Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен
сыныптамасы.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен
мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің
түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші
субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші
нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық
тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен
буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының
өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы
өндірістік, салалық, аймақтық және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-
теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің
қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек
бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге
асырудың алғы шарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының обьективті экономикалық заңдарының іс-қимылын
есепке алу.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін
қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.
Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін
қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады;ойда
болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың
барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін
білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының
болуы.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі
айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің
болуы.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің
сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер
арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың
салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер
шешіледі:
материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы рестостарының жалпы
деңгейін реттеу;
-өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
-кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың
құқықтық және келісім шарт тәртібін қамтамасыз ету;
-кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық
жағынан ынталандырып отыру;
-кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі
өндірістік арақатысын реттеу;ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма
көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп,
өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда
елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен
ықпал жасалады.
Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына
оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай
шарттарға мыналар жатады:
а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында
шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиясыздандыру;
б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден
басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік
беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл
нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті
дамыту;
в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де,
халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын
ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше
елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер,
аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы
капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың, меншік
құқықтарының және т.б.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.
Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың,
экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі
категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан
осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге,
түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық,
кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу беліктерімен) және әкімшілік
реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік,
кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі,
кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық
реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады:
мысалы, бюджетте —қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер),
тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда—сыртқы инвестициялау, сыртқы
қарыздар, сыртқы борышы. Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық
нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік
практика мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда –
салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен
санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі
және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде — шығыстарды нормалау,
қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың
әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары,
кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың
нормативтері, әлуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл
реттеушілер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі,
валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп
мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктағы
ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі,
еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіліктің шекті
деңгейі) реттеуіштерімен толықтьірылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды
орын беріледі. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық
белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған Салықтардың көмегімен
рентабелділіліктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша
қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық
салудағы әдістер арқылы қол жетеді.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен
қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады:
валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық
төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді
сақтандырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық
есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын
аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге
экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды.
Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен
әдістерін қажет етеді.

2.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды
экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным;
тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және
жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және
қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің
кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың
көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың
тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде
немесе бірнеше қаларында тепе-тендікті тудыратыны анық.
Қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен
өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін "мультипликатор " ұғымы
пайдаланылады.
Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі
әдіспен анықтаудан барып шығады:
1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға
қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;
2) кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден
алатын табыстары тұрғысынан.
Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы
өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардың
мулътипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық
өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мулътипликаторы
деп атайды. Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің (ОКР) құны мына формула
бойынша қалыптасады:

Мүндағы: С - үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл хал-қының түтыну
шығыстарының көлемі;
І?— жалпы жекеше ішкі инвестициялар;
й — тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатыпІалу (өндірісті
арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып); Хп — таза экспорт, яғни
экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.
Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҮӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтау
арқылы жасалады:
1) түтынылған капиталдың көлемі (амортизация);
2) бизнеске салынатын жанама салықтар;
3) жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;
4) ренталық төлемдер;
5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай
табысын төлеу);
6) меншіктен (жеке жүмсалымдардан) түсетін кірістер;
7) корпорациялардың пайдасы (бүл пайдаға салынатын салық, дивидендтер,
бөлінбеген пайда).
Бүдан әрі, жалпы үлттық өнімнен ЖҮӨ мен капиталды түты-нуға аударылатын
аударымдар, яғни амортизациялық аударым-дар арасындағы айырма ретіндегі
таза улттық өнім (ТҮӨ) бөліп шығарылады.
Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ес-кере отырып
түзетілген ЖҮӨ көрсеткіші нақты ЖҮӨ деп аталады.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі "үнемдеуге шекті бейімділік" — МР8
және "түтынуға шекті бейімділік"— МРС үғымдарымен анықталады. Бірінші
жағдайда бүл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы,
екіншісінде — түтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы.£ОсьІньІ
негіздей оты-рып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен
білдіруге болады.
1 1
те =-----=---------
МР8 1-МРС
Мультипликатордың қүбылысы үлттық өндірістің нақтылы көлемі мен
жүмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен ба-қылау және экономикалық өсуді
тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-
шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискшідық саясатты жүргізген
кезде пайдаланылады.
Салықтар түтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-тенді ТҮӨ-нің
мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Өнімнің
көлеміне (салықпен бірге) үнем-деу мен импорт осыған үқсас әрекет етеді.
Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың фафигінің ауысуын және ТҮӨ-нің
еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-
қарсы салық мульти-пликаторынық іс-әрекеті осылайша көрінеді.
Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің түтыну
компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:
т^ТхМРС,
мүндагы: Т — салықтық төлемдердің мөлшері.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының
мультипликаторынан аз болады (МРС пен МР8-тің осы мөлшерлсрі кезінде).
Демек, мемлекеттің шығыстарын-
дағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың озгерістсріпс қарағанда
жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер мен шығыстар
мультипликаторларының бүл қасисттсрі мемлекеттің шығыстары мен салық
салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңці ТҮӘ-нің өсуіне жеткізетін
тецдестірілген бюджет мулътипликаторыныц феноменін тудырады. Мысалы, егер Т
мен О әрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейтетін болса, онда ТҮӨ-нің 10 млрд.
теңгеге көбейтетінін күтуге болады. Сонымен, теңцестірілген бюджеттің
мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:
ти = 114+11^ = 1
Мұндағы: тв — теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы; тс _ шығыстардың
мультипликаторы; т ^ — салықтардың мультипликаторы.

Фискалдық саясаттың нүсқалары

Қаржылық реттеудің басты мазмүны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің
шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей
қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, үлттық табыстарға
кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет
олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Қаржы пәнінен оқу құралы
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Нарықтық экономикадағы қаржының өзекті проблемалары туралы
Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары туралы
Кәсіпорындар нарығы
Салық көзі болып салық төленетін табыс
Мемлекеттік несие және борыш
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар жайлы ақпарат
Пәндер