Мемлекеттің экономикаға араласуының шектеулі болуы


Мазмұны
Кіріспе
І - ТАРАУ: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, нарықтық экономикалық саясаттың қалыптасуы
I. 1 Нарықтық экономикалық саясаттағы Қазақстанның экономикалық,
әлеуметтік жағдайы
I. 2 Қазақстан Республикасы үкіметінің орта мерзімді бағдарламасы және
құрылым мен инвестиция саясаты
I. 3 Жаңа өнеркәсіп саясатының қалыптасуы
II- ТАРАУ: Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы
II. 1 Қазақстан Ресбуликасындағы шағын бизнес саласының дамуы
II. 2 Қазақстан Республикасындағы агро өнеркәсіптің дамуы
II. 3 Қазіргі әлемдегі дағдарысты Қазақстанның еңсеруі
III- ТАРАУ: Қазақстанның әлем шаруашылығына еніп дамуы
III. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының
қалыптасуы және дамуы
III. 2 Қазақстан Республикасының әлем елдері арасындағы экономикалық
жүйесі және оның ерекшеліктері
III. 3 Әлемдік дағдарыстан шығуға Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу - ұзақ күрделі, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік - экономикалық шаралар соны өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сеніңмді болжап, экономикалық саясаттың ыпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған қазақстан алдында әлемдік тәжірибе мен республикамызға тән ерекшеліктерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.
Қазақтан республикасының ұлан-ғайыр жері, оның ерекше бай құазыналары, табиғи эконолмикалық қолайлы жағдайлары ба. Қазақстаның осыншама байлыққа ие болуы оның экономикасының дербестігінің негізі болып табылады.
Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет - республиканың өнірістік ахуалды экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, «технологиясын» талдау.
І- тарау
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, нарықтық экономикалық
саясаттың қалыптасуы
1. 1 Нарықтық экономикалық саясаттағы Қазақстанның экономикалық,
әлеуметтік жағдайы
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу кезінде бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды. Жоспарлы экономикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады., өнеркәсіптер мен кәсіпорныдар тұрып, тенге тұрақсызданып, инфляция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, халық өз уақытында төлемдер мен зейнеақысын ала алмайтын халге түсті. Ел экономикасы құлдырау, шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі құраушы бөлшегі мемлекеттің негізгі мақсаты - адам мен адам факторына ерекше көңіл бөлу, оның еңбекпен қамтамасыз ет. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегенің бірі еңбек нарығы болып табылады /10. 186-187б. /.
Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолында салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бар еді.
Олар ең алдымен Қазақстан экономсикасының құрылымындағы қайшылықтар да болды . Мұнда терілмеген мол мүмкіншіліктер бола тұра өнеркәсіптің дәрежесі өте төмен болды. Реформаға кірісерде /1987ж. / республиканың қоғамдық табыстарындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61% болса, Қазақстан 46% қана болды. Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді, КСРО да ОЭК, ТМК, химия және мұнай химия өндірудің үлесіне орташа 9% келсе, Қазақстанда 15% /1987ж/ еді. Ал машина жасау өнеркәсібінің үлесі КСРО бойынша 27% болса, Қазақстанда 17% - ке ғана жетті /1987 ж. /
Республикада КСРО халқының 6 проценттен тұрғанмен, Одақ бойынша өндірілетін қоғамдық өнімнің 4, 5 проценті өндірілді. Республика экономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтың салдарынан адам басына шағатын өнім өте төмен болды.
Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда кем еді. Ол өнімдердің 60 процентке дейін республикаға сырттан әкелініп тұрды. Қазақстанннан жуылған жүнның 70 %, жиналған астықтың жартысынан астамы, мақұтаның, мал терісінің 50% өнделменген күйінде сыртқа жіберіліп отырды. Шикізат және жартылай өңделген күйінде сыртқа жіберілген өнім құны 6-7 млрд. рубль болса оны республикалардан тыс жерлерде өңделгенннен кейін қайта әкелгенде әлгілердің құны 13, 8 млрд. болып шықты Республика бюджетіндегі кірісте салық айналымының үлесі нәбірі 9% еді, ал Эстонияда осындай үлес - 45% болатын Қазақстан одақтық қорға республикада дайындалған барлық еттің 33% /басқа республикалар 17-19%/ жіберіп отырды. Осының нәтижесінде нарықтық қор есебіне бүкіл КСРО бойынша адам басына шаққанда келетін ет көлемі 42 кг. Болса, ол Қазақстанда 32кг ғана болды. Республикадан өңделмеген астық пен жүннің салық айналымынан бюджетке түспенген ақша 1, 1 млрд. рубльге кеміп отырды.
Орталықтан басқарру қатаң жүргізіліп тұрғанда Қазақстанның экономикасы иемдене басқарылып, өндіріс пен мекекмелерді алыптандыру бағытында жүргізілді. Мысалы: Қазақстан өнеркәсібінің 93% -ін одақтық министрліктер мен түрлі иеліктер басқарды. Күрделі қаржының 70 процентке дейіні «А» тобындағы өнеркісіп саласын дамытуға жұмсалды мұның өзі экономиканы қайта құру барысында шаруашылықты мемлекетменшігінен алуды және жекешелендіруді қиындата түсті.
Қазақстаннның нарыққа көшуге бастапқы капитал дәрежесі төмен болды. Республикада адам басына шаққанда кіріс болды. Экономиканы қайта құра бастағанда, мамандардың тұжырымы бойынша тұрмыс дәрежесі төмен 5- 6 млн. адам болды, ал мұның өзі Қазақстан халқының 1/3 ден астамы .
Республикадағы 214 селолық аудандардың 180- і жәрдем қаржымен /датациямен/ күнелтті, 70 аудан экономикалық даму жағынан өте артта қалды, ал 30 аудан кедейліктің күйін кешті. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің 20 млн. гектардан астамы әскери - өнеркәсіп кешенінің /ӘӨК/ пайдалануында болды.
Республикадан толып жатқан байлық көздері алынып, ал мұнда қоршаған ортаның экологиялық былғанышы ғана қалдырылды. Экологиялық жүдеулік жер -жерде қоюлана түсті. Қазақстанның барлық өнеркәсіп орталықтарында да ауадапғы зиянды заттар тиісті мөлшерден артып кетті. Арал теңізінің ернеуі 13 метр төмендеді, су бетінің деңгейінің 1/3 суалып қалды, су қорының 60 % солды. Осылардың салдарынан теңіз суының тұздануы 2, 5 есе өсті де ауаға тарайтын зиянды заттар 5, 4 млн. тоннаға жетті.
Ұзақ жылдар бойы тауар - ақша қатынасын елемеу, экономиканың монополиялығы, бұйрық әкімшілік басқару тәсілі қор және тауарлардың жеткіліктігіне қарамастан тапшылыққа, тауар - ақша тепе - теңінің бұзылуына, қайта қайта бөле берудің тууына, мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп соқты.
Нарыққа көшудің қиындығы да, күрделігіде, ұзаққа созылатындығы да осы себептерден болып отыр. Сондықтан Республика ерекшеліктерін ескере отырып, нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды. Нарықты қалыптастырып орнықтыру соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, күрделі де қайшылықты жағдайларға соқтырды .
1990 жылы желтоқсанның аяғында «Қазақ КСР-ның экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы қолданды. Бұл дағдарламада нарықтық құрылымдар қөұруды жеделдету, экономиканы нарыққа сәйкес реттеу, республиканың әлеуметтік -экономикалық жағдайын тұрақтандыру, нарық тарапын қалыптастыру шаруашылық әрекеттерді белсендіру қаралған.
«Дағдарысқа қарсы және әлеуметтік - экономикалық қайта құруды тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы» екінші бағдарламада /экономиканы тұрақтандырып, нарыққа өту кезеңінде/ 1992-1995 ж. ж. алғашқы кезеңге мынангдай міндеттер қойылды:
- мемлекет меншігінен алып, меншікті жекешелендіруді белсен жүргізу;
- тұтыну нарқын тауарлар мен қанықтыру;
- республиканың әлем шаруашылығына енуі;
Мұнда күштің басым жағын ұлт мұлддесінің тәуелсіздігіне деген экономикалық саясатты белсенді жүргізуге, инфляцияны мүмкін болғанынша төмендету өндірістің құлдырай беруін тоқтату, оны өркендете беруге жағдай жасау, халықтың әлеуметтік нәзік жағына нарық кеселінің салдарын жеңілдету мәселелері топтастырылған .
1996-2005 ж. ж. барысындағы екінші кезеңге көзделген міндеттер:
- республиканың шикізат қана өндіруге бағыт ұстауын жойып, нарықтың толық механизмін құру, транспорт тараптарын тезірек дамыту және нарықтың барлық түрлерін де қалыптастыру;
- экономиканы монополизацияға соқтырмай, дұрыс бәсеке атаулыны кеңінен қолдау арқылы барлық тауар өндірушілерге шын мәнінде еркіндік жасау;
- жаңа технологияны иегеріп «Экология» жайында жан- жақты жасалған бағдарламаны іс жүзіне асыру арқылы табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
- отандық және халықаралық бизнес саласын кадрлар мен толықтыру.
5-7 жылға арналған үшінші кезеңде ашық экономиканы дамыту негізінде Қазақстанның әлемдік саудада алатын орнын нығайту, бюджет тапшылығы мәселелерін шешу, ұлттық валютаға толық жол ашу, республипканың әлемдегі өнеркәсібі озық елдер қатарында қосылуы көзделген. Қазақстан экономикасының нарыққа көшуі экономикалық және әлеуметтік салаларда дағдарысқа ұшырау жағдайында жүргізілуде, мұның өзі көптеген тысқы және ішкі себептерге байланысты болып отыр .
Біріншіден Қазақстанда бұрынғы КСРО- ға кірген республикалармен және оның аймақтарымен шаруашылық байланыстардың бұзылуынан өндірістің құлдыруы 60% -ке төмендеуі КСРО-да бірыңғай халық шаруашылығына енген алыптардың шаруашылық байланыстарының үзілуінен болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1993 ж. 1992 жылмен салыстырғанда өндірілген ұлттық табыс - 14, 8%, өндіріс құралдарын өндіру -12% төмендеді.
Екіншіден, өнімдерді сату тығырыққа тірелді, мемлекетте де мекемелерде де, халықта ақша болмай қалды. Осының салдарынан мемлекеттік кәсіпорындары өндірісті қысқартты, өнімдерін ақы алмай үлестірді. Сүйте тұра көптеген қаржыныны несиеге алды., бюджеттен қарыз сұрады. Мұның өзі қарыздарын өтей алмауға әкеліп соқты, ал қарыз болса өте берді.
Үшіншіден, ескермеген шығындар туды - олар әскери өндіріс кешенінің, армияның өндіріс емес салалардың республика меншігіне көшуі, Ал мұның өзі мемлекеттік бюджеттің шығыс жағын көбейте түсті.
Төртіншіден, экономиканы қайта құра бастаған алғашқы кезеңде ТМД елдерімен экономикалық байланысты реттеу болмағандығынан, шекараларымыздың ашық болуы қаржы несие саясатымызда салық төлемінде. Баға қоюда, лицензиялық ереже ендіруде т. б. қателіктер жіберілді Осы себептер ақша эмиссиясының өсуіне әкеп соқты .
Бесіншіден, инфляцияның және тапшылықтың өсе беруі тұтыну нарқындағы жағдайды қиындатып, халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді. Экономикалық өсудің тежелуі еңбек өнімділігін әлсіретіп, еңбекті пәтуәсіздікке айналдырды т. б.
Қазақстан Республикасында экономиканы нақтылы қайта құру нарықтық қатынастарды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей республиканың табиғи және экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде Қазақстанның нақтылы жағдайлары -табиғи мүмкіндіктері, экономикалық ғылыми - техникалық және сауауатты салмақтары, экономикалық географиялық тиімді орналасуы нарыққа жетістік пен көшуге әсер етті. Сыртқ ы эбайланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар.
Қазақстанның нарыққа еркін өту үшін негізгі концептуалдық бағыттарының мынандай міндеттерін шешу қажет:
1. Экономикалық дербестікке қол жеткізу. Ол республиканың жерге деген бірегей меншігі, оның қазба байлықьары, ішкі және аймақтардағы сулары, әуе кеңістігі өімдік және жануарлар дүниесі, мәдени және тарихи қазыналары, материалдық және финанс /қаржы/ мүмкіндіктері, өндірістік және өндірістік емес орындары экономикалық дербес саясат жүргізе алатындығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1991 жылғы жарлығы бойынша одаққа бағынған Қазақстанның жеріндегі халық шаруашылығының барлық салаларындағы мекемелер мен ұйымдар, олардың бөлімдері мен филиалдары Қазақстна мемлекетінің басқару органдарына беріледі және олдың мүмкіндіктері республиканың меншігі болып бабылады.
2. Меншікті қайта қарауда жекешелендіру жолымен мемлекеттік мүлік, инвестиция комитеті, Қазақстан республмкасының қаржы министрлігі және олардың аймақтық органдары жергілікті әкімишіліктердің қатысуымен жүргізіледі.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мақсаты - жанды және таза бәсекеге қол жеткізу үшін, өндірістің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау шаруашылыққа иелік жасаудың сан- салалы түрлерін ұйымдастыру . Мұның өзінде бі - біріне қайшы келетін, бірақ ат бір -бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу керек. Біріншіден, Қазақстан азаматтарын мемлекеттік меншікке иелендіріп, әлеуметтік әділдікті жүзеге асыру ; екіншіден нарық сипаиына сай келетін осы замағы шаруашылыққа тиімді иелік жасай алатын жеке меншік топтарын құру.
Республикада мемлекеттік меншікті жекешелендіру мемлекет меншігінен айыру және жекешендіру ұлттық бағдарламасына сай мынандай бағыттарға жүргізіледі:
- ірі және бірегей мүлік кешендерін дар жобалар бойынша жекешщелендіру;
- орташа кәсіпорындарын жаппай жекешелендіру;
- шағын кәсіпорындарын /200 дамға дейін/ қамтитын міндетті түрде жекешелендіру жүргізу;
Негізінен 1993 жылы аяқталған бірінші көзеңде сауда және қызмет көрсететін ұсақ кәсіпорындарды жекешелендіреді. Шағын кәсіпорындары /жұмыс істейтіндердің саны 200 адмаға дейін/ алдын ала акционерлік қоғамдарға айналдырмай тұрып жекешелендіреді. Қазақстанда 1993 жылдың соңында эконо(миканың түрлі салаларындағы 9 мыңдай кәсіпорындары жекешелендіред, олардың 21% жеке меншікке берілді де, 57% акционерлік қоғамдарға айналдырды. Орташа кәсіпорындарын жаппай жекешелендіру /жұмыс істейтіндер саны 200-ден 5000 адамға дейін/ мынандай жолдармен жүргізіледі.
- Республика халқына жекешелендіру және жекешелендіру инвестициялық купондар /ЖИК/ беру;
- Инвестициялық жекешелендіру қорлардың жүйесін /ИПФ/ жасау, оларды құратындар мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен заңды жақтар.
ЖИК терді есептеуу, айналдыру және пайдалану тәртібі Қазақстан Президенті бекіткен арнаулы ережеде белгіленген.
Ірі және бірегей мүлік кешендері /жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан асса/ өнім шығаратын немесе ерекеше маңызды жұмыстар атқарса, сол сиқты мемлекеттік инвестициямен Қаржы министрлігі басшылығы мен жасалған дара жобасы мен жекешелендіріледі . Олар белгілі бір инвесторларға келісім шарт бойынша сату акциондарында немесе бәсекелерде басқаруға контракт жэасау жолымен, сол сияқты акцияларды ашық саудаларда жекешелендіреді
Шетелдік құқықтық және жеке тұлғалар жекешелендіру әрекеттерге ҚР-ның қолданып жүрген заңдылықтарына, үкімет аралық келісімдерге және шарттарға сәйкес шетелдік инвеститциялар жөніндегі құқықтық агенство тиісті лицензия бергеннен кейін қатысады. Мұндайда сатылатын кәсіпорындарының бағасы ұлттық және шетелдік валюта әлеміндегі ұқсас кәсіпорындарынңы бағасы мен жұмыс дәрежесіне сәйкес бағаланады. Шетелдік құқықтық және жеке тұлғалар жекешелендіруге Қазақстан мемлекеттік инвестиция комитеті мен Қаржы министрлігі белгіленген дара жобарлар мен, қатысу тәртібі мен ережелері бойынша қатысады. Жеккешелендіруден түскен қаражат мемлекетмееншігіне алынады да, арнаулы есепте болады және мынандай шығындарға жұмсалады:
- мемлекеттің ішкі неиелерін /қарыздарын/ төлеуге;
- халықтың жете қамтамасыз етілмеген және әлеуметтік жағынан қолданылмаған тобына жәрдем беруге;
- жұмыссыздарға жәрдем беруге және кадрлар даярлауға т. б. мақсатарға жұмсалады.
3. Банк жүйесін қайта құру Респуликада «банк және банк қызметі туралы» заңға сәйкес жүргізіледі. Қазақстанда екі сатылы банк жүйесі құрылған Жоғары сатыда ҚР Ұлшттық банкісі тұр, барлық қалғандары олардың меншігінің ұйымдасу - құқық түрлеріне қарамастан банк жүйесінің екінші /төменгі/ деңгейіне жатады.
1996 жылдың басындв республикада 170 астам банк жұмыс істейді, оның үшеуі толық мемлекеттік.
«Эксимбанк» ірі экспорт - импорт операцияларымен және әдетте үкімет кепілдемесі бойынша үкімет бағдарламаларын орындауға инвестициялық несие береді.
Жилстройбанк - Тұрғынүй құрылыс банкісі - қүұрылыс компанияларына қаржы қорын бөледі.
Халық банкісі негізінен республика халқына қызмет етеді, мұның 4 мыңнан астам агенттігі бар.
Ұлттық банк лицензия беру, нормативтер және басқа міндетті талаптар белгілеуі екінші деңгейдегі банктердің қызметін инспекторлық ету және жазалау шараларын салу арқылы барлық қатаң бақылайды және реттейді. ҚР Ұлттық Банкісі түгел банк жүйесін жақсарту мақсатымен және клиенттерін қажетті кепіл деңгейінде қамтамасыз ете алмайтын, сапалы қызмет атқара алмайтын, банк менеджентті дамытпайтын осал банктерді ығыстыру үшін қатаң саясат жүргізеді. ҚР Ұлттық банкісі республика валюта қорын қалыптастыру міндетін атқарады. Қазақстан жерінде барлық төлеу ұлттық валютада - теңгеге жүргізіледі.
Негізінде жеке меншік капиталы бар коммерциялық банктер ішінде ірілері:Орталық Банк, Казкоммерцбанк. Бұлардың барлық қоры (01. 01. 95) 1млрд. теңгеден астамға жетті, оар қаржы нарығының 70% дейін қамтыды.
ҚР банкаралық валюта биржасын, өкіл банктерді және айырбас пунктерін біріктіретін валюттік нарық қалыптасып қызмет істеуде. Валюта биржасына бар валюта қаржысын тиімді пайдалану және шетел валютасына Республика инвесттеріне (күрделі және қаржы бөлушілерге) кең өріс беру міндеті қойылған.
Бірқатар шетел банктері Қазақстанда өздерінің өкілдіктерін ашты. 1995 жылдың басында өкіл банкілердің саны 31-ге жетті, олардың 19 шетелдерде корреспондент есебін ашуға құқық алды. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония, Швейцария және басқа елдердің орталық және коммерциялық банктерімен тұрақты байланыс жүргізеді.
Осымен қатар халықаралық қаржы мекемелері мен халықаралық банктерімен қарым- қатынас жүргізіледі, олар:ӘЛем, Европа, Азия, қайта құру және даму банктері, ХВҚ (халықаралық валюта қоры)
ҚР Ұлттық банк бекіткен «Валюттік операциялар жүргізу ережесі» бойынша өкіл банктер және айырбас пунктері арқылы жүргізілетін барлық валюттік операциялар заңды деп саналады. Республикада валюта нарығын дамыту мақсаты мен әкеп беретін түскен табыстың 50% өкілді банктердің клиент- экспортерлерінің тапсырмасы бойынша Қазақстан банкілер аралық валюта биржасы арқылы сатылады.
Заң күші бар «Банкілер және ҚР банкілер қызмет туралы» ҚР Президентінің Нұсқауы бойынша тікелей және портфелдік инвестиция бөлуші инвеститциялық банкілерге өздерінің әрекеттерін материалдық өндіріс өрісінде жүргізілетін шаруашылық субъектілердің қорына бірігуге рұқсат берілген. Бұл болса бағалы қағаздардың екінші нарық өрісін, инвеститциялық және жобалы қөаржыландыруды ұйымдастыруға кең орын береді.
4 Қаржы және ақша - кредит жүйесін реформалау және бюджет таппшылығын жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) 4-6 % деңгейінде ұстау - бұл күрделі және қайшы процесс түнгі тұтыну үшін.
Алғашында бюджет тапшылығын жою үшін салық базасын ұлғайту және шығындарды шектеу саясаты жүргізіледі, бұ өндірістің құлдырауына, кәсіпорындарының салық төлеуден жалтаруына және әлеуметтік өрісте дағдарысқа әкеп соқты
Қазаір салық төлемеушілерге қатаң жауапкершілік енгізуге, жарнама салықтар механизмдерін тәртіпке салуға байланысты заңды ұйымдарға және жеке адаамдарға салық ауырпалығын жеңілдетуге бет бұру саясаты қолданылады. Республика бюджетін құрғанда оны төменнен жоғарыға құруға бір каналды сорап негізге алынған. Бюджет және валюта қоры облыстардың жарнама төлеуінің тиісті соммасы есебі арқылы толтырылады және облыстардың нарыққа ену жағдайларын ескеріледі.
Бюджетті құнсыздандырмайтын көздерден қаржыландыру үшін ең алдымен кепілді құқық негізінде ішкі және сыртқы қарыздарды пайдалану ұйғарылған. Сыртқа қарыздар алудың ақиқаттылығы біздің табиғи қоғамымыздың орсан молдығына және қарыз беретін елдердің Қазақстанға сенімді қатиынастарға негізделінеді.
Ұзақ мерзімге несие берген кезде қарыз алушылардың қабілетін анықтау мақсаты мен объектілердің және шаралардың техникалық - экономикалық дәлелі (ТЭД) анықталынады, онда мына мәселелер қамтылады;
- инвестицияларды іске асырудың мақсатқа сәйкестігін анықтау үшін аудандардың және ұйғарылған құрылыс объектілерінің жалпы мәләметтері және негізгі жағдайы;
- қаржы көздерін дәлелдеу және объектілерді өндіріс, материалдық, еңбек қорлары мен қамтамасыз ету;
- күрделі қаржының көлемі, өндірістік әректтен түсетін пайданың болжанған мөлшері, күрделі қаржының орнын толтыру мерзімі және т. б.
- Ұзақ мерзімді несие беруді дайыдағанда несиені қайтарып беру кепілдемемен қамтамасыз ету мақсаты мен мынанадай құжаттар тапсырылады:
- Қарыз алушының кепілдік міндеті (кепіл шарт) . Бұл құжат бойынша қазіргі заңдарға сәйкес несие соммасын және несие процентін төлеуге болады.
Несиені қайтару жөнінде кепілдеме құжат - банк және кепілдемеші аралығындағы шарт. Кепілдемеші - төлем қабілеті бар кәсіпорындар, ұйымдар, банктер. Әдетте кепідемеші болып бірге қатысушы құрылтайшы басқа банк шығады. Ол үшін екі дана хат құрастырылады: біреуің кепіл шот есебі ашылған банк үшін .
Сақтандыру шарты, қарыз алушының несие қауіп қатеріне өз еркімен сақтандыруды, яғни сақтандыру туралы мәмілені дәлелдейтін сақтану ұйымының полис(куәландырма) құжатыты.
Кепілдік шарт жеке адамға ұзақ мерзімге несие беруде жұмыс орнынан алынған және нотариус куәландырған құжат.
Залалды және пайдалылығы төмен кәсіпорындар жөніндегі (дотация жойылуына байланысты) экономиканың қаражат - экономикалық сауықтыру үшін оларды сауықтыру және банкрот деп жариялау туралы ұсыныстар дайындалуда . Ұсыныстарды зерттеп дайындау ҚР Мемлекеттік мүлік комитетіне және оның жанындағы кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру агенствосында жүктелген
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz