Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мекемесі қызметі


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1. 1 Жуалы ауданының құрылу тарихы . . . 6

1. 2 «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мекемесі қызметі . . . 8

1. 3 «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметтерімен танысу . . . 13

2. «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕГІ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ

2. 1 «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің экономиканы басқару және ұйымдастыру қызметі . . . 17

2. 2 «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесінде ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау . . . 21

2. 3 «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту . . . 28

3. ҚР -дағы АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту . . . 32

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 38

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Мен - Әбдіқасымова Марфуға Мұстафақызы - 2013 жылдың қаңтар айының 7-нен наурыз айының 15-і аралығында «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өндірістік практикасын өткіздім.

Өндірістік тәжірибе практикасын өткізу барысында «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жалпы ережелерімен, қызметтерінің түрлерімен танысып, жұмыс жасадым.

Өндірістік тәжірибе практикасының өзектілігі. 2012 жылдың 27 қаңтарында Мемлекет Басшысы Н. Ә. Назарбаев Парламенттің біріккен қос палатасында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жария етті.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму үрдісі жағдайында тұрақты даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі жолы агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдау аясында нарық талаптарына бейімделе жұмыс істеуі үшін қаржылық қолдаумен қатар, агроөнеркәсіп кешенін жетілдіру болып табылады.

Қазіргі таңда еліміздің жекелеген аймақтарының агроөнеркәсіп кешенінің алдында тұрған басты міндет тұрақты дамитын аграрлық-индустриялық және инновациялық орталыққа айналу, отандық тауарлардың әлем нарығына шығаруға жәрдемдесуді жүзеге асыру үшін маркетингтік қызметті қолданудың жаңа жүйелерін қалыптастыруды қажет етеді. Осыған байланысты, елімізде 2008-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасы және 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға ауысу тұжырымдамасы қабылданды.

Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту АӨК-дегі экономикалық механизмдердің теориялық-әдіснамалық көзқарастарын талап етеді және соның негізінде бәсекеге қабілетті саланың да дамуын, аграрлық саланың экономикасын мемлекеттік басқаруды қарастырады. Әрине, мұның бәрі қаржылық қамтамасыз ету, салық салу және басқа да мемлекеттік экономикалық басқару әдістерін ескере отырып жүргізіледі, олар кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

Агроөнеркәсіптік кешеннің осы және басқа да міндеттері біз қарастырып отырған проблеманың өзектілігін және оның ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті өндіріс қалыптастырудағы практикалық мәнін көрсетеді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Ауыл шаруашылығын, яғни аграрлық секторды мемлекеттік реттеуің экономикалық механизмін және оның инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін зерттеуге отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген жұмыстары арналған.

АӨК ұйымдастырушы экономикалық механизмі мен нарықтық экономика мәселесін зерттеуге: Л. И. Абалкин, В. М. Баутин, В. Р. Боев, И. Н. Буробкин, И. Н. Буздалов, Г. В. Беспахотный, Д. Ф. Вермель, A. M. Гатаулин, В. А. Добрынин, А. П. Зинченко, С. В. Киселев, В. А. Клюкач, В. В. Кузнецов, В. В. Милосердов, А. А. Никонов, Г. А. Романенко, А. В. Петриков, Э. А. Сагайдак, А. Ф. Серіков, М. П. Тушканов, И. Г. Ушачев, И. Ф. Хицков, Л. И. Холод, Ф. К. Шакиров, А. А. Шутьков үлкен үлес қосты.

Қазақстандағы АӨК-ді мемлекеттік реттеудің экономикалық механизм жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық сұрақтары Г. Қалиевтың, К. И. Искаховтың, К. Қайырбековтың, В. Е Левичевтің., Ж. С. Сундетовтың, Т. И. Есполовтың, М. И. Сигарев, Б. Ш Сыздыковтың және т. б. көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді.

АӨК даму жүйесінің ғылыми негіздемесі оның даму деңгейінің болжамы мен тиімділігінің бағасын қоса алғанда аймақтық деңгейінде құралынады. Нарықтық экономиканың тұрақталу жағдайында аймақтық АӨК-ні реттеудің экономикалық механизмі қызметінің дәрежесін айқындау, әдіснамасының тиімділігін зерттеу қажеттілігі туындады.

Қазіргі кезде елімізде республикалық деңгейде төмендегі мәселелерді шешу қарастырылуда:

  • еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аграрлық саясаттағы жалпы принциптер мен шараларды жақсарту;
  • ауыл шаруашылығында тиімді ресурсты потенциалды құру;
  • ауылшаруашылық өнім мен басқа да салалар арасында баға паритетін қамтамасыз ету;
  • салық және қаржы-несие жүйелерін реттеу.

Дегенмен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік экономикалық реттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері экономиканың жаһандану жағдайында және ДСҰ-на ену кезіндегі экономикалық механизмдер қалыптастыру барысында толық ашылған емес, бәсекеге қабілетті аграрлық саланы қалыптастыруда кешенді көзқарастар ойластырылмаған.

Қазақстанның аграрлық сала экономикасын басқару механизмдерін жетілдіру керек. Міне, еліміздегі осындай жағдайлар қызығушылық тудырып, менің диплом жұмысының «Аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді жетілдіру және оның инфрақұрылымы» тақырыбын таңдауыма себеп болды.

Өндірістік практиканы өткізудің мақсаты. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өндірістік практикасын өткізудің мақсаты - аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді жетілдіру және оның инфрақұрылымын зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін жасау мен аграрлық өндірістің дамуы, оны жетілдірудің практикалық ұсыныстары мен әдістемелік шешімдері болып табылады.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Әкімінің және әкімдігінің актілерімен басқа да нормативтік құқық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің басты жұмыс бағыты мынадай заңды актілер бойынша жауапкершілік лицензиясына байланысты жұмыс істеуге мүмкіндігі бар:

  1. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі аппаратының кадр бөлімі Жарғысы
  2. ҚР Азаматтық кодексі
  3. ҚР-ң қаулысы, нормативтік актілер, нұсқаулар.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі аппаратының кадр бөлімі мемлекеттік мекемесінің заңды тұлға ретінде өзінің балансы бар, банктерде есеп-шоты, мөрі, орысша-қазақша тауарлық белгісі бар.

Өндірістік практикасын өткізудің мақсаты:

  • «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарымен және ондағы мемлекеттік басқаруды мемлекеттік реттеумен танысу;
  • «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтері мен міндеттерімен таныса отырып, тәжірибе жинақтау.
  • «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін қарастыру.

Өндірістік практиканы өткізудің міндеттері. Қойылған мақсатқа жету төмендегі басымды міндеттерді шешуді көздейді:

- «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімшілігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аграрлық өндірісті дамытуды және экономикалық механизм тұрақтылығының теориялық және әдіснамалық негізін дамыту және зерттеу;

- аграглық секторды мемлекеттік реттеуді жетілдіруді зерттеу;

- Қазақстан агроөнеркәсіп кешеніндегі бәсекеге қабілетті өндіріс қалыптастыруды талдау;

- экономиканың жаһандануы жағдайында аграрлық өндірісті мемлекеттік басқарудың экономикалық әдістерін дайындау;

- аграглық сектордың инфрақұрылымы анықтау;

- ауылшаруашылық өнімі нарығында белсенді мемлекеттік саясат жүргізу ұсыныстарын жасау т. б.


1. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ЖУАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1. 1 Жуалы ауданының құрылу тарихы

Жуалы ауданы - Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 4, 2 мың км². Тұрғыны 51 796 адам (2010) . Аудандағы 52 елді мекен 11 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылы.

Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті биіктігі 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан тас көмір, құрылыс материалдары кездеседі.

Жуалы ауданы 1928 жылы қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Шымкент облысының құрамында құрылды және 1951 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының құрамына берілді.

Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы - облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан.

Ауданның жалпы жер көлемі - 421 мың 283 га., оның ішінде, егістік - 102 мың 759 га., жайылымдық жері - 219 мың 963 га., шабындық жері- 7458 га., көп жылдық ағаштар көлемі - 715 га. Халқы 51915 (52615) адамды құрайды. Аудан бойынша аула саны -10478 бірлік. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 12 адам. Ауданда мекен ететін ұлт өкілдерінің басым бөлігін, яғни, 87 % қазақтар, 8, 1 % орыстар, 1, 06 % шешендер, 1, 04 % әзірбайжандар, 1, 9 % басқа да ұлттар құрайды. 26159 ер, 26456 әйелдер.

Ауданды солтүстік жағынан Қаратау таулары, батысынан Боралдай, оңтүстігінен Талас-Алатауы, шығысынан Қырғыз Алатауықоршап жатыр.

Аудан аумағын "Алматы-Ташкент" халықаралық трассасы және теміржол магистралы қиып өтеді.

Аудан аумағында Теріс, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай және Қошқарата өзендері, сонымен қатар, Билікөл көлі, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы бар. Су қоймасының сыйымдылығы 158 млн. куб және ол Жамбыл ауданының 23000 га. жерін суландырады.

Аудан аумағы 15 ауылдық округтерге бөлінген. Ауданда барлығы 52 елді- мекен бар.

Жалпы мағлұмат

Әкімшілік орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылы
Халық саны - 52 000 адам
Аудан территориясы 4200 шаршы километрді құрайды
Аудан округтар саны: 15
Орнаған жылы: 27 желтоқсан 1933

Индустриалды - экономикалық профиль

Аудандық тіркелген заңды тұлғалар саны 2010 жылғы 1 желтоқсанға 256 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 205 құрады.

Істеп тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдары және жұртшылық шаруашылықтарының саны 2 055 бірлікті құрады, оның ішінде шаруа қожалықтар саны 2 039 құрады.

2010 жылдың қантар-қарашасында аудан бойынша негізгі капиталға инвестициялар 3, 0 млрд. теңге құрады, 8 188 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Аудан бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 11 695 теңге құрады.

Аудан бойынша күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны 2009/2010 оқу жылының басына - 46 бірлікті құрады, оқушылар саны - 10805 адам.

Ерекшеліктер мен көрнекті орындар

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 1 аудандық, 1 ауылдық балалар кітапханасы, 24 ауылдық кітапханалар және 1 аудандық халық шығармашығы және мәдени демалыс орталығы, 9 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб, 1 жылжымалы клуб тұрғындарға қызмет көрсетуде. Сондай-ақ «Қызғалдақ» ән-би ансамблі, «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрлары бар.
Аудан территориясында көптеген тарихи-мәдени мемлекеттік маңызды - Берікқара (б. з. д. II - IV б. з. ) қорған бар.

Қала салушылық ескерткіштер арасында жергілікті сайланған сәулет және археология арасында - жерлес- сарбаздарға арналған ескерткіштер, Б. Момышұлы ескерткіші, тасқа қашап салынған суреттер (б. з. д. II мыңжылдық ) темір дәуірінің қорымы мен түрік заманындағы қорғандар, Бурно-Октябрьск қалашығы, Белгісіз тас сақиналары бар.

Аудан әкімі

Кулекеев Батырбек Абдырасылұлы

Әкімдіктің байланыстары

Б. Момышулы а., Жамбыл көш., 12
тел. : 8 (72635) 2-13-65
факс: 8 (72635) 2-15-00

1. 2 «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметі

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мынадай ведомстволары бар:

1) «Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің Жуалы аудандық Бизнес - Инкубатор» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, үй № 12.

Мемлекеттік органның толық атауы - «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Осы Ереже «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Міндеттері:

1) қолдағы бар экономикалық потенциалдармен: жер, су, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының мүмкіндіктері тиімді пайдалануға ықпал ету және осының негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді және кәсіпкерлікті ұлғайту, диверсификациялау, ұйымдастыру;

2) ауыл шаруашылығын ғылыми негізде жүргізу және өндіріске жаң технология енгізу мақсатында Респуликаның ғылыми зерттеу институттарымен шартқа отырып, олармен бірге жұмыс атқару;

3) аудан агроқұрылымдарын сапалы және жоғары репродукциялы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарымен қамтамасыз ететін шаруашылықтарға үстеме қаржы бөлуді (дотация) ұйымдастыру;

4) аудан агро құрылымдарына жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май беру жұмыстарын ұйымдастыру;

5) суармалы егістік жерді сумен қамтамасыз етуді, суландыру жүйесін тиімді пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;

Функциялары:

1) орталық аппараттың функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру, Жамбыл облысы және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Жамбыл облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсп басқармасының бөлімнің құзіретіне енетін мәселелерге қатысты шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамсыз ету;

2) кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бизнесті дамыту бағдарламаларын іске асыру;

3) кәсіпкерлікті қолдау көрсеткіштері бойынша ауданның дамуы мониторингін жүргізеді, индикативтік жоспарды дайындайды;

4) аудан әкімдігі жанында кәсіпкерлік сұрақтары бойынша комиссиясының және кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша Эксперттік Кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады;

5) мемлекеттік басқару органдарының өкілдері мен кәсіпкерлердің бизнес кездесулерін ұйымдастырады;

6) аудан кәсіпкерлерін шет мемлекеттік потенциялдық әріптестермен іскерлік байланыстарына және бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруға ықпал етеді;

7) кәсіпкерлікті қолдау сұрақтары бойынша ассоциялардың және қоғамдық ұйымдардың қызметтеріне ықпал етеді (бизнес - инкубатор, бизнес - орталықтар) ;

8) кең ауқымдағы аудан тұрғындарына кәсіпкерлікпен айналысу үшін жағдайларды жасау арқасында кедейшіліктік және жұмыссыздық мәселелерін шешуге ықпал етеді;

9) аудандық әлеуметтік - экономикалық дамуының мемлекеттік және орта мерзімді жоспарларын, негізгі микроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;

10) заңнама қолдану практикасына талдауды, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды, өз құзіреті шегінде нормативтік - құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлеуді және дайындауды немесе қабылдауды;

11) өз құзіреті шегінде мемлекеттік, салалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамсыз етуді жүзеге асырады;

12) негізгі қызметтік сұрақтары бойынша жиындар, дөңгелек үстелдер, конфернциялар, форумдар, көрмелер және оқыту семинарлар ұйымдастырады;

13) ауыл шаруашылығын лизинг негізінде қайта жарақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру;

14) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты.

2) ведомствоның функциялары:

1) кәсіпкерлік сұрақтары бойынша өтетін кеңестердің құжаттарын дайындауға қатысу, осы кеңесінің отырысына кәсіпкерлік субъектілерді және қоғамдық ұйымдарды қатысуға шақыру;

2) кәсіпкерліктің дамуы жолында кездесетін -өзекті мәселелерді шешу мақстаында құрылған консультативтік комиссиялардың және кеңестердің жұмыстарына қатысу;

3) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

Құқықтары мен міндеттері:

1) ауданның ауыл шаруашылық агроқұрылымдарының егістік жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау жүргізу;

2) ауыл шаруашылығына тауарлы және қаржылай несие беруді ұйымдастыру және оның мақсатты пайдалануын қадағалау;

3) шаруашылықтардың егістік жұмыстарында ауыспалы егістік сақтау технологиясының дұрыс жүргізілуін қадағалау;

4) шаруашылық құрылымдардың малдарын асылдандыру жұмысын ұйымдастыру;

5) ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде жаңа технологияның енгізілуін, оларды пайдалануда техникалық ережелердің сақталуын қадағалап, жаңа техникаларды жарнамалайды;

6) бөлімге қарасты ауыл шаруашылық құрылымдарында экономикалық жұмыспен, бухгалтерлік есеп және финанс қызметінің өз дәрежесінде ұйымдастырылуына, іс қағаздарының дұрыс жүргізілуіне, берекесіздікке, орынсыз шығынға жол бермеу жолында бақылау жүргізеді.

Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жуалы ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мекеменің атынан сенім хатсыз іс-әрекеттер жүргізеді;

2) мекеменің мүдделерін барлық органдарда қорғайды;

3) Заңдарда көзделген жағдайлар мен шеңберінде мүлікке билік етеді;

4) шарттар жасайды;

5) Сенім хаттар береді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Келес ауданының әкімі
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігі мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қаржылық жағдайын талдау
Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару
Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама
Созақ ауданы әкімдігінің құрылу тарихы
Мекеменің құқықтары
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz