Өлім жазасының түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 6
1.1 Өлім жазасының түрлері 6
1.2 Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы 11

2 ӨЛІМ ЖАЗАСЫ: ИЯ НЕМЕСЕ ЖОҚ 17
2.1 Өлiм жазасын орындау тәртiбi 17
2.2 Қазақстанда өлім жазасын жою: қазіргі жағдайы және болашағы
18
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер 25
26


Кіріспе

Өзектілігі:
Құқықтық демократиялық қоғам орнату жолына түскен Қазақстан
Республикасында қазіргі таңда өлім жазасы керек пе жоқ па деген мәселені
көпшілік түрліше қабылдады. Осы енді өзекті мәселеге тоқталсақ...
Өлім жазасы – ең ауыр да әрі адам ақылының көрінісі мен имандылығын
көрсетеді. Өлім жазасы – ежелден бар болып тіпті қылмыстық құқық пайда
болмай тұрған кезден-ақ қолданылған.
Адамзат баласы өмірге бір-ақ рет келетіндіктен, алдымен өзгенің
өміріне қасиетті деп қарап, қол сұқпау принципін басты нысан етіп көрсету.
Өлім жазасы сол қасиетті адам өмірін жойғандықтан берілетін бүгінгі
таңда өлім жазасына бас тартқан елдер саны-108.
Бұл өлім жазасы сақталған елдер санынан әлдеқайда көп. 1998 жылдың
желтоқсанында өлім жазасы қолданудың аясын кеңейтпек болып отырған
мемлекеттер (мысалы: Қырғызстан және Түркіменстан өлім жазасына мораторий
жариялады). 1999 жылы ақпан айында өлім жазасы Ресейде тоқтатылды. Көп
ұзамай Латвия; Грузия және Армения бұл жазаны қолданудан бас тартты. Ал
2000 жылдың қарсаңында мұндай шешімді Украина да қабылдады.
Өлім жазасына тез арада мораторий жариялауға дайын болу 1994 жылдан
бері Еуропалық кеңеске қосылудың бірден-бір шарты болып табылады. Бұл кезде
Еуропалық кеңестің Парламенттік Ассамблеясы өзінің тиісті резолюциясын
қабылдап, онда жазаның бұл түріне үзілді-кесілді қарсы позициясын білдірді.
Бүгінде Еуропалық кеңеске мүше 43 мемлекеттің 800 млн. азаматы өлім
жазасы қолданылмайтын аймақта тұратынын мақтаныш тұтады.
Өлім жазасы қолданылатын кездер қазіргі уақытта Еуропалық кеңеске
қабылданбайды. Қазақстанда өлім жазасы алып тастау қарсаңында тұр. Жалпы,
Республикада қылмыскерлерді жазаның ең жоғарғы түріне тарту уақыт өткен
сайын азайып келеді.
Айталық, сот тәжірибесінің көрсеткіштері келесідей; 1999 жылы тергеу
изоляторында өлім жазасы кесілген 96-қылмыскер болған болса. 2000 жылы-71,
2001 жылы-65, 2002 жылы-51, 2003 жылы-38 адам.
Зерттелу деңгейі: Бұл зерттеу ең ауыр жаза - өлім жазасы тарихына
үңіле отырып, оның қазақ әдет-ғұрып жүйесіндегі алатын орнын қарастырады.
Өлім жазасы мәңгілік тақырып ретінде қалып отыр. Әр ғасыр өлім
жазалына өзінше қарап, әлемдегі әрбір мемлекет бұған ерекше маңыз беріп,
өздерінше тәжірибеде әр түрлі жазалар тағайындайды. Өлім жазасы-ең ауыр да
әрі адам ақылының көрінісі мен имандылығын көрсетеді. Өлім жазасы-ежелден
бар болып, тіпті қылмыстық құқық пайда болмай тұрған кезден-ақ қолданылған.

Қылмыстың субектісі тек адам ғана болған.
Алайда адамның өліміне себепкер болған жануарларға да айып тағылған.
Қазақ халқының құқық жүйесі жануарлар иесі малы нық не ит-құсының
келтірген зияны үшін жауап берген.
Ерте дәуірлерде қанға-қан, жанға-жан, құлаққа-құлақ, тұяққа-
тұяқ принципі қолданылып, кейінірек жауапкершіліктің мүліктік түрлері де
кең қолданылған.
Адамзат баласы өмірге бір-ақ келетіндіктен, алдымен өзгенің өміріне
қасиетті деп қарап, қол сұқпау принципін басты нысан етіп көрсету. Өлім
жазасы сол қасиетті адам өмірін жойғандықтан берілетін жаза. Мүмкін болса,
өлім жазасын азайту, оған тиым салу екі жаққа да қатысты.
Зерттеуде өлім жазасын қолдану не қолданбау себептері мен жасалған
ауыр қылмыстық іс-әрекеттердің түрлері, оларды болдырмау жолдары терең
айтылады.
Мақсаты, алдына қоятын міндеттері:
Қазақ халқы өз тәуелсіздігіне ие болып, егеменде мемлекет болғалы бері
құқықтық-демократиялық сипаттарды молайту жолында құқықтық реформаларды
үсті-үстіне жүргізіп келеді. Бірақ ең ауыр қылмыс ретінде берілетінде өлім
жазасы арнайы зерттеліп, тұрақты бір пікір әлі күнге жасалынған жоқ. Өлім
жазасына кімдер кесілуі тиіс және олардың іс-әрекеті мен ауыр жазаға
жататын қылмыстарының түрлері нақтыланбаған.
Өлім жазасы болғандықтан, оның адам тағдырына тікелей қатысты болу
күрделілігіне орай, алға қойған мақсатқа, жету үшін төмендегі міндеттерді
алға қойып отырмыз:
-өлім жазасын қолдану тарихына үңіле отырып, оның шығуы мен даму
себептерін ашып көрсету;
-адам өлтіру ауыр қылмыс екеніне қарамай, оның экономикалық-
әлеуметтік астарларын екшеу;
-өлім жазасын қолдану әдістері мен қайнар көздерін айқындау;
-өлім жазасын қолданудағы халықаралық тенденцияларды талдау.
Тәуелсіз Қазақстандағы өлім жазасына қарсы не жақтаушылар пікірін
талдай отырып, консесустық пікір-ұсыныстар айту.
Ғылыми жаңалықтар:
Қазақстандағы өлім жазасын түпкілікті алып шолу немесе толығымен
қалдыру, негізіне толық тұжырымдама жасады.
Теориялық және практикалық маңызы:
Зерттеу жұмысы қоғамтану, әсіресе құқықтану ғылымдары қолданылатын
тарихи-салыстыру, талдау, анализ бен синтез, таптың сипаты, т. б. әдістер
пайдаланылды.
Бұрындары өлім жазасы жеке-дара жан-жақты сараланып, зерттелмеген, тек
өлім жазасы қылмыс ретінде қаралып, оған берілетін жазалар мен құн төлеу
мәселелері айтылған болатын.
Өлім жазасы-ауыр жаза болғанымен адамзат баласы тарихында ежелден бар
жаза.
Өлім жазасының басты түйіндері мынадай тұжырымдардан анықтауға болады:

- кісі өлтіру мен оған қолданатын өлім жазасының әртүрлілігі мен даму
процесіндегі өзгерістерге ұшырау себептері әр кезеңдегі саяси,
экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайларға байланысты болады:
- өлім жазасының әр алуан күрделілігіне қарамай оның мәні толық ашылып,
қоғамдық өмірдегі орны көрсетілді.
- өлім жазасын қолданудың халықаралық тенденциясын сөз ете отырып,
көкейге-қонымды мәселелер талданды.
- өлім жазасын қолданудағы қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің сипаттары
мен ерекшеліктері сарапталды.
- өлім жазасын қолдану не қолданбаудың мәні мен мазмұндары талданылды
және ұсыныстар берілді.
Халықаралық құқықтағы өзіндік мәртебесі айқындалып, оның бүкіл адамзат
құқығына етене екені дәлелденді.
Деректік базасы:
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері, заң
әдебиеттер мен ғылыми-теориялық монографиялар, шет ел әдебиеттер,
ақпараттық баспасөз басылымдары.

1 ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Өлім жазасының түрлері

Өлім жазасы – заңға белгілі жазалардың ішіндегі ең қатал шарасы.
Сонымен мұндай істер жөніндегі соттың қатесі үкім орындалып болғаннан кейін
түзетілуі мүмкін емес. Сондықтан, адамның дұрыс сотталғандығының өте ұқыпты
тексеру процедурасы көзделген және өлім жазасын басқа жазамен сот
тәртібімен үкімді өзгерту жолымен, әлі де кешірім жасау арқылы ауыстыру
мүмкіндіктері көзделген. Өлім жазасына сотталған, шығарылған үкімге шағым,
арыз беруге құқығы бар. Тіпті арыз түспеген жағдайда да соттаудың
дұрыстығын бақылау ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Бас
Прокуратура тексереді. Олар өлім жазасының дұрыс қолданылғаны туралы
өздерінің қорытындысын береді немесе үкімге қарсылық білдіреді. Үкім заңды
күшіне енгеннен кейін сотталған Қазақстан Республикасның Президентіне
кешірім жасау туралы өтініш жібереді.Егер ол кешірім сұраудан бас тартса,
ол жөнінде тиісті акт жасалып, үкімнің көшірмесін, ұйғарымды және басқа
керекті құжаттарды қосып, сотталғанның кешірім сұрау мәселесін қарау үшін
Президент Апаратына жіберіледі.
Заң көмегін алуға және адвокатпен оңаша кездесуге құқылы. Кешірім
жасау туралы барлық арыздар қанағаттандырылмай, үкім күшінде қалдырылғаны
туралы хабарлама түскенен соң жаза бір жыл өткеннен кейін ғана орындалады.
Өлім жазасына сотталған адам күшейтілген күзет пен және бір кісілік
камерада ұсталуы тиіс. Соталғандар сейілденуге камера сайын бөлек-бөлек,
басқа сотталғандардан аулақ оңаша шығарылады. Камера күн сайын тексеріледі.
Әлсін, әлсін ұқыпты тінтіледі. Сотталғандарды камерадан шығарудың
туысқандары мен діни қызметкерлерімен кездестірудің арнайы ережесі болады.
Ол сенімді күзет пен және қызмет істеп жүргендермен кездесуші адамдар мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өлім жазасына сотталғанға керекті тұрсымтық жағдай жасалады, тиісті
төсек-орын беріледі, 3 рет тамақтандырылады. Керек жағдайда медициналық
көмек көрсетіледі. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін өлім жазасына
сотталғандарға арнайы үлгідегі киім кигізіледі. Өлім жазасына соталғандар
еңбекке тартылмайды. Өлім жазасы жария етілмей ату жолымен орындалады.
Бірнеше адамға өлім жазасы орындалатын болса, онда әрбіреуіне жеке-жеке
және басқалардың қатысуынсыз орындалады. Өлім жазасын орындау кезінде
прокурор өлім жазасы атқарылатын мекеменің өкілі және дәрігер болады.
Сотталғанның өлімін дәрігер куәландырады, ол жөнінде хаттама жасалып,
көрсетілген адамдар қол қояды.
Жазаны атқарған органның әкімшілігі үкім шығарған сотқа,
сотталғандардың жақын туысының біреуіне өлім жазасының орындалғаны туралы
хабарлауға міндеті. Өліктің жерленген жері туралы туыстарына жерленген
мерзімнен 2 жыл өткен соң хабарланады.
Өлім жазасы ең бір көкейкесті қылмыстық-құкықтық мәселелердің бірі
болып табылады. Жазаның бұл түріне қатысты пікірталас заңгерлердің арасында
ғана емес, жалпы көпшілік арасында да қызу жүруде. XX ғасырдың 70—80-ші
жылдарында-ақ дүниежүзілік қауымдастықта өлім жазасын қолдануды қысқартуға
және оны кейіндеп алып тастауға қарай бағытталған көзқарастар байқала
бастады. 1989 жылғы 15 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық және саяси
құқықтар туралы пактінің Екінші факультативті протоколында өлім жазасын
алып тастауға шақырған БҰҰ-ның Үндеуін көптеген елдер қабыл алды. Қазіргі
кезде Европалық Одақ елдерінде ол алынып тасталған.
Алайда, өлім жазасын қылмыстық жазалар қатарынан біртіндеп шығару
туралы қалыптасудағы қоғамдық пікір қиын қабылдануда.
Көптеген басқа елдердегі сияқты Қазақстан Республикасында да өлім
жазасы әлі орын алып отыр. Бірақ Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкес өлім жазасы жазаның аса ауыр қылмыстар үшін көзделетін ерекше шарасы
ретінде ғана қолданылады. Оның үстіне өлім жазасында үкім тағайындалған
тұлғаға кешірім жасау туралы арыздану құқығы берілтен (Конституциясының 15-
бабы).
Өлім жазасы — жазаның ең ауыр, ерекше түрі болып табылады.
Өлім жазасы — ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр
қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік
сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және
ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде
қолданылуы мүмкін (49-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес өлім жазасы — ату мына
төмендегідей қылмыстарды істегені үшін қолданылуы мүмкін: ауырлататын
жағдайда адам өлтіргені (96-бап, 2-белігі); геноцид (160); соғыс уақытында
немесе ұрыс жағдайында болған мемлекетке опасыздық (165); мемлекет немесе
қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау (167); сот төрелігін немесе
алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340); соғыс
уақытында немесе ұрыс жағдайында бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей
орындамау (367-бап, 3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында
бастыққа қарсылық көрсету немесе оның қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр
ету (368-бап, 3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа
қатысты күш қолдану әрекеттері (369-бап, 3-бөлігі); соғыс уақытында немесе
ұрыс жағдайындағы қашқындық (373-бап, 3-бөлігі); соғыс уақытында немесе
ұрыс жағдайында билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе
әрекетсіздік (380-бап, 3-бөлігі); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру
немесе тастап кету (383-бап).
Өлім жазасы тағайындалатын қылмыстар тізімі нақты белгіленген. Өлім
жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ
соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке
және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери
қылмыстар жасағаны үшін ғана қолданылуы мүмкін (ҚК-тің, 49-бабының бірінші
бөлігі), яғни өлім жазасы ҚК-тің Ерекше бөлімі нормаларының 18 санкциясында
ғана қарастырылған, бұл — санкциялардың жалпы санының 2,08 %-ын құрайды.
Соттың үкімі бойынша сотталған адамды өмірден айыратындығы белгілі
болса да, талқыланып отырған норма жазаның бұл түрінің мазмұнын ашпайды.
Бірақ оның мазмұнының ашылатын бір жолы — өлім жазасын орындау тәсілінің
көрсетілуі, ол - көпшілік көзінен тыс атып өлтіру.
Сот өлім жазасын тағайындай отырып жаза тағайындаудың жалпы ережелерін
басшылыққа алуы керек (ҚК-тің 52-бабы).
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі Соттардың жаза
тағайындау кезінде зандылықты сақтауы туралы №1 Қаулысында жазаның
аталған түрі жауаптылықты ауырлататын ерекше жағдайлардың болуына қарай,
сонымен қатар, аса қауіпті қылмыс жасаған тұлғаның ерекше қауіптілігіне
қарай оны тағайындау кажеттілігі туындаған кезде ғана қолданылуы мүмкін.
Өлім жазасының қолданылуы барлық жағдайда да жасалған қылмыс бойынша
анықталған жағдайлардың және сотталған адамды жан-жақты толық сипаттайтын
мәліметтердің негізінде үкімде дәлелденуі тиіс деп көрсетілген.
ҚК-тің 67,75-баптары қылмыстық жауаптылықка тартудың ескіру мерзімі
және айыптау үшін орындаудың ескіру мерзімі өтіп кетсе өлім жазасын
қолданбаудың ерекше жағдайларын қарастырады.
Егер сот айыптау үкімінің ескіруін қолдану мүмкін деп таппаса, онда
өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айырумен ауыстырады.
Егер сот ескіру мерзімі өтіп кетуіне байланысты тұлғаны қылмыстық
жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, онда өлім жазасы жиырма бес жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен немесе өмір бойы бас
бостандығынан айырумен ауыстырылады.
Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін тұлғалар қатарына әйелдер, он сегіз
жасқа толмай қылмыс жасағандар, сот үкімін шығарар сәтте алпыс бес жасқа
толған еркектер кірмейді (ҚК-тің 49-бабының екінші бөлігі).
ҚК-тің 49-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, өлім жазасы туралы үкім
ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір жылдан кейін орындалады, бұл
сотталған адамға кешірім жасау туралы өтінішке өзінің конституциялық
құқығын пайдалануына мүмкіндік береді.
Өлім жазасын қарастырған Қылмыстық кодекстің баптарының санкциялары
баламалы болып келеді. Онда сот 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыру жазасын немесе өлім жазасын немесе өмір бойына бас бостандығынан
айыруды қолдануға жол берілген. Іс жүзінде өлім жазасын соттар іс бойынша
аса ауыр кінәлінің қауіптілігін ерекше дәлелдейтін мән-жайлар болғанда ғана
қолданады.
Өлім жазасы кешірім беру тәртібі мен жиырма бес жыл бас бостандығынан
немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.
Өлім жазасын қолданғанда сот әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындаудың
жалпы негіздерін басшылыққа алады (ҚК. 52-бап).
Өлім жазасын қолдануға істелген қылмыстың ерекше ауырлығы, жазаны
ауырлататын төтенше мән-жайлармен қатар қылмыс істеген адамның айрықша
қауіптілігі, моральдық азғындыққа түсуімен бірге, адам еместік іс-
әрекеттерге барып, өте ауыр қылмыстар істеуі негіз бола алады. Сондықтан да
өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстық істерді қарағанда сол барлық
уақытта да сотталушының психикалық жай-күйін ерекше зерттейді.
Өлім жазасын қолдану барлық жағдайда істелген қылмыстың анықтаған мән-
жайларын және сотталушының мейлінше толық сипаттайтын мәліметтерге сүйене
отырып, үкімде дәлелденген болуы керек.
Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бұл тұрғыдағы қылмыстарды
қарау облыстық соттардың құзыретіне жатады және мұндай істерді қарау үш
судьяның қатысуымен жүргізіледі.
Туған күннен кейінгі тәуліктің басталуы адамды 18-ге толған деп
санауға негіз береді. Еркектер үшін алпыс бес жасқа толуды үкім шығарған
(қылмыс істеген емес) кезбен өлшеу қажет. Өлім жазасы туралы үкім ерте
дегенде ол күшіне енген соң 1 жылдан кейін орындалады.
Әлем елдерінде өлім жазасын қолданудың тәртібі әр түрлі.
Көптеген өркениетті елдердің қылмыстық заңы бойынша өлім жазасы Отанға
опасыздық, шпиондық, кісі өлтіру, адамдарды ақы алу үшін ұрлау, өрт
қойғаны, тонау және басқа да ауыр қылмысты істегені үшін қолданылады.
Европаның бірнеше мемлекеттерінде: Италия, Германия, Франция, Скандинавия
елдерінде, Латын Америкасы, Австралияда өлім жазасын қолдану жойылған. АҚШ
Жоғарғы Соты 1976 жылдан өлім жазасын қолдануды қайта жаңғыртты. Қазір
Құрама Штаттардың 37 штатында ғана өлім жазасы қолданылады.
Өлім жазасын орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасы қылмыстық
атқару заңымен реттеледі.
Әлемдегі барлық мемлекеттердің жартысынан астамы өздерінің заң тәртібі
негізімен кесілетін өлім жазасының күшін тоқтатты немесе оны тәжірибе
жүзінде қолданып көрмеген.
Санға жүгінер болсақ 80 мемлекет барлық қылмыстық әрекеттер бойынша
кесілетін өлім жазасының күшін жойса, 15 ел кейбір (мысалы әскери жаза
түрі) жеке-дара жағдайларда ғана болмаса, басқа кез келген жаза түріне өлім
жазасын кеспейтін болды. Ал 23 мемлекетті шын мәнісінде аболиционистерге
жатқызуға болады. Бұл мемлекеттерде өлім жазасы қарастырылған, алайда соңғы
он жылдан аса ол жаза әлі орындалмаған. Ал адам тағдырын алақанына ұстап
тұрған тағы 78 мемлекет әр жылда ауыр жаза жасағандар үшін өлім жазасын
беріп жатқанымен, олардың саны аз.
Жаңа ғасырдың алғашқы бес жылдығында да адам өлтіргіш мемлекеттердің
көшін бастап келе жатқан ел – Қытай. Бұл ел барлық өлім жазасының жылына
84%-ын еншілеп отырады екен. Сондай-ақ Иран да Қытаймен үзеңгілес
мемлекеттің бірі болып саналады. Одан кейінгі кезекті АҚШ және Вьетнам
иемденген. Қытайда, толық емес, әрі шектеліп көрсетілуі бойынша жылда 800-
ге жуық адамның мойнына қыл арқан салынады.
Өлім жазасы әр мемлекетте әр түрлі орындалады. ХІХ-ғасырда
солт.Америкада кейде жазықтыны көпшіліктің көзінше өртейтін болған. Ал
Қытайда әсіресе жаңа жыл алдында көбінде ату жазасы орындалады. Немес
көпшілік алдында дарға асылады. Ал биыл мамыр айының соңында пара алуға
(немесе беуге) қатысы бар деп айыпталған 3000 чиновниктің арасында мәңгілік
бас бостандығынан айрылғандар мен өлім жазасына кесілгендер көптеп
кездеседі.
Исламда белгілі ережелерге сай заңсыз кісі өлтіргендерге, жары бола
тұрып зинақорлық жасағандарға және діннен безгендерге өлім жазасы бар.
Құранда: Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді:
Азатқа-азат, құлға-құл, әйелге-әйел (өлтіріледі). Дегенмен оған туыс
жағынан кешірілсе, оның ережеге үйлесуі екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі
қажет. (Егер қысас кешіріліп, күнәға тоқтаса, алушының орынсыз егеске қысас
істемеуі, берушінің де дұрыс орындауы керек.) Міне осы Раббылары жағынан
жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса (кек
сақтаса), ол үшін ақиретте күйзелуші азап бар. Бақара сүресі 178аят.
Ал Алла елшісі (с.ә.у): Өз дінін айырбастағандарды өлтіріңдер
деген. Әл-Бұхари 6922.
Сондай-ақ, гомосексуализм сияқты жиіркенішті әрекеттерге де өлім
жазалары кесілген.

1.2 Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы

Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі кездегі өлім жазасын қолдану не
қолданбау маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Себебі өлім жазасын
қолдаушылардың көптігі және бұл жазаның түрі әлі күнге дейін аса қауыпті
қылмыскерлерге тиімді әдіс ретінде қолдану болып отыр. Сол себепті бұл
саясаттың әлі күнге дейін тиімді шешімін таба алмай отырғандығымен
анықталады. Өлім жазасын қолдануға қатысты көзқарас қандай екен деген
сұрақтың тууы заңды құбылыс. Бұл сұраққа мәселенің күрделілігіне байланысты
бірден жауап беру оңай емес және объективті болу үшін өлім жазасының
жағдайына салыстырмалы талдау жүргізе отырып, олардың қылмыскерлер
тұлғасына әсер ету салдарын бағалай білген жөн.
Өлім жазасы – заңмен рұқсат етілген адамды өмірінен жасаған қылмысы
үшін жазалау.
Өлім жазасы бар дамыған мемлекеттерде алдымен сот болады. Жазалауды
тек мемлекеттің уәкілетті тұлғасы ғана жүзеге асыра алады, өйткені бұл
әрекет өлтіру болып табылады және заңмен қудаланады.
Қазіргі уақытта өлім жазасының келесі түрлері қолданылады: ату, таспен
атқылау, асу, өлім инъекциясы, электр орындығы.
Өлім жазасының көне түрлері: газ камерасы, бас кесу(гильотина),
төрттеу(четвертование), дөңгелету(колесоваеие), батыру(утопление), тірідей
өрттеу, тірідей көму, қабырғаға асу, қазыққа отырғызу, темір бикеш.
Бірақ біз негізінен қазіргі кездегі қолданылатын өлім жазаларына
тоқталайық.
Ату жазасы – өлім жазасының кең таралған түрі. Кеңес дәуірінде
жазалаудың бірі ретінде, және соттан тыс күш қолдану болып табылған(30-шы
жылдардың басы 50-ші жылдары). Ату – бұл өлім жазасының түрі, оны атыс
қаруы арқылы өлімге кесіледі. Көп жағдайларда өлімге үкім шығарылғанды
қабырғаға тұрғызады немесе бағанаға байлайды. Көбінесе оған көздерін байлау
бойынша таңдау беріледі. Ресми ату жазасы бірнеше мергендердің қатысуы
арқылы жүргізіледі де, олар бұл әрекетке өз еріктері бойынша емес,
керісінше бұйрық бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар кейде ар –
ұждандарын жеңілдету үшін атыс оқтарын бос оқтармен ауыстырып қояды. Сондай
кезде мергендердің қайсысы өлім жазасын орындап, атқандарын білмей қалады
(көне түрі – тас атқылау). Атудың бірден – бір түрі бұл желкеге ату.
ГДР-да ату 1987 жылға дейін өлім жазасының ресми тәсілі ретінде болды.
Кеңес Одағында ату жазасының ең ауыр түрі ретінде қолданылды. АҚШ-та ату
қордағы тәсіл ретінде 2 штатта – Айдахо мен Оклахомада қолданылады.
Таспен атқылау(тас лақтыру) – шариғат қолданылатын кейбір мұсылман
елдерінде жазалаудың дәстүрлі түрі, ең ауыры бұл өлім жазасын орындау.
Мысалы, Суданда 1983 жылы олар жаңа Қылмыстық Кодекс қабылдады, ол
толық шариғат заңдарына негізделген. Таспен атқылау(лат. lapidatio) – өлім
жазасының көне түрі, ол көне парсыларға, иудейлерге, гректерге белгілі.
Тиісті уәкілетті заңды тұлғаның шешімі бойынша (хан (патша) немесе сот),
азаматтар жиналып, кінәліге ауыр тастар лақтырып оны өлтірген.
Қазіргі уақытта таспен атқылау кейбір мұсылман мемлекеттерінде
қолданылады.
Тиісінше өлім жазасына үкім шығарылғанды тізесіне дейін жерге көмеді
де, оны ақ матаға орайды. Тастар жұдырықтан үлкен болмау керек, себебі
құрбан өте тез өліп қалмау керек.
Асу – өлім жазасының белгілі бір сатыдағы тәсілі болып табылады.
Ресейде тұңғыш рет 1649 жылы Собор жинағында заңды түрде болды. Бұлай
жазалау ең масқара түрі болып есептелетін. Асу жаппай қорқыныш тудыратын
әдіс ретінде қолданылатын, себебі асылғандардың денелері көбінесе аспаларда
халыққа көрінетін жерлерде бірнеше күндерге дейін қалатын.
Ресейде XIX ғасырдың басы мен XX ғасырларда асу саяси қылмыскерлерді
жазалаудың түрі ретінде қолданыста болды.
Кеңес дәуірінде асу Ұлы Отан Соғысының аяғында отан сатқындары мен
халық жаулары деп атанғандарына қайта жаңғыртылып, бірақ ол Қылмыстық
Кодекске енгізілмеді.
Асу – бұл механикалық асфиксия, мойындағы тұзақтың қысылуы нәтижесінде
пайда болады. Көбінесе тұзақ сақина тәріздес, түйін, оның бос болатын соңы
мықтап қозғалмайтын етіліп бекітіледі. Асу өлім жазасының бір тәсілі
ретінде қолданылады.
Өлім инъекциясы – АҚШ-тың кейбір штаттарында өлім жазасын орындаудың
тәсілі болып саналады. Сотталғанға күре тамырының ішіне бірнеше
препарттардың комбинациясын салады да, соның әсерінен оның есі жоғалып,
соңында жүрегі тоқтайды.
Электр орындығы – АҚШ-та өлім жазасына кесудің түрі болып саналады.
Бұл жазалаудың түрі өзінің аты айтып тұр, жоғары кернеудегі электр тоғы
электр орындығы арқылы өтеді. Алғаш рет 1890 жылы қолданылды.
Бас кесу – өлім жазасының бір түрі, басты кесуден тұрады. Францияда
өлім жазасын алып тастағанға дейін қолданыста болды (1981). Қазіргі кезде
Бельгияның заңнамасымен бекітілгендей 1950 жылдан бастап өлім жазасын
қолданбайды, сонымен қатар тағыда 6 мемлекеттерде де өлім жазасы алынған.
Францияда гильотина қолданылған, ал араб мемлекеттерінде басты найзамен
(қылышпен) кескен. Кейбір мәліметтерде тәжірибе жүзінде бас кесу әлі күнге
дейін Сауд Арабиясында қолданыста. Бас кесу (басшы, бас деген сөзден) – бұл
басты денеден физикалық түрде оны ажырату. Бас кесу қасақана түрде болуы
мүмкін. Ол өлтірудің тәсілі немесе өлім жазасын орындау кезінде болуы
мүмкін. Өлім жазасы балтамен, найза (қылыш), пышақ немесе гильотинамен
орындалады. [1]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша осы аталған өлім
жазасының түрлерінен ату жазасы көрсетілген. Енді осы аталған өлім жазасы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару Кодексі бойынша нақты қалай
орындалатынын көрейік.
Өлім жазасы Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарында
керсетілген реттерде, сотталған аса ауыр қылмыстарды жасаған жағдайда және
ол сотталған "енді түзелмейтін, қоғамға пайдасыз адам" деп танылғанда, ең
ауыр жаза ретінде қолданылады.
Өлім жазасы үкім күшіне енген сәттен бастап, 1 жылдан кейін
орындалады. Бұл мерзімде үкімді жеңілдететін сотқа белгісіз жағдайлар
ашылып, жеңіл жазалардың бірі тағайындалуы мүмкін.
Өлім жазасына сотталған адам жеке адамдық камераға орналастырады және
сол камерада тамақтанады, олар сыртқа серуендеуден басқа уақыттарда сыртқа
шығарылмайды. Камераға қамалып, тінтіліп отырады.
Сотталған, үкім занды күшіне енгеннен кейін, Қазақстан Республикасының
Президентіне кешірім жасау туралы өтініш жасай алады. Өтінішпен бірге,
бірінші инстанция сотының үкімі жіберіледі. Сонымен бірге, Президент
әкімшілігіне сотталған туралы мәліметтер және Жоғарғы сот төрағасының, Бас
Прокурордың осы іс туралы қорытындыларының көшірмелері жіберіледі.
Барлық құжаттарды алғаннан кейін Президент өтінішті қарап, оны
қанағаттандыру немесе үкімді күшінде қалдыру туралы шешім қабылдайды.
Егер сотталған кешірім сұрау туралы өтініштен өзі бас тартса, онда бас
бостандығынан айыру мекемесінің әкімшілігі прокурордың қатысуымен бұл
туралы акт жазады, ол акті — сот үкімін іске асыруға негіз болады.
Өлім жазасы мынандай жағдайларда орындалады:
- сот үкімі заңды күшіне енгенде;
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қадағалау тәртібімен соттың
үкіміне қарсылық жасау үшін негіздердің жоқтың жөне істі қадағалау
тәртібімен қарау үшін де негіздердің жоқтығы туралы қорытындысы болғанда;
- Президент сотталғанға кешірім жасамай, сот үкімін күшінде
қалдырғанда;
- сотталғанның кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқаны туралы
акті болғанда.
Өлім жазасына кесілген сотталғандарға қылмыстық-атқару кодексінде
көрсетілген құқықтары түсіндіріледі.
Сотталғанның үкім занды күшіне енгенге дейін және енгеннең кейін де,
занда көзделген төртіппен қажетті азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық
қатынастарды рәсімдеуге құқығы бар. Бұл қатынастарға өсиет қалдыруды
рәсімдеу, сыйға беру шартын құру сатып алу-сату, некені тіркеу, әкелікті
таныту (туылмаған балаларға да) сияқты шарттар жатады. Сотталған өзінің
істерін жүргізуге басқа адамға сенімхат бере алады. Сенімхат — сотталушы
жатқан мекеменің бастығымен бекітіледі.
Заң көмегін алу үшін сотталған ұзақтығы мен санына шек қойылмай,
адвокатпен және басқа да заң көмегін көрсете алатын тұлғалармен кездесуге
құқылы.
Қажет кезде сотталғанға медициналық көмек керсетіледі. Өлім жазасына
сотталғандарға медициналық көмек камерада көрсетіледі. Мұндай жағдайда
медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.
Егер сотталғанға стационарлық емдеу қажет болса, онда сотталғанды
арнайы ауруханаға апарады, емдеу ауруханада жүргізіледі.
Өлім жазасына сотталғандар хаттарды шек қоймай алуға және жіберуге
құқылы. Жіберілген және алынған хаттар әкімшілік арқылы тексеріледі.
Сотталғанның ай сайын жақын туыстарымен қысқа мерзімді кездесу
өткізуге құқығы бар. Үкім занды күшіне енгенше кездесуге рұқсатты сот
берсе, үкім занды күшіне енгеннен кейін сотталған жатқан мекеме
әкімшілігінің рұқсатымен беріледі.
Сотталған діни қызметкерлерді шақыруға өтініш жасағанда, діни
қызметкерлер, оның жеке басы қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда
келтіріледі.
Өлім жазасына сотталғандарға тұрмыс жағдайы жасалып, жүйелі түрде
төсек жабдықтары беріліп тұрады.
Үкім орындалғанға дейін сотталғанның туысқандары оған ақша жібере
алады және бұл ақшаға қатаң режимдегі түрмеде белгіленген мөлшерде тамақ
өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.
Өлім жазасына кесілгендер күн сайын ұзақтығы 30 минуттық сейілдеуге
шығарылады, олар дене еңбегіне тартылмайды.
Сотталғанның жоғарыда баяндалған кұқықтарын канағаттандыру және
олардың күшейтілген күзеттегі жеке камераға шығарылуы үкім шыққаннан кейін
іске асырылады.
Сот үкімі шыққаннан кейін және кешірім жасау туралы өтініші
шешілгенше, өлім жазасына сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан
айыруды өтеуші сотталғандарға арналған ерекше режимдегі жаза өтеу
жағдайында ұсталады.
Кешірім жасау туралы өтініші қанағаттандырылмаған сотталғандар үкім
орындалатын мекемеге ауыстырылады. Бұл жердс олар түрменің қатаң жағдайында
ұсталады.
Өлім жазасы орындалу тәсілі бойынша жария етілмей, ату жолымен
орындалады. Бірнеше адамдарға қатысты өлім жазасы әрбіреуіне жеке және
өзгелері жоқта орындалады.
Үкім орындалар алдында сотталғанның бойы тағы да тінтіледі. Егер үкім
орындалар кезде сотталғанның есі дүрыстығы күмәнді болса, онда оны үш
дәрігерден құралған комиссия тексеріп, хаттама жазады. Сотталғанның
психикалық ауруға шалдыққаны расталған жағдайда, үкімнің орындалуы
тоқталып, хаттама үкім шығарған сотқа жіберіледі. Есі дұрыстығы бұзылған
сотталғанды сот жазадан босатып, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлі емдеу
шарасын тағайындайды.
Егер сотталған сауықса және жазаның ескіру мерзімі өтпеген болса, онда
қылмыстық жауапқа тартылып жазаланады. Мұндай жағдайда, өлім жазасына
сотталғандарға аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау үкімінің талап мерзімі
қолданылады. Үкімнің орындалмағанына 15 жыл толмаса, сотталғанға өлім
жазасы қолданылады немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен
ауыстырылады. Үкімнің талап мерзіміне 15 жыл өтіп кетксн жағдайда, сот өлім
жазасына кесілген адамды жазадан босата алады немесе жазаны өмір бойына бас
бостандығынан айырумен ауыстырады. Өлім жазасын орындау кезінде прокурор,
жазаны атқарушы мекеменің қызметкері және дәрігер қатысады.
Сотталғанның өлгенін дәрігер куәландырады. Сот үкімінің орындалғаны
туралы хаттама жазылып, оған қатысушылар қол қояды.
Жазаны атқарған органның әкімшілігі, үкім шығарған сотқа және
сотталғанның жақын туыстарының біріне өлім жазасының орындалғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлім жазасы өте ауыр жаза
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасына тарихи сипаттама
Өлім жазасын қолдану туралы
Өлім жазасын қолданудың ғаламдық үрдісі
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасы
Жеңіл жаза көзделетін қылмыстар
Жаза және оның мақсаты жайлы
Өлім жазасын тағайындау және оны орындаудың тарихи даму кезеңдері
ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА МОРАТОРИЙ
Қазақстанда өлім жазасын жою қазіргі жағдайы және болашағы
Пәндер