Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың құрамы сабақтас қылмыстардан айырмашылығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану қылмыстық-құқықтық сипаттамасы (194-бап)

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТАРАУ. НЕСИЕНІ ЗАҢСЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың түсінігі мен белгілері . . . 6

1. 2. Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану туралы шетелдік заңдар . . . 13

2 ТАРАУ. НЕСИЕНІ ЗАҢСЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2. 1. Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың объективтік белгілері (қылмыстың объектісі мен объективтік жағы) . . . 18

2. 2. Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың субъективтік белгілері (қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағы) . . . 27

2. 3. Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың құрамы сабақтас қылмыстардан айырмашылығы . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37

КІРІСПЕ

Тарихта алғаш қазақтың мемлекеттілігі 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық заңымен өзінің кіріспесінде бүкіл дүние жүзіне біздің елдің мемлекеттік тәуелсіздігін паш етті, тоталитарлық тәртіпке және экономикада, саясатта, идеологияда жалпы тәуелділік тамырына балта шабылды.

Қазақстан Республикасының Жаңа конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында Референдум арқылы қалбылданып, мемлекеттің, азаматтардың және қоғамның өмірлік қызметінің бағыттары мен негізгі қағидалары бекітілді. Осыдан былай Қазақстан - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, екендігін ондағы басты құндылық адамның өмірі, оның құқығы және бостандығы болып табылытының өзінің алғашқы бабында хабарлады. (1, б. 3)

Біздің ел экономиканы әкімшілік-әміршілдік жүйемен басқарудан нарықтық әдіске көшуге байланысты несие және заемдардың рөлі бірден өсті. Бірақ нарықтық экономикаға көшу сатысы экономикалық қылмыстың өсуіне жақсы жағдай жасап және бастысы жаңа алдау түрлерінің туындауына мүмкіндік жасады. Олар жалған авизо қолдану, заңсыз несие алу жолымен ұрлау, банктік алаяқтық.

Бүгінгі күнде, экономикалық қылмыспен күрес, әсіресе банк қызметі айналасындағы, жалпы қылмыспен күресудегі жетекші бағыттары болып табылатынын мемлекет деңгейінде мойындалып отыр. Кейбір авторлардың банктік қылмыстан келген нұқсан, тұтас елдің кірісінің бөлігімен теңестірулері кездейсоқтық емес.

Банктердегі қылмыстардың қоғамға қауіптілігі тек қана экономикалық нұқсанмен ғана анықталмайды. Ол әлеуметтік-психологиялық және мінез-құлықтың зардаптарымен күрделене түседі. Қазіргі жағдайда банктік қылмыстың өсуі және тереңдеуі түрлі әлеуметтік топтар мен халықтың жіктелуі қоғамда келеңсіздікті қалыптастырады, оның басты себебі заң алдындағы қатардағы азамат пен басшының теңсіздігі және мемлекет мүлкін қорғау мен енбегінің нәтижесіне мүдделі болуының жоқтығы. (33, б. 4)

Сондықтан бүгінгі күнде банктер маңайында құқыққа қарсы әрекеттердің белсенділігі туралы айтуға болады.

Банктік қылмыстын қоғамға қауптілігінің тағы бір ерекшелігі оның терең жасыруында, егер қылмысты немесе қылмыскерлерді анықтаған күннің өзіңде, кінәлілерді қылмыстық жаупкершілікке тарту және барлық қылмысты іс әрекеттерін толық ашылуы мүмкін емес.

Тағы да бір манызды жағдайды атап өту қажет. Меншік түрі өзгеру процесінде және қаржы жүйенінің тұтас коммерциялық ұйымға айналуы, жаңа қатынастардың туындауына әкеп соқты. Бұл қатынастар қатал түрде иерархиялық және әкімшілік-әміршілік әдістермен реттеліп, қаржы несиелік субъектілерімен бірігіп жұмыс істеу схемасын құрып және өзара келісімге келуге мүмкіншілік туды. Бұл жаңа туындаған жағдай, әсіресе бастапқы кезде заңды аяққа басуды туындатты, сондықтан қаржы-несиелік саласындағы шешімдерді және құқықтық әрекетке жаңа баға беру мәселесі қойылады.

Банктік қылмыстарды алдын алу мен ашуда бақылау органдары және құқық қорғау қызметкерлерінің біліксіздігі мен дайындығы жоқтығы зерттелу саласындағы банктік қылмыстарды ашу мен алдын-алу жағдайын ұшықтыра түседі.

Бүгінгі күнге дейін банктік қылмыстардағы қылмыс негізін алдын алу элементтерінің болмауын көрсетпеуге болмайды. Мәселенің өткір тұрғанына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы банктен заңсыз несие алу мен оны мақсатсыз пайдаланумен күресу проблемасы зерттелмей қалып келеді.

Банк қызметі саласындағы қылмыстардың алдын алуын тиімді ұйымдастырып, әсіресе несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалануда, осы әрекеттерді жасаған тұлғаға жалпы әлеуметтік және арнайы шаралар әсерінің үйлесімі жолымен түсіндіріп, қоғам мүшелерінің өмірлік позицияларын дұрыс қалыптастырып, түрлі келеңсіз факторлардан аластату бүгінгі күннің мәселесі.

Оған Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес Агенттігінің келесі мәліметтері дәлел бола алады:

2000
2001
2002
2003
2010
2011
2012

2013

1 тоқсаны

№: 1
: Есептік кезеңде өндірісте болған қылмыстық істердің саны
2000: 38
2001: 62
2002: 94
2003: 128
2010: 132
2011: 118
2012: 105
20131 тоқсаны: 43
№: 2
: Тіркелген қылмыстық істердің саны
2000: 28
2001: 47
2002: 69
2003: 94
2010: 90
2011: 70
2012: 43
20131 тоқсаны: 16
№: 3
: Есептік кезеңде аяқталған қылмыстардың саны
2000: 12
2001: 24
2002: 48
2003: 53
2010: 72
2011: 44
2012: 70
20131 тоқсаны: 14
№: 4
: Есептік кезеңде сотқа жіберілген қылмыстық істердің саны
2000: 5
2001: 8
2002: 20
2003: 21
2010: 34
2011: 12
2012: 13
20131 тоқсаны: 9
№: 5
: Ақталмаған негіздері бойынша қысқартылған қылмыстық істердің саны
2000: 7
2001: 16
2002: 28
2003: 32
2010: 38
2011: 32
2012: 57
20131 тоқсаны: 5
№: 6
: Есептеуден алуына байланысты қысқартылған қылмыстық істердің саны
2000: 6
2001: 8
2002: 4
2003: 4
2010: 7
2011: 5
2012: 5
20131 тоқсаны: 1
№: 7
: Сонымен бірге ҚІЖК-нің 37 бап 1 бөлімінің 1 және 2 тармақшасы бойынша
2000: 6
2001: 8
2002: 3
2003: -
2010: -
2011: 5
2012: 5
20131 тоқсаны: 1
№: 8
: Істерді қозғау туралы қаулылардың күшін прокурормен жоюы
2000: 0
2001: 1
2002: 1
2003: -
2010: -
2011: 2
2012: 1
20131 тоқсаны: 1
№: 9
:

Есептік кезеңде тоқтатылған қылмыстық істердің саны:

ҚІЖК-нің 50 б. 1 б. 1 т. бойынша

2000: 0
2001: 0
2002: 3
2003: 8
2010: 7
2011: 3
2012: 2
20131 тоқсаны: 1
№: 10
: ҚІЖК-нің 50 б. 1 б. 2 т. бойынша
2000: 2
2001: 4
2002: 4
2003: 11
2010: 5
2011: 6
2012: 3
20131 тоқсаны: 0
№: 11
: ҚІЖК-нің 50 б. 1 б. 5 т. бойынша
2000: 3
2001: 5
2002: 2
2003: 6
2010: 15
2011: 4
2012: 0
20131 тоқсаны: 0
№: 12
: ҚІЖК-нің 50 б. 1 б. 7 т. бойынша
2000: 0
2001: 0
2002: 0
2003: 1
2010: 0
2011: 0
2012: 0
20131 тоқсаны: 0

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Елдегі жағдай туралы, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократизациялау, жаңа жүзжылдықтағы экономикалық және саяси реформалар» - деп айтылған.

«Сондықтан мыналарды істеу қажет:

  1. Шаруашылық субъектілеріне банкілерден несие алу мүмкіндіктерін кеңейту;
  2. Мемлекет тарапынан қарыздарды кезеңдік жоюдың кешендік шараларын өткізіп, экономикадағы қарыздардың проблемаларын шешу үшін мақатты топтар құру;
  1. Мемлекет қаржысын экономикалық өркендеу бағдарламаларына және азаматтарға тікелей пайда әкеліп, сонымен қатар қазынаға түсім түсуіне бағыттау». (2, б. 17)

Көрсетілген жағдайлар зерттеу тақырыбының өзектілігі және таңдауын анықтайды.

Нағыз зерттеудің мақсаты келесі аспектілер болып табылады:

  1. Банктік қылмысты жалпы талдау және несиені мақсатсыз пайдалану және заңсыз алудағы орнын анықтау.
  2. Шет мемлекет заңдарының нормалары ұқсастығын салыстырып талдау;
  3. Субъектілердің алдын алу жүйелерін анықтау (жалпы және арнайы) және несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланушылармен күресудегі олардың функциялары;
  4. Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың криминологиялық сиапттамасы;
  5. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің құрамы сабақтас қылмыстар мен несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудағы қылмыс құрамының негізгі белгілеріне талдау және көрсетілген қылмыс үшін жауапкершілік.
  6. Қолданыстағы заңнамалар мен олардың тәжірибедегі қолдануына талдау жасау негізінде қылмыстық-құқықтық нормаларына жаңа құрылым жобаларын жасау.

1 ТАРАУ. НЕСИЕНІ ЗАҢСЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1. 1 Заңсыз несие алу және мақсатсыз пайдаланудың түсінігі мен белгілері.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамаларының негізгі міндеттері қылмыстық қол сұғудан жеке меншікті қорғау болып табылады. Қылмыстық заңнамаларының алдында тұрған міндеттерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қоғам үшін қандай іс-әрекеттің қылмысты қауіптілігін анықтап, оның жаза түрлерін белгілеп және басқа да қылмыстарды істегені үшін қылмыстық-құқықтық шараларын атқарады.

1997 жылдың 16 шілдесінде қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің пайда болуы, қоғам өміріндегі көптеген сұрақтарға жаңаша қараудың қажеттілігін туғызып, сонымен қатар шаруашылыққа нарық жүйесін қалыптастырып, экономика жұмыстарына қиысушылардың мүдделерін заңмен қорғауға байланысты болды. (23, б. 23)

«Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс»-деп аталған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жетінші тарауына ерекше назар аударуға болады.

Несиені заңсыз алу және оны мақсатсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарайтын 194-бап енген.

Қазақстан Республикасының заңнамалырына алғаш рет осы тектес қылмысты іс-әреккеттер дербес құрамға бөлініп және бұл жағдай өз бетімен өте маңызды, өйткені несие қатынастарын қорғауда қылмыстық заңның бағыттарын көрсетеді. Аталған бапты Қазақстан Республикасының ҚК-не енгізуі қажеттілігі, отандық қаржы саласындағы несиені қайтармау тәжірибесі кеңінен етек алып, басты мәселе айналуына байланысты болып отыр.

Несиені заңсыз алу және оны мақсатсыз пайдалану банктік қылмыстың бір түрі болып саналады. ҚР ҚК 194 бабында көрсетілгендей, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану дегеніміз, жеке кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі туралы, немесе несиенің, демеу қаржының несиелеудіңжеңілдікті шарттарын алуға арналған елеулі мәні бар өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беру арқылы жеке кәсіпкердің немесе ұйым жетекшісінің несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуы, сол сияқты несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген несие мен демеуқаржы мөлшерлерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушіге хабарламау, егер осы әрекеттер ірі зиян келтіретін болатын жағдайда.

Аталған құрамда біліктілік белгілерінің тізбесі болмай, екі қылмыс құрамын қараса да, бірақ көлемді бап болып қала береді. Айтылған баптың бірінші қылмыс құрамының дичпозициясы жоғарыда аталып кеткен. Енді қылмыстың екінші түрің қарастырамыз.

Несиені мақсатсыз қолдану деп, мемлекеттік мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей мақсатында пайдаланбау, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген жағдайда.

Адамзаттың дамуымен бірге келеңсіз факторлар қатар жүреді. Қылмыс әлемі де бір орында тұрмай, қылмыс жасаудың әртүрлі әдістерін ойластыруда. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты, қылмыс түрлері де мәнді түрде өзгеруде, қазіргі кезде қылмыс жасаушы субъект, қылмыс жасауда алдына мақсат қойып, қандай да болмасын өзіне қолайлы жағдайға қол жеткізуге тырысады.

Бүгінгі күнде ең қауіпті қылмыстардың бірі экономикалық қылмыстардың құрама бөлігін құрайтын және банктік қылмыстарды біріктіретін банктік қылмыс болып табылады.

В. М. Есиповтың пікірі бойынша: «Экономикалық қылмыс - деп өндіріс саласында экономикалық қызмет, үлестіру, алмасу және материалды игіліктерді тұтыну мен қызметтерін қылмысты әдіспен атқаруы болып табылады. Оның ойынша, ол қылмыс нысанның көрсететін экономикалық қатынастардың ерекше түрі». (25, б. 64)

Аталған қылмыстың негізігі элементі, яғни заты - несие, демеуқаржы, несиелеудің жіңілдік шарттары болып табылады. Қылмыстың құқықтық-қылмыстық мінездемесіне баға беруде, қылмыстың жасалу процесінде алдымен оның іс-қимылына мінездеме беру өте маңызды. Аталған қылмыстың жасалу барысындағы әрекеттерімен банктік несиелеу анықталады.

Несие-ақшалай немесе тауар түрінде қайтару шартымен, көбінесе пайыздың төлеммен өтелетін қарыз несие, несие беруші және қарыз алушының арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетеді.

Несие ақшадан кейінгі адамзаттың кемеңгерлік өнертабысы. Несиенің арқасында шаруашылықта және жеке тұтынудағы қанағаттандыру кақытын қысқартады.

Несие (лат. тілінде creditum - сенім) - ақшалай немесе тектік белгілерімен айқындалған заттарды, қайтару және пайыз төлеу шарты негізінде берілетін ссуда.

Несие - несие беруші мен несие алушы тараптар арасындағы экономикалық қатынастарды айқындайды.

Несие экономикалық дамудың негізгі элементі болып, бүгінгі экономиканың тірегі болып табылады. Оны ірі кәсіпорындар мен ұйымдар, кіші өндірістер, ауылшаруашылық және сауда құрылымдары, сонымен қатар мемлекет, үкімет және азаматтар қолданады.

Шаруашылық субъектілерінің уақытында несие алу мүмкіндігі, экономиканың табысты қызметінің маңызды шарты болып табылады. Осыған байланысты несиелеу саласында бөлектенген қатынастар пайда болды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 33 бабының 1 тармағына сәйкес банкілер арасындағы, сондай-ақ банкілер мен олардың клиенттері арасындағы қатынастар егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негізінде жүзеге асырылады. (5, 33-б) .

Несие шартының түйіндемесінің жалпы жағдайы Азаматтық кодексінің 36 тарауында көрсетілген. Осыған орай Азаматтық кодексінің 715 бабында келісідей көрсетілген, «Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттарды береді, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларды оларды беруге міндеттенді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді».

Осымен қатар несие беруші несие шартында көрсетілгендей несие алушыға несие беруден бас тартуға құқылы, егер несие алушы берілген қаржыны уақытында өтей алмайтындығы белгілі болған күнде. (4, 715-б )

Банктер басқа да несие-қаржылық мекемелері, сонымен қатар несие беруші ретінде болатын жеке тұлғалар несие алушымен жылдамдық, қайтарымдық, төлемдік, мақсаттылық принциптері негізінде несие қатынастарын іске асырады.

Ереже бойынша несие мақсатты түрде беріліп, ол тек қана шартта көзделген мақсатқа пайдаланылуы тиісті. Несие алушы несие берушіге несиенің мақсатты пайдалануын бақылау мүмкіндігін көрсетуге міндетті.

Несиенің мерзімі , шартта белгіленген мерзімде несие берушіден алынған қаржыны қайтаруды білдіреді.

Несиенің қайтарымдылығы несие алушының тек қана несие берушіге алынған қаржыны қайтару ғана емес, сонымен қатар қаржыны қолданған уақыттары белгіленген пайызын төлеу міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасында екі деңгейлік банк жүйесі бар. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі саналып, жоғарғы (бірінші) деңгейлік банк болып табылады.

31. 08. 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, барлық екінші деңгейдегі банктер қызметін құру және тоқтату тәртібін, құқықтық статусын, түрлерін анықтап реттейді. Аталған заңның 1 бабына сәйкес, банк - осы Заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын тұлға. (5, 1-б)

Банктің ресми статусы Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде банктің заңды тұлғасы ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын өткізуге берілген ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясымен анықталады. Бірде-бір заңды тұлға банктік ресми статусы болмаған күнде, өзін «банк» атауымен атауға тиым салынады.

Несие жүйесінің маңызды бөлігі ретінде, банк қызметі мекемелерінде бүгінгі күнде ерекше орынды банктік несиелеу құрайды.

Несие жүйесі - деп несие қатынастарын, несие әдістерінің және нысандарының барлық жиынтығын айтамыз.

Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесі бірқатар қағидалар негізінде құрылады.

Бұл қағидалар жоғарыда айтылып өтті:

  • мерзімділік қағидасы
  • қайтарымдылық қағидасы
  • төлемдік қағидасы

Бұдан әрі қолданыстағы қылмыстық заңына сәйкес несиені мақсатты пайдалануға бағытталған қағидасын орындау қажет. Сонымен қатар кепіл түрінде болатын, несиені қамтамасыз ету қағидасы бар.

Несие қатаң түрде тек нақты мақсаттарға бөлінеді.

Тарихи даму процесінде несие көптеген формада қалыптасты, оның негізгілері - коммерциялық және банктік несие.

а) коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кепілге қалдыру. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызметін атқарады.

б) банктік несие - бұл банктердің арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие.

в) тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға 3-жылға дейін берілетін тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінгіге қалдыра отырып, тауарды сату және банктік формада берілетін несие.

г) ипотекалық несие - бұл ұзақ мерзімге берілетін жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.

д) мемлекеттік несие - бұл азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе қарыз беруші ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы, мемлекет аталған несие формасы мемлекет бюджетінің тапшылығы жабуға қолданады.

е) халықаралық несие - бұл халықаралық экономикалық қатынас саласындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді халықаралық несие тауар немесе қаржылай (валюта) түрінде беріледі. Несиені берушілер және алушылар болып банктер, жеке фирмалар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар болып табылады.

Банктік несиелер субъектілері мен мақсаттарына, қамтамасыз ету тәсілдері және несиені өтеу тәртібіне байланысты жіктеледі.

Мақсатты қолданыстағы банктік несиелер келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Өндірістік несиелер негізінен күрделі салаларға бағытталған.
  2. Жаңа құрылған мекеменің қаржысын қалыптастыру үшін несиелер.
  3. Қаржының тапшылығына байланысты, айналымдағы қаржының жетіспеуін жабу үшін несиелер.
  4. Экспорттық және импорттық операцияларды қаржыландыру үшін несиелер.
  5. Тауар сатып алу немесе кейбір қызметтерді өтеу үшін азаматтарға берілетін тұтыну несиелері.

Ереже бойынша клиентпен шартта көрсетілген несие алушының несиені мақсатты түрде қолдануын банктік қадағалау құқығы қаралған. Сондықтан несие алушы несие бурушіге қажетті құжаттарды мерзімінде көрсетуге міндеттенеді және шартта қаржыны мақсатты түрде пайдалануды қадағалау банк құқығы көрсетіледі.

Егер несиені мақсатсыз қолдану фактілері анықталатын болса, несие алушыға тиісті жаза қолданып, шартта көрсетілгендей несиені мерзімнен бұрын өндіріп алуға банк құқықты.

Банктік несиелер пайыз көлемінде беріледі, ал оның көлемі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, екінші деңгейдегі банктерге үстіне қосылған несиелерді ұсынған ставкалар есебімен қалыптасады.

Несиені қолдануда пайыз көлемі шарттағы міндеттемелерге байланысты жылдық, айлық немесе әр күндік болып қалыптасуы мүмкін.

Банктін ссудалық операциясы, банктік директорлар кеңесі бекіткен оның ішкі несие саясатына сәйкес іске асырылады. Ішкі несие саясатының атқарушы органы банктік несие комитеті болып табылады. Ішкі несие саясаты туралы ережесі несие операцияларын іске асырудағы қауіпті төмендетуді көздеумен қалыптастырылады.

Банктің несие саясаты стратегиялық негізгі мақсаты, несиелеудің қауіпті санатын анықтайтын, несие қауіптерін басқару философиясы, несие қызметін ұйымдастыру, несиелеу лимиттері мен өкілеттілігі, қауіпті басқару рәсімдері сұрақтарын реттейді.

Несиелік қауіптер - қорларды үлестіру кезіндегі туындаған баланста немесе баланстан бөлек, кепілдемемен немесе кепілдемесіз, алғашқы талап бойынша қарыз соманы өтеуге міндетті, барлық пайыз мөлшерін қоса төлейтін несие алушы. Қауіптер сан түрлі болуы мүмкін:

- іскерлік қауіп;

- елдік қауіп;

- валюталық қауіп;

- операциялық (стратегиялық) қауіп;

- заңнамалық қауіп.

Несиелік қауіп - несие алушының пайыздық мөлшермен қоса негізгі қарызды өтемеу қауіпі несие беруші үшін іске асырылады.

Банк несиелік қауіпті алдын алуды көздеп, несие беру шешімін қабылдамас бұрын, несие алушының өтеу қабілеттігін, несиелік қабілеттігін және қаржылық тұрақтылығын бағалауы қажет. (32, б. 35-36)

«Өтеу қабілеттілік» және «несиелік қабілеттілік» түсініктерін анықтағанда айырмашылық бар екенін атап өткен жөн.

Өтеу қабілеттілігі - бұл несие алушының уақытында барлық түрдегі міндеттемелер және қарыздарды өтеу мүмкіншілігі мен қабілеттілігі, ал несиелік қабілеттілік тек мекеменің несиелік қарыздарын өтеу мүмкіндігін мінездейді.

Сонымен қатар, несиелік қабілеттілік өтеу қабілеттілігімен салыстырғанда біршама өзгеше мінезделуі тиісті, өйткені несиелік қарызды, банктегі қарыздың кепілдемесіндегі мүліктерді сатып қарызды өтеуге, немесе басқа банктер мен мекемелердің кепілдемелерін қолдануға болады.

Несиелік қабілеттілігін бағалау барлық көрсеткіштерді қолданып, қарыздық төлемдерді өтеу мүмкіншілігі, несие алушы қызметінің мінездемелік жорамалы. Мұндай көрсеткіштер барлық өзінің маңыздылығымен, кейбірде шектеулі мағынаны білдіреді.

Біріншіден, бұл көптеген көрсеткіштер, соның ішінде қаржылық жағдайы мінездемелейтін, қаржының барлығы және басқалар, бетбұрыстары өткен шақта, өйткені олар өткен кезеннің мәліметімен есеп айрысады, ал несиелік қабілеттілікті болжау болашақтағы қарызды өтеу мүмкіндіктерін бағалауды береді.

Екіншіден, мұндай көрсеткіштер есеп уақытындағы қалдықтар туралы мәліметтер негізінде есеп айрысады, айналымдағы мәліметтер қарызды өтеу мүмкіндіктерін толығырақ мінездейді.

Несиеқабілеттілікті талдауда, түрлі ақпарат көздері қолданылады:

а) тікелей клиенттен алынған материалдар;

б) банк мұрағатындағы клиент туралы материалдар;

в) клиентпен іскер болған адамдардан алынған мәлімет (несие берушілер, оның өнімін сатып алушылар, банктер, оның жеткізушілері және т. б. ) ;

г) жеке және мемлекеттік мекемелері мен агенттіктердің материалдары және есептері (несиелік қабілектілік туралы есептер, инвестициялар жөнінде анықтамалар және т. б) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиені заңсыз алу мен мақсатсыз пайдаланудың жалпы сипаттамасы
Қылмыстың жиынтығы және қайталануы бойынша саралау
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері
Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
Қылмыстың заты бойынша квалификациялау
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
Қазақстанда нарықтың қалыптасуы ерекшеліктері мен заңдылықтары
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz