Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар
ЖОСПАР:
Кіріспе 3
1 Құқық түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
1.1 Құқық туралы жалпы түсінік 6
1.2 Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері 6
1.3 Құқықтық нормаларға түсіндірме беру ұғымы мен түрлері 14
1.4 Құқықтың қайнар көздерінің түрлері 15
23
2 ОБЪЕКТИВТІК БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША құқықтық жүйелер
2.1 Мұсылмандық-құқықтық жүйе 40
2.2 Роман-германдық құқықтық жүйе 40
2.3 Англо-саксондық құқықтық жүйе 41
2.4 Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық 42
2.5 Дәстүрлі құқықтық жүйе 42
43
3 Құқық салалары
3.1 Құқық салаларының жалпы сипаттамасы 45
3.2 Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы 45
3.3 Мемлекеттік қаржылар мен қаржылық жүйелер 46
3.4 Еңбек құқығының пәні мен әдістері 52
3.5 Азаматтық құқық туралы ұғым 53
3.6 Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері 56
3.7 Экология құқығының ұғымы 61
3.8 Қылмыстық құқықтың ұғымы 66
3.9 Қылмыстық іс жүргізу ұғымы 67
3.10 Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы 67
3.11 Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқық ұғымы 68
69
Қорытынды
Қосымша 70
Пайдаланылған әдебиеттер 72
76
Кіріспе
ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан түбегейлі қайта жаңғыру дәуіріне
қадам басты. Қазақстан Республикасы өз қызметін құқықтық мемлекет
қалыптастыру жолында жүзеге асыратындығын, бейбіт сүйгіш азаматтық қоғам
негізін қалай отырып, мемлекеттің басты қазынасы адам және азаматтың
құқықтары мен бостандықтары екендігін жария етеді. 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясы адамзаттың ортақ құндылығы құқықтың
үстемдігін бекітеді. Сонымен бірге Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық
ғылымында толғымен айқындалып үлгермеген әлеуметтік, демократиялық,
зайырлы, құқықтық мемлекет категорияларында бекітіп отыр. Осыған орай
көрсетілген ұғымдардың теориялық негізін жасау қажеттілігі туындап отыр.
Бұл өз кезегінде құқықтық мемлекет қалыптастыруда ең бастауын және даму
заңдылығын тереңінен түсінуге мүмкіндік беріп, конституциялық-құқықтық
қызметтің институттарын жетілдіре білу бойынша ғылыми-негізді әдістемесін
жасауға жағдай жасайды.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында жаңа ұлттық құқықтық
жүйе құрылып жатыр. Бұған мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін құқықтық
реформа жүзеге асырыла бастаған алғашқы жылдары қабылданған барлық
бағдарламалық құжаттар бағытталған. 1994 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан
Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасында ( негізгі
бағыттар) заң жүйесін кеңестік тоталитаризмнен мұра болып қалған
кемшіліктерден тазарту қажет екендігі, республиканың заң жүйесі терең
тоқырауды бастап өткеріп жатқаны және қоғамыздың заң саласын тереңінен
реформалау қажет екені, ал соңғы жылдары заң саласында қабылданған заң
актілерінің жүйесіз екендігі әрі бір-біріне, азаматтардың, шаруашылық етуші
субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келуінің жиі орын
алатыны, оларда ведостстволық мүдде басым болып отырғандығы айтылған.
Аталмыш Бағдарламада қоғам алдында әлемдік тәжірбиені ескере отырып
Қазақстанның демократия, нарықтық экономика, адамгершілік пен әлеуметтік
әділдік принциптеріне негізделген, сапалық тұрғыдан алғанда жаңа , шын
мәніндегі құқықтық жүйесін құру мақсатындағы кейінге қалдырмас, терең,
кешенді және ауқымды құқықтық реформа жүргізу міндеті тұрғаны ашық
айтылған. Сонымен бірге, конституциялық құқықты табиғи құқық, құқықтық
мемлекет, қоғамдық шарт доктринасының идеяларымен, құндылықтарымен мазмұнды
етудің және осы негізде бүкіл заң шығару жүйесінің Конституцияға сай болуын
одан әрі бекітудің заң шығару жұмысының маңызды қағидатты қыры екендігі
көрсетілген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы. Еліміздің құқықтық
реформа жүріп жатқан он жылдан астам уақыттың ішінде (егер мемлекетіміздің
егеменді мен тәуелсіздігі жарияланған алғашқы негізгі актілерді оның іс
жүзінде басталуы деп есептесек) оның құқықтық жүйесін қалыптастыру мен оның
әр түрлі қырларын ғылыми тұрғыда зерттеуде біршама жетістіктерге қол жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен
мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы
арқылы құқықтық реформаның бірінші сатысының қортындысы жасалып және іс
жүзінде осы реформаның келесі екінші сатысының негізгі бағыттары ресми
түрде анықталған. Аталмыш аса маңызды бағдарламалық құжатты әзірлеу және
қабылдау кезінде 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-інің мемлекеттік
егемендігі туралы декларациядан бастап жиналған бай тәжірибе ғана емес,
сондай-ақ отандық және шетелдік ғылымдардың ғылыми зерттеулерінің
қортындылары да пайдаланылды [1].
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі
М.Баймахановтың Құқық үстемдігі құқықтық мемлекет ұғымының жүйелеуші
белгісі ретінде атты еңбегінде құқықтық мемлекет ұғымының кешенді
мәселелеріне арналған. Ғалымның пікірінше , ...үстем болуымен сипатталатын
және мемлекеттілік институттарына қарағанда басымдылықты болатын құқық
құқықтық мемлекет түсінігінің жүйе құрушы белгісі болып табылады. Құқық
үстемдігінің жинақталған түрі құқықтық мемлекетті этатистік мемлекеттен
ажырататын аса маңызды ерекшеліктерді көрсетеді және оның сипаты мен
табиғатына толық дәрежеде сәйкес келеді. Өзге де заңдық белгілер мен
ерекшеліктері үйлестіре алынған құқық үстемдігінің арқасында ғана құқықтық
мемлекеттің бүкіл қызметін тереңінен қайта құруға ықпал етуге шамасы
келеді, оған демократиялық және адамгершілік сипат береді, оның дамуын
халықтың мүддесіне сай әрекет ететін саяси жүйенің құрамдас бөлігіне айналу
жолына бағыттайды .
Осы мәселенің өзектілігі профессор В.Сергиевскийдің пікірінен де
байқалады. Оның айтуынша, Қазіргі кезде Қазақстанда таптық идеологияның
орнына жалпы адами құндылықтары келгенде ... ғылыми ой-пікірлер заңтанудың
мазмұнын қайта қарауды, қайта түйсінуді қажет етеді....
Бұрынғы тоталитарлық жүйеде табиғи құқық тарихи-құқықтық тұрғыдан
ғана қарастырылып, мойындалмайтын, ал жеке құқық үзілді-кесілді
қабылданбайтын. Сондықтан қазіргі посткеңестік республикалар құқықтық
жүйелерін жетілдіруге емес, демократиялық қоғамының жаңа жүйесін құруға
тиіс [2].
Батыс елдері мен бұрынғы КСРО-да мұндай зерттеулердің жүргізіле
бастағанына көп болған жоқ . Шетелдерде бұлар құқықтық мемлекет жағдайында
құқықтық құблыстар дамуының белгілі бір нәтижесі ретінде болса, КСРО-да бұл
либералды заңгерлердің құқықтық қоғамда лайықты орын алатынына деген үміті
болды.
КСРО-да қайта құру жүріп жатқанда, ТМД елдері құрылғанда Р:Давид,
К.Жоффе-Спинози, К.Цвайгерт, Х.Кетц, Л.Фридмэн, Ж.Карбонье және т.б.
авторлардың еңбектері өте танымал болды. Олардың еңбектерінде құқықтың
жүйесі ерекше құқық түсінігі ретінде қарастырылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Құқықтың жүйесі және оның
құрылымдық элементтерінің проблемаларын- оның ұғым-категория аппаратын,
құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда
алатын орнын, сондай-ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы
шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады.
Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп, құқықтық, демократиялық мемлекеттер
ретінде қалыптасып жатқан, бостандық , теңдік пен келсім идеалдары
негізінде азаматтық қоғам қалыптастырып жатқан, кең көлемді құқықтық
реформалар жүргізіліп жатқан, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде
қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды басынан кешіп жатқан Қазақстан
жағдайына кеңінен тоқталып өту. Осыған байланысты мынандай міндеттер
туындайды :
- құқық түсінігін ашып қарастыру, оның объективтік белгілерін сипаттау;
- құқықтық жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама
одан әрі дамытуды жолдарын қарастыру ;
- құқықтық жүйені Конституция негізінде ілгері дамыту негіздері ;
- құқықтық мемлекеттің конституциялық идеялаларын қалыптастыру;
- ұлттық заңнаманы жүйелендіру бойынша жұмыстардың жоспарының жүргізілуі
және т.б.
Тақырыптың теориялық және практикалық мәні мен маңызы. Құқықтық жүйе
қалыптастырудың теориясы мен практикасының әдістемелік проблемалары да
өзекті болып отыр. Құқықтық жүйе категориясы мен тақырыптың көптеген
мәселелері белгілі дәрежеде құқық философиясына, құрлымдық-функционалдық
талдаудың социологиялық проблемаларына және т.б. жатады. Қазір Қазақстанның
ғылымында өзінің философиялық-құқықтық зерттеулерін, соның ішінде құқық пен
құқықтық құблыстардың жүйелілігіне арналған зерттеулерді дамыту қажет.

1.1 Құқықтың жүйесі
Құқық ұғымы мен белгілері. "Құқық" терминінің көптеген мәні бар ол заң
ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы
түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір
пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, "құқық" - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың
заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі, Мысалы, азаматтардың еңбек
ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану
құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген
жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық
мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын
тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық
қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі
жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім
алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу
орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заң негізде мүлікке ие болуға
хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін
пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:
"Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс" (6-бап).
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген
құқық тұлғасының заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық
тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу
нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті
орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы
Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конетитуциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап).
Үшіншіден, "құқық" термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық
құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға
байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі
қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың
өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі
болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың
мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну
қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп,
оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік
орнатылған болып есептеледі Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда,
мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып,
біртекті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ұғымда кең орын алып келді. Маркстік ілім
құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді.
Бұл ілім бойынша құқық - үстем алатың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап,
мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып
саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады
Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге
тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл
иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені
белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы
мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін
болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап,
жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық
азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау
керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай
жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың
қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа
артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық
әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін
қанағаттандыруға бағытталған [3].
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама
беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталан құқықтық норма, ережелердің
жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілік. Құқық - бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір
бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты
әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи
құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған
құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Рсспубликасының
Конституциясында былай деп жазылған: "Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ (15-бап). Құқықтық жүйенің
екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы.
Құқықтың жүйенің үшінші бөлігі - субъективтіқ (тұлғалар) құқықтар. Осы
айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын
түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге
құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе,
адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық
қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және
мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның
әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы,
қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық
қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-
құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз
іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері
қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-
құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы
(Қазақстан Республикасының Конституциясының, 19-бап). Тұлғалардың мінез-
құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды кажетті арнаға
бағыттап, жолға салады. реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады,
бассыздықтан қорғайды.
Формальдық анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол
құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын
заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды, ол
- ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын
болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының
тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды.
Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні
болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын
анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет
құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе,
олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның
органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай
жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде
азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда
көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген
нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы
көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар
құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына
келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі — адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-
бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей
қабылдай алады. Мұндай жағдайды заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған
мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы.
Конституция - құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстаңда қалыптасып
келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге
асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет
органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің
шеңберіне нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті
жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан
құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар
тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана
қорғамайды. Ол — халық үшін қызмет істейді [5].
Құқық негізі жөнінде әңгімелескенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда
болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы
әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық
шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында
қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола
тұрса да "құқық негіздері дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін,
ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін
қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот
прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық
актілер.
Құқықтың негізгі нысандарына (қайнар көздеріне) мыналар жатады:
құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент (сот практикасы), нормативті-құқықтық
акт.
Құқықтық ғұрыптар. Құқықтық ғұрып дегеніміз, мемлекетпен рұқсат
етілген тәртіп ережесі, ол ертеден қалыптасып ұзақ жылдар бойы қайталанған
адамдардың өзгермейтін қарым-қатынастары, сонысына байланысты тұрақты норма
ретінде бекітілген. Мемлекеттің рұқсат беретін барлық әдептерге бірдей емес
тек, өзінің мүдделеріне сай ғұрыптар болған. Рұқсат берілген ғұрыптар
жалпыға бірдей міндетті сипаттағы тәртіп жолдары. Ертедегі құқықтық
ғұрыптарға құл иеленуші құқықтың XII таблиц заңы (Ертедегі Рим V ғ. б.д.э.)
Драконша заңы, (Афинь VII ғ. б.э.д.) және басқалар жатады.
Заң ғылымдарының құқықтық ғұрыптарға көзқарасы бір жақтыға жатпайды.
Біреулері, құқықтың пайда болуындағы шығатын жерлерін есептеп ғұрыптарға ең
жоғарғы баға береді. Себебі, заң шығарушы және сот органдары өздерінің
құқыққа шығармашылықпен қарағанда, сол қоғамда қалыптасқан көзқарастарды
және ғұрыптарды басшылыққа алады. Ғұрыптардың ролін жоғары бағалу,
социологиялық және ерекше тарихи құқық мектебіне тән, себебі, олар құқықты
халық сапасының нәтижесі ретінде көреді.
Заңды позитивизм, керісінше ғұрыпты құқықтың шығу көзі ретінде
ескіргендікке жатқызады және қазіргі өмірге сай ешқандай маңызды қызметі
жоқтығын айтады. Заңды позитивизм өкілдері құқықтың ең басты пайда болу
көзіне заңды жатқызады, себебі ол өзінің реттеуімен қоғам өмірінің негізгі
ортасын қамтиды.
Заңды прецендент (сот тәжірибесі) - Қазіргі дүниеде көп тараған
құқықтың шығу көздерінің бірі. Заңды прецендент дегеніміз, соттың және
әкімшілік органдарының заңды бір істі қараған шешімі, ол іске, мемлекет
жалпы міндеттілік маңыз береді. Ол соттық және әкімшілік прецедент болып
екіге бөлінеді. Заң прецендентіне бұрышы болған мемлекеттік органдардың
(соттық не әкімшілік) белгілі жұмыс бойынша шығарған шешімдері құқықтық
нормалардың күшіне ие болып, одан кейінгі сондай істерге қолданылатын
болады. Прецеденттік құқық формалары Англияда және АҚШ-та кеңінен
пайдаланылады.
Прецеденттің пайда болған, туған жері Англия болып есептеледі. Жалпы
құқықтар онда корольдердің соттарымен жасалған және негізінен, құқық сот
тәжірибесінің нәтижесі. Ағылшын соттары кәзіргі кезде тек құқықты қолданып
қоймайды, құқық нормаларын құрастырады. Англияда мынандай жолдар қалыптасты
және прецедентті қолданудың шегі белгіленді:
а) Лорд Палатасының шығарған шешімі, өзінің және барлық соттардың
орындауына міндетті;
б) Апелляциялық соттың шешімі Лорд Палатасына, басқа барлық соттарға
міндетті;
в) Жоғарғы соттың шешімдері төменгі соттарға міндетті. АҚШ-та
прецедентті құқықтың шығу көзі ретіндегі қатынасы қарапайым, мұнда сот
тәжірибесін өзгертуге мүмкіндік бар.
Революцияға дейінгі орыстың құқық теориясы, заң нормаларының сот
тәжірибесімен толықтырылуын қолдаған, бірақ ондай пікірлер көпшілікпен
қолданбады. Сот тәжірибесіне құқықтың шығу көзі ретіндегі қатынасын былай
деп көрсетті: Қоғам өмірінде заңмен қаралмаған әртүрлі кездейсоқ жағдайлар
болады, сот сондай жағдайларды процессте қарағанда шығармашылық роль
атқарып, барлық казустарды шешуге тиісті және жаңа казустармен кездеседі,
сонда олар үшін еріксіз жаңа нормалар құрастыратын болады. Ол сондай
жағдайларды шешуге дәл келетін заңдарды іздейді. Яғни, "заңның аналогиясын"
пайдаланады.
Еліміздің заң ғылымы кейінгі кездерде, сот тәжірибесін толық түрдегі
құқықтың шыққан көзіне жатқызбайды. Құқықты қолдануда объективті
тәжірибенің негізінде, соттардың жаңа нормаларды қосуға және жөндеуіне
болмайды. Себебі, ол тек қызметтік ролінде, заңды нормаларды қолдану
процесінде талқылайды, анықтайды.
Нормативті-құқықтық актылар - бұл құқықтық шығармашылық, онда құқық
нормалары бар. Құқықтың шығу көздерінің ішінде нормативтік-құқықтық акт ең
алдыңғы орын алады. Ол өзіне, жалпыға бірдей мемлекетпен құрылатын
қорғалатын ереже тәртібін жинайды. Ондай актыларға конституция, басқа
заңдар, атқарушы органдардың нормативті шешімдері жатады. Басқаларға
қарағанда, нормативті актылар толық және жедел түрде қоғамның өзгермелі
қажеттілігінің дамуын, құқықтық реттеудің тиімділігін көрсетеді, қажетті
біркелкілікті қамтамасыз етеді.
Құқық және дін. Адам баласы қоғамының белгілі даму кездерінің
тарихында діни (каноникалық) құқық белгілі роль атқарғанын білеміз, әсіресе
ондай жағдайлар дінді мемлекеттік институт ретінде санайтын елдерде болды.
Орта ғасыр кезеңі де, соған ұқсас мысалдарға толы болды. Шіркеу
заңдылықтарына отбасы, неке, заттар туралы және қылмыстық-құқықтық
қатынастарды шешу жатқан [6].
Қазіргі кезде, құқықтың шығу көздеріне жататын араб елдеріндегі көп
тараған мұсылмандардың діни көзқарастары. Мұсылман құқығы, басқа көптеген
құқық жүйесінен өзгеше. Олар ислам дінінің бір жағын құрайды. Бұл діннің
негіздері, біріншіден, мұсылман неге сенетіні туралы догмаларын белгілейді
және анықтайды, екіншіден, сенушілерге алдын-ала не істейтіндерін, нені
істеуге болмайтындығын үйретеді. Былайша айтқанда "шар" не "шариғат"
(аударсақ "жүретін жол"), мұсылман құқығы болып аталады. Ол құқық мұсылман
дініне сенушілерге, өзін дінге сай қалай ұстайтындығын көрсетеді.
Мұсылман құқығының негізіндегі шығатын төрт жерін айтуымыз қажет:
1) қасиетті кітап Құран;
2) Сунна - әдет-ғұрыптар жинағы;
3) Қияс – мұсылмандардың өміріндегі құбылыстар жөнінде салыстырмалы
әңгімелер.

Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын
реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін
әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың
негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы
(XVI ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ
қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін
дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді
қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырдың билер
съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті
актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден
қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып
отырған.
Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты
шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде
негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда
құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың
негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтың келісім-шарт екі немесе көп
жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен
қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда
құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі
ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде
қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік
актілер арқылы қалыптасуда, Құқықтық нәр алатын бастауы - Қазақстан
Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар
және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен —
конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан
кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшыларды
республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай
заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған
жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз
өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.
Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар
шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер
бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.
Жүйе деп әртүрлі байланыстармен және өзара қатынастарымен біріккен
жеке элементтерден тұратын кеделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі.
Элемент - бұл күрделі тұтастықтың құрамды бөлігі. Демек, жүйе ішкі
құрылысты, құрылымды, байланысты, бөлшекке даралап белгілейді. Сонымен
бірге жүйе белгілі бір заңдар немесе принциптер бойынша реттелген жеке
элементтерден тұратын біртұтас құрылым болып табылады. Құқық теориясында
жүйедей реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипатымен айқындалатын тарихи
қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі [1].
Құқықтың жүйесі оның ішкі бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық
қатынастардың жүйесімен байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау
- құқық нормасы болып табылады. Құқық нормаларының көбінің бір тұтасқа
бірігуі, олардың арасындағы өзара іс-қимылы оның жеке бөлшектеріне тән емес
жаңа сапа туғызады.
Жүйелер туралы жалпы теория идеяларын құқық жүйесін сипаттағанда
толығынан қолдануға болады, оның аса маңызды белгілері: біріншіден, құқық
нормаларының тұтастығы, бірлігі; екіншіден, құқықтың жүйелілігі болып
табылады. Соңғыны құқық жүйесінің сыртқы қасиеті ретінде айыруға болады.
Оның ең басты сапасы - қайшылығы жоқтығы, үйлесімсіз ережелердің болмауы.
Құқық нормалары бірімен бірі өзара байланысты, өзара келісімді болуы
керек, құқық тек жалпы экономикалық жағдайға ғана сәйкес, жәй ғана оның
көрінісі болып қоймай, қайта ішкі қайшылықтарына байланысты өзін-өзі жоққа
шығармайтын ішкі үйлесімінің көрінісі болуға тиіс.
Әрбір жүйе екі негізгі бөліктің, біріншіден, құрылымды - қандай да
болмасын бірыңғай тым жалпы бір тұтастықтың (процестің, құбылыстың)
шеңберінде біршама дербес элементтердің жекеленуі мен "жиынтығының" және,
екіншіден, құрылым элементтерінің өзара қатынасы болуын көздейді.
Құрылым дегеніміз элементтердің тұрақты бірлігің, қатынастардың
реттелінгендігін, тұрақтылығын білдіретін элементтер байланысының заңы; ол
құбылыстың жүйе ретінде тұтастығын, бірлігін сақтауды қамтамасыз етеді,
оның негізгі қаңқасын құрайды. Сонымен бірге элементтердің бірлігі олардың
өзара бір-бірімен келіскен әрекеттестікте болуын көздейді, бұл жүйенің өмір
сүруінің амалы болып табылады. Өзара әрекеттестіктің арқасында әрбір
элемент бүкіл жүйеге тән өзгеше сапаға ие болады. Оның жүйеден тысқары өмір
сүруі мүмкін емес.
Құқық жүйелі құбылыс ретінде нақ осы ерекшелігіне толығырақ
тоқталайық, құқық жүйесі құрылысының негізі мен принциптерін қарастырайық.
Құқықты жеке бөліктерге бөлудің негізіне материалдық белгі - құқықтық
реттеудің негізіне жататын қоғамдық қатынастардың сипаты алынады. Құқық
жүйесін жеке бөліктерге болу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық
қатынастардың қай саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде
салаларды бөлудің белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады [2].
Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық реттеудің
әдісі жатады, ол дегеніміз заңдық тәсілдер мен амалдардың жиынтығы,
солардың көмегімен сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Оны құқықтың салаларын
бөлудің заңдық белгісі деп айтады.
Құқықтық реттеу тақырыбы бойынша ерекшеленетін құқық жүйесінің жеке
бөліктері құқық салалары деп аталады, олар біртектес қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде түсініледі.
Егер нормативтік нұсқама (құқық нормасы) құқықтың бастапқы элементі,
негізгі клеткасы, тұтас құқықтық материя болатын болса, онда құқықтық
институт құқық саласының негізгі элементі, саланың бастапқы, дербес
құрылымдық бөлшегі болып табылады, онда құқықтық нормалар өздерінің заңдық
мазмұны бойынша топтастырылады. Заңдық нормалар саланы тікелей емес,
құқықтық институттар арқылы құрады. Құқықтық институт - бұл біртектес
қоғамдық қатынастардың дербес түрін реттейтін құқық саласының бөлігі.
1.2 Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі
қатынастар.
Олар:
1) Құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда,
адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен
тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл
құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады;
2) Адамның мінез-құлқына құқықтық пайда болады. Құқықтық норма мен
құқықтық қатынас арасында бұл тартпас байланыс бар, өмірде тек қана
құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда
көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы,
құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма тікелей көрсетілмеген
қатынастарға қолданылады;
3) Құқықтық қатынас - бұл субьективтік құқықтар мен міндеттер арқылы
пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы
соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті
орындауға тиіс тұлға. Құқықта қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар
тұлға болады: адам, ұйым, мемлекеттік орган;
4) Құқықтық қатынас — ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін
қатысушылардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық
қатынастар тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс
заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады);
5) Құқықты қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың
талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып мемлекет құқықтық
қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы
құқық тәртібінің негізі болып саналады.
Құқықтың қатынастардың түрлері:
1. Реттейтін құқықтық қатынастар — субъектілердің заңға сәйкес мінез-
құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес
мінез-құлық. Мұндай құқықтың қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды.
Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек т.б. құқықтық
қатынастар.
2. Қорғайтын құқықтық қатынастар — субъектілердің заңсыз әрекетінің
салдарынан пайда болады. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні
жазалау, сөйтіп әділдік орнату.
3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі)
болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады Мысалы, бұларға
меншікке байланысты қатынастар жатады.
4, Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі
(сатушы мен сатып алушы) болып келеді.
Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушыларының субъективтік
құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен
заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды
білдіретін қоғамдық қоғамдық қатынастар.
Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық
субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас
объектісінен (затынан) тұрады [3].
Құқық субъектісі — заңды немесе жеке тұлға. Заңды тұлғалаларға
жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік,
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және
сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік
және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп
аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.
Субъективтік құқық - тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға
белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер
заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін
қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім
алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да
заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты
пайдалана ма, жоқ па ол тұлғаның өз еркі [4].
Заңды міндет — заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары.
Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Занды
міңдеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу
күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге
міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады.
Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
Құқықтың қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары, мүліктік,
өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер
аталған объектілерге бағытталған болып келеді.
1.3 Құқықтық нормаларға түсіндірме беру ұғымы мен түрлері
Түсіндірме беру қажеттілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар
заңдар және одан туындайтын өзге де нормативтік актілер қабылданып,
бекітілген соң дереу іске қосылды. Солардың ішінде іске аспай мардымсыз
болып жатқандығы да бәрімізге мәлім. Оның объективтік және субъективтік
өзіңдік сыры бар. Осындай келеңсіз, қолайсыз жағдайлардың объективтік сыры
мынада: тіпті басқасын қойғанда заң актілерінің өздері есепсіз
шығарылуында, олардың бір-бірімен қабылдай, бұрынғы актілердің тұжырымдарын
оңайларының бұрмалауында, сөйтіп, олардың қарама-қайшылығы, кемістігі,
ақырында соқтыруы, әркелкілігі, қазіргі өскелең өмір талабымен
сыйыспайтындығында. Әрине бұдан келіп, бірте-бірте нормативтік актілердің
түрлері көбейеді, оларды білін үйренуге кері әсерін тигізеді, інжарлыққа,
керітартпалыққа әкеліп соқтыратыны сөзсіз. Сөйтіп, заңның жоғарлығына
сенімсіздік тудырады, заңсыздыққа әкеліп тірелетіні өмірден көріп отырмыз.
Бұларға қоса, нормативтік актілердің арқауына өзге де объективтік жағдайлар
өз септігін тигізуде: айталық, құқықтық норма жалпы мәндес болып
табылатындықтан, оны нақтылы өмір талабына бейімдеп қолдану дұрыс, дәлме-
дәл, бұлжытпай пайдалану әркез болса да селқостықтың, алшақтықты кесірінен
көңілден шықпауы; заң нормаларында көптеген арнаулы құқықтық терминдердің,
ұғымдардың жөнді-жөнсіз қаптап кетуі; заң техникасының әлі де болса пісіп
жетіспеуі оны дұрыс қолданбауы, нормативтік актілердің тілінің анық
түсінікті, дәлме-дәл болмауының нәтижесінде, олардың кейбір тұжырымдары
шашыраңқы, тұманды, екі ойлы болып келуі; сондай-ақ, құқық нормаларының
мәтіндеріндегі заңгердің қосқан "т.б, т.с.с өзге де" сөздердің кажетлігі.
Әрине, заң шығарушы қызметкерлердің кәсіптік, қала берсе дайындық
деңгейінің төмендігі де нормативтік актілердің кемістігіне өз әсерін
тигізеді.
Сөйтіп бұлардың барлығы жинақтала келе құқықтық нормаға түсіндірме
беруге итермелейді [6].
Құқықтық түсіндірме - дегеніміз құқықтық нормаларын оларда айтылған
сөздерді біркелкі түсінуге және оны іс бойынша мәніне сәйкес дұрыс, әрі
дәлме-дәл қолдануға байланысты түсінік беретін құқықтық субъектілерінің
қызметі.
Түсіндірменің объектісі заңдар және одан туындайтын (заңнан өзге)
нормативтік актілер болып табылады. Түсіндірменің пәні нормативтік
актілеріге пайымдалған заң шығарушының еркі. Түсіндірме өзінің құрылымдық
жағынан екі жақтық қызмет болып табылады. Оның бірінші жағы ұғыну, яғни,
субъектінің өзінше түсінуіне бағытталған, оның өзіндік сана сезімінің
шегінен аспайтын, ішкі ой-өрісінің процесі. Ұғыну - бұл құқықты іске
асырудың барлық нысандарына (сақтау, орындау, пайдалану, қолдану) қажетті
жағдайы болып табылады. Ол түсіндірудің алдындағы алғы шарт. Ал, құқықтық
түсіндірудің бірыңғай (тұтас) процесінің екінші жағы түсіндірме өзіне емес
өзге қатынастарға қатысушыларға арналған қызмет.
Демек, құқықтық түсіндірме - құқықты іске асыру, әсіресе құқық қолдану
процесінің ең қажетті және басты элементі. Ең алдымен, белгілі бір құқықтық
норманы қолдану үшін оның шынайы мәнін ұғыну қажет, ал келер жағдайларда
оны түсіндіру керек. Бұл құқықтық нормалардың дәл мәнін анықтап түсіндіру
мен мемлекеттің еркін тануға бағытталған интеллектуалды процесс болып
табылатын әр түрлі субъектілердің ең күрделі және көп қырлы кызметі.
Субъектілерге қарай құқықтық нормалар түсіндірмесі мынадай түрлерге
бөлінеді: ресми түсіндіру оған уәкілетті субъектілердің (мемлекеттік
органдар мен лауазымды адамдардың) берген түсініктемесі, ол арнаулы актіде
бекітіледі және басқа субъектілер үшін міндетті мәні болады. Ол құқық
қолданушыларды құқықтық нормаларды біркелкі түсінушілікке және оларды
бірқалыпты қолдануға бағыттайды. Сөйтіп, нормативтік құқықтық актілерді
түсіндіруді, елімізде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірі. ҚР-ның
Конституциялық Кеңесі, ол Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме
береді.
Бұл қызметтің барысыңда осы аталған орган заңдар мен халықаралық
шарттардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін не сәйкес
еместігін зерттеп, анықтайды. Нәтижесінде Конституциялық Кеңес шешімдер
қабылдайды, олар сол күннен бастап күшіне енеді. Республиканың бүкіл
аумағында жалпыға бірдей міндеті, түпкілікті болып табылады және
шағымдануға жатпайды (ҚР Конституциясы, 74-бап).
Заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесі оларды қабылдаған органдар
немесе лауазымды адамдар береді (Үкімет, Президент, т.б.). Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасының шешімі бойынша, түсініктер
беріп отырады (ҚР Конституциясы, 36 бап).
Осы орайда айта кететін жәйттің бірі - ҚР Парламентінің өзі қабылдаған
заңдарына ресми түсініктеме беруге құқығының жоқтығы. Бұл жөнінде ҚР
Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 6-бабынын мынадай тұжырымдарында:
1. Азаматтық заң қалыптары дәл айтылған сөздердің дәлме-дәл мәніне
сәйкес түсіндіруге тиіс, Заң қайшылықтарының текстісінде қолданылған
сөздерді әртүрлі түсіну мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасының
ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда (мұнда "Азаматтық-құқықтық
қатынастарды реттеу" деп аталатын 1-тарау жөнінде - С.Т.), ең алдымен оның
2-бабында "Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары" делінген бұл баптың
аталуы – С.Т.) баяндалған негізгі қағидаларына сай келетін түсінікке
басымдылық беріледі.
2. Азаматтық заң қалыптарының дәл мағынасын анықтау кезінде, егер бұл
осы баптың 1-тармағында (мәтіні жоғарыда берілген -С.Т.) баяндал,ан
талаптарды бұрмалайтын болса, ол күшіне енгізілген кездегі тарихи
жағдайларды және оның сот тәжірбиесіндегі түсінілуін ескеру қажет, -
делінген [8].
Қорыта келе, айтарымыз: 1) нормативтік құқықтық актілерде
көмескіліктер мен әркелкі түсінушілік оларды қолдану тәжірбиесінде
қайшылықтар анықталған реттерде нормативтік актіде қамтылған құқықтық
нормаларға ресми түсіндіру берілуі мүмкін; 2) нормативтік құқықтық
актілерде ресми түсіндіру процесінде оларға өзгерістер мен толықтырулар
енгізуге жол берілмейді; 3) заң актілерінің нормалары Қазақстан
Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестікте түсіндірілуге
тиіс; 4) заңға тәуелді нормативтік актілердің мағынасы оларды түсіндірген
кезде заң актілеріне толық сәйкестікте ашылуға тиіс; 5) нормативтік
құқықтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, соның ішінде
оларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты болады.
Ресми емес түсіндіру - бұл ресми мәртебелігі жоқ, өзінің қызмет бабы
бойынша құқықтық нормаларды түсіндіруге өкілеттікке иелі емес
субъектілердің қызметі. Мұндай субъектілердің қатарына қоғамдық ұйымдар,
ғылыми мекемелер, ғалымдар, тәжірбиелі қызметкерлер жатады. Бұлар құқықтық
нормаларын түсіндіргенде тек ұсыныстар мен кеңестер нысанында жүзеге
асырады. Мұндай түсіндірудің түрі, әрине, заңдық міндетті сипатты емес және
оның биліктік заңдылық күші болмайды, әрі формальды-юридикалық (заңдық)
зардаптарға әкеліп соқтырмайды. Оның күші осыңдай түсініктемені берген
адамдар мен ұйымдардың нанымдылығы мен беделіне байланысты.
Ресмилік түсіндірме нормативтік (көпшілікке арналған, жалпы мәнді,
мемлекеттік жалпы міндеттілік сипаты бар, бірнеше дүркін қолданыста болуға
жарайтын, бірақ, ол жаңа құқық нормаларын тудырмайтын құжат және қазуалдық
(тек нақтылы жағдайға байланысты бір-ақ рет қолданыста болатын, жеке мәнді,
жалпы міндеттілік сипаты емес. Мысалы, сот мәжілісінде судья процеске
қатысушыларға өтірік жауап бергендігі үшін куәгердің қылмыстық жазаға
айыпталатындығы туралы заң бабын түсіндіру) болып табылады. Нормативтік
түсініктеменің өзіндік мынадай түрлері бар: аутентикалық (авторлық) -
мұндай түсініктемені құқық нормаларын бұрын қабылдаған орган береді (яғни,
кім құқық нормалары бар актіні қабылдаса, тек сол орган ғана құқық норманың
мәнін түсіндіруге хақылы), легальдық (рұқсат берілген, ондай өкілеттіке
иелі) - бұл түсініктемені беруге оған уәкілетті органның немесе лауазымды
адамның құқығы. Демек, мұндай құқыққа тиесілі субъект тапсырма не рұқсат
арқылы өз қызметін атқаруы мүмкін (мысалы, ҚР Жоғарғы Соты).
Ресмилік емес түсіндірме үш түрге бөлінеді: - әдеттегі (обычнное)
түсініктемені кез келген азамат (адам) бере алады. Демек, практикалық
тәжірбиесін, арнаулы теориялық құқықтық білімін талап етпейтін әрбір
субъектінің беретін түсініктемесі деп түсінуіміз қажет. Әсіресе, бұл,
қандай да болмасын нормативтік актілерді бүкіл халықтық талқылағанда,
референдумдарда көрініс табады; мамандылық (кәсіптілік), яғни, бұл
түсініктемені тәжірбиелі заңгерлердің, құқықтан мағлұматы бар мамандардың
беруі, мысалы, құқық нормаларын адвокаттың түсіндіруі, азаматтарды
қабылдағанда судьялардың, прокурордың заңды түсіндіруі, т.б.
- доктрииалдық (ғылыми) нақтылы құқық салаларын зерттеушілердің заң
нормаларына беретін ғылыми түсіндірмесі (ғылыми зерттеу мекемелерінің, жеке
ғалымдардың статьяларындағы, монографияларындағы, т.б. еңбектеріндегі
түсініктемелері).
Құқықтық түсіндіру әдістері - бұл нормативтік актілеріндегі құқық
нормаларының мазмұны мен мәнін ұғынуға көмектесетін талдаудың тәсілдері мен
құралдардың оқшауланған жиынтығы. Бұлардың әрқайсысы бір-бірінен өзіндік
ерекшіліктерімен және құқық нормаларының ұғыну құралдарының әркелкілігімен
ажыратылады.
Түсіндірудің негізгі әдістері: грамматикалық, логикалық, жүйелік,
тарихи-саяси және арнаулы-юридикалық (заңдық) болып бөлінеді.
Грамматикалық (филологиялық, морфологиялық, тіл) болып табылатын
түсіндірудің бұл әдісі қандай да болмасын нормативтік актінің мәтініне
талдау жасаудың негізінде құқықтық нормалардың мәнін ұғынуға бағытталған.
Әдетте, бұл тәсілді мәндік түсіндірме деп те атайды, өйткені зерттеудің
объектісі болып (жоғарыда айтқандай) нормативтік актілердің мәтіндері
саналады. Зерттеуші мәтіндік түсіндірмеде грамматикалық, орфографиялық, әрі
логикалық ережелерді қайталана отырып, тіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz