Негізгі құралдарды есептен шығару



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.
Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді
қабылдау үшін негіз баса отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа
да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектердің
қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының бас есеп
жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады
және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талайына, қызметтің
құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін
қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай — ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге
асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелерімен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды, өзіндік құнын төмендетуге,
қоршаған ортаны сақтауға тырысады. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа,
кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да
ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте
бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағалауға болады.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару
үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел
экономикалық даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің
бірі ретінде пайдаланады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін
жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметтің
бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін,
нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және
өнімнің өзіндік құнын калькулияциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы
құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни
қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың

қағидалары, онда бухгалтерлік есептің әрекет етіп тұрған стандарттарына
сәйкес, түпкі нәтижеде, пайдаланушыларға қаржылық, есеп берудің сенімді
ақпараттың беруімен танылады. Бұл үшін қаржылық бухгалтерия кәсіпорынның
белгіленген тәртібі бойынша өндіріс шығындарын есепке алатын шоттардан
тыс, яғни активтер мен міндеттемелердің есебін жүргізеді. Қаржылық,
бухгалтерия шоттардың бас жоспарының шоттарын жүргізіп, есептің бас
кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруді жасайды.
Өндірістік бухгалтериясы, бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
қағидалары көрсетілген, бірақ ол кәсіпорынның жалпы бухгалтериясының бір
бөлігі болып табылады, онда әр түрлі басқарушылар шешімді қабылдау үшін
ақпараттар әзірленеді, өнімнің өзіндік құны мен өндіріс шығындары туралы
есеп беру мәселелері қарастырылады, көрсетілген қызметтің атқарылған
жұмыстың, өндірілген өнімнің, өзіндік құны калькулияцияланады, өндіріске
кеткен шығындар есебі танылады. Басқару бухгалтериясы шоттардың бас
жоспарының 90-бөлімшелерне енетін шоттарды пайдаланады. Басқару
бухгалтериясы жабық болып келеді. Бұл өз билігінде қандайда болмасын бір
ноу-хоуды және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды,
жаңалықтарды өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін
қамтамасыз етеді.

2.1. Негізгі қордың мәні, оның құрамы

Негізгі қор — бұл материалдың құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп
тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты
қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып
жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және
өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар — өндірістің,
құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың,
сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары.
Өндірістік емес негізгі қорлар — тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,
денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды-заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады —
ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары
мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді
мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты
кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер төлімдері.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және
пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей
өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік
элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай
жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын
жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы,
амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың
қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға
ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың
ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды,
жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға
мүмкіндіктері болмайды.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы
ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің
конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен
жаңа үлгіден қалып болатынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды
әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың
қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың
анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы — сапалық тозу болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны — ол негізгі өндірістік
қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі),
себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның
жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

2.2. Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп

Шаруашылықты жүргізуші субъект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне
тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-
саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша
тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық
(сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде;
кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта
жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп
тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың
қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда;
шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде
(сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер толық немесе ішінара (объектіні қайта жабдықтау және
жаңалау кезінде) жойылады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес,
пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде
өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан
тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе
басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен
ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен
мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құрал-жабдықтардың, жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ
қажетті құжаттарды дайындау үшін (құрылтайшылардың немесе уәкілдіктердің
жиналысында қабылданған шешімімен) басшының бұйрығымен комиссия құрамы
тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің
орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары; материалдық
жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік
инспекциясының өкілі (автокөліктерді есептен шығарғанда) бар тұрақты жұмыс
істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін
баланстан шығарғанда комиссия арнайы салалық мамандар да қатыстырылады.
Айталық, инженер-механиктер, инженер-энергетиктер, инженер-гидрологтар,
инженер-жылу техниктер, инженер-технологтар, мал дәрігерлері, мал
шаруашылығы мамандары және т.б. мамандар.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті
объектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі
пайдалануға жарамсыздығын; есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда
объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлілі тұлғаларын;
кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін
және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару
актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық
жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы
жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.
Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта
қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда,
тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар — тек негізгі
тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы
ағаштар — биологиялық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен
жоғалтқанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз
жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субъектілер үйлерді,
ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа
мүлікті қалыптық (нормативті) пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды,
апаттар мен табиғи зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана
есептен шығарады.
Негізгі құрал-жабдықтарды (автокөлік құралдарынан басқа) толық және
ішінара есептен шығару пайдаланылатын Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы
Акт арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия
немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы
бухгалтерияға беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына
жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннен кейін қалған қосалқы
бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға
өткізуге негіз болып табылады.
Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды
бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық
құндылықтардың бағасы актінің "Объектіні есептен шығару нәтижелерінің
есебі" деген бөлімінде қарастырылады. Акт төменде көрсетілген.
Баланстан автокөлік құралдарының барлық түрін есептен шығару "Автокөлік
құралдарын есептен шығару актісінде" көрсетіледі, Актіні комиссия екі дана
етіп дайындап, субъектінің басшысы немесе өкілетті уәкілі бекітеді. Бір
данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі негізгі, құрал-жабдықтардың
сақталуына жауапты тұлғаға беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен
шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын
қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.
Автокөлік құралдарын жоюдан және бөлшектеуден түскен материалдық
құндылықтар бағасы "Автомобильді (тіркемені, жартылай тіркемені) есептен
шығару нәтижесінің есебі" деген бөлімшесінде көрсетіледі.

Шу ААҚ
Бекітемін
кәсіпорын, мекеме
кәсіпорын жетекшісі

қолы ______ Бабажан Шәймерденов

16 мамыр 2002 жыл

Негізгі құралдарды Құжаттың Толтырған
мерзімі Операция
есептен шығару актісі нөмірі
түрінің қолы
75 16. 05.
2002 38

Цех, бөлім, Дебет Кредит Сомасы,
участок, линия теңге
(желі)
Шоты, аралықТалдамалық Шоты, Талдамалық
шоты есеп коды аралық
шоты есеп коды
1 2 3 4 5 6
1 132 - 123 312 349 860
2 842 - 123 312 5 140
Жинағы 355 000
Нөмірі Амортизациял
ық
аударымдар
нормасы
инвентарлзаводтық
ық
7 8 9
0573 5788 6,7

Шу ААҚ президенті бұйрығымен Комиссия тағайындалды
жарлығымен
14 мамыр 2002 жылы № 75 №1 цех бастығы өтінішінің негізінде
РНН 20
түсірген
объектінің аты
тексереді және мынадай себептермен есептен шығаруға тиіс деп шешім
қабылдады:
1. Шығарылған мерзімі: 1992 ж.
2. Пайдалануға берілді: 20 сәуір 1992 жыл.
3. Кәсіпорынға түсуі: 15 сәуір 1992
сомасы
4. Жөндеу саны: 3
5. Бағалы металл: жоқ
6. Техникалық жағдайы және шығару себептері: түстері тозған,
пайдалануға жарамсыз, моральдық жағынан ескірген
7. Комиссия шешімі: цемент түсірішті балансатн шығару
код

29

Құрал-жабдық Шығарылған Пайдалануға
(салынған) қосылған
жылы мерзімі
(ай, жылы)
Түрі Коды
10 11 12 13
өндіріс143 1982 20. 04. 82
тік

Қосымша құжаттар тізімі техникалық мүліктік карточка, № 147 жөнелтпе
(тіркеме)

Комиссия төрағасы бас инженер __________
Нығмет Көшеров
(қызметі)
(қолы) аты-
жөні
Комиссия мүшелері бас бухгалтер __________
Қасымбек Асылбеков
(қызметі)
(қолы) аты-
жөні
механик
__________ Жұбан
Омарбеков
(қызметі)
(қолы) аты-
жөні

Объектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі, және
оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы
көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект
табиғат аппаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың
салдарынан есептен шығарылатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да
бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін
объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін
болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған
жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен
қарау (жойып немесе өртеп жіберу) анықталса, онда оған кінәлі лауазымды
адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.
Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын,
приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім
алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру
кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу
карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне
негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылығаны туралы белгі
соғады.
Негізгі құралдар субъектінің өз ішінде (цехтан цехқа) орын ауыстыруы
кезінде, орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал-
жабдықтардың бір орыннан екінші орынға көшу туралы объектілердің тұрған
жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу
карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құралдар шаруашылық ішінде орын
ауыстырғанда Негізгі құралдар бөлімшесі шоттарының дебюті мен кредиті
бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың
(қысқартылған) корреспонденциясын қарастырайық.

ҚатарШаруашылық операцияларының Сомасы, теңге Шоттар корреспонденциясы
№ мазмұны
дебют кредит
1 2 3 4 5
А. Негізгі құралдардың барлық түрін жою
1 Негізгі құралдарды есептен
шығару актісінің негізінде
өндіріс құрал-жабдықтары
есептен шығарылды (актіге
қараңыз):
объектінің пайдалану
кезіндегі есептелген тозу
сомасына 349 860 2423 2413
объектінің баланстық құнына
5 140 7410 2413
Жиынтығы 355 000 - -
2 Объектіні бөлшектеу (бұзу)
үшін еңбек ақымен қоса
аударымдар бірге
есептелінді:
есептелген еңбек ақы сомасы 13 700 7410 3430
аударған әлеуметтік салық
пен зейнетақы қорына
[13700-1370 ( 10% - 2 590 7410 3140
зейнетақы қорына) х 21%]
3 Жойылған объектіні
тасымалдағаны үшін автокөлік
шаруашылығының шоты
акцептелді (келісілді) 5 500 7410 4110

4 Негізгі құрал-жабдықтар
объектісін жоюдан түскен
материалдар (металл
сынықтары) кіріске алынды 18 000 1315 6030
5 Жыл аяғында кіріс пен шығыс
Жиынтық табыс (зиян)
шотына жатқызылды:
негізгі құрал-жабдықтарды
жою шығындары
негізгі құрал-жабдықтарды 26 930 5430 7410
жоюдан түскен табысы
18 000 6030 5410
Лизинг алушыдағы операциялардың көрінісі
5 Лизинг ретінде алынған
негізгі құрал кірістелді:
алынған мүліктің келісім
–шарттағы құны бойынша 900 000 2411-2417 3360
ҚҚС сомасына (16%) 144 000 1420 3360
Ә. Негізгі құрал-жабдықтарды есептеу
1 Құрал-жабдықтарды сату 16 000 2423 2413
кезінде жинақталған сомасына
2 Сатылатын құрал-жабдықтың 234 000 7410 2413
баланстық құнына
Жиынтығы 250 000 - -
3 Сатылатын құрал-жабдық үшін,
сатып алушылар ұсынылған
төлем шоты: 300 000 2110 6030
келісім-шарттық құнына 48 000 2110 3130
ҚҚС сомасына (16%)
Барлығы 348 000
Б. Негізгі құралдардың шаруашылық ішінде орын ауыстыруы
1 Негізгі құрал-жабдықтар бір
(құрылым бөлімнен)
екіншісіне берілді. 300 000 2411-2417 2411-2417
Д. Негізгі құралдар басқа кәсіпорынға тегін берілді
1 Негізгі құралдар басқа
кәсіпорынға берліді: 40 000 2423 2415
есептелінген тозу сомасы 160 000 7410 2415
берілген объектінің
баланстық құнына
берілген объектінің құнына
алынатын, ҚҚС (16 000х 16% 25 600 7440 3130
=25 600 теңге)
В. Негізгі құралдардың жетіспеушілігі (кем шығуы)
1 Негізгі құралдардың
жетіспеушілігі (кем шығуы)
анықталды:
есептелінген тозу сомасына
баланстық құнының өтелуі
талап етілді ҚҚС – ның 10 000 2423 2413
сомасы (60 000х16%): 60 000 2180 2413
бұрындары зачетқа (9 600) 3130
жатқызылған сомасы қызыл
жазумен жазылды
1 2 3 4 5
қызылмен жазылған ҚҚС сомасы9 600 7210 1420
шығынға жатқызылды
2 Егерде кінәлі адам
табылмаса, немесе сот шешімі60 000 7210 1410
бойынша іздестірілуі
тоқтатылса
3 Егерде кінәлі адам
анықталса, онда ол
бухгалтерлік есепте
келесідей жазба бойынша
көрініс табады:
объектінің баланстық құнына
ҚҚС – ның сомасына (16%)
кем болған мүлік сомасы
(белгіленген тәртіпте)
өтелді
Г. Негізгі құралдар басқа да шаруашылық серіктестердің жарғылық
капиталына қосқан үлесі
1 Кәсіпорынның басқа да
шаруашылық
серіктестіктерінің жарғылық
капиталына негізгі құралдар
түрінде қосқан үлесі:
жарғылық капиталына берілген
негізгі құралдардың
баланстық құнына 200 000 7410 2413
жарғылық капиталына қосқан
үлесіне дейінгі негізгі
құрал бойынша есептелген
тозу сомасына 20 000 2423 2413
жарғылық капиталына қосқан
үлесі ретінде қабылданған
негізгі құралдардың
келісім-шарттық құнына
320 000 2310 6030

Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп
түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол
"Негізгі құралдар" бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.

2.3. Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін
ашу

Негізгі құралдарды түгелдеу. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын
анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары
нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын
басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу
жүргізіп отырады.
Бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру" деп
аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше
жүйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен
баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында
жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш
жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және
жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу
жүргізіледі.
Мүліктік түгелдеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы,
техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алумен қатар
бухгалтерлік есепке алу, мәліметтермен салыстыру шаралары да жатады.
Негізгі құралдардың нақты бар-жоғы және техникалық жағдайы туралы
мәліметтер "Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне" жазылып,
мүліктік түгелдеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізіледі.
Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық
сипаттамалары берілуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақтауға немесе
уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа
құжаттардың нақты бар-жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік тізім
төменде көрсетілген.
Мүліктік түгелдеу тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың
мүліктік түгелдеу бар-жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық
паспорттар мен басқа техникалық құжаттардың бар-жоғын және оларда қандай
күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі
құралдардың құжаттарын тексеру қажет. Егер де құжаттары жоқ болса, оларды
алдыртуды және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін
регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігін
тексереді.
Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде
объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу
тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін
мүліктік тізімдеріне енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да
жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің
субъектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.
Сондай-ақ, субъектінің пайдалануындағы (меншігіндегі) жер төлімдерін,
су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену (қолдану) құқын
растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.
Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің
регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия
мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы
объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен
техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша - олардың
қандай материалдардан (қандай мақсатқа пайдаланылатынын) салынғанын және
сол материалдардың көлемін (іштей және сырттай өлшеу арқылы), көлемі
(жалпы, пайдалы көлемін), қабаттар (этаждар) саны (подвалсыз, подвалымен)
салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені (түбі мен беті
бойынша), жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін (құлама бетін) бекіту
материалдары; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен
мөлшері; жолдар бойынша - жолдардың түрлері (шоссе, арнайы), қашықтығы,
төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.
Есепке алынбаған объектілерді мүліктік түгелдеу кезінде бағалау әрекет
етіп тұрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.
Есепке алынбаған объектілердің қашан салынғанын немесе алынғанын,
жасалған шығындардың қаржыландырылған көзін мүліктік түгелдеу комиссиясы
белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.
Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгелдеу
тізімдеріне тіркеледі.
Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта
жарақтандырылып, өз қолдану мақсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген
мақсатына сай тізімге тіркеледі.
Өнім беретін ірі малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгелдеу
тізімдеріне тіркелгенде, олардың: малдың нөмірі (биркасы, ен-таңбасы) ,
малдың аты, туған жылы, (жасы) тұқымы, қондылығы, тірідей салмағы (жылқы,
түйе, қашар, бұғыдан басқалары) және алғашқы (қалпына келтірілген ) құны
көрсетіледі. Мал тұқымын (тегін) сапасы туралы мәліметтеріне қарап
анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа (мегежін және аталық) және
асыл тұкымды қой мен басқа мал түрлері (тұқымдық) тізімге бөлек жазылады.
Негізгі табындағы мал топтық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен
жынысына қарай бөлініп, әр топ бойынша тірідей салмағы мен мал басы
көрсетіліп тіркеледі.
Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар (этажға этажды қосу, жаңа
бөлмелерді салу) немесе ішінара құрылыстар мен құрылымдардың жойылуы
(конструкциялық элементтерінің кейбір қабаттарын жою) бухталтерлік есепте
көрсетілмегенін байқаса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу
Негiзгi құралдары қатардан шығуына шот корреспонденциясының құрастыру
Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
Тауарлардың есептен шығарылуы
Негізгі құралдардың мәні, есепке алудың теориялық негізі
Негізгі құралдарды жөндеу есебінiң негiзi
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Негізгі құралдардың тозу есебі
Негізгі құралдардың теориялық негіздері
Негізгі құралдардың тексеру бағдарламасы
Пәндер