ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ


ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ: АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Қарабалаева Күлпан Темірбекқызы
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің оқытушысы
Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баян етілген [1] .
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі - азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі - адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі - білім беру ұжымдары десек қателеспейміз.
«Адам құқығы мен бостандығы көп қырлы, күрделі құбылыс ретінде қоғамдық санада жан - жақты жоспарлы түрде бейнеленеді. Адам бостандықтары, оның құқықтары мен міндеттері әрбір тарихи кезеңге сәйкес өзіндік сипатқа ие болып отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты: алдымен құқықтар мен бостандықтар, содан кейін пайда болған жаңа құқықтар (эволюциялық және революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды.
«Адам құқығы туралы айтқан кезде бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз», - дейді М. Новицкий» [№2, 9 б] .
Заңгер ғалымдарымыз: «Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы) » - деп анықтама берген [№3, 198 б] . Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген, ажырамайтын, табиғи ретінде танылады және ең жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау мемлекет функцияларының бірі.
Тұлға мен мемлекеттің қарым - қатынасы құқытық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясына сәйкес дамуда. Мемлекет пен адам құқығының арасындағы өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты мақсаты адам және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығынан көруге болады.
Қоғам тәртіпке негізделіп, қалыптасып, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез - құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен, яғни күшімен орнатылады. Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде құқықтық тәртіп орнығатыны, ал құқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын сақтау, оған мойынсыну - жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі - қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», - деп көрсетілген [4, 181 б] . Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл - құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі - оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т. б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.
Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде - өскелең ұрпаққа құқытық тәрбие беру, оның мақсат - міндеттерін дұрыс түсіндірудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан - жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Құқықтық тәрбие мақсаты - оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет - қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», - деп анықталған [5, 163 б] .
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген экономикалық - материалдық, құқықтық - нормативтік базаны нығайтуды, құқытық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу - олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
«Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтық тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
Сөздік-ақпараттық топқа: лекция, әңгіме, әңгімелеу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару әдістері жатады.
Бұл әдістердің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты. Осының нәтижесінде оқушылардың ұғымы дамиды, әр түрлі іс-әрекетіне қызығушылығы артады.
Ұқтыру, машықтандыру тобына кіретін әдістер: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіншілік туғызады.
Ынталандару және тежелу әдістер тобы: ынталандыру әдістері (сенім, жағымды баға, мадақтау, мадақтаудың түрлері: алғыс айту, әр түрлі сыйлықтар, шарапаттар т. б. ) ; тежелу әдістері (жазалаудың бірнеше түрлері: ұялту, сөгіс, ескерту) » [6, 192 б] .
Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің баршамызға міндет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбиені ұстаздар қауымы оқушымен қатар ата - аналармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, салауаттылық және денсаулық сақтау мекемелерімен, спорттық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тәрбиенің өзге түрлерімен байланыстырып жүйелі жүргізер болса, нәтижелі болмақ.
Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды мінез-құлық, орынды әрекет- қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың құқытық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын, намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға ұйтқы болады. «Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады» [7, 197 б] .
Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі ХХ ғасырдың ұлы гуманисі А. Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде көрініс тапқан. Ол: «Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан келгенше көмектесуге тырысқанда ғана, кез-келген тірі нәрсеге зиян келтірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір қасиетті. Ол ағаштың жапырағын жұлмайды, бірде - бір гүлді үзбейді, бірде - бір жәндікті басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа ұмтылған көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, қапырықта отырғанды дұрыс көреді» - деп адамгершілік қасиетті бағалайды [8, 19 б] .
Демократияны дамыту мемлекеттің және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді екені белгілі. Бұл процесс мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Соның бірі - жеке адамның, бүкіл жұрттың мәдениетін көтеру, қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халықты жұмылдыру.
Қоғамның мәдениеті бірнеше түрлерге бөлінеді: саяси, құқықтық, әлеуметтік, парасаттылық т. б. мәдениет жүйе - салалары. Олар қоғамның әр саласындағы қатынастарды реттеп, басқара отырып, қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсартуға, нығайтуға ықпал етеді. Мәдениет ұғымына «Мәдениет - адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы», - деп түсінік берілген [9, 173 б] .
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі - халықтың құқықтық мәдениетінің болуы. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Ол екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Адамның жалпы мәдениеті мен құқықтық мәдениет, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана өзара тығыз байланысты. Құқықтық мәдениет құқықтық санамен салыстырғанда әлдеқайда кең ұғым. Азаматтардың құқықтық мәдениеті олардың қолданыстағы заңдар жөніндегі білімінен байқалады. Барлық заңдарды білу қажеттілігі мүмкін емес болса да, негізгі қоғамдық қатынастарды реттейтін заң талаптарын әрине әрбір азамат білгені жөн. Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне қайшы келтірмей түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс. Заңгерлер Ғ. Сапарғалиев және А. Ибраева өз еңбектерінде «Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді) » - деп атап көрсеткен [10, 175 б] .
«Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде, әсіресе мыналарды баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы тиіс» [11, 20 б] .
Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік - құықықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым - қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді. Келелі жұмысты атқаруда бала құқығын қорғау, балаға қарым - қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын ескеру де нәтиже береді деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 2008 жыл
Г. Искакова, Н. Ғазизова, А. Сембаева, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы, оқу құралы, Астана, 2008 ж, 9-бет
Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 198 - бет
Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 181 - бет
Бабаев С., Оңалбек Ж. «Жалпы педагогика», Алматы, 2005ж, 163-бет
Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев «Педагогика», 2-басылым, Алматы, 2002ж, 192- бет
Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 197 - бет
Ғабитов Т. Х., «Заңгер этикасы», оқу құралы, Алматы, 2006 ж, 19-бет
Қ. Жоламан, А. Мұхтарова, А. Тәукелев, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 1999ж, 173-бет
10. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 175- бет
11. А. Ә. Маханбетова, Р. С. Егізбаева, «Кәмелетке толмағандарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу», Алматы, 2010 ж, 20-бет
ӘОЖ 373. 1. 02:37. 035. 4:34(574) «15» Қолжазба құқығында
НУКЕТАЕВА ДИНАР ЖУСУПАЛИЕВНА
оқушыларға құқықтық тәрбие беру
13. 00. 01. - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінде орындалған.
педагогика ғылымдарының докторы
Пірәлиев С. Ж.
педагогика ғылымдарының докторы
Әлсатов Т. М.
Қорғау 2010 жылы «30» желтоқсан сағат 10. 00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14. 05. 01 диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2 - қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би 30, 3 қабат
Автореферат 2010 жылы «___»таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы: Көшербаева А. Н.
Кіріспе
Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалы болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.
Құкықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде - бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтың мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т. б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамнын еш жерінде жасырынып қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттің жөне қоғамдық өмірдін құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
- жеке адамның, бүкіл жүртшылықтың мәдениетін котеру;
- заң қызметкерлерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасынын кіршіксіз таза болуы.
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады.
Талантты педагог В. А. Сухомлинскийдің "қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты мағынасыз өткізу" деген тұжырымымен толық келісуге болады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: негізгі сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мазмұнына қарастырып, жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру, педагогикалық - психологиялық мәселерін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениеттің педагогикалық-психологиялық мәселелерін қалыптасыру.
2. Негізгі сынып оқушыларына құқықтық мәдениеті қалыптасрырудың маңыздылығын ашу.
Зерттеу объектісі:
Негізгі сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мазмұны.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық құбылыстарды бақылау, әдебиеттерді зерттеу, анкета жүргізу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру, саралау мен қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
Құқықтық тәрбие
Жоспары:
1. Құқықтың тәрбиенің мазмұны, міндеттері.
2. Құқықтьщ тәрбиенің нысандары мен әдістері.
1. Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.
Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету - бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің: "өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа" дегенін қайда қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz