Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі
Нотариаттың қызметі, пәні және принциптері.
Қазақстан Республикасындағы нотариат – құқықтар мен фактілерді
куәландыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге
асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген
жүйесі.
Осы Заңмен белгіленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық іс -
әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
1. мемлекеттік нотариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар
(мемлекеттік нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар
(жекеше нотариустар);
2. жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға
уәкілетті лауазымды адамдары;
3. Қазқстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
4. осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар.
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және
Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан
тұрады.
Нотариаттық қызмет-нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы
Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да
адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана
заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтік құқықтық
актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті
реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің
құпиясын сақтауға кепілдік беріледі.
Нотариус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс-әрекеттердің
құпиясын сақтауға міндетті.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген құжаттардың
көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша ноатриаттық іс-әрекеттер
жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана
беріледі.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп
жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша
талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына
және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік
берілген нотариат палаталарына беріледі.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен
адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар
нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды
нотариус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей
нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері
мүдделі адамдарға, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, өсиет беруші өлгеннен
кейін ғана беріледі.
Нотариаттық іс-жүргізу Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі
бекітетін Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі-
“Нұсқаулық”) сәйкес жүзеге асырылады.
Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әділет
органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырылады.
Нотариустардың құжаттары заңдарда белгіленген тәртіппен міндетті түрде
мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.
Нотариус:
1. өзіне жүгінген жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сәйкес осы
Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде
көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;
2. мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;
3. құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге;
4. нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар
беруге;
5. жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауға қажетті
құжаттар мен мәліметтер талап етуге;
6. ғылыми, педагоктік және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның
ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға;
7. техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
Ноатриус:
1. осы Заңның және Қазақстан Республикасының нотариат қызметін реттейтін
басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес
нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;
2. азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді
түсіндіруге, олардың заңды білмегендігі өздеріне зиян келтіруге
пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық іс-
әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;
3. кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған
мәліметтерді құпия ұстауға;
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда
нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5. кәсіптік әдепті сақтауға;
6. әділет органына және немесе нотариаттық палатаға өз іс-әрекеттеріне
түскен шағымдар бойынша өзі жасаған нотариаттық іс-әрекеттер туралы
мәліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке
түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдет талаптарын сақтамау
мәселелері жөнінде түсініктемелер беруге міндетті.
Нотариат туралы заңдар
Осы Нұсқаулық “Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен
белгіленген құзыреттер шегінде нотариаттық іс-әрекеттер жасауы кезінде
мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың
(бұдан әрі-нотариустардың), сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға
уәкілдік берілген жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының
және консулдық міндетті атқарушы адамдардың Қазақстан Республикасы атынан
нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.
Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
1. мәмілелерді куәландырады;
2. шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;
3. мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;
4. мұраға құқық туралы куәліктер береді;
5. жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге
де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер
береді;
6. мүліктерді иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып
тастайды;
7. құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын
куәландырады;
8. құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
9. құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын
куәландырады;
10. азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
11. азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады;
12. құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
13. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды
тұлғаларға береді;
14. ақшаларды депозитке қабылдайды;
15. орындау қағаздарын жазады;
16. вексель наразылықтарын жасайды;
17. құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды;
18. теңіз наразылықтарын жасайды;
19. дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен нотариус жасайтын өзге де
нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Нотариус
сынақтан өтушісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті Қазақстан Республикасының
Әділет министірлігі бекіткен Нотариустың сынақтан өтушісі туралы ережемен
белгіленеді. Нотариус көмекшісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті нотариус
пен көмекші арасындағы еңбек шартымен белгіленеді.
Нотариустың өз тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ мемлекеттік нотариат
кеңсесеінің атауы (мемлекеттік нотариустың мөрі) не лицензияның нөмірі мен
берілген күні (жекеше нотариустың мөрі) көрсетілген жеке мөрі, куәландыру
жазбаларының мөртабандары және жеке бланкілері болады.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына
сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі
бекіткен Нотариаттық іс жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Нотариат туралы Заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және

Нотариаттың құқықтық жағдайы
Жоғары заң білімі және әдетте заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл
жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке нотариус сынағынан өткен, Әділет
біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы ғана
нотариус бола алады.
Жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге
асырған кездегі құқықтары, міндеттері тең болады. Олар ресімдеген
құжаттардың бірдей заң күші болады.
Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (осы Заңның
1-бабындағы 2-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарды
қоспағанда) нотариаттық іс-әрекеттер жасауы не нотариат туралы заңдардың
өзге де талаптарын бұзып жасауы және сол іс-әрекеттерден табыс табуы
заңдарға сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.
1. Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін
2. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола
алады.
3. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек
шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттік нотариат
кеңсесінің құрамында бола алады.
4. Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың
нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының жоғары заң білімі бар азаматтыры
нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер жеке
практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік
нотариустарда сынақтан өту туралы шарт негізінде сынақтан өтеді.
6. Нотариустардың сынақтан өтушілерінің сынақтан өтуінің тәртібі,
мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі
бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен
белгіленеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Әділет біліктілік алқасының
ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі берген лицензия
(нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік
береді.
Нотариус лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Әділет
біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тәртібін Қазақстан
Республикасының Әділет министірлігі белгілейді.
Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, басты лицензия болып
табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу
тәртібі салық заңдарында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі жекеше нотариустар
лицензияларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомстволық баспасөз
органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы
мәліметтер жариялайды, онда:
1. Нотариустың тегі, аты, әкесінің аты;
2. лицензия берілген күн мен оның нөмірі көрсетіледі.
Нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш
жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік
емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негіздері лицензиялау туралы
заңдармен белгіленеді.
Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтініш иесіне ол
қабылданған күннен бастап үш күн ішінде бас тарту себептері көрсетіле
отырып жазбаша түрде дәлелді шешім беріледі.
Бас тарту туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.
Нотариаттың қызметін бақылау
Жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және мемлекеттік
нотариустың іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы
мен нотариат палатасы жүзеге асырады.
Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотариаттық іс-
әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды
аумақтық әділет органы мен нотариат палатасы жүзеге асырады.
Нотариустың салық туралы заңдарды сақтауын бақылауды Қазақстан
Республикасы салық қызметінің органдары жүзеге асырады.
Әділет органы мен нотариаттық палатының лауазымды адамдары нотариус
қызметін тексеру кезінде мәлім болған нотариаттық іс-әрекеттер жасау
құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және нотариусқа келтірген
зияны үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап
береді.
Нотариаттық қызметті жүзеге асыруға кіріскен жекеше нотариустың жұмысты
ұйымдастыруын тексеру ол нотариаттық іс-әрекетті бастағаннан кейін алты
айдан ерте емес және бір жылдан кешіктірмей жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі:
1. мемлекеттік нотариустардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2. нотариустардың Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы
нұсқаулық әзірлейді және бекітеді;
3. нотариаттық іс жүргізу жөнінде нұсқаулық әзірлейді және бекітеді.
4. жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын
лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ереже әзірлейді және
бекітеді;
5. Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ереже әзірлейді және
бекітеді;
6. Жекеше нотариустар лицензияларының мемлекеттік тізілімі туралы ереже
әзірлейді және бекітеді;
7. Жекеше нотариустарды есепке алып тіркеу тәртібі туралы ереже әзірлейді
және бекітеді;
8. нотариустарға және нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын өзге де адамдарға
әдістемелік көмек көрсетеді;
9. осы Заңмен белгіленген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Аумақтық әділет органы:
1. мемлекеттік нотариат кеңселерін ашады және таратады;
2. нотариустар жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және
олардың іс жүргізуінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
3. жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын
лауазымды адамдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
4. жекеше нотариустарды есепке алып тіркеуді жүргізеді, ол келіп тіркелу
сипатынада болады;
5. мемлекеттік нотариустардың қызметтік іс-әрекеттеріне азаматтар мен
заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
6. осы Заңмен белгіленген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесіп:
1. нотариаттық округтегі нотариустар санын белгілейді;
2. нотариаттық практиканы қорытады;
3. нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық
іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілі бір нотариустың оның
қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-әрекет жасауы тиіс екендігі туралы
осы Нұсқаулықта көзделгеннен басқа жағдайларда кез-келген нотариус
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-әрекет жасай
алады.
Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасаған
кезде сақталады:
1. мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданғанда;
2. мұраға құқық туралы куәліктер бергенде;
3. жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де
адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер
бергенде;
4. тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу және кепілге салу
туралы құжаттарды куәландырғанда;
5. тұрған үй құрылысы туралы шарттарды куәландырғанда.
Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайына, үй-жайдан тыс
жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер нотариат кеңсесі
үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және
нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде нотариаттық іс-
әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып
жазылады.
Нотариаттық іс-әрекеттер бұл үшін барлық қажетті құжаттар табыс етіліп,
мемлекеттік нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік
баж салығы төленген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы
төленген күні жасалады.
Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
1. жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет
болғанда;
2. құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3. басқа мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта
даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге қалдырылуы
мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған өтінішке оның қабылданған күні
және өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш
берген адамға сотқа жүгіну тәртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде
белгі соғады.
Ноттариатық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан
күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін
(“Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағы).
Мүдделі адамның арызы бойынша нотариаттық іс-әрекет арыз берілген
күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін
(“Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 3-тармағы).
Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша
хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы
мүдделі адамның өтінішінің түскені туралы соттан жазбаша хабар алынған
жағдайда, нотариаттық іс-әрекеттер жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла
тұрады (“Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-
тармағы).
Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет
жасауды өтінген азаматтын, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке
басын анықтайды.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтау Қазақстан
Республикасы ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасы азаматының
төлқұжаты немесе жеке куәлігі бойынша жүргізіледі.
16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жеке басын ата-анасы (асырап
алушылар) кәмелетке толмағандардың тууы туралы куәлігінің негізінде
анықтайды. Кәмелетке толмағандардың жеке басы кәмелетке толмағандардың
өздері ұсынған тиісті құжаттармен анықталады. Бұған қоса 14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтау және басқа да заңды өкілдер
(қамқоршылар) арқылы жүзеге асырылады.

Әскери қызметшілердің жеке басы әскери бөлімдер мен әскери мекемелердің
командованиелері беретін әскери қызметшілердің жеке куәлігінің немесе
әскери билетінің негізінде анықталады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамның жеке
басы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұратын жері бойынша
тіркелгені туралы белгі соғылған куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген азаматтығы жоқ
адамның жеке басы оның тұратын елінің құзыретті органдары берген және
белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының ішкі істер бөлімдерінде
тіркелген, оның жеке басын куәландыратын жарамды құжаты бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының жеке басы
жарамды ұлттық төлқұжаты мен Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған
уақытша ықтиярхат бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетел азаматының жеке
басы белгіленген тәртіппен тіркелген жарамды ұлттық төлқұжаты бойынша
немесе оны ауыстыратын құжат бойынша анықталады.
Мәмілелерді куәләндіру
Нотариус заңдармен бекітілген міндетті нотариаттық нысанда мәмілелерді
куәландырады. Тараптардың тілегі заңмен міндетті нотариаттық нысан
белгіленбеген мәмілілер мен басқа да мәмілелер куәландырылуы мүмкін.
Қолданылып жүрген заңға сәйкес мәмілелердің мынадай түрлері міндетті
нотариаттық куәландырылуға жатады:
1. тұрған үйлерді иеліктен шығару (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға
тарту, өмір бойы асырау шартымен иеліктен шығару) және кепілше салу
туралы шарттар;
2. өсиеттер;
3. мүліктік басқаруға, егер заңда өзгеше көрсетілмесе, нотариаттық
куәландыруды талап ететін мәмілелерді жасауға берілетін сенімхаттар;
4. азаматтық заңдармен көзделгендегіден басқа жағдайларда қайта сенім
білдіру тәртібімен берілетін сенімхаттар;
5. шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылық құжаттары;
6. неке келісім-шарттары.
Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен
мағынасын түсіндіруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес
келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінін тексеруге міндетті
(“Нотариат туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы).
Егер мәміле жасау сәтінде әрекет етуге қабілетті жеке тұлға алкогольдік
немесе есірткілік масаю халінде болса нотариус мәмілені куәландырудан бас
тартуға тиіс.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың атынан мәмілелерді олардың
ата-аналары (асырап алушылар, қамқоршылар), ал әрекет қабілеттігі жоқ
азаматтардың атынан-қамқоршылары жасайды.
14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-
аналарының (асырап алушылардың, қорғаншыларының), ал әрекет қабілеттілігі
шектелген адамдар-қорғаншыларының келісімімен жасайды.
Мұндай келісімнің нысаны заңдарда мәмілелер үшін белгіленген нысанға
сәйкес келуі тиіс.
Кәмелетке жасы толмиағандар, қамқорлыққа алынғандар (қорғаншылыққа
алынғандар) атынан қамқоршылар (қорғаншылар) мәміле жасау үшін немесе
оларды заңда көрсетілген жағдайларда жасау үшін қамқоршылық және
қорғаншылық органдарының келісімі талап етіледі.
Тіркелуге жататын қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу және кепілге салу
туралы мәлімдемелер иеліктен алынатын немесе кепілге салынатын мүлікке
деген құқықты растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкін.
Салық салынатын мүлікті басқа иелікке шығару туралы мәмілелер, сондай-
ақ осы мәмілелерді бұзу туралы келісімдер олар тиісті органдарда
тіркелгеннен кейін салықтың төленгені туралы дәлелдер ұсынылмай-ақ
куәландырылуы мүмкін.
Шартты бұзу туралы келісім тиісті органдарда тіркеуден өткізілгеннен
шартқа қосып жеке құжат ретінде дайындау жолымен немесе тараптардың
бірлескен жазбаша өтініштері негізінде шарттың барлық даналарына жазбалар
жазу арқылы рәсімделеді.
Егер шартты бұзу туралы келісім жеке құжатты жасау жолымен рәсімделсе,
нотариус шарттың нотариаттық куәландырылған барлық даналарына бұзу туралы
белгіні қояды. Шартты бұзу туралы тараптардың келісімі не шарт белгіленген
тәртіпте тіркелгеннен кейін қол жеткізілсе нотариус тіркеген органнан
анықтаманы талап етеді.
Шартты бұзу кезінде, егер осы құжат тиісті органда тіркелмеген болса,
нотариус шарттың бұзылғаны туралы оның барлық даналарына және тізілімдерге
белгі соғады.
Аталған шарттарды бұзу кезінде осы келісімдерді бұзу үшін бұрын
өндірілген мемлекеттік баж (жекеше нотариуске төленген сома) тараптарға
қайтарылмайды.
Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес жарамсыз болып танылған
жағдайда нотариус нотариаттық органның істерінде сақтаулы мәміленің
данасына белгі соғады.
Мәміле жарамсыз деп танылғанда немесе ол тараптардың келісімі бойынша
бұзылған жағдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz