Азаматтық құқық қатынастардың объектілері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
1. 1 Құқықтың мазмұны мен түсінігі
1. 2 Құқықтың негізінің түрлері
2 НОРМАТИВТІК КЕЛІСІМ ШАРТ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ
2. 1 Нормативтік келісім шарттың түсінігі
2. 2 Нормативтік келісім шарттың түрлері мен мазмұны
2. 3 Нормативтік келісім шарттың заңдық күші
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
5
5
9
14
14
16
19
28
30
КІРІСПЕ
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің І-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау (Азаматтық кодекстің 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық кодекстің 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және басқалар келтірілген.
Азаматтық құқық катынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы) . Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т. б. бар.
«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғақ жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы) .
Шетелдіктердің инвестщияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттық режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты төлемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі 1 .
Шетелдік инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау туралы Қазақстан Республикасы жасасқан екі жақты келісімдер жөнінде мыналар неғұрлым толық келтірілген:
Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстің 33-бабында айтылған заңды тұлға анықтамасынан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтық құқық қатынастарына қатысушы бола алмайтыны көрінеді.
Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі.
Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы ретіндегі қызметіне тыйым салынады.
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер белгіленген.
1Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтық құқық қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда жалпы (субъектілердің барлық санаттарына қолданылатын) нормалармен қатар, субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр жағдайлардың топтасуы салдарынан жасалған нормативтік келісім шарттың (кіріптарлық мәміле) шын екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.
Азаматтық құқық қатынастардың объектілері. Әдетте құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимылы нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлқына ғана ықпал ете алады. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісі оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктер мен материалдық емес игіліктерге бағытталған мінез-құлқы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - нормативтік келісім шарт құқықтың қайнар көзі ретінде қарастыру.
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
1. 1 Құқықтың мазмұны мен түсінігі
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, - құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
- қоғамның әкімшілік-территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;
- қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
- ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Міне, бұл күрес-қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.
Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым-қатынастарды тағы басқа құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай жасалды.
Енді құқықтың түсінігіне және мазмұнына келсек, оның сан қырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары - құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо - құқық қоғамдық билік - деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т. б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық-қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К. Маркс "Гота программасына сын" деген еңбегінде: "Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуымен жоғары бола алмақ емес"! -деді.
Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әртүрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар: әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т. б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.
Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативистік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсінігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас: құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік.
Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздіңше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттеген мәселесі - құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма мәселені абстрактік түрде қарастырып іс-әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандығы мен құқықтарын бөліп қарауға болмайды - деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн - анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі - қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді - заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі - бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан-жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қорытынды тұжырымдар жасалды. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ-ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.
Құқық - философиялық категория. Сондықтан, оның мазмұнын, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүрлі пікірлер бар. Бірақ, құқықтық нормаларды пайдалануда сол арқылы қарым-қатынастарды реттеуде, мүдде-мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардың, ұйымдардың іс-әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы. Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым-қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың күнделігі қоғамдық масштабта барлық кұбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихы толық дәлелдеп отыр.
Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық" - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі, Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заң негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап) .
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конетитуциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап) .
Үшіншіден, "құқық" термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т. б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, біртекті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ұғымда кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем алатын саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.
1. 2 Құқықтың негізінің түрлері
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді) . Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тиым салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның негізінде қоғамдық қатынастарды әртүрлі деңгейде тәртіпке келтіруге мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың қиындауының қайшылықтың артуының нәтижесі, алғашқы қауымдық нормалардың оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.
Құқықтық нормалар көп жағдайда үш негізгі жолдармен құрылды:
1) Мононормалардың (алғашқы әдет-ғұрыптардың) әлеуметтік нормаларға айналуы, соған байланысты оларға мемлекетпен рұқсат беріліп бекітілуі;
2) Мемлекеттің құқықтық шығармашылығы арқылы заңды нормалары бар арнайы құжаттар жасалуы - нормативті актылар (заңдар, қаулылар т. с. с. ) .
3) Прецеденттік құқық, соттардың нақты шешімдерінен тұрады (соттардың және әкімшілік органдарының қабылдаған шешімдері, сондай істерді шешуге үлгі ретінде қабылдануы) .
Құқықтың нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. "Құқықтың шығу жолдары" заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтың қайнар көздеріне, заң нормалары бекітілетін арнайы мемлекеттік құжаттар жатады. Мысалға, заң президенттің қаулысы, үкіметтің қаулысы, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың шешімі. Көрсетілген актыларда белгілі мемлекет органдарынан шыққан тәртіптілікті сақтау ережесі кіреді. Бұл ережелер құқықтық нормаларға бекіп, жалпыға бірдей маңыздылыққа ие болады.
Құқықтың негізгі нысандарына (қайнар көздеріне) мыналар жатады: құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент (сот практикасы), нормативті-құқықтық акт.
Құқықтық ғұрыптар. Құқықтық ғұрып дегеніміз, мемлекетпен рұқсат етілген тәртіп ережесі, ол ертеден қалыптасып ұзақ жылдар бойы қайталанған адамдардың өзгермейтін қарым-қатынастары, сонысына байланысты тұрақты норма ретінде бекітілген. Мемлекеттің рұқсат беретін барлық әдептерге бірдей емес тек, өзінің мүдделеріне сай ғұрыптар болған. Рұқсат берілген ғұрыптар жалпыға бірдей міндетті сипаттағы тәртіп жолдары. Ертедегі құқықтық ғұрыптарға құл иеленуші құқықтың XII таблиц заңы (Ертедегі Рим V ғ. б. д. э. ) Драконша заңы, (Афинь VII ғ. б. э. д. ) және басқалар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz