Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І бөлім

1. 1. Несиенің мәні және қажеттілігі

1. 2. Несиенің құрылымы

ІІ бөлім

2. 1. Несиенің формалары және түрлері

2. 2. Несиенің функциялары

ІІІ бөлім

3. 1. Несиелік ресурстар және олардың қалыптастыру көздері

3. 2. Нарықтық экономикада дамуы және ролі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі салаларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.

Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар - ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.

Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.

Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатысушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.

Өндіріс сферасының айқындаушы мағынасы оны несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.

Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.

Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір - бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі жәнеоның дифференциясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т. б. Несие үлестірумен байланысты, бірақ ол үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән:

І бөлім

1. 1. Несиенің мәні және қажеттілігі

1 - үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2 - ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.

Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде анықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары аасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей үлестіру саласында тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің иелігіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше, ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі. Несиенің ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілеріндің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама - қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.

Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыатылады: қарыз мәмілесі және сатып алу, сату ммәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу, сату мәмілесіне қарсы қойып салыстырып арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: сатып алу, сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. «Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді.

Осылайшы екі жақты полярлы қарама - қайшылықтың жанды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі». Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу, сатудан дебес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу, сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.

Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып алу сату мәмілесі олардың арасында кездей соқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. «А» тауарды «В» - ға береді жәнеодан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикалық қатынастың басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.

Сатып алу сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. «Біз жай тауар туралы, тап осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшалай формада болады». Қарыз кезінде «ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді».

Сатып алу сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: «А» тауарды «В»-ға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік «А»-дан «В»-ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: «А» «В»-ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн «А»-дан тауар «В»-ға орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік «А»-да сақталады. Осылайша, сатып алу сату мәмілесі кезінде меншік және иелену сәйкес келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөлектенеді. Сатып алу сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады жәнеолар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасын осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.

Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін жәнедамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі салаларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді. Ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.

Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен - «несие» - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.

Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығ жүйенің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік балансының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар аруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан - қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.

Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екінші, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несаие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.

Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық - заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуінен бір - бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.

Бұл жағдайда былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда, машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда - біз машина өндірісін техникалық - экономикалық категория, ал екінші жағдайда - экономикалық категория ретінде қарастырамыз.

Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық - заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықытық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.

Несие теориясы оны техникалық - заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық - экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалдық - заңдылық белгілері жағынан оқып - білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық - заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.

Осылайша, несие өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап көрсету керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.

Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүоеді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы жәнеқұны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады; екіншіден, қандай да бір заттар бір - біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып, басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір - біріне қарама - қарсы тұрулары қажет.

Тауарлардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір - біріне қарама - қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.

Қолдан - қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық болмайды: «бірте - бірте айырбас саудаға айналады; саудамен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы - көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кедесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтар құрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған тауарлардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады».

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір - бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.

Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.

«Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды».

Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несимелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.

Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша, белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа жәнеосы әр түрлі жағдайлардың бір- біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнының немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: «тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығында сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төленгеннен бұрын алады».

Ақшаның қажеттілігін қаматамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда өндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды. Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдың шеңбер айналымында нақтылы түрде көрінеді жәнеол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша қндық болады.

Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай, өндірістік жәнетауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарына айналуы жүреді: ақшалай қаражаттарға өндіріс құралдары сатып алынады. Өндіріс процесінің екінші сатысындаақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында, үшінші сатыда тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады.

Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, капиталдардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің және тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшеленеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда жәнеоларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай - ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Несиенің түрлері және қызметтері
Несиенің мәні мен мазмұны
Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру
Нарықтық экономика жағдайындағы қысқа мерзімді несиелеу проблемаларын зерттеп, сараптау
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі
Екінші деңгейлі банктердің несие саясаты
Несие саясатынің дамуы
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Каспий банктегі”несиелік операциялар есебін ұйымдастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz