Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар балама шығындар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру мен өндірістегі шығындар есебі

1. 1 Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері

1. 2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні

2 Өнімнің өзіндік құнын талдау

2. 1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы

2. 2 Өнімнің өзіндік құнын талдау

2. 3 Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі

3 Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары

3. 1 Еңбек өнімділігін арттыру

3. 2 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

3

Кіріспе

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн - өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т. б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т. б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар - бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.

Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.

Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар

Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.

Жалпы шығындар (ТС) - бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.

ТС = ҒС + VС

Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т. б.

Айнымалы шығындар (VС) - бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.

Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.

АТС(АС) =ТС/Q

Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС) .

а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q

б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q

Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.

МС= ТС/ Q

Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.

МС= VС/ Q

1 Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру мен өндірістегі шығындар есебі

1. 1 Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.

Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.

Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.

Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.

Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:

  • ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
  • табиғи шикізаттарды қолдану;
  • өндірісті дайындау және үйрену;
  • өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар) ;
  • рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т. б;
  • өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие-

налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;

  • қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
  • өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т. б.
  • кадрларды дайындау және қайта дайындау;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.

Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.

Шығын - тауарға және жұмысқа төленетін ақша.

«Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар» - бұл Г. М. Лисович пен И. Ю. Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор Ч. Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: «Шығындар - тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар (ақшалар) ». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А. Д. Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты «шығындар», «шығыстар», «жұмсалған қаражат» бірдей деп теңдестіріледі және «өндіріс шығындары» немесе «өндіріске жұмсалған шығын» терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы ғана емес. Шығын факторы - шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.

Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек. Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз - шешімдердің типтес топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу обьектілерін таңдау. Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс. Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады.

  1. Құрамы бойынша:

Нақтылай.

Жоспарлы немесе болжамды.

  1. Өндірістің көлеміне байланысты:

Ауыспалы.

Тұрақты, т. б.

  1. Орташаландыру дәрежесі бойынша:

Жалпы.

Орташа.

  1. Басқару тәсілдері бойынша:

Өндірістік.

Коммерциялық.

Әкімшілік.

  1. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:

Тікелей.

Жанама.

6. Пайда түскен кезеңге шығындарды реттеу және жинақтау.

Өнімге.

Кезеңге.

«Шығындар» ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе міндеттемелердің артуы ( кретиторлық қарыз ) енеді. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы стандарттары бойынша «Шығыстар» - есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.

«Шығындардың» мәнін жеткілікті түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар анықталады.

Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. «Шығындарды» есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде «өздерін түрліше алып жүреді», ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын - пропорционалды, прогрессивті немесе дегрессивті түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде «шығынның әрекеті (қылығы) » деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, «шығынның әрекеті (қылығы) » термині тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті (қылығы) » қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:

  • Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?
  • Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту керек пе?
  • Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың комбинациялары?
  • Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу керек пе?

Мұндай құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу (классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін арттырады.

Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді. Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар. (1-кесте)

1-кесте

Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі (классификациясы)

Жіктеу белгілері
Шығын түрлері
№: 1
Жіктеу белгілері: Мазмұны (айналымы) бойынша
Шығын түрлері: Негізгі және үстеме
№: 2
Жіктеу белгілері: Өнімнің өзіндік құнына енгізу (қосылу) әдісі бойынша
Шығын түрлері: Тікелей және жанама
№: 3
Жіктеу белгілері: Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысы бойынша
Шығын түрлері: Айнымалы және тұрақты

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып көрсетіледі.

Шығындар жіктемесі басқару мәселелерін шешуші құрал ретінде шешімді қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процеске қатысады. Дұрыс шешім қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білу қажет.

Шығындарды жіктеудің мақсаты - жалпы массадан тек релевантты шығындарды бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты), ал релевантты шығындар деп - тек шешімді қабылдау барысында ғана өзгеретін болашақ шығындарды есептеуді айтады. Сондықтан, жіктеу әдістері немесе бағыттары басшының алдында тұрған нақты мәселелерге тәуелді болып келеді.

  • Бірінші бағыт - жай өндірістік есеп, оның негізгі міндеті: өнімді сатудан күтілетін табыс (қызметтерден, тасымалдаудан, сатудан) және өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын анықтау үшін жұмсалған шығындар (тікелей және жанама) туралы есептік мәліметтерді алу;
  • Екінші бағыт - өзіндік құн туралы есеп берулер мен нақты шығындар туралы алынған ақпараттарды жүйелеп, өндірістік шығындар деңгейімен айналысатын (цехтардың, өндірістердің, шектеулі серіктестіктердің) басшыларды керекті ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • Үшінші бағыт - шығу орындары бойынша шығындарды бақылау мен реттеу мақсатында шығындар және жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру.

2-кесте

Мақсаттарға сай жасалынған шығындардың жіктемесі (мүмкін болатын варианттар)

Міндеттері
Шығындардың жіктелуі
Міндеттері: өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлардың құнын және алынған табыстарды бағалау
Шығындардың жіктелуі: Кіретін және шығатын; тікелей және жанама; өзіндік құнға кіретін (өндірістік) және есептік кезең шығындары; бір элементтік және кешенді; ағымдағы және бір жолғы.
Міндеттері: Шешім қабылдау және жоспарлау
Шығындардың жіктелуі: Тұрақты (шартты тұрақты) және айнымалы; бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын; қайтарымы жоқ шығындар; ескерілмеген ситуациялық шығындар; шекті және өсімді; жоспарлы және жоспарланбаған
Міндеттері: Бақылау және реттеу
Шығындардың жіктелуі: Реттелетін және реттелмейтін

Қарастырылып отырған жіктемемен сәйкес есепті жүргізу - отандық өндірістік шығындар есебіндегі жаңа құбылыс. Нарықтық қатынастарды жоспарлауда, нормалауда және жалпы өндірісті басқару жүйесінде басқарушы есебінің (оның ішінде өндірістік есепте) ролі күшейіп отыр.

Баптар бойынша шығындарды топтау «Негізгі өндіріс» шотында аяқталған көрініс бойынша бейнеленеді, бірақ осы мәліметтер бойынша шаруашылық серіктестіктердегі әрбір өнім (қызмет пен жұмыс) түрлерінің өтеуі жөнінде, оларда қабылданған шешімнің тиімділігі және қабылданатын шешімнің табыс пен шығыс деңгейіне әсері туралы қорытынды жасауға болмайды. Көп жағдайда осы мәселелерді шешу -қолданылған шығындарды топтастырумен анықталады. Басқару мақсаттарын қанағаттандыратын шығындардың жіктемесі, өндірістік шығындар туралы ақпараттарды талдау және өңдеу әдістері - өндірістік қызметте есепті ұйымдастырудың басты қағидасы болып табылады.

Өндірістік шығындар есебінің жалпы сызбасында өндірістік шығындар туралы ақпараттардың қозғалысы көрсетілген.

Материалдар шоты.
Негізгі өндіріс шоты.
Сатылған өнімнің өзіндік құнының шоттары.
Материалдар шоты.: Қалдық.
Негізгі өндіріс шоты.: өндірістегі тұтыну.
Сатылған өнімнің өзіндік құнының шоттары.: Қалдық. Баптар (статьялар) бойынша өндіріс шығындары.
Шығарылған өнімді өзіндік құны бойынша бағалау.
Нақты өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар) .
Нормативтік (жоспарлы) өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар) . Нақты өзіндік құнның нормативтен ауытқуы.
Материалдар шоты.: Қалдық
Еңбекақыны төлеу бойынша есеп айыру шоты.
Көмекші өндіріс шоты.
Еңбекақыны төлеу бойынша есеп айыру шоты.: Қалдық.
Көмекші өндіріс шоты.: Есептелген жалақы.

Қалдық.

Баптар бойынша өндірістік шығындар.

Өзіндік құны бойынша негізгі өндіріс жұмыстары (көрсетілетін қызметтер) .

Зейнетақы қоры.

Сақтандыру бойынша есеп айырысу шоттары.

Үстеме шығын шоттары
Касса, Есеп айырысу шоттары және т. б. ақшалай қаражат шоттары.
Зейнетақы қоры.Сақтандыру бойынша есеп айырысу шоттары.: Қалдықтар:
Зейнетақы қоры.Сақтандыру бойынша есеп айырысу шоттары.: Еңбекақыдан жасалған аударылымдар (төлемдер) .
Үстеме шығын шоттары: Негізгі құралдарға есептелген амортизация.
Касса, Есеп айырысу шоттары және т. б. ақшалай қаражат шоттары.: Баптар (статьялар) бойынша ағымдағы (кезең) шығындары.
Шығындарды бөлу (тарату) .
Өндіріске жұмсалған ақшалай қаражаттар.

Шығындарды жіктеудің белгілері туралы қызу пікірталастың арқасында шығындарды анықтаумен қатар, онық болашақтағы тенденциялары да анықталды. Осыдан келіп, есеп тәжірибесінде Шаруашылық Серіктестіктерінің шығындарын тиімді басқаруға жаңа тәсірдерді тағайындау мен пайдалану мәселелері отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланып жатыр. «Шығындар есебінің жалпы қабылданған мәнін анықтау - белгілі бір уақыт кезеңінде шығындар есебінің сандық өлшемін (натуралды және құндық көрсеткіштер) арқылы жабдықтау, өндіру, олардың еңбегінің өнімін сату, дайын өнімдердің өзіндік құндарын қалыптастыру, тіркеу, топтастыру және жіктеп (кескінінде) талдау бойынша Шаруашылық Серіктестігіндегі өтіп жатқан процестерді көрсетуге бағытталған саналы іс - әрекеттердің жиынтығы ». Мұндай көрініс ШС басқаруға қажет толық ақпаратты алуды және қаржылық нәтижелерді шығару арқылы қызметін бағалауды қамтамасыз етеді.

Бірақ дамыған өндірістік есеп теориясы мен басқару және бастапқы даму жағдайында мұндай тәсілдің пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің пікіріміз бойынша, техникалық жағынан бәрі өндіріс шығындарының есептік мәнін анықтау өндірістік қызметтің басқарушы есебін ұйымдастыруға немесе өндіріс шығындарын есе трансформациялау әдістерінің түрлі бағыттарын қамтуы керек. Сайып келгенде, шығындар есебінің мазмұнын анықтау, ұйымдастыру моделдерінің нақты алғышартын жасайды. Басқару процесіне кері ақпараттық ағын ретінде есеп тек шындықты (нақтылықты) ғана көрсетіп қоймай, болашақта экономиканы моделдеу үшін ақпаратты дайындайды, демек мұндай есептеу жүйесі өзіндік құнды басқарудың жоғарыда аталған негізгі мәселелеріне сәйкес келеді.

1. 2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т. б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирма шығынының құрылымы және пайда
Өндірістік шығындар туралы концепциялар
Шығындар және өнімділік
Кәсіпорын шығындары және оларды басқарудың тиімділігін арттыру
Өндіріс шығындары және оларды басқару
Шығындар және оның құрылымы мен өндіріс дамуындағы маңыздылығы
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Өндіріс шығындарының теориясы
Өндіріс шығындары туралы
Шығындардың экономикалық элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz