Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы» Заңында [1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру” [2], “Қазақстан Республикасы азаматтарына мәдени-этникалық білім беру” [3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру” [4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, үздіксіз білім берудегі сабақтастыққа кең жол ашу талап етіледі. Олай болса заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда университет пен мектеп арасында сабақтастықты орнату бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық үрдісін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын қалыптастыруды психологиялық тұрғыдан А. Н. Леонтьев [5], С. Л. Рубинштейн [6], Л. В. Занков [7], Л. В. Эльконин [8], А. В. Петровский [9] т. б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан П. И. Пидкасистый [10], Т. И. Шамова [11], Г. И. Щукина [12], т. б. болса, отандық ғалымдардан Ж. И. Намазбаева [13], Т. С. Сабыров [14], Н. Д. Хмель [15] т. б. зерттеді.
Әдістемелік тұрғыда бұл мәселені А. Е. Әбілқасымова [16], Г. А. Ахметова [17], А. А. Бейсенбаева [18], М. Х. Балтабаев [19], Ж. Т. Дәулетбекова [20], Р. К. Дүйсенбинова [21], М. Ж. Жадрина [22], Қ. Қайым [23], Қ. Қ. Қабдықайыров [24], И. Д. Синельникова [25], О. С. Салимбаев [26], А. Т. Томаев [27], Б. Т. Набиева [28], Н. А. Рыков [ 29] т. б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты.
Мәселен, Б. Т. Набиева “Сабақтан тыс және сабақ байланыстылығы арқылы пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру” [28, Б. 13] тақырыбындағы ғылыми зерттеу еңбегіндегі мәселеге ғылыми талдау жасай келе, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап және сыныптан тыс оқытуды теориялық негізде байланыстыруға әрекет жасаған. Белгілі ғалымдар К. Қ. Құнантаева мен И. Р. Халитова “Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары” тақырыбындағы еңбектерінде Абай мұраларын тәрбие іс-шараларында пайдалану үлгілерін көрсеткен [29] .
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының сабақтағы және мектептен тыс тәрбие жұмыстарында танымдық қалыптасу байланыстылығын анықтауды көздеп, өзіндік үлгісін жасаған. Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың даму жағдайында ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемінің қауырт өсуіне байланысты университет пен мектеп арасындағы сабақтастық оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына тікелей әсер етеді.
Біз мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты тәрбие жұмыстары арқылы іске асыруды мақсат еттік.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған мектеп пен жоғары оқу орындарының арасындағы сабақтастықтың маңызын айта келе, бұл терминге өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.
Ақыл-ойы кемелденген, парасаты мен тұлғалық қасиеті жоғары маман дайындау ісінде оқушылардың төменгі сатыда алған білімін, меңгерген дағдыларын, қалыптасқан тәлімдік нормалары мен ұстанымдарын және білуге, үйренуге, түрлі іс-әрекетті орындау әдіс-тәсілдерін меңгеруге деген ішкі сезімдерін (ынта, ықылас, ниет, түрткі, тілек, қажет т. с. с) жоғары сатыда жаңа деңгейде дамытуды танымдық қызығушылықты қалыптастыру негіздері дейміз.
Сондықтан заман талабына сай маман дайындау жоғары сыныптарда басталып, студенттік кезеңмен ұштасып отырады. Демек жоғары оқу орындарындағы оқытушыларға, студенттерге аса үлкен жауапкершілік жүктелуде. Өйткені болашақ ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу мұғалімдер мен оқытушыларға байланысты. Білімді маман даярлау үшін толыққанды адам, жеке тұлға қалыптастыру - күрделі де келелі іс.
Оқушылар бойына танымдық қызығушылықты сіңіру - көп уақытты, мерзімді қажет ететін үрдіс. Жоғары оқу орындарында педагогикалық үрдісті мектеп бітірушілердің бойындағы ізгі қасиеттерді ескере отырып, ұйымдастырған жағдайда ғана жұмыстың нәтижесі жоғары деңгейде көрінеді. Бұл мәселеден мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастық қажеттілігі туындайды.
Оқушылардың таным үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын дамыту мәселесі бірқатар еңбектерде қарастырылған. Соның ішінде А. Тамаевтың “Әдебиет сабақтарында жоғары класс оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру” [27] тақырыбындағы ғылыми зерттеуінде оқушылардың оқырмандық қызығушылығының психологиялық негіздеріне, оны тәрбиелей отырып, әдеби білім беру мәселелеріне мән берілген. Субъектінің әртүрлі таным белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарының табиғи құбылыстарға қайта бейнелеу көрінісі (Л. П. Аристова), тұлғаның танымдық қасиетін сипаттаудың еріксіз жағдайы (Р. А. Низамов), ал оқушының өмірлік позициясындағы іс-әрекеттілігі (Г. И. Щукина), тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекеті сапасын (Т. И. Шамова) сараптаған болса, танымдық қызығушылық мәселесі Т. А. Буянова [31], Э. К. Васильева [32], О. А. Золотарева [33] және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазіргі кезде психолог-педагогикалық ғалымдардың еңбектерінде кәсіби қызығушылықтардың дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесіне және әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға ықпал ету мәселелеріне мән беріліп, өзіндік тұрғыда қарастырылып отыр. Кәсіби қызығушылықтарды тәрбие процесінде қалыптастыру жолдарын Л. А. Вайсбург [34], Ю. П. Вавилов [35], А. А. Газаев [36] және т. б. ғалымдар талдаған.
Педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - сабақтастық мәселесін А. С. Макаренко [37], В. Г. Ананьев [38], М. С. Керімбаева [39], Т. О. Оспанов [40], Г. В. Наумов [41], С. С. Смайлов [42] және т. б. ғалымдар өз еңбектерінде теориялық тұрғыдан негіздеген.
Дегенмен жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе, біздің зерттеу нысанымызға алып отырған оқушылардың танымдық қызығушылығын мектеп пен университет сабақтастығы негізінде қалыптастыру мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін анғардық. Бұл мәселе кеңінен талданып және педагогика ғылымынан заңды орын алуы тиіс деп санаймыз. Өйткені тәуелсіз елге қажетті білікті маманды даярлауда алғашқы икемдеу мәселесі орта оқу орындарынан бастау алады. Әрі бұл мәселені университет пен мектеп арасындағы сабақтастықтың мәні мен мазмұнын айқындап, соның негізінде дамытудың маңызы зор.
Біздің ойымызша, кәсіп таңдау кезінде оқушылардың көбінесе ата-аналарының ақыл-кеңесіне сүйенетіні немесе талапкерлердің мамандықтарды таңдаудағы білімсіздігі, сондықтан өзінің көңілі қаламаған мамандықты таңдауларына байланысты оқуды тастап кетулері болашақта мамандықтары бойынша жұмыс істемеулеріне негіз болады. Сондай-ақ оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мектеп қабырғасындағы соңғы жылдары ғана қолға алынатынын ескерсек, танымдық қызығушылықты қалыптастыру жүйелі түрде мектеп пен жоғары оқу орындары арасында ұдайы іске асыруды талап етеді. Яғни, университет пен мектеп арасындағы сабақтастық олардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың сенімді құралы болмақ. Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті, тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз шешімін таппаған, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыру негіздерітың өз дәрежесінде іске асырылмауы және аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасында қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру негіздері” деп таңдауды жөн деп шештік.
Зерттеу мақсаты : оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыру негіздеріты теориялық тұрғыда негіздеп, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау.
Зерттеу объектісі: орта және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыру негіздері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыру негіздері ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделіп, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдістемелік кешені (арнайы курс бағдарламасы, әдістемелік ұсыныстар т. б. ) жасалып, педагогикалық үрдіске енгізілсе, онда оқушылардың білім сапасын арттырып және тұлғалардың жан-жақты қалыптасып, жоғары мәдениетті маман болып шығуының негізі қаланады, өйткені білім беру жүйесінің бір сатысынан келесі сатысына өту барысында танымдық қызығушылықтың дамуы жеке тұлғаның қалыптасуының алғы шарттарының бірі болмақ.
Зерттеу міндеттері:
- танымдық қызығушылықты сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыруды ғылыми-практикалық тұрғыдан қарастыру, алғышарттарын анықтау;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие іс-шараларының сабақтастығының мәні мен оның педагогикалық мүмкіндіктерін айқындау;
- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың мектеп пен университет арасындағы сабақтастық моделін құру, оның өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлерін анықтау;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру және - оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру негіздерітың негізінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жалпы адамзаттық, адамгершілік, философиялық қағидалар, таным теориясы, іс-әрекет теориясы, дамыта оқыту теориясы, ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы айқындайды.
Зерттеудің жетекші идеясы: танымдық қызығушылықты дамытудың жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыда талдау және оның бағыттарын айқындай келе оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы жан-жақты дамыған, зерделі, жоғары кәсіптік бағдары айқын тұлға қалыптастыру.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу; педагогикалық зерттеу әдістері (теориялық, эмпирикалық) қолдану; озық тәжірибелерді меңгеру; арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім саласына қатысты және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, әлеуметтік институттардың ресми құжаттары (заңдар, қаулылар т. б. ) еліміздің, алыс-жақын шетелдік философтардың, психологтардың, педагогтардың зерттеліп отырған мәселе бойынша диссертациялық зерттеулері мен монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары, білім беру мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары т. б.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
-оқушылардың “танымдық қызығушылығы”, ”сабақтастық” ұғымдарына зерттеу мәселесі тұрғысынан анықтамалар беріп, оларды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
-оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастыру негіздерітың мәні, алғышарттары сарапталып, тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалды;
-мектеп пен университет сабақтастығы негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстар арқылы қалыптастырудың моделі ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
-мектеп-университет жүйесіндегі оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуын анықтайтын бағдарлама ұсынылды;
-“Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру” атты оқу-әдістемелік құрал дайындалып, мектеп пен университеттің педагогикалық үрдісінде қолданылуға ұсынылды;
-жоғары оқу орындарына арналған “Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру” тақырыбындағы арнаулы курс бағдарламасы жасалынды;
- зерттеу нәтижелерін университеттер мен жалпы орта білім беретін мектептерде сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
-“танымдық қызығушылық”, ”сабақтастық” ұғымдарының мәні мен мазмұны, оқушыны қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері;
- сабақтан және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру моделі;
-мектеп пен университет сабақтастығы негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын сабақ және аудиториядан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудың әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және практикаға енгізілуі.
Жұмыс мазмұны . . . талқыланып, баяндалды. Зерттеу жұмысының нәтижесі ғылыми мақалалар, тезистер, әдістемелік құралдар басылымынан және студенттер мен мектеп оқушыларымен сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу, студенттердің педагогикалық практикасын басқару арқылы мектеп пен университет іс-тәжірибесіне енгізілді.
Зерттеу базасы:
Эксперименттік зерттеу нәтижелері аталған мектептердің педагогикалық кеңестері мен әдістемелік отырыстарында талқыланды. Зерттеу барысында ұсынылған әдістемелік кешен педагогикалық практика кезінде қолданылып, зерттеу нәтижесінің дұрыстылығын нақтылай түсті.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:
-педагогикалық қағидалардың әдіснамалық және теориялық айқындылығымен, зерттеудің ғылыми аппаратына мазмұнының сәйкес келуімен, зерттеу міндеттеріне сай келетін әдіс-тәсілдерді қолданумен, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың жоспарлылығымен, тәжірибелердің мақұлдануымен қамтамасыз етілген.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттарының негіздері
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
А. Н. Леонтьевтің [5 Б. 11] пікірі бойынша, “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануы танымдық қасиеттері мен рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.
Демек жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т. б. қасиеттер жатады [43] . Адамның бойындағы танымдық қасиеттерді қарастырмас бұрын жеке тұлға ұғымына тоқталып өтейік.
Жеке тұлғаға тән қасиеттер
Сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу,
түрткі, қабілет, талғам, көзқарас
Сурет 1 - Жеке тұлғаға тән қасиеттер
Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”, “даралық”, ”жеке тұлға”, “адам”, ”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде “жеке тұлға” деп қарастыруды жөн көрдік. Сондай-ақ, “жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден, даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.
Белгілі психолог Б. Г. Ананьев еңбектерінде “Адам - физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, бір-бірімен тілдің көмегімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін, оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екені көрінеді”, - деп қарастырады [44 Б. 8] .
Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы, болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
«Жеке тұлға» түсінігі тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі [45] .
Жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе төмендегідей бағыттарға бөлеміз:
-психологиялық бағыт жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт.
-жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт.
-жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт.
-жеке тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттейтін бағыт.
Олай болса, А. Н. Тугаринов өз еңбегінде жеке тұлғаны “жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттеріне сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді [46] .
Мәселен, Т. Тәжібаев өз еңбегінде: “Жеке адам - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі” - деп қарастырады [47. Б. 3] .
Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе [43 Б. 7], республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ. Б. Жарықбаев: “Жеке тұлға дегеніміз - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды [45 Б. 116] .
Жоғарыда аталған еңбектерді сараптай келе “жеке тұлға” ұғымына өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.
Жеке тұлға дегеніміз - сана-сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым, барлық күш-жігерін өз игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.
Осы тұрғыдан келгенде, жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде жеке тұлғаның сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т. б. ғылымдар өзара тығыз байланысты. Өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын зерттеуде педагогика ғылымдары да әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіп отыр.
XX ғасырдағы психолог ғалым А. Н. Леонтьев [48] : “Менің өмірімде нені меңгере алдым, я болмаса, соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай …” - деп “мән” мен “маңыз” ұғымдарының мағынасын зерттеген. Бұл арқылы біз оқушылар мен студенттерге берілген білім мен тәрбиенің қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз қажеттігіне мән берілуі тиіс деп ұғынамыз.
Бірінші курс студенттерінің жас шамалары деңгейлес болғандықтан, бір кезеңге тоғыстыруды жөн көрдік. Жоғары сынып оқушыларының жас кезеңі - жасөспірімдік шақтан жастық шаққа ауысудағы өмірлік кезең. Жастық шақ адам өміріндегі көптеген өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл кезеңінде физиологиялық жетілу процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік статусты игереді. Бұл кезеңдегі жастардың негізгі проблемаларының бірі деп өзіндік сана-сезімінің дамуын айтуға болады. Құндылық бағдарлануы, мамандық таңдауы және ересектер өміріне аяқ басуы мен жеке өмір сүруі қалыптасады. Бір топ ғалымдарымыздың пайымдауынша, “Жастық шақ“ 16-18 жас пен 22-25 жас аралығы болып есептелінген. Біз осы ұсынысқа сүйене отырып, жоғары сынып оқушылары мен бірінші курс студенттерін осы топқа енгіздік. Бұл кезеңде адамның жеке тұлға болып қалыптасуына жанұясы, қоршаған ортасы, тәрбие, салт-дәстүрлер әсер етеді.
ХІХ-ХХ ғасырлардың бірінші жартысындағы психологтардың теориялық көзқарастары жастық шақтың романтикалық концепциясы болады. Оның жалпы пішінін Жан Жак Руссо ұсынған болатын [49] . Психолог Гезеллдің пікірі бойынша, 11-21 жасқа дейінгі аралық жастық шақтың еншісінде, осы шақ балалықтан үлкендікке өту кезеңі болып табылады. 11-16 жас аралығының өте маңыздылығын ескерте отырып, Гезелл он жасты “алтын жас“ деп атайды. Мүшел жасқа өту кезеңінде бала өмірдің қиыншылықтарын жеңіл қабылдап, сыртқы жағдайларға аз көңіл бөледі. Ересек шаққа өту кезеңінен бастап, жасөспірімдердің өзіндік ойы мен философиясы қалыптаса бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz