НЕСИЕ ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 НЕСИЕ ТЕОРИЯЛАРЫ 5
1.1 Несиенің натуралистік, капиталдық жасампаздық, монетаризм
теориясы 5
1.2 Несие теориясының даму мектептері 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛЕУДІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТЕОРИЯЛАР 13
2.1 Несие теориясының қолдану аясы, дамуы 13
2.2 Қазіргі таңдағы несие теорияларын қолдану ерекшеліктері 18
3 НЕСИЕ ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 24
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай
болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты
капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие,
ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы
қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы
және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік,
трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен
бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары
мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас
ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы
жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып
табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген
мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім
көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен
несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының
қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін,
жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың
төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ
ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен
маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік
жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi
қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық
сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және
ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша
түрiндегi несиенi банктiк деп атайды. Банктік несие – бұл экономикадағы
кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады.
Сондықтан мен Ақша, несие, банк пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
Несие теориялары деп алдым.
Менің осы тақырыпты орындаудағы міндеттерім:
▪ Банктік несиенің экономикалық категория ретінде мәнін ашу;
▪ Несиенің натуралистік, капиталдық жасампаздық, монетаризм
теориясын талдау;
▪ Несие теориясының даму мектептерін қарастыру;
▪ Несиенің экономикалық қатынастардың дамуына қажеттігі мен
қызметтерін анықтау;
▪ Банктік несиенің әр түрлі формаларын және оның түрлерін, осыған
байланысты жіктелу ерекшелігін талдау;
▪ Несиенің даму ерекшеліктерін атап көрсету және дамудың қазіргі
сатысында Қазақстан Республикасының несие жүйесіне дәл анықтама
беру және банктік несиенің келешегін анықтау.
1 НЕСИЕ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Несиенің натуралистік, капиталдық жасампаздық, монетаризм теориясы
Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше.
Несие туралы ғылым әлі жас.Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды.
Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және
айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің
демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен
мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып
табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымның алдында бір жағынан
теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк
ісін дамытып, жетілдіруің керек екенін айтуда.
Теориялық тәжірибеден оқшау қарастырмау керек екенін түсінікті. Барлық
теориялық проблемалардың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні
кездейсоқтық емес.Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына
қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және
капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда
болды. Бұл теорияның негізін салушы А.Смит пен Д.Рекардо болды. Одан әрі
оны француз экономистері Ж.Сэй, Ф.Бастия және американдық Д.Мак-Куллах
дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік
түсінігіне үйлесті, яғни несие заттай игіліктің қозғалысын көрсетті.
Сондықтан, бұл тек аталмай қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі
ғана. Бұл жағдайда несие обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып
табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең.Бұл жерде натуралдар
несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материалдық
құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырылады. Несиенің мәні мен
рөлі жөнінде мұндай қате түсініс өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік
және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие
капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге
болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі
заманғы теорияның қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды.
Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын. Несие нақты капиталды
құрмайды, — деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие
пайызының түсетін табыстың көлемін өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама-қарсы
идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында
шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие
ақшамен және байлықпен теңістіріледі.Бұл теорияның негізін салушы ағылшын
экономисі Дж.Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған
мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталының жиналуына себеп
болады. Ол банктерді дәлдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп
қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г.Макмед, Дж.Кейнс,
Ф.Хаутри, И.Шумпетер, А.Ган болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне
сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан, ол “өндіргіш
капиталы” болып табылады, ал банктер – “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де
несиені, яғни капиталды жасайды деп пайымдайды. Сондай-ақ олар банктер
шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді.
Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық
дамудың қозғаушы күші екенің ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер
етеді. Сондықтан, олардың теориялары “өткемпаздық теориясы”деген атауға ие
болды. Олар несиенің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның
зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
Батыс және Еуропаның жиырма төрттен астам дамыған елдерін қамтитын
Еуропа Одағы АҚШ-тан капитал қорларымның кіші көлемімен және несие
нарығының жеке сараланым операцияларының жеткілікті дамымауымен
ерекшеленеді.Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.
Қазақстанда ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы
мен заңдық базасы жасалуда. Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп
айтуға болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен ифрақұрылымы
әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді-
енді оянып келе жатыр.Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал
корпорациялық бағалы қағаздар түрлі обьективті себептерге байланысты мүлде
дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда.
М.Фридмен, экономиканы реттеудің негізгі құралдары несиенің пайыздық
мөлшемерлері мен айналымдағы ақша жиынның өзгерісі болып табылады деп
есептейді. Шын мәнісіне пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға
салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын таралтуға
болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттуге, ең соңында өндіріске
және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен
қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін
өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып
отыр.
Қазақстанда да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен
пайдаланып отыр. Қазақстан Республика Ұлттық банкі мен үкіметі ақша-несие
реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994-1997 жылдары өршіген
инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.
1.2 Несие теориясының даму мектептері
1929-33 жылдары әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жампаздық
теорияның абыройын жоққа шығарады. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай
қалған жоқ. Оны Дж.Кейнс пен оның ізбасарлар оларды дағдарыстың және екінші
дүниежүзілік соғысының зардаптарын жою үшін пайдаланады. Олар экономиканы
несиемен реттейтің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының
инвестициясын кеңейту жолмен несие пайызын төмендетуге болады. Дж.Кейнстың
тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз –
инвестицияға, инвестиция — өндіріске, өндіріс – табысқа, табыс – бағаға
әсер етеді.Сондай-ақ, ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер
ететінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындайды.
XX ғасырдың екінші жартысында ақша-несие реттеудің мектебінің пайда
болғанын белгілі. Бұл мектептің өкілдері американдық ғалымдар П.Самуэльсон,
С.Харрис, Э.Хансен, Л.Ледокер, Дж.Гелбрейт болды.Олар Дж.Кейнстің “несиенің
көмегімен шаруашылық процестерге мемлекеттің белсенді араласуы” туралы
идеясын дамытты.
Олардың ойынша мемлекеттік экономиканы Орталық банк бюджеті мен
қаржыларының ақша-несие тетіктерінің көмегімен реттеуі керек.
АҚШ ғалымдарының басқа бір тобы (Р.Голделлий, С.Кузнец, К.Дугел,
Д.Кример) бұл тұжырымдаманы дамыта отырып, несие капиталдарының нарығын
және оның сегменттерін, олардың экономикамен өзара әрекетін, қызмет ету
параметірлерін зерттеді.
Бұл нарықтың негізгі қатысушылары мыналар:
- алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстарының иелері:
уақытша бос ресурстары бар заңды және жеке тұлғалар,мемлекет.
уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын несие қаржы институттары
ретіндегі тұлғалық мамандандырылған дәлдалдар.
- қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы-заңды және жеке
тұлғалар, сондай-ақ мемлекет.
Несие капиталының нарығы төменде көрсетілгендерге сараланады:
- ақша нарығы – айналым қаражаттарының қозғалысына қызмет көрсететін
қысқа мерзімді несиенің жиынтығы
- капитал нарығы – орташа мерзімді несиеленудің жиынтығы
- ипотека нарығы – жылжымайтын мүлікпен байланысты немесе
операцияларының жиынтығы
- қор нарығы – бағалы қағаздармен байланысты несие операцияларының
жиынтығы
Несие капиталы нарығының даму деңгейіне: ел экономикасының дамуы,
елдегі өндірістік және қаражат қорларымның және халықтың әл-ауқат деңгейі
соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді.
Әлемде экономикалық дамудың Орталығы бар. Олар: АҚШ, Батыс Еуропа,
Жапония.
Төртінші орталық болып – Шығыс Азия қатарға қосылып келеді.
Бұл орталықтарда несие капиталының қуатты нарықтары бар.АҚШ-ң несие
капиталдар нарығы олардың ең қуаттысы болып есептеленеді.Ол барлық төрт
сараланымның тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді және әлемдік
капитал нарығына маңызды әсер етеді.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның
сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып
келе жатқанын атауға болады.Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал нарығының
сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің
жақсы дамымағаныма байланысты едәуір жетілді.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға
болады.
Несие – бұл пайыз төлеу мен қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігінің қамтамасыз етуге тиіс. Құн
қозғалымы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде
мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату
мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде ауарлар айналыс процесіне себепші
болады. Қарыз мәмілесі атуар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату
мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың
арасындағы негізгі айырмашылық мында: сатып алу-сату кезінде тауарларды
өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қазір мәмілесі кезінде эквивалентінің
қайтарылуы кейінге қалдырылады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасының білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда –
бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде
қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элменттерден, мұндай элементке несиелік қатынастар субъектілері жатады.
Несиелік мәмілелер бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші
және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – бұл несие алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздар
болмағанымен де олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе
жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты
төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас
туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ
адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал
қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі.
Яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады:
1. Қайта бөлу;
2. Айналыс шығындарын үнемдеу;
3. Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
4. Капиталдың шоғырлануын жеделдету;
5. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу қызметінен
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен
аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм
негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектлеріндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей
жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті
қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады.
Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс
шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар
айналысын емес, сондай-ақ нақты нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра
отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік
ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.
Несиенің капиталды шоғырландыру процесі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай мідеттерді шешуде несиенің
бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік
береді. Бұл қызмет шаруашылықтағы маңызды болып саналатын және дамуды қажет
ететін салаларға несие беру арқылы оларды қызмет етуге ынталандырады.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да,
несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы
қиындыққа түседі. Сондай-ақ несиенің өндірісте және жалпы экономикалық
дамуда инновациялы өндірісті ынталандырушы да қызметінің маңызы жоғары.

ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиені – коммерциялық, ал ақша
түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға берген тауарын
бiлдiредi. Бұл несие вексель айналысының пайда болуына сбеп болған,
эконоикадағы несиелiк қатынастардың алғашқы формасы. Несиенiң бұл
формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесiн жеделдету, сондай-ақ
одан пайда табу.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы
кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк
несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк
келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы
мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе
бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген
заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз
түрiнде табыс алу.
Коммерциялық несиенiң банктiк несиеден айырмашылығы келесiдей:
• Қарыз берушi ролiнде банктiк мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметтi сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық несие тек қана тауар формасында берiледi;
• Қарыз капиталы өнеркәсiптiк немесе сауда капиталымен байланысты;
• Коммерциялық несиенiң орташы құны сол кезендегi банктiк пайыз
мөлшерлерiмен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз берушi мен қарыз алушы арасындағы несиелiк мәселенiң заңды
түрде рәсiмделуi барысында, бұл несие үшiн төленетiн ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық
несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымынының ұлғаюымен жоғарлайды және
олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің даму кезеңінде оған ұсыныс және
сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары
әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды
төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі.Өндірістің жанданып,
жоғарлаған кезінденағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін
банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарлайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы
өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар
қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін
пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің
қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы
өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне
байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін
көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя
отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы
тұрғысынан, бұл – ақша қарызы.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген
қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір
сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушылармен
банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір
жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер
(қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз
капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде банктік емес
деген атаққа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді. Екінші жағынан,
қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа
(акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар – несиелік
–қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары
болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды
берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларғаберу
мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір
көзі болып табылмайды. несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық
нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық
қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы
ресурстардың көлемі ғана емесоған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар
мен мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та
әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының
конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес,
несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ НЕСИЕЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ТЕОРИЯЛАР
2.1 Несие теориясының қолдану аясы, дамуы
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелерді ұсынады. Ол
несиелер келесідей белгілеріне байланысты жіктеліп, несиенің түрлерін
құрайды:
1. Қарыз алушылардың категориясына қарай:
1) Қаржылық институттарға берілетін несиелер;
• Мақсатты қорларға;
• Банктерге;
• Қаржы-несиелік мекемелерге.
2) Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• сауда-саттыққа;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау-сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
2. Мерзіміне қарай:
• Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін);
• Орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• Ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары).
3. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
• Негізгі қорларға жұмсалатын;
• Айналым қаражатына жұмсалатын.
4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
• Кепілхатпен;
• Кепілдемемен;
• Кепілдікпен;
• Сақтандырылған;
• Қамтамасыз етілмеген;
• Сенім несиесі.
5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
• Стандарты несие – қайтарылу уақыты жетпеге, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
• Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
• Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
6. Валютамен берілуіне қарай несиелер:
• Ұлттық валютамен;
• Шетел валютасымен.
7. Берілу шартына қарай несиелер келесідей жіктеледі:
1) Тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие. Тұтыну несиесінің
басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады.
Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар
айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, екінші халықты несиелеудің
өсуі, әсіресе бүгінгі таңдағы тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда
болуда. Сонымен қатар тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға
және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін.
Тұтыну несиесінің бүгінгі таңда жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көре
аламыз.
2) Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс
ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге
берiлетiн несие.
3)Овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк
қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
4) Овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн
банкаралық несиенiң түрi;
5) Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа
мерзiмдi несие;
6) Банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
7) Ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
8) Лизингтiк несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн
несие;
9) Сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары
клиенттеге берiлетiн несие;
10) Рамбурстық несие – шикiзаттарды iшке алып кiру және жартылай фабрикат
пен дайын өнiмдердi сыртқа шығару тәжiрибесiнде пайданылатын несие;
11) Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу
мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Мысалы, бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.
8. Несиелеу объектісіне қарай:
• Меншікті айналым қаражаттарын толықтыру;
• Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
• Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау
мен импорттау;
• Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар,
құралдар және басқа да мүліктерді алуына;
• Ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• Театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арсындағы маусымдық үзілістерге;
• Күрделі және маңызды өндірістерді қаржыландыруға;
• Тез іске асатын тиімділігі жоғары болатын шараларға несие салу.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк
саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын
ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау
шарттары.
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін
және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын
несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Несиелеу механизмі – бұл несиені
ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада әрекет
ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механиз.Несиелеу механизмі өзінің
сипаты жағынаннесиелік процесс механизмін сипаттайды.
Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден
тұрады:
• Несиелеу әдістері мен ссудалық шот түрлері;
• Несиелік мәмілені құжаттау;
• Несиенің мөлшерін белгілеу;
• Несиені беру процедурасы;
• Несиені қайтару тәртібі;
• Несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
• Кепіл заттарын бағалау және іске асыру.
Банктердің тәжірбиесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік
кезеңдері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz