ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-7
I.Ерлі-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
1.1Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-9
1.2 Ерлі -зайыптылардың арасындағы некені тоқтату жолдарын анықтау және
шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-12
II. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЗАҢДАРЫ
2.1Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптерінің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-15
2.2Некеге тұрудың тәртібі мен
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-21
Қосымша

... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2-23
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24
Кіріспе
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде неке және отбасы құқығы туралы
мынадай төмендегі аспектілері анықталады:
Отбасы – барлық адамға қажетті нәрсе. Адамның отбасын құруы - өз алдына
маңызды әрі жауапты ісі болып келеді.
Барлық халықтарда неке және отбасы жөніндегі Заңдар мен кодекстерінің
болуы адамзаттың жеке қатынастары қоғамдық тәртіппен берік байланысты
екендігіне сенімді дәлел болып табылады.
Отбасы — қоғамның бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше
қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын
оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, некелі
болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Сонымен қатар
заңда анықталған жағдайларда – басқа да туыстар арасындағы қатынастарды
реттейді. Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы – неке қатынастарының
пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын
зерттейтін ғылым. Талаптар қоя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына
камқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен-тегін емес, ол
азаматтардың (жеткен жетістігі мен есеюіне және т. б.), коғамның (жақсы
отбасы - игіліктің негізі) камы үшін қойылады. Сондықтан отбасын қүру үшін
заңда қаралған жағдайлар жасалуы керек. Некелік жас ерлер үшін — 18 жас,
әйелдер үшін 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдер үшін
некелік жас бір жылға қысқартылуы мүмкін. Некелік жасты бір жылға қысқарту
үшін некеге тұруға ниеттенген қыз өтінішті өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті
қызбен келісе отырып, оның ата-анасы немесе асырап алған басқа да туысы
жазуына да болады. Некелік жастың бір жылға кемітілуі туралы мәселені
жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте, некелілікке қабілеттік адамның 18
жасынан басталады деп танылған (адамдар бұл құқығын өз еркінше шешіп, өз
ісіне өзі жауап береді). Егер некеге тұру 17 жасқа толмайынша рұксат
етілмесе, 18 жасқа толғанда бұл мәселе толығынан шешілетіні белгілі. Мұның
өзі, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиелеудегі тең құкығын,
мүліктерді пайдалану, тағы басқа отбасы өміріндегі тең құқықтық міндеттер
мен мәселелерді шешіп, айқындау үшін де қажет. Н.Ә.Назарбаев: Отбасында
адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген
ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен
басталады.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата –
анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ
өкілдері – атасы мен әжесі болады.
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала
асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан
туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін
тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен
байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке
қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан
Республикасының Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады.
Соңғы жылдары отбасы құқығы институтының маңыздылығын күрт өсуде.
Себебі мемлекетіміздегі болып отырған жағдайлар отбасыдан басталады және
отбасыға байланысты жүреді. Ондай жағдайлардың бірі – халықтың әлеуметтік –
экономикалық ахуалы. Себебі мемлекеттің әлеуметтік жағдайы, әрбір қадамы
отбасыға тікелей әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасының неке – отбасы заңдары бойынша:
- еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;
- ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
- отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол
берілмеушілік;
- отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
- балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп жетілуі
мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
- отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің
құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
- отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз
ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
- отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру
қағидаларына негізделеді.
Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар некеге тұрудың, некені
тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді,
отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап
алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында
көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың
арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік
жеке қатынастарды реттейді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды, азаматтық хал
актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету
тәртібін реттейді.
Неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке
қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген
тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек
пен әйелдің арасындағы теңқұқықты одақ.
Отбасылық заңнама келесі шарттар мен тәртіптерді реттейді:
• Некеге тұру;
• Некені тоқтату;
• Некені жарамсыз деп тану.
Некені қию, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану азаматтық хал
актілерін жазатын мемлекеттік органдар (АХАЖ) арқылы тіркеледі.
Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Некенің жарамсыздығы оның
қиылған күнінен бастап танылады. Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс
қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар
жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Сондай-ақ, егер мұндай некені
тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот
некені жалған деп тани алмайды.
Салдары некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған
мүліктің құқықтық режимі ҚР Азаматтық кодексінің үлестік туралы
ережелерімен реттеледі, ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп
танылады.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына
тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп
аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле
бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік -
өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік,
қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы,
көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді
қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға
жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша
шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты
болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу
отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен
салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі
реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып
табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен,
отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және
жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады,
өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге
де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы
қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары
мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың
негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық
қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір
атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі
тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір
негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа
ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды
(әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ – арғы
атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір
атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы -
әкесі, ал енді бір жағдайда – атасы болып табылатын көкесі мен жиені.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын,
сондай – ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің
алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі – зайыптылар мен ата –
аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық
туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай – ақ
оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші
кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші
кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары
(төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде
ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі
(бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында
болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі
бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс
және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан
тарайтын аға – іні, апа – қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана
ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп
есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір
кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың
әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды.
Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні –
қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.
Толық емес туыс аға – қарындастарды ерлі – зайыптылардың бұрынғы
некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға – қарындастарымен шатастыруға
болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес,
сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен
оның туыстары – екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке – шешесі
және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.
Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен
сипатталады. Соның өзінде балалардың ата – аналары ажырасқан болса,
балалары соның қарамағында қалған ата – анаға екінші жағы балаларды және
еңбекке жарамсыз ерлі – зайыптыны бағып – қағу үшін алимент төлейді. Егер
ерлі – зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке
толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық
көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң
және мемлекетарқыы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және
бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе
дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды
қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал
актілерін тіркеу (АХАЖ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер
органдары.
Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі
азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері.
Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ
өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп
атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың
ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т.б.
Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады.
Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАЖ органдары, тәрбиелік
мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы,
әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды
ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі
істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден
жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп
орындауға қатысулары мүмкін.
Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас
қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде
қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған
өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы
моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-
қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар,
жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен
іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі
әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық
және демографиялық факторларға байланысты.

1.1 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке
қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп
бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен
әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек.
Қазақстанда тек мемлекеттік АХАЖ органдарында жасалған адамдардың одағы
ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және
олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.
Ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің
теңдік қағидаларына негізделеді.
Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты
заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық
салдар туындатпайды.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету –
заң бойынша немесе неке шарты бойынша реттеледі.
Егер меншікке құқық заңмен реттелсе, онда заңды режим қолданылады. Егер
меншікке құқық шартпен реттелсе, онда шарттық режим қолданылады.
Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен
ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқығы некеде тұрған кезеңде үй
шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып күтуді жүзеге асырған немесе басқа
да дәлелді себептермен (ауру, оқу, әскерде қызмет ету секілді) жеке кірісі
болмаған жұбайға да тиесілі.
Мүліктің шарттық режимі – ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден
туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Конституцияға сәйкес әрбір
азамат ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу
және шығармашылық тілін таңдауға, еркін таңдап алуға құқығы бар. Мемлекет
Қазақстан халқының барлық тілдерінің қолданылу аясын сақтауға кепілдік
береді, оларды үйреніп-дамыту үшін жағдайлар туғызуға қамқорлық жасайды.
Мемлекеттік немесе өзге тілді меңгермеу себептері бойынша азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы азаматтарға мемлекеттік оқу
орындарында тегін орта білім алуға кепілдік береді. Орта білім алу
міндетті. Азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық
негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Ал жеке оқу орындары арқылы
білім алу белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын сақтау демократиялық.
Мемлекеттің міндеті. Ол үшін арнаулы қамқорлық жасалады. Қазақстан
Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін кепілді медициналық
көмектің барша түрін алуға құқықты. Мемлекеттік және жеке емдеу
мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналык, іс-тәртібімен айналысушы адамдар
арқылы медициналық жәрдем алу заңмен, белгіленген тәртіп бойынша
жүргізіледі.
Адамның негізгі құқығын қорғау принцип тұрғысында кең көлемде
қолданылады. Олар бүкіл әлемдік Конституцияларда көрсетілген. Бұл тұрғыдан
Қазақстан Республикасының Конституциясы оның үлгісі болып есептеледі.
Конституцияның екінші бөлімі (Адам және азамат) адам құқығына және оларды
іске асыруға арналған. Адамның құқығын қорғау Біріккен Ұлттар Ұйымының
Хартиясында, Хельсинки қорытынды актісі (Еуропа қауіпсіздік және
ынтымақтастық мәслихаты. ОБСЕ) сияқты халықаралық құжаттарда орын алған.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқығы кеңейтілген:
әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға,
тынығуға құкығы бар.
1.2 Ерлі-зайыптылардың некесін тоқтату жолдары анықтау және шешу жолдары
Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқықтық қатынастарының
тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді.
Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе
ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
❖ ерінің қайтыс болуы;
❖ соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
❖ некенің бұзылуы (ажырасу).
Неке және отбасы туралы Заңның 4-тарауы некенi тоқтату мәселелеріне
арналған.
Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен
бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі.
Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып
шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген
жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына
келтірілмейді.
Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАЖ органдары арқылы
қалпына келтірілуі мүмкін.
Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың
екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі.
Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе
алмайды.
Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана
тоқтатылады.
Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАЖ органдары немесе сотта заңда
белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.
Некені бұзу АХАЖ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген
ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал
сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ
жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.
Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
• АХАЖ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара
келісімі;
• кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
• бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАЖ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді.
Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде
жүзеге асырылады.
Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден
ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен
айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.
Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАЖ органдарында
бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың
қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.
АХАЖ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін
анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.
Кесте 2
Некенің бұзылуын тіркеу туралы арыз
Ерлі-зайыптылардың некесін бұзу туралы ____________________________
(соттың атауы, шешімнің
_______________________ шешімнің негізінде некенің бұзылуын тіркеуді
күні және нөмірі)
сұраймыз (сұраймын)
некені бұзушылар туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймыз (мын):
___________________ ЕРІ _______________________ ЗАЙЫБЫ
1. Тегі: некені бұзғанға дейін______________________________ ____________
бұзғаннан кейін ___________________________________ __________________
2. Аты ___________________________________ ___________________________
3. Әкесінің аты ___________________________________ ___________________
4. Туған күні ____ ____________ ж. _____ __________________ ж.
Жасы ___________ жасқа толды _________________ жасқа толды
5. Ұлты ___________________________________ _____________________
6. Тұрғылықты тұратын жері ___________________________________ ____
7. Қайда және кім болып істейді (егер
жұмыс істемесе, күнкөріс көзі көрсетілсін) ___________________________
8. Нешінші рет некеде тұрды ___________________________________ ____
9. Бұзылатын неке қайда қиылған, некені қию
туралы акт жазуының нөмірі және күні ______________________________
10. Өндіріп алуға жататын мемлекеттік
баж сомасы ___________________________________ _________________
11. Жеке басын куәландыратын құжаттар ____________________________
Арызға _________________ қоса беріп отырмыз (мын):
_____ _____________ 200 ____ ж.
Некені бұзушылардың қолдары:
ЕРІ ______________________ ЗАЙЫБЫ ________________________
(некедегі аты)
(некедегі аты)
Некені сот тәртібімен бұзу мынадай жағдайларда іске асырылады:
➢ ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;
➢ ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;
➢ егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені
бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден
бас тартса, т.б.;
➢ ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.
Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан
да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар
қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана
емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау
мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы
келетін болса, онда сот некені бұзады.
Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда,
ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық
мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына
қарай бегілейді.
Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және
жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені
бұзу іске асырылады.
Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары
болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген
жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен
қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы
жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде
сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай –
ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында
заңның 15 – бабында мындай қағида көзделген: Әйелдің жүкті кезінде және
нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға
болмайды.
Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір
жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге
келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды
тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған
болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы
келісімшартқа сәйкес бөледі.
Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы
өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.
Некені тоқтатудың құқықтық салдары. Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу
нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік
қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара
қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден
тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде
бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен
байланысты ерлі – зайыптылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz