Мектепке дейінгі бала тәрбиесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе 3

І. Отбасы тәрбиесі 5
1.1 Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі 10
1.2 Мектепке дейінгі бала тәрбиесі 12

ІІ. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу
2.1 Әлеуметтену үрдісінің отбасына ықпалы 14
2.2 Әлеуметтендіру үрдісінің мектепке дейінгі балаларға әсері 14
20
ІІІ. Отбасындағы балалардың әлеуметтенуін зерттеу
3.1 Балалардың әлеуметтену үрдісіне қатысын анықтауға қажет әдістер27

Қорытынды 27

Пайдаланылған әдебиеттер 32

34

Кіріспе

Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп - өркендеуіне өз
үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу-мемлекетіміз үшін
Қазақстан -2030 стратегиясы анықтап берген және республиканың ғылым мен
білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі. Осы жолдауда
негізгі жетекші күш- адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі.
Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін
өсіру қажет, өркениетті жағдайлар жасау керек.
Қоғам үнемі даму үстінде. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың
даму деңгейі мен тыныс-тіршілігі әр алуан. Қазақта адам ұрпағымен мың
жасайды дейді.Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев: Біздің
жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік,
денсаулығы мықты өкілдері болады дейді.[2;13]. Елбасымыз қазақ елінің
азаматтары Орталақ Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады,
дамыған елдер қатарына қосылып, әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп
жастарымызды асқақ сезіммен алға тартып, оларға үнемі үлкен сенім
білдіреді.
Тақырыптың өзектілігі: Отан отбасынан басталады. Дамыған 50
мемлекеттің құрамына енеміз десек қазақ отбасына, ондағы талім-тарбиеге
көңіл бөлуіміз қажет. Мемлекеттің болашағы-жас ұрпақ. Сол жас ұрпаққа тәлім-
тәрбие беретін отбасы. Қазіргі отбасындағы талім-тәрбие психологиясы
қоғамды алаңдататын проблема. Қазақстан Республикасының Білім беру
Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың жеке
қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамды қоғамдық дамыту сияқты
өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналы да,
салауатты ұрпақ тәрбиесі.Ендеше,отбасы мен Отанымыз, қоғамымыз боп бала
тәрбиесіне үлес қоссақ қана бүгінгі елдің ертеңгі болашағы жастарымызды
дұрыс тағылыммен тәрбиелей аларымыз қақ.
Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаларға қамқорлық
көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген
сенімін қалыптастыру маңыздылығынан жұмысымыздың бүгінгі күнгі өзектілігі
туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қоғамымыздағы балалардың орнын,
қабілеттері мен әлеуметтенуін жан-жақты аша түсу, олардың жанұядағы
ерекшеліктерін анықтау және балалар психикасын қалыптастыру жолдарын
айқындау болып табылады. Қазіргі замандағы отбасы түрлері, отбасындағы бала
тәрбиесі, отбасы тәрбиесіндегі кейбір қиыншылықтар мен қателіктердің
түрлері, ата-аналардың педагогиклық- психологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Негізгі идеясы: Қазіргі заманғы отбасындағы балаларды тәрбиелеу
процесіндегі әлеуметтендіру үрдісін жетілдірудің негізгі жолдарын анықтау.
Міндеттері:
1. Әлеуметтену ұғымы және баланың әлеуметтенуін зерттеудің теориялық
негіздеріне талдау жасау.
2. Мектепке дейінгі балаға тән даму ерекшеліктерін анықтау.
3. Балалардың әлеуметтенуінің әр түрлі әдіс-тәсілдерін зерттей отырып,
қоғамда бала психикасын қалыптастыру жолдарын қарастыру.
4. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып зерттеу
жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу пәні: Әлеуметтену үрдісі.
Зерттеу обьектісі: мектепке дейінгі баланың отбасындағы тәрбиесі
Курстық жұмыстың болжамы: Егер баланың қоғамдағы орнын, әлеуметтенуін
ескеріп, отбасында тиімдіде, жан-жақты жұмыс жүргізіліп, басты назарға
алынып отырса, баланың тәрбиесіне, оның дамуына, өмірден алар орнын табуға
байланысты іс шаралар Қазақстан жастарын болашаққа бағыттауда тиімді нәтиже
береді деп топшылаймыз.
Зерттеу базасы:отбасындағы және балалар үйіндегі мектепке дейінгі
балалар.
Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау жасап,
отбасындағы балалардың қоғамдық орнын анықтауға арналған әдістемелер арқылы
эксперимент жасадық, сұрақнама, тест, диогностикалар, салыстыру,
әңгімелесу, бақылау, математикалық сандық әдістер қолдандық және ой қорыту
жасадық.
Жұмысыма теориялық негіз болған: Қ.Жарықбаев Психология, Алматы 1993
жыл, Н.С.Лейтес Возрастная психология М 2001 г, Б.Н.Теплов психология,
Москва 1985г, Сәбеп Бап-Баба Жалпы психология, Алматы 2005 жыл. т.б.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі
бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.Отбасы тәрбиесі

Қоғамда отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы
қадамдарын жасайтын бастапқы адым, ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы
түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын
қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты
арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар
беріледі.
Қазіргі нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай
адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық
бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана
мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып
отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.
Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-
әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін,
ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық
отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардыңөміріне жаңа
әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің
төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне “өзінше” қиындық әкелді.
Қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз балалы
отбасында, негізінен бір баласы бар отбасында, ішкі отбасылық тәрбиенің ең
басты жағдайы жоқ, ол – балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі
қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-
ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып,
оның эгоистік жақтарының басым болуы.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы
босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты
тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және
педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық
құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда
бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен
дамудың маңыздылығы кемиді.
Әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына,
жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан
ауқатты отбасылар пайда бола бастады. Мұндай отбасында тәрбие белгілі бір
проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасындағы бала балалық ұжымдардан
алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген
жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Отбасының жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен
болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп
отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл
проблемаларды жеңуге тырысу.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті
ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас
Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенция” маңызды негізгі
құжат. “Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы
қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан
кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.
Конвенция баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын
жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің
дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ
баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана “баланың мақсат-
мүддесі үшін қажетін” орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс:
ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім
алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында
“мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер
арқылы жүргізілуі тиіс” деп, ерекше аталып кеткен.
Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған
Конвенция, “Бала құқығының декларациясы”; “Адам құқықтарының жалпы
декларациясы” және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР
Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы
тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР
Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және
міндеті.
2. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет
қамқорлығының аясында.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз
ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Консититуциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің
құқықтық принциптері “Неке және отбасы туралы” заңда (17. 12. 1998 ж.)
нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге
тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың
отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл
құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең
демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығын
және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы
тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты
дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана
билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде
қарастырылады.
ҚР “Білім беру туралы” заңында (07. 06. 2007ж.) елдегі білім беру-
тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша
көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-
аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманныңталабына сай зиялы білім
алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері
балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар
жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және
адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда,
Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын
дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл
беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байданыстың терең
демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
Қоғамдық отбасының тәрбиесі өмір салты, оның барлық құрылымдық
элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері
ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар.
Отбасындағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат,
міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін
негіз – іс-әрекет. Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет
болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиеніңмаңыздылығы ата-ананың
басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын,
эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.
Оқушының отбасында орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы.
Баланың отбасындағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық
үрдістің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы
ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала
тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың
отбасындағы араласатын іс-әрекетініңалуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие
құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың
белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім
әсерлері негізіндегі бір біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-
әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді.Ата-ана мен баланың ара
қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып,
отбасының даму мүмкіндіктері. Үйдегі ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала
арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық үрдістің
тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп,
көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген
қатысына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-
ананың өзінің бұрыңғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент
ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың
адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-
ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Қазіргі отбасындағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық
және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі –
оқушы тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл
ара қатынас отбасының педагогикалық процесінің күйі туралы ақпарат болған
жағдайда ғана жемісті бола алады.
Педагогикалық үрдістің сипаттамалары отбасының тәрбие мүмкіндіктерінде
жатыр. Оларға байланысты отбасындағы педагогикалық үрдістің тәрбиелік
мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады. Олар 1.жоғары, 2. орташа,
3.төмен.
Жоғары деңгей – барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан
отбасылар.. Орташа деңгейде отбасының педагогикалық үрдісі, жалпы алғанда,
қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде,
түзетуді қажет етеді.
Төмен деңгей отбасының іс-әрекетінде ала ауыздықпен, ата-ананың нашар
педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік,
педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады.
Отбасы жайлы алғашқы мәліметтерді “Менің отбасым”, “Біздің отбасындағы
демалыс күні”, “Менің үйдегі міндеттерім”, “Баланың отбасындағы бір күні”
атты шығармаларды оқу арқылы алуға болады. Балаларға сұрақтар беру солардың
төңірегінде ақпарат алу. Шығармалар арқылы ата-аналардың азаматтық
көзқарасы, отбасының рухани өмірі, оның мүшелерінің өзара қатынасы,
балаларға деген қатынасы туралы білуге болады.
Отбасы – іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі
бір қиыншылықтар ұшырасады. Отбасының сипаттамасы туралы мәліметтер алу
мақсатында жанұяға барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері
қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану
керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғалімнен өте жақсы дайындықты талап етеді.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған:
ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың
педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланыңоқу үлгерімі мен
тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті
(жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары
сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді,
ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік
(жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда
(сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ата-аналар комитеті – сынып
жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық,
орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып
жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің
көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып
жетекшісіне мектеп пен оқушылардың отбасы арасындағы байланысты орнатуға,
сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға
саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі.
Отбасы мен мектептің ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде
мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері
сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға,
олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір
отбасыларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы
нашар отбасыларға).
Отбасылар мен мектептің ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық-
педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен
конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша
да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда
отбасы мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері
талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет
өткізіледі.
Отбасына бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі – ата-
аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың
педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-
жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға
тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, “жанұя суреті”
ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық
сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды.
Көбінесе ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық
консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі
қолданылады.
Ата-аналарға отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек
көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек.
Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі “жаман” тәртібіне
шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш
нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко
мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне
шағымданудан сақтандырған: “Кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы
алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы
бұрыңғы қалпында қалады”, – дейді А.С. Макаренко.
Оқушылардың ата-аналары оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге
қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар,
үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде “Ашық есік күндері”
дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақтағы өз
балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру
тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін
ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу
жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай
қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек,
т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады.
Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып,
жаңалап, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса, тәрбиенің құндылығы арта
түседі. Халықтық педагогика негізінде ізгі қасиеттерді қалыптастыру
мәселесін С.Ұзақбаева, құндылық бағдар негізінде Г.Нұрғалиева, ізгілік-
эстетикалық бағытында Ә.Шыныбекова, тұтастық педагогикалық үрдіс негізінде
болашақ ұстаздарды ізгілікке тәрбиелеу негізінде Н.Хмель, қиын балаларды
тәрбиелеу мәселесін Б.Айтманбетова мен Н.Базжанова сияқты ғалымдар зерттеп
келеді. Олар ұнамды қасиеттерінің барлығының қалыптасуы отбасында
қаланатындығын дәлелдеп, қиын балалар мәселелелері бойынша жүргізілген
зерттеулерінде отбасы тәрбиесінің рөлін ерекше атап көрсетті. Ал В.Лысенко
бала дұрыс тәрбеленуі үшін, ең алдымен , ата-аналар отбасы тәрбиесінде
белсенділік танытуы қажет деп санайды. Ол үшін ата-аналар педагогикалық
білімін көтеріп отыруы қажет.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол
қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын
әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген
жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі
әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайын бірі-
отбасы ішілік жане отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы
күнделікті тұрмыс қажеттілігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы
әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай
еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін
түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы
іске асады.
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар
мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру
әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның
мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік
үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы
әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің
объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаны” қалыптасу кезегінде
бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіпті” ма”ызды әлеуметтік мінездері, оны”
қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Әлеуметтендіру – тұлғаны” белгілі бір бейнесін дәріптейді, оны”
негізгі белгілері: адамны” әлеуметтік қарым-қатынасы, достық,
сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. “Адамны” адам болып
қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктерді” арқасында адам болып
қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды,
бірақ әркім-әрқайсысыны” жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап
қайтаруынан”.
Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады:
а. тұлғаның әлеуметтік бейімделуі,
б. әлеуметтік кемелденуі.
Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты.
Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан
ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші,
сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның
жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның
әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі.
Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік
дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде
оларды” дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға
әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген
ғылыми е”бектерде әлеуметтендіруді” жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт
топқа біріктіреді. Олар:
- мегафакторлар (мега- өте үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем
бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетіні” тұрғындарын
әлеуметтендіруге әсер етеді.
- макрофакторлар (макро-үлкен)
ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір
сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.
- мезофакторлар (мезо-орташа)
тұрғылықты жерде халықты” болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы
бойынша сараланатын адамдарды” үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы.
Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы
күштер жатады - үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары,
әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
Адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы қоғамдық мәдениеті адамдардың
әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет,
сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойынша, бұл
тұста философияда дәлелденген мәдениетті” үш түрін, яғни әр адамның
меңгеруі қажет – материалдық, рухани және социо-нормативті немесе
адамгершілік мәдениеті. “Мәдениет” латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау
деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты дәріптеп көтеру. Рим
ораторы М.Р. Цицерон өзінің “Тускуланские диспуты” еңбегінде ең алғаш рет
“мәдениет” сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл
ж.д.д.). Э. Тайлер мәдениетке барлық білімні” жиынтығы ретінде, яғни
адамны” табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем
өнер, әдет-ғұрып, діншілдік деңгейінде тұжырымдаған.
Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылық
заттардың жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі
бағыттағы объектілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет
шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті кейде интеллектуалды
деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен
бейнелеуді белгілі бір ғылым мен искусствада айқындалған болмысы ретінде
қабылданады. Социо-нормативті мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру
(экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді
еместігімен оқшауланады.
Адамдық мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының
басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады.
Екіншіден, мәдениеттің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, мәдениет
мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-
әрекетінің белсенді-жасампаз сапасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-
әрекет үстінде адамшылық мәдениетке ыңғайланады.

1.1. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі.

Отбасы ұжымы мектептегі сияқты баланы тәрбиелеу , оның қабілетін ,
еңбеккерлігін дамытуға , ұжымдық және дербес қасиеттерін қалыптастыруға
бағытталған. Сондықтан ата-аналардың күнделікті өмірде өз балаларының мінез
құлқын түзетуі , қажетті қассиеттерін дамытуы , оларды тәрбиелеуде
қиыншылықтарды жеңуі қажет. Олай болса баланы тарбиелеу жане қалыптастыруда
басқару процесінің жолын табу үшін, әрбір ата-ана оған жанасудың нәзік
құралын меңгеріп алуға ыждағатты болуы тиіс. Бұл жағдайда отбасы тарбиесін
шебер басқару балалардың адамгершілік мінезін қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады, ал жағымды және сол сияқты жағымсыз қылықтары да оларды өзін- өзі
тексеруге талпындырады.
Тарбиені шебер басқару ата- аналардан мол тажірибені, жоғары
адамгершілік сезімді, теориялық білімді және ұстамдылықты талап етеді.
Осының негізінде олар отбасында баланың өмірі мен қызметін ұйымдастыруы
қажет. А.С.Макаренао өзінің ата –аналарға жазған үндеуінде: Тарбие
жұмысының дәл мәні ... . сіздің баламен тіпті көзбе- көз әңгімелесуінізде
емес , сіздің балаға тікелей әсер етуінізде емес , ол сіздің өз отбасыңызды
ұйымдастыра білуінізде - деп жазды.
Баланы отбасы ұжыжы тарбиелейді . Оған барлық отбасы мүшелері қолайлы
жағдай жасайды. Баланы білім алуға , өмірге еңбекте , қоғамдық іс- әрекетке
даярлауға отбасы жауапты.
Балалардың өмірі мен іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру проблемасына
арналып ғылыми – педагогикалық еңбектер жазылған. Ол еңбектердің авторлары
Р.И. Черная, А.О.Пинт, В.Т. Воликова , Н.В.
Таранникова, т.б. ата - аналардың назарын мына мәселелерге аударды:
режим, үй жагдайы, балалардан үй шаруалығына қатысуы, олардың күнін дұрыс
ұйымдастыру , әдеби жане көпшілік - ғылыми кітаптар оқу , еңбекке , еңбек
адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу т.б.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып , тәрбие
мақсатына сай , оны ата - аналар түрлі еңбек іс - әрекеттеріне үйретуі
қажет. Бала отбасы ұжымының мүшесі , оның өз міндетін адал ниетпен орындауы
отбасы үшін зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей
парасатты ұйымдастырғаны жөн. Отбасында барлық тарбие жүйесі баланың
еңбекке қатынасын қалыптастыруға әсер етуі тиіс. Адамның отбасы , өндіріс
ұжымы, қоғам алдында еңбекке қатынасы, оның істеген қызметіне , моральдық
қасиеттерімен материалдық тұрмыс халіне байланысты. Еңбек процесінде адам
дамиды , қалыптасады оның өмір тәжірибесі баийды. Еңбекке қатынас - жеке
адамды дамыту мен тәрбиелеудің мақсаты. Тек қана еңьек адамды бақытты
өмірге бөлейді еңбек қоғамның материалдық жаңа рухани байлығының негізгі
қайнар көзі , адамның әлеуметтік абырой – атағының басты өлшемі , оның
қасиеті міндеті, жеке адамға тәрбие берудің ірге тасы - деп программада
жазылған.
Отбасы жағдайында өте маңызды құралдың бірі - еңбек тәрбиесі. Ол
баланы ұйымшылдыққа, ұдайы еңбекке тәрбиелейді. Әр түрлі еңбек тапсырмалары
- еңбек тәрбиесі балаларды өзімен отбасына ғана емес , Отан игілігі үшін
қызмет етуге даярлайды. Отбасы балардың жас және дербес ерекшеліктерін еске
ала отырып , олардың бірте – бірте еңбек іс - әрекетіне тарту, еңбек етуге
машықтандырады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек тәрбиесінің процесінде баланың
денесі шынығады , адамгершілік қасиеті дамиды . Отбасы шаруашылығы келешек
азаматтың мінезіндегі көптеген маңызды ерекшеліктерді тәрбиелеу үшін аса
қолалы өріс болып саналады ... .. Отбасылық шаруашылық саласына дұрыс
басшылық ету жәрдемі нәтижесінде ұжымдық, адалдық, қамқорлық , ұқыптылық ,
жаупкершілік бейімделу қабілеті, оперативтік қабілеті тәрбиеленеді – деп
жазды А.С. Макаренко.(5;385)

1.2 Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Жеке тұлғаның мәселесі – бұл
Психология ғылымында ең өзекті мәселелердің бірі, сонымен қатар ол
гуманитарлық, антропологиялық ғылымдар: педагогика, құқық, социология,
медицина,\ және экономика ғылымдарына тән.
Бұл ғылымдар өз бастауын жеке тұлғаны жалпылай алудан, басталып,
өздерінің керегінше зерттеуден өткізіп, талдайды.
Мәселен педагогикада жеке тұлғаны педагогикалық процестің объектісі
ретінде қарайды. Бұл тұрғыда ол оқу және даму секілді кезеңдермен
сипатталады. Ал философияда жеке тұлғаның қоғамдық қоғамдық дамудағы ролін
және тұлғаның болмысын анықтауға тырысады. Экономикада жеке тұлғаны
өндірістік субъект ретінде, материалды және рухани құндылықтарды бөлушы
және пайдаланушы ретінде қарастырады. Құқықтану жеке тұлғаны құқықтық сана
сезімді, құқықтық норма, тәртіп, құндылықтарды игеруші, тасымалдаушы
ретінде және құқықтық қатынастар, қозғалыстар, тәртіптер субъектісі ретінде
қарайды.
Психологияда жеке тұлға оның ішкі құрылымы, архитектоникалық құрылысы
пайда болу заңдылықтары, қалыптасу, даму, социалды психологиялық құбылыстар
табиғи биологиялық міндеттемелерін зерттеледі.
Психологиядағы ең өзекті мәселелердің бірі – психологиялық
механизмдерді функционалды қызметін, олардың пайда болуы және адам
өміріндегі маңызын зерттеу болып табылады.
Тұлға туралы түсінік: адам, индивид, индивидуалдық, субъект,
субъектілік деген түсініктермен тығыз байланысты.
Адам - екі басты, бір-бірімен тығыз байланысқан жүйе: биологиялық және
психологиялық, рухани жүйеден тұрады. Өзінің психологиялық, физиологиялық
дамуында адам бірнеше сатыдан өтеді: сәби, балалық шақ, жастық шақ, есейген
шақ және кәрілік.
Индивид – бұл нақты жеке алынған тұлға.
Индивидуалдық – бұл адамның жалпы психологиялық-физиологиялық өзіндік
ерекшелігі.
Субъект – психологиялық характеристикалардың жиынтығындағы адам, оның
қабілеттілігі, мақсатты айқындауы және соған жетерліктей жасайтын іс-
қимылы, жалпы өзін-өзі көрсетуі.
Субъектілік – бұл адамның осы немесе басқа мақсатқа бет бұру қабілеті
және соған жету жолындағы адамның белсенділігі.
Тұлға – бұл нақты адам. Рухани, психологиялық ерекшелігі. Тұлға – ол
сана сезімнің иесі, нақты адам және өзін-өзі игеруші.
Сана сезім – ол тарихи, қауымдық мінез-құлық.
Өзіндік сана сезім – бұл адам санасының ең жоғары жамуы, оның ақыл-
ойының белсенділігі, өзінің мүмкіншіліктерін нақты өмірде бағалай білуі.
Тұлғаның қалыптасуына социалдық мәселелер көп әсерін тигізеді және
оларға мыналар жатады:
1. Макросоциорта – қоғамдық сап, мемлекеттік құрылыс, қауымның дамуы және
мемлекеттің адамдарға көмек беру мүмкіншілігі, идеологиялық өзіндік
ерекшеліктердің әсер етуі. Бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ
социалды-политикалық агетация, пропаганда, қауымның діни көзқарасы мен
өмірдегі орны, мемлекеттің халықаралық арендағы беделі, байланысы т.б.
2. Микросоциорта – бұған тұлғаның күнделікті өмміріндегі нақты қарым-
қатынас жасайтын ортасы кіреді. Бұл: отбасы, достаарының айналасындағы
көңіл-күй, мектептегі, сынып, студенттік группасы, өндірістік
еңбектегі әріптестері және т.б. адамның социалды ортадағы қарым-
қатынасы жатады.
3. Тәрбие – адамның қалыптасуымен даммуы үшін әдейі ұйымдастырылған
процесс. Үйдегі тәрбие, мектептегі, өндірістегі, этикалық тәрбие және
т.б. тәрбие жатады.
4. Еңбегі, шұғылданатын ісі – ойын, оқу, өндірістік, ғылыми болып
бөлінеді. Еңбектену процесінде адам өмірге белсене араласады. Социалды
тәжірибе жинайды, қоғамдағы өз орынын анықтайды., өзінің
творчествалық, физикалық потенциалын дамытады.
5. Социалдық әсер – бұған ең бірінші басқа адамдармен қарым-қатынасы және
т.б. түрлі процестер, әсерлер жиынтығы.
Психологиялық, биологиялық дамуда адам өміріне жасанды орта, оның өмір
сүру айналасы, жаңа техника, оны өндіру және пайдалану технологиясы т.б.
факторлар әсер етеді.
Социалды, даму, орта т.б. факторлармен қатар адам өмірінде елеулі орын
алатын әсер ол – биологиялық фактор. Қандай да бір қимыл, қозғалыс, даму
процесі болмасын олардың бәрі осы биологиялық ерекшеліктерімен
құрылымдарына байланысты. Адамның сана сезімінің орналасуы, ауытқуы, ми
бөлімдерінің жұмыс жасауы т.б.
Психологиялық дамуымен бірге адам өмірінде өзіндік физиологиялық
ерекшеліктері, организмнің жағдайы, қалпы әсер етеді.
Психологиялық дамудан өзге бір даму факторы ол табиғи орта: климаттық,
географиялық, геофизикалық, космостық және т.б. өмірдің, табиғат талаптары
ескеріледі. Біркелкі емес, немесе адам өмірін жасайтын факторлар зілзала,
табиғи апат, жойқын күштер де адам психологиясының дамуына әсер етеді.
Зерттеушілерді қызықтыратын әрі өте аз зерттелген факторлардың бірі –
ол ноосфера қабаты, яғни космос. Ол жердің информациялық-энергетикалық
басты қозғаушы күші болып табылады және планетадағы әр адамға өз әсерін
тигізбей қоймайды.
Тұтасымен айта келе тұлға – ол жоғарыда аталып кеткен факторлардың
қарым-қатынастар жиынтығы, солардың нәтижесі. Бұл өте күрделі процесс.

ІІ. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу
2.1 Әлеуметтену үрдісінің отбасына ықпалы

Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан,"Азамат қалыптастырамын
десең, бесігінді түзе"- деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекеср айтпаған. Отбасыда
адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және
әлеуметгік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл
шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен
шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Әлеуметтену мәселесі жөнінде көптеген ойтұжырымдарды екі
қарама-қайшы бағыттағы көзқарастарға топтастыру мүмкін болады.
Біріншісін Э.Дюркгейм және оның ізбасарлары жақтайды. "Әлеуметтену" ұғымын
енгізген де - Дюркгейм. Бұл көзқарасқа сәйкес айтылатын, не байқауға
болатын, нәрселердің бәрінің шығу тегі жеке емес, қоғамдық сипат алады. Бұл
тұрғыдан әлеуметгенуді әдістемелік және ектемдік тәрбиеге теңестіреді:
қандай ереже, ойды, жүріс-тұрысгы білдіретін тәсілдің, қимыл-амалдардың
қайсысы болсын топ жеке адамға үйретуші болады. Әлеуметгену сонымен мінез-
құлықтың дағдылы қалыптарына сендіру, үйрету арқылы өтеді; әр адам олар
бойынша өзінің жеке жүріс-тұрысынын үлгісін жасайды. Осылай әлеуметтенудің
мақсаты болатын қоғамның біртектілігіне жетуді қамтамасыз етуге талпыныс
жасалынады, әлеуметтену арқылы әр келесі ұрпақ бұрынғы түсініктер, әдеттер
мен дағдыларды мұра етеді, сөйтіп қоғамның жаңа жағдайларына бейімделеді.
Г. Тард әлеуметтену үдерісі жеке адамдардың өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге
асатынын алғашқы болып көрсетті. Тард дара ұлғаның өзі өмір сүретін
қоғамның әлеуметтік мөлшерлері мен құндылықтарын еліктеу жолымен игеретінін
дәлелдеуге талпынады.
Осы тектес көзкарастарда адамның жасы мен ұрпақ аралағындағы
айырмашылықтары ескерілмейді, ал онысы жансақ пікірді тудырады: қоғам
бірқалыпты, өзгермейтін, иіексіз, бітпейтін ұрпақтан тұратындай
көрсетіледі. Мұнда дара тұлғаның дербестігі және оның өзін
қалыптастыруындағы белсенділігі жеткілікті бағаланбайды. Қарама-қарсы
көзқарасқа сәйкес әлеуметтену әлеуметтік жүйенің шешуші негіз болатынын
мойындамайды. Бұл ойтұжырым әлеуметтену үдерісін жеке дамуға бұрады. Оның
негізін ескі ойлау дәстүрінен М. Монтень, Ж.Ж. Руссо көзқарастарынан іздеу
керек. Олардың ойынша дара тұлғаның дамуы оның өз белсенділігіне тәуелді.
Сонда әлеуметтіліктің басымдылығы жоққа шығарылады.
XX ғ. социологиясында нығайтылатын түсініктер - ойтұжырымдар
әлеуметтенудің көптеген ерекшеліктерін ескеруге бет бұрды. Кең өрістеген
әлеуметтену теориясын жасаған-Т. Парсонс. Оның тұжырымы бойынша дара адам
өзге адамдармен қатынасу үдерісінде жалпы құндылықтардың маңыздысын өзіне
сіңірді. Жалпыға мәнді мөлшерлік қалыптарға еру салдарынан олар тұлғаның
кажеттілігіне, ішкі дүниенің құрылымдық бөлшегіне айналды. Парсонс
әлеуметтенудің бастапқы құралы деп отбасын айтады, өйткені мұнда тұлғаның
іргелі дәлелдемелік (мотивациялық) ұстанымдары қаланады. Шындығында
нәрестені алғашқы күндерінен бастап ең жақын қоршаған орта қалыптастырады.
Бір жасынан асқанша ол дыбыстарды, адамдардың түрлерін, аттарын ажыратуды
үйренеді, содан кейін ''Мен'" деген ұғымды пайдалана бастайды. 2-3 жас
аралығында сәби басқаларды түсіне бастап өзінің әлеуметтік "Мен" екенін
ұғатын болады.
Сәбидің алғашқы тәжірибесі әр түрлі тұлғалардың және оның ішінде
өзінің де бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыдан бастап адам өмір
бойы дара тұлға ретінде өзін басқа тұлғалармен салыстырып жүреді.
Хайуанаттардың нәрестелерді биелеудегі тарихи мысалдары адамның алғашқы
даму кезеңінде еліктеудің басым болатынын дәлелдейді. Әлеуметтік жағынан
оқшауланған тұлға жануарларға еліктейді; 2) қазіргі (мода) немесе
үйреншікгі (әдет) үлгіге еліктейді; өзіне еліктейді (дағды).
Яғни табиғи қабілеттер өздігінен дамымайды. Басқа Эгоның (мәннің)
шығуы өзі салыстыруға және өзі жөнінде өзі сияқтылардың арқасында
өзгешеленген пенде ретінде түсінігі қалыптасады. Әлеуметтену, әлеуметтік
адамға айналу басқа даралықтармен әрекеттесу барысында ғана болуы мүмкін.
Осы үдерісті түсіндіру көптеген ойтұжырымдардың туындауына әкелді.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей
қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас
үлғаюмен ол әсер бәсендеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-
қасиеттер тек отбасында ғаңа өрісін алады;
- отбасы түлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік,
моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейліңше
шоғырландырьш, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады,
қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасьіз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу,
патриот қалыптастыру, болашақ жанүя иегерін кемелдендіру және мемлекет
заңдарын мойындап, қүқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін
жетілдіру;
- отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы
отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себегггері ретівде келесі
жағдайларды алға тартуға болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай — жүмыс орнында,
жанүяда — ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық себептердің салдарынан
болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің
белең алуы.
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-
дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбйе-лік ықпалын көтеру
бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді үсыныстар беруі мүмкін?
Бүл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес:
тәрбиенің қоғамдық, эконо-микалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына
тәуелділігі объективті шындық. Бәріміз де осы заңдылық-тардың
қүрсауындамыз. Барша үмітімізді мүғалімге артамыз, тәрбиелік
жақсылықтарымызды оның жанпида-лығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-
пікірлерден арыла білген шынайы үстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға
орайластырғанын жөн деп білер едік:
отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-
әкімшіл ықпал, заң алдыңдағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың
заманы өтгі - алдыратын лыпасы жоқ певде неден қорықсын. Тек кеңпейіл
мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек,
үстаздық жана-шырлық қана күйзеліске үшыраған ата-аналар көңіліне демеу
беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан
азат етері кәміл;
- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп
пен мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы
ықпал-дарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты
проблемасына бағыттау;
- педагогикалық мүдде - ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен
үжымдар жүмыстарымен үйлестіре отырып, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын
жасау.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен
мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау- әрбір тәрбиешінің негізгі үстамы
болғаны жөн.
Атам қазақ басынан талай "ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаның" кебін
кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің, ғүлама
үстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние
ауыспалы, ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса,
дами бару, әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгіліқ, бірақ
олардың нақты кезеңдердегі шешуші әрқашан жаңашыл болғаны дұрыс. Ондай
шешімдерді ата-аналар есіне салу, отбасылық тәрбиенің астарлы, көзден таса
бұлтарыстарын тереңінен -түсінетіні педагогтың міндеті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Жас ерекшеліктеріне сай баланы сауықтыру шараларының маңызы
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі сабағын тиімді жүргізудің мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжірибе жүзінде әдістемесін талдау
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Пәндер