Германияның қылмыстық құқығы


Бұл зерттеу ең ауыр жаза -өлім жазасы тарихына үңіле отырып, оның қазақ, әдет-ғұрып жүйесіндегі алатын орнын қарастырады. Өлім жазасы мәңгілік тақырып ретінде қалып отыр. Әр ғасыр өлім жазасына өзінше қарап, әлемдегі әрбір мемлекет бұған ерекше маңыз беріп, өздерінше тәжірибеде әр түрлі жазалар тағайындайды. Өлім жазасы - ең ауыр да әрі адам ақылының көрінісі мен имандылығын көрсетеді. Өлім жазасы -ежелден бар болып, тіпті қылмыстық, кұқық пайда болмай тұрған кезден-ақ қолданылған. Қылмыстың субъектісі тек адам ғана болған. Алайда адамның өліміне себепкер болған жануарларға да айып тағылған. Қазақ халқының құқық жүйесі жануарлар иесі малының не ит-құсының келтірген зияны үшін жауап берген. Ерте дәуірлерде "қанға қан, жанға-жан", "құлаққа-құлақ, тұяққа-тұяқ, " принципі қолданылып, кейінірек жауапкершіліктің мүліктік түрлері де (күн, айын) кең қолданылған.
Кісі өлімі үшін «қанды кек» дәстүрі қолданылып, оны орындау туыстарына қасиетті борыш әрі міндет, өлгеннің аруағын разы қылуға тырысу болып саналған. Қанды кектің жүзеге асырылуы: біріншіден, қылмыскерді өлтірілген адамның туыстары қолына беру; екіншісі, билер үкімі нәтижесінде өлтіру, үшіншісі, құлға айналдыру. Дәуірлер өте қанды кек принципін шектеу мақсатында "құн төлеу" дәстүрі кіріп, ол қанды кекті ығыстыра бастады.
Дегенмен қанды кек принципі бірден ығыса қоймады. Қылмыскерге өз өмірін сақтап қалу үшін жекпе-жекке шығу, талапкер құныкерлер қолына түспей қашып құтылу, т. б. мүмкіндіктер берілетін.
Кісі өлтіргені үшін берілетін өлім жазасы осы күнімізге дейін сақталып отыр. Халықаралық құқық адамды өлім жазасына кесуге тыйым салып, ізгілендіруге ұмтылыс жасауда. Сондықтан да Қазақстан Республикасы өлім жазасына мораторий жариялап, бұл ұмтылысты қолдайтынын білдіріп отыр. Алайда елім жазасын сақтау не сақтамау жайлы пікірлер екі ұдай (Қазір әлемдегі 104 мемлекет өлім жазасынан бас тартқан, ал 91 мемлекет сақтап қалған. Олардың қатарында Қытай, Сауд Арабиясы, Иран, Нигерия, Пәкістан, т. б. бар) .
Кез келген мемлекетте өлім жазасы қылмыстық қүқықтың және қылмыстық саясаттың институттары ғана болып табылмай, ол әлеуметтік-мәдени қүбылыс болып табылады әрі осы институт жайлы қоғам мүшелерінің ой-пікірлерінің көрсеткіші де болады. Алайда өлім жазасын сақтау не сақтамау жайлы қоғамдық пікірлер әр түрлі және үнемі өзгеріп отырады. Мысалы АҚШ-та адам өлтіру саны 25 пайызға дейін төмендегеніне қарамай, өлім жазасын қолдаушылар саны 77 пайызға дейін өсе түсті. Сөйтіп ауыр қылмыстың өсуіне байланысты емес екендігін көрсетті. Оның үстіне экономикалық-әлеуметтік жағдайлар мен азаматтардың қорғаныс және қауіпсіздік деңгейі өсе түскеніне қарамай, өлім жазасын сақтауды қолдаушылар қылмыс статистикасында да, қоғамдық пікір сауалнамаларында да басымдылық танытады. Сейтіп қоғамдық пікірлер мен криминалдық қағидаларға сай келмейді. Біз бұл арада құқықтық сана мен құқықтық мәдениет шаралары шешуші рөл ойнайды дей аламыз. Адамзат өмірге бір-ақ рет келеді. Сондықтан адам өмірін қию өте жауапты мәсөле. Осы түрғыдан келгенде зерттеу тақырыбы өте өзекті.
Әрине қоғамдық пікір құбылмалы категория. Қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесі өлім жазасын қолдануды қолдамаған. Оның орнына "құн алу" яғни, материалдық төлем төлеттіруді қолдаған. Ата-бабаларымыздың түсінігі бойынша өлім - Алладан. Алла ғана адамға жан береді, оны кері өзі ғана алады. Оны жүзеге асыруға Алладан өзге ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан адамды өлтіру ауыр қылмыс, оған бүкіл адамзат жол бермеуі тиіс. Өлім жазасын қолдану не қолданбау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оны шешу жолын қарастыру, зерттеулер жасау сол үшін де өте маңызды болып табылады.
Қазақ халқы өз тәуелсіздігіне ие болып, егеменді мемлекет болғалы бері құқықтық-демократиялық сипаттарды молайту жолында қүқықтық реформаларды үсті-үстіне жүргізіп келеді. Бұл реформалардың сәттілері де, сәтсіздері де бар. Бірак. ең ауыр қылмыс ретінде берілетін өлім жазасы арнайы зерттеліп, тұрақты бір пікір әлі күнге жасалынған жоқ. Осы зерттеу жұмысы өлім жазасына арналған бірден-бір алғашқы зерттеу десек артық айтпағанымыз. Өлім жазасына кімдер кесілуі тиіс және олардың іс-әрекеті мен ауыр жазаға жататын қылмыстарының түрлері нақтыланбаған. Оларды қайта қарап, екшеу қажет. [1]
Әлім жазасы болғандықтан, оның адам тағдырына тікелей қатысты болу күрделілігіне орай, алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді алға қойып отырмыз:
- өлім жазасын қолдану тарихына үніле отырып, оның шығуы себептерін ашып көрсету;
- адам өлтіру ауыр қылмыс екеніне қарамай, оның экономикалық-әлеуметтік астарларын екшеу;
- өлім жазасын қолдану әдістері мен қайнар көздерін айқындау;
- өлім жазасын қолданудағы халықаралық тенденцияларды талдау;
- Тәуелсіз Қазақстандағы өлім жазасына қарсы не жақтаушылар пікірін талдай отырып, консесустық пікір-ұсыныстар айту.
Зерттеудің пәні - негізінен адам тағдыры болып табылады. Адамзат баласы өмірге бір-ақ рет келетіндіктен, алдымен өзгенің өміріне қасиетті деп қарап, қол сүқпау принципін басты нысан етіп көрсету. Өлім жазасы сол қасиетті адам өмірін жойғандықтан берілетін жаза. Мүмкін болса, өлім жазасын азайту, оған тыйым салу екі жаққа да қатысты. Зерттеуде өлім жазасын қолдану не қолданбау себептері мен жасалған ауыр қылмыстық іс-әрекеттердің түрлері, оларды болдырмау жолдары терең айтылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысы қоғамтану, әсіресе қүқықтану ғылымдары қолданатын тарихи-салыстыру, талдау, анализ бен синтез, таптық сипаты, т. б. әдістер пайдаланылды.
Бұрындары өлім жазасы жеке нақты сараланып, зерттелмеген, тек өлім жазасы қылмыс ретінде қаралып, оған берілетін жазалар мен құн төлеу мәселелері айтылған болатын. Өлім жазасы - ауыр жаза болға-нымен адамзат баласы тарихында ежелден бар жаза.
Өлім жазасының басты түйіндерін мынадай түжырымдардан анықтауға болады:
- кісі өлтіру мен оған қолданатын өлім жазасының әр түрлілігі мен даму процесіндегі өзгерістерге ұшырау себептері әр кезеңдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайларға байланысты болады;
- өлім жазасының әр алуан күрделілігіне қарамай оның мәні толық ашылып, қоғамдық өмірдегі орны көрсетілді;
- өлім жазасын қолданудың халықаралық тенденциясын сөз ете отырып, көкейге қонымды мәселелер талданды;
- өлім жазасын қолданудағы қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің сипаттары мен ерекшеліктері сарапталды;
- өлім жазасын қолдану не қолданбаудың мәні мен мазмұндары талданылды және ұсыныстар берілді. Халықаралық қүқықтағы өзіндік мәртебесі айқындалып, оның бүкіл адамзат құқығына етене екені дәлелденді.
Бұл зерттеу жұмысындағы тұжырымдар мен талаптар осы күнгі көпшілік талабының айқын көрінісі. Оның үстіне ұлттық сипатымызды сақтап, үрпақтар бойына сіңіруде бұл тұжырымдар оң нәтиже береді. Сондықтан да бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарында, тіпті мектептерде оқыту пайдалы болады. Ұрпақтарымызды ауыр қылмыс жасаудан аулақтатып, ізгі жолға тәрбиелеуге қосар үлесі мол. [2]
Өлім жазасы өте ауыр жаза. Сондықтан бұл зерттеу еңбегімізде адам өлтіру ауыр қылмыс, ал оны істеушілерге берілетін жаза - өлім жазасы онан да ауыр екенін айта отырып бұл- қылмыстық іс-әрекеттердің шығу себептері мен қайнар көздерін, қылмыскерліктің көріністерін ег-жей-тегжей зерттеуге күш саламыз. Қылмыскерлік - адамзат та-
рихында бүрын да болған және қазір де бар қоғамдардың барлығының да ажырамас бөлігі. Адам өлтірушілер заманның өзгеруіне қарай өзгеріп, формалары мен әдістерін де өзгерте түседі. Бұл өзгеру жасалынатын қылмыстың қоғамға қауіптілік сипатын жоғалту орнына, қайта күшейе түсіп, бұрынғыдан да қауіпті, әдіс-айласы молыға береді. Сондықтан да кез келген мемлекет өзінің қылмыстық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізіп отырғаны мақұл.
Қылмыстардың жасау себептері, олар үшін жауапкершілік принциптері негізінен адамның мінез-құлқын, психикасын зерттеуден, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын сараптаудан, сана-сезім, діни, идеологиялық жақтарына үңілуден іздеген жөн.
Адам өлтіру және өлім жазасы әлеуметтік құбылыс. Сол үшін бұл мәселені зерттеу барысында басқа кұбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестігін, байланысын қоғамдық қатынастар тұрғысынан қарау өте маңызды. Әйткені қылмыскерлік қоғамда бар, оның дәстүрлі жақтарын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани салаларын шаншып өтетін құбылыс.
Кісі өлтіруші сол қоғам мүшесі. Өзгелердің айырмашылығы ниетінің арамдығы. Адамның күйі де, сыртқы орта да, діни сенімі де, білімі де, алған тәлім-тәрбиесі де кісі өлтірушінің қалыптасуына үлкен әсер етеді .
Технология мен ғылым өркендеп, өскен сайын ауыр қылмыс жасаушылардың да құрал-сайманы сапалана түседі. Олармен күресу үшін қылмыскерліктің жағдайы мен үрдісін бағалау, әлеуметтік сипаттарын белгілеу, қүқық қорғау қызметін жетілдіріп отыру керек. Қылмыстық заң күшінде болуы үшін оның жүзеге асырушы механизмдері болып, ол үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Бүл мемлекеттің негізгі міңдеті бо-
луы қажет.
Қылмыскерліктің алдын алу мақсатында әртүрлі әлеуметтік топтарға қылмыстың таралуын, экономикалык дағдарыс пен әлеуметтік теңсіздікті болдырмау, экономикалық тарапқа қылмыскерлерді жолатпауды (мысалы, бизнесмендердің тең жартысынан астамы қылмыскерлермен аралас істейді), құқықтық мәдениет пен құқыктық сананы көтеру жолда-рын, халықтың қылмыскерлерге қарсы тұру белсенділігін арттыруды бағдарламалар жасап, жолға қою шарт.
Әсіресе XX ғасырдың аяғы ұйымдасқан қылмысқа жол ашып берді. Негізіненүйымдасқан қылмыскерлер кісі өлтірушілер тобын құрып, өздері де көбірек ең жоғары жаза - өлім жазасына кесіледі. Қазақстан Республикасында сот статистикасын құқық қорғау органдарының статистикалық есептерін, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, көші-қон статистикаларын жүргізуге ерекше мән беріп, оны мемлекеттік статистикада орналасатын арнайы зерттеу институтын ашқан жөн. Олар құқық бұзушылар, маскүнемдер, нашақорлармен қоса ұйымдасқан топтарды арнайы зерттеп, оны болдырмау шараларын қарастырғаны жөн. Зерттеу институты оларды: жынысы, жасы, ұлты, діни сенімі, отбасылық жағдайы. . тұрған жайы, әлеуметтік-саяси сипаттамасы бойынша саралап, талдаулары, оны жариялап отырулары қажет. Бұл мәселелер маңыздылығына қарамастан өте салбыр, баяу жүргізілуде. Тіпті кейбір тұстары мүлдем үмытылған.
Пайдакүнемділік, оңай табысқа кенелу, көреалмаушылық, өзгенің дүние-мүлкін заңсыз иелену негізсіз баюға жетелейді. Мұндай жолға түскендер мемлекеттік-қоғамдық мүдделерге қарсы шығып, кісі өлтіреді. Қазір мүндай қылмыстар жиілеп, коррупциялық түрге көшуде. Әсіресе егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді жариялаған, қол жеткен еркіндікке бас айналып жатқан кезде тіркелген қылмыстар саны шұғыл өсті. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында жәбірленушілер қыл-мыскерлермен тіл табысуға, ақы төлеп тұруға дейін барып, құқық қорғау органдарына шағымданбағаны жасырын емес. Қорқытып алушылық, бандитизм өрістеп, адам өлтіру жиілеп кетті. 1990-1995 жылдары танылмаған мәйіттер бойынша белгісіз азаматтардың кім екенін анықтау жөнінде істер көбейіп кеткені жайлы сот-медициналық сараптама бюросы мәліметіне қарасақ та жеткілікті. Бір ғана хабар-ошарсыз кетіп табылмағандар саны, мысалы, 1990 жылы 813 адам болса, 1995 жылы 44649 адам-ға жеткен. (Қараңыз. Алауханов Е. О. Криминология, А., 2005, 68-бет. ) . [3]
Қазақстанда жаңа қылмыс түрлері: рэкет, адам ұрлау, тапсырыспен кісі елтіру, адамды аманатқа алу, кәмелетке толмағандарды сату, үйге басып кіріп сәбиіне дейін өлтіру, т. б. пайда болды. Сөйтіп қоғамға аса, қауіпті, зорлық-зомбылык,, айуандық әдістер жиі қолданылып, құқықтық тәртіпті сыйламаушылар, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді елемейтіндер өздерін ашық көрсете бастады. Қылмыскерлердің қарулануы, үйымдасуы, кәсібилік сипаттары артқан сайын олар жасайтын қылмыстардың салдарлары да ауырлай түсті.
Мұндай ауыр қылмыстарға кәмелетке толмағанда да қатысуы көбейе түсті. Әйелдер жасаған ауыр қылмыста кебейіп, әйелдердің қылмыскерлер арасындағы үлестік салмағы артты.
Кез келген өркениетті мемлекет қылмыскерлікке аяусыз күрес жүргізеді. Қоғам қаншалықты иманды, адамгершілікті мейірбан болғанымен адам өлтіруге ең қатаң шаралар қолдануды қолдайды. Осыған орай Қазақстан Республикасы 1997 жылы 16 шілде жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қабылдады. Әрине, қылмысты болдырмау, қылмыскерліктің алдын алу тек заңгерлердің емес, сол секілді экономистердің, социологтардың, саясаттанушылардың әлеуметтік психологтардың міндеті.
Қылмыскерлікпен күрестің нақты жүйесін құру қажет. Күрес субъектісі қоғамның барлык мүшелері: мемлекет, азаматтық қоғамның мемлекеттік емес институттары, заңды және жеке тұлғалар болуы тиіс. Оның үстіне ата-бабамыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, оның механизмдерін дұрыс әрі ұтымды пайдалану, құқық қорғау органдарында мамандандырылған бөлімшелер құру, ақсақалдар мен билер кеңесін жандандыру, алқа билер сотына қоса билер сотын құрып, көп өкілеттіктерді осылардың қолына бергенде ғана жетістікке жетуге болады. Заң-дауларды ерекше режимдегі колонияларда - кейбір шектеулер түрмедегіге жақындайды. Онша қатаң емес құқықтық шектеулер тәрбиелеу (әсіресе жалпы режимдегі) колонияларында орнықтырылған. Жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлер. ересектерге қарағанда сәлемдемелер алу, жүздесу құқығын пайдалана алады. Олардың жалпы және кәсіби білім алуыларына орайлы жағдайлар туғызылуы керек. [4]
Өмір бойына бас бостандығынан айыру . Өмір бойына бас бостандығынан айыру Ресей Федерациясының бүрынғы Қылмыстық кодексінде көзделмеген, жазалардың жүйесіне кірмейтін. РФ-ның 1992 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айыру өлім жазасын айырбастайтын жаза ретінде тағайындалуы көзделді. РФ-ның жаңа Қылмыстық кодексінде бүл жаза жазалар жүйесіне енгізілді. РФ ҚК-нің 57-бабына сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін.
Сөйтіп, жаңа Кодекс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру Ресей Федерациясы Президентінің кешірім жасауы тәртібімен ғана емес, сондай-ақ соттың РФ ҚК-нің 57-бабында көрсетілген шарттарды орындаған жағдайда жаза тағайындау кезінде де жүзеге асырылатын болды.
Өлім жазасы
Адамдарды (олармен қоса заңгерлер мен заңгер еместерді) тап өлім жазасы проблемасындай осынша толғандыратын өзге де проблема бар ма екен, сірә? Бұл тұрғыда да қаншама (әрқилы деңгейдегі ғылыми дау-дамай, айтыс-тартыс өрбіді, әрі бұл жазаның болу-болмауы турасында не түрлі дәлелдер келтірілмеді десеңізші Қылмыстық қүқықта бұл тайталастың қанат жайғанына талай ғасырлар өтті, әлі жалғасып келеді.
Ресейлік қылмыстық құқықта өлім жазасы сонау революцияға дейінгі (1917 ж. қазан айы) заңдарда мәлім болған.
Тұңғыш рет бұл жаза ресми түрде 1398 ж. Двинск жарғылық грамотасында үшінші рет жасалған ұрлық үшін көзделген. Бұл жазаны қолдану 1467 ж Псковтың сот грамотасында кеңейтіле түсіп, енді шіркеуде ұрлық жасағаны, қазынаны ысырап еткені, мемлекетке опасыздық, өрт қойғаны, елді мекенде үшінші рет ұрлық істегені үшін қолға түскендер өлімге бүйырылатын болды. Қылмыстық іс-әрекеттер жасағандықтары үшін өлім жазасы тағайындалатын көлем 1494 ж. және 1550 ж. Соттық жарғыларда одан әрі жалғасын тауып, кейін де өрістей түсті. Бұған мысал ретінде, мәселен, 1649 ж. Заңдар жинағында 63 түрлі қылмыс үшін, ал І Петрдің Әскери артикулдары бойынша және сол кездегі /басқа да қылмыстық-құқықтық актілерге сай - 123 жағдайда өлім жазасы көзделді. Оның үстіне өлім жазасының орындалуындағы тәсілдердің өте қатыгездігін атап өткен жөн:
мәселен, XVII ғ. өлімге бүйырылғандардың бастары шабылған, дарға асылған, суға батырылған, отқа өртелген, көмейлеріне балқыған металл қүйылған, төрттағандап кескіленген, жерге кеудесіне дейін тірідей көмілген, үшкір ағашқа отырғызылған және т. б.
I Петрдің аса қатал жарғыларынан кейін өлім жазасы . жайлы ресейлік заңдар басқа арнада дамыды. Алғаш рет бұл жазадан бас тартуға I Петрдің қызы Елизавета патшайым талпыныс жасады. 1743 және 1744 жылдар. Елизаветаның жарғысына орай өлім жазасына кесу дереу орындалмай, оны бекіту сенатқа, патшайымның құзырына үсынылатын болды. Ал 1753 және 1754 жылдарғы жарғысымен өлім жазасының орындалуы одан әрі бекітілді, әрі "нақты" өлім жазасын саяси жазаға - танауын жұлу, денесіне таңба салу және емір бойына каторгага айдаумен айырбастау көзделді. Өлім жазасын орындау арнайы жарғы жария болғанша шегерілді. Елизавета 1961 ж заң шығаратын комиссияларға "жаңадан қабылданатын заңдарда тиісті кінәсі бойынша өлімге бұйыруды жазбауды" тапсырды, бірақ, бұл ойын жүзеге асыра алмады. [5]
1787 ж. II Екатерина да өзінің патшалық құрғанына 25 жыл толуына орай жарияланған манифесінде барлық өлім жазасына сотталғандарды өлтірмей, каторгаға айдауды бұйырды. Сөйткенмен, бұл екі патшайымның жарғыларына қарамастан, өлім жазасы жайлы үкімдер шығарылып қана қоймай, бұл жазаның жүзеге асырылуы тоқтау тапқан жоқ. Мысалы, Пугачев көтерілісінің жетекшілері мен оған қаты-сушыларды жаппай қыруды алайық - бұл кезде 20 мыңнан астам адам өлтірілді. Одан бергі I Николайдың тұсында 1949 ж. Шіркеулік заңдар және I Петрдің Әскери артикулдары негізінде бес декабрист сотталып, өлім жазасына кесілді.
1835 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей империясының 1832 ж. Заңдар жинағы күшіне енді. Оған сәйкес Ресейде өлім жазасы сақталынып қалды, бірақ тек қылмыстардың үш санатында ғана қолданылатын болды:
1) саяси қылмыстар үшін ("егер олар маңыздылығына орай жоғарғы қылмыстық соттың қарауына және шешуіне берілетін болса") ;
2) карантин ережелерін бұзғандығы үшін (яғни карантиндік деп аталган қылмыстар үшін, егер олар жаппай нәубет (эпидемия) кезінде карантиндік күзет немесе карантиндік мекемелер жұмысына кедергі болып, зорлық жасаса) ;
3) әскери қылмыстар үшін.
Өлім жазасы 1845 ж. қылмыстық және түзеу жазалары туралы Заңдар жинағы мен 1903 ж. Қылмыстық заңдар жинағында да көзделді. Айта кетерлігі, өлім жазасына бұйырған үкімдер саны 1905 ж. бірінші орыс революциясын басқаннан кейін күрт көбейіп кетті. Мәселен, 1906 ж. - 574, 1907 ж. - 1139, 1908 ж. - 1340, 1909 ж. -717, 1910ж. - 129, 1911 ж. - 73, 1912 ж. - 126 адамға шығарылған өлім жазасының үкімі орындалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz