердің құндарымен бір сәйкестікке келтіріледі.
Біз әр түрлі екі кезеңді ойша бөліп көрсетуімізге болады: жаңалықты жүзеге
асыру және оларды айналымға ендіру. Бірақ, практикада осы екі үдерістің бір
сәтте жүруі немесе жүрмеуінің үлкен маңызы бар. Тұйықталған экономикада
кәсіпкерлік іс-әрекеттен шарттасылған артық құнды табуы, біздің
мәселелерімізді шешуге толығынан жеткілікті. Капиталистік шарушылықта
құндардың біршамасы тек рыноктық үдерістердің тетіктерінің көмегімен
кәсіпкерлерге жол табады, және осы тетік арқылы қайтадан жойылуы мүмкін
немесе осы кәсіпкерден қайта алынады. Сондықтан мәні бойынша құнның жай
ғана мәселесі кәсіпкерлік пайдаға кәсіпкер қалай қол жеткізді деген
сұрақпен толықтырылады.
Сонымен, кәсіпкерлік пайданың бастапқы бөлігі рентаға айналады. Бұл
жағдайда тиісті көрсеткіштің экономикалық табиғаты өзгереді. Қант құрағы
алқабының иегері мақта өсіруге ауысты делік. Бұл-жаңа құрамдастыру.
Сондықтан алқаптың иегері кәсіпкер бола алады әрі кәсіпкерлік пайда ала
бастайды. Бастапқы кезде оның шығынының құрамына қант құрағының өндіруінде
болған сол жер рентасының шамасы кіреді. Одан ары бәсекелестік ерте ме, кеш
пе табысты азайтады делік, шын мәнінде де солай болып шығады. Егер осыдан
кейде артылып қалатын болса, онда бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады
және экономикалық тұрғыдан ол нені білдіреді? Біз экономикалық тетіктердің
жұмыс істеуіне мүмкін болатын кедергілерді ескертеміз. Мұндай артылып
қалудың пайда болуын не мақта өсіруге бұл жер шешімі ыңғайлы болады, не осы
жаңа істің нәтижесінде жер рентасының барлық жерде өсіп кетуімен
түсіндіруге болады. Әдетте, осы екі факторлар бір мезгілде әрекет етеді.
Осының өзі тұрақты қосымша табысты толығымен жер рентасына жатқызуымызға
мүмкіндік жасайды. Оның үстіне, егер плантация иесі мақтаны өсіруді
жалғастырса, оның кәсіпкерлік қызметі жоққа тән болса, онда осы сәттен
бастап барлық табысты бастапқы өндіріс құралдарына жүктеу керек болады.
Дамусыз кәсіпкерлік пайда жоқ, ал соңғысынсыз даму болмайды.
Капиталистік экономикада кәсіпкерлік пайдасыз меншік те, мүлік те
құрылмайды. Бұл үдеріс кәсіпкерлік пайдасыз бүгінде біз көріп жүргендей
маңызды әлецметтік құбылыс болатын еді.
Кәсіпкерлік пайданың мөлшері айналымның шеңберінде алынатын табыстың
шамасы сияқты нық әрі бір мәнді болып анықталмайды. Бұл мөлшенр туралы ол
ұсынылған кәсіпкерлік қызметінің көлемін туындату үшін толық жеткілікті
деп айтуға болмайды. Мұндай ұсыныстың шамасын теориялық тұрғыдан анықтау
мүмкін емес. Барлық кәсіпкерлердің жиынтығы үшін де, жекелеген кәсіпкер
үшін де осы сәтке нақты сатылған кәсіпкерлік пайданың мөлшері,
кәсіпкерлердің нақты пайдаланылған қызметтерін әрекетке тарту үшін
жеткілікті болатын сомадан көп артық болуы мүмкін. Әрине, кәсіпкерлік
пайданың жалпы сомасы әжептәуір көбейеді. Жекелеген кәсіпкердің табысын
асыра бағалаудың өз қызметі бар, яғни осыған ұқсас табыстарға жету
мүмкіндігі әлеуметтік бәсекелестерді күштірек ынталандырады. Оның үстіне
табысқа жетуге еш мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлер де үлкен сыйақы алуға
үміттенеді.
Әлеуметтік үдерісті білмеген заманда кәсіпкерлік қызмет экономикадағы
тұрақты өзгерістердің де, қоғамның жоғары таңдаулылардан тұратын
элементтердің тұрақты өзгерістерінің де қорғаушы күші болады. Осындай
қорғаушы күш болып бүгінде де қалып отыр. Табысты жұмыс істеп жатқан
кәсіпкерлермен бірге бұған ешқандай күш жұмсамаған олардың жақындары да
әлеуметтік басқышпен көтеріледі.
Мансап-капиталистік әлемде ең маңызды уәждердің бірі. Бірақ бұл
әлеуметтік өрлеу бәсекелестіктің нәтижесінде ескі кәсіпорындарды
ығыстырумен бірге жүргізіледі және сонымен байланыстылардың күйреуімен
жалғасады, яғни бір мезгілде төмендеу, сыныптық топтан шығып қалу, тоқырау
үдерістері қатар жүреді. Сондай аянышты хал іс-әрекеті нашарлаған
кәсіпкерді және оның мұрагерлерін де күтіп тұр. Мәселенің негізі кез келген
жекеше кәсіпкерлік пайданың сарқылуында да емес, бәсекелестікке негізделген
экономикалық жүйенің тетігі қосымша құнның ұзақ болуына жол бермейді, оны
мол уәждің, ынталылықтың, пайдаға ұмтылыстың көмегімен жойып жібереді.
Басты мәселе басқада: қайсыбір кәсіпкердің әдетте жетістігі өнеркәсіп
кәсіпорындарын иемденудің материалдық нысанын алады. Мұрагерлер, әдетте
иелігінде қалған кәсіпорындарды айналым шеңберінде жұмыс істейтін
шаруашылыққа бағыттайды. Нәтижесінде оны жаңа кәсіпорындар тез арада
ығыстырып, шығарып тастайды.
2.3.Пайданың қызметтері мен түрлері
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық
мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда
пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының
таза пайдасын қамтиды.
Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz