Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдары
2.1. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
2.2. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға
тарту
2.3. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
2.4. Баланы ауыстыру
2.5. Бала асырап алу құпиясын жария ету
2.6. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған
қаражатты төлеуден әдейі жалтару
2.7. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді
орындамау
2.8. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау
2.9. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану
2.10. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы,
ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1); Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы
(2); Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-
анасына қамқорлық жасауға міндетті (3) — делінген. Бұл көрсетілген
қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне
сәйкестендірілген. Адам құқығы жөніндегі 1948 жылғы Жалпыға бірдей
Декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы 1966 жылғы Халықаралық
актіде отбасы қоғамның табиғи негізгі ұясы және ол мемлекет пен қоғам
тарапынан қорғау құқығына ие деп белгіленген. 1989жылы 20 қарашада
қабылданған Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияда да балалардың азаматтық
және саяси-әлеуметтік құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасы да отбасы және кәмелетке толмағандар жөніндегі
халықаралық құқық нормаларын қастерлей отырып, осы мәселелерге байланысты
пайда болатын қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауға
ерекше мән береді.
1997 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 2-
тарауы отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін
жауаптылық белгілеген. Бұл тарауда осы тұрғыдағы қылмыстарға арналған нақты
қылмыстардың мынадай түрлері көрсетілген: кәмелетке толмаған адамды
қылмыстық іске тарту (131-бап); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-
әрекеттер жасауға тарту (132-бап); кәмелетке толмағандарды саудаға салу
(133-бап); баланы ауыстыру (134-бап); бала асырап алу құпиясын жария ету
(135-бап); балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған
қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап); кәмелетке толмаған баланы
тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (137-бап); балалардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше
орындамау (138-бап); қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану
(139-бап); еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-
бап). Осы топқа жататын қылмыстардың объектісі ата-аналар мен балалардың
арасындағы отбасылық қатынастар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың дене
бітімі, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып,
қалыптасу жағдайлары болып табылады. Енді осы топқа енген қылмыс
құрамдарының әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап өтейік.
ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРЫ
2.1.КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН АДАМДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ ТАРТУ
Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске
тартуы жеке қылмыс құрамы ретінде қарастырылады.
Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке толмағандардың бірқалыпты
дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.
Қылмыстың жәбірленушісі — 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке
толмағандар.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер (тәсілдер) қолдана
отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге
асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарды
қылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға
жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді
айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі заңда тікелей көрсетілмеген, бірақ
ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет көбінесе психикалық
әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да
тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды
үрейлендіру немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қаддыратын
әрекеттер жасаймын деген әрекеггер арқылы, олардың психикалық санасына әсер
етулер қорқыту деп табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене
қимылын көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін және мүндай қорқытулар
жәбірленушінің тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ.
Субъектінің болашақта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем
көрсетуге (оқуға түсіруге, жүмысқа тұрғызуға немесе оларға басқадай
игіліктер жасауға міндеттемелер алуы) уәде беру деп танылады.
Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды
қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы оларды жаңылыстырып
қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы,
ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жүкті жол
бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға
көмектескенін бірақ біледі. Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен
қылмыс жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық,
қараниетгі іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, боп салау, материалдық
тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданғанымен кәмелетке толмағандар
қылмыстық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті
кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуға оқталғандық ретінде
сараланады.
Қылмыс формальдық құрамға жатады. Және ол кәмелетке толмағандарды
қылмысқа тартқан уақыттан (яғни 18-ге толмаған адамның оған келіскен
сәтінен бастап) аяқталған деп табылады. Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-
тармағы бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды істеуге
кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін ғана жауаптылық көзделген.
Субъективтік жағынан ҚК-тің 131-бабында көзделген қылмыс тек қана тікелей
қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып
жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық іске тартқанын сезеді,
біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әр түрлі әрекет жасайды. Қылмыстық
ниет және мақсат әртүрлі (кек алу, қызғаныш, пайдакүнемдік, басқа да
зұлымдық ниеттер) болуы мүмкін. Бұлардың іс-әрекетті саралауға әсері
болмайды, бірақ жаза тағайындағанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі - заңда тура атап көрсетілгендей кәмелетке
толмаған адамды қылмыстық іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке
толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы
бұл қылмыс құрамына жатпайды.
Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі
міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет—осы
қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 131-бабының 2-тармағы).
Көрсетілген адамдардың кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі құқықтық
жағдайын пайдаланып, осы іс-әрекеттерді істеуі қылмыстың қоғамға
қауіптілігін едәуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазақстан
Республикасының неке және отбасы туралы 1998 жылы 17 желтоқсанда
қабылданған Заңына сәйкес шешіледі.
Педагог деп тәрбие немесе оқу процесімен айналысатын адамдар танылады.
Педагогті қылмыстың субъектісі деп тану үшін оның жұмыс істейтін оқу
орындарының түрі (жоғары оқу орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік
емес), нысаны (күндізгі, сырттай, кешкі) ешқандай әсер етпейді.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне
жүктелген өзге де адамдарға қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналар,
мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен
тәрбиелеу міндеті тікелей жүктелген — жақын-туыстары, ағасы немесе апасы,
әжесі немесе атасы жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш қолданып
немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер (131-баптың 3-
тармағы) — осы қылмыстың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндағы
күш көрсетуге жеткіншекті қылмыс істеуге ықпал ететін тәсілдерді қолдану
жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл және орта дәрежелі жарақат келтіру
арқылы қылмыс істеуге көндірулер жатады. Егер мұндай тәсілмен жәбірленушіге
ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда кінәлінің
әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Күш қолданамын деп
қорқыту — өлтіремін, денеңе жарақат келтіремін, жаныңды қинаймын, ертеймін
деген шын мәнінде іске асатын нәрсе жәбірленушіге тікелей психикалық әсер
ететін сөздерді кінәлінің айтуы жатады.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген
кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға
байланысты әрекеттер (131-баптың 4-тармағы) көрсетілген қылмыстың өте
ауырлататын түрі болып табылады. Ауыр немесе аса ауыр қылмыстардың түсінігі
Қылмыстық кодекстің 10-бабының 4,5-тармақтарында берілген.
2.2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН АДАМДЫ ҚОҒАМҒА ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУҒА ТАРТУ
Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары
елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға
және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала
бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар
мендей түскен, бұл, әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және
адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе
басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не
спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен
немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.
Заң бойынша есірткілік немесе есеңгірететін затқа жататын, арнаулы
тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан көп медициналық
емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген
әрекеттерге ұдайы тарту деп танылады.
Есірткілік немесе есеңгірететін заттарды анықтау арнаулы сарапшылық
қорытынды бойынша анықталады.
Екі немесе одан көп реттерде кәмелетке толмағандарды үнемі спирт
ішімдіктерін (арақ-шарап) ішуге тартуды осы қылмыстың объективтік жағының
бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Арақ-шарапқа барлық
ішімдіктер, оның ішінде қолдан жасалған осындай заттар да жатады. Кәмелетке
толмағандармен бірге бір мәрте бірлесіп спирт ішімдіктерін ішу, оны мас
күйге жеткізу қылмыс болып табылмайды, мұндай әрекет әкімшілік құқықтық
жолмен жауаптылыққа тартылады.
Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқадай материалдық сыйақы
үшін нәпсіқұмарлық қатынаста болуға жеткізу, оларды жезөкшелікпен
айналысуға тарту деп танылады. Жезөкшелікке тартудың тәсілі — қорқыту,
тәуелділік жағдайларды пайдалану, көндіру арқылы болуы мүмкін. Егер кінәлі
адам өзі жезөкшелікке тартқан адамды зорласа немесе оны аздыратын басқа да
әрекеттер жасаса, онда оның әрекеті істеген қылмыстардың жиынтығы бойынша
сараланады.
Кәмелетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға орын
ауыстыруға, тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ
ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп
тарту қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік,
киім-кешек немесе басқадай материалдық құндылықтарды сұрап алып табыс
табуға әр түрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру, оны
қаңғыбастықпен айналысуға тарту деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту
формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда (132-бап) көрсетілген
әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі
адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгірететін
заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы
тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға
(ұдайы болмаса) тартқанын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 18-ге толған есі дұрыс адам, Қылмыстық кодекстің 132-
бабының 2-тармағында: ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды
тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ
сол әрекет, ал осы баптың 3-тармағында, осы баптың бірінші немесе екінші
тармақтарында қарастырылған бірнеше рет не күш қолданып немесе оны
қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық
көзделген. Осы бапта көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау
бірнеше рет жасалған әрекеттер деп танылады (ҚК-тің 11-бабы).
Қылмыстық кодекстің 132-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген
ауырлататын және аса ауырлататын белгілердің түсініктері тиісінше Қылмыстық
кодекстің 131-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген белгілермен
бірдей, сондықтан да бұл ұғымдарға арнайы тоқталып жатпаймыз.
2.3. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ САУДАҒА САЛУ
Кәмелетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылық бұрын Қазақстан
Республикасының аумағында қолданылған қылмыстық заңдарда мүлдем
көрсетілмеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс Кеңес өкіметі орныққанға
дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кәмелетке
толмағандар зат, товар ретінде пайдаланылып, қылмыскерлерге пайда
табудың көзіне айналды. Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз
құбылыстарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 133-
бабында осы тұрғыдағы іс-әрекетке қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке толмағандардың мүддесі,
олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.
Қылмыс объективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу — сату
немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасау, сол сияқты оны пайдалану не
азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған адамды белгілі келісімді ақы алып (ақшалай, заттай,
қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға беру, сату немесе сатып алу
деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды айырбастау (үйге, көлікке, басқа
тауарларға), сыйға беру (мысалы шетелге тұрақты өтіп кетуге байланысты
көрсеткен көмегі үшін немесе шын достықтың белгісі ретінде тегін беру);
қарызын немесе басқадай міндеттемелерін өтеу үшін беру; басқа біреуге
уақытша пайдалануға жалға беру өзге мәмілелер жасау деп танылады. Кәмелетке
толмағандарды пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, пайдалану
мақсатандағы өзге де әрекеттер ҚК-тің 128 бабында көрсетілген осындай іс-
әрекеттермен бірдей. Қылмыс жәбірленушіні саудаға салу жөніндегі мәмілеге
қол жеткізілген және кәмелетке толмаған адамды басқа біреуге берген немесе
ҚК-тің 133-бабының 1-бөлігінде көрсетілген басқа да кез келген іс-
әрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс — кәмелетке толмағандарды саудаға салу тек
қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Бұл жерде осы қылмысты істеуге кінәлі
болып адамды сатқан және сатып алған жақтар, сондай-ақ осындай әрекеттерге
бағытталған өзге де мәмілелер жасауға қатысқандар (жәбірленушіні заңсыз
біреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табылады. Өйткені олар
өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді
және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс, кәмелетке
толмағандарды саудаға салуға қатысқан адамдар.
Қылмыстық кодекстің 133-бабының 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді:
а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
б) бірнеше рет;
в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп
қорқыту арқылы;
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
е) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін жәбірленушінің органдарын
немесе тінін алу мақсатында;
ж) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;
з) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;
и) кәмелетке томаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де іс-
әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
қ) жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жасалған
болса
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, кәмелетке
толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету,
Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер,
сол сияқты осындай әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, Қазақстан
Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы тасу - көрсетілген қылмыс құрамының аса
ауырлататын түріне жатады (қылмыстық кодекстің 133-бабының 3-тармағы).
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші банктерінде көзделген
әрекеттер, егер: а) ұйымдасқан топпен жасалса; б) абайсызда жәбірленушінің
өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса іс-әрекет ҚК-тің 133
бабаның 4 тармағы бойынша сараланады. Өзге де ауыр
зардаптарға—жәбірленушіге орта, ауыр дене жарақатын келтіру, кәмелетке
толмаған адамның кінәлінің заңсыз әрекетіне байланысты өзін-өзі өлтіруі,
олардың жұқпалы аурумен зақымдануы, мүгедек болып қалуы сияқтылар жатады.
Қылмыстық кодекстің 133-бабының 4-тармағында көрсетілген қылмыс құрамының
субъективтік жағынан әрекеті қасақаналық, ал одан болатын зардап
абайсыздықпен жүзеге асырылады.
2.4. БАЛАНЫ АУЫСТЫРУ
Заң (ҚК-тің 134-бабы) баланы қасақана ауыстырғаны үшін қылмыстық
жауаптылық белгілеген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, баланы
ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып,
адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады. Қылмыстың
тікелей объектісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу және қалыптасу
жағдайлары, олардың және отбасының мүдделері.
Қылмыс объективтік жағынан баланы ауыстыру әрекеті арқылы жүзеге
асырылады. Баланы ауыстыру деп бір баланы басқа бір баламен ауыстыруды
айтамыз. Мысалы қыз баланы ер балаға, қара түсті баланы сары түсті балаға,
іштен мүгедек болып туған баланы дені сау балаға ауыстыру т.с.с. Баланы
ауыстыру жаңа туған балалар жөнінде — босану үйлерінде немесе балалар
үйлерінде, немесе уақытша бақылаусыз далада қалған баланы ауыстырып алу
арқылы жүзеге асырылады. Өз баласын басқа баланың ата-анасының келісімінсіз
оның баласымен ауыстыру да осы қылмыстың құрамын құрайды. Жаңа туған
нәрестелерді екі жақтың да ата-аналарының өзара келісімі бойынша ауыстыру —
қылмыс құрамын түзбейді.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол бір баланы екінші бір баламен
заңсыз ауыстырған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Егер осындай
ауыстыру сәтінде кінәлі адамның қылмысы әшкереленіп қалып, ол қылмысты
ниетін ақырына дейін жеткізе алмаса, онда кінәлінің әрекеті осы қылмысқа
оқталғандық болып табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей
қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде тура көрсетілген. Кінәлі
адам баланы қасақана оның ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімінсіз
ауыстыратынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді. Егер баланы
ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz